Қылмыстық жауаптылықтың философиялық жане заңды негіздері



I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі
2. Қылмыстық жауаптылықтың негіздері

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Мемлекет өз азаматтарынан конституцияда көрсетілген белгілі бір әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылық жауапкершілік жүктеледі.Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық жауаптылық болып саналады.
Қылмыстық құқылық қатынастар субьектілері заң бойынша айрықша құқықтар мен міндеттерге ие болады.Қылмыскер құқықтық қатынастың обьектісі болып танылады.
Мемлекет қылмыскерді жазалай отырып, басқаларды қылымыс істеуден сақтандырады және сотталған адамды түзеу мақсатын жүзеге асырады. Мемлекеттің осы функциясын атқару кезінде қылмыскерде мемлекетке өз көзқарасын білдіретін қатынастың субьектісі ретінде көрінеді.Мұндай жағдайда мемлекет осындай қатынастың обьектісі болып қалады.
Қылмыстық құқықтық қатынастың пайда болуын қылмыстық жауаптылықтың жүзеге асырылуы деп түсінуге болмайды.Тек соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін ғана қылмыстық жауаптылық жүзеге асырылады.Сот айыптыны кінәлі деп тани отырып, қылмыскер мен мемлекет арасында кінәлінің қылмыс жасаған уақытынан бастап қылмыстық құқықтық қатынастың орын алғандығын бекітеді.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қылмыстық жауаптылықтың философиялық жане заңды негіздері

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі
2. Қылмыстық жауаптылықтың негіздері

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Мемлекет өз азаматтарынан конституцияда көрсетілген белгілі бір әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылық жауапкершілік жүктеледі.Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық жауаптылық болып саналады.
Қылмыстық құқылық қатынастар субьектілері заң бойынша айрықша құқықтар мен міндеттерге ие болады.Қылмыскер құқықтық қатынастың обьектісі болып танылады.
Мемлекет қылмыскерді жазалай отырып, басқаларды қылымыс істеуден сақтандырады және сотталған адамды түзеу мақсатын жүзеге асырады. Мемлекеттің осы функциясын атқару кезінде қылмыскерде мемлекетке өз көзқарасын білдіретін қатынастың субьектісі ретінде көрінеді.Мұндай жағдайда мемлекет осындай қатынастың обьектісі болып қалады.
Қылмыстық құқықтық қатынастың пайда болуын қылмыстық жауаптылықтың жүзеге асырылуы деп түсінуге болмайды.Тек соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін ғана қылмыстық жауаптылық жүзеге асырылады.Сот айыптыны кінәлі деп тани отырып, қылмыскер мен мемлекет арасында кінәлінің қылмыс жасаған уақытынан бастап қылмыстық құқықтық қатынастың орын алғандығын бекітеді.

1.Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі

Мемлекет өз азаматтарынан конституцияда көрсетілген белгілі бір әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылық жауапкершілік жүктеледі.Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық жауаптылық болып саналады.
Қылмыстық жауаптылық мемлекеттік заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тиым салынған қоғамға қауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді.
Адам қылмыстық жауаптылыққа істеген іс-әрекеттерінде қылмыстық заңда көрсетілген нақтылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады.Мысалы: тонау, ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру, бұзақылық, т.б.Мұның өзінде қылмыстық жауаптылық оның іс-әрекеті нақты қылмыс құрамын түзейтін қылмыстық құқылық нормаларды кінәлі түрде ғана бұзғанда жүзеге асырылады.
Яғни, қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық құқылық норманы бұзудың нәтижесі, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады.Қылмыс істелмесе қылмыстық жауаптылық та болмайды.Қылмыстық заң бойынша жазалау қатерімен тиым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық тек қана қылмыс істеу арқылы келтірілген зиянның көлеміне, қылмыстың жасалу тәсіліне, кінәнің нысанына, қылмыскердің тұлғасының ерекшеліктерін еске ала отырып жүзеге асырылады.
Қылмыстық жауаптылық өзіне тән ерекшелегімен оқшауланған құқылық жауапкершіліктің бір түрі болып табылады.
Қылмыстық жауаптылық - өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылықтың түрі.Өйткені мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті шараларды қолдануды жүзеге асырады.Яғни, қылмыстық жауаптылықтың әлеуметтік мазмұнының өзі сол субьектіге қылмыстық жауаптылық жүктей отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді.
Қылмыстық жауаптылықтың мазмұны (теріс қылыққа моральдық саяси баға беріп мінеу және мемлекет, қоғам тарапынан қылмысын бетіне басу) және заңдылық (қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары).Бұлар қылмыстық жауаптылықтың маңызды, мәнді екі бөлігі болып табылады.
Сонымен, қылмыстық жауаптылық деп- қылмыс заңы бойынша қылмыс деп белгіленген нақты іс-әрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті органдары арқылы мінеушілігін ( айыптаушылығын) айтамыз.
Қылмыстық жауаптылық-қылмыстық құқылық қатынас мәселесімен тығыз байланысты.Бұл байланыс екі жақты көрініс арқылы белгіленеді.Біріншіден, қылмыстық құқылық қатынас қылмыстық жауаптылық сияқты істелген қылмыстың құқылық зардабы.
Қылмыстық құқылық қатынас іс жүргізу құқықылық қатынастармен тығыз байланысты.Өйткені, қылымыстық құқылық қатынас қылымыс істеу фактісіне байланысты болады.Істелген қылмыс бойынша оны қозғау, тергеу,сотта қарау мәселелері қылмыстық іс жүргізу құқылық қатынастар арқылы дамып, жүзеге асырылады.Бұл қатынастар субьектімен мемлекеттің оның уәкілдігін жүзеге асыратын органдар арасында іске асырылады.
Қылмыстық құқылық қатынас мемлекеттің жаза жөніндегі құқығы мен қылмыскердің тиісінше қылмысытың жауаптылығын көтеру міндеттілігімен ғана шектеліп қоймайды.қылмысАдамның қылмыстық жауаптылығы оған сот тағайындаған жазаны өтеумен жүзеге асырылады.кер тиісті үкімет органының күштеу арқылы ықпал ететін обьектісі ғана емес, белгілібір құқықтардың субьектісі де.Өйткені жазалау шаралары оған оның жасаған қылмысының табиғатына осы қылмысқа заңда белгіленген жазаға, яғни сакцияға, Қылмыстық кодекстің Жалпы бөліміндегі жаза тағайындау туралы ережелерге сай жүзеге асырылады.Сондықтан да қылмыстық құқылық қатынас мемлекеттің қылмыскер жөніндегі құқығын белгілеп қана қоймайды, сонымен бірге әділ соттылықты жүзеге асыруда дарындылықтың кепілі ретінде де көрінеді.

2.Қылмыстық жауаптылықтың негіздері

Қылмыстық жауаптылықтың негізін дұрыс анықтау құқық қолдану органдары қызметінің заңдылықты қатаң сақтауының кепілі болып табылады.
Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-әрекетті істеу болып табылады (3-бап).Яғни, бұл деген қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенде, яғни қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді қасақана немесе абайсыздықтан істегенге айыпты адамға ғана тағайындалатынын көрсетеді. Демек, қылмыстық жауаптылық негізі іс-әрекетте қылмыс құрамының болуы болып табылады.
Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген терминнің мазмұнын ашып көрсетпейді. Бұл мәселе қылмыстық құқық теориясында ғана ашып көрсетіледі.
Адамның (қылмыс субьектісінің) қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді (қылмыстың обьективтік жағы) кінәлі түрде қасақана немесе абайсыздықтан істеуі (қылмыс субьективті жағы) қылмыс құрамының белгілері болып табылады.
Қылмыстың обьектісі болып табылатын қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастардың жиынтығы Қылмыстық кодекстің 2-бабында көрсетілген. Сонымен, Қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыс құрамы болатынын білдік.Іс-әрекетінде қылмыс құрамының ең кем дегенде бір белгісі жоқ болса ол қылмыстық жауаптылыққа тартылатын негіз жоқ.

Қорытынды

Қылмыстық жауаптылықтың түсінігіне келсек, сонымен, қылмыстық жауаптылық деп қылмыс заңы бойынша қылмыс деп белгіленген нақты іс-әрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті органдар арқылы айыптаушылығын айтамыз. Қылмыстық жауаптылық өзінің сипатына қарай жаза тағайындалатын және жаза тағайындалмайтын болып екіге бөлінеді. Жаза тағайындалмайтын қылмыстық жауаптылық айыптаушылық фактісімен аяқталады. Ал жаза тағайындалатын қылмыстық жауаптылықта айыптаушылықпен бірге жазалау фактісі де бар. Осыған байланысты қылмыстық жауаптылық бұл жазаға қарағанда жеке, ауқымы кең, қылмыстық құқылық түсінік екендігін оның жазасыз ақ қолдананылатындығын және орындалатынын көреміз. Қылмыстық жауаптылықсыз жаза тағайындау мүмкін емес. Сонымен, қылмыстық жауаптылық және жаза өзара бір-біріне ұқсас емес ұғымдар екендігін аңғарамыз. Негізгі бөлімде қылмыс құрамының түсінігі мен элементтерін қарастырдым.
Қылмыстың құрамы деп - қылмыс заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызу мүмкіндік беретін қылмыстың обьективтік және субьективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз. Қылмыс құрамының элементтері мен қылмыс құрамының түрлерін қосымшада көрсеттім. Әрбір түріне қатысты өзіндік ерекшеліктері жүйелі түрде сипатталып, қажет болған жерлерінде практикамен байланыстырылып, өмірдегі болған нақты фактілі мәліметтер жиынтығымен бекітілді. Ал жалпы қорытынды жасайтын болсақ, қылмыстық жауаптылық және оның негіздерінің институттары бірін-бірі толықтырып отыратын, тұтастай бір бүтінді құрайтын біздің қоғамымыздағы әділеттілікті орнатуға көмектесуші құралдардың бірі, құқықтық мемлекетімізді қалауға септігін тигізерлік бір тетігі деп есептеймін.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995ж. 30 тамыз.
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, 1997ж. 16 шілде.
3. Коментарий к Уголовному кодексу РКОтв.ред.: Борчашвили И.Ш., Рахимжанова Г.К.- Караганда, РГК ПО "Полиграфия",1999ж.
4. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім.Оқулық. Алматы:Жеті Жарғы, 2001ж.
5. Қайыржанов Е. ҚР Қылмыстық құқығы.(Жалпы бөлім), Алматы,2003ж.
6. Наумов А.В. ҚР Қылмыстық құқығы, Астана, 2001ж.
7. Аскеров Э. "Институт освобождения от уголовного наказания в уголовном законодательстве зарубежных стран", Уголовное право, №4, 2005ж.,8-10-б.
8. Алауханов Е. "Қылмыс және қылмыстық әрекет", Заң, №8,2005ж., 30-33

Қылмыстық құқық бұзушылықтың басқа құқық бұзушылықтан айырмашылығы

Жоспар

І Кіріспе бөлім
ІІ Негізгі бөлім

1. Қылмысты құқықтың басқа құқық бұзушылықтан айырмашылығы
2. Занды жауапкершіліктің түсінігі, оның түрлері

ІV Қорытынды
V Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Қылмыстың тағы бір міндетті белгілерінің бірі қылмыстық жолмен жазаланушылық болып табылады. Өйткені, қылмыс дегеннің өзі, қылмыстық заң жазамен қорқытып тыйым салған әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Мұның өзі қылмыс құрамы туралы сипаттама басқадай құқылық актілерде емес, тек қылмыстық заңда ғана көрсетілетіндігін және осы іс-әрекет үшін қылмыстық заңның санкциясында жазалау қатері қарастырылатын көрсетеді. Бұл жерде нақты істелген қылмыс үшін қолданылатын жаза мен қылмыстық құқық нормасының санкциясында көрсетілген жазалау қатері, жазалау мүмкіндігі туралы түсініктерді шатастыруға болмайды. Жазалау қатерімен қорқытып тыйым салу қылмыстың белгісі болып табылады. Нақты қылмыс істеген адамға жаза тағайындамау немесе оны қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатып, оған қоғамдық ықпал ету шараларын қолданғанда, оның іс-әрекеті қылмыс қатарынан шығып қалмайды. Өйткені, жазалаушылық қылмыстың белгісі ретінде істелген әрбір қылмыс үшін жаза тағайындалуы мүмкін екендігін, сол себепті қылмыстық заңға қайшы іс-әрекеттерді істеуге жазалау қатері тыйым салады. Нақты өмірде қылмыс істелгенімен, егер ол ашылмай қалса оған жаза тағайындалмай қалады. Кейде қылмыс ашылғанымен, сот ондай қылмысқа заңда белгіленген негіздермен жаза тағайындауды қолданбауы да мүмкін. Демек, қылмысты жазалау қатерімен тыйым салу қылмыстың белгісі, ал жаза тағайындау немесе тағайындамау іс-әрекеттің зардабының көрінісі болып табылады.
Сонымен, біз қылмыстың қоғамға қауіпті, кінәлі, құқыққа қайшы және жазалаушылық сияқты қажетті белгілері бар екендігін әсте естен шығармауымыз керек.
Осы белгілер арқылы қылмысты іс-әрекетті басқа да құқық бұзушылықтан ажыратамыз.

1. Қылмысты құқықтың басқа құқық бұзушылықтан айырмашылығы

Қылмыс құқық бұзушылықтың ең ауыр түрі болып табылады. Осыған байланысты қылмысты әкімшілік, азаматтық құқық бұзушылықтан және тәртіптік қылықтардан бөлектеп қарауға тура келеді.
Кеңестік құқық теориясында қоғамдық қауіптілік құқық бұзушылықтың қасиеті ме немесе тек қана қылмыстың ғана қасиеті ме деген сұраққа жауап ретіндегі бірыңғай нақты пікірлер жоқ деуге болады. Кейбір ғалымдар, қоғамдық қауіптілік -- бұл кез келген құқық бұзушылыққа тән қасиет десе60, енді біреулері оны тек қана қылмыстың қасиеті61 деп қарайды.
Ескеру қажет, қылық пен қылмыстың қоғамдық кауіптілігі бір мағынаны білдірмейтініне сөз жоқ. Олардың арасындағы жалпы байланыс -- істелетін әрекеттер қоғам үшін жағымсыз, қоғамдық қатынастарға белгілі бір дәрежеде зиян келтіретін әрекеттер, қоғаммен кінә тағылатын әрекеттер турасында сөз болуында. Оларды арасындағы айырмашылық -- қылмыс пен қылықтың екеуі де қоғамға түрлі дәрежеде зиян келтіру мүмкіндігіне ие болғандыктан, екеуі де түрлі дәрежеде қоғам үшін қауіпті. Қылмыс істеуші мен қылық керсетуші адамдар қауіптілігінің дәрежесі де әртүрлі. Қылмыс істеген адамның қоғамдық қауіптілігі қылық істеген адамға қарағанда әлдеқайда артық болады 62.
Тәртіптік қылық деп нормативтік актілермен және құзырлы лауазымдағы адамдардың өкімімен тәртіптік жазалау қатерімен тыйым салынатын мемлекеттік және қызметтік тәртіпті бұзу танылады.
Азаматгық құқық бұзушылық (деликт) арнаулы әдебиеттерде ең бастысы айыппұл салу және шығынның орнын толтырту қатерімен тыйым салынған мүліктік қатынастарды бұзу деп анықталады.
Қылмыс басқа құқық бұзушылықтар мен қылықтардан келесідей белгілері бойьшша шектеледі: 1) объектісі бойьшша; 2) қоғамдық қауіптілік дәрежесі бойынша; 3) заңға қайшылық түрі бойынша; 4) жазалауға жататындығы бойынша.
Жалпы қылмыс объектісі ұғымы басқа құқық бұзушылық объектісі ұғымына қарағанда кеңірек. Жекелеген қылмыстар әкімшілік, тәртіптік және азаматтық құқық бұзушылық қол сұға алмайтын қоғамдық қатынастарға қол сұғады (мысалы, адамның өміріне, мемлекеттің қауіпсіздік негізіне).
Іс жүзінде қылмыстар мен басқа құқық бұзушылық бөліп қарау мәселесі бір объектіге қол сұққан құқық бұзушылықты анықтау кезінде туындайды. Мәселен, көлік құралын жүргізуші адамның жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірсе (ҚР ҚК 296-6. 1-бөл.), кісі өліміне әкеп соқса (ҚР ҚК 296-6. 2-бөл.), екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқса (ҚР ҚК 296-6. 3-бөл.) қылмыстық жауаптылық қарастырылады, ал осы зардаптар болмаған жағдайда жол қозғаласы ережелерін бұзу ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 123, 124, 127, 127-1-баптарымен әкімшілік жауапкершілік колданылады. Бұл жағдайдағы қылмыстың әкімшілік құқық бұзушылықтан айырмашылығын өлшемдік негізі қоғамдық қауіптілік дережесі болып табылады. Осыдан келіп, қылмыс басқа құқық бүзушылықтарға қарағанда жоғары қоғамдық қауіптілік дәрежеге ие болады деген тұжырым істеуге болады. Бұл ереже даусыз болып қалып отырған жоқ. Заң әдебиеттерінде қоғамдық қауіптілік тек қана қылмысқа тән, ал басқа құқық бұзушылыққа ол тән емес деген пікірлер айтылады 65.
Істелген қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесін сипаттайтын көрсеткіштер кінәнің нысаны, қылмыстың жасалу себебі, әдісі, уақыты, орны, жағдайы және сатысы, сондай-ақ зардаптың түсірген ауырлығы болып табылады.
Көбінесе қылмыс пен басқа құқық бұзушылықтың айырмалық көрсеткіші ретінде келтірілген зиянның мөлшері алынады. Мысалы, меншік құқығында ұйымға тиесілі немесе оның қарамағындағы бөтен біреудің мүлкін ұрлау, алаяқтық істеу, иемденіп алу немесе ысырап ету жолымен істелген ұсақ-түйек ұрлау үшін тек қана әкімшілік жауапкершілік қарастырылады. Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5-мамырдағы ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстылықпен күрес мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар өткізу туралы Заңының негізінде ҚР ҚК 175-бабының (Ұрлық) ескертуі келесідей мазмұндағы 5-тармақшамен толықтырылды: Меншік құқығында ұйымға тиесілі немесе оның қарамағындағы бөтен біреудің мүлкін ұрлау, алаяқтық істеу, иемденіп алу немесе ысырап ету жолымен істелген ұсақ-түйек ұрлау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды. Оны істеуге кінәлі адам занға сәйкес әкімшілік жауапқа тартылады. Егер ұрланған мүліктің құны әрекет істелген кезде Қазақстан Республикасының зандарында белгіленген он еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын болса, ұрлық ұсақ-түйек ұрлау деп танылады 66.
Қылмысты басқа құқық бұзушылықтан айырудың негізгі белгісі заңға қайшылық түрі болып саналады. Қылмысқа әрқашанда қылмыстық заңмен тыйым салынады. Ал қалған құқық бұзушылықтар мен қылықтар өкімшілік, азаматгық, отбасылык, еңбек құқықтарының нормаларын бұзады, сонымен бірге тек заңдарды ғана емес заңи нормативтік актілерді де бұзады.
Ең соңында, айырма санкция сипатымен көрінеді. Қылмыстық-құқықтық санкциялар мейлінше қатаң жазалау мазмұнына, соның ішінде бас бостандығынан айыру мен өлім жазасын қолдануға дейін ие болады. Қылмыстық жазаның құқықтық зардабы соттылық болып табылады. Басқа құқық бұзушылық пен қылықтар әсер ету шараларын, мысалы, соттылық сияқты, туғызбайды.

2. Занды жауапкершіліктің түсінігі, оның түрлері

Занды жауапкершілік -- жеке адам, қоғам, мемлекеттің мүддесін қорғайтын бірден-бір жол болып табылады. Ол құқықтық нормалардың бұзылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады. Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген құқықтық норманың санкциясын қолданудан тұрады.
Заңды жауапкершіліктің заңды негізі -- құқық бұзушылық болып табылады. Егерде субъектінің іс-әрекеті құқық бұзушылықтың белгілеріне сәйкес келмесе, онда ол заңды жауапкершілікке тартылмайды.
Занды жауапкершілік күрделі әлеуметтік құбылыс. Мұнда кем дегенде екі жақ қатысады: мемлекет және құқық бұзушы. Олардың арасында құкық қорғаушы қатынас қалыптасады және екі жақта заң шеңберінде, қолданылып отырған жауапкершіліктің құқықтык, нормаларының нақты санкциясының негізінде жүзеге асады.
Заңды жауапкершілік құқықтық жүйенің құрам бөлігі бола отырып, оған қатысты маңызды міндет атқарады. Кең мағынада жауапкершіліктің түсінігі -- тұлғаның қоғам мен мемлекетке қатысты өз міндетін мойындап, оны орындауы болып табылады. Tap мағынада -- мемлекеттің жасалған құқық бұзушылыққа қарсы жауабы болып саналады.
Занды жауапкершіліктің қай түрі болмасын ол ең алдымен құқық бұзушылыққа санкция ретінде, яғни құқық нормаларының талаптарын орындау үшін мемлекеттік күштеу ретінде көрінеді. Мемлекеттік күштеу мен заңды жауапкершілік қашанда екеуі байланысты болады. Заңды жауапкершіліктің бұл белгісі әр құқық саласында түрліше сипатталады. Айталық, азаматтық, шаруашылық, еңбектік заңдар міндеттемені ерікті түрде орындау мүмкіндігін қарастырады.
Шарттың міндетін бұзған азамат немесе көсіпорын өз еркімен заңда көрсетілген айыппұлды төлеп, шығынды қалпына келтіре алады. Ерікті орындау жүзеге асырылмаған кезде ғана жауапкершілік сот арқылы белгіленеді. Қылмыстық және әкімшілік құқықта мемлекеттік күштеу анағұрлым анық көрінеді және мемлекеттің арнайы органдарының әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.
Занды жауапкершілік -- тек ғана құқықтық нормалар бұзылған кезде пайда болып қоймай, оларды қатаң сақтау арқылы да орындалады. Басқаша айтқанда құқық бұзушының заңды жауапкершілікті орындауы құқықтық нормалар бойынша бекітілген белгілі бір процедуралық -- іс жүргізу тәртібін бұзған кезде ғана мүмкін болмақ. Сонымен, заңды жауапкершіліктің белгілері мыналар болып табылады.
1. Мемлекеттік күштеу арқылы жүзеге асады.
2. Кінәліні белгілі бір шектеуге міндеттейді.
3. Тек қана жасалған құқық бұзушылықтың негізінде пайда болады.
Занды жауапкершілік бір қатар қағидалардың негізінде жүзеге асырылады:
ҚОРЫТЫНДЫ

Тәртіп бұзушылықпен, қылмыспен күресудің басты құралы, оның алдын-алу үшін біріншіден, қылмыс пен тәртіп бұзушылықтың адамгершілікке жат қылықтардың жасалу, оған сәйкес жағымсыз дәстүр мен салттардың сақталу себептері мен жағдайын зерттеу; екіншіден, осыған сәйкес қоғамдық өмірдегі жоғарыда айтылған себептер мен жағдайларды болдырмаудың іс-шарасын жасау.
Алдын-алу ісіне әлеуметтік, экономикалық саяси, идеологиялық, құқықтық және басқа да құралдар мен әдістер біріктірілген.
Әрбір мемлекеттік орган өздерінің негізгі функциясымен қатар қылмысты алдын-алу ісіне белгілі бір дәрежеде қатысып отырды. Сонымен қатар қылмыстың алдын-алу жұмысының негізгі функциясы болатын мемлекеттік орган бар. Қазіргі кезде бұл іспен айналысуға әкімшілікпен оның жағынан құралған комиссияның ролі зор. Себебі әкімшілік өз территориясындағы мекемелер мен кәсіпорындардың яғни көпшілікті қылмысты алдын-алу ісіне қатыстыруға ықпал жасайды әрі олардың жұмыстарына үйлестіріп отырады. Әкімшілік мәжілістерінде, сессияларда қылмыспен күрес мәселесі үнемі қаралады. Онда тәртіп сақтау органдарының мекемелер мен кәсіпорындардың қоғамдық тәртіп сақтауда жасаған іс-шараларын жүзеге асыру барысын тындайды.
Профилактикалық жүйенің маңызы маманданған элементіне тәртіп сақтау органдары (сот, прокуратура, ішкі істер органы және т.б.) жатады. Олар мемлекеттік өкілеттілігі бар тәртіп пен қылмыстың алдын-алу ісін өз құзыреті негізінде жүргізеді.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Н.Д.Дурманов. Қылмыс ұғымы. КСРОҒА баспасы. 1948. 249б.
2. Қазақ ССР Қылмыстық Кодексі. Алматы, 1997.
3. Н.Ф.Кузнецова. Қылмыс пен қылмыстылық. Москва университеті, 1969.
4. Қазақстан қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім. Алматы, 1986.
5. Прохорова В.С. Монография. Қылмыс және жауапкершілік. Ленинград университеті баспасы. 1984.
6. Кривоченко Л.Н. Қылмысты жіктеу. Харьков. Жоғары мектеп. 1986.
7. Сахаров А.Б. КСРО қылмыскерлердің жеке ерекшелігі мен қылмыстық себептері. М., Заң әдебиеті, 1961.
8. Саркисов Г.С. Қылмысты ескертудің әлеуметтік жүйесі. Ереван. „Аэстон" баспасы. 1975.
9. Ковалев М.И. Монография. Қылмыс ұғымы мен белгілері және оның жіктеудегі мәні. Свердловск, 1977.


Меншік құқығының формасы жане түрлері

Жоспар
Кіріспе

1. Меншік құқығы ұғымы.
2. Меншік құқығының мазмұны.
3. Меншік құқығының формалары мен түрлері

Қорытынды

Кіріспе

Меншік дегеніміз тарихи қалыптасқан, белгілі бір қоғамдық қатынас, ол адамдар арасында затқа байланысты туындайды. Меншік ұғымы әрқашанда ұйымдасқан адамдар қоғамына тән. Адамзаттың алғашқы даму кезеңінің соңына қарай меншіктің туындауы мемлекеттің пайда болуына және қоғамның ары қарай екпінді дамуына әкеп соқты. Меншік қатынасы қоғамдық құрылыстың әлеуметтік- экономикалық мәнін білдіреді. Сондықтан да меншік мәселесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық жауаптылықтың негізі
Қылмыстық жауаптылықтың басқа құқықтық жауаптылықтардан айырмашылығы
Қылмыстық жауаптылықтың негіздері
Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының түсiнiгi жəне оның жүйесi мен мiндеттерi
Әрбір қылмыс құрамының белгілері
Жауаптылықты жеңілдететін мән жайлар
Қылмыстық жауапкершіліктен босату
ҚЫЛМЫС ОБЬЕКТІЛЕРІН АНЫҚТАУДАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
Қылмыстық жауаптылықтың ұғымы
Қылмыстық құқықтағы себепті байланыс
Пәндер