Жерді пайдалану құқығы



Кіріспе

1. Жерді пайдалану құқығы туралы түсінік.
2. Жерді пайдалану құқығын жетулдірудің өзекті мәселелері.
3. Жерді пайдалану объектісі мен субъектілері.

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының жер құқығы дербес құқық саласы ретінде КСРО-ның ыдырауымен Қазақстан Республикасы егемендікке ие болғаннан кейін қалыптасты. Ол жай «бос жерде» пайда болған жоқ. Қазақстан Республикасының жер құқығы Қазақ КСР жер құқығының жалғасы болып табылады, бұл құқық КСРО жеріне айрықша құқық негізінде қалыптасқан жер қатынастарының кешенін реттеді. Аталған құқықтық қатынастардың сипаты мен мазмұны қазіргіге қарағанда басқаша болды, сол себепті де, олар Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидалары мен нарықтық экономиканың жаңа жағдайларына сәйкес келмеді.
Қазақстан Республикасында жер реформасын жүзеге асыру — жерге айрықша мемлекеттік меншікті жою, жер учаскелеріне жеке меншікті орнықтыру, жерді сату-сатып алуды, жер нарығын, ипотеканы дамыту және басқа да шаралар жаңа жер қатынастарының пайда болуына және жер туралы заңнаманың міндеттерінің өзгеруіне алып келді.
1. Абдраимов Б.Ж. Проблемы совершенствования процессуальных форм реализации земельного права. Алматы, 2001
2. Хаджиев А.Х. Земельное право Республики Казахстан (Общая часть) Алматы, Данекер,2001
3. Еренов А.Е., Мухитдинов Н.Б., Ильященко Л.В. Предмет и система земельного права. Алма-Ата, 1981
4. Общая теория советского земельного права. Москва, изд.”Наука”, 1983.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қазақстан Республикасының жер құқығы дербес құқық саласы ретінде КСРО-ның ыдырауымен Қазақстан Республикасы егемендікке ие болғаннан кейін қалыптасты. Ол жай бос жерде пайда болған жоқ. Қазақстан Республикасының жер құқығы Қазақ КСР жер құқығының жалғасы болып табылады, бұл құқық КСРО жеріне айрықша құқық негізінде қалыптасқан жер қатынастарының кешенін реттеді. Аталған құқықтық қатынастардың сипаты мен мазмұны қазіргіге қарағанда басқаша болды, сол себепті де, олар Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидалары мен нарықтық экономиканың жаңа жағдайларына сәйкес келмеді.
Қазақстан Республикасында жер реформасын жүзеге асыру -- жерге айрықша мемлекеттік меншікті жою, жер учаскелеріне жеке меншікті орнықтыру, жерді сату-сатып алуды, жер нарығын, ипотеканы дамыту және басқа да шаралар жаңа жер қатынастарының пайда болуына және жер туралы заңнаманың міндеттерінің өзгеруіне алып келді. Осылай, Қазақстан Республикасының жер құқығы заң білімдерін беретін жоғарғы оқу орындарында дербес құқық саласы ретінде оқытылуға міндетті жаңа оқу пәніне айналды. Оның пәні болып жерге меншік құқығына, жерді табиғи ресурс ретінде пайдалануға, оны басқару мен қорғауға қатысты туындайтын жер қатынастарының кешені сақталды.
Алайда, жаңа жер реформасын жүзеге асыру жер қатынастарының мүліктік сипатын жоймады, керісінше, оның мемлекет байлықтарын табиғи ресурс ретінде ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтті. Мүліктік емес сипаттағы жер қатынастары да өз ерекшеліктерін жоғалтпады, қоғамдық қатынастардың бұл саласы да сақталып қалды және олар болашақта одан әрі дамып, бұрынғы жер қатынастарына, сабақтас құқық салаларына, соның ішінде, азаматтық құқықтың жер-мүліктік қатынастарына қарағанда өзінің ерекше сипаттары мен айрықша ерекшеліктеріне ие болады.

Жоспар:

Кіріспе

1. Жерді пайдалану құқығы туралы түсінік.
2. Жерді пайдалану құқығын жетулдірудің өзекті мәселелері.
3. Жерді пайдалану объектісі мен субъектілері.

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі


Жер пайдалану құқығы -- жеке немесе заңды тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін ақылы және ақысыз негізде мерзімсіз (тұрақты) немесе белгілі мерзім шегінде (уақытша) иелену және пайдалану құқығы. Жер пайдалану құқығының субъектілері болып азаматтар мен заңды тұлғалар есептеледі. Қазақстан Республикасының "Жер туралы" Заңына (2001) сәйкес олар төмендегі топтарға бөлінеді:

1)мемлекеттік және мемлекеттік емес жер пайдаланушылар;
2)осы елдің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар;
3)тұрақты және уақытша жер пайдаланушылар;
4)бастапқы және кейінгі жер пайдаланушылар;
5) жеке және заңды тұлғалар.

Тұрақты Жер пайдалану құқығы тек қана мемлекеттік жер пайдаланушыларға беріледі, ол ешқандай мерзіммен шектелмейді. Оларға кондоминимум объектілеріндегі мүліктерді шаруашылық жүргізу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісін жүзеге асыратын, қорғалатын табиғи аумақтар жерінде жер пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғалар жатады. Уақытша Жер пайдалану құқығын қысқа мерзімді (5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болып бөлінеді. Уақытша Жер пайдалану құқығын беру мерзімдері жердің нысаналы мақсатын ескере отырып тағайындалады. Мемлекеттік емес жер пайдаланушыларға Жер пайдалану құқығын беру жер учаскесін жалға беру шартының немесе өтеусіз уақытша жер пайдалану шартының негізінде жүргізіледі. Жер пайдалану құқығын беру, Жер пайдалану құқығын тапсыру, Жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру) ауысуы арқылы Жер пайдалану құқығы пайда болады. Жер пайдалану құқығынан айыру азаматтық құқықтық мәмілелер (сатып алу,сату, сыйға тарту, айырбастау, т.б.) негізінде жүзеге асырылады. Жер пайдалану құқығын белгілі бір мерзімге басқа тұлғаға тапсыру жалдау немесе жерді өтеусіз уақытша пайдалану шартының негізінде жүргізіледі. Жалдау -- бастапқы жер пайдаланушы өзінің Жер пайдалану құқығын иелігінен шығармай, өзіне тиісті учаскені өкілетті органға хабарлай отырып, басқа тұлғаға уақытша пайдалануға беретін жағдайда, ал өтеусіз уақытша пайдалану -- келісімшарт негізінде пайда болады. Кейінгі жер пайдаланушының өз құқықтарын басқа жер пайдаланушыларға беру құқығы жоқ, ол уақытша жер пайдаланушы болып есептеледі. Шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды тұлғалардың, шет ел тұлғалары қатысатын біріккен кәсіпорындардың жер учаскесін жалға алуына болады, бірақ олардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін кейінгі жер пайдаланушыға беруге құқығы жоқ. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасында жеке меншікке берілген жер учаскелерінен басқа барлық жерлер мемлекет меншігінде болып табылады. Мемлекет жерге меншік құқығының субъектісі және территориялық үстемдік құқығының иесі. Территориялық үстемдік құқығы мемлекетіміздің барлық территориясында жүргізіледі. Яғни республикалық территориялық кеңістігінде жүргізілетін мемлекеттік саяси билігінің таратылуы жердің меншік нысандарына тәуелсіз. Ал жердің меншік құқығының объектілері меншік нысандарына тәуелді болады.
Қазақстан Республикасының Жер кодексі жерді жеке меншікке және пайдалануға берудің мехнизмін ашып көрсеткен. Мысалға аталған болсақ:
- мемлекет меншігіндегі жер учаскелері жеке меншікке сатылуы немесе өтеусіз берілуі мүмкін;
- тұрақты немесе уақытша пайдалануға берілуі мүмкін;
- заңда көрсетілген басқа да мақсаттарда пайдалануы мүмкін.
Қазақстан Республикасында аграрлық секторда жүргізіліп жатқан реформаларға байланысты жеке, заңды тұлғаларға 70 млн. га жуық ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге арналған жерлер мен 20 млн. га жуық мал жайылымы үшін жерлер жеке меншікке берілу көзделіп отыр. Бірақ бұл жерлердің құқықтық режимі, топырақ құнарлығы мен құрамы әртүрлі. Осы жерлердің 20 млн. га жуығы су және жер эрозияларына ұшырағандықтан, тұздалынып кеткендіктен және шаруашылық айналымынан шыққандықтан, оны қайта қалпына келтіру үшін көптеген күрделі қаржы жұмсалуды қажет етеді.
Қазақстан Республикасында жерлер пайдалану мақсатына қарай 7 категорияға бөлінеді. Бұл категориялардағы жерлердің құқықтық режимдері әртүрлі. Осы жерлер мемлекетіміздің жер қорын құрайды.
Конституциямызға сәйкес, республикамызда жерге шектеулі жеке меншік бар. Жерге жеке меншіктің шектеулі болатыны, біріншіден, жердің табиғи объект, яғни табиғаттың безге берген сыйы екендігінде, екіншіден жер - адам өмірі мен қызметінің негізі, үшіншіден жер адам еңбегімен жасалынатын тауар емес. Міне, сондықтан да, жердің осындай ерекшеліктеріне байланысты мемлекет жерді шектеулі жеке меншікке береді. Тағы да бір айта кететін жағдай, адамының қолынан жасалынатын тауарды бүлдіруге немесе жойып жіберуге болады, ал жерді олай істеуге болмайды [117-бет].
Барлық өркениетті дамыған мемлекеттерде жерді шектеулі жеке меншікке беру ауқымы, жерді тиімді пайдалану мен қорғауға тырысады. Фермерлерге бостандық бере отырып, жерді табиғи объекті ретінде келешек ұрпаққа жеткізуді көздейді.
Жер қатынастарын дұрыс реттеуде, жерге жеке меншік құқығын қорғауда қоғамдық қатынастарды реттеуші - құқықтық рөлі зор. Құқықтық реттеу арқылы мемлекет азаматтардың жерге жеке меншік құқығын сақтауды, әлеусеттік адамлдық пен теңдікке қол жеткізеді, өз елінің экономикасын дамытады. Халықтың әл-ауқаты да осыған байланысты. Жер ресурстарының ерекшеліктері сонда - олар тек қана мемлекет меншігінің объектісі ғана емес, сонымен бірге жеке меншік құқығы мен пайдалану құқығының объектісі болып табылады. Жерге жеке меншік құқығының объектісін дұрыс түсіну үшін заңның негізгі қағидаларына көңіл аудару қажет.
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес азаматтардың жеке меншігінде өзіндік қосалқы шаруашылығын, бақ өсіру және саяжай құрылысын жүргізу үшін берілген жер учаскелері бола алады. Азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігінде өзінің мақсатына сәйкес үйлер мен ғимараттарды қамтуға арналған жерлерді қоса алғанда, құралыс салуға берілген (берілетін) немесе өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үй-жайлар, үйлер, ғимараттар және олардың кешендері салынған жер учаскелері бола алады.
Мынадай жерлер жеке меншікке берілмейді:
- Ауыл шаруашылғына арналған жерлер (жеке меншікке берілген жерлерден басқа);
- Қорғаныс жерлері;
- Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;
- Орман қорларының жерлері;
- Су қорларының жерлері;
- Елді мекен жерлеріндегі жалпы пайдаланатын жерлер [119-бет].
Яғни, Қазақстан Республикасының Жер кодексі бойынша жеке меншік құқығының объектісі болып белгілі бір заңда көрсетілген жер учаскелері болып табылады. Жеке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының жер құқығының негіздер
Жерді пайдалану
Жерге меншік
Жер құқығы қатынастарының субъектілері
Жер құқығының түсінігі, пәні, жүйесі және қағидалары
Қазақстандағы жер қатынастарын құқықтық реттеу
Жерді мемлекеттік құқықтық қорғау
Жерге меншiк қатынастарын құқықтық реттеу
Жер құқық қатынастары. ҚР-ның жер нарығы туралы түсінік
Азаматтардың жерді пайдалану құқығын жүзеге асырудың құқықтық маңызы
Пәндер