Нарықтық экономикадағы меншік



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

ІМЕНШІК . ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.1Меншік.экономикалық категория ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2Меншіктің түрлері және олардың экономикалық қызметтері ... ... ... ... ... ... 9
1.3Меншіктің экономикалық мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

ІІМЕНШІК ФОРМАЛАРЫНЫҢ ӘР АЛУАНДЫҒЫ . НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗІ, ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ ... ... ... ... ... ... 15
2.1Нарықтық экономикадағы меншік формаларының түрлері ... ... ... ... ... ... 15
2.2Мемлекет иелігінен алудың мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.3Жекешелендіру мәні, қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

ІІІ КӘСІПКЕРЛІК.РЫНОКТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА МЕНШІКТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМЫТУ ӘДІСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Менің курстық жұмысымның тақырыбы –нарықтық экономикадағы меншік.Курстық жұмысымның мақсаты: меншікті қоғамның бүкіл экономикалық жүйесін, саяси-әлеуметтік дамуын қарастыру.
Курстық жұмыс мақсатына сәйкес, оның алдына мынадай тапсырмалар қойылады:
- меншік экономикалық категория ретінде;
- меншік түрлері, олардың қызметі;
- меншік формалары мен заңдылықтары.
Меншік – күрделі де көпқырлы құрылым. Ол экономикалық жүйенің негізі болып табылады.
Меншікті қарастырудың екі тәсілдемесін ажырату керек:
Бірінші тәсілдеме меншікті нақты экономикалық категория ретінде қарастырады. Меншік деген адамдар арасындағы өндіріс құралдары мен өндіріс нәтижелерін иемдену тұрғысындағы қатынастар.
Екінші тәсілдеме меншікті қоғамның бүкіл экономикалық жүйесін сараптау арқылы сипаттайды.
1. Ашимбаев Т.А. «Экономика Казахстана на пути к рынку».- Алматы, 2005 г.
2. Борисов Е.Ф.,Волков Ф.М. «Основы экономической теории».-М.,2003
3. Введение в рыночную экономику / Под ред. А.Я.Лившица-М., 2004 г.
4. Гайнулин Ф.Р. «Введение в экономическую теорию».-Алматы, 2006 г.
5. Ким П.Г., Капекова Г.А. «Экономическая теория: Учебное пособие».-Алматы,2001 г.
6. Тонкопий М.С. «Экология и экономика природопользования: Учебник».-Алматы: ЭкономикС, 2003 г.-592 с.
7. «Жаңа кезең–экономикалық теориясы».Оқулық Сахариев С.С.,Сахариева А.С.,Алматы , 2004 ж.
8. Общая экономическая теория (политэкономия): Учебник /Под ред.В.И.Видяпина, Г.П.Журавлевой.-М.,1995 , гл.27
9. Экономика: Учебник/Под ред. А.С. Булатова-М.,1995, гл.12
10. Аубакиров Я.А. , Нарибаев Н.К., Шеденов У.К., «Экономикалық ілімдер тарихы». Оқу құралы.-Алматы, 2003
11. Аукен В., Жуламанов Р. Специальный курс лекций по макроэкономике. Алматы, ИРК-АОУ, 1996 ж.
12. Байжомартов У.С. и др. Основы экономической теории. Учебно-методические рекомендации.Актюбинск, 1995
13. Блауч М. Экономическая мысль в ретроспективе. М.,2002
14. Войтов А.Г. Экномика. Общий курс-М.:Маркетинг, 2001
15. Долан Э.Дж.,Линдсей Д.Э. Рынок: микроэкономическая модель СПб.,2002
16. Закон РК «О государственной поддержке малого предпринимательства»/Вечерний Алматы от 27.06.1997
17. Кабдиев Д.К. Развитие экономической мысли вКазахстане-Алматы : Казахстан 1978
18. Кажамкулов Т.Саяси экономия негіздері (оқулық) Алматы: Қайнар, 2001
19. Курс экономической теории /Под ред.М.Н. Чепурина , Киров, 2000
20. Леонтьев В.Экономическое эссе. М.:2003
21. Оэкономика. Учебник под ред. Е.Б.Яковлевой М:2002
22. Общая экономическая теория. Политэкономия /Под ред. В.И.Видяпина, Г.М.Журавлевой М., 2000
23. Осипова Г.М. Инвестиции в человеческий капитал: Алматы: Гуманитарный университет им. Д.А.Кунаева , 2003
24. Фишер С., Дорнбуш Р, Шмалензи Р. Экономика .М.,2004
25. Экономическая теория на пороге ХХІ века.М.,2004
26. Экономика и статистика, №3-4,1999
27. Хейне П. Экономический образ мышления М., 2002

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І МЕНШІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.1 Меншік - экономикалық категория ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Меншіктің түрлері және олардың экономикалық қызметтері ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Меншіктің экономикалық мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

ІІ МЕНШІК ФОРМАЛАРЫНЫҢ ӘР АЛУАНДЫҒЫ - НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗІ, ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ ... ... ... ... ... ... 15
2.1 Нарықтық экономикадағы меншік формаларының түрлері ... ... ... ... ... ... 15
2.2 Мемлекет иелігінен алудың мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.3 Жекешелендіру мәні, қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

ІІІ КӘСІПКЕРЛІК-РЫНОКТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА МЕНШІКТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМЫТУ ӘДІСІ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...31

КІРІСПЕ

Менің курстық жұмысымның тақырыбы - нарықтық экономикадағы меншік. Курстық жұмысымның мақсаты: меншікті қоғамның бүкіл экономикалық жүйесін, саяси-әлеуметтік дамуын қарастыру.
Курстық жұмыс мақсатына сәйкес, оның алдына мынадай тапсырмалар қойылады:
- меншік экономикалық категория ретінде;
- меншік түрлері, олардың қызметі;
- меншік формалары мен заңдылықтары.
Меншік - күрделі де көпқырлы құрылым. Ол экономикалық жүйенің негізі болып табылады.
Меншікті қарастырудың екі тәсілдемесін ажырату керек:
Бірінші тәсілдеме меншікті нақты экономикалық категория ретінде қарастырады. Меншік деген адамдар арасындағы өндіріс құралдары мен өндіріс нәтижелерін иемдену тұрғысындағы қатынастар.
Екінші тәсілдеме меншікті қоғамның бүкіл экономикалық жүйесін сараптау арқылы сипаттайды.
Меншік теориясына сүбелі үлесті батыстың қазіргі экономикалық мектебінің өкілдері, американ экономистері -- Рональд Коуз (1915 ж.) және Армен Алчиан (1914 ж.) қосты. Бұл теория кейінірек Й.Барцель, Г. Демесц, Д. Нарт, Р. Познер және басқаларды еңбектерінде өзінің жалғасын тапты. Осы ғалымдардың тұжырымдамасына сәйкес, ресурс өзінен-өзі меншік бола алмайды, тек ресурстарды қолдану арқылы тұтас кешенді құқық -- міне осы меншіктің мазмұнын құрайды.
Меншік субъектілері: жеке тұлғалар, отбасы, әлеуметтік топ, өндірістік ұжым, халық, басқару органдары бола алады. Меншік объектілері: өндіріс құралдары, мүлік, ақша, құнды қағаздар, ақпарат, интеллект, жұмыс күші болып табылады.
Меншік үлгілері сан-алуан түрлі болады: олар алғашқы қауымдастық, сенімділік, мемлекеттік ұжым, халықаралық, жеке меншік. Осындай иемденушілік: феодалдық, буржуазиялық, социалистік, мемлекеттік, акционерлік болады. Олардың қатарында: кооперативтік біріккен, жеке акционерлік, мемлекеттік, шаруашылық біріккен түрлері болады. Нарық экономика жүйесінде, жеке және басқа меншікте қоғамдық жиынтық өнім қалыптасады. Осы қосынды өнім ең басты, біртіндеп, белгілі бір мерзім кезеңінде өндірілген материалдық игіліктер қосындысы және жеке капиталдардың өзара уласқан және байланысты сомасы. Онымен қатар, қоғамда белгілі бір уақыт мерзімде еңбекпен жасалған жаңа құн.
Бұл курстық жұмысымның өзектілігі: меншік - экономикалық категориясы ретінде; меншіктің түрлері және олардың экономикалық қызметтері; меншіктің экономикалық мазмұны; нарықтық экономикадағы меншік формаларының түрлері; мемлекет иелігінен алудың мәні; жекешелендіру мәні, қызметі.
Тұтастай мемлекеттік меншіктің тиімсіздігі Қазақстанның нарық экономикасына көшу кезеңінде анық көріне бастады. Нарық экономикасының қалыптасуы Қазақстанда меншік қатынастарын қайта құру қажеттігін көрсетті. Ол мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру жолымен жүргізіледі.
Мемлекет қарамағынан алу түсінігі меншік қатынасымен шектелмейді. Ол жекешелендіру түсінігінен әлдеқайда кең. Экономиканы мемлекет қарамағынан алу өндірісті басым мемлекеттік-директивтік реттеуден нарықтық тетіктер негізінде реттеуге көшуді білдіреді.
Меншік - бұл адамдардың белгілі бір материалдық игіліктерге ие болудағы қатынастары. Меншіктің экономикалық мәні өндіріс, айырбас, бөлу және тұтыну қатынастарын өзіне қосатын, өндіріс қатынастарының жиынтығы арқылы көрінеді.
Меншіктің басты мәнін анықтаушы иемдену болып табылады. Иемдену экономикалықпен қатар, күштеу немесе заңды әдістермен меншіктегі объектіні субъектімен басқа субъектіден иесіздендіру болып табылады. Иемдену санатын зерттей отырып, еңбек жолымен, өндіріс кезінде жүзеге асатын акт ретінде және сұрау ретінде көрсетуге болады.
Меншіктің субъектісі - меншік объектісіне ие болу құқығы бар және мүмкіндігі бар, меншік қатынастарының белсенді жағы.
Меншік объектісі - табиғат заттары, заттықтар, энергия, мүліктер, ақпараттар және т.б. түріндегі меншік қатынастарының енжарлық жағы. Субъектісі мен объектісі арасындағы байланыс бір уақытта заңдық, құқықтық және экономикалық санаттарды көрсететін, ие болу, пайдалану, нұсқау беру және жауаптылық қатынастарын ұсынады.
Меншік формасы - ол меншік субъектісі белгісі бойынша сипатталатын, яғни меншік объектісінің әр түрлілігі субъект табиғатымен бірігуі критерий (өлшемдері). Бұл курстық жұмыстың негізгі бөлімде меншік формаларына жеке-дара тоқталып қарастырамын.

І Меншік - экономикалық категория ретінде

1.1 Меншік-экономикалық категория

Ең алдымен меншік дегеніміз не? Оның мәнін жалпы алғанда кез келген ересек адамның түсінуі де, түсіндіруі де мүмкін. Көпшілігінде бұл сұраққа жауап күнделікті тұрмыс-тіршілікпен, иелік етумен байланысты беріліп жүр. Мысалы, меншік -- дәл жеке дара басыма тиесілінің бәрі, меншік -- басқа біреудің иелігіндегі байлығы т. б. Әрине меншіктің бұдан да басқа анықтамасы болғаны тарихтан белгілі. Ертеректегі француз социалисі Пьер Жозеф Прудоның (1809 -- 1865 ж.ж.) меншік -- ұрлау деген мағынаны береді дегені бар.
Жоғарыда келтірілген анықтамаларда белгілі бір ақиқаттың бары анық. Олай дейтініміз осы түсініктемелердің қай-қайсысында да бірінші кезекте адамның затқа қатынасы (материалдық игіліктерге) сипатталады. Шын мәнінде дәл осылай ма екен? Меншік түсінігі адамның тірі, не өлі материалға қатынасы ма? Бұған үзілді-кесілді бір жақты жауап беру дұрыс болмас еді. Олай дейтініміз экономикалық теорияда робинзонада әдісінің кеңінен орын алатыны белгілі. Міне осы әдісті меншіктің мәнін, мазмұнын толық түсіну үшін қолданып көрейік. Адам аяғы баспаған аралда Робинзон бір өзі емір сүрді деп ұйғаралық. Ол табиғаттың жемісін, атап айтқанда, банан жеп, өзеннен балық ұстап, пальма жапырақтарынан киім киіп тіршілік етеді. Ал Робинзон өзі-өзіне осының бәрі менің меншігім деп айта алар ма еді? Өзін айнала қоршаған материалдық игіліктердің бәрі де менікі деген түсінік оның миына да кіріп шықпас еді. Қоршаған, көзге көрінгеннің бәрі де менікі деп айту үшін, ең болмағанда тағы бір адам болуы шарт. Олай болса бұдан мынадай қорытынды шығаруға болар еді: меншік -- адамның затқа жай қатынасы ғана емес. Меншік осы затпен байланысты адамдар арасындағы қатынас. Меншік, әдетте (әрдайым емес) затпен байланысты, алайда күнделікті тұрмыстағы түсінігіміздей жай зат емес, осы заттарды иемденумен байланысты адамдар арасындағы қатынас.
Дәстүрлі кеңестік, қайта құру кезеңіне дейінгі экономикалық әдебиеттерде меншік категориясының мәнін, оның адамдар арасындағы қатынасты сипаттайтынын тек К. Маркс ашқан түсінік берік орнағаны белгілі. Сөз жоқ, К. Маркс меншіктің әлеуметтік-экономикалық мән-мазмұнын ашуда елеулі үлес қосқаны даусыз мәселе. Алайда жоғарыда келтірілген П. Ж. Прудонның меншік туралы түсініктемесі де оның адамдар арасындағы қатынас екенін сипаттап тұрған жоқ па? Өйткені бір адамның екінші бір адамнан ұрлай алатыны белгілі. Олай болса бұл арада қатынас туралы әңгіме болып отыр. Ал қазіргі батыстық экономикалық пікірлерге көңіл аударар болсақ, мысалы П. Хейненің Экономикалық ойлау бейнесі деген әйгілі кітабында меншіктенудің қайшылықты мәселелеріне арналған XIII тарауында, меншікті адамдар арасындағы қатынас деп жазған.Мұнда П. Хейне 1991 жылы эконо- мика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты американдық экономист -- Рональд Коуздың (1910 жылы туған) меншік және рыноктық қатынастар мәселелеріне арналған терең де, ерекше идеяларын негізге ала отырып, меншік адамдардың затқа жай қатынасы ғана емес, адамдардың өзара қатынасы деп сипаттайды.
Меншіктің экономикалық мазмұнын заттың, материалдық игіліктің біреудің иелігіндегі деген түсінік арқылы жеткізу жеткіліксіз, мысалы, біз айтамыз: мына жер аумағы -- менің меншігімде. Міне, осы әңгіме меншіктің экономикалық мазмұнын түсіндіре ала ма? Меншік экономикалық тұрғыдан қалай түсіндіріледі? Жер бетінде адам өз бетімен жұмыс істей ме? Әлде сол жерде басқа бір адамды жұмыс істеуге мәжбүр ете ме? Немесе ақшалай, не натуралды жалдау орын ала ма? Мүмкін өз жерін ипотекалық банкке салып, содан тиісінше табыс алатын шығар? Байқап отырсақ меншіктің экономикалық мән-мазмұнын бір сөзбен айтып түсіндіру қиын екен.
Меншіктің экономикалық мазмұнын сол қоғамның бүкіл жиынтық өндірістік қатынастарын талдау арқылы ашып түсіндіру мүмкін. Бұл қатынастар өндіріс, айырбас бөлу және тұтыну қатынастарын қамтиды. Меншіктің экономикалық тұрғыдан өсіп-өрбуін түсіндіруде тікелей өндірушілердің өндіріс құрал-жабдықтарымен қосылу әдісі де аса маңызды. Меншіктің әр қилы тарихи типтерін осы әдіс анықтайды (әлеуметтік-экономикалық дамуға формация шеңберінде талдау жасағанда):
- бір адамның екінші адамға күш көрсету жолымен қосылуы, құл иеленушілік және көпшілік жағдайда феодалдық меншік типі;
- жұмыс күшін сатып алу, сату арқылы қосылуы, меншіктің капиталистік (буржуазиялық) типі.
Формациялық тұрғыдан қарау қосылудың басқа түрлерін классификациялау мүмкіндігін бермейді. Тікелей өндірушілерді мемлекет күш көрсету жолымен қосу, әдетте, меншіктің азиялық өндіріс әдісіне тән жағдайды сипаттайды (азиялық өндіріс әдісі түсінігін ғылыми айналымға К. Маркс енгізген), сонымен қатар нақты социализм, немесе феодалды социализм немесе әміршілдік-әкімшілдік жүйесіндегі меншіктің типтері. Формациялық тұрғыдан меншік түрлерін түсіндіргенде өндірушілердің өндіріс құрал-жабдықтарымен қосылуы ешкімнің көмегінсіз, сыртқы күш көрсету жолынсыз (жай тауар өндіруші -- қолөнерші, фермер т. б.) орын алады деп түсіндіру де қисынсыз. Тағы да бір басып айтатын жағдай, меншікті экономикалық категория ретінде түсіну, оның мәнін ашу адамдар арасындағы өндірістік қатынастар жүйесі арқылы мүмкін болады. К. Маркстің мына бір пікірімен келіспеске болмас (жерге меншіктің пайда болуы мен мазмұнын сипаттағанда): Оқшауланған жеке адам жерге иелік ете алмайтыны сияқты, оны айта да алмас еді.
Меншікті заңдылық құқылық тұрғыдан қарастыру да маңызды (ол туралы келесі параграфта толығырақ әңгімеленеді). Меншік заң категориясы ретінде құқық нормаларында белгіленгендей меншік объектілерін иемдену, пайдалану қатынасын керсетеді. Алайда мүліктік қатынас өндірістік қатынастарды құқықтар нормасы ғана емес, мораль нормалары, дәстүр формаларын қабылдау, жай әділеттілік ережелері т. б. арқылы да көрсетеді. Адамдардың бір-бірінің мүлігін ұрламауы тек бір жауапкершілігінен қорыққандықтан емес, сонымен қатар ол оның ар-ұжданына өмір сүріп отырған қоғамның салт-дәстүріне қайшы келетіндіктен де болуы ықтимал.
Жеке және қоғамдық меншік мәселелері өткір талас пікірлер туғызады. Осыған байланысты ғылыми пікірлер К. Маркстің еңбектерін мұқият қарауды ұсынады. Өйткені жеке меншік мәселесіне К. Маркс еңбектерінде қатаң үкім шығарылып бағаланғаны да баршаға мәлім. Дегенмен, шындыққа жүгінетін болсақ, К. Маркс Капиталында бұл категорияға көп қырлы, көп мәнді пікірлер айтқанын ескерген абзал.
Алғашқы қауымдық меншік орнына келген жеке меншікті К. Маркс прогрессивті құбылыс ретінде бағалады. Бұл қосымша өнімнің пайда болуымен байланысты объективті табиғи-тарихи процесс еді. Жеке меншік тауар өндірушілердің экономикалық жағынан оқшауланып кеңінен дамуына жол ашқан бірден-бір түрі. Олай болса, жеке меншік, онымен байланысты экономикалық оқшаулану (қоғамдық еңбек бөлінісін алғанда) тауарлы, рыноктық шаруашылықтың қалыптасуы мен дамуының қажетті шарты. Адамның жеке дара оқшаулануы белгілі тарихи процестің нәтижесі. Айырбастың өзі осы жеке дара оқшауланудың басты тетігі. Ол қауымдық сатыны керек етпейді, оны ыдыратады. (К. Маркс). Алғашқы қауымдық құрылыстың өндірістік қатынастарының шектеулі сипаты туралы айта келе К. Маркс, бұл қоғамда қоғамның, не жеке бастың еркін және толық мағынада дамуы мүмкін емес деп жазды (К. Маркс).
Сонымен, жеке меншік адамның адам ретінде жеке басының қалыптасуы мен алғашқы қауымдық жабайылық сипатынан ерекше бөлініп шығуына үлкен ықпал жасады. Солай бола тұрса да, Капитал мен Коммунистік партияның манифесі жеке меншікке мүлдем қарсы. Буржуазиялық қоғамның бүкіл қайшылықтары мен қарама-қарсылықтары пролетариаттың қанауда болуы, қайыршылануы, оның тұрмыс жағдайының абсолютті және салыстырмалы нашарлануының барлық салдарын осы жеке меншікпен байланыстырды.
Экспроприаторларды экспроприациялау деген әйгілі ұраннан баска, К. Маркстің мына бір пікірін де еске түсірелік, яғни жеке меншікті жою әлеуметтік революция және пролетариат диктатурасының үстемдігін орнату жолымен шектелмейді. Экономикалық дамудың объективті жолы жеке меншіктің жойылуына әкеліп тірейді. К. Маркстің акционерлік қоғам туралы сипаттамасына көңіл аударатын болсақ, ол мұны капиталистік өндіріс әдісі шеңберінде капитализмнің ыдырауы деп көрсеткен.
Әрине жеке меншіктің қанаушылықты жоққа шығармайтыны да белгілі (әсіресе капитализмнің қалыптасу кезеңінде). Дегенмен қанаушылық мәселесіне тәптіштеп талдау жасамай-ақ, оның экономикалық категория ретінде мәніне теориялық тұрғыдан қарау қажеттігі де жоқ емес. Олай дейтініміз қанау процесі тек жеке меншікке ғана байланысты деу көңілге сенімсіз. Бұрынғы КСРО-ның бүкілхалықтық меншік кезеңіне халықтың мемлекет тарапынан қанауға ұшырағанын ашып айтпасқа болмас. Оған мына бір деректің өзі дәлел бола алады. 80-жылдардың орта шенінде жалақының ұлттық табыстағы үлесі КСРО-да -- 35 процент, ал батыс елдерінде -- 65 процент болды. Жеке меншіктің өзі әр қилы формаларда болады: жеке, өз басының еңбегіне негізделген жеке меншік; жалдамалы еңбекке негізделген капиталистік жеке меншік; ұжымдық формадағы жеке меншік (кооперативтер, серіктестіктер, акционерлік кәсіпорындар).
Мемлекеттік меншік мәселесі өз алдына талдауды қажет етеді. Кеңестік дәуірдегі саяси экономияда меншіктің бұл түрі жеке меншікке жатпағаны айдан анық. Шын мәнінде сол тұстағы оқулық авторлары, мемлекеттік меншік бюрократияның жеке меншігі деген К. Маркс пікірін ешқашан ескерген емес. Ал мұның өзі мемлекеттік меншікті қоғамдық немесе бүкілхалықтық деген балама түсінікке қарағанда ақиқатқа анағұрлым жақын екені де көрініп тұрған жоқ па?
Сонымен, марксизм-ленинизм классиктері жеке меншікті бүкіл әлеуметтік зілдің, әділетсіздіктің зардабы деп қарағаны белгілі. Солай дей отырып, коммунизм мен социализм бір жағынан, жеке меншікке негізделген рынок, екінші жағынан, теориялық тұрғыдан бір-біріне қарама-қарсы, сиыспайды деп қорытындылады. Рынокты және жеке меншікті түп-тамырымен жою әскери коммунизм кезеңінде практикалық мәселе ретінде күн тәртібіне қойылды, одан кейінгі ондаған жылдар бойы да дәл солай болғанын тарих дәлелдеп отыр (жаңа экономикалық саясаттың кезеңін есептегенде). Жеке меншік жұмысшының, қызметкердің еркін еңбек етуіне өзіндік құқы барын растайды, оған кепілдік береді. Жалданып еңбек етудің еркінділік принципі әлеуметтік және шаруашылық өмірде анайы, экономикалық, физикалық тұрғыдан еңбекке зорлық-зомбылықты жоққа шығарды. Жеке меншік өзіне тән жекешелену, оқшаулану, пайда табуға ұмтылумен оны ыдыратады деген түсініктің берік орын алып келгені де белгілі (марксизм-ленинизм классиктері осылайша сипаттады).
Алайда, тауарлы шаруашылық жағдайында жеке меншік иесі рынокта өз тауарларын рыноктық байланыстарға сүйене отырып өткізеді, жеке меншік өндірушілерді біріктіреді, қоғамдық қажеттіліктерді үлкен тиімділікпен қанағаттандыру мүмкіншілігін туғызады. Әрине, жеке меншік жер бетінде тек молшылық, әділет әкеледі деп айту да күпіршілік шығар, алайда оның нақты социализм практикасында орын алмағанынан ұтылмасақ ұтпағанымыз да нағыз шындық. Жалпы жеке меншік адамзат баласынын дамуында жеткен ірі жеңістерінің бірі деуге болады.
Қоғамдық меншік түсінігіне көңіл аударалық. Бұл категорияның өзі ойдан шығарылған, оны екі жақты практикалық және теориялық тұрғыдан дәлелдеу қиын емес сияқты. Практикалық тұрғыдан оның қисынсыз екені мынадан-ақ көрініп түр: қоғамдық меншікті мойындаған, ұран етіп ұстаган, барлық елдерде XX ғасыр бойы экономика өзінің тиімсіздігін әбден танытты (тапшылық, ашаршылық, бүкіл өндірістік ресурстарды тиімді пайдалана алмауы. Ал әлеуметтік-саяси тұрғыдан қоғамдық меншік тоталитарлық құрылыспен майдалап, жұмсартып айтқанда әкімшілдік-әміршілдік жүйемен тығыз байланысты. Теориялық тұрғыдан қоғамдық меншік логикалық ақыл-ойға сыймайтын түсінік.
Меншік экономикалық категория ретінде ең алдымен өз мәнінде жеке меншік болып табылады. Неліктен дейтін болсақ, ол үшін алғашқы қауымдық сатыны, адамзат қоғамының тууы, қоғамдық еңбек бөлінісі, шаруашылық өмірінің жекешеленуі, жалпы экономиканың қалыптасуы орын алмаған кезеңді еске түсірелік. Экономиканың өзі айырбас, рынок орын алған жерде қалыптасып даму алады, ол тек жеке меншік негізінде мүмкін болады. Алғашқы қауымдық меншік өндірістік шаруашылық іс-қимыл арқылы табиғаттан алып игеру, иемдену мүмкіндігін берді. Алайда, адамның жеке дара басының және экономиканың қалыптасуы тек жеке меншік институтымен тікелей байланысты.
Мұндай ұқсастық байланысты жеке меншік пен отбасының қалыптасуынан да көруге болады. Меншікті жекешелендірудің мәніне жан-жақты талдауды Ф.Хайектің Өз-өзіне сенудің қауіптілігі кітабында берілген. Адамның адам болуы (жануар емес) полугамиядан моногамиялық некелесуге, ерекше жеке махаббатқа көшуімен де байланысты. Олай болса, отбасы еркек пен әйелдің жеке дара өмір сүруі. Әрине отбасының үш және төрт адамнан да кұралады (швед семьясы) алайда 1000 адамнан құралса, бұл отбасы емес полигамия болғаны, жеке дара жыныстық қатынас сезімі емес, керісінше отбасының жоқтығын, сол сияқты қоғамдық меншіктің де меншік атаулының да болмағанын сипаттайды. Меншік құрылымдық тұрғыдан әрдайым жеке меншік болып табылады. Ол менікі, сенікі емес, біздікі, сіздікі емес деген ұғымды береді.
Кооперативтік, акционерлік, мемлекеттік меншік қалай болғаны? Бұлар қоғамдық меншік болмағаны ма?
Шын мәнінде кооперативтің де, акционерлік қоғамның да және мемлекеттің де меншігі қоғамның бір бөлігінің меншігі. Мемлекеттік меншікке байланысты түсініктемені дұрыс беру керек. Өйткені мемлекеттік меншік қоғамдық меншіктің баламасы емес, сол сияқты мемлекет те бүкіл қоғам деген ұғымды бермейді, оның тек бір бөлігі болып табылады. Оның үстіне чиновниктердің немесе мемлекеттік бюрократияның өз мүдделері бар, ол әрдайым қоғамдық мүддемен ұштаса, үндесе бермейді. Мемлекеттің салыстырмалы жеке дара болуын Ф. Энгельс жайдан-жай айтпаған сияқты. К. Маркс те жоғарыда көрсетілгендей мемлекеттік меншікті бюрократияның жеке меншігі деп айтуы да жай болмағаны. Экономикалық тұрғыдан қоғамдық меншік қалай даму алады? Қалайша бүкіл қоғам қоғамдық меншік объектілеріне иелік етіп, оны пайдаланады? Бұл да өте қиын сұрақ. Сайлау органдары немесе қоғамның қызметтілігі арқылы ма? Халық сайлаған өкілдер қоғамның бір бөлігі ғана емес пе, олай болса олардың өзіндік, жеке меншіктілік мүддесін жоққа шығара алмаймыз (заң шеңберінде болсын, болмаса одан тысқары) ал қоғамдық мүдцені түсіну, ескеру мәселесіне ол қайшы келмейді.
Негізінде К. Маркс және қоғамдық меншіктің басқа да жақтаушылары XVIII -- XIX ғғ. шаруашылықты бірлесіп ұйымдастырып, шаруашылық ісін саналы жоспарлаған болашақ коммуна (фаланстерлер, бірқатар діни қауымдар, жекелеген кооперативтер) тәжірибелерін механикалық түрде дәріптеген. Сөз жоқ, 100-150 адам шеңберінде бұл мүмкін де шығар. Ал Маркс бұл тәжірибені қоғамдық меншіктің құрылымына теориялық тұрғыдан ұсынды. Осыдан да шығар ғылыми коммунизмнің негізін қалаушы өз жұмыстарында қоғамдық меншікті экономикалық тұрғыдан одан әрі дамытудың нақты пікірін жазбаған. Бұл жайдан жай емес, өйткені оны теориялық тұрғыдан жазып, іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін де емес.
Қоғамдық меншікте, жерді национализациялау негізінде үлкен артықшылыққа, тиімділікке жетуге болады деген сөздер ойдан құрастырылған жалаң пікір. Шындығында да К. Маркстың абсолютті жер рентасы туралы теориясы сандық үлгілері жерге жеке капиталистік меншікті жою тиімділік әкеледі деп пайымдауы логикаға сиятын сияқты. Алайда іс жүзінде жерді тотальды режимге сүйеніп национализациялау бірде-бір елде өз нәтижесін берген емес. Одан ауыл шаруашылығы да ұтыс алған жоқ.
Теориялық талас-пікірлерде саяси қайраткерлердің сөздерінде Батыстағы акционерлік, кооперативтік меншік қоғамдық меншікке деген қозғалысты сипаттайды деп, сирек те болса айтып жүр. Осы ұжым мүшелігін бүкіл қоғам қабылдайды деген қате түсінік орын алуда. Алайда ол шындыққа сай келмейді, өйткені ұжымдық кәсіпорындардың аясы кеңігенмен, тиімділіктің белгілі бір шегі бар. Міне осы шекарадан өтетін болса, меншік ешкімдікі болмай шығады, немесе мемлекеттікі, ал ол болса мемлекеттің бір бөлігі, бір топ адамдар ғана.
Әрине жеке меншік рыноктық механизм сияқты белгілі бір шығындармен (рыноктық механизмнің артықшылығы мен кемшіліктері туралы басқа тарауда әңгімеленеді) байланысты XX ғасыр аяғына таяғанда алғашқы қауымдық құрылыстың қауымдық меншігін дәріптеп немесе қоғамдық меншікке негізделген коммунизмді қиялдау орынсыз болар. Қоғамдық меншік арқылы болашаққа ұран тастау, бұл қаңыраған үңгірге қайтып оралуға шақырумен пара-пар. Жеке меншікті жоққа шығарып, оны қоғамдық меншікпен алмастыру, меншік атаулының болмағаны. Белгілі қайраткер У.Черчиль айтқандай, демократия басқарудың ең шамалы түрі, әрине, басқаларын ескермегенде. Міне осы бір пікірді дамыта отырып, жеке меншік -- меншіктің ең нашар түрі, баскаларын ескермесе деп те айтуға болар еді.

1.2 Меншіктің түрлері және олардың экономикалық қызметтері

Меншік қатынастары мынандай қызметтерді қамтиды:
oo иелену ( затты иеленуді жүзеге асыру, қожалық ету);
oo пайдалану ( заттан өзіне пайдалы қасиеттерді табу);
oo бөлу ( заттың құқықтық тағдырын анықтау - сату, айырбастау,сыйға тарту т.б.).
Меншіктің экономикалық өткерілуі, оның иесіне табыс, рента, пайыз, дивиденд алып келу арқылы жүзеге асады.
Адамзат қоғамның даму тарихында меншіктің тайпалық немесе қауымдас-тық түрлері белгілі. Ерте дүниенің өзінде-ақ ұжымдық (қоғамдық), жеке еңбектік және мемлекеттік (қауымдық меншік иелері) меншік түрлері қалыптаса бастады. Олардың ішінен кейінірек жеке және мемлекеттік меншік түрлері көбірек дами түсті. Мемлекеттік меншік өзінің барынша дамуын әкімшілік-әміршілдік экономикалық жүйеге асырылып, оның үлесі басқа меншік түрлерінің жалпы құрлымында 88,6% құрады. Алайда, нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік меншіктің үлесі 5%-дан 30%- ға дейін ауытқиды.
Экономикалық және әлеуметтік құрылысқа байланысты мемлекеттік меншік басқа меншік түрлерімен салыстырғанда тиімді болу мүмкін. Ол оның атқаратын қызметімен: жалпы қоғамның экономикалық стратегиясының қалыптасуы, экономикалық салалық құрылымының оңтайландырылуы нәтижесінде адамға бағытталған ең жоғарғы тиімділікке қол жеткізу арқылы сабақтастырылады.
Экономикада бұл меншік түрінің басымдау болу нақты өмірде жағымсыз тұстарға, яғни мемлекеттік монополиялардың пайда болуына алып келді.
Ол экономика үшін аса қауіпті еді: мемлекеттік өндірушінің тұтынушыға үстемдігі пайда болып, арзан тауарлар түрлерін жою жүзеге асты және тапшылық пайда болды. Қанағаттандырылмайтын сұраным қалыптасты.
Осыдан мынадай тұжырым жасауға болады: мұнда мемлекеттік меншікті жою емес, оның монополиялық үстемдігін жою туралы әңгіме болып отыр.
Нарыққа өту және ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік меншікті мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру процесінің басталуы - мемлекеттік меншік үлесін қысқартуға, оның монополиялық үстемдігін жоюға бағытталған. Сондай-ақ, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру үшін бәсекелестік ортаны құрып, оны тұрғындардың сұранымын қанағаттандыруға бағыттау қажет. Мемлекеттік меншіктің үлесі 30-40% шеңберінде бекітіледі.
Жеке меншіктің дамуы ХХ ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін жүзеге асты. Ғылыми техникалық революцияның әсерінен ХХ-шы ғасырдың екінші жартысында жедел түрде акционерлік меншік қалыптаса бастады. Акционерлік немесе корпоративтік меншік, басқаша айтар болсақ, топтық немесе ұжымдық меншік. Батыстың экономикалық теория мектебі жеке термині ретінде кез-келген мемлекеттік емес мүлік, шарушылық, кәсіпорынды түсінген. Қазіргі уақытта жеке меншік жекеленген (еңбектік және еңбектік емес) ғана емес, сондай-ақ ұжымдық (топтық), акционерлік және коперативтік түрде меншік иесі ұжымдарын біріктіретін болады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында төмендегідей меншіктің экономикалық түрлері қалыптасты:
Меншіктің экономикалық түрлері:

1.3 Меншіктің экономикалық мазмұны
Әлеуметтік-экономикалық қатынас немесе меншік бойынша қатынастар өндіріс әдістерінің ішіндегі өндірістік қатынастардың негізі. Ол өндірістің жеке және заттық факторларының қосылу әдісі мен бөлу, айырбастау, тұтыну қатынастарын анықтайды. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі меншіктің орнын келесідей анықтайды:
Меншік - қоғамдық қатынас жүйесінің фундаменті.
Меншікті қоғам қабаттарының орналасу жағдайына байланысты анықтайды.
Меншік өз формасын екі жолмен өзгертеді: эволюциялық және революциялық. Меншіктің барлық формалары өзара байланысты және өзара әрекеттеседі.
Меншік тарихи дамудың нәтижесі болып табылады.
Меншік - белгілі бір материалдық игілікті иелігіне алу үшін адамдар арасындағы қатынас. Меншіктің экономикалық мазмұны өндірістік қатынастар жиынтығы, яғни өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну арқылы көрсетіледі. Меншіктің құқықтық мазмұны меншік иесінің табыс пен қауіпсіздікті иелену, пайдалану, басқару құқығы.
Меншіктің экономикалық мазмұны мынадай түсініктер арқылы сипатталады:
а) екі жұп категорияларының өзара байланысы: (меншіктеу) иемдеу-жатсыну;
ә) жекелену-қоғамдану сияқты жұп категориялардың өзара байланысы;
б) өндірістің жеке және заттық факторларын біріктіру тәсілі;
в) табыстарды үлестіру тәсілі;
г) субъектілік-объектілік талдау
1. Ең алдымен, меншіктің экономикалық мазмұнын екі түсініктің сараптамасы негізінде алуға болады. Бір жағынан, қандай да бір қауымдастың (индивид, топ, қоғам) өндіріс құралдары мен қызмет нәтижелерін иемденуінің механизмі мен нысаны, ал екінші жағынан, олардың басқа шаруашылық бірліктерден және тұтас қоғамнан шеттетудің сәйкес формалары.
Иемдену деген қандай да бір қатынастар субъектісін осы қатынастардың тұтас қоғам өміріндегі атқаратын қызметтеріне сәйкес, субъектінің өзінің өмір сүруіне айналдыруы дегенді білдіреді.
2. Оқшауландыру деген әрбір тауар өндіруші белгілі бір тауарды өндіруге мамандануын білдіреді. Еңбек бөлінісі неғұрлым терең болса, оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы өзара тәуелділік те соғұрлым күшті. Жеке оқшауланған тауар өндірушілердің айырбастауы арқылы жүзеге асырылады.
Қоғамдастыру деген еңбектің қоғамдық сипатының дамуын білдіреді.
Бір жағынан, қоғамдық еңбек бөлінісі және өндіріс құралдарына жеке меншіктің салдарынан кәсіпорындар жеке тауар өндірушілер ретінде оқшауланған. Екінші жағынан, еңбектің қоғамдық сипатына байланысты, олардың бәрі біртұтас қоғамдық ұдайы өндіріс процесіне тартылған. Оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы экономикалық байланыстардың формасы - ақша айналымы арқылы жүретін тауар айырбасы болып табылады.
3. Меншік қатынастарының ауқымды негізін өндіріс факторларын біріктіру тәсілі құрайды.
Біріктірудің екі тәсілі ажыратылып жүр: тікелей және сатылы.
Өндіріс құралдарын материалдық игіліктерді тікелей өндірушілермен өндіріс процесінде, айналым саласын айналып өтіп қосылуын өндіріс факторларының тікелей қосылу тәсілдері сипаттайды. Бұл жағдайда, бір адам бейнесінде екі қызмет жүзеге асырылады - өндіріс құралдарын меншіктеуші қызметі және материалдық игіліктерді тікелей өндіруші қызметі. Кейде басқа нұсқалары да болуы мүмкін, бұл жағдайда екі қызмет ажыратылып, түрлі субъектілерге бекітіледі; бірінде - өндіріс құралдарын меншіктеуші қызметі, бірінде - жұмыс күші қызметі. Бұл жағдайда жұмысшы өндіріс құралдарынан шеттетілген. Өндіріс факторлары бірігуі үшін, өндіріс құралдарын меншіктеушінің жұмыс нарығында жұмыс күшін жалдауы қажет. Сондықтан да, өндіріс саласында жүзеге асатын заттық және жеке факторлардың бірігуі жұмыс күшін жалдауы қажет. Сондықтан да, өндіріс саласында жүзеге асатын заттық және жеке факторлардың бірігуі жұмыс күшін сату-сатып алу актісінен кейін, яғни тауар-ақша қатынастары арқылы жүреді. Өндіріс факторлары бірігуінің бұл нұсқасы сатылы деп аталады.
4. Табыстарды үлестіру өндіріс құралдарын меншіктеушілер мүддесі үшін жүзеге асырылады.
5. Меншік субъектілері: жеке тұлғалар, отбасы, әлеуметтік топ, өндірістік ұжым, халық, басқару органдары бола алады. Меншік объектілері: өндіріс құралдары, мүлік, ақша, құнды қағаздар, ақпарат, интеллект, жұмыс күші болып табылады.
Қоғам өмірінде меншікке байланысты қатынастар әрқашан маңызды рөль атқарған. Меншік белгілі бір затты жеке мүлік ретінде адамның иеленуінен шыққан. Ол қоғамдық негізгі бастауларға жатады. Сондықтан кез келген үкімет меншік туралы заңдар шығарады.
Меншік құқықтық мағынасында мүліктік қатынастарды білдіреді. Меншік иесіне заңмен алдын-ала белгіленген мүлік тән.
Экономикалық мағынасында меншік бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну қатынастарын білдіреді.
Меншік - бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншік ретінде тұлғаның нысанды (затты) пайдалануына байланысты құқығы көрінеді. Тұлға ретінде мемлекет, ұжым, жеке тұлға болуы мүмкін. Негізгі нысандары: жер, ғимараттар, материалдық және рухани мәдениет заттары және т.б. жатады.
Басқаша айтсақ, меншік - бұл адамдар арасындағы өндіріс факторлары мен нәтижелерін иемденуге байланысты объективті қатынастар жүйесі. Иемдену - әрбір қоғамдық өндіріс әдісінің негізі болып табылады. Меншік пен иемдену түсініктерін теңестіруге болмайды. Меншік - анағұрлым абстрактілі, ал иемдену нақты ұғым.
Иемдену - бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі.
Қоғамның дамуының әр түрлі кезеңдерінде затты иелену, яғни иемдену әдістері өзгеріп отырған. Өзінің ең қарапайым формасында иемдену адамдар материалдық игіліктерді өндіруді үйренбестен бұрын пайда болды. Осылайша, адамзат қоғамының әу басында адамдар табиғат өнімдерін оларды өндірместен иеленді. Әрі қарай, өндірістің пайда болуы мен дамуына орай иемдену объектісіне тек табиғат өнімдері емес, сондай-ақ адамдар өндірген өнімдер жатады.
Иемдену әрдайым белгілі бір тұлғаның мүддесіне қарай жүзеге асады. Егер, өндіріс жеке тұлғалардың мүддесіне орай жүзеге асырылса, жеке меншік айқын көрінеді. Егер, өндіріс топ мүддесіне қарай жүргізілсе, онда мәселе иеленуде. Егер өндіріс қоғам мүддесін көздесе, онда, қоғамдық иелену орын алады.
Меншік пен иемденудің ішкі заңдары бар. Олар екеу. Біріншісі - өз еңбегінің өнімін иемдену, меншіктеу заңы, оған сәйкес иемдену заңы: еңбек-бастапқы иемдену әдісі. Бұл заңдар жай тауарлы өндіріске дейінгі кезеңдерге тән.
Еңбектің жеке меншіктің капиталистік болып өзгеруі бірінші меншік заңының екіншісіне - бөтен біреудің еңбегінің өнімін меншіктеу заңына ауысуының негізінде жүреді. Оған енді, басқаның еңбегін иемдену заңы сәйкес келеді.
Айналыс - бастапқы иелену түрі мен әдіс бірлігі. Осы заңдардың негізінде капиталистік тауарлы өндіріс әрекет етеді.
Осылайша, бірінші меншік заңы мен бірінші иемдену заңы жеке еңбекпен өндірілген өнімді жекелей иеленуге байланысты. Екінші меншік заңы мен екінші иемдену заңы бөтеннің еңбегін және осы еңбектің нәтижесін айырбас арқылы, яғни айналыс сферасы арқылы иемденумен байланысты.
Меншік қатынастарында шешуші рольді өндіріс құралдарына меншік атқарады. Ол жұмыс күшінің өндіріс құралдарымен бірігу сипатын, формасын анықтайды. Осы бірігудің әдісі мен сипатына қарай экономикалық кезеңдер бөлінеді.
Меншік қатынастары меншік нысандарын пайдалану, иелену және тұтынудан тұрады. Айталық, өндіріс құралдарына меншік иесінің өзі өндіру қызметімен айналыспайтын болсын. Ол басқа адамдардың өзінің заттарын иеленуіне белгілі бір жағдайларда мүмкіндік берсін. Сонда меншік иесі мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының меншіктік қатынастары
Меншіктің экономикалық мәні және мазмұны
ӨТПЕЛІ ЭКОНОМИКА ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Нарықтағы әлеуметтану
Меншіктің экономикалық мазмұны
Қазақстанғы меншік қатынастарының дамуы
Меншіктің мәні және экономикалық мазмұны, оның тарихи нысандары
Нарықтық жүйенің сипаттамасы мен дамуы
Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне теориялық көзқарастар
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Пәндер