Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы



Кіріспе

І бөлім. Кәсіпорын өндірістің бастапқы буыны
1.1 Кәсіпкерлік қызметінің теориясы және кәсіпорынның ұйымдық
нысандары
1.2 Нарықтық тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның қызметі мен
мінез.құлқы
1.3 Шаруашылық және коммерциялық есептер кәсіпкерлік қызметінің
тәсілі ретінде

ІІ бөлім Кәсіпкерліктің әлеуметтік.экономикалық даму стратегиясы
2.1 Көп деңгейлі кәсіпкерлікті дамыту, экономикалық даму мен әлеуметтік
ахуалды жақсарту
2.2 Әлеуметтік.экономикалық саясаттағы шағын кәсіпкерліктің рөлі мен
алатын орны
2.3 Орта және ірі бизнестің кәсіпкерлік қызметі және шағын бизнестің
мазмұны, ерекшеліктері

ІІІ бөлім Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы
3.1 Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару
3.2 Қазақстанда шағын бизнестің қалыптасу мен дамуы
3.3 Қазақстанда кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдіру

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Кәсіпкерлік - новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол өнертапқыш. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Жалпы өркениетті елдердің қай-қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Себебі кәсіпкерлік халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар, қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін тигізеді.
1. «Жалпы экономикалық теория»
ав: Ө.Қ. Шеденов, Е. Н. Сағындықов, Б. А. Жүнісов, І. С. Байжомартов,
Б. И. Комягин. Ақтөбе 2004ж.
2. «Ана тілі» газеті №41 қазанның 7-сі 2004ж. 11бет.
3. «Экономикалық теория негіздері»
ав: Я. Әубәкіров, К. Нәрібаев, М. Есқалиев, Е. Жатқанбаев, Е. Байжұмаев,
С. Досқалиев, Ж. Жәшібеков.
4. «Егемен Қазақстан» 26 наурыз 2005ж.
5. «Жас Алаш» №143 30қараша 2004ж. 4 бет.
6. «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері»
ав: Ж.О. Ихданов, Ә.О. Орманбеков
7. «Қазақстан экономикасын басқару негіздері»
ав: Бердалиев.
8. «Қаржы және қаражат» 2/2001 92 бет.
9. «Ақиқат» журналы 2003ж. №6

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе

І бөлім. Кәсіпорын өндірістің бастапқы буыны
1.1 Кәсіпкерлік қызметінің теориясы және кәсіпорынның ұйымдық
нысандары
1.2 Нарықтық тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның қызметі мен
мінез-құлқы
1.3 Шаруашылық және коммерциялық есептер кәсіпкерлік қызметінің
тәсілі ретінде

ІІ бөлім Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы
2.1 Көп деңгейлі кәсіпкерлікті дамыту, экономикалық даму мен әлеуметтік
ахуалды жақсарту
2.2 Әлеуметтік-экономикалық саясаттағы шағын кәсіпкерліктің рөлі мен
алатын орны
2.3 Орта және ірі бизнестің кәсіпкерлік қызметі және шағын бизнестің
мазмұны, ерекшеліктері

ІІІ бөлім Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы
3.1 Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару
3.2 Қазақстанда шағын бизнестің қалыптасу мен дамуы
3.3 Қазақстанда кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдіру

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар
Кіріспе
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа
түрлерінен оқшауланып тұрады. Кәсіпкерлік - новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер
ол өнертапқыш. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір-
бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін
адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адамның экономикалық
қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты
жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Жалпы өркениетті елдердің қай-қайсысын алсақ та өздерінің
экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйейді.
Себебі кәсіпкерлік халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар, қосымша жұмыс
орындарының ашылуына да себебін тигізеді. Экономикасы нарықтық бағытқа бет
алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті дамыту мәселесі өзекті мәселелердің бірі
болып табылады. Өйткені нарықтық экономиканың өзі кәсіпкерлік экономика.
Елімізде нарықтық экономиканың либералдық бағыттағы қазақстандық нұсқасы
жасалды. Бай мен кедейдің арасы алшақтай бастады. Бірақ елдегі экономикалық
реформаларды басқаша жасау мүмкін емес еді. Жылдан-жылға шағын кәсіпкерлер
көбеюде. Нарықтың қатаң талабына шыдас берген шағын кәсіпорындар өміршең
болып, банкротқа ұшырамай жұмыс істеуде. Республикада Кәсіпкерлікті қолдау
мен бәсекені дамыту қоры құрылып, Президент жарлығымен 1994 жылдың сәуір
айында Кәсіпкерлікті қолдау мен бәсекені дамыту жайындағы мемлекеттік
комиссия өз қызметін бастады. Ел Президенттің Азаматтар мен заңды
тұлғалардың кәсіпкерлікпен айналысуға еріктілігі жөніндегі құқығын қорғау
туралы Жарлығының қабылдануы мемлекеттің кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне
зор маңыз бергенін дәлелдейді. Әр жылдың сәуір айында Алматыда өтетін
республика кәсіпкерлерінің жыл сайынғы форумында осы мәселеге көп көңіл
бөлінді. Мұнда кәсіпкерліктің дамуына баға беру мәселесі қаралып, оның
нәтижесінде кәсіпкерлікті дамытудағы кедергілер мен

оларды жою бағыттары қарастырылады.
Осы кәсіпкерлік туралы курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Әр бөлім
кәсіпкерлік қызметінің белгілі бір тақырыптарын ашып көрсетіп отыр.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде жалпы кәсіпкерлік ұғымы туралы,
оның түрлері және тек кәсіпорынның нарықтық тәуекел жағдайындағы мінез-
құлқы, табыстары туралы әр түрлі сұрақтар қарастырылады.
Екінші бөлімде кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық саясаттағы рөлі
орта және ірі бизнес, шағын бизнестің өзара ерекшеліктері талқыланады.
Ал үшінші бөлімде Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы, қалыптасуы және
шағын бизнесті мемлекеттік қолдауын жетілдіру мәселелері айтылған.
Курстық жұмыстың міндеті – экономикамыздың, мемлекетіміздің дамуының
қазіргі кезеңінде кәсіпкерлікті одан әрі дамыту, кәсіпкерлікті барынша
дамытуға барлық мүмкіндіктер туғызуды талап ету. Алдымызға қойған
мақсаттар, экономикамызды әрі қарай индустриялық жағынан дамыту мәселесі,
монополияның төңірегінде жүрген бизнестің бәрін кәсіпкерлікке беру,
қабылданған бағдарламалардың бәрін орындау әрі оларды аяғына дейін жеткізу
мәселесі.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы ең алдымен басқару
саласында еңбек ететін терең ойлы, ұйымдастырушылық қабілеті мол,
экономиканың даму заңдарын жақсы игерген, өз елінің ерекшеліктерін білумен
қатар, қазіргі таңдағы өркениетті елдердің өсіп өркендеуі жолдарында жан-
жақты түсінетін әрі айрықша ынтамен қызмет ететін жас мамандарға
байланысты. Сондықтан қазіргі кезеңдегі мамандар дайындаудағы күрделі
мәселелердің бірі - жоғары оқу орындарының оқу жоспарында республиканың
экономикасын басқару пәндерінің орын алуының маңызы зор. Бұл мәселе де
осында қаралады.
Сонымен қатар, бұл курстық жұмыста өтпелі кезеңдегі басқару
шараларының жүйесін қайта құру, кәсіпкерлікті басқару, шағын

кәсіпорындарды дамыту шаралары, т.б.
өзекті мәселелерді хабардар етеді.
Курстық жұмыс Бердалиев, Ә.О. Орманбеков, Ө.Қ. Шеденов, Е.Н.
Сағындықов, Я. Әубәкіров, т.б. атақты экономисттердің еңбектерін қолдану
арқылы жазылды.
Бұл жұмысты жазғандағы басты міндет – жастардың, болашақ
экономисттердің кәсіпкерлік қызметінің жалпы мазмұнын түсініп, болашақта
олардың бұл салаға үлес қосуына мүмкіндік жасау.

І бөлім. Кәсіпорын өндірістің бастапқы буыны.
1.1 Кәсіпкерлік қызметінің теориясы және кәсіпорынның
ұйымдық нысандары.
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің бастапқы
түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард
университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950жж.) мән берді.
Оның айтқан мынандай сөзін эпиграф етіп алуға болады: Кәсіпкер болу –
басқаның істегенін істемеу. Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен
кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан
Батист Сэй (1767-1832 жж.) былай деген: Кәсіпкер адамдарды өндірістік
шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам.
Кәсіпкерлік терминін алғаш рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон
(1650-1734 жж.) ендірді. Бұл ұғымға, ол нарықтық тәуекелділік жағдайында
табыс алу мақсатымен ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызады.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама
түрінде қарастыру жиі кездеседі.
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір-бірімен
баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін кез-келген
қызметтің түрі. Рас, бизнес кәсіпкерлік қызметімен тығыз байланысты.
Кәсіпкерлік – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер – ол өнертапқыш. Сондықтан да
бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан еш уақытта кәсіпкер
бола алмайды.
Экономикалық ғылымда кәсіпкерлік қабілеттілік деген ұғымда бар.
Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз - адамның бизнесте жаңалықты аша білу
қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе
бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш
қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен,

коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау
қабілеттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне
қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауға оқшауланып тұрады.
Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе
қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі.
Кәсіпкерлік – бұлда адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа
ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас
ұрады.
Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтанда экономикалық
әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер
бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет
термині қолданылады.
Қазақстан Республикасы президентінің Шаруашылық серіктесі жайлы
және Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет
шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін:
-жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;
-толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;
-жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің жауапкершілігі
шектеледі;
-коммандитті – аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлкімен және басқаның
салған салымымен);
-қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен
қосымша жауапкершілік мойына алынады;
-өндіріс және тұтыну кооперативтері;
-консорциумдар;
-акционерлік қоғамдар.
Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар. Бірінші, шаруашылықты
жүргізу құқұғына негізделсе, екіншісі-оперативті басқару құқұғына

негізделген. Шын мәнінде, мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады:
таза мемлекеттік-толық шаруашылық есеп, қазыналық-толық емес шаруашылық
есеп. Кәсіпорын (фирма)
кәсіпкерлік қызмет өндірістік звеносының негізі болып табылады. Осы жерден
бастап және ары қарай кәсіпорын мен фирма ұғымын баламалап қараймыз.
Рас, олардың бір-біріне өзара айырмашылығы бар: фирма термині жиынтық
ұғым, оған бір немесе екіншісіне кәсіпорынмен өндіріс енуі мүмкін.Әдетте,
кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процесті жатқызамыз. Қазіргі
жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік
қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда: ал барлық халық шаруашылығы
кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық тұрғыдан
дараланған. Кәсіпорынның ұйымдық түрлері алдымен меншік түрімен
айқындалмақ. Олар мынадай түрде болуы мүмкін:
-азаматтар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар;
-ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар.
Ұжымдық кәсіпорындар кооперативтік немесе акционерлік түрде болуы
мүмкін. Кооперативтік кәсіпорын ақшалайға емес, жеке тұлғаның пайлық
негіздегі мүліктік жарнасына және олардың біріккен еңбек қызметтеріне
негізделеді;
-акционерлік қоғам түрінің негізіндегі кәсіпорын, акционер меншігінің
негізінде қызмет жасайды;
-мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жалпы мемлекеттік
міндеттерді шешу үшін құрылады;
-құрылтайшылар мүлігінің қосылуы негізінде біріккен кәсіпорындар
құрылады, яғни оған шет ел заңды тұлғасы мен азаматтары да енеді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексімен, Шаруашылық қызметінің
еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы, Жеке кәсіпкерлік

қорғау мен қолдау туралы республика заңдарында кәсіпорын кез-келген меншік
түрлерінде және оның өзі құрған бірлестіктерде болу мүмкіндігі айқындалған.
Қазіргі кезде нарықтық экономикасы дамыған елдерде бірнеше
миллиондаған әртүрлі фирмалар қызмет атқаруда. Осы қаптаған көп түрлі
белгісі бойынша классификациялау қажет (қосымша-2).
Бір қолға біріккен фирмалар саны мейлінше көп. Тек ғана АҚШ-ның
өзінде олардың саны 7 млн. құрайды. Қолдағы қаржы қорының шектеулілігі
оларды бірігуге итермелейді. Сөйтіп санның салдарынан әртүрлі
серіктестіктер құрылады.

1.2 Нарықтық тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның қызметі мен
мінез-құлқы.
Нарықтық орта жағдайында және кәсіпорынның толық экономикалық,
құқықтық өзінше еркіндік алуы, оған көптеген қосымша міндеттер жүктейді.
Сөйтіп кәсіпорынның айналысатын қызметі, шеңбері кәдімгідей ұлғаяды.
Мемлекеттік экономика жағдайында негізгі буынның іс-әрекеті тек қана
өндірістік қызметпен тұйықталады. Кәсіпорын өзінің экономикалық және
әлеуметтік қызметін жалпы мемлекеттік шаруашылық механизмі арқылы жүзеге
асырады. Аралас әрі әлеуметтік-бағытталған нарықтық экономика жағдайында
мемлекет кәсіпорынға иелік құқ бере отырып, оның өз мүлкін, өндірген өнімін
және тапқан табыстарын пайдалану мен жаратуды, кәсіпорын шығындары арқылы
әлеуметтік шаралардың бір бөлігін жүктейді.
Сондықтанда барлық кәсіпорындар меншік түріне байланыссыз-ақ
экономикалық қызметті ғана емес, әлеуметтік қызметті де атқаруға міндетті.
Ендеше экономикалық қызметтің құрылымын қарастырамыз:
-өндірістік қызмет, бұл қоғамдық тұтынуды қанағаттандыру үшін қажетті
тауар мен қызмет көрсету өндірісімен байланысты;

-алынған табысты бөлу мен мақсатты қолдану қызметі, мұнда өндіріс іс-
әрекетінен алынған табыс өндірісті ұлғайтуға және ұжымды әлеуметтік
дамытуға жұмсалады;
-жаңа жағдайда кәсіпорын өндірілген өнімді өткеру қызметімен
айналысуға мәжбүр, мұнда ол нарықтық коньюктурамен, бәсекелестік орта
жағдайымен, сұраным төлем қабілеттлігімен және нарықтық ортаның басқа да
факторлармен есептесуі керек;
-жаңа жағдайда кәсіпорын иығынан мемлекеттік экономикадағы
кәсіпорында кездеспеген – кәсіпкерлік қызмет жүктеледі.
Осы қызмет бұрындары және қазіргі кезде де дәстүрлі түрде шағын
бизнеспен байланыстырылады. Қазіргі нарықтық жағдай кәсіпкерлік жайлы ескі
көзқарасты барынша жоюда.
Экономикалық әдебиеттерде бизнес саласындағы кәсіпкер жетістігін,
олардың бизнес жүргізу мүмкінддігін ашу қабілеттілігі және оны қолдану
шеберлігімен байланыстырылады. Жалпы кәсіпорын кәсіпкер ретінде мынаны
шешуі қажет:
-нарықтық тұтыныстардың құрылымын дұрыс бағалау керек және олардың
ішінен қанағаттандырылатындардың қайсысы көп эффект беретіндігін анықтау;
-өзінің меншікті табысын қалай максимилизацияласа, сатып алушылардың
пайдалылығын да солай қол жеткізу үшін ұйымдастыру керек. Ол үшін оған
ынталандыру мен мотивация құрылады.
Сондай-ақ осыдан туындайтын нарықтық экономиканың жаңа жағдайында
кәсіпорынға басқада бірнеше қызметтерді жүзеге асыруға тура келеді:
-нарықтық ортаның жағдайында кәсіпорынның бәсекелестік қабілеттілігін
қолдау;
-менеджмент жүйесін қолдана отырып, ішкі ортаны басқару қызметі;
-қазіргі маркетингтік жүйені қолданып, сыртқы нарықтық ортаны

басқару қызметі.
Осы аталған үш қызметті кәсіпорынның атқаруы оған өзінің нарықтық
ортадағы мінез-құлқының сипатын анықтауға көмектеседі.
Нарықтық экономикада кәсіпорынның қызмет жасауы үнемі айқынсыздықпен
және тәуекелмен байланысты. Сондықтанда кәсіпорын жайлы мыңдаған мінез-
құлық теорияларынан ерекше мәнге ие теориялар – ол нарықтық тәуекел
жағдайындағы кәсіпорынның мінез-құлқын қарастыратындары болып табылады.
Тәуекелдің әр түрлі анықтамалары бар. Бір жағдайда ол келешекпен
салыстырғанда анықталмағандықтан ретінде түсіндірілсе, екіншісінде - оның
дифинициялануы мүмкін болатын салдарларды қосып алады, үшіншісінде - өзінше
тәуекелді жүзеге асырушы жаңалық ретінде түсіндіріледі. Өте дәлелденген
және ыңғайлы деп мына анықтаманы айтуға болады: тәуекелділік – қоғамдық
пайдалы нәтижеге мақсаттылықпен жету үшін құқылы қауіптілікті жасау, себебі
кәдімгі және тәуекелсіздік құралдарымен қол жеткізу мүмкін емес.
Тәуекелді әртүрлі белгісіне қарай классификациялауға болады:
өндірістік, коммерциялық, қаржылық, пайыздық, несиелік.
Өндірістік тәуекел кез-келген өндірістік қызмет түрін жүзеге асырумен
байланысты түсіндіріледі. Өндірістік тәуекелдің басты себептері – межелген
өндіріс және өткеру көлемін мүмекіндігінше төмендету, материалдық яғни
басқа да шығындардың өсуі, көтеріңкі төлем мен салықтарды және т. б. төлеу.

Коммерциялық тәуекел – кәсіпкерлерге бекітілген тауар мен қызмет
көрсету процесін өткергенде туындайды. Қазіргі уақытта коммерциялық
тәуекелдің кең тараған түріне-тауардың сатып-алу бағасының өсуін, сатып-алу
көлемінің ойламаған жерден төмендеуін, айналым процесіндегі тауардың
жоғалуын, айналымдағы шығынның көтерілуін, өткеріл көлемінің

төмендеуін және т.б. жатқызуға болады.
Кәсіпкерліктегі қаржылық тәуекел заем қорларының барлық кәсіпорындағы
қаржы қорларына қатынасымен байланысты болады.
Пайыздық тәуекел – пайыз нормасының өсуіне қарай, бағалы қағаздарға
бағаның төмендеу мүмкінділігімен байланыстырылады.
Несие тәуекелінің пайда болуы заемщиктің қарызды төлемегендігімен
түсіндіріледі.
Жоғалту мөлшеріне байланысты тәуекелдің даулы облысы мен зонасын
ерекше бөліп қараймыз. Схемелық түрде қосымша-3 бейнеленген.
Жоғалту болмайтын облысты тәуекелсіздік зонасы дейміз және оған
нолдік жоғалту тән.
Облыстың жіберуге болатын тәуеклсіздік зонасы деп, сол шеңбердегі
кәсіпкерлік қызмет түрінің өзінің экономикалық мақсаттылығын сақтайды яғни
жоғалту бар, бірақ олар күткен пайдадан төмен. Жіберуге болатын зона
тәуекелділігі шекарасының жоғалту деңгейіне сай келуі және ол кәсіпкер
қызметінің есептелінген пайдасына теңбе-тең.
Сындарлы тәуелділік зонасы – бұл сондай облыс, кәсіпкерліктен күткен
түсім мөлшерінен артықтау жоғалту мүмкіндігімен сипатталады және ол шығын
мен пайда сомасын көрсетеді. Басқаша айтар болсақ, сындарлы тәуекелділік
зонасы жоғалту қауіптілігін сипатталады, сондықтанда күткен пайдадан
артықтау және кәсіпкердің іске жұмсаған барлық қаржысын жоғалтуына алып
келуі мүмкін.
Қауіп-қатерлі тәуекелдік зонасы жоғалту облысында кәсіпкердің мүлік
жағдайына сай мөлшерде жетуін байқатады. Қауіп-қатерлі тәуекелділік
кәсіпорынды күйретуге, банкроттыққа, толық құлауына алып келуге қабілетті,
оны жауып, мүлкін саттырады.
Тәуекелділікті басқару саласында білікті квалификациялы жұмыс жүргізе
отырып, оны азайтуға болады. Ол үшін - өзін-өзі сақтандыруды

қолданады, тәуекелділіктің бір бөлігін хеджирование жолымен басқа жеке
тұлғаға немесе ұйымға береді, опциондар, сақтандырулар жүргізіледі.
Тәуекелділіктің азаюына тиімді болжау мен жоспарлау, лимиттеу ықпал етеді.
Хеджирование (ағылшынның headqinq сөзі) – бұл фьючерлік іс-әрекет
жасағында тәуекелділіктен сақтандырылудың түрі. Хеджирование банктік,
биржалық, коммерциялық практикада қолданылады. Биржада ол фьючерлік
контракта ретінде жүзеге асады. Биржада хеджирование жасаған кезде іс-
әрекетке қатысушылар өзін бағаның ыңғайсыз келісімінің өзгеруінен және
басқа операциялардан сақтандыру мүмкіндігіне ие болады, сөйтіп келешекте
тауарларды алып келуді ескероеді. Хеджированиенің кең тараған түрі – жедел
валюталық іс-әрекетті жасау. Біздің елімізде хеджирование тіпті
қолданылмайды, ал әлемдік практикада ол кең тараған.
Кәсіпорындщы өзін-өзі сақтандырудың және бір түрі опциондарды шығару
болып табылады. Опцион – алдағы келісім бойынша, сонда көрсетілген жағдайға
қарай, сатып-алушының сатып алу құқығы. Опцион – мерзімі көрсетілген
қосымша тауар мөлшері, сол уақыт кезеңінде бір жағынан екінші жаққа өзінің
құқығын пайдаланатынын хабарлауы керек.

1.3 Шаруашылық және коммерциялық есептер кәсіпкерлік
қызметінің тәсілі ретінде
Нарықтық экономиканың аралас әлеуметтік-бағытталған екі секторлық
ортасы - өзіне мемлекеттік әрә мемлекеттік емес кәсіпорындарды ендіріп,
кәсіпорынның шаруашылық қызметінің екі түрін қолға алады: шаруашылық және
коммерциялық есеп.
Шаруашылық есептің принциптері.
Біріншіден, шаруашылық есептің бөлінбейтін бөлшегіне шаруашылықтың өз
бетінше жұмыс жасауы жатады. Қазақстан Республикасы

кәсіпорынға шаруашылығын өз бетінше жүргізуге құқық берілген.
Екіншіден, кәсіпорын өзін-өзі сақтау принципін жүзеге асырады.
Үшіншіден, қазіргі кезде мемлекет меншігіндегі кәсіпорын өзін-өзі
қаржыландыру принципін жүзеге асыруы қажет. Бұл мемлекеттік кәсіпорын
ұжымының басты міндеті болып саналады. Нарықтық жағдай ресурстардың
төлемділігін байқатады. Ендігі жерде ұжым өзі тұтынатын нәрсенің барлығына
да төлеуі қажет. Тек материал, энергия және ірі жабдықтарға ғана емес, енді
кәсіпорын бұрындары тегін немесе азғана төлем төлеген нәрселерге де: жұмыс
күшіне, жер, су, пайдалы қазбалар және басқада табиғи ресурстарға төлейтін
болды.
Төртіншіден, өндірістегі оңды нәтижелер үшін мемлекеттік марапаттауды
күтпей-ақ өзін-өзі марапаттау принципіне көшуде. Бұл толық шаруашылық
есептің коммерциялық жақындасуына алып келеді.
Жедел басқару құқығы арасында құрылатын қазыналық кәсіпорындар толық
емес шаруашылық есепте болады, сөйтіп тек өзі өндірген өнімді ғана өз
бетінше өткеруіне рұқсат етіледі, қалғанын мемлекет анықтайды.
Қазақстан экономикасының әкімшілдік-әміршілдік млдельден нарықтық
қатынысқа көшуі шаруашылық есеп сауалын қарастыруға жаңаша көзқарасты талап
етті. Мұндай көзқарасты қысқаша ғана былай тұжырымдайға болады: әртүрлі
меншіктегі кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметі шаруашылық есептің коммерциялық
есепке ауысуын талап етеді. Егер шаруашылық есептегі кәсіпорынның алдында
негізінен өндірістік - өткізу міндеті тұрса, коммерциялық есеп жағдайында
кәсіпорын алдындағы міндет – тек өндірістік өткізу ғана емес, сонымен қатар
қаржылық сатып-алу және маркетингтік қызмет көрсету болып табылады.
Коммерциялық есеп жағдайында кәсіпорын қызметінің құрылымы түбегейлі
түрде өзгереді, себебі тұтқынушымен қатаң тапсырыс байланысының үзілеуінен
өзінің тауар өткізу кепілдігі болмайды және

олардың басқа өндірушілер тауарына бағыт бұруы мүмкін. Демек кәсіпорын
өзінің қызметін жаңа факторды ескере отырып жоспарлауы қажет, ол бүгінгі
талаппен айтар болсақ – нарықтық тәуекел болып табылады. Коммерциялық есеп
кәсіпорын қызметінің жоспарлау мағынасын жаңалай түседі. Бұл процесс
коммерциялық емес жағдайында да бір ғана өндірістік бағытты қамтып алмай,
сондай-ақ оның негізінен төрт аспектісін: өткізу, қаржы, өндіріс және сатып
алуды да қамтиды.

ІІ бөлім. Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық даму
cтратегиясы
2.1 Көп деңгейлі кәсіпкерлікті дамыту, экономикалық даму мен
әлеуметтік ахуалды жақсарту.
Монополия мемлекеттік экономика жағдайында кәсіпкерлік қызметке құқ
тек қана мемлекетте болды. Нарықтық экономика кәсіпкерлік қызмет үшін тек
қана мемлекетке ғана емес, сонымен бірге әрбір кәсіпорынға әрбір жеке
адамға мүмкіндік ашты, бұл жағдай нарық экономикасының тұтынушылар
қажеттіліктері мен ҒТП-ке жедел түрде қарауын қамтамасыз етеді.
Кәсіпкерлік қызметті құру - өтпелі кезеңде мемлекеттің алдында тұрған
басты міндеттердің бірі. Барлық деңгейдегі кәсіпкерлік құрылым, халықты
барынша жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және халықтың өмір деңгейін
көтеруге Қазақстан Республикасының одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы
үшін қажетті. Әлеуметтік ахуалды жақсартуды қамтамасыз етуге қабілетті.
Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызмет көп нышанда болады, оларды мына
түрде бөлуге болады:
-масштабы бойынша шағын, орта және ірі кәсіпкерлік;
-кәсіпкерліктің субъектілері бойынша.
Кәсіпкерліктің субъектілері экономикалық қызметтің әртүрлі
қатысушылары – жеке тұлғалар, келісім-шарт міндеттемелерімен және де ортақ
экономикалық мүдделерімен, біріккен адамдар тобы яғни, ұжымдық кәсіпкерлік,
серіктестік, кооперативтер, акционерлік қоғамдар, холдингтер мен осы
тәріздес мемлекеттік кәсіпкерлік бола алады.
Өтпелі кезеңде кәсіпкерлік қызметтің даму кешенді және көп деңгейлі
сипат алуы керек. Себебі аталған қызмет Қазақстан Республикасының
әлеуметтік-экономикалық саясатының стратегиялық мақсаттарына жету үшін

экономикалық базис болып табылады.
Атақты неміс ғалымы, экономист Йозефа Аиза Шумппеттердің (1883-
1950жылдар) пікірі бойынша, кәсіпкерлік жаңа игілікті жасауға немесе осы не
басқа игіліктің жаңа сапасын жасауға шикізат немесе жартылай фабрикаттардың
жаңа көздерін табуға сәйкес келетін қайта құруды жүргізуге бағытталған.
Кәсіпкерлік бұл шаруашылық жүргізудің әдісі және тәуекелсіздікке өз
бетінше жұмыс істеуге негізделген экономикалық ойлаудың ерекше типі.
Еркін кәсіпкерлік – барлық деңгейдегі жаңалық, бұл мемлекеттік қолдау
мен ынталандыру қажет кәсіпкерлік негізделген бастама. Осы тәрізді
кәсіпкерлік кәдімгі күнделікті бизнестен түбірінде ұқсамайды және
әлеуметтік-экономикалық прогресс, Қазақстан Республикасын – жаңа
индустриалды мемлекетті қалыптастыруға катализаторшы болып табылады.
Кәсіпкерлік дамытудың басты сті нарық экономиғкасында бәсекелестік
ортаны құру үшін ғана емес, сонымен бірге еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын
мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып
табылады.
Атақты ағылшын ғалымы, экономисі Альфред Маршалл атап көрсеткендей,
нарық экономикасының негізгі қасиеті – кәсіпкерлік пен

процесстерді жеделдетуші.
Нарық экономикасына өтуеркін кәсіпкерлікке жол ашты, біақ барлық
мәселелерді шешкен жоқ. Оларды шешу үшін мемлекеттің үйлестіру рөлі қажет.

2.2 Әлеуметтік – экономикалық саясаттағы шағын кәсіпкерліктің
рөлі мен салатын орны.
Атап к-рсеткендей6 ХХІ ғасырдың қарсаңында Қазақстан

Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатында шағын кәсіпкерліктің
дамуына ерекше назар аударылады. Оның рөлін әлеуметтік ахуалды жақсартуда
жетекші орын алады. Бірінші кезекте осы салада халықты жұмыспен қамтамасыз
ету тезірек өседі және қоғамның тұрақтылығы үшін жағдай жасалады. Осыдан
аталған мәселеге толық талдау керек.
Батыс елдердің экономикалық әдебиетінде шағын бизнесті өсу үстіндегі
бала деп қарау орын алған. Жеке жағдайда, шағын бизнес-бұл өсу үстіндегі
бала ретінде, сондықтан ол барлық уақытта сәби бесігінде қала алмайды. Ол
үлкен мекен-жайға мұқтаж, бұл үшін ол кәсіпкерлік қызметпен бел шешіп
айналысуы қажет.
Шағын кәсіпкерлік халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ең алдымен
капитал тезірек айналатын салаларда, атап айтқанда саудада, қоғамдық
экономиканы реформалау бойынша жүргізілген жеделдетілген экономикалық
саясат бағаларды ырқына жіберуден және осымен байланысты өскелең
инфляциямен басталды, бұл пайыз өсімінің күрт өсуінен және халықтың
жинағының құнсыздануынан шағын бизнестің қаржы базасының жоюуына әкелді,
бұл өз кезегінде шағын бизнестің қалыптасуының және оның инвестициялық
қызметінің заңсыз қалуына соқтырады. Шағын кәсіпкерлік көп қатарлы
жинаулармен үлкен салықтардың астына қалды.

қызметке ынта үзілді, онсыз
нарық экономикасының қалыптасуы мүмкін емес.
Қазіргі кезде әлемдік экономиканың одан әрі даму жағдайында, ірі
компаниялардың айбынының артуы ғылыми-техникалық революцияның болуымен,
шағын және орта фирмалардың сақталуымен және дамуымен қоса жүреді. Жаңа
өнімдердің көптеген түрлерінің өндірісі атап айтқанда, шағын және орта
компаниялардың кәсіпорындарында басталады, себебі олар күн астындағы орын
үшін, тұтыныстың өзгеруіне икемді сезімтал болуға,

өндіріспен әлі қанағаттандырылмаған жаңа қажееттіліктерді іздеуге мәжбүр.
Сондықтан шағын фирмалардың бір жұмыс істеушіге есептегендегі, ғылыми-
зерттеу мен конструкторлық жұмыстарға шығындары, ірі компаниялардың осындай
шығындарынан жиі асып түсуі кездейсоқ емес.
Қазіргі уақытта шағын бизнестің рөлі нарыққа ендірілген жаңа
өнімдердің ортақ санында айтарлықтай мол.
АҚШ-тың сатып алу федералы басқармасының ақпараты бойынша, 50-інші
жылдардың ортасынан 70-інші жылдардың ортасына дейін шағын фирмалар әртүрлі
жаңалық енгізулердің жартысынан көбін енгізген. Жаңалық енгізулердің
төрттен бірі жұмыс істеушілер саны 100 адамдық фирмаларға келеді.
Шағын бизнес капитьалистік елдерде халықты жұмыспен қамтуды кеңейтуге
айтарлықтай рөлі бар. АҚШ-та соңғы 10жылда жаңа жұмыс орындарының 60%-і 20
адамнан аз жұмыскерлері бар компанияларға келеді. 80-ші жылдардың басында
жұмыссыздықтың зор өсуі жағдайында көптеген ғалымдар, экономистер мен
мемлекет қайраткерлері шағын бизнестен ірі компаниялардағы жұмыс орындары
қысқаруының орнын, толықтыруға қабілетті жаңа жұмыс орындарын құратын құрал
деп санады. Сондықтан капиталистік елдердіңғ үкіметтері тарапынан шағын
бизнеске әртүрлі көмек көрсетіледі.
Шағын және орта бизнестің болуы және де ірі компаниялардың

мүдделеріне сай келеді.
Қазір дайын өнімді жасау үшін мыңдаған әртүрлі детальдар қажет етіледі.
Олардың өндірісіне концеріндер мен келісім шарт жүйелерімен байланысқан
көптеген шағын және орташа фирмалар маманданады.
Шағын бизнес кәсіпорынды ашу ісі аз мөлшерде капитал қажет етеді.
Техникалық қызмет көрсету саласында кең өріс алады. Өте жиі жағдайда өз
ісін өндірістен шығып қалған немесе жұмыс таба алмағандар ашады.

80-ші жылдардың басында шағын кәсіпорындар иелерінің тек өз
жанұяларындағы адамдарының еңбектерін қолдануы Жапониядағы барлық жұмыспен
қамылғандардың 32%, Италияда-29%, Францияда-21%құрады.
Монополистік емес фирмалар жаңа салалар қатарында, әсіресе ақпарат
кешенінде өздерінің жағдайларын әжептәуір нығайтады. ҒТП негізінде іскер
қызметкер спектрі қалыптасқан. Осындай қызмет ресурстардың айтарлықтай
жинақталуын қажет етпейді және де шағын компания шеңберінде де табысты
жүзеге асуы мүмкін. Жеке атағанда, Германияда бағдарламаны қамтамасыз ету
саласында 3700 фирмалар жұмыс істейді, олардың көпшілігі жұмыскерлер саны
10адамнан аз компаниялардан құралған.
Демек, шағын және орта бизнестің рөлі мына көрсетілген алты
қызметтерден көрінеді.
Біріншіден, шағын өндіріс нарық коньюктурасының өзгерісіникемді
сезінеді, бұл нарық экономикасында ірі кәсіпорын алыптарпға мүмкін емес.
Екіншіден, шағын бизнес әлі іске жаратылмаған әжептәуір қаржы
қаражаттарын тиімді жұмылдырылады. Осындай бизнестің болмауынан осы
ресурстар пайдаланылмаған болар еді.
Үшіншіден, шағын бизнес бәсеке күресін қалыптастыруда айтарлықтай
үлес қосады, бұл кез-келген мемлекеттің жоғары деңгейде монополия
экономикасы жағдайында бірінші кезекте маңызды.
Төртіншіден, шағын бизнес халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуде
үлкен рөл атқарады. Өнеркәсібі дамыған елдерде оның, үлесіне

барлық жұмыспен қамтамасыз
етілгендердің 50-60% және жаңа жұмыс орындарының 70-80% келеді.
Бесіншіден, атап көрсеткендей шағын өндірістің ғылыми-техникалық
жаңалықтардың 50% келеді.
Алтыншыдан, шағын бизнестің әлеуметтік қысымды жұмсартудағы орнын
тапсырыс рөлі бар. Ауыр дағдарыс кездерінде халық осыдан жұмыс

тауып және өздерінің қабілеттерін жүзеге асыра алады.
Өтпелі экономикада жаңа өркен жайған кәсіпкерлікті дамыту және қолдау
үшін мынадай жағдайлар қажет:
-еркін бәсекені құру негізі ретінде шағын кәсіпкерлікті дамытудың
кешенді мемлекеттік ғылыми негізделген бағдарламаларын жасау;
-оның дамуы мен қаржылық жеңілдіктер үшін қаржы базасын қалыптастыру
жеңілдетілкен несиелер, жеңілдетілген салықтар, ақысыз сипатты жәрдем
ақшалар;
-бағдарламада ғылыми-техникалықпрогрестің басымдық бағыттарында шағын
кәсіпкерліктің орны ерекше анықталуы керек;
-шағын бизнесті ұйымдастыруда, елдің әртүрлі аймақтарында шағын
кәсіпорындардың арнайы орталықтары басты рөлде болуы керек;
-ірі және шағын бизнес ынтымақтастығының жүйесі негізінде, әсірее
сауда мен қызметтер саласында шағын бизнесті дамыту мақсатында ірі
кәсіпорындардың ресрстарын тарту.

2.3 Орта және ірі бизнестің кәсіпкерлік қызметі және шағын
бизнестің мазмұны, ерекшеліктері.
Өтпелі экономикада шағын және ірі кәсіпкерліктің дамуы көп деңгейде
мемлекет меншігін жекешелендірумен байланысты, себебі жоспарлы экономикада
барлық орта және ірі кәсіпорындар мемлекет меншігінде болды және тек
жекешелендіру оларды дербес және тәуелсіз етеді. Өтпелі экономикада орта
және ірі кәсіпкерліктің жұмыс істеуіең қиын және ең өткір
мәселе болып қалады, себебі оның өркен жаюы қоғамдық сананың стериотиптерін
жоюмен тікелей байланысты.Барлық мемлекеттік кәсіпорындар 1985 жылдан,
қайта құрудың басталу жылынан бастап, толық шаруашылық есепте болды, яғни
өзін-өзі басқару мен өзін-өзі қаржыландыруда, бірақ, тек жоспардың
орындалуы үшін күреғсті, өнімді

өткізу мен өзінің сатып алушысын табу мәселелері берілген кәсіпорындар
қамқорлығына кірмеді.
Осындай құнды бағдарлар бірнеше ұрпақтар өмірлері бойыно қалыптасқан
бір сағатта өзгере алған жоқ және нарықтық сипаттағы түсінік пен
құндылықтар қалыптаса алған жоқ.
Кәсіпкерлік психологиясы тек бір уақытта нарық қатынастарының
құрылуымен қалыптасады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсіпкерлікті талдау
Кәсіпкерлік және оның Қазақстанда даму ерекшеліктері
Кәсіпорындағы кәсіпкерліктің атқаратын қызметтерінің мәнін ашу
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік жүйесінің қалыптасуы
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері, мәселелері
Қазақстан Республикасында шағын бизнестің қалыптасуы және дамуы
Кәсіпкерлік әрекеттің Қазақстанда даму ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің дамуы ТУРАЛЫ
Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу
Шағын және орта бизнестің инновациялық әлеуеті
Пәндер