Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік



Кіріспе 3
I бөлім. Кәсіпорын өндірістің бастапқы буыны
1.1. Кәсіпкерлік қызметінің теориясы және кәсіпорынның ұйымдық нысандары 6
II бөлім Кәсіпкерліктің әлеуметтік . экономикалық даму стратегиясы
2.1. Көп деңгейлі кәсіпкерлікті дамыту, экономикалық даму мен әлеуметтік ахуалды жақсарты 9
2.2. Әлеуметтік . экономикалық саясаттығы шағын кәсіпкерліктің ролі мен алатын орны 10
III бөлім Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы
3.1. Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару 14
3.2. Қазақстанда шағын бизнестің қалыптасу мен дамуы 17
3.3. Қазақстанда кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдіру 20
Қорытынды 25
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 28
Қосымшалар 29
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Кәсіпкерлік – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол өнертапқыш . Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір-бірмен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
1.Жалпы экономикалық теория
Ө.Қ.Шеденов,Е.Н.Сағындықов,Б.А.Жүнісов, І,С.Байжомартов, Б.И.Комягин. Ақтөбе 2004жыл.
2. «Ана тілі»газеті №41 қазанның 7-сі 2004 ж.11 бет.
3. «Экономикалық теория негіздері»
Я.Әубәкіров,К.Нәрібаев,М.Есқалиев,Е.Жатқанбаев,Е.Байжомаев, С.Досқалиев,Ж.Жәшібеков
4. «Егемен Қазақстан» 26 наурыз 2005 жыл
5. «Жас Алаш» №143 30 қараша 2004ж 4бет
6. «экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері» Ж.О.Ихданов,Ә.О.Орманбеков
7. «Қазақстан экономикасын басқару негіздері» Бердалиев
8. «Қаржы және қаражат» 2\2001 92 бет
9. «Ақиқат» журналы 2003ж.№6

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
3
I бөлім. Кәсіпорын өндірістің бастапқы буыны
1.1. Кәсіпкерлік қызметінің теориясы және кәсіпорынның ұйымдық нысандары

6
II бөлім Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық даму стратегиясы
2.1. Көп деңгейлі кәсіпкерлікті дамыту, экономикалық даму мен әлеуметтік
ахуалды жақсарты
9
2.2. Әлеуметтік – экономикалық саясаттығы шағын кәсіпкерліктің ролі мен
алатын орны
10
III бөлім Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы
3.1. Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару
14
3.2. Қазақстанда шағын бизнестің қалыптасу мен дамуы 17
3.3. Қазақстанда кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдіру 20
Қорытынды
25
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
28
Қосымшалар
29

Кіріспе
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше және ол еңбектің басқа түрлерінен
оқшауланып тұрады. Кәсіпкерлік – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол
өнертапқыш . Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір-
бірмен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін
адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адамның экономикалық
қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты
жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Жалпы өркениетті елдердің қай-қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық
және әлеуметтік мәселелерін шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйеді. Себебі
кәсіпкерлік халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар,қосымша жұмыс орындарының
ашылуына да себебін тигізеді. Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған
Қазақстан үшін кәсіпкерлікті дамыту мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып
табылады.Өйткені нарықтық экономиканың өзі кәсіпкерлік экономика.Елімізде
нарықтық экономиканың либералдық бағыттағы қазақстандық нұсқасы
жасалды.Жылдан-жылға шағын кәсіпкерлер көбеюде. Нарықтың қатаң талабына
шыдас берген шағын кәсіпорындар өміршең болып,банкротқа ұшырамай жұмыс
істеуде.Республикада “Кәсіпкерлікті қолдау мен бәсекені дамыту”қоры
құрылып,Президент жарлығымен 1994 жылдың сәуір айында “Кәсіпкерлікті қолдау
мен бәсекені дамыту жайындағы” мемлекеттік комиссия өз қызметін бастады.Ел
Президенттің “Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлікпен айналысуға
еріктілігі жөніндегі құқығын қорғау туралы” Жарлығының қабылдануы
мемлекеттің кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне зор маңыз бергенін
дәлелдейді.Әр жылдың сәуір айында Алматыда өтетін республика
кәсіпкерлерінің жыл сайынғы форумында осы мәселеге көп көңіл бөлінді.Мұнда
кәсіпкерліктің дамуына баға беру мәселесі қаралып,оның нәтижесінде
кәсіпкерлікті дамытудағы кедергілер мен оларды жою бағыттары қарастырылады.
Осы кәсіпкерлік туралы курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады.Әр бөлім
кәсіпкерлік қызметінің белгілі бір тақырыптарын ашып көрсетіп отыр.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде жалпы кәсіпкерлік ұғымы
туралы,оның түрлері және тек кәсіпорынның нарықтық тәуекел жағдайындағы
мінез-құлқы,табыстары туралы әр түрлі сұрақтар қарастырылады.
Екінші бөлімде кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық саясаттағы
рөлі шағын және орта бизнес,шағын бизнестің өзара ерекшеліктері
талқыланады.
Ал, үшінші бөлімде Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы, қалыптасуы
және шағын бизнесті мемлекеттік қолдауын жетілдіру мәселелері айтылған.
Курстық жұмыстың міндеті-экономикамыздың,мемлекетімі здің дамуының
қазіргі кезеңінде кәсіпкерлікті одан әрі дамыту,кәсіпкерлікті одан әрі
дамыту,кәсіпкерлікті барынша дамытуға барлық мүмкіндіктер туғызуды талап
ету.Алдымызға қойған мақсаттар,экономикамызды одан әрі қарай индустриялық
жағынан дамыту мәселесі,монополияның төңірегінде жүрген бизнестің бәрін
кәсіпкерлікке беру,қабылданған бағдарламалардың бәрін орындау әрі оларды
аяғына дейін жеткізу мәселесі.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы ең алдымен басқару
саласында еңбек ететін терең ойлы,ұйымдастырушылық қабілеті
мол,экономиканың даму заңдарын жақсы игерген, өз елінің ерекшеліктерін
білумен қатар,қазіргі таңдағы өркениетті елдердің өсіп өркендеуі жолдарында
жан-жақты түсінетін әрі айрықша ынтамен қызмет ететін жас мамандарға
байланысты.Сондықтан қазіргі кезеңдегі мамандар дайындаудағы күрделі
мәселелердің бірі –жоғары оқу орындарының оқу жоспарында республиканың
экономикасын басқару пәндерінің орын алуыныңмаңызы зор.Бұл мәселе де осында
қаралады.
Сонымен қатар,бұл курстық жұмыста өтпелі кезеңдегі басқару
шараларының жүйесін қайта құру,кәсіпкерлікті басқару,шағын кәсіпорындарды
дамыту шаралары,т.б.өзекті мәселелерді хабардар етеді.
Курстық жұмыс Бердалиев,Ә.О Орманбеков,Ө.Қ Шеденов,Е.Н Сағындықов,Я
Әубәкіров,т.б.атақты экономисттердің еңбектерін қолдану арқылы жазылды.
Бұл жұмысты жазғандағы басты мақсат –жастардың,болашақ
экономисттердің кәсіпкерлік қызметінің жалпы мазмұнын түсініп,болашақта
олардың бұл салаға үлес қосуына мүмкіндік жасау.

I бөлім.Кәсіпорын өндірістің бастапқы буыны.
1.1 Кәсіпкерлік қызметінің теориясы және кәсіпорынның ұйымдық
нысандары.
Кәсіпкерлік-адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің
бастапқы түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс
экономисті Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-
1950жж.)мән берді.Оның айтқан мынадай сөзін эпиграфетіп алуға
болады:”Кәсіпкер болу –басқаның істегенін істемеу”.Екінші жағынан
кәсіпкерлер –алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар.Ол туралы француз
экономисі Жан Батист Сэй(1767-1832жж.)былай деген:”Кәсіпкер адамдарды
өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам”.
Кәсіпкерлік терминін алғаш рет ағылшын экономисі Ричард
Кантильон(1650-1734жж)ендірді.Бұл ұғымға,ол нарықтық тәуекелділік
жағдайында табыс алу мақсатымен ұйымдастырылудағы адам белсенділігін
жатқызады.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама
түрінде қарастыру жиі кездеседі.
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен,оларды бір-бірімен
баламалап,теңестіріпқарауға болмайды.Бизнес-табыс әкелетін кез-келген
қызметтің түрі.Рас,бизнес кәсіпкерлік қызметімен тығыз
байланысты.Кәсіпкерлік-новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер –ол өнертапқыш.
Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар,осы көзқарас тұрғысынан еш
уақытта кәсіпкер бола алмайды.
Экономикалық ғылымда кәсіпкерлік қабілеттілікдеген да ұғым
бар.Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз –адамның бизнесте жаңалықты аша білу
қабілеттілігі,бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе
бермейді.Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі
кездесе қоймайды. Демек, бизнес- бұл табыс әкелетін адамның экономикалық
қызметі.Кәсіпкерлік бұл да адамның экономикалық қызметі,бірақ бұл қызметті
жаңа ізденіскебағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас
ұрады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Шаруашылық серіктесі
туралыжәне Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет
шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін:
*жай,ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;
*толық,барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;
*жауапкершілігі шектелген ,салынған салым құны шеңберінің
жауапкершілігі шектеледі;
*коммандитті-аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлкіменжәне
басқаның салған салымымен);
*қосымша жауапкершілікпен,өзінің салымдарымен және оған жататын
мүлікпен қосымша жауапкершілік мойнына алынады;өндіріс және тұтыну
кооперативтері;
*консорциумдар;
*акционерлік қрғамдар.
*Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар.
Бірінші,шаруашылықты жүргізу құқығына негізделсе,екіншісі –оперативті
басқару құқығына негізделген.Шын мәнінде,мұнда шаруашылық есептің екі түрі
қолданылады:таза мемлекеттік-толық шаруашылық есеп,қазыналық-толық емес
есеп.Кәсіпорын(фирма) кәсіпкерлік қызмет өндірістік звеносының негізі болып
табылады. Осы жерден бастап және әрі қарай кәсіпорынмен фирма ұғымын
баламалап қараймыз.Рас,олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы бар:
фирматермині жиынтық ұғым,оған бір немесе екі кәсіпорын мен өндіріс енуі
мүмкін.Әдетте,кәсіпорынға біржақты ,бір өнімді өндіретін процесті
жатқызамыз.Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын
өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда:ал барлық
халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық,экономикалық және құқықтық
тұрғыдан дараланған.
Кәсіпорынның ұйымдық түрлері алдымен меншік түрімен айқындалмақ.Олар
мынадай түрде болуы мүмкін:
*азаматтар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар;
*ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар.
Ұжымдық кәсіпорындар кооперативтік немесе акционерлік түрде болуы
мүмкін. Кооперативтік кәсіпорын ақшалай емес, жеке тұлғаның пайдалық
негіздегі мүліктік жарнасына және олардың біріккен еңбек қызметтеріне
негізделеді;
*акционерлік қоғам түрінің негізіндегі кәсіпорын,акционер
меншігінің негізінде қызмет жасайды;
*мемлекеттік және қазыналықкәсіпорындар жалпы мемлекеттік
міндеттерді шешу үшін құрылады;
*құрылтайшылар мүлкінің қосылуы негізінде біріккен кәсіпорындар
құрылады,яғни оған шет ел заңды тұлғасы мен азаматтары да енеді.
Қазіргі кезде нарықтық экономикасы дамыған елдерде бірнеше
миллиондаған әртүрлі фирмалар қызмет атқаруда.Осы қаптаған көп түрлі
белгісі бойынша классификациялау қажет (қосымша-2).
Бір қолға біріккен фирмалар саны мейлінше көп.Тек қана АҚШ-тың
өзінде олардың саны 7 млн құрайды.Қолдағы қаржы қорының шектеулілігі оларды
бірігуге итермелейді. Сөйтіп санның салдарынан әртүрлі серіктестіктер
құрылады.

II бөлім. Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық даму стратегиясы.
2.1. Көп деңгейлі кәсіпкерлікті дамыту, экономикалық даму мен әлеуметтік
ахуалды жақсарту.
Монополия мемлекеттік экономика жағдайында кәсіпкерлік қызметке құқық
тек мемлекетте болады.Нарықтық экономика кәсіпкерлік қызмет үшін тек қана
мемлекетке ғана емес,сонымен бірге әрбір кәсіпорынға,әрбіржеке адамға
мүмкіндік ашты,бұл жағдай нарықтық экономиканың тұтынушылар қажеттіліктері
мен ҒТП-ке жедел түрде қарауын қамтамасыз етеді.
Кәсіпкерлік қызметті құру-өтпелі кезеңде мемлекеттің алдында тұрған
басты міндеттердің бірі.Барлық деңгейдегі кәсіпкерлік құрылым,халықты
барынша жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және халықтың өмір деңгейін
көтеруге Қазақстан Республикасының одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы
үшін қажетті. Әлеуметтік ахуалды жақсартуды қамтамасыз етуге қабілетті.
Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызмет көп нышанда болады,оларды мына
түрде бөлуге болады:
*масштабы бойынша шағын,орта және ірі кәсіпкерлік;
*кәсіпкерліктің субъектілері бойынша.
Кәсіпкерліктің субъектілері экономикалық қызметтің әртүрлі
қатысушылары-жеке тұлғалар,келісім-шарт міндеттемелерімен және де ортақ
экономикалық мүдделерімен,біріккен адамдар тобы яғни,ұжымдық
кәсіпкерлік,серіктестік,кооперативт ер,акционерлік қоғамдар,холдингтер мен
осы тәріздес мемлекеттік кәсіпкерлік бола алады.
Атақты неміс ғалымы,экономист Йозефа Аиза Шумпетердің (1883-
1950жж)пікірі бойынша,кәсіпкерлік жаңа игілікті жасауға немесе осы не басқа
игіліктің жаңа сапасын жасауға шикізат немесе жартылай фабрикаттардың жаңа
көздерін табуға сәйкес келетін қайта құруды жүргізуге бағытталған.
Еркін бәсекелестік-барлық деңгейдегі жаңалық,бұл мемлекеттік
қолдау мен ынталандыру қажет кәсіпкерлік негізделген бастама.Осы тәрізді
кәсіпкерлік кәдімгі күнделікті бизнестен түбірінде ұқсамайды және
әлеуметтік-экономикалық прогрес,Қазақстан Республикасын –жаңа индустриалды
мемлекетті қалыптастыруға катализаторшы болып келеді.
Нарықтық экономикаға өту еркін кәсіпкерлікке жол ашты,бірақ
барлық мәселелерді шешкен жоқ. Оларды шешу үшін мемлекеттің үйлестірушілік
рөлі қажет.

2.2 Әлеуметтік-экономикалық саясаттағы шағын кәсіпкерліктің рөлі
мен алатын орны
Атап көрсеткендей XXI ғасырдың қарсаңында Қазақстан
Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатында шағын кәсіпкерліктің
дамуына ерекше назар аударылады.Бірінші кезекте осы салада халықты жұмыспен
қамтамасыз ету тезірек өседі және қоғамның тұрақтылығы үшін жағдай
жасалады.Осы аталған мәселеге толық талдау керек.
Шағын кәсіпкерлік халықаралық тәжірибе көрсеткендей,ең алдымен
капитал тезірек айналатын салаларда,атап айтқанда саудада,қоғамдық
экономиканы реформалау бойынша жүргізілген жеделдетілген экономикалық
саясат бағаларды ырқына жіберуден және осымен байланысты өскелең
инфляциямен басталды,бұл пайыз өсімінің күрт өсуінен және халықтың
жинағының құнсыздануынан шағын бизнестің қаржы базасының жойылуына
әкелді,бұл өз кезегінде шағын бизнестің қалыптасуының және оның
инвестициялық қызметінің заңсыз қалуына соқтырады.Шағын кәсіпкерлік көп
қатарлы жинаулар мен үлкен салықтардың астында қалды.
Қазіргі кезде әлемдік экономиканың одан әрі даму жағдайында,ірі
компаниялардың айбыныныңартуы Ғылыми-техникалық революцияның болуымен,шағын
және орта фирмалардың сақталуымен және дамуымен қоса жүреді.Жаңа өнімдердің
көптеген түрлерінің өндірісі атап айтқанда, шағын және орта компаниялардың
кәсіпорындарында басталады,себебі олар күн астындағы орын үшін,тұтыныстың
өзгеруіне икемді сезімтал болуға,өндіріспен әлі қанағаттандырылмаған жаңа
қажеттіліктерді іздеуге мәжбүр.Сондықтан шағын фирмалардың бір жұмыс
істеушіге есептегендегі,ғылыми зерттеу мен конструкторлық жұмыстарға
шығындары,ірі компаниялардың осындай шығындарынан жиі асып түсуі кездейсоқ
емес.
Қазіргі уақытта шағын бизнестің рөлі нарыққа ендірілген жаңа
өнімдердің ортақ санында айтарлықтай мол.АҚШ-тың сатып алу федералды
басқармасының ақпараты бойынша,50-ші жылдардың ортасынан 70-шіжылдардың
ортасына дейін шағын фирмалар әртүрлі жаңалық енгізулердің жартысынан көбін
енгізген.Жаңалық енгізулердің төрттен бірі жұмыс істеушілер саны 100
адамдық фирмаларға келеді.
Шағын бизнес капиталисттік елдерде халықты жұмыспен
қамтудыкеңейтуге айтарлықтай рөлі бар.АҚШ-та соңғы 10 жылда жаңа жұмыс
орындарының 60%-і 20 адамнан аз жұмыскерлерібар компанияларға келеді.80-ші
жылдардың басында жұмыссыздықтың зор өсуі жағдайында көптеген
ғалымдар,экономисттер мен қоғам қайраткерлері шағын бизнестен ірі
компаниялардағыжұмыс орындарының қысқаруының орнын,толықтыруға қабілетті
жаңа жұмыс орындарын құратын құрал деп санады.Сондықтан капиталисттік
елдердің үкіметтері тарапынан шағын бизнеске әртүрлі көмек көрсетіледі.
Шағын және орта бизнестің болуы және де ірі компаниялардың
мүдделеріне сай келеді.Қазір дайын өнімді жасау үшін мыңдаған әртүрлі
детальдар қажет етіледі.Олардың өндірісіне концерндер мен келісім шарт
жүйелерімен байланысқан көптеген шағын және орташа фирмалар маманданады.
Шағын бизнес кәсіпорынды ашу ісі аз мөлшерде капитал қажет
етеді.Техникалық қызмет көрсету саласында кең өріс алады.Өте жиі жағдайда
өз ісін өндірістен шығып қалған немесе жұмыс таба алмағандар ашады.80-ші
жылдарбасында шағын кәсіпорындар иелерінің тек өз жанұяларындағы
адамдарының еңбектерін қолдануы Жапониядағы барлық жұмыспен қамтылғандардың
32%,Италияда-29%, Францияда-21%құрады.
Монопалисттік емес фирмалар жаңа салалар қатарында,әсіресе ақпарат
кешенінде өздерінің жағдайларын әжептәуір нығайтады.ҒТП негізінде іскер
қызметкер спектрі қалыптасқан.Осындай қызмет ресурстардыңайтарлықтай
жинақталуын қажет етпейді және де шағын компания шеңберінде де табысты
жүзеге асуы мүмкін. Жеке атағанда,Германияда бағдарламаны қамтамасыз ету
саласында3700фирмалар жұмыс істейді,олардың көпшілігі жұмыскерлер саны 10
адамнан аз компаниялардан құралған.
Демек,шағын және орта бизнестің рөлі мына көрсетілген алты
қызметтерден көрінеді.
Біріншіден,шағын өндіріс нарық конъюктурасының өзгерісін икемді
сезінеді,бұл нарық экономикасында ірі кәсіпорын алыптарға мүмкін емес.
Екіншіден,шағын бизнес әлі іске жаратылмаған әжептәуір қаржы
қаражаттарын тиімді жұмылдырады.Осындай бизнестің болмауынан осы ресурстар
пайдаланылмаған болар еді.
Үшіншіден,шағын бизнес бәсеке күресін қалыптастыруда айтарлықтай
үлес қосады,бұл кез-келген мемлекеттің жоғары деңгейде монополия
экономикасы жағдайында бірінші кезекте маңызды.
Төртіншіден,шағын бизнес халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуде
үлкен рөль атқарады.Өнеркәсібі дамыған елдерде оның,үлесіне барлық жұмыспен
қамтамасыз етілгендердің 50-60%және жаңа жұмыс орындарының 70-80%келеді.
Бесіншіден,атап көрсеткендей шағын өндірістің ғылыми-техникалық
жаңалықтардың 50%келеді.
Алтыншыдан,шағын бизнестің әлеуметтік қысымды жұмсартудағы орнын
тапсырыс рөлі бар. Ауыр дағдарыс кездерінде халық осыдан жұмыс тауып және
өздерінің қабілеттерін жүзеге асыра алады.
Өтпелі экономикада жаңа өркен жайған кәсіпкерлікті дамыту және
қолдау үшін мыннадай жағдайлар қажет:
*еркін бәсекені құру негізгі ретінде шағын кәсіпкерлікті дамытудың
кешенді мемлекеттік ғылыми негізделген бағдарламаларын жасау;
*оның дамуы мен қаржылық жеңілдіктер үшін қаржы базасын
қалыптастыру жеңілдетілген несиелер,жеңілдетілген салықтар,ақысыз сипатты
жәрдем ақшалар;
*бағдарламада ғылыми-техникалық прогрестің басымдық бағыттарында
шағын кәсіпкерліктің орны ерекше анықталуы қажет;
*шағын бизнесті ұйымдастыруда,елдің әртүрлі аймақтарында шағын
кәсіпорындардың арнайы орталықтары басты рөлде болуы керек;
*ірі және шағын бизнес ынтымақтастығының жүйесі негізінде,әсіресе
сауда мен қызметтер саласында шағын бизнесті дамыту мақсатында ірі
кәсіпорындардың ресурстарын тарту.

III бөлім.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы
3.1 Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару

Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерліктің
даму мәселесі-өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені,нарықтық
экономиканың өзі –кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту –нарықтық
экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан ,кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген
мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын
дәлелдейді.
ҚР Конституциясында былай деп жазылған: Әркімнің кәсіпкерлік
қызмет еркіндігіне,өз мүлкін кез-келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін
пайдалануға құқығы бар,бәрімізге мәлім,өндірістің ресурстар болып
табылады.Нарықтық экономика кезінде осы факторлардың жұмыс істеп,қозғалысқа
түсуіне әсер ететін нақты күш бар.Олар:іскерлік,басқару және өз
мүмкіндіктерін белгілі бір мақсатта жетістікке қол жеткізуге пайдалана білу
икемділігі.
Жалпы өркениетті елдердің қай-қайсысын алсақ та өздерінің
экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде кәсіпкерлікке арқа
сүйейді.Себебі кәсіпкерлік халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар,қосымша
жұмыс орындарының ашынуына да себебін тигізеді.Кәсіпкерліктің осындай және
басқа да экономикалық және әлеуметтік функциялары оны дамыту мәселесін
маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы
реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді.Техникалық
прогресс,тұтынушы сұранысын толық қанағаттандыру кәсіпкерліктің
тиімділігіне байланысты болады.
Кәсіпкерліктің түрлі формаларының өзара тиімді ынтымақтастық
құруы келешегі зор бағыт.Шағын кәсіпорындар ғылыми техникалық жетістіктерді
қабылдауға көрсету құқығы үшін өзара бәсекеге барады, мұның өзі олардың
тұрақты табыстарына кепілдік береді. Олар ірі кәсіпорындардың орнықтылығы
және өндірістік диверсификациясын қамтамасыз етіп,монополистік бағытқа
қарсы әрекет етеді.Кәсіпкерлік нарықта
консалтингтік,брокерлік,маклерлік,д елдалдық,жарнама,қолданбалы зерттеу
жұмыстары бойынша қызмет көрсетумен қамтамасыз етіліп,белсенді рөл
атқарады.Кәсіпкерлер өздерінің күштері мен қаржыларын біріктіріп,жалғыз
бастылықтан ұжымдық іскерлікке өтуге бейім тұрады.Бұл жағдайда ортақ бір
тұтас кәсіпорын құрамында жекелеген кәсіпкер өз мүлкіне жекеменшігін
сақтайды. Дегенмен де серіктестерде,кооперативтерде оның құрылтайшылары мен
қатысушылары құрал-жабдық және басқа да мүлікті толық немесе ішінара
біріктіреді.Жеке кәсіпкерліктің бұл мүмкіндігін бизнесті дамытушы
күш,маңызды фактор болып есептелуімен қатар,ұжымдық бизнестің көптеген
формалары капиталдың қосылуы,ортақ меншіктің құрылуы,осы бірігудің барлық
мүлкіне жауап беретін заңды тұлға жасаумен байланысты.Кәсіпкерлікті дамыту
кез-келген деңгейдегі басқаруды жетілдіру үшін қажет.Кәсіпкерлікті дамыту
мынадай сұраққа жауап іздеуі керек:
Геосаясаттық өзгерістер іскерлік белсенділікке қандай әсер тигізеді?
Кез-келген экономиканың бүгіні мен болашағында стратегиялық
көзқарассызешқандай даму болмайды. Кәсіпкерлік мәселелері бүкіл іскерлік
әлемді толқытып отыр.
Бизнес-бұладамдарды,яғни тұтынушыларды өз қаржысын сізге беруге
ынталандыратын өнер.Бұл өнер коммерция заңдарына,кәсіпкерлердің үлкен
еңбегі мен тәжірибесіне негізделеді.Кәсіпкерлік өндірістің,нарықтың және
бүкіл қоғамның дамуына ықпал етеді.
Сонымен,нарықтық экономика жағдаында кәсіпкерлік-шаруашылық
қызметінің маңызды түрі.Оның рөлін Адам Смит былай деп бағалаған болатын:
Кәсіпкер өз мүддесін өзі үшін ұтымдылық жағдайды көздейді дей
тұрғанымен,ол қоғам мүддесіне қызмет етеді. Бұл жағдайға қарап,біз
кәсіпкерліктің ерекше бір философиясы бар екенін айтуымызға
болады.Кәсіпкерлік философиясы өндіріс пен қоғамның дамуының әсерінен
өзгеріп тұрады.Ал кәсіпкерлік философиясының негізі тұрақты болып
келеді.Себебі қоғамдық өмір мен адамдардың қатынастары өзгеріп тұрады,ал
нарықтық орта мен заңдар өзгеріссіз.
Кәсіпкер әрқашанда анықталмаған жағдайда қызмет жасайды.Әр нәрсе,әр
тенденция мәңгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің азаматтық құқықтық реттелуі
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
Ұсақ бизнес
Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу
Шағын кәсіпкерлікті талдау
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті дамыту
Кәсіпорындағы кәсіпкерліктің атқаратын қызметтерінің мәнін ашу
Кәсіпкерлік кызметтің түрлері,классификациясы, мемлекеттік реттелуі Қазақстан Республикасында құрылуы
Қазақстан Республикасындағы кіші бизнестің даму тенденциясы және оны қаржылық - несиелік қолдау механизмін талдау
Пәндер