Қазақстандағы күнкөріс минимумын, ең төмен еңбекақыны талдау



Жалақының мәні
Жалақының негізгі нысандары
Күнкөріс минимумы
Ең төмен еңбекақыны талдау
Күнкөріс минимумы көлемін есептеу әдістемесі
Күнкөріс минимумы көрсеткіштерінің жүйесі
Жалақының мәні. Осы мәселеге байланысты экономикалық теорияда екі тұжырымдама бар:
1. Жалақы еңбек бағасы (еңбек пен жұмыс күшінің айырмашылығы ескерілмейді), оның дәрежесі мен динамикасы нарықтық факторлар – сұраныс және ұсыныспен анықталады.
2. Жалақы жұмыс күші – тауардың құнының ақшалай көрінісі (бағасы), еңбектің бағасы емес, өйткені еңбек тауар бола алмайды, жалақы өндіріс жағдайымен де (жұмыс күшінің құны), нарықтық факторлар сұраныс, ұсыныспен де анықталады, олардың ауытқуы жалақының жұмыс күші құнынан бірде жоғары, бірде төмен болатындығын көрсетеді.
Жалақының екі тұжырымдамасы да ағылшынның саяси экономиясының классиктері Адам Смит пен Девид Рикардоның теорияларына негізделген. А.Смит еңбек пен жұмыс күші арасындағы айырмашылықты ашып көрсеткен емес. Оның пайымдауынша, еңбек табиғи бағасы бар (немесе “табиғи жалақы”) “тауар” деп саналады. Ал, табиғи баға өндірісшығындарымен анықталады, яғни жұмысшының және оның отбасының тіршілігіне қажетті құнмен есептеледі.
Номиналды және нақты жалақыны ажырата білу керек. Номиналды жалақы ақшаға шығарып берілетін жалақы, оны жалдамалы қызметкер күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алады.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қазақстандағы күнкөріс минимумын, ең төмен еңбекақыны
талдау

Пәні: Картографо – геодезиялық өндірістегі экономика және оны
ұйымдастыру

Тексерген: Нуралина
К.Т

Орындаған: Мұхамедиярова Т.Д.
Тобы: ГК-213

Семей
2015

Жалақының мәні. Осы мәселеге байланысты экономикалық теорияда екі
тұжырымдама бар: 
1. Жалақы еңбек бағасы (еңбек пен жұмыс күшінің айырмашылығы
ескерілмейді), оның дәрежесі мен динамикасы нарықтық факторлар – сұраныс
және ұсыныспен анықталады. 
2. Жалақы жұмыс күші – тауардың құнының ақшалай көрінісі (бағасы),
еңбектің бағасы емес, өйткені еңбек тауар бола алмайды, жалақы өндіріс
жағдайымен де (жұмыс күшінің құны), нарықтық факторлар сұраныс, ұсыныспен
де анықталады, олардың ауытқуы жалақының жұмыс күші құнынан бірде жоғары,
бірде төмен болатындығын көрсетеді.
Жалақының екі тұжырымдамасы да ағылшынның саяси экономиясының
классиктері Адам Смит пен Девид Рикардоның теорияларына негізделген. А.Смит
еңбек пен жұмыс күші арасындағы айырмашылықты ашып көрсеткен емес. Оның
пайымдауынша, еңбек табиғи бағасы бар (немесе “табиғи жалақы”) “тауар” деп
саналады. Ал, табиғи баға өндірісшығындарымен анықталады, яғни жұмысшының
және оның отбасының тіршілігіне қажетті құнмен есептеледі.
Номиналды және нақты жалақыны ажырата білу керек. Номиналды жалақы ақшаға
шығарып берілетін жалақы, оны жалдамалы қызметкер күндік, апталық, айлық
еңбегі үшін алады. Номиналды жалақының мөлшеріне қарай жалақы дәрежесі
туралы түсінік алуға болады, алайда ол тұтыну мен халық тұрмысының
дәрежесін толық сипаттай алмайды. Ол үшін нақты жалақыны білу қажет. Нақты
жалақы жұмысшының күнелтуіне қажетті заттарға шағылған жалақысы, яғни
жұмысшының тапқан ақшасына өзі үшін және отбасы үшін қанша және қандай
күнкөріс заттарын сатып алуға болатынын көрсетеді. Нақты жалақының дәрежесі
тікелей номиналды жалақыға және тұтыну заттары мен қызмет көрсету бағасына
тәуелді. 
Жалақының негізгі нысандары. Жалақы негізгі екі нысанда мерзімді және
келісімді түрде орын алады. Мерзімді жалақы өндірістегі еңбек шығынының
ұзақтығымен анықталады, сондықтан ол күндік апталық және айлық ақы болып
бөлінеді. Жұмыс күнінің ұзақтығы мен еңбек қарқындылығы әр қилы болғанда,
нақты еңбек ақы төлеу де әр қилы болады. Бірдей мерзім үшін жалақы алатын
жұмысшылардың еңбек ақы дәрежесін салыстыру үшін “еңбек бағасын”, яғни бір
сағаттық еңбек ақысын анықтау қажет. Жалақының мерзімдік, нысаны кәсіпкерге
жұмыс күнінің ұзақтығы мен еңбек қарқындылығын белгілеу мүмкіндігіне ие
болады. Кесімді жалақыда жұмысшының жалақысы шығарылған өнім санына
тәуелді. Жалақының бұл нысаны мерзімді жалақымен байланысты, өйткені бір
өлшем өнімнің бағасы мерзімді жалақыны (күндік) өндірілген, өнім санына
бөлу арқылы анықталады. Кесімді жалақының мөлшері бір өлшем өнім бағасын
өндірілген өнім көлеміне көбейту арқылы есептеледі. Кесімді жалақының
ерекшелігі, еңбектің санасы мен сапасыөндіргіш өнім арқылы бақыланып,
өлшенеді. Ол еңбек өнімділігі мен қарқындылығын арттыруды мүдделендіреді,
жұмысшылар арасындағы жалақы мөлшерінің жекелей айырмашылығының
маңыздылығын күшейтіп, жұмысшылар арасындағы бәсекені ұлғайтады. 
Өнеркәсібі дамыған елдерде жалақының негізгі нысандарымен бірге жұмысшының
еңбек өнімділігі мен қарқындылығын ынталандыру мен жетілдіруге, олардың
творчестволық қабілетін дамытуға бағытталған еңбекақы төлеудің басқа да
жүйелері қолданылады. Осы жүйелерге кесімді-прогрессивті, кесімді көтерме,
көп факторлы т.б. жатады. Жалақының мөлшері жұмысшының еңбек өнімділігіне,
өнім сапасына, шикізатты үндемеу, жабдықтарды пайдалану коэффициенті т.б.
көрсеткіштеріне тәуелді.
Жалақы өндіріс жағдайы мен нарықтық конъюнктураға да тәуелді. Жалақы
дәрежесіндегі айырмашылық ең алдымен өндіріс мөлшерінде анықталады.
Экономикасы дамыған елдердегі жоғары жалақы өндіріс пен еңбек өнімділігі
саласындағы жетістіктерге байланысты, өйткені алдын ала өндірілгенді ғана
бөлуге де болады. Жалақының мөлшері мен динамикасына ықпал ететін маңызды
факторларға табиғи ресурстар, қолдағы капитал, жұмыс күштерінің саны мен
сапасы, техника мен технология дәрежесі, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру
жатады. Осы факторлардың өзара байланысты әрекет етуі еңбек өнімділігін
сипаттайды. Өндірісі мен еңбек өнімділігі жоғары елдерде жалақының дәрежесі
де жоғары. Жалақы дәрежесі мен динамикасын талдауда нарықтық категориялар –
сұраныс пен ұсыныс, олардың бәсекелік күрес ықпалымен ауытқуы неліктен
маңызды? Нарық, сұраныс пен ұсыныс бүкіл өндірістік шығындардың дәрежесін
көрсететін объективті экономикалық тетік, ол бүкіл тауарлар өндірі, оның
ішінде жұмыс күші шығындарын анықтаушы.
Дамыған елдердің көпшілігінде жеке қамсыздандыру жүйесі даму алған,
оның есебінен бақытсыздық құрбанына ұшырағандарға кепілді көмек беріледі.
Бүгінде мадақтаудың (интенсивтура деген) түрі кеңінен дамып отырады. Әлем
бойынша 1988 жылы фирмалардың осыған жұмсағаны 4.6 миллиард доллар болса,
1989 жылы 5.3 миллиард долларға жетті. 1989 жылы туристік сапардың орташа
құны 1650 доллар. Интенсивтураға арналған II Халықаралық конференцияда
(1990 жылы) мұндай саясат еңбекті мадақтаудың ең бір тиімді жолы деп
бағаланды. 70-жылдардың ортасынан бастап дүниежүзілік еңбек нарығында
елеулі өзгерістер орын алып, нарықтың тұрақсыздығы күшейді. Мемлекеттік
әлеуметтік бағдарламалар қысқаруда, жұмыспен толық қамтамасыз ету үкіметтік
бағдарламадан алынып тасталды, әлеуметтік мұқтаждықтарға жұмсалатын қаражат
барған сайын азаюда. Кәсіподақ мүшелерінің саны кеми бастады.
Кәсіпкерлермен жекелей еңбек келісім шартын жасаушы жұмысшылар қатары
көбеюде, оның жұмысшылар арасындағы бәсекені шиеленістіретіні хақ. Тұрақты
белгіленген жұмыс уақыты орын алудан қалып келеді, бұл тарифтік саясаттың
негізін құрту деген сөз. Жалақы өндіріс шығындарының бір бөлігі, сондықтан
ақшалай жалақының ставкасының өзгеруі кәсіпорынның өндіріс шығындары мен
пайдасының мөлшеріне ықпал етеді. Тұтынушылар табысының басым бөлігін құрай
отырып, жалпы тұтыну тауарларының сұраныс көлемі мен осы тауарлардың баға
дәрежесіне ықпал етеді. Міне осыдан келіп, жалақы ставкасындағы номиналды
жалақының өсуі бағаның инфляциялық өсуіне және нақты жалақының төмендеуіне
әкеліп соғады. Жалақыны өсірудің материалдық негізі өндірісті дамыту, еңбек
өнімділігі мен ұлттық табысты арттыру.
Күнкөріс минимумы. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің мәні мен мөлшерін
анықтауда халықаралық практикада адамның ең төмен қажеттіліктерін
қанағаттандыруда қажет ететін тауарлар мен қызметтердің бірер ең төмен
деңгейін белгілеуге негізделген тәсілдеме - тұтыну себеті кеңірек таралған.
Ол азық-түлікті және азық-түліктік емес бөліктерге бөлінеді. Сонымен бірге
көптеген елдерде ең төменгі күнкөріс деңгейінде азық-түлік шығыстарының
үлесіне 25-тен 50 %-ға дейін тиеді.
Тұтыну себетінің құны нормативтік, статистикалық және құрамдастырылған
әдістермен айқындалады. Дамыған елдерде ең төменгі күнкөріс деңгейін
халықтың медициналық (орташа) табыстарын есепке ала отырып анықтаудың
практикасы кең дамыған. Шығыс еуропалық елдердің көбінде есеп-қисаптарда
нормативтік әдіс пайдаланылады. ТМД елдерінде ол басымырақ пайдаланылады
және ең аз тұтыну себетінің құнына тең келеді.
Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы тағамдық азық-түліктерді тұтыну
нормасы мен азық-түліктік және азық-түліктік емес шығыстар арасындағы ара
қатынасты белгілеуге байланысты болған кезде практика құрамдастырылған
әдісті пайдаланудың артықшылығына сендіреді.
Қазақстанда 2005 жылға дейін өмір сүрген ең төменгі күнкөріс
деңгейіндегі азық-түліктік және азық-түліктік емес бөлігі - 70-тің 30 %-ға
ара салмағы - халық шығыстарының нақты құрылымына жауап бермеді. Халықтың
әр алуан топтарына арналған тағамдық негізгі азық-түліктерді тұтынудың жаңа
ең төменгі нормаларын қабылдауға табанды қажеттік қалыптасты. Бұл тамақтық
азық-түліктерді тұтыну экономика дамуының дағдарыстық мезгілінің өзгеше
ерекшеліктеріне көп нәрседе сәйкес келген қолданыстағы ең төменгі
нормаларының салауатты тамақтану туралы қазіргі түсінікке, экономика
дамуының қазіргі реалдарына, демографиялық жағдаяттың белгіленген
үдерістеріне және негізгі тамақтық азық- түліктерімен елдің азық-түлік
рыногының толықтылығы деңгейіне жауап бермейтіндігіне байланысты болып
отыр. Ең төменгі күнкөрістегі азық-түліктік және азық-түліктік емес
бөліктердің арасындағы ара салмақ 2006 жылдан бастап 60-тың 40%-ға ара
салмағына өзгерді. Екінші өзгеріс азық-түлік себетінің құрамына қатысты
болып отыр, ол толық құнды және баланстанған тамақтану жөніндегі
Дүниежүзілік денсаулықты ұйымдастыру ұйымының ұсыныстарын ескере отырып
кеңейтілуде. Ең алдымен азық-түліктік себеттің ассортименттік жиынтығымен,
ол 20 атаудың орнына предметтердің 43 атауын кіріктіреді. Бұл тамақтанудың
сөткелік тағам мөлшерін (рационды) алуан етіп түрлендіруге, айқын пайдалы
қасиеттері бар жұғымды заттардың түсуін айтарлықтай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі, тұтыну себетін, күнкөріс минимумы туралы ақпарат
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау жайлы мәілмет
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау туралы ақпарат
Қазақстандағы, дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау жайлы
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау жайлы
Қазақстандағы дамыған мемлекеттердегі тұтыну, және күнкөріс минимумы, ең төменгі жалқыны талдау
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, ең төменгі еңбекақыны талдау
Еңбекақының ең төменгі мөлшері
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күн көріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау туралы
Пәндер