Темперамент пен мінез-құлықты психогенетикалық зерттеу жайлы



1. Кіріспе.темперамент және мінез .құлық
2. Темперамент және мінез.құлықты генетика тұрғысынан қарастыру
I. Темперамент – 25 ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні – адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер.Әр адамның,баланың жан дүниесі өз алдына бір болмыс.Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында.Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы,тұрақтылығы, ауыспалы – қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас – тартысты қырлары баршылық.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЕЛЕКЕТТІ
УНИВЕРСИТЕТІ

ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
ПСИХОГЕНЕТИКА ПӘНІ
С Ө Ж
Тақырыбы : Темперамент пен мінез-құлықты психогенетикалық зерттеу
Орындаған : Тұрсынғали Аида , ПХ-415,
2-курс студенті



СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ,2015 ЖЫЛ

Жоспар
1. Кіріспе-темперамент және мінез - құлық
2. Темперамент және мінез-құлықты генетика тұрғысынан қарастыру

I. Темперамент - 25 ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні - адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер.Әр адамның,баланың жан дүниесі өз алдына бір болмыс.Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында.Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы,тұрақтылығы, ауыспалы - қозғалғыштығы - бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас - тартысты қырлары баршылық. Бірақ проблемаға байланысты көзқарастардың көпшілігіне қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындайтыны:темперамент - жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет - қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын белгілейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді. И.П.Павлов темперамент пен жүйке қызметінің типтерін бір-біріне балама кұбылыс деп түсінді. Кейінгі зерттеулер жүйке қызметінің типтері темперамент типтерімен ылғи сәйкес келіп отырмайтындығын көрсетті. Шындығында да, темпераментке тек жүйке жүйесінің қасиеттері ғана емес, сондай-ақ жеке адамның соматикалық (дене) құрылымдары да әсер ететіндігі белгілі. Жүйке қызметінің типін темпераменттің нышаны ретінде ұғынган дұрыс. Мәселен бір зерттеуде, біркелкі ортада, жүйке жүйесінің әлсіз типіне жататын жануарлар мінез-құлқының енжар-қорғаныстық түрі, ал күшті, жүйке үрдістері тең емес организмдерде прогрессивті мінез-құлық байқалған.
Темперамент жайлы теорияларды үлкен үш топқа бөлуге болады:
1. Гуморальді теориялар;
2. Конституционалды теориялар;
3. Жоғары жүйке жүйесі ерекшеліктеріне байланысты темпераментті түсіндіруші теориялар.
Гумор сөзі сұйықтық дегенді білдіреді. Ағза сұйықтықтары қозғалымпаз, оның динамикалық бөлігі. Сондықтан мінез-құлық ерекшеліктерін ағзадағы сұйықтықтар қозғалысының ерекшеліктерімен байланыстырады. Осы бағытты ұстанған авторлардың теориялары ең алғаш пайда болған. Ежелгі және ең белгілі гуморальды теория антикалық Грецияда пайда болған, дәрігер және философ Гиппократтың теориясы.
Гиппократ теориясы бойынша, адам ағзасында төрт негізгі сұйықтық бар: қан, қара өт, сары өт, сөл. Гиппократ пікірінше, адам ағзасында қай сұйықтық басым болса, соған байланысты 4 темперамент типінің бірі сай келеді: қан басым болса -- сангвиник типі, сөл басым болса -- флегматик типі, сары өт басым болса -- холерик, қара өт басым болса -- меланхолик типі. Гиппократтың ойынша, адам ағзасындағы сұйықтықтың біреуінің басым болуы климат жағдайына және адамның айналысатын іс-әрекетіне байланысты.
Темперамент типтерін б.д.д. өмір сүрген Рим дәрігері К.Гален 13 типке дейін жеткізді.
И. Кант темпераменттің көріну аймағын тарылтып көрсетті. Төрт темперамент типін Кант екі топқа бөлді: әрекет темпераментіне жылдам қимылдайтын холерик пен баяу қимылдайтын флегматикті жатқызды, әсершіл топқа оң эмоциялары басым сангвиник пен теріс эмоциясы басым меланхоликті жатқызды.
Темпераменттің гуморальді теориялары қатарына Лесгафтың көзқарасын жатқызуға болады. Ол психикалық әрекеттің динамикалық ерекшелік сипатын жүрек тамыр жүйесіндегі әр түрлі ұсақ тамырлардан күре тамырға дейінгі қан қозғалыс ерекшеліктерімен байланыстырды.
Темпераментті дене бітімімен түсіндіруші конституционалды теориялар қатарына Э. Кречмер және У. Шелдонның еңбектері жатады.
1921 жылы Э. Кречмердің әйгілі Дене бітімі және мінез атты еңбегі жарық көрді. Оның негізгі идеясы белгілі типті адамдар белгілі психологиялық ерекшеліктерге ие. Адамдарды дене бітіміне байланысты Кречмер төрт конституционалды типке бөлді: лептосоматик, пикник, атлет, диспластик.
1. Лептосоматик - нәзік денелі, ұзын бойлы, кеуде қуысы қушық, иығы тар, ұзын және арық аяқ-қолды.
2. Пикник - май қабаты анық көрінеді, орта және аласа бойлы, жайылған денелі, домалақ басты, мойыны қысқа адамдар.
3. Атлет - бұлшық еттері күшті дамыған, дене бітімі мығым, ұзын және орта бойлы, кең иықты, жамбасы тар.
4. Диспластик - формасыз адам, дене бітімі дұрыс емес. Бұл типтегі индивидтер әр түрлі дене бітімінің деформациясымен сипатталады.
Аталған типтерге байланысты үш темперамент типтерін бөліп көрсетеді: шизотимик, иксотимик, циклотимик. Шизотимикке астеникалық дене бітімі тән, тұйық, көңіл-күйі ауысып отырады, бірбеткей, бағдарлары мен көзқарастарын өзгертпейді, қоршағандарға күшпен бейімделеді. Иксотимикке атлет дене бітімі тән, салмақты, жесттері мен мимикасы ұстамды, ойлау майыспалығы төмен, ұсақ-түйекке көңіл аударушы. Циклотимик пикник дене бітіміне ие, эмоциясы қуаныш пен қайғы арасында алмасып келіп отырады, адамдармен жылдам араласады, көзқарастары шындыққа жақын.
АҚШ-та 1940 жылдары У. Шелдон темперамент теориясы кең танымалдыққа ие болды. Темпераменттің негізін эмбриологиялық тұрғыда түсіндіруге тырысты.
Үш типті бөліп көрсетті: 1) эндоморфты - эндодермадан ішкі мүшелер жақсы дамиды; 2) мезодерма -- бұлшық еттер жақсы дамиды; 3) эктоморфты - тері мен жүйке талшықтары жақсы дамиды.
У. Шелдон бойынша, аталған дене типтеріне дененің белгілі функцияларына тәуелді белгілі темперамент типтері сай келеді: висцеротония (ішкі мүшелер), соматотония (дене) және церебротония (ми).
Темперамент теорияларының үшінші тобын құрайтын жоғары жүйке жүйесі ерекшеліктеріне байланысты теориялар қатарына И.П. Павлов еңбегі жатады. Павлов зерттеулері темперамент тұлғаның тума сипатталатын қасиеттері екендігі жайлы көзқарастың қалыптасуының негізі болды. Кеңестік психологияда темперамент теорияларының дамуына үлкен үлес қосқан Б.М. Теплов еңбектері болып табылады. Теплов темпераменттерінің қасиеттеріне психикалық іс-әрекет динамикасын сипаттайтын тұрақты психикалық қасиеттерді жатқызды. Темпераменттің индивидуалды ерекшелігін темпераменттің қандайда бір қасиеттерінің даму деңгейімен түсіндірді. Темпераменттің мәнді қасиеттеріне келесілерді жатқызды:
1. Эмоционалды қозу;
2. Зейіннің қозуы;
3. Эмоцияның күші;
4. Мазасыздық;
5. Ырықсыз қозғалыстардың реактивтілігі;
6. Ерікті мақсатқа бағытталған іс-әрекеттің белсенділігі;
7. Майыспалылық - регидтілік;
8. Резистенттілік;
9. Субъективтілік.

Мінез- бұл адамның әлеуметтік мінез-құлқының ерекшелегі. Ол әлеуметтік топтағы жеке адамның өмір қалпын бейнелейді және жүктелген іске, адамдарға қарым-қатысынан көрініп отырады. Күнбе-күнгі тіршілікте адам, әдетте, менмен не көпшіл, қайырымды не сараң, биязы не дөрекі, батыл не солқылдақ, табанды, ержүрек не байбалаңшыл болып сипатталады. Бұл сөздер арқылы адамның бір нәрсеге (моральдық қасиеттер), не мінез-құлық амалына (жеке адамның ерік сапалары) қатысы аталады. Олай болса, мінез негізінде жеке адамның моральдық-еріктік қасиеттері жатады. Психологиялық әдебиетте мінезді характер деп атайды. Бұл гректің сөзі, аудара келгенде баспаға басу, суреттеу, мәнерлеу деген мағынада. Шынында да қоғам тәрбие арқылы адамның мінезін баспаға басқандай қылып, керекті көрінісін жасайды.
Мінез дегеніміз адамның іс-әрекетінде пайдаланатын амал-тәсілдерінен көрінетін оның жеке психикалық қасиеттерінің жиынтығы. Мінез адамның өзіне үйреншікті жағдайларда жасалатын мінез-құлқының бағдарламасы іспеттес. Ол өмірлік әсерлердің күрделі жиынтығының бейнесі бола отырып, жеке адамның сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынасы ретінде қалыптасады.
Мінездің көрінісі көптеген тұрақты бітімдерге айналып, адамның қоршаған дүниеге, басқа жандарға, психикалық процестерге деген қарым-қатынасын аңғартады. Сондықтан мінездің интеллектуалдық, эмоциялық түрлері белгіленген.

Адам цивилизациясының дамуымен туған, глобальдi мәселелердiң бiрi өзiңдi танып -бiл қазiргi кезде актуальдi болып отыр. Адам генетикасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темперамент пен мінез-құлықты психогенетикалық зерттеу
Темперамент пен мінез-құлықты психогенетикалық зерттеу туралы
Қиын балалар ұғымының мәні
Темперамент пен мінез құлықты психогенетикалық зерттеу туралы ақпарат
Мінез туралы ұғым
Дифференциалды психология
Мінездегі типтілік пен индивидуалды ерекшелігін зерттеу
Жекелік айырмашылықтар ұғымы
Психогенетика
Студенттердің стресске төзімділігі мен тұлғалық ерекшеліктерінің өзара байланысын зерттеу
Пәндер