Қаржы инвестиция есебі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4
І Тарау. Қаржы инвестиция есебі
1. 1. Қаржы инвестиция түсінігі, және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... .5.9
1.2. Қаржы нарығындағы құнды қағаздарға анықтама ... ... ... ... ... ... ..10.13
1.3. Қаржы инвестиция есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14.19
ІІ Тарау. Қысқа мерзімді қаржылық инвестиияның есебі.
2.1. Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақылатантын заңды тұлғалардың инвестицияларының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20.23
2.2. Қысқа мерзімді инвестицияның ағымдық құнын анықтау ... ... ... .24.32
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33.34
Қолданылған әдебеиттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестиция қызметінің мақсаты - түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің табысының (таратылған) қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі каптиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды.
1.Қ.Н.Кеулімжаев,З.Н.Әжібаева,Н.А.Құдайбергенов,А.Ә.Жантаева «Қаржылық есеп»оқу құралы,Алматы,Экономика-2001
2. «Бухгалтерлік бюллетені»журналы 14-сәуір 2003жыл
3. «Ақиқат»журналы 2-ақпан,2000-жыл,35-бет
4. «Замансөз» газеті,19-қаңтар 2000жыл
5. «Ақтөбе»газеті,19-қаңтар,2000-жыл.
6.Дүйсенбаев «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау»
7.Ковалева «Финансы фирмы»
8.Мейірбеков Кәсіпорын экономикасы.
9.Әубәкіров «Экономикалық теория негіздері»257-бет
10.Радостовец «Бух.учет на предприятии»
11.Кондраков Н.П. Бухгалтерский учет,анализ хозяйственный деятельности и аудит.Москва Перспектива, 1994
12.Кажмухамедова А.А. «Аудит и анализ инвестиционной и инновационной деятельности хозяйствующих субъектов»Автореферат Алматы-2005жыл
13.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп әдістемесі және аудит Департаменті.Бухгалтерлік есептің стандарттары және әдістемелік ұсынымдары.Алматы-1999жыл.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3-4
І Тарау. Қаржы инвестиция есебі
1. 1. Қаржы инвестиция түсінігі, және оның түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... .5- 9
1.2. Қаржы нарығындағы құнды қағаздарға
анықтама ... ... ... ... ... ... ..1 0-13
1.3. Қаржы инвестиция
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
4-19
ІІ Тарау. Қысқа мерзімді қаржылық инвестиияның есебі.
2.1. Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақылатантын заңды тұлғалардың
инвестицияларының
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 20-23
2.2. Қысқа мерзімді инвестицияның ағымдық құнын анықтау ... ... ... .24-32
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...33-34
Қолданылған
әдебеиттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...35
Кіріспе
Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және
экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде
салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестиция қызметінің
мақсаты - түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу
болып табылады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн
немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер
(кәсіпорындар) оны өзінің табысының (таратылған) қаражаттарының
есебінен жұмылдырады. Негізгі каптиталды жаңартуға арналған инвестиция
көзі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табысы саналады. Бағалы
қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін
алдын ала айқындайды.
Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және
ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Инвестиция өзінің арналымы немесе алдыңғы мақсаты бойынша: қаржылық
және нақты болып бөлінеді. Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар есебі
атты курстық жұмыс өз алдына ерекше ізденіс болып табылады.Негізінен
алғанда, инвестиция дегеніміз-жаңа құрылысқа,жабдықтауға,жұмыс жасап тұрған
кәсіпорынды ұлғайту мен техникалық қайта жабдықтауға,тұрғын-үй мәдени
тұрмыстық құрылысқа кеткен шығыстар болып табылады. Ал,инвестиция сөзінің
өзі немістің invesition,яғни кәсіпорынға пайда табу мақсатында ұзақ
мерзімге салынған капитал мөлшерін көрсетеді дегенді білдіреді.Осы тұрғыдан
алғанда инвестициялау күрделі қаржыға қарағанда кең мағына білдірсе
керек.Батыс елдерінің экономистері инвестициялау процесін былай
түсінген:кез-келген қаржыны жұмсаудың мақсаты табыс,пайда немесе пайдалылық
табу.Бұған акция,облигация,жинақ сертификаттары,сақтық және зейнеткерлік
қорға және басқаларға жұмсалған шығындар да жатады.Ал,қаржылық
инвестициялар дегеніміз-акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған
акцияларға,облигацияларға және басқа да құнды қағаздарға банктердің
депозиттеріне салынған салымдар.Осы қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне
қарай екіге бөлінеді:қысқа мерзімді,яғни бір жылға дейін және ұзақ
мерзімді,яғни мерзімі бір жылдан артық.
Еліміздің нарықтық экономикалық жолымен дамуы барысында қаржылық
инвестициялардың маңызы зор.Ал,біздің еліміздің экономикасын көтеру үшін
қаржылық инвестицияны тарту бүгінгі күні аса қажет.Еліміздегі мыңдаған
акционерлік қоғамдар мен басқа да шаруашылық субъектілері,жүздеген
сақтандыру компаниялары тіркелген.Осы аталған субъектілер барлық құнды
қағаздар нарығының потенциалды қатысушылары қатарына жатады.Олардың
кейбіреулері эмитент,яғни айналымға құнды қағаздар шығарушылар болса,ал
екіншісі инвестор ретінде қызмет атқарады.
Осы Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар есебі атты курстық жұмысты
жазудағы басты мақсат-инвестиция туралы түсінікке толық көз
жеткізу,қаржылық инвестициялар есебін бірлесіп бақыланатын шаруашылық
серіктестіктердің,еншілес және тәуелді серіктестіктердің инвестициялық
есебін анықтау,шешу және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың қайта
бағалауын анықтау,оны шот аралық байланыста көрсету болып табылады.
Сонымен қатар,осы курстық жұмыстың бірінші тарауында инвестиция
ұғымы,оның жіктелуі және бірнеше серіктестіктердің инвестицияларының есебі
қарастырылса,екінші тарауында қаржылық инвестициялар есебі және ұзақ
мерзімді қаржылық инвестициялардың қайта бағалауын анықтау керектігі
қарастырылады. І Тарау. Қаржы инвестиция есебі.
1.1 Қаржы инвестиция түсінігі және оның түрлері
Инвестициялар деп-өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және
өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне
мүліктей,заттай,сондай-ақ ақша қаражаты түрінде,яғни капитал түрінде
салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын
шығындардың жиынтығын айтады,яғни бүгінгі күні қолда бар ақшаны,мүлікті
және басқа да заттарды,яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін
жұмсап,сол арқылы келешекте,яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе
басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып инвестиция табылады екен.Сонда
инвестициялық қызметтің мақсаты болып кәсіпкерліктен табыс немесе процент
алу болып табылады.Осы айтылған процеспен екі фактор байланысты болып
келеді.Оның біріншісі-уақыт,ал екіншісі-тәуекелдік.Сонымен қатар,инвестиция
экономикалық өсудің негізі бола отырып,елдің әлеуметтік дамуына жағдай
жасайды.Осы айтылғандармен қатар,инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы
және тұрақты қарқынын қалыптастырудың,ғылыми-техникалық прогресс
жетістіктерін өсірудің,инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып
саналады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан немесе құрылған құн
немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады.Кәсіпкерлер оны өзінің
табысының қаражаттарының есебінен жұмылдырады.Негізгі капиталды жаңартуға
арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табысы
саналады.Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген
критерийлерін алдын ала айқындайды.
Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақтылық және қаржылық
инвестиция болып екі түрге бөлінеді.
Нақтылық инвестиция дегеніміз-шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір
материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер,жабдық,құрылыс)
өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады.
Ал,қаржылық инвестициялар дегеніміз-акционерлік қоғамдар немесе мемлекет
шығарған акцияларға,облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға
банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.
Инвестицияның бұл жоғарыда айтылған екі түрін бірімен-бірі бәсекелесуші
емес,керісінше оларды бірін-бірі толықтыратындар деп түсінген
дұрыс.Бұған,яғни осы айтқанымызды нақтылай түсу үшін мынадай мысалдй
қарастырайық.
Қандай да бір кәсіпкер құрылысты салу үшін қаржы керек етеді.Мұндай
жағдайда құрылыс нақты инвестицияның объектісі болып табылады.Кәсіпкер бұл
құрылысты қаржыландыру үшін өзінің акцияларын шығарып,басқа біреулерге
сатуы мүмкін.Сөйтіп,бұл мысалда кәсіпкердің құрылысқа салған салымы нақты
инвестиция,ал қатысушының акцияны сатып алуға жұмсаған шығыны қаржылық
инвестиция болып саналады.Жоғарыда аталған инвестицияның қай түрін болмасын
алдына қойған мақсаты салым салған саланы,өндірісті дамыту,ондағы
өндірілетін өнімдердің,дайындалатын бұйымдардың сапасын барынша
жақсарту,яғни оларды халықаралық стандартқа сай етіп сыртқы рынокта сата
алатын дәрежеге жеткізу,өндіріске жаңа техникалар мен технологияны қолдану
арқылы табыс табу болып табылады.
Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай қысқа,яғни иелену
мерзімі бір жылға дейін және ұзақ мерзімді,яғни иелену мерзімі бір жылдан
артық. болып бөлінеді.
Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша:қаржылық
және нақты болып бөлінеді.Нақты инвестиция-бұл кәсіпорынның негізгі
капиталын және материалдық-өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.
Қаржылық инвестициялар-бұл субъектінің табыс алу мақсатында
пайдаланатын активі,яғни пайыздар,дивиденттер,инвестицияланғ ан капиталдың
өсімі немесе алынатын басқа да олжалар,яғни коммерциялық мәміленің
нәтижесі.Сондай-ақ қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын
мүліктер де жатады.Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы қағаздар да
саналады.Барлық бағалы қағаздардың барлығы екі топқа бөлінеді:ақшалай және
күрделі.Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды
алғандағыдай етіп рәсімдейді.Бұл борыштық бағалы
қағаздар.Оларға:вексельдер,депозитт ер және жинақ сертификаттар жатады.Осы
бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар
өздерінің номиналдық,яғни атаулы құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен
қалыптасады.Ақшалай бағалы қағаздар әдетте,қысқа мерзімге беріледі.Бағалы
қағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгіленген куәландыру
үшін олар былай бөлінеді:
-бағалы қағазды ұсынушыға –құқықтарын орындау үшін,бірақ олардың
иелігін теңестіруді,яғни идентификациялауды талап етпейді,ұстаушының атына
тіркеу жасалынбайды;
-атаулы бағалы қағаздар –белгілі бір адамның атына жазылады.Бағалы
қағаздарда куәландырылзан құқықтары,ондағы қойылған
талапты жеңілдету үшін белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі;
Бағалы қағаздар әрекет ететін орны бойынша ақша нарығының бағалы
қағаздары және капиталдық бағалы қағаздары болып бөлінеді.
Ақша нарығы дегеніміз-қысқа мерзімді бағалы қағаздардың алынуы мен
сатылуын көрсетеді.Инвестор бағалы қағаздар нарығында жұмыс істей жүріп
салымдарды тараптандырудың принципін ұстануы тиіс.инвестор қаржылық
активтердің әр түрлісін алуға ұмтылуы керек.Бұл салымдардың тәуекелділігін
азайту үшін қажет.Мысалы,инвестор өзінің барлық ақшаларын бір компанияның
акцияларына салды делік.Бұл жағдайда ол акция курсының нарықтық ауытқуына
толық тәуелді болады.Егер кәсіпорын қаражаттары бірнеше компаниялардың
акцияларына салынатын болса,онда инвестордың табысы неғұрлым аз ауытқитын
біршама компаниялардың акциясына тәуелді болады.Егер инвестор әр
тараптандыру принципін ұстанатын болса,онда ол инвестициялық портфель деп
аталатын бағалы қағаздардың жиынтығымен байланысты болады.
Қоржындық инвестициялаудың объектілері ретінде әртүрлі бағалы қағаздар,
акциялар,облигациялар,бағалы қағаздардың шартты түрлері әрекет
етеді.Қоржынның бір бөлігі ақша түрінде ұсынылуы мүмкін.Қоржындағы қағаздың
көлемі де әртүрлі болады.
Инвестиция-экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқынын
қалыптастыруды,ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін
енгізуді,инфрақұрылымды дамытуды көздейтін басты фактор.
Инвестицияны дамытуда кәсіпорынды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге
несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік
қоғамдардың акцияларынан құрылған инвестициялық қорлар ерекше рөл
атқарады.Сөйтіп,қорлар экономиканың неғұрлым пайдалы салалары мен
кәсіпорындарына капиталдың құйылуына жағдай жасайды.
Қазақстан Республикасының заңдары экономиканың барлық салаларын
инвестициялық тұрғысынан қолдауға бағытталған.Республикада инвестициялық
жоболарды жүзеге асырудың тиімділігіне бағытталған жеңілдіктер әзірленіп
жасалған.
Түптеп келгенде, инвестициялардың мақсаты-жаңа технологияларды,алдыңғы
қатарлы техниканы және ноу-хауды енгізу;ішкі нарықты жоғары сапалы
тауарлармен толтыру және қолайлы қызмет көрсету;отандық тауар өндірушілерді
мемлекеттік қолдау және ынталандыру;экспортқа бағытталған және импортты
алмастырушы өндірістерді дамыту,Қазақстан Республикасының шикізат көздерін
тиімді және кешенді пайдалану;қоршаған табиғат ортасын жақсарту болып
табылады.
Қазқастан Республикасының экономикасын көтеруде және оны одан әрі
дамытуда шетелдік инвесторлардың атқарар ролі зор.Шетелдік инвестицияларға
табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне инвесторлар салып
отырған мүліктік құндыдықтар және оған қоса олардың құқықтары,яғни
интеллектуалдық меншік құқығы да кіреді.
Шетелдік инвестициялар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының
жарлық капиталына қатыса отырып,ондағы қабылданатын шешімдерге өз үлестерін
және құқықтарын қорғауына болады.
Шетелдік инвестициялар заңға қайшы келмейтін кез-келген қызметпен,атап
айтқанда бірлескен кәсіполрындарды құруға және олардың шетелдік филиалдарын
ашуға,мүліктік құқын сатып алуға,қарыз,несие беруге,басқа да қыметтермен
шұғылдануына болады.
Шетелдік инвесторлар өздерінің қызметінен алған табысын өз қалаулары
бойынша пайдалануға құқылы,Қазақстан аумағында қайта қаржыландыру
үшін,тауарлар алуға және басқа да мақсаттар үшін,яғни Қазақстан
Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез-келген қызметпен
айналысуына болады.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыттары барысында экономикалық дағдарыстан
шығуға бет бұрған нарықтық экономика жолымен даму үшін күресіп жатқан
біздің еліміз үшін шетелдік инвесторлардың ролі мен маңызы өте ерекше.Шетел
капиталының біздің еліміздің экономикасын көтеру үшін салым ретінде
салынуын,яғни шетелдің инвесторларын тартудың артықшылығы мен пайдалылығын
былайша жіктеп көрсетуге болады:
-Шетел капиталының біздің елімізге жұмсалынуы еліміздің бюджетіне түсетін
түсімдерді көбейтеді;
-Жергілікті халық үшін жаңа жұмыс орындары пайда болады және ол халқымыздың
әлеуметтік жағдайын жақсартып,сатып алу қабілетін арттырады;
-Жаңа алдыңғы қатарлы халықаралық жәрежеге сай техника мен технологияны
елдің шаруашылық субъектілерінде қолдануды жылдамдатады;
Сырттан келген капитал-елде экспорттың көбеюіне,бәсекелестіктің
қабілетінің жоғарылауына әсерін тигізеді.Сонымен,қаржылық инвестиция деп-
акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған бағалы қағаздарға банктердің
депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.
1.2. Қаржы нарығындағы құнды қағаздарға анықтама
Нақты инвестициялар - бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және
материалдық - өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.
Қаржылық инвестициялар – бұл субъектінің табыс алу мақсатында
пайдаланатын активті (мысалға, пайыздар, роялтилер және жалға ақысы),
инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар
(мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі). Сондай ақ, қаржылық
инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық
инвестицияның бір түрі болып бағалы (құнды) қағаздар да саналады. Барлық
бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді – ақшалай және күрделі
(капиталды) болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай
қағаздарды алғандағыдай етіп әсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар.
Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б.
жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс осы бір мәртелік сипатқа ие
болады және өзінің номиналдық (атауы) құнынан төмен бағаға сатып алудың
есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге
(бір жылдан аспайтын уақытқа) беріледі.
Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын
(қорын) құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады.
Бағалы қағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілер
куәландыру үшін олар былайша бөлінеді:
- бағалы қағаздар ұсынушыға – құқықтарын ортату үшін, бірақ олардың
иелерін теңестіруді (идентификациялаушы) талап етпейді, ұстаушылардың
атына тіркеу жасалынбайды. Ұсынушы бағалы қағазды куәландыратын құқығын
басқа адамға қарапайым жолмен қолына береді.
- атаулы бағалы қағаздар – белгілі бір адамның атына жазылады.
Бағалы қағаздарда куәландырылған құқықтары ондағы қойылған талапты
жеңілдету үшін белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі. Атаулы
бағалы қағаздар бойынша құқық беретін адам соған сәйкес келетін
талаптардың орындауы емес, ондағы тисілі топтың заңды еместігіне
жауап береді.
- ордерлі бағалы қағаз – ол ең алғашында иемденушінің атына
немесе оның бұйрығы бойынша жазылады. Бұл онда көрсетілген құқықтар
қағаздар қағазға түсірілген тәртіпке байланысты ауыспалылығын
сақтайтындай етіп - индоссаментке жазып береді. Индоссамент өзінде
құқықтың болғанына ғана емес, сонымен бірге, оның жүзеге асуына жауап
береді. Бағалы қағаздардан алынатын табысқа қатысты олардың борыштық
және инвестициялық етіп бөлуге болады.
Борыштық бағалы қағаздар пайыздарды (процесттерді) төлеуді және
негізгі қарыздардың негізгі сомасын графике сәйкес жабуды эмитент өз
міндетіне алады. Бұл кімнің эмитенті екендігіне қарамастан, оған
барлық облигациялар, векселдер жатады.
Инвестициялы бағалы қағаздар эмитент активтерінің бір бөлігін
иемденуге құқық береді, оларға элесменттердің барлық типтеріндегі
акциялары тұтастай жаратады.
Бағалы қағаздар эмитенттік сипаты бойынша мемлекеттік (Үкімет пен
Ұлттық Банктің борышкерлік міндеттемелері), муниципалдық (жергілікті
қару органдарының борышкерлік міндеттемелері) және корпоративтік
(шаруашылық жүргізуші субъектілердің жарғылық капиталын қалыптастыруы
немесе қаржылық – шаруашылық қызметін жүргізу үшін қажет қаражатты
тарту мақсатымен қолданыстағы заңға сәйкес шығарылтын) болып бөлінеді.
Мәсәлеге байланысты шығарылатын бағалы қағаздар: фондылық
(акциялар, облишгациялар) және саудалық (коммерциялық векселдер, чектер,
конносаменттер, кепілдік міндеттемелер, т.б.) болып бөлінеді.
Фондылық бағалы көптеген шығарылумен (эмиссиясымен) ерекшеленеді
және олар қор биржаларында айналысқа түседі.
Саудалық бағалы қағаздар коммерцияллық бағытқа ие: олар негізінен
сауда операциялары бойынша есеп айырысуға және тауарларды орын
алмаситыру процесіне қызмет көрсетуге арналған.
Нарықтағы айналыс ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздарды
нарықтық (айналыстағы) және нарықтық емес (айналыстағы емес) етіп бөлу
мүмкін.
Нарықта болатын бағалы қағаздар биржалық немесе биржыалық емес
айналым шеңберінде нарықта екінші рет еркін сатылу және сатып алуы
мүмкін. Олар сатылғаннан кейін эмитентке мерзімінен бұрын үсынылдмайды.
Нарықтық емес бағалы қағаздар бір қолдан екінші қолға еркін көше
алмайды, яғни екінші рет айналысқа түспейді. Бұндай бағалы қағаздар
қатарына оларды шығару кезінде сатылмайды деген шарт қойылса, онда
оларды тек эмитенттің өзі ғана сатып алады. Сондай – ақ айналысы
шектеулі бағалы қағаздар да бөлініп көрсетілуі мүмкін. Мысалға, жабық
АҚ акциялары сатып алу және сату мәміле бойынша шектелген
акциялардың қатарына жатады.
Бағалы қағаздар әрекет ететін орыны бойынша ақша нарығының бағалы
қағаздары және капиталдық бағалы қағаздары болып бөлінеді.
Ақша нарығы дегеніміз - қысқа мерзімді бағалы қағаздардың алынуы
мен сатылуын көрсетеді және ол қаржылық нарықтың бір бөлігі. Қысқа
мерзімді бағалы қағаздардың әрекет ету мерзімі – бір кұннан бастап бір
жылға дейін болуы мүмкін. Айналыстағы бағалы қағаздар, әдетте, төменгі
төлем тәуекелімен қатар жүреді, өйткені қарыз берушілердің төлем
қабілеттілдігі жоғары болса ғана шығарылады. Ақша нарығының бағалы
қағаздарына: қазыналық векселдер, депозитік, сертификаттар, коммерциялық
қағаздар жатады.
Бағалы қағаздар нарықтық капиталдар ретінде бір жылдам астам
мерзімге ұсынылады. Бұл борышкерлік, сондай – ақ инвестициялық бағалы
қағаздар болуы мүмкін.
Бағалы қағаздардың атқаратын ролі бойынша: негізгі (акциялар мен
облигациялар), көмекші (чектер, векселдер, сертификаттар, т.б.) және
негізгі бағалы қағаздардың алыну мен сақтылу құқығын куәландыратын
шартты бағалы қағаздар болып бөлінеді (варранттар, опциондар, қаржылық
фьючерстер, сатып алу құқығынгың артықшылғы).
1. 3. Қаржылық инвестициялар есебі
Қаржылық инвестициялардың есебі 40 Қаржылық инвестициялар
бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Оған 401 Акциялар, 402
Облинациялар және 403 Басқа қаржылық инвестициялар шоттары кіреді.
401 – 403 шоттары активті, күрделі, негізгі болып табылады. Осы
шоттардың дебетіне қаржылық салымдардың айдың басы мен аяғындағы
қалдықтары, инвестициялардың ұлғаю операциялары; кредит бойынша қаржылық
инвестициялардың кему операциялары жазылады.
Қаржылық инвестициялардың шоттары бойынша талдамалы есеп
инвесторлардың түрлері және осы инвестициялар салынған объектілер
бойынша жүреді.
Қаржылық инвестициялар сатып алу кезінде ол оның сатып алынған
бағасымен бағаланады, ал сатып алынған бағаға байланысты тікелей
шығыстар, яғни брокерлер марапаттауы, банктің көрсеткен қызметі үшін
төленетін пайыздары, қор биржасының коммисиондық төлемдері кіреді.
Құнды қағаздар инвестициясының өтелу құны мен оның сатып алынғаен
құнының арасындағы айырмашылықтары (сатып алу кезінде пайда болған
жеңілдік немесе сыйақы) инвестор өзі иеленген уақыт ішінде
амортизацияланады.Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция бухгалтерлік баланс
төмендегідей жолмен анықталады:
- сатып алу құнымен;
- қайта бағалау құны ескерілген құнмен;
- сатып алынған құнымен және ағымдағы құнның ең кіші (төменгі)
бағасымен бағаланады, яғни қоржындық бағалы қағаздар негізінде.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар құны төмендеген жағдайда
сөзсіз бұл инвестициялардың баланстық құны қайта қарауды талап етеді.
Құнды тап осылайша төмендету әрбір инвестиция үшін жеке анықталынады
және есептелінеді. Бұл кезде инвестицияланған субъектідегі инвестордың
үлес салмағы және тәуекелділіктің түрі ескерілуі керек. Қаржылық
инвестициялар есептен шығарылғанда, оны сатқаннан түскен пайда мен
баланстың құнының арасындағы айырмасынан шығындарды алып тастағаннан
кейін (брокердің немесе диллердің қызметі) ол не табысқа, не шығысқа
жатқызылады. Егер инвестиция бұрынырақта қайта бағаланған немесе
ағымдағы құны бойынша бағаланған болса, онда ол қайта бағалау сомасы
табысқа немесе қабылданған есеп саясатына сай бөлінбеген табысқа
жатқызылады.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция қысқа мерзімді инвестициясына
өтетін болса, онда оның сатып алу мен баланстық құны ең төменгі баға
бойынша аударылады.
Егер инвестиция бұрынырақта қайта бағаланған болса, онда қайта
бағалау сомасы аудару кезінде шығарылып тасталынады.
Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы құнмен
есептелсе, онда ол баланстық құн бойынша аударылады.
Бұл арада бұрындары жүргізілген қайта бағалау сомасы инвестицияның
табысы болып саналады.
Қысқа мерзімді инвестицияларды ұзақ мерзімді инвестицияға аударса,
онда: олар сатып алу және ағымдағы құнның ең төменгі бағасы бойынша
немесе ағымдағы құны бойынша (егерде олар бұрындары осы құны бойынша
көрсетілген болса) бағаланады.
Енді біз бұл қалай есептелетіндігі туралы бір мысал қарастырып
көрейік:
- акцияның инвестициясы;
- облегацияның инвестициясы;
- басқа да қаржылық инвестициясы.
401 Акциялар шотында кәсіпорынның, басқа кәсіпорындардың,
банктердің және т.б. акцияларын алуға жұмсалған сомалары есептелінеді.
Акция - акционерлік қоғамның капиталына белгілі бір соманың салынғанын
куәландыратын және ол оның иесіне дивидентттер түрінде табысты бір
бөлігін алу құқын беретін бағалы қағаз.
Акцияларды алған кезде 401 Акциялар шотының дебеті бойынша және
төмендегі шоттардың кредиті бойынша шоттардың коррепонденциясы жасалынады:
Сатып алынған акциялардың сатып алу құнына - 671 Жабықтаушылар және
мердігерлермен есеп айырысулар, 687 Басқа кредиторлық қарыз және
төлемдер, 641 Еншілес серіктестіктерге қарыз, 642 Тәуелді
серіктестіктерге қарыз, 643 Бірлесіп бақылатантын заңды тұлғаларға
қарыз.
Акцияларды алған кезде есеп айырысу шоттарын жанай өтіп, ақша
қаражаттарының шоттарын пайдалануы мүмкін: 401 – шоттың дебеті, 431 Ел
ішіндегі валюталық, шотағы нақты ақша, 432 Шетелдегі валюталық шоттағы
нақты ақша шоттармен кредиті – шет мемлекеттердің банкілермен
компанияларының акцияларын алғанда; 441 Есеп айырсу шотындағы нақты
ақша, 451 Кассадағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақша - Қазақстан
Республиксының ішкі нарығындағы акцияларды алғанда.
Акцияларды сатқан жағдайда және басқа да жағдайда олар есептен
шығарылса, онда акцияның баланстық құнына 843 Бағалы қағаздарды сатумен
байланысты шығыстары деген шоты дебеттеледі де, және 401 Акция
кредиттеледі, сосын ол 301 шотының дебеті бойынша және 723 шоттың
кредиті бойынша көрсетіледі.
Мысал. Шығыс ААҚ ағымдағы жылдың маусымында жай акцияны алған
болатын:
- Цемент ААҚ – 10 000 дана 300 теңгеден әрбір данасын;
- Темір ААҚ – 8 000 дана 450 теңгеден әрбір данасын;
- ІBS ААҚ – 5000 дана 200 теңгеден әрбір данасын.
Осы алынған акциялардыяң жиынтығы Шығыс ААҚ акцияларының шамамен
20 % - тің ғана құрайды, яғни аталған қоғам олардың қызметіне
айтарлықтай әсер ете алмайды.
ІBS ААҚ – ында акцияны алумен байланысты брокерлердің қызметі
15 мың теңге құраған. Біз акцияның ағымдағы құны мынаны құрады:
Ағымдағы жылдың 1 Ағымдағы жылдың 31Келесі жылдың 1 -
– ші маусымына – ші желтоқсанындамаусымында
Цемент ААҚ 295 315 300
Темір ААҚ 455 475 400
ІBS ААҚ 200 250 250

ІBS ААҚ ағымдағы жылдың қарашасында қайта сату мақсатында алған
болатын, бірақ ол сатылмай қалды, сондықтан оны келесі жылдың басынан
бастап, ұзақ мерзімді инвестицияға өткізу туралы шешім қабылданды.
Облигация дегеніміз –ұстаушысына (иесіне) өз құнынан процент түрінде
тұрақты табыс беретін бағалы қағаздардың бір түрі. Облигациясы барлар
(ұстаушылар) эмитенттің (акционерлік қоғам, мемлекеттік муниципалды
органдар және басқалар) облигацияны шығарушының кредиторы болып табылады.
Облигация-жалған капиталдың бір түрі. Облигацияның акциядан айырмашылығы
оның ұстаушысы акционерлік қоғамның мүшесі бола алмайды және оның дауыс
беруге де құқысы жоқ.
Облигациялармен байланысты операциялардың есебі 402 Облигация
шотында жүреді.
402 Облигациялар шотында мемлекеттік және жергілікті займдардың
проценттік облигациялардың салынған қаржылық инвестицилардың нақты бары мен
қозғалысы және осындай құнды қағаздар сатып алу құнымен есептелінеді.
Облигация - белгіленген нақты (номиналдық) құны бойынша егесіне процент
төлеу арқылы өтелетін міндеттемені растайтын бағалы қағаз. Облигациялардың
төмендегідей түрлері бар: мемлекеттік және жеке меншікті (коммерциялық
банктер, акционерлік қоғамдар және басқалар шығарған); атаулы және талап
етушіге арналған; проценттік және проценттік емес, еркін айналымдағы және
айналым шеңбері шектеулі.
Облигациялардың төмендегідей реквизиттері болуы керек;аты,фирмалық
атауы және эмитенттің тұрған жері (облигацияны айналымға шығарушы мемлекет,
кәсіпорын, мекеме); фирмалық атауы немесе сатып алушының аты немесе
облигацияның талап етушіге жазылғаны туралы жазба; номиналдық құны,
қарастырылған болса пайыз мөлшері; өтеу және пайыздары (проценттерді) төлеу
мерзімдері, шығарылған орны мен күні, сондай-ақ облигацияның сериясы мен
нөмірі, эминенттің өкілетті тұлғаларының қол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық инвестиция есебі
Инвестиция есебі. Қаржылық инвестиция есебі
Инвистиция есебі және аудиті
Инвестициялардың мақсаты және инвестиция есебі
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялары
Қаржылық инвестиция есебі туралы ақпарат
Инвестиция есебі. Ұзақ мерзімді инвестициялар
Инвестициялық есеп
Қазакстан Республикасының экономикасын көтеруде шетелдік инвесторлардың атқарар ролі
Инвестициялар есебі жайлы
Пәндер