Адамзат қоғамының дамуы



1. Адамзат қоғамының дамуының индет ерменистік және детерминистік тұжырымдамасы.
2. Қоғам дамуын кезеңдендірудің формациялық жолы.
3. Қоғам дамуының өркениеттік теориясы.
Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын кезеңдендіруді бағалау тұрғысынан барлық теорияларды екі негізгі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа тарихи процестің бірлігін, адамзаттық прогрессивті әлеуметті-экономикалық дамуының жалпы заңдылықтарын мойындамайтын теориялар жатады. Екінші топқа осы процестің белгілі бір прогрессивті заңдылықтарын мойындайтын теориялар жатады. Индетерминистік тұжырымдаларға адамзат тарихы заңды жаратылыстанушы - тарихи процесс ретінде емес, әрқайсысының жеке жолы бар, қатар тіршілік ететін, туатын және өлетін мәдени-тарихи типтер (А.Тойнби, Н.Я.Данилевский), локалды мәдениеттер (О.Шпенглер) немесе мәдени үлкен жуйелер (П.Сорокин) жиынтығы ретінде көрсетіледі. Арнольд Тойнбидын жүйесінде тарихи процестің негізгі бірлігі рухани дәстүрлермен біріктірілген, белгілі бір аумақта өмір сүретін адамдар қауымдастығын белгілеуге қызмет ететін локалдық өркениет түсінігі болып табылады.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Адамзат қоғамының дамуының индет ерменистік және детерминистік
тұжырымдамасы.

2. Қоғам дамуын кезеңдендірудің формациялық жолы.

3. Қоғам дамуының өркениеттік теориясы.

1. Адамзат қоғамының дамуының индет ерменистік және детерминистік
тұжырымдамасы.

Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын кезеңдендіруді бағалау
тұрғысынан барлық теорияларды екі негізгі топқа бөлуге болады. Бірінші
топқа тарихи процестің бірлігін, адамзаттық прогрессивті әлеуметті-
экономикалық дамуының жалпы заңдылықтарын мойындамайтын теориялар жатады.
Екінші топқа осы процестің белгілі бір прогрессивті заңдылықтарын
мойындайтын теориялар жатады. Индетерминистік тұжырымдаларға адамзат
тарихы заңды жаратылыстанушы - тарихи процесс ретінде емес, әрқайсысының
жеке жолы бар, қатар тіршілік ететін, туатын және өлетін мәдени-тарихи
типтер (А.Тойнби, Н.Я.Данилевский), локалды мәдениеттер (О.Шпенглер) немесе
мәдени үлкен жуйелер (П.Сорокин) жиынтығы ретінде көрсетіледі. Арнольд
Тойнбидын жүйесінде тарихи процестің негізгі бірлігі рухани дәстүрлермен
біріктірілген, белгілі бір аумақта өмір сүретін адамдар қауымдастығын
белгілеуге қызмет ететін локалдық өркениет түсінігі болып табылады. Ол
бірінші (тікелей қарапайым қоғамдардың туындайтын), екінші (біріншіден
өндірілген) және тіпті үшінші өркениетті беліп керсетеді. Адамзат тарихында
А. Тойнби барлығы жиырма шақты өркениетті атайды. Олардың ішінен XX
ғасырдың ортасында кандай да бір дәрежеде жетеуі ғана сақталып қалды
(батыс христиандық, православиялық христиандық, ислам, индуистік, қиыр
шығыстық, буддистік, христианды-иудаистық).

Детерминистік тарихи процестің детерминистік тұжырымдамалары адамзат
қоғамының прогрессивті дамуын таниды. Бірақ даму негізіне салынған
құбылыстар түрліше пайдаланылады. Анықтаушы себеп ретінде техникалық базис
(халық өсуі, табиғи шарттар немесе техника мен технологиядағы өзгерістер)
немесе экономикалык (өндірістік қатынастар нысанының дамуы) базистің бір
не бірнеше элементтері, не кондырмаға жататын факторлардың бірі (құқық,
мемлекет, әлеуметтік психология және т.б.) жүре алады. Бірінші бағь
шеңберін демографиялық, географиялық және технологиялық детерминизм
тұжырымдамаларын, сонымен қатар өндірістік қатынастар нысанын
абсолюттендіретін теорияларды беліп көрсетуге болады.

Екінші бағыттың сан алуан түрлері институционализм шеңберінде дамиды.
Демографиялық детерминизм. Адамзат дамуы тарихын халық өсуімен түсіндірудің
жекелеген қадамдары ежелгі және орта ғасырларда пайда болды. Бірақ XVIII
ғасырда ғана демографиялық детерминизмнің болашақ тұжырымдамасының
элементтері қалыптаса бастады (Ж.Ж. Руссо, К.А. Гельвеций). Кейінірек Т.Р.
Мальтус ілімінде халық өсуі тәуелсіз ауыспалы шама, халық кедейлілігі мен
қайыршылықтың көзі ретінде қарастырылды. Бірақ халық орналасуының
мальтузиандық тужырымдамасы шын мәніндегі тарихи процесс теориясы болған
жоқ, себебі ол халық өсуінің сапалық кезеңі мен қоғам нысаны өзгеруінің
арасындағы байланысты орнатпады.

Демографиялық детерминизмнің пессимистік Нысаны мальтузиандық қатар
XIX ғ. аяғы XX ғ. басында демографиялық детерминизмнің оптимистік нысаны
үлкен дамуға ие болды (А.Кост, А.Секретан, О.Бугле). Францияда ол ерекше
дамуға ие болды. XIX ғасырдың соңғы он жылдығында халық өсуінің баяу
қарқыны тән және мальтузиандық аса танымал болмаған. Францияда ол ерекше
дамуға ие болды. Міне осы кезде француз саяси экономы және статистигі А.
Кост (1842-1901) "Объективті социология принциптері" (1899) және "Халықтар
тәжірибесі және оған негізделген ұсыныстар" (1900) атты екі еңбек шығарды.
Оларда ол барлық әлеуметтік құбылыстар демографиялық факторларға
байланысты болады деп дәлелдеуге тырысты.

Географиялық детерминизм. Географиялық детерминизм тұжырымдамаларында
адам мен табиғаттың өзара әрекеті бір жақты, адамзат қоғамының қоршаған
ортаға тәуелділігіне қарай қарастырылады. Ал шын мәнінде қоғам мен
табиғаттың өзара әрекеті күрделірек құбылыс. Ол адамзат дамуының баяулауы
немесе жеделдетілуімен ғана шектеліп қоймайды. Бір жағынан, адамзат
қызметі әсерінен өмір сүру ортасы өзгеріп, осы өзгерістер жинақталып
отырады, басқа жағынан сыртқы табиғатқа әсер етіп, оны өзгерте отырып, адам
сол уақытта өз табиғатын да өзгертеді. Тарихи даму барысында қоғам
өндіріске бұрын адам қолы жетпейтін қоршаған ортаның жаңа компоненттерін
үсті-үстіне тарта бастайды. Сондықтан, қоғам мен табигаттың, өзара әрекет
етуінің өзі тарихи жағынан өте ертеден. Ол өндірістік күштер дамуы
деңгейіне ғана емес, әрекет етуші өндірістік қатынастар сипатына да тәуелді
болады. Сонымен, қоршаған орта өндіріс дамуының шарты, өндірістік күштер
дамуының факторы ретінде ғана жүріп қоймай, белгілі бір және өсіңкі көлемде
осы даму нәтижесі болып табылады.

Технологиялық детерминизм. Ғылыми-технологиялық революция әсерінен
техникалық прогресті абсолюттендіретін теория, жиі пайда болып, кең танымал
болды. Осы теориялардың бастауын XX ғ. басындағы П. Энгельмейер (Ресей), Ф.
Десеауера, М. Шнейдер, М.Эйта (Германия) сияқты ғалымдар еңбегінен байқауға
болады. Ғылыми-техникалық факторларды артық бағалау және қоғамдық-тарихи
жағдайларды кең бағалау "легалдық марксистер" (П.Струве) мен неміс социал-
демократтары (Э. Бернштейн, К.Каутский) және орыс меньшевиктеріне
(П.Мартов, Н. Суханов) тән болды. Бірақ тарихи процестердің технологиялық
теориясының ең кең дамығын кезі соғыстан кейінгі жылдар болды. 1960 жылы
американдық экономист Уолт Уитмен Ростоудың "Экономикалық өсу кезеңдері"
атты кітабы жарық көрді. "Коммунистік емес манифест" атты атаумен жарық
көрген осы кітапта У. Ростоу өсудің 5 негізгі кезеңін беліп көрсетеді: 1)
дәстүрлі қоғам; 2) өрлеудің алғы шартын құру кезеңі; 3) өрлеу; 4)
кәмелетке қозғалу; 5) жоғары жаппай тұтыну заманы.

Бірінші- "Дәстүрлі қоғам" кезеңі үшін дейді У. Ростоу, өндірушілердің
үш ширегінен артығы азық-түлік өндірумен айналысуы тән болады. Ұлттық табыс
негізінен еріксіз пайдаланылады. Қоғам құрылымы саяси әкімет жер иелері
немесе орталық үкімет иелігінде болатын иерархияны құрайды. Екінші кезең -
әрлеудің өтпелі кезеңі болып табылады. Осы кезеңде үш өнеркәсіптік емес
сферада елеулі өзгерістер жүреді: ауыл шаруашылығында, көлік пен сыртқы
саудада. Үшінші кезең - "өрлеу", уақыттың салыстырмалы шағын ғана аралығын,
бір-екі онжылдықты қамтиды. Осы кезде капитал салу қарқыны еседі, халық
басына шаққандағы өнімді шығару елеулі өседі, өнеркәсіп пен ауыл
шыруашылығына жаңа техниканы тездеп енгізу басталады. Экономиканы
жетілдіруді қолдаушылардың дәстүрлі қоғамды қорғаушыларды жеңуі жүреді.
Төртінші -"кәмілетке қозғалу" кезеңін У. Ростоу техникалық прогрестің ұзақ
кезеңі ретінде суреттейді: урбанизациялау процесі дамиды, білікті еңбек
үлесі артады, енеркәсіп басшылығы білікті басқарушылар - менеджерлер
қолына шоғырланады. Бесінші - "жоғары жаппай тұтыну ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философияның даналық және адамзат қоғамының дамуы
Әлеуметтік экология ғылымының зерттеу обьектілері
Тұрақты даму тұжырымдамасындағы экологияның рөлі
Адам қоғамының қалыптасуындағы табиғаттың ролі
Атмосфераны қорғау
Педагогиканың теориялық - әдіснамалық негіздері
Қоғамның даму кезеңдерін анықтаудағы негізгі көзқарастар
Биосферадағы табиғи әрекеттерді басқару
Табиғат ресурстарын төлемді пайдаланау
Педагогиканың әдіснамалық негіздері
Пәндер