Бизнес аңыздары - Джон Рокфеллер



I.Кіріспе
1. Бизнес аңызы. Джон Дэвисон Рокфеллер(Әлем тарихындағы ең бай адам)
2. Джон Рокфеллердің өмірбаяны
II.Негізгі бөлім
3. Өмірде атқарған қызметтері мен жетістіктері:
3.1. Есепші ретінде
3.2. Кәсіби серіктес ретінде
3.3. Мұнай кәсіпкерлігінің негізін салушы ретінде
4. Қанатты сөздері(Цитаталары)
III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Рокфеллер Джон Дэвисон (1839-1937) — америкалық магнат-кәсіпкер әрі филантроп. АҚШ мұнай индустриясында үстемдік құрған әрі ең алғашқы ірі тресттердің бірі Standard Oil компаниясының негізін қалаушылардың бірі. Компания шарықтау шегіне келген кезде бүкіл өндірістің 90% бақылап отырған. Ол мұнай индустриясына революциялық өзгерістер енгізді, сонымен қатар Эндрю Карнеги сынды алдыңғы қатарлы өндірісшілермен бірге қазіргі заманғы филонтропия жүйесін құрды. 1870 жылы өзі негізін салған Standard Oil компаниясында 1897 жылы зейнетке шыққанға дейін қызмет атқарды.Рокфеллер бұл компанияны бауыры Уильям, сонымен қоса Генри Флаглер, Джабез А. Бостуик, химик Сэмьюэл Эндрюс және дауыс бере алмайтын Стефан Харкенстермен бірге Огайо штатында серіктестік ретінде құрды. Керосин мен бензиннің бағалығы артқан сайын оның да байлығы көбейе түсіп, әлемдегі ең бай адам және алғашқы «долларлық» миллиардер атанады.
1. «Психология успеха»электронды оқулығы,2006 жыл
2. «Бизнес.Цитаты» электронды оқулығы,2014 жыл

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Бизнес аңыздары(Әлемнің бай адамдары)

Орындаған: Ахметжанова А.С
Аграрлық факультеті.ОЗ-407 топ
Тексерген: Есенбекова З.Ж

Семей қаласы 2015 жыл

Жоспар

I.Кіріспе
1. Бизнес аңызы- Джон Дэвисон Рокфеллер(Әлем тарихындағы ең бай адам)
2. Джон Рокфеллердің өмірбаяны
II.Негізгі бөлім
3. Өмірде атқарған қызметтері мен жетістіктері:
3.1. Есепші ретінде
3.2. Кәсіби серіктес ретінде
3.3. Мұнай кәсіпкерлігінің негізін салушы ретінде
4. Қанатты сөздері(Цитаталары)
III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
1. Бизнес аңызы- Джон Дэвисон Рокфеллер(Әлем тарихындағы ең бай адам)
Рокфеллер Джон Дэвисон (1839-1937) -- америкалық магнат-кәсіпкер әрі филантроп. АҚШ мұнай индустриясында үстемдік құрған әрі ең алғашқы ірі тресттердің бірі Standard Oil компаниясының негізін қалаушылардың бірі. Компания шарықтау шегіне келген кезде бүкіл өндірістің 90% бақылап отырған. Ол мұнай индустриясына революциялық өзгерістер енгізді, сонымен қатар Эндрю Карнеги сынды алдыңғы қатарлы өндірісшілермен бірге қазіргі заманғы филонтропия жүйесін құрды. 1870 жылы өзі негізін салған Standard Oil компаниясында 1897 жылы зейнетке шыққанға дейін қызмет атқарды.Рокфеллер бұл компанияны бауыры Уильям, сонымен қоса Генри Флаглер, Джабез А. Бостуик, химик Сэмьюэл Эндрюс және дауыс бере алмайтын Стефан Харкенстермен бірге Огайо штатында серіктестік ретінде құрды. Керосин мен бензиннің бағалығы артқан сайын оның да байлығы көбейе түсіп, әлемдегі ең бай адам және алғашқы долларлық миллиардер атанады. Ол қайтыс болған 1937 жылғы оның байлығы $336 млрд (инфляцияны қосқандағы 2007-жылғы эквивалент) немесе АҚШ ІЖӨ-нің 1,54% құрады. Тарихтағы ең бай адам тізімінде 1-орын тиесілі.Өмірінің соңғы 40 жылын Кикуиттегі (Уэстчестер графтығы, Нью-Йорк) иелігінде зейнетте өткізді. Оның байлығы негізінен жүйелі әрі бағытталған филонтропияға жұмсалды: медицина, білім беру және ғылыми зерттеулерді (соның ішінде амарилезз және анкилистомозға қарсы) қолдайтын қорлар ашты.
Сонымен қатар, Чикаго және Рокфеллер университеттерінің негізін қалап, Орталық Филиппин Университетінің құрылысын қаржыландырды. Салауатты өмір салтын ұстанып, табак және алкогольге толықтай қарсы болған. Солтүстік Баптисттерінің қатарында болғандықтан бұл шіркеулерге қаржылай қолдау көрсеткен. Баптисттік Миссияның Эри-Стрит Шіркеуінде жексенбілік мектепте сабақ берген, оның сенімді әрі діни тұлғасы, тіпті кейде аула сыпырушысына дейін болған. Дін оның өмірінде үлкен рөл атқарды және Рокфеллер дінді өз жетістіктерінің негізі деп білді. Ол социал-дарвинизмге негізделген капитализмді қолдады және "Ірі бизнестің дамуы-жай ғана, күштілердің тірі қалуы" деген сөздерді үнемі айтатын болған.

2.Джон Рокфеллердің өмірбаяны
Алаяқ Уильям Эйвери "Билл" Рокфеллер (13-қараша 1810 - 11-мамыр 1906) және Элайза Дэвисонның (12-қыркүйек 1813 - 28-наурыз 1889) отбасындағы екінші сәби және бірінші ұл. Одан бөлек Люси (1838-1878), Кіші Уильям (1841-1922), Мария (1843-1925), егіздер-Франклин (Фрэнк) (1845-1917) және Фрэнсис (1845-1847) сынды бауырлары болған. Әкесі жағынан ағылшын және неміс, анасы жағынан шотланд және ирланд қаны тарайды. Билл ең алдымен ағаш кесуші, сосын шағын алып-сатарлықпен айналысқан. Алайда өзін "ботаникалық дәрігермін" деп атап эликсирлер сатқан. Жергілікті халық мінезі бір түрлі, бірақ көңілді жүретін оны "Үлкен Билл" не "Шайтан Билл" деп атаған. Көпшілік оны қоғамдық моральға көнбейтін, қаңғыбастық өмір кешетін, үйіне сирек қонатын адам ретінде білген. Бүкіл өмірінде көлеңкелі істермен атағы шыққан. Джонның туылуынан 1 жыл бұрын өз үйіндегі экономкасыкөңілдесі Нэнси Брауннан Клоринда есімді (1838-?, жастай өлген) және 1 жылдан кейін Корнелия (ш. 1840-?) есімді қыздары болады.Үй шаруашылығын мойнына алған иманды баптист Элайза күйеуі ұзақ уақытқа жоғалып кеткен кездерде үйдің тұрақтылығын сақтауға тырысып оның екінші әйелі мен сансыз "жүрістеріне" де көнеді. Тумысынан үнемшіл Элайза ұлына "Әдейі жасалған шығын қажеттілік болып оралады" деп айтатын болған. Жас Рокфеллер өз ақшасын күнделікті үй шаруаларын жасаумен, сондай-ақ күркетауық бағып, картоп және кәмпит сатып, ең соңында көршісіне азғантай ақшаны несиеге беру арқылы табады. Ол әкесінің "ыдысы бос адамға тамақ сат" деген кеңесіне еріп, үнемі келісімді өз пайдасына шешіп отырды. Бірде Билл "Мен кез келген сәтті пайдаланып балаларымды алдауға тырысамын. Себебі олардың есепшіл болғанын қалаймын." деп мақтаныпты.Оның кішкентай кезінде, отбасы Моравияға (Нью-Йорк), ал 1851-жылы Овегоға көшеді. Сол жерде Рокфеллер Овего Академиясында оқиды. 1853-жылы оның отбасы Кливлендтің жанындағы Стронгсвильге көшіп келгеннен кейін Кливленд Орталық Орта Мектебінде оқиды. Артынан Фолсом Коммерциялық Колледжінің 10 апталық бизнес-курсында есепшілік негіздерін үйренеді.Әкесінің алыстығына және жиі көшулерге қарамастан жас Джон өзін сабырлы, тәрбиелі ұстады, сабаққа құлшынысы мол болды. Замандастары оны тұйық, айтқанынан қайтпайтын, иманды, істерін жүйелі атқаратын, ақылды жігіт ретінде сипаттайды. Ол өте жақсы пікірталасшы болды және өз ойын тіке айтатын. Сондай-ақ ол музыканы қатты сүйді және болашақта музыкант болу мүмкіндігін де қарастырды. Ертерек ол аналитикалық қасиеттері мен бухгалтерлік есепке жүйріктігін анық көрсетті.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
3.Өмірде атқарған қызметтері мен жетістіктері
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
3.1.Есепші ретінде
1855 жылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бизнес аңыздары, (Әлемнің бай адамдары) - Рокфеллер Джон Дэвисон
Бизнес аңыздары(әлемнің бай адамдары) жайлы
Бизнес аңыздары туралы (Әлемнің бай адамдары)
Бизнес аңыздары (әлемнің бай адамдары) - Карлос Слим Элу
Ең бай адамдар
Г. Киссинджер:тұлға әрі саяси қайраткер
ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы АҚШ-тың саяси-экономикалық дамуы
Экономикалық басқарудағы кәсіпкерлік қызмет
Джон Ф. кеннеди саясаткер және дипломат
Менеджер этикасы және әлеуметтік ролі
Пәндер