Тіл және ұлттық мінез



1. Тіл
2. Ұлттық мінез
Жер беті аймақтарының бір бөлігін ұзақ жылдар бойы мекен еткен адамдардың тұрмыс-тіршілігі, кәсібі, өмір сүру салтының ортақтығына, ортақ мақсат-мүдделеріне байланысты және сан алуан тарихи жағдайларға орай, өзіндік өзгешеліктері айқындалып, белгілі бір ұлттың қалыптасатыны белгілі. Осы қағидаға сүйенсек, қазақ ұлтын басқалардан өзгешелендіріп тұратын өзіндік этностық белгілері – тілі мен ділі, таным-түсінігі, ой-санасы,мінез-құлқы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тұрмыс-тіршілігі сияқты т.б. белгілері мыңдаған жылдар бойы қалыптасқаны даусыз. Ал этностық белгілердің ішінен кез келген ұлтты басқалардан ерекшелейтін басты белгі ұлттық тіл болып саналады.
В.Гумбольд өзінің «Тіл және мәдениет философиясы» деген еңбегінде: «Ұлттың өзіне тән іштей данышпан рухы бар, сол рухтың ерекшелігін сыртқа шығарып, сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа беруші күш – тіл» ("Язык и философия культуры".
1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006.
2. Қоғамдық білім негіздері: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. - Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006.
3. Гачев Г.Д. Национальные образы мира. М. «Академия», 1998. - 430 с.
4. Лебедева Н.М., Лунева СВ., Стефаненко Т.Т., Мартынова М.Ю. Межкультурный диалог: Тренинг этнокультурной компетентности. М., 2003.
5. Межкультурная коммуникация. Под ред. В.Г. Зусмана. Нижний Новгород, 2001.-320.
6. Кипиани Г. Этническая идентичность в структуре идентификации личности и социально культурные условия развития. Развитие национальной, этнолингвистической и религиозной идентичности у детей и подростков. М., 2001.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СОБӨЖ
Тақырыбы: Тіл және ұлттық мінез

Топ: Қ - 319 с
Орындыған: Құрманбаева Ақмарал
Тексерген: Мұқанова Қ.Қ.

Семей 2015 ж

Тіл және ұлттық мінез

1. Тіл
2. Ұлттық мінез
Жер беті аймақтарының бір бөлігін ұзақ жылдар бойы мекен еткен адамдардың тұрмыс-тіршілігі, кәсібі, өмір сүру салтының ортақтығына, ортақ мақсат-мүдделеріне байланысты және сан алуан тарихи жағдайларға орай, өзіндік өзгешеліктері айқындалып, белгілі бір ұлттың қалыптасатыны белгілі. Осы қағидаға сүйенсек, қазақ ұлтын басқалардан өзгешелендіріп тұратын өзіндік этностық белгілері - тілі мен ділі, таным-түсінігі, ой-санасы,мінез-құлқы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тұрмыс-тіршілігі сияқты т.б. белгілері мыңдаған жылдар бойы қалыптасқаны даусыз. Ал этностық белгілердің ішінен кез келген ұлтты басқалардан ерекшелейтін басты белгі ұлттық тіл болып саналады.
В.Гумбольд өзінің Тіл және мәдениет философиясы деген еңбегінде: Ұлттың өзіне тән іштей данышпан рухы бар, сол рухтың ерекшелігін сыртқа шығарып, сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа беруші күш - тіл ("Язык и философия культуры". Москва: Прогресс, 1996, 111-б.), - деп оның рухани маңыздылығын ерекше бөліп көрсетеді. Осыған ұқсас ойды М.Арынның тәрбие туралы толғауларынан да кездестіреміз. Ол: Тіл дегеніміз белгілі бір халықтың жинаған рухани қазынасының жиынтығы, соның бәрін сақтайтын қойма іспетті. Қойма дегенде ойға оралады, сол жинаған байлықты ұрпақтан-ұрпаққа тіл жеткізіп беріп отырмаса, әр ұрпақ өзінің рухани өмірін жаңадан бастаған болар еді (Бес анық (тәрбие туралы толғаулар). Алматы: Арыс, 1996, 14-15-бб.), - дейді.
Ұлттық тілдер басқа жұрттың атауларын өзінің дыбыстық, құрылымдық жүйесінің заңдылықтарына бағындырып қабылдауының басты себебі - олар ұлттық тілге жат дыбыстардан тұрады әрі ол дыбыстардың бір-бірімен тіркесімі де мүлдем өзгеше. Ондай сөздерді ұлттық тілде сөйлейтіндер айтып-жаза алмайды. Өйткені ұлттық тіл сан мыңдаған жыл бойы өзге тілден өзгеше болып қалыптасып, сол тілді пайдаланушылардың сөздерді айтуы (артикуляция) мен дыбыстауын (акустика) бір заңдылыққа негіздейді. Ал бөтен тілдің сөздері өзгеше дыбыстар мен солардың өзіндік тіркесімінен тұратындықтан, ұлттық тілдің заңдылықтарына сәйкес келмейді. Жоғарыда айтқанымыздай, бөтен тілдік атаулар да шартты таңбаға жатқанымен, оларды сол қалпында пайдалануға болмайтыны сондықтан.
Бұдан шығатын қорытынды: тұрмыс-тіршілігімізге еніп, тілімізде аталуға, айтылып-жазылуға тиісті жаңа зат-ұғымдарға дер кезінде қазақша атау берілмей, олармен бірге оның шеттілдік атауы да тілімізге еніп, кең қолда-нысқа түсіп кетсе, бөгде тілдік атауларға зат пен ұғымға тікелей қатысы жоқ шартты таңба ретінде қарап, тек дыбысталу жағын ғана қазақшалауға тырысу қажет. Дегенмен мынаны ескеру қажет сияқты: зат пен құбылыс және ол туралы ұғымды дәл бейнелеп бере алатын қазақша сөз табылып жатса, әңгіме басқа, керісінше, тілімізде бұрыннан бар тілдік материалдар негізінде жасал-ған жаңа атау өзінің бұрынғы атаулық ұғымына жетелеп, жас ұрпақты шатастырып жатса ше? Мәселен, түймедақ таблетка сөзін ауыстыра ала ма? Қайсысын айтқанда сол заттың ұғымын санамызда бейнелеп, көз алдымызға келтіре аламыз? Біздің ойымызша, оны тәбілеткі дей салған жөн.
Сондықтан дыбыстық жағы өзгертуге көнетін шеттілдік атауларды сәл-пәл түзеп, тіліміздің айтылым-емле (орфоэпия-орфография) ережелеріне сәйкес-тендіріп пайдалана салу әлдеқайда жеңіл. Ол үшін, ең әуелі, қазақ әліпбиін орысша қалай жазылса, солай жазуға мәжбүрлейтін, тілімізге зорлықпен енгізілген жат дыбыстардан арылтып, сосын шеттілдік сөздерді қазақша қалай айтып-жазу ұстанымын бір ыңғайға келтіріп алу керек. Сонда ғана тіліміздің сөздік құрамын басқа тілдік сөздердің есебінен байыта аламыз. Жаңадан сөз жасау машақатын жеңілдетіп, жас ұрпақтың түсінігіне жеңіл, сапалы оқулық, оқу құралдарын жазуға қол жеткіземіз. Бізге үлгі болып жүрген орыс тілі және әлемнің басқа да алдыңғы қатардағы тілдері, міне, осы бағытты ұстанып, дамып келеді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазақ ұлтын басқалардан өзгешелендіріп тұратын өзіндік этностық басты белгісі - тілі екені ақиқат. Ал тіл болса, барша құндылықтың негізі. Профессор Ә.С. Әлметова: Мәдениеттер сұхбатында зерттеушілер екі үлкен мәселеге ерекше назар аударады. Ол: ұлттық мінез-құлық және ұлттық діл. Ұлттық мінез-құлық адамдардың психикасындағы ұлттың өмір сүруіне қажет өзіндік шарттарды бойына жинақтаған ерекшелік, әрбір ұлтқа тән психологиялық айырмашылықтар мен қасиеттердің жиынтығы. Бұл мінез-құлық - белгілі бір ұлтты басқа ұлт өкілдерінен айырып көрсететін сол ұлт өкілдерінің басым көпшілігінің бойынан табылатын қасиеттер (аталған еңбек, 109-б.), - дейді. Демек, ұлттық мінез-құлық ұлттық ділден шығатын болса, ұлттық діл ұлттық тілмен шарттасады. Екеуінің өзара арақатынасы - өте күрделі.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ұлттық мінездің нышандары
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Сөздің жалпылама мағынасын алып қарағанда, адамның мінезі дегенді -- адамның тәртібі мен қылықтарына әсер ететін, оның тек өзіне тән, айқын көрініс беретін психологиялық нышандары деп түсіну керек. Сөздің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі мәдениетаралық коммуникация мәселелерінің өзектілігі. Тіл және ұлттық мінез құлық
Тіл және ұлттық мінез туралы ақпарат
Этнопсихология туралы түсінік
Мәдениетарлық коммуникация, оның түйінді ұғымдары
Ұлттық идеология астарлары
Танымдық процестердің этнопсихологиялық ерекшеліктерін зерттеудің теориялық негіздері
Əлеуметтік гендерлік зерттеулер
Халықаралық қарым-қатынас тәрбие
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі ит зоонимдік метафорасының ұлттық сипаты
Этнопсихология пәнінен дәрістер
Пәндер