Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия туралы ақпарат



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия.
2.2 Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану.
2.3 Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014.2015 ж.).
2.4Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу.
ІІІ. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Синэкология (гірек тілінен аударғанда syn - бірге) – әр түрге жататын өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдердің популяцияларының ассоциацияларын (биоценоздар), олардың қалыптасу жолдары мен қоршаған ортамен өзара әсерін зерттейтін экологияның бөлімі. Жеке ғылыми бағыт ретінде синэкология 1910 жылы Халықаралық ботаникалық конгрессте бөлініп шықты. «Синэкология» ұғымын ғылымға енгізген швейцар ботанигі К. Шретер болып есептеледі.
Әр түрдің популяцияларының макрожүйелерге бірігуінен – бірлестіктер немесе биоценоздар түзіледі.
Биоценоз (гірек тілінен bios - өмір, koinos – жалпы, ортақ) – қоршаған ортаның бірдей жағдайында бірге тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер популяцияларының жиынтығы. «Биоценоз» ұғымын 1877 жылы неміс зоологы К. Мебиус (1825-1908) ұсынды.
Белгілі бір дәрежеде біртекті жағдайлармен сипатталатын, ағзалардың белгілі бір бірлестігімен (биоценоз) қоныстандырылған кеңістік – биотоп (гірек тілінен аударғанда topos – орын) деп аталады.
1.Қуатбаев А.Т. Жалпы экология. Алматы. 2012ж.29-38 б.
2.Джусупова Д.Б. Экологиялық биотехнология. Алматы.2013ж.69-76б.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия. Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану.Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж.).Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу.

Орындаған: Турарова Н.Қ
Тобы: ВС-403
Тексерген: Мурзалимова А.К

Семей, 2015 жыл
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия.
2.2 Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану.
2.3 Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж.).
2.4 Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу.
ІІІ. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.
Синэкология (гірек тілінен аударғанда syn - бірге) - әр түрге жататын өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдердің популяцияларының ассоциацияларын (биоценоздар), олардың қалыптасу жолдары мен қоршаған ортамен өзара әсерін зерттейтін экологияның бөлімі. Жеке ғылыми бағыт ретінде синэкология 1910 жылы Халықаралық ботаникалық конгрессте бөлініп шықты. Синэкология ұғымын ғылымға енгізген швейцар ботанигі К. Шретер болып есептеледі.
Әр түрдің популяцияларының макрожүйелерге бірігуінен - бірлестіктер немесе биоценоздар түзіледі.
Биоценоз (гірек тілінен bios - өмір, koinos - жалпы, ортақ) - қоршаған ортаның бірдей жағдайында бірге тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер популяцияларының жиынтығы. Биоценоз ұғымын 1877 жылы неміс зоологы К. Мебиус (1825-1908) ұсынды.
Белгілі бір дәрежеде біртекті жағдайлармен сипатталатын, ағзалардың белгілі бір бірлестігімен (биоценоз) қоныстандырылған кеңістік - биотоп (гірек тілінен аударғанда topos - орын) деп аталады.
Кез келген биоценоз биотоппен бірігіп, одан да жоғары деңгейдегі биологиялық жүйе - биогеоценозды түзеді. Биогеоценоз ұғымын 1940 жылы В.Н. Сукачев ұсынды.
Экожүйелердің энергиясы - Материяның барлық түрлерінің өзара әсері мен қозғалысының жалпы сандық өлшемі. Ол табиғат құбылыстарын біріктіреді. Жүйедегі энергияның өзгеруі жұмыс орындалған кезде жүреді.
Демография (грек. демос - халық) - халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін (туу, өлім, өмірінің ұзақтығы) қоғамдық - тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым. Соңғы жылдары демографияның жаңа бағыттары - экологиялық демография немесе демографиялық процестердің адамның мекен ету ортасына байланысын зерттейтін бағыты қалыптасып келеді.
Қалдықтар - табиғи шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болатын заттар мен өндірістік жарамсыз шығарылымдар. Қалдықтардың барлық түрлерін есептегенде өндірілетін табиғи заттар мен энергияның тек 2%-ы ғана пайдаға асырылады. Қалған 98%-ы әр түрлі қалдықтарға айналады.

2.1Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия.
Синэкология (грекше syn -- бірге және экология) -- популяцияның, табиғи бірлестіктердің және экожүйенің бір-бірімен өзара және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін экология бөлімі. Синэкология Брюссельде өткен ІІІ Халықаралық ботаникалық конгресте (1910) экологияның жеке бөлімі ретінде танылды. Синэкология қазіргі фитоценология ғылымының баламасы ретінде қолданылады. Кейіннен синэкологияның зерттейтін нысандарының құрамына микроорганизмдер, саңырауқұлақтар және жануарлар жатқызылды. Қазіргі кезде синэкология биоэкологияның бір саласы деп қарастырылады. Бұл терминді алғаш рет ұсынған швейцариялық ботаник К.Шретер болды. Синэкологияның қалыптасуына даниялық гидробиолог К.Мебиустың (1825 -- 1908) Солтүстік теңіздің таяз жағалауын мекендейтін устрица ұлуларының тіршілігін жан-жақты зерттеуі үлкен әсер етті. Ол устрица ұлуларының тіршілік әрекетіне судың тұздылығы, температурасы, мекен ететін ортасы, сондай-ақ ұлулармен бірге тіршілік ететін басқа да организмдердің бір-біріне әсері туралы қорытынды жасай отырып, ондай табиғи бірлестікті "bіocenosіs" деп атауды ұсынды. Қазіргі уақытта синэкология табиғи бірлестіктердегі энергия алмасу, қоректік тізбек, кеңістік пен уақытқа тікелей қатысы бар биологиялық сан алуан тіршілік, биогенді элементтердің айналымы, эволюциясы, организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасы, табиғи бірлестіктерді басқару, т.б. көптеген мәселелерді зерттейді
Табиғатта әр түрге жататын популяциялар бірігіп, қауымдастық немесе биоценоз түзеді. Биоценоз (грекше bios - өмір, koinos - жалпы, ортақ) - бірдей орта жағдайларында бірге тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер популяцияларының жиынтығы.
Биоценоз ұғымын қолдануды 1877 жылы неміс зоологы Карл Мебиус ұсынды. Биоценоз тірі организмдердің жай жиынтығы емес, ретті, бір - бірімен байланысқан фитоценоздан (өсімдіктер жиынтығы), зооценоздан (жануарлар жиынтығы), микоценоздан (саңырауқұлақтар жиынтығы) және микробоценоздан (микроорганизмдер жиынтығы) тұратын жүйе.
Ешқандай биоценоз қоршаған ортадан тәуелсіз не одан тыс өздігінен дами алмайды. Нәтижесінде жеке бөліктерінің күрделі өзара қалыптасқан, тірі және өлі бөліктерінің жиынтығынан тұратын белгілі бір кешендер түзіледі. Белгілі бір дәрежеде біртекті жағдайлармен сипатталатын, организмдердің белгілі бір бірлестіктерімен қоныстанған кеңістік - биотоп деп аталады.
Яғни, биотоп -- тірі организмдердің жиынтығы, тіршілік ететін орта. Нәтижесінде биоценозбен биотоп бірлесіп - биогеоценозды құрайды. Алғаш рет бұл терминді ғылымға 1940 жылы В.Н. Сукачев енгізген. Сонымен биогеоценоз дегеніміз - биоценоз + биотоптың (экотоп) диалектикалық бірлестігі. Ол төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады: өндірушілер (жасыл өсімдіктер); талап етушілер (бірінші - өсімдік қоректі жәндіктер; екінші - жануар тектес қоректілер); ыдыратушылар (микроорганизмдер) және өлі табиғат компоненттері. Міне, осы компоненттер арасында үнемі қарым-қатынастар жүріп жатады.
Егер биотопты биоценоз тіршілік ететін орын ретінде қарастырсақ, онда биоценозды белгілі бір нақты биотопқа тән, тарихи қалыптасқан организмдер кешені деп қарауға болады.
Біркелкі өсімдіктер жамылғысы бар қауымдастықтарды, мысалы, шалғындық биоценозы, батпақ биоценозы деп атайды. Біршама майда қауымдастықтарға: микроқауымдастық, синузиялар, консорциялар және тағы басқа да ұғымдары қолданылады. Адам қолымен жасалған биоценоздарды агроценоз деп атайды.
Кез келген жүйенің құрылымы - ондағы бөліктердің байланыстары мен арақатынастарындағы заңдылықтар. Биоценоз құрылымы көпқырлы, соған байланысты оны зерттеу кезінде әртүрлі аспектілерін (биоценоздың түрлік, кеңістіктегі, экологиялық құрылымдарын) бөліп қарайды.
Биоценозды зерттеуші ғылым саласы -- биоценология деп аталады. Ал, биогеоценоз ұғымы тек биоценоз бен биотоп жиынтығы ғана емес, ол табиғаттың біртұтас және өзінің даму заңдылығы бар күрделі жүйе. Сондықтан табиғаттағы биологиялық бірлестіктер -- кез келген популяциялар мен биотоптардан тұратын кішігірім жәндік (жануар) інінен бастап, мұхиттардың биотасын қамтыйтын табиғи бірлестіктер. Ең үлкен биологиялық жүйе - биосфера немесе экосфера. Ол жер шарының барлық тірі организмдері мен оның тіршілік ететін физикалық ортасын қамтиды.
Ғылымда биоценоз ұғымының баламасы ретінде Экожүйе термині жиі қолданылады. Оны 1935 жылы А.Тенсли енгізген. Шын мәнінде, екі ұғымда бірдей мағынаны білдіреді, әрі бірін-бірі толықтыра түседі.
Биоценоз трофикалық сипаты тұрғысынан уақыт пен кеңістікке байланысты -- автотрофты және гетеротрофты организмдерге жіктеледі. Егерде биогеоценоз ұғымы көбінесе зерттелетін объектінің құрамына сипаттама берумен шектелсе, ал экожүйе ондағы атқаратын функциясын көбірек сипаттайды. Мәселен, экожүйелер: 1) энергия ағымына, 2) қоректік тізбектер, 3) кеңістік пен уақытқа байланысты көптүрлілік құрылым, 4) биогенді элементтер айналымы, 5) эволюция және даму, 6) басқару, 7) компоненттердің қарым-қатынастарын толық қарастырады.
Сондықтан экожүйе -- экологияның функциялды бірлік өлшемі. Оның ең басты қызметі - ондағы компоненттердің бір-бірімен қарым-қатынас жағдайында ықпал етуі.
Биоценоздағы қарым-қатынастардың ең бастылары қоректік және кеңістіктегі байланыстар. Қоректік қарым-қатынастарды ғылымда -- биотикалық факторлар деп атайды. Яғни, биотикалық факторлар дегеніміз -- тіршілік барысындағы организмдердің бір-біріне тигізетін әсері немесе ықпалы. Аталған факторлар біртүрлі сипат ала отырып, бір ортада тіршілік ететін организмдер арасында анық немесе байқаусыз түрде білініп отырады. Мәселен, өсімдік -- өсімдік қоректі организм (фитофаг) үшін ең қажетті роль
атқарғанымен, өз кезегінде фитофагтар да өсімдіктің өнімділігін азайтып, қолайсыз жағдай туғызады.
Сол сияқты гүлді өсімдіктер үшін оны тозаңдататын аралар, т.б. жәндіктер үлкен роль атқарады. Осының бәрі биоценоз құрылымының күрделілігін және ондағы тіршілік иелерінің бір-біріне тәуелді, пайдалы немесе кері әсер ете отырып үнемі даму үстінде екендігін көрсетеді.

Экожүйедегі энергия.
Жер бетіндегі ірі масштабтағы құбылыстардың бәрі де Күн сәулесі энергиясының 1 %-нан аспайтын жиынтық энергияға ие. Энергияның пирамида заңы тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз етуге арналған Жер көлемінің есебін және т.б. экологиялық-экономикалық есептерді жасауға қолданылады. Күн энергиясы ағыны арқасында Жерде ауа мен судың әлемдік физикалық айналмы жүреді. Ауа массасының жылжуы механикалық әсерлердің (жел, толқын, ағыстар) басқа заттардың бірінші кезекте су буы мен шаң бөлшектерінің, әртүрлі құрамындағы аэрогендік миграциясының жүруін қамтамасыз етеді. Күн радиациясының әсерінен атмосферада әртүрлі фотохимиялық реакциялар - су фотолизі, озонның, кукіртті сутектердің түзілуі орын алады. Тасмалдантын массалық көлемі мен жұмсалатын энергияны ескергенде, Жердегі ең үлкен заттар айналымының бірінде су айналымы жатады. Жылына бұл процеске қатысатын бүкіл гидросфера массасының небәрі 0,04 % болса да, секундына 16,5 млн.м3 және 40 млрд МВт Күн энергиясы айналымға түсіп отырады. Күн энергиясының арқасында жүретін су мен ауаның физикалық айналымынан басқа көптеген химиялық элементтер мен олардың қосылыстары айналымға тартылады.
Жоғарыда келтірілгендей биоценоздағы организмдер арасында тұрақты қоректік байланыстар қалыптасқан. Осы қатынастар белгілі бір организмдердің тобын біріктіріп отырады. Ол қоректік тізбектер бірнеше құрамдас бөліктерден тұруы мүмкін. Ол үш бөлімнен тұрады.
Біріншісі -- продуценттер немесе өндірушілер. Бұнда автотрофты жасыл өсімдіктер органикалық заттар түзіп, алғашқы биологиялық өнімділікті түзеді және күн энергиясын жұмсайды (сіңіреді).
Екінші - консументтер, бұған жануарлар жатады.
Үшінші -- редуценттер немесе қайта қалпына келтірушілер. Оларға микроорганизмдер жатады. Олардың ролі ерекше. Яғни, заттарды ыдыратып, қайта қалпына келтіріп, зат айналымын жалғастырып отырады.
Әрбір қоректік тізбектің қатарында белгілі бір трофикалық деңгей қалыптасады. Ол өзінен өтетін зат және энергия ағымының активтілігімен сипатталады. Мәселен, жасыл өсімдіктер - бірінші трофикалық деңгейді түзсе, фитофагтар -- екінші, ал жануарлар тектес қоректілер -- үшінші, т.б. жалғаса береді.
Барлық қоректік тізбектер бір -- бірімен байланысты және тәуелді болып отырады. Әрбір деңгейден екінші, үшіншіге өткен сайын зат немесе энергия беру жүзеге асады. Осының бәрі биоценоздағы қоректік тізбектің күрделілігін және біртұтас жүйе ретінде әрекет ететіндігін көрсетеді.
2.2 Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану.
Осыған байланысты табиғи қорларды қорғаудың бүгінгі таңда дүниежүзілік маңызы бар проблемаға айналуы заңды мәселе. Табиғи қорларға зиянды әсер тигізетін литосфера, гидросфера, атмосфераның ластануымен ойдағыдай күресу көптеген елдермен бірлесе отырып, бұл күрделі мәселені шешуді талап етеді.
Қазақстандағы тектоникалық құрылымдардың ерекшелігі, геологиялық даму тарихының күрделілігі, аумағының кең көлемді болуы мүнда сан алуан табиғи қорларының шоғырлануына жағдай жасайды. Республика аумағынан табиғатта кездесетін пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табылған, бұған қоса климаттық және минералдық, отын-энергетикалық т. б. қорлар жөнінен де республикамыз дүниежүзінде көрнекті орын алады. Жалпы Қазақстанда кездесетін табиғи қорларды мынадай топтарға бөлуге болады:
Отын-энергетикалық қорлар.Қазақстанда бұл қор түрлерінен тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, табиғи газ және жанғыш тақтатастар таралған. Тас көмір өндірілетін аудандары Екібастұз, Майкүбі, Қарағанды, Кендірлік, Таскөмірсай, Алакөл кен орындары. Осылардың ішінде маңыздырағы Қарағанды және Екібастұз алаптары. Мұнай мен газ қорлары Қазақтанның батысында шоғырланған. Бұлардың Маңғыстау түбегі мен Жемнің төменгі ағысындағы алқаптар игерілген. Барлық кен орындарында мұнайға қосымша табиғи газ өндіріледі. Ембі мұнайының сапасы жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орындарда. Соңғы жылдары мұнда жаңа кен орындары барланып, игеріле бастады.[ Минералдық қорлар.Қазақстан минералдық қорлардың түрлері мен қоры жөнінен теңдесі жоқ аймақ болып табылады: мұнда шын мәнінде Менделеев кестесіндегі элементтердің барлығы дерлік кездеседі. Солтүстік Қазақстанда әйгілі Соколов-Сарыбай, Қашар, Лисаков, Қоржынкөл кен орындары орналасқан. Сондай-ақ темір кені Алтайда (Шығыс Қазақстан), Қарсақпай, Қаражалда (Орталық Қазақстан) кездеседі.
Қазақстан полиметалл кендеріне де бай оның негізгі қорлары Кенді Алтайда, Сарыарқада, Оңтүстік Қазақстанда шоғырланған. Сирек және бағалы металл түрлерінің кен орындары бүкіл аумақта таралып орналасқан. Кен емес қазбалардан фосфориттер мен тұздардың, құрылыс материалдарының кен орындары негізінен Батыс және Оңтүстік Қазақстанда (Қаратау өңірінде) кездеседі. Фосфориттің қоры және сапасы жөнінен республикамыз дүние жүзіне әйгілі болып отыр.
Климаттық қорлар.Қазақстанның географиялық орнының ерекшеліктеріне байланысты климаттық қорлары мол. Өсіп-өну мерзімінің ұзақтығы, күн сәулесінің мол түсуі Қазақстанда, әсіресе оның оңтүстігінде көптеген жылу сүйгіш өсімдіктерді (жүгері, күріш, мақта, бидай және т.б.) өсіруге мүмкіндік береді. Мол күн энергиясын гелиоқондырғыларда қолдану мүмкіндіктері бар. Қазақстанда күн энергиясы түрғын үйлерді, жылыжайларды жылытуға жұмсалады. Республика жел энергиясына бай. Желді аудандарда (Шар, Жаңғызтөбе, Жоңғар қақпасы, Іле аңғары және т. б.) жел энергиясын механикалық және электр энергиясына айналдыруға болады.
Су қорлары.Қазақстанның су корларына беткі сулардан (өзен, көл, мұздақтар) басқа жер асты суы мен минералды су көздері жатады. Қазақстанның климаты жағдайында өзен жүйесі онша жиі болмағандықтан, халық шаруашылығы үшін жер асты суы қорларын пайдаланудың үлкен маңызы бар. Мал шаруашылығын өркендету үшін шөлейт пен шөл зоналарында артезиан құдықтары пайдаланылады. Үлкен қалаларды, суға тапшы аудандардағы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету көбіне жер асты суы есебінен болады. Қазақстан жер қойнауынан құрамында адам ағзасына қажетті тұздары бар минералды су көздері табылған. Мұнда Алмаарасан, Барлықарасан, Қапаларасан, Жаркентарасан, Сарыағаш сияқты санаторий-курорттар осы арқылы емдеу орталықтарына айналған.
Жалпы Қазақстан аумағының климаттық ерекшеліктеріне байланысты су қорларының маңызы арта түседі. Себебі қуаң климат жағдайында ауыл шаруашылығын, әсіресе суармалы еғістерді өркендету үшін су қорлары басты орын алады. Бүған қоса қалалар мен өнеркөсіп орындарының өсуі, республикадағы су корларының жетіспеушілік жағдайына әкеп соғады. Еліміздің трансшекаралық өзендері Ертіс пен Ілені үтымды пайдаланумен бірге экологиясының қауіпті жағын да ескерген жөн. Олардың бастауы біздің мемлекеттік шекарадан тыс жатқандықтан трансшекаралық өзендердің проблемасы сан қырлы. Олардың шаруашылық жөне экологиялық сипатымен қатар саяси, тарихи, экономикалык және табиғатын корғау мәселелері тұр. Көршілес, туыстас мемлекеттермен ортақ өзендердің (Сырдария, Талас, Шу) тағдырына қатысты да дәл осындай проблемалар туындайды. Трансшекаралық өзендер мен көлдерді (Каспий жөне Арал) қорғау мен тиімді пайдалану ережелері 1992 жылы БҰҰ Хельсинки конференциясында бекітілген.
Су корларын пайдаланудың жыл сайын өсуіне байланысты оларды ұтымды пайдалану, ластанудан қорғаудың маңызы зор. Өзендерге гидротехникалык кондырғылар салу кезінде де жергілікті табиғат ерекшеліктерін ескеру қажет.
Топырақ-өсімдік қорлары.Республикадағы топырақ, осімдік қорлары аумағының ауқымды болуына байланысты әркелкі таралған. Бұл кор түрлерінің ерекшелігі олардың өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы үшін шикізат көзінің қызметін атқаруы, осыған байланысты адамның шаруашылық әрекетінің әсеріне көп ұшыраған.
Қазақстан құнарлы топырақ түрлеріне онша бай емес. Бірқатар аймақтарда топырақтың, ылғалдың, қоректік элементтердің жетіспеуінен немесе сортаңдану әсерінен ауыл шаруашылығында пайдаланылмайды. Сондықтан жарамсыз жерлерді оңдеуден өткізу немесе мелиорациялау арқылы шаруашылыққа пайдалану алдағы міндет.
Өсімдік корларын бірнеше топтарға бөлуғе болады: орман қорлары, дәрілік өсімдіктер, мал азықтық өсімдіктер. Ормандар неғізінен таулы аймақтарда шоғырланған. Қазақстандағы орманды алқаптың ауданы 21 млн гектар.
Дәрілік өсімдіктердің республикада 250 түрі бар. Олар фармацевтік өндірісі үшін қымбат шикізат болып есептеледі. Республиканың оңтүстік аймақтарында дүние жүзінде теңдесі жоқ аса кұнды дермене (сантонинді жусан) өседі.
Адамдардың денсаулығына зиян әкелетін, аллергия тудыратын химиялық жасанды дәрі-дәрмектердің орнына табиғи өсімдіктерден жасалатын дәрілерді пайдаланудың мүмкіндігі зор. 1997-2001 жылдарға ұсынылған мемлекеттік бағдарлама бойынша Қазақстан ғалымдары 20-дан астам фитопрепараттар мен әр түрлі фармакологиялық дәрілер шығармақ. Табиғи емдік қасиеттері мол өсімдіктерден біздің елімізде жасалатын дәрі-дәрмектер экологиялық жағынан таза, ал экономикалық тұрғыдан арзан. Соның қатарында қарағандылық ғалымдар жасаған қатерлі ісікке қарсы арглобин дәрісін атауға болады. Қазір бұл дәрі емханаларда кеңінен пайдаланылуда. Қалақай мен сораң майларынан жасалған қабынуға карсы аллапинин препаратының, сол сияқты шырганақ жемісінен алынған майдың емдік қасиеті оте жоғары. Жалбыз, жолжелкен, түйетікен, сарғалдақ, қымыздық, жабайы сарымсақ сияқты өсімдіктердің өр түрлі емдік қасиеттері бар. Тобылгы мен аріианың кәсіптік маңызы зор. Тобылғыдан халқымыз ежелден-ақ бояу алған және қымыз ашытатын ыдыстарды (саба, күбі) ыстауға пайдаланған. Табиғи дөрілік өсімдіктер қазір адам әрекеті салдарынан сиреп, азаюда. Сондыктан дөрілік өсімдіктердің азайған түрін қалпына келтіре отырып, тиімді пайдаланып, оны қорғауға алу керек.
Шабындықтар мен жайылымдарда өсетін шөптесін өсімдіктер мал азығы ретінде пайдаланылады. Өсімдік қорлары халық шаруашылығының түрлі салалары үшін шикізат базасы болғандыктан табиғи өсімдік жамылғысын қорғаудың, әсіресе, кұрып бара жаткан өсімдік түрлерін сактаудың маңызы зор.[
Жануарлар дүниесінің қорлары.Республика аумағында омырткалы жануарлардың 835 түрі есепке алынған. Олардың ішінде сүтқоректілердің 172 түрі, құстардың 481, бауырымен жорғалаушылардың 48, балықтардың 150 түрі кездеседі. Омыртқасыз жәндіктердің бүгінгі күнге дейін анықталғаны ғана 50 мыңнан асады. Қазақстан аумағында, әсіресе таулы өлкелерде жабайы жануарлар көп ұшырасады. Мұнда терісі бағалы аңдар таралған. Бұған қоса Зайсан мен Алакөл маңына, таулы тайганың қара түлкісі мен бұлғын жерсіндірілген. Сол сияқты республиканың өзен-көлдерінің барлығында дерлік терісі аса қүнды америкалық ондатр жерсіндіріліп, аң шаруашылығының негізгі салаларының біріне айналып отыр. Олардың кәсіптік маңызы бар. Шөлейттер мен шөлді өңірлерде тулкі, қарсақ, ақбөкен, киік, қарақщрық кездеседі. Қорықтардың ұйымдастырылуына байланысты олардың санын реттеу дұрыс жолға қойылған.
Республиканың өзендері мен табиғи және жасанды көлдері балық қорына бай. Каспий теңізінен бағалы балықтың көптеген түрлері ауланады. Мұнай өндірумен байланысты бұл аймақтың экологиялық жағдайы кейінгі кезде нашарлаған. Каспий теңізінің өзіне тән эндемигі итбалықтың 2000 жылдары жаппай қырылып барып тоқтауы, уылдырық шашатын құнды балықтардың азаюы теңдесі жоқ тағамдық қара, қызыл уылдырық өндіретін шаруашылыққа қауіп келтіріп тұр. Бөгендерде, тоғандарда балық шаруашылығын өркендету балыққа деген сұраныспен республика халқын қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Шөлдерде тіршілік ететін жыландардың уы медицинада қолданылады. Жануарлар дүниесі қорлары азықтүлік, шикізат ондірісінде пайдаланылады. Сонымен қатар олардың ғылыми-практикалық және экономикалық маңызы бар. Елімізде ежелден мекен еткен жабайы жылқы (тарпаң), қулан, домбай (жабайы есек), сусар, бцлгын, лаиіын, жолбарыс, дала сілеусіні, шақиіақай, қоқиқаз, жірпар тышқан және т.б. жануарлар бүгінде жоқ немесе жоқтың қасы.
Осындай сирек кездесетін немесе жойылып кетуге таяу өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау мақсатында 1962 жылы Халықаралық табигат және табиги байлықты қоргау одагы кұрылды. 1966-1981 жылдары осы жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау мақсатында Қазақстанның Қызыл кітабы шықты. Мұнда негізінен жойылып кету қаупі бар және сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар тіркелген. Қазіргі Қазақстан жерінде экологиялық апатты аймақтардың, ластанған жарамсыз жерлердің молаюына байланысты сирек кездесетін жануар түрлеріне аса қауіпті жагдай тууда. Сондықтан Қызыл кітапқа тіркеуге алынбаған түрлерді қорғау шараларына Қазақстан ғалымдары да белсене ат салысуда. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Қызыл кітабының жаңа басылымы жарық көрді. Бұл кітапқа сүтқоректілердің 40, күстардың 56, бауырымен жорғалаушылардың 10, қос мекенділердің 3, балықтардың 16 түрі еніп отыр
Табиғи қорларды тиімді пайдалану.Қазақстандағы табиғи қорларды тиімді пайдалану республиканың даму болашағы үшін маңызы зор. Алайда аумақты игеруге қатаң табиғат жағдайлары кедергі келтіреді. Табиғи қорларды игеру мәселесі табиғатты қорғаудың түйінді мәселелерін де туғызады. Табиғи қорларды игерудегі жіберілген қателіктер табиғаттың қай қоры болмасын таусылмайды деген жаңсақ үғымның үстем болуына байланысты болды. Осының салдарынан табиғаттағы тепе-теңдік бұзылды. Мұны су қорын пайдалану мысалынан айқын көруге болады.
Республика үшін су қорын тиімді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені дамып келе жатқан өнеркәсіп пен суармалы егіншілік алқаптарының ұлғаюы суды көп қажет етеді. Еліміздегі қазір қалыптасқан экологиялық жағдайда өзен суының ластанып немесе құмға сіңіп, ысырап болып жатқаны белгілі. Су қорларының дұрыс пайдаланылмауы, адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде су режимінің өзгеруі өз кезегінде табиғаттың басқа компоненттерінің өзгеруіне әкеп соқты. Оңтүстік Қазақстанның күріш егістіктерінде осындай қателіктер әсерінен топырақ құнарлы қабатынан айырылып, сортаңданды. Топырақтағы өзгерістер өсімдік жамылғысының түрлік құрамына, таралуына кері әсерін тигізді. Бұл тізбектегі өзгерістер тұтас бір аймақты экологиялық апат аймағына айналдырды. Сонымен табиғат ерекшеліктерін ескермегендіктен, су қорларын халық шаруашылығына пайдалану мәселелері әзірше дұрыс шешілмей отыр. Тың және тыңайған жерлерді игеру барысында мыңдаған гектар жер топырақ, су және жел эрозияларына ұшырады. Алғашқы жылдары өнім біршама мол болғанымен, кейінгі жылдары бұл керсеткіш төмендеп кетті. Жыртылған жердің борпылдақ топырағы желдің әрекетінен құнарлы қабатын ұшырып әкетіп, сол жердің топырағы жел эрозиясына ұшырады. Өйткені топырақтардың құрылымдық ерекшеліктері ескерілмеді. Мысалы, құмайт және саздақ топырақты аудандар 4-5 жыл пайдаланғаннан кейін жері сортаңданып, егістік көлемнен шығып қалады. Жел топырақтың құнарлы қабатын ұшырып әкетеді.
Республикадағы шөлейттер мен шөлдер 167 млн га жерді алып жатыр. Суарылған жағдайда бұл алқапты тек мал жайылымы ретінде ғана пайдалануға болады. Кейінгі жылдары көлдетіп суландыру жолымен тиісті нәтижеге жету мүмкіншілігі белгілі болып отыр. Жайылымдарды суландыруға артезиан суын пайдаланудың болашағы зор.
2.3 Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж.)
Демография адам популяциясын оның көлемі мен құрылымына сәйкес, яғни жынысы, жасы, отбасылық жағдайы және этникалық шығу тегі бойынша, сондай-ақ, осы популяцияның туу, өлу және миграция коэффициенттеріндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану. Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия жайлы
Синэкология (бірлестіктер экологиясы)
Биологиялық жүйелердің экологиялық негіздері
Биоценез, биогеоценоз туралы түсініктер
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы
Экология пәнінен барлық мамандықтың студенттерінің өздік жұмыстарына арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу. Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия. Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия жайлы мәлімет
Әлемдегі және Қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж.)
Пәндер