Жүктерді таңбалау



ЖҮКТЕРДІ ТАҢБАЛАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАҒЫНАЛАРЫ
Арнайы таңбалау белгілері
Пломбаларды ілу тәсілдерінің схемалары
Таңбалау мен этикеткаларды түсіру мақсаты көліктік экспедиторлық агенттіктің жүкті ақырғы клиентке бағыттауға арналған жіберілімді толық көлемде сипаттау болып табылады. Егер таңбалау немесе этикетка анық болмаса немесе өшіріліп қалса, жүктің жіберілімі кідіріп калады, не басқа маршрутпен бағытталады. Сондықтан қаптамада ішіндегі жүктің құрамына байланысты керекті таңбалау немесе этикетка болуы қажет. Ескі белгілер мен таңбаларды өшіру керек. Таңбалаудың мақсаты келесі міндетті талаптарды нақты түрде көрсету болып табылады:
1) әрбір жіберілген жүктік бірлік нақты жолмен бағытталуы және тағайындалған жеріне жетуі;
2) сақтау, тасымалдау, тиеу-түсіру жұмыстары мен буып-шешу кезінде жүктік бірлікпен ұқыпты қарау;
3) жүк жинақы және сақтаулы болып жетуі қажет.

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Орындаған: Тоқанов Б.
Тексерген: Жумадилова Г. А

Тобы: ОП-413

Семей 2015
ЖҮКТЕРДІ ТАҢБАЛАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАҒЫНАЛАРЫ
Таңбалау мен этикеткаларды түсіру мақсаты көліктік экспедиторлық агенттіктің жүкті ақырғы клиентке бағыттауға арналған жіберілімді толық көлемде сипаттау болып табылады. Егер таңбалау немесе этикетка анық болмаса немесе өшіріліп қалса, жүктің жіберілімі кідіріп калады, не басқа маршрутпен бағытталады. Сондықтан қаптамада ішіндегі жүктің құрамына байланысты керекті таңбалау немесе этикетка болуы қажет. Ескі белгілер мен таңбаларды өшіру керек. Таңбалаудың мақсаты келесі міндетті талаптарды нақты түрде көрсету болып табылады:
1) әрбір жіберілген жүктік бірлік нақты жолмен бағытталуы және тағайындалған жеріне жетуі;
2) сақтау, тасымалдау, тиеу-түсіру жұмыстары мен буып-шешу кезінде жүктік бірлікпен ұқыпты қарау;
3) жүк жинақы және сақтаулы болып жетуі қажет.
Жүктік бірліктердің түрлері келесілер:
1) қаптамадағы жүк;
2) қаптамасыз жүк немесе жартылай капталған;
3) бума түрінде байланыстырылған қаптамасыз бірнеше жүк бірлігі;
4) қаптамадағы пакетті құрайтын бірнеше жүк орны.
Жүкті дұрыс, нақты таңбалау тасымалдау үрдісіндегі сапаның сақталуымен жылдам жеткізудің кепілі болады. Көліктік тараның таңбалануы МЕСТ 14192 -- 77. Жүктердің таңбалануы тәртіппен белгіленеді. Бұл стандарт сақтау, тиеу-түсіру жұмыстары мен барлық көлік түрімен тасымалдау кезінде жүгі бар көліктік қаптаманы таңбалаудың ережелерін бекітеді. Бұл МЕСТ қауіпті, тез бүлінетін және ерекше гигиеналық немесе карантиндық шарттарды қажет ететін жүктерге, сондай-ақ жарнамалық сипаттағы таңбалауға қатысты емес. Таңбалауда ерекше жазулар бар болуы, керек жағдайларда ескертпелі белгілері болуы қажет. Ерекшелік жазу негізгі және қосымшадан тұрады. Негізгі жазулар -- бұл қабылдаушының аты мен тағайындалу жері.
Қосымша жазуларға: жүктік орын брутто мен нетто массасы- килограммдағы, жүктік орынның өлшемі - ұзындығы, ені және биіктігі, егер олар 1 м-ден асатын болса;
- жіберушінің аталуы;
- жіберілген жері;
- әрбір жүк орнының реттік орны мен жүк орындарының саны -- бөлшек арқылы;
- жөнелтушінің белгілері -- қапталған өнімнің шартты белгілері бөлшектің алымында реттік номердің алдында.
Ескертпелі белгілер жүкпен айналысудың дұрыс амалдарын көрсету керек а) -- АБАЙЛАҢЫЗ, ТЕЗ СЫНҒЫШ!; б) -- ІЛМЕКТЕРМЕН ТІКЕЛЕЙ АЛМАУ; в) -- ҮСТІН БАСПАУ; г) -- ҚЫЗУДАН ҚОРҚАДЫ; д) -- СТРОПТАУ ЖЕРІ; е) -- ЫЛҒАЛДАН ҚОРҚАДЫ; ж) -- АУЫРЛЫҚ ОРТАСЫ; з) -- ГЕРМЕТИКАЛЫҚ ҚАПТАМА; и) -- СӘУЛЕЛЕНУДЕН ҚОРҚАДЫ.
Жабық жылжымалы құрамда жүкті тасымалдау кезінде қаптаманы таңбалау үшін қағаз, картон немесе жұқа тақтайшалы жарлықтар қолданылады. Жүкті ұзақ сақтау жағдайында таңбалауды тікелей қаптамаға түсіруге болады.
Ұсақ және аз тонналық жіберілімдермен жүкті тасымалдауға жалпы қолдану жерлерінде қабылдағанда жіберушімен таңбалауды түсіруден басқа жіберу станциясы немесе жүк жіберуші әрбір жүк орнында теміржолдың таңбалауды түсіреді. Онда бөлшекпен: алымында -- жүктерді жіберуге қабылдау кітабының реттік номері және сызықша арқылы -- орындардың саны; бөлімінде -- жіберу жолының шартты номері және сызықша арқылы - жіберу станциясының шартты номері көрсетіледі. Теміржолдық таңбалау, шарт бойынша, жіберушінің таңбалауы түсірілген жағында түсірілуі қажет және жүкқағазда белгіленуі керек.
Ашық жылжымалы құрамда немесе теңіз көлігімен тасымалдау кезінде таңбалауды анық түрде шайылмайтын бояумен тікелей қаптамаға немесе металдық жарлықтарға түсірілуі қажет. Қолмен таңбалау болмайды. Таңбалау үшін қара лак және сәйкес маркалы эмальдар ұсынылады. Соңғы кездері жүктерді таңбалауға арналған өндірушілік үрдіске тез еніп келетін техникалық құрылғылар пайда болды. Олардың арасында қаптама заттарын таңбалау мен кодтау кезінде ірі шрифтті түсіру контактсыз тәсілді LСР1000 жүйесі және қаптаманы таңбалауда бояғыштардың қолдануынсыз жаңа тәсілді болдыратын Lasermark құрылғысы.
Лазерлік таңбалау құрылғысы ас, химиялық және басқа өнеркәсіп салаларында қолданыла алады. Экспортқа жіберілетін жүктердің қаптамасын таңбалау тапсырыс-жолдамада берілген үлгіге сәйкес түсіріледі. Экспорттық жүктерді тропикалық түрінде жеткізу кезінде қаптамада қызыл бояумен шеңбердегі Т әрпін және шеңбердегі қаптау уақытын: алымы - айы, бөлімі - жылы. Т белгісінің өлшемі -- 50 мм, ай мен жыл сандары -- 30 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүктердің таңбалануы. Ыдыс пен ораманы қолданудың тиімділігі
Жүктердің таңбалануы. ыдыс пен ораманы қолданудың тиімділігі туралы
Жүктердің таңбалануы
Жүктердің таңбалануы. Ыдыс пен ораманы қолданудың тиімділігі жайлы
Жүктердің физика - химиялық қасиеттері
Қауіпті жүктерді тасымалдау
Колледждердегі оқушылардың сабақтан тыс уақытының ұйымдасуын анықтау жайлы
САЛМА ҚӨЛШЕУІШ ЖАБДЫҚ
Контейнерлік жүктерді тасымалдау
Теміржол көлігі бойынша жүк тасымалдауды ұйымдастыру
Пәндер