Жүгері өсіру технологиясымен танысу және зерттеу туралы



I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім
1.1. Жүгері өсіру технологиясымен танысу
1.2. Жүгері өсіру технологиясын зерттеу
III. Қорытынды бөлім
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жүгері - дақылдардың бірі. Еуропалықтар Оңтістік Американы ашқан кезде «маис» деп аталатын, осы күнгі жүгері дақылдарын кездестірген. Оның алғашқы өкілін Еуропаға Христофор Колумб әкелген. Бұл данасын Х.Колумб испан короліне сыйға тартады. Ал біздің жүгерінің алғаш орныққан жері Молдавия болған. Дала ауылына кең таралуына оның мол өнім, көк балаусаны аса көп беруі де себепші болды. Бір жылдық астық тұқымдас жылылықты сүйетін өсімдік. Дара жынысты, бір үйлі өсімдік. Жүгері 12-140 С-та қаулап өседі. Аталық гүлшоғыры – собық. Тамыр жүйесі – шашақ, қосалқы тамырлары болады. В,Е дәрімендері, техникалық май, линолеум, желім, жасанды жібек алынады. Азот,фосфор тыңайтқыштары қажет.
1. «Агрохимия және тыңайтқыш қолдану» Р. Елешов, А. Сапаров, Ә. Балғабаев, Е. Туктугулов
2. «Өсімдікті химиялық қорғау» А. О. Сағитов, Г.Ж. Исенова, Г.О. Рвайдарова, Ө. С. Нұржанов, Т. Ж. Қалмақбаев
3. «Өсімдік шаруашылығы» Қ. К. Әрінов, Қ. М. Мұсынов, А. Қ. Апушев,Оқулық, Алматы 2011
4. «Астықтану және диқаншылық негіздері» Ә. Ізтаев, Б. Отыншиев, Алматы «Қайнар» баспасы, 1994
5. «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы» Ж. С. Жүргенов, Алматы,2011
6. «Өсімдік шаруашылығы негізінде азықтану» Ә.І. Ізтаев, С. Б. Ермекбаев, Алматы, 2014
7. «Мал азығының қоректілігін бағалау және мал азықтандыру» Ә.Ә. Егеубаев, Қ. А. Ахметов

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БАӨЖ

Тақырыбы: Жүгері өсіру технологиясымен танысу және зерттеу

Орындаған: Мырзабекова Т. М.
Тексерген: Татенов А. Б.
Топ: ТЖ - 305

Семей қаласы
2015 жыл
Жоспар:
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім
1.1. Жүгері өсіру технологиясымен танысу
1.2. Жүгері өсіру технологиясын зерттеу
III. Қорытынды бөлім
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Жүгері - дақылдардың бірі. Еуропалықтар Оңтістік Американы ашқан кезде маис деп аталатын, осы күнгі жүгері дақылдарын кездестірген. Оның алғашқы өкілін Еуропаға Христофор Колумб әкелген. Бұл данасын Х.Колумб испан короліне сыйға тартады. Ал біздің жүгерінің алғаш орныққан жері Молдавия болған. Дала ауылына кең таралуына оның мол өнім, көк балаусаны аса көп беруі де себепші болды. Бір жылдық астық тұқымдас жылылықты сүйетін өсімдік. Дара жынысты, бір үйлі өсімдік. Жүгері 12-140 С-та қаулап өседі. Аталық гүлшоғыры - собық. Тамыр жүйесі - шашақ, қосалқы тамырлары болады. В,Е дәрімендері, техникалық май, линолеум, желім, жасанды жібек алынады. Азот,фосфор тыңайтқыштары қажет.
Басқа да астық тұқымдастар секілді піскен жүгері дәні өте қоректі келеді, оның құрамында: көмірсу, ақуыз, май, калий, фосфор, магний, кальций т. б. минералдық тұздар, витаминдер бар. Азықтық жүгері дәнінен ұн, әртүрлі жарма, ал жүгері жармасынан -- жүгері үлпілдегі, үлпек дән және қытырлауық таяқша алынады. Жүгері үлпілдегі , үлпек дәні және қытырлауық таяқша -- қосымша баптаулы қажет етпейтін дәмді тағам. Организмге жақсы сіңеді. Оны үш мезгілгі аста: шай, суп, қуырылған нан қосылған сорпа, компот, шырын, кисель, простокваша, айранмен т.б. жеуге болады. Ол әсіресе балаларға пайдалы (ыстық сүтке қосып береді). Қант себілген жүгері үлпілдегі мен тәтті қытырлауық таяқшаны ет-женді және тез толатын адамдарға, сондай-ақ қант диабетімен ауыратындарға жеуге болмайды. Жүгері үлпілдегін, таяқшаны үлпек дәнді құрғақ жерде сақтаған жөн. Егер үлпілдек жұмсаңқырап кетсе оны духовкаға салып келтіреді. Дымқыл тартқан үлпілдек тез көгеріп, жеуге жарамайды.

Жүгері өсіру технологиясымен танысу және зерттеу
Жүгерi Қазақстанда өсiрiлетiн аса құнды дақылдар қатарына жатады, өйткенi ол дән және сүрлем үшiн де егiледi.
Дәнге арналған жүгерi, көбiне Қазақстанның суармалы аймақтарында өндiрiледi.Агротехникалық шаралар тиiмдi қолданылса, суармалы жерлердегi тыңайтқыш еңгізiлген жүгерi егiстiгiнiң гектарынан 120- 130 ц дән және 900-1000 ц көк балауса жинауға болады.

Жүгерiнiң тамыр жүйесi қомақты болады және жан-жағына жайылып өсетiн болғандықтан топырақтағы қоректiк элементтердi басқа астық дақылдарынан гөрi жақсырақ әрi ұзақ мерзiм пайдаланады. Қоректiк заттарды пайдалануының аса жауапты кезеңi 5-7 жапырақ пайда болғаннан шашақтанғанға дейiнгi мерзiм. Осы кезде жүгерi, ғалымдардың зерттеуiне қарағанда, әрбiр күнде топырақтың бiр гектарына 6-7 кг азот, 2 кг фосфор және 10-12 кг калий элементтерiн пайдаланады (П.Г.Найдин). Бұл мерзiмде жүгерi өсiмдiгi өзiне қажеттi барлық қоректiк заттардың 30-35 пайызын ала алады. Осы кезде топырақта қоректiк элементтер, әсiресе фосфор жетiспесе, өсiмдiктiң сабақтануына терiс әсерiн тигiзедi. Жүгерi көктеп шыққаннан 3-4 жапырақ пайда болғанға дейiн қосымша фосформен еңгізудiң мол өнiм алу үшiн маңызы бар. Бiр тонна жүгерi дәнi тиiстi қосымша түсiмiмен шамамен 30-35 кг азот, 10-13 кг фосфор, 40-42 кг калий, ал бiр тонна көк балауса 2,0- 2,5 кг азот, 1,0-1,2 кг фосфор және 4,0-4,5 кг калий пайдаланады. Жүгерiге қолданылатын тыңайтқыш мөлшерi топырақтың қоректiк заттармен қамтамасыз етiлу деңгейi мен жоспарланған өнiм мөлшерiне байланысты. Алмаспалы калий мөлшерi орташа (1 кг топырақта 300 мг К2О), фосфорға, азотқа, қарашiрiндiге кедей ашық боз топыраққа азот, фосфор және калий тыңайтқыштарын қолданудың тиiмдiлiгi өте жоғары болады (94-кесте).
Егер бiр кг топырақта жылжымалы фосфор мөлшерi 50 мг жоғары болса, фосфор тыңайтқышының тиiмдiлiгi байқалмайды. Жылжымалы фосфор мөлшерi төмен, алмаспалы калий жоғары ашық қара қоңыр топыраққа N 120-150 P60 еңгізу жүгерiден мол өнiм алуды қамтамасыз етедi. Жүгерi егiстiгiне органикалық тыңайтқышты қолданудың маңызы зор. Қазақ ғылыми-зерттеу егiншiлiк институтының мәлiметтерi бойынша ашық қара қоңыр топыраққа егiлген жүгерiден, гектарына 10 т көң бергенде 10,4 ц, ал көңдi минералдық тыңайтқыштармен бiрге пайдаланудан (10 т көң +N 60 P60 K60 ) 16,1 ц қосымша дән жиналды. Жүгерiге қолданылатын тыңайтқыш мөлшерi алғы дақыл түрiне қарай да өзгертiлiп отырады. Егер жүгерi дәндi дақылдардан кейiн егiлетiн болса, топыраққа тыңайтқышты мол беру керек, ал көпжылдық шөптерден кейiн егiлетiн болса, азот тыңайтқышын азырақ, ал калий мен фосфорды көбiрек қолданған дұрыс.
Қазақстанның солтүстiгiнде далалық және қуаң далалық астықты аймақтарында жүгерi мал азығы үшiн өсiрiледi. Жүгерi көк балаусасының түсiмiн арттыру үшiн мұнда алдымен органикалық және минералдық тыңайтқыштарды үйлестiрiп немесе бiрге қолдану керек. Мысалы, Солтүстiк Қазақстанның қуаң далалық аймағында (Қостанай, Солтүстiк Қазақстан, Ақмола облыстары) қара және күңгiрт қоңыр‚ қара топырақтарына N 60 P60 K60 бергенде гектарынан 36-48 центнер, ал 20 тонна көң қолданғанда 41-53 центнер қосымша көк балауса алынды. Оңтүстiк қара топырақты өңiрде жүгерi егiсiне еңгізiлген фосфордың толық мөлшерi оның өнiмiн жоғарылатады, ал азотты көбiрек мөлшерде қолданудан аз өнiм алынады. Солтүстiк Қазақстанның карбонатты қара топырағына гектарына 60 кг азот еңгізгенде, жүгерiнiң көк балауса өнiмi 49 центнерге артты. Фосфор мен калийдi және азот, фосфор, калий тыңайтқыштарын бiрге қолданғанда гектарына 51-116 центнер қосымша өнiм алынады.
Тәлiмi егiстiкке жүгерiге барлық тыңайтқыштарды топырақ жыртар алдында беру керек. Суарылатын егiстiкке жүгерiге көң, фосфор, калий тыңайтқыштарын толық, азоттың жылдық мөлшерiнiң 70% сүдiгер жыртар алдында, ал азоттың 30% 5-7 жапырақ пайда болғанда үстеп қоректендiру арқылы бередi.
Жүгерi өзiнiң өсуiнiң бастапқы кезеңiнде қосымша фосфор қорегiн қажет етедi. Осыған орай түйiршiктi суперфосфаттты тұқым себерде ұяға еңгізу (гектарына 15-20 кг Р 2О5 есебiнде) ұсынылады. Бұл тәсiлмен еңгізiлген фосфор тыңайтқышы оның тамыр жүйесiнiң қаулап өсуiне, сабақтары пайда болып тез пiсуiне әсер етедi. Жүгерi егiсiне микротыңайтқыштарды қолданудың да маңызы үлкен. Қазақ ғылыми-зерттеу егiншiлiк институтының (Э.И. Шлавицкая) зерттеулерi бойынша, жылжымалы фосфор мөлшерi өте жоғары топыраққа егiлген жүгерi өсiмдiгi мырыш элементiнiң тапшылығын сезiнедi. Жүгерi егiстiгiнiң әр гектарына 2,5-4 кг мырыш бергенде қосымша өнiм 13-26 пайызға, мырыш тұзының 0,3-0,5 пайыздық ерiтiндiсiн 4-6 жапырақ пайда болғанда бүркiп үстеп қоректендiруден өнiм 15-пайызға артты.
Сонымен жүгерi егiстiгiне минералдық және органикалық тыңайтқыштар қолданумен қатар мырышты микротыңайтқышты пайдалану өнiмдi арттырады әрi оның сапасын жақсартады. Жалпы жүгерi дәнi мен көк балауса құрамындағы ақуыз шамасын жоғарылату үшiн дән салғанда және сүрлемдiк жүгерiнi жинаудың алдында екi апта бұрын мочевинаның судағы 20-30% ерiтiндiсiмен үстеп қоректендiру ұсынылады.
Жүгері көгінің көктемгі үсіктен кейін бір аптада қайтадан өсіп шығатын қабілеті бар. Күзде 3°С үсікке шалдыққан дәндер өнгіштігін жоғалтады. Үсікке шалдыққан өсімдіктерді тез жинап алып пішен ретінде кептіру керек немесе сүрлемге салу керек, кешеуілдеткен жағдайда шіріп кетеді. Жүгері үшін биологиялық белсенді температура 10°С-дан жоғары болғанда басталады. Ерте пісетін жүгері сорттары мен будандары үшін қажетті биологиялық белсенді температура жиынтығы 1800-2000°С, орташа мерзімде және кеш пісетіндер үшін - 2300-2600°С.

Жүгері құрғақшылыққа төзімді, мезофиттар қатарына жататын өсімдік, ылғалды тиімді пайдаланады. Ол 100 кг құрғақ зат түзу үшін 174-тен 406 ц-ге дейін су жұмсайды. Жүгерінің транспирациялық коэффициенті - 230-370. Бірақ жүгерінің дән мен жасыл балауса өнімінің мөлшері басқа дәнді дақылдардан көп болғандықтан, оған кететін су шығыны да жоғары болады. Көктеп шығудан сабақтануға дейін жүгері суды шамалы мөлшерде пайдаланады, әрі қарай оның қажеттілігі арта түседі. Суды ең көп қажет ететін кезеңі: шашақгүл шығаруға 10 күн қалғаннан кейінгі 20 күн. Осы аралықта ылғалдың жетіспеуі өнімнің төмендеуіне әкеліп соғады. Жүгері жоғары агротехникалық жағдайда өсіргенде топырақ және ауа құрғақшылығына төзімді. Бұны былай түсіндіруге болады: жүгері ылғалды ең көп пайдаланатын кезеңге дейін топырақтың терең қабатында және ауадан су буын сіңіре алатын қуатты тамыр жүйесін қалыптастырып үлгереді. Бірақ жүгерінің құрғакшылыққа төзімділігі тары мен қонақтарыдан төмен.
Жүгерінің жақсы өсіп-жетілуі және жоғары сапалы өнім түзуі үшін топырақ ылғалдылығын ылғал сыйымдылығының ең төмен деңгейінен 75- 80% жағдайында ұстап отыру керек. Сонымен қатар, топырақ ылғалдылығы мөлшерден артық жерлерде жүгері өнімі төмендейді, өйткені ондай топырақтарда өсімдік тамырларына фосфордың келуі бәсеңдейді де органикалық және нуклеиндік фосфордың мөлшері азаяды, фосфорилдену және энергетикалық үрдістер, ақуыз айналымы бұзылады. Жүгері - жарық сүйгіш, қысқакүндік дақыл. Ұзақ жарық күн жүгерінің вегетациялық кезеңін ұзартады, ал қысқа - пісуін тездетеді, 8-9 сағаттық жарық күн жағдайында өскенде тезірек гүлдейді. Күннің жарығы, әсіресе жүгерінің жас кезінде, оның өсіп-жетілуіне жақсы әсер етеді. Өсімдіктің көлеңкеленуі, көкті сиретуді кешіктіргенмен бірдей, жетілу үрдісіне зиянды әсер етеді: генеративтік мүшелерінің түзілуі тежеледі, аталық пен аналық гүлшоғырларының гүлденуінде алшақтық және жеміссіз өсімдіктер көбейеді.
Жүгерінің осы ерекшеліктерін агротехникалық шаралар жүйесін жасағанда ескеруге тура келеді. Жүгері топырақ құнарлығына жоғары талап қояды және тыңайтқыштар бергенді жақсы көретін дақыл. Жүгеріден ең мол өнім, құнарлы топырақта жоғары агротехникада алынады. Жүгеріге құрылымды қара топырақтар мен қара-қоңыр топырақтар және өте құнарлы және сіңімді өзен арналарының шөкпе топырақтары жақсы. Топырақ ерітіндісінің оңтайлы реакциясы - бейтарап және әлсіз сілтілі (pH 5,5-7,0). Қышқыл, өте тұзды және батпақтануға бейім топырақтарда жүгері өсіруге болмайды. Жүгері тұқымының жылдам өнуі үшін топырақта жақсы аэрация болуы керек, өйткені оның үлкен ұрығы өну үшін оттегіні көп қажет етеді. Топырақта ауаның мөлшері 18-20%-дан төмен болмағаны дұрыс. А з о т т ы жүгері алғашқы даму кезеңдерінде көп қажет етеді. Азот жеткіліксіз болған жағдайда өсіп-дамуы бәсеңдейді. Азотты ең көп қажетсінетін кезеңі - шашақтануға 2-3 апта қалғанда, ал сүттене пісу кезеңінде азотты мүлдем қажет етпейді. Фосфорды жүгері гүл шоғырлары түзіле бастағаннан қарқынды пайдалана бастайды (4-6 жапырақ), ең көп пайдаланатын мерзімі тұқым түзу кезеңі.
Жүгерінің ең қарқынды өсіп-жетілуі - буынаралықтардың бастапқы өсуінен шашақгүл шығуға дейінгі кезең. Қазақстанда астыққа өсіруге рұқсат етілген жүгері будандары: Одесский 80 МВ. Украинада шығарылған. Өсімдігі биік өседі (220-280 см), ортадан ерте пісетін будан, негізінен тіс тәрізді дәні сары, ақ түситі, 1000 санының массасы 250-300г. Қазақстанның бапрлық облыстарында өсіруге рұқсат етілген. Молдавский 257 СВ. Атауы көрсетіп тұрғандай, ол Молдавияда шығарылған, ерте пісетін будан, биіктігі - 150-209 см, дәні сары түсті, жартылай кремнилі. 1000 тұқымының массасы 218 г, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында өсіруге болады. Молдавский 215 МВ. Бұл да Молдавияда шығарылған , ерте пісетін сортотип, өсімдік биіктігі 136 см-ге дейін, дәні тіс тәрізді, 1000 санының массасы - 260 г. Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында өсіруге болады. Қазіргі кезде жоғарыда аталғандардан басқа Сары - Арқа 150 АСВ (Алматы ж.б. облыстар), Целинный 160 СВ (Алматы, Шығыс Қазақстан обл., ж.б. обл.), Казахстанский 43 ТВ (Алматы, Оңтүстік Қазақстан обл., ж.б.), Казахстанский 700 СВ (Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан обл.), Алтын 739, Алтай 319, Арман 689, Скиф 619, Сұңқар, Тұлпар 539 будандары да өсіру рұқсат етілген
Астыққа өсіру технологиясы. Алғы дақылдар. Жүгеріні арамшөптерден таза, құнарлы топырақты танаптарға сепкенде, агротехникалық шараларды толығынан, талаптарға сай өткізген жағдайда қант қызылшасынан басқа барлық алғы дақылдардан кейін жоғары өнім береді. Заманауи агротехниканы қолданғанда жүгеріні бір танапқа көптеген жыл қайталап себуге болады. Жүгерінің жақсы алғы дақылдары - сүрі танабы, күздік бидай мен күздік қарабидай, жаздық бидай, арпа, дәндібұршақ дақылдары және отамалылар. Ылғал жеткілікті жағдайда жүгері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүгері өсіру технологиясымен танысу және зерттеу туралы ақпарат
Жүгерінің өсіру технологиясымен танысу және зерттеу
Жүгері өсіру технологиясымен танысу және оны зертеу
Сұлы, қарақұмық өсіру технологиясымен танысу және зерттеу жайлы
Жүгері өсіру технологиясымен танысу және зерттеу
Жарма өндіру технологиясы
Жүгері өсіру технологиясымен танысу және зерттеу жайлы
Жүгеріні өсіру технологиясы жайлы
Жүгері өсіру технологиясымен танысу және оны зерттеу
Өсімдіктер биотехнологиясы
Пәндер