Картоп өнімі және сақтау технологиясы туралы



І. Картоптың сақталатын дақыл ретіндегі ерекшеліктері.
1.2 Картопты сақтау жағдайлары
1.3 Картопты сақтау технологиясы
ІІ Қорытынды
ІІІ Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Картоп сақталғыштығының негізінде оның жинағаннан кейін түйнегінің терең физиологиялық тыныштықта болу қасиеті жатады.
Тыныштық кезеңінің ұзақтығы (1-3 ай) сортқа жəне белгілі
мөлшерде өсіру мен сақтау жағдайларына да байланысты.
Тіршілік процестерінің қарқындылығы бұл кезеңде ең төмен.
Бүршіктер бөлшектеніп дамып, келесі жылы өсуге дайындалады,
олардың дифференциациясы бұл кезде өте жай өтеді. Тыныштық
кезі өткеннен кейін картопты сақтау өте қиын. Сондықтан негізгі
мақсат – тыныштық кезеңін барынша созу. Картоптың маңызды
биологиялық қасиеті – түйнектердің механикалық зақымдарының
айналасына жаңадан қабық құрастыру қасиеті. Зақымдардың біту
қасиеті картопты жинаған кезде ең жоғары болады да бара –бара
төмендеп, бүршіктері оянып өскен кезде бұл қасиет толығымен
жойылады.
1. Ізтаев.Ә.І, Ермекбаев С.Б «Өсімдік шаруашылығы негізінде астықтану», Алматы, 2014.
2. Ізтаев.Ә.І, Отыншиев Б «Астықтану және диқаншылық негіздері», Алматы «Қайнар» 1994.
3 Т.С.Тәжібаев «Жемістер мен көкөністерді өңдеу технологиясы»

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік Университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Картоп өнімі және сақтау технологиясы

Орындаған: Манап. Ф
Тексерген: Мухаметжанова О
Тобы: АГ-213

Семей 2015

Жоспар
І. Картоптың сақталатын дақыл ретіндегі ерекшеліктері.
1.2 Картопты сақтау жағдайлары
1.3 Картопты сақтау технологиясы
ІІ Қорытынды
ІІІ Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Картоптың сақталатын дақыл ретіндегі ерекшеліктері.

Картоп сақталғыштығының негізінде оның жинағаннан кейін түйнегінің терең физиологиялық тыныштықта болу қасиеті жатады.
Тыныштық кезеңінің ұзақтығы (1-3 ай) сортқа жəне белгілі
мөлшерде өсіру мен сақтау жағдайларына да байланысты.
Тіршілік процестерінің қарқындылығы бұл кезеңде ең төмен.
Бүршіктер бөлшектеніп дамып, келесі жылы өсуге дайындалады,
олардың дифференциациясы бұл кезде өте жай өтеді. Тыныштық
кезі өткеннен кейін картопты сақтау өте қиын. Сондықтан негізгі
мақсат - тыныштық кезеңін барынша созу. Картоптың маңызды
биологиялық қасиеті - түйнектердің механикалық зақымдарының
айналасына жаңадан қабық құрастыру қасиеті. Зақымдардың біту
қасиеті картопты жинаған кезде ең жоғары болады да бара - бара
төмендеп, бүршіктері оянып өскен кезде бұл қасиет толығымен
жойылады. Бұл қасиеттің мəні мыналардан тұрады: зақымдалған
жердің сыртқы бір-екі қабат клеткаларына суберин сіңеді. Суберин
антисептикалық қасиеті бар зақымдалған жерді шіруден сақтайды.
Олардың астында жаңадан бірнеше қабат майда, тығыз орналасқан
клеткалар (перидерма) пайда болады. Осы суберин сіңген жəне
тығыз орналасқан жаңа клеткалар қабық міндетін атқарып, түйнек-
терді қолайсыз жағдай əсерлерінен сақтайды.
Механикалық зақымдар тез біту үшін қолайлы жағдайлар:
картопты жинағаннан кейін екі апта бойы ауаның температурасы
(+10)-(+18)0 ылғалдылығы 90-93% болу керек. Осы екі апта емдік
кезеңі деп аталады. Бұл кезде механикалық зақымдар бітуімен
қатар, түйнектердің қабығы қалыңдап қатаяды. Емдеу кезеңінің
ұзақтығы картоптың зақымдану жəне пісу дəрежесіне байланысты.
Суберинмен қатар басқа фунгицидты қасиеті бар полифенол-
ды заттар пайда болады - хлорогенді, кофе қышқылдары. Бұл зат-
тар жаңа қабықпен қатар микробиологиялық аурулардың тарауына
кедергі болады.

Картоптың маңызды технологиялық мағынасы бар қасиетінің
бірі құрамындағы крахмалдың қантқа ауысып, қанттың қайта
крахмалға ауысуы. Картоптың піскен түйнектерінде орташа 15-18%
крахмал, 0,5-1,5% қант болады. Сақтау температурасы (+3 0) тан
төмендесе крахмал қантқа ауыса бастайды. Көп ұзамай температу-
раны жоғары көтерсе қант қайта крахмалға ауысады. Бірақ
температура ұзақ уақыт төмен болып тұрса, картоптың құрамында
қант түйнектердің жұмсағы қарайып кетеді.
Картоптың жылу жəне ылғал бөлісі көп емес. Сондықтан оны
қамбаға биік қатармен салуға болады. Кəдімгі табиғи ауа ауыстыру
жүйесімен 1,6-1,8 м, белсенді ауа ауыстыру жүйесінде 5-8 м. Бұған
түйнектердің жоғары механикалық беріктігі де себепкер болады.
Картоптың көпшілігінде ауа ауысуының жеңілдігі оның
жоғары қуыстылығына байланысты: 42-48% - орташа түйнектерге,
35-40% - ұсақ түйнектерге.
Картопты сақтау жағдайлары төменгі факторларға байла-
нысты:
- сортқа;
- физиологиялық күйіне;
- пайдалану саласына.
Картоптың сақтау мерзімі 3 кезеңге бөлінеді:
1) емдеу кезеңі (жинағаннан кейін пісіп жетілуі);
2) негізгі кезең (терең жəне амалсыз тыныштық);
3) көктемгі кезең (бүршіктердің оянып өсуі басталған кез).
Емдеу кезеңі. Бірнеше күннен 1-2 аптаға дейін созылады,
түйнектердің пісу жəне зақымдану дəрежесіне қарай. Пісіп,
қабықтары жетіліп қатайған түйнектерге емдеу мерзімінің ұзақты-
ғы ең қысқа, пісіп жетілмеген зақымдалған түйнектерге - барынша
көп.
Емдеу кезеңінде түйнектердің пісіп-жетілуіне, механикалық
зақымдардың бітуіне қолайлы жағдай жасау керек. Бұл үшін қо-
лайлы температура 15-180С, ауаның ылғалдылығы 80-95%. Кезең-
нің соңында температура +100-қа дейін төмендетіледі.
Емдеу кезеңі біткеннен соң түйнектердің ішіндегі зат алмасу
процестерін бəсеңдету үшін температураны 2-60-қа дейін төмендетеді.
Негізгі кезең уақытында картоптың сақтау температурасы
сортқа байланысты: Приикульский ранний, Фаленский сияқты
сорттарға (+1)-(+2)0; Огонек, Лацинский, Темп сияқты сорттарға
(+2)-(+3)0; Лорх, Столовый 19, Любимец сияқты сорттарға (+3)-
(+5)0.
Бұл кездегі сақтау температурасы өнімнің пайдалану саласына
да байланысты. Тұқымдық картоптың сақтау температурасы азық-
түліктік картоппен салыстырғанда 1-20 жоғары болу керек.
Тұқымдық картопты сақтаған температура, оның келесі
жылғы өнімнің көлеміне, сапасына əсер етеді. Мысалы: +20
температурада сақталған картоптың бүршіктері түгелімен оянбау
себебінен оның өнімі аз болады да, бірақ ерте піседі. +50
температурада сақталған картоптың бүршіктерінің бəрі оянып
өскен себептен, оның өнімі көп болады да бірақ кеш піседі.
Сонымен тұқымдық картоптың сақтау жағдайын өзгерту
арқылы келесі жылғы өнімнің көлеммен пісу уақытын өзгертуге
мүмкіншілік бар. Ауаның ылғалдылығы негізгі кезең кезінде 90-
95% болу керек. Емдеу кезеңнен кейін сақтау температурасын тө-
мендету неғұрлым тез болғаны жөн.
Көктемгі кезең - ең қиын, жауапты кезең, өйткені бұл кезде
бүршіктердің оянып өсуі басталады. Амалсыз тыныштықты созу
үшін бұл кезде температураны негізгі кезеңдігінен 1-3 0 төмендете-
ді. Төмен температураның əсерімен картоптың бүршігін өсірмей
мамыр-маусым айларына дейін сақтауға болады.
Отырғызар алдында тұқымдық картоптың бүршіктерін өсіріп
- қысқа бірақ жуан өркендер пайда болуына жағдай жасау керек.
Бұл үшін түйнектерді ауа температурасы 15-180 болатын жарық
жерде, аласа жəшіктерге немесе полиэтиленді қаптарға салып, 2-3
апта ұстау керек. Ұзақ уақыт сақтауға жарайтын сорттар:
1. Ерте пісетін: Приекульский ранний, Новоусманский
горизонт;
2. Орташа пісетін: Огонек, Камераз, Невский;
3. Кеш пісетін: Лорх. Сотка т.б.
Картопты сақтау технологиясы.
Сақтау технологиясының бірінші бөлімі - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Картоп өнімін сақтау технологиясы
Картоп өнімін сақтау технологиясы жайлы
«өркен» шаруа қожалығы. картоп өсіру
Картоп өнімі және оны сақтау технологиясы
Этил спиртінің құрамы
Тамыр-түйнектілердің құрылысымен танысу және оның технологиясы
Картоп өнімі және сақтау технологиясы
Картоп дақылының сорттары
«Өркен» шаруа қожалығы. Картоп өсіру агротехнологиясы
Картоптың голландық өсіру технологиясы
Пәндер