Кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыру, өнімге баға беру



I. Кіріспе

II. Құрылыс кәсіпорынындағы еңбек өнімділігін арттырудың жолдары

III. Құрылыс кәсіпорынында еңбекақы төлеу жүйесінің ерекшеліктері

IV. Құрылыс кәсіпорынындарының өнімдеріне баға белгілеу ерекшеліктері

V. Құрылыс кәсіпорынындарының өнім сапасын анықтау және арттыру жолдары

VI. Пайдаланылған әдебиеттер
Еңбек Өнімділігі алынған өнім көлемінің оны дайындауға жұмсалған еңбекке қатынасы (еңбектің өндіріс үдерісіндегі тиімділігі). Уақыт өлшемінде өндірілген өнімнің мөлшерімен (өндіріммен) немесе өнім өлшеміне жұмсалған уақыт шығынымен (еңбек сыйымдылығымен) тұлғаланады. Жеке және қоғамдық еңбек өнімділігі түрлеріне бөлінеді. Біріншісі нақты еңбек шығынын, екіншісі нақты және өткендегі (затандырылған) еңбек шығынын көрсетеді.
Өнімді өндіруге жұмсалған шығындар жанды еңбек шығындары мен өндіріс құралжабдықтарының шығындарынантұрады. Ал соңғыларда, өз уақытында, соларды жасауға жұмсалған еңбек шығындары болып табылған. Сондықтан экономикалық теорияда өнімнің қандайына болмасын жанды (нақты) және зат түріндегі еңбек жұмсалады деп тұжырымдалады. Өткен (зат түріндегі) еңбек білім, информация т.с.с. түрде жинақталады.
1. Меирбеков А.Қ. Кәсіпорын экономикасы. /Оқулық/ Алматы: Экономика, 2003 ж
2. Ниязбекова Р.Қ. Кәсіпорын экономикасы. /Оқулық/ Алматы: Экономика баспасы, 2008 ж
3. Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары –Алматы: Раритет, 2003672с
4. «Бухгалтер хабаршысы», № 78 (4950) шілдетамыз, 2013 ж
5. Толпаков Ж.С. Бухгалтерлік есеп. /Оқулық/ Қарағанды: Қарағанды полиграфиясы, 2009 ж

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
Ақпараттықкоммуникациялық технологиялар факультеті
Геодезия және Құрылыс кафедрасы
5В072900 Құрылыс мамандығы

Құрылыстағы экономика және менеджмент пәні

СРО

Тақырыбы:
Кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыру, өнімге баға беру

Орындаған: Тынысбеков С.Е.
СТ - 217
Тексерген: Габдуллина Л.Б.


Семей
2015
Мазмұны

I. Кіріспе

II. Құрылыс кәсіпорынындағы еңбек өнімділігін арттырудың жолдары

III. Құрылыс кәсіпорынында еңбекақы төлеу жүйесінің ерекшеліктері

IV. Құрылыс кәсіпорынындарының өнімдеріне баға белгілеу ерекшеліктері

V. Құрылыс кәсіпорынындарының өнім сапасын анықтау және арттыру жолдары

VI. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Еңбек Өнімділігі алынған өнім көлемінің оны дайындауға жұмсалған еңбекке қатынасы (еңбектің өндіріс үдерісіндегі тиімділігі). Уақыт өлшемінде өндірілген өнімнің мөлшерімен (өндіріммен) немесе өнім өлшеміне жұмсалған уақыт шығынымен (еңбек сыйымдылығымен) тұлғаланады. Жеке және қоғамдық еңбек өнімділігі түрлеріне бөлінеді. Біріншісі нақты еңбек шығынын, екіншісі нақты және өткендегі (затандырылған) еңбек шығынын көрсетеді.
Өнімді өндіруге жұмсалған шығындар жанды еңбек шығындары мен өндіріс құралжабдықтарының шығындарынантұрады. Ал соңғыларда, өз уақытында, соларды жасауға жұмсалған еңбек шығындары болып табылған. Сондықтан экономикалық теорияда өнімнің қандайына болмасын жанды (нақты) және зат түріндегі еңбек жұмсалады деп тұжырымдалады. Өткен (зат түріндегі) еңбек білім, информация т.с.с. түрде жинақталады.
Өнімділік -- осы жүйенің берілген уақыт мерзімінде өндірген өнімдерінің сол мерзімде жасалған, немесе еңдірілген өнімдер үшін тұтынылған ресурстардың санына арақатынасы. Егер ресурстардың аталған бір түрінің (еңбек, капитал, қуат, информация, материалдар) өнімділігін есептеу қажет болса, онда бұл есеп өнімділіктің жеке көрсеткіші болып табылады. Мысалы:
ЕӨ = Өнім көлеміТірі еңбек шығындары
Басқа көп түсініктер сияқты, өнімділік тиімділіктің көрсеткіштер жүйесін құруымен бірге көптеген сан көрсеткіштермен белгіленеді. Өнімділіктің шағын және кең мағынасы болады.
Өнімділіктің шағын мағынасы деп, өндірістің негізгі мақсатына көзқарас бағыты нан өндірістік процестің тиімділігін сипаттайтын, бір көрсеткіш түсініледі. Негізгі мақсат осы өндірістік процестен тыс өткізілуге тағайындалған енімдермен және бір немесе бірнеше негізгі ресурстардың арасалмағы түрін алады. Бұндай көрсеткіште өндіріс шарттары (тапсырманың уақытында орындалуы, жұмысшылардың жарақаттарының саны және басқалар) көрсетілмейді.
Өнімділікті өлшеудің негізгі екі тобы бар.
Біріншіге өнімділіктің статикалық коэффициенттері жатады. Бұл жабайы тілмен айтсақ, белгілі уақыт мерзімінде жасалған шығындардын өлшеміне бөлінген өнімнің өлшемі.
Екіншіге өнімділіктің динамикалық индексі жатады. Бұл өткен мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффициентіне бөлінген, белгілі мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффициенті.
Егер әңгіме ресурстардың бір түрі туралы болса (еңбек, капитал, қуат, информация, материалдар) -- бұл өнімділіктің жеке көрсеткіші (немесе ішінара өнімділіктің көрсеткіші).
Еңбек өнімділігінің жеке көрсеткішінің формуласы:
ЕӨ = Өнім көлемі Жанды еңбек шығындары
Бұның көп тараған формалары:
* еңбектің бір сағатында немесе ақы төленген бір сағатта шығарылған өнім;
* еңбек еткен бір адамның шығарғаны.

1. Құрылыс кәсіпорындағы еңбек өнімділігін арттырудың
жолдары.
Еңбек өнімділігін жоғарылатудың факторларын, шарттарын және резервтерін айыра білу қажет. Фактор деген ұғым көбінесе еңбек өнімділігіне әсер ететін күшті анықтаумен беріледі. Еңбек өнімділігін арттыру факторларының ісәрекеті белгілі бір жағдайларда жүреді, олар әр түрлі табиғи, материалдық - техникалық ерекшеліктермен сипатталады. Бұл жағдайлар еңбек өнімділігін арттыру шарттарын жасайды. Табиғи шарттар табиғи қазбалардың байлығымен, жердің құнарлығымен, т.т. сипатталады; материалдық шарттар өндіргіш күштердің даму дәрежесімен, тұрғындардың тұрмыс деңгейімен т.т. көрінеді; қоғамдықәлеуметтік шарттар экономикалық құрылыспен, өндірістік қатынастардың сипатымен беріледі.
Сонымен бірге еңбек өнімділігін арттыру жолдары қарастырылады. Еңбек өнімділігін арттыру жолдары деп оның факторларының әсер ету бағыттарын, адамдардың оларды пайдалану тәсілдерін айтады. Мысалы, "техникалық прогресс" деген фактор өндірісті механикаландыру, автоматтандыру, электрлендіру, химияландыру, компьютерлендіру т.с.с бағыттармен көрінеді.
Еңбек өнімділігін арттыру резервтері өндіргіш күштерді дамытудың берілген деңгейіндегі еңбек өнімділігін арттырудың пайдаланылмай отырған мүмкіндіктері. Резервтер қоғамдық өндірістің әртүрлі бөлімдеріне қарай халық шаруашылығының резервтері, салалық, сала аралық, ішкі өндірістік резервтер деп бөлінеді. Бұлардың әрқайсысы бірбірімен тығыз байланысты. Сол сияқты резервтер кезеңіне қарай ағымдағы және болашақтағы деп бөлінеді.
Халық шаруашылығының резервтеріне өндіріс құрылымын жетілдіру, өндіргіш күштерді орналастыру, өндіріс техникасы мен технологиясын дамыту, жұмыс күшін ұдайы толықтыру жағдайларын жаңарту және т.б. жатады. Ел басының халыққа жолдауында "... өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу..." керектігі айтылған.
Экономиканың салалары - ауыл шаруашылғы, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылымды дамыту арқылы экономиканың құрылымдық мәселелерін, жұмыспен қамту мен кедейлік мәселелерін шешу көзделген.
Салалық резервтер өндіріс техникасы мен технологиясын жетілдірумен, белгілі бір саланы мамандандыру мен кооперативтендіру ұтымды дамытумен байланысты.
Сала аралық резервтер бір - біріне жақын салаларда тиімділікті арттыруды көздейді. Мысалы, егер металлургтер дайындаманы дайын бұйымның салмағына жақындататын болса, онда мұның өзі машина жасауда еңбек өнімділігін едәуір арттырады.
Еңбек өнімділігін арттырудың ішкі өндірістік резервтері үш бағыт бойынша топтастырылады: еңбек сиымдылығын төмендету, жұмыс уақытын пайдалануды жақсарту, кадрларды ұтымды орналастыру резервтері.
Өнімнің еңбек сиымдылығын еңбекті қажет ететін жұмыстарды механикаландыру мен автоматтандыру, ескірген жабдықты да алмастыру, озық технологияны енгізу және т.т. арқылы төмендетуге болады. Мысалы, болтты токарьлық станокта кесіп жасауға қарағанда оны суытпай ойып алуда еңбек сиымдылығы 1015 есе аз болады. Әрбір жұмысшы осы өндіріс жағдайларында қандай технологияның ең прогресті технология болатынын білуге тиіс. Мысалы, ағаш өңдеу өнеркәсібінде мебельді престелген тақталардан жасау технологиясын пайдаланғанда өнім өндіру шамамен 10 есе артады.
Еңбек сиымдылығын төмендетудің маңызды резерві өндірістің ұйымдастырылуын жетілдіру болып табылады.
Еңбек өнімділігін өсірудің мол резерві жұмыс уақытын жақсы пайдалануда болып отыр. Кәсіпорындарында жұмыс уақытының шығыны аптаның алғашқы күнінде және сменаның алғашқы сағаттарында көп болады. Мұның себебі өндірістің негізгі процестері арасындағы және қосымша қызметтермен арадағы жұмыс уақытының жете үйлестірмеуі, смена ішіндегі еңбек пен демалыс тәртіптерінің сақталмауы болып табылады.
Жұмыс уақытын пайдалануды жақсарту үшін ең алдымен жұмыс орындарын ұйымдастыру мен оларға қызмет көрсетуді жетілдіру, еңбек тәртібін нығайту кадрлардың мамандығын арттыру, жұмыстың озық әдістерін енгізу, қызметкерлердің еңбек нәтижелеріне деген ынталылығын күшейту қажет.
Еңбек өнімділігін өсірудің елеулі резерві жұмысшы кадрларын орналастыруда болып отыр. Мәселен, егер көмекші жұмысшылардың еңбегін механикаландырып және ұйымдастырылуын жақсартып, олардың үлес салмағын азайтса, онда тұтастай алғандай өнімділік өседі.
Еңбек өнімділігін арттыру резервтері саналуан. Әрине, олар бір мезгілде, комплексті түрде пайдаланылса, нәтиже де неғұрлым жемісті болады.
Сонымен, еңбек өнімділігі дәрежесін анықтайтын жағдайлар еңбек өнімділігі өсуінің факторлары деп аталады.
Еңбек өнімділігін арттырудың факторларын былай топтауға болады:
Ғылымитехникалық прогресс, жаңа техниканы үздіксіз енгізу және қолдану, өндірісте қазіргі ғылым жетістіктерін кеңінен пайдалану, прогресті технологиялық процестер, жаңа материалдар мен энергия түрлерін енгізу.
Жұмыскерлердің мәденитехникалық деңгейлерін жүйелі түрде көтеру, жалпы және арнаулы білімді көтеру негізінде жұмыскерлердің квалификациясын, кәсіби шеберлігін арттыру, еңбекке деген саналы ынтаны дамыту. Жоғары мамандық қызметкерлерге жаңа техниканы, шикізатты, материалды неғұрлым тиімді пайдалануға, өнім сапасын жақсартуға және осының негізінде ең жоғары еңбек өнімділігіне жетуге мүмкіндік береді.
Еңбекті ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру, алдыңғы формаларды енгізу, өндірістің құрылымын жақсарту, еңбекке деген ынталаушы құралды барынша дамыту. Қазіргі уақытта бұл бағыт шешуші бағыттардың бірі болып отыр. Техника мен адамдарды бірыңғай технологиялық процеске ұтымды біріктіру, еңбектің, өндіріс пен басқару ісінің ұйымдастырылуын жолға қою.
Еңбек өнімділігінің көрсеткіштері жеке және қоғамдық еңбек өнімділігінің көрсеткіші болып бөлінеді. Қоғамдық еңбек өнімділігі (ЕӨ) халық шаруашылығының барлық салаларында жыл бойы жасалған қоғамдық жиынтық өнімді барлық жұмсалған нақты еңбек пен затқа айналған еңбекке бөлу арқылы анықталады. Мұны формула түрінде былай көрсетуге болады:

ЕӨ = қоғамдық жиынтық өнім , (1)
На қты еңбек + затқа айналған еңбек

мұндағы нақты еңбек - іске қосылған жұмыс күші, ой және дене қуатының өндіріске тиімді түрде жұмсалуы. Затқа айналған еңбек - жасалған өндіріс құрал - жабдықтары мен тұтыну заттарына жұмсалған өткен шақтағы еңбек. Қоғамдық еңбек өнімділігі бойынша қоғамдық еңбектің тиімділігін білуге болады.
Жеке еңбек өнімділігі белгілі бір жұмыскер еңбегінің нәтижесін көрсетеді (нақты еңбек өнімділігі). Бұл көрсеткіш екі жолмен өлшенеді: жұмыс уақытының бір өлшемінде дайындалған өнім мөлшерімен (өнім өндіруменЕӨ); өнімнің бір өлшеміне жұмсалған жұмыс уақытының санымен (еңбек сиымдылығы - Ес, бұл өнім өндіруге кері көрсеткіш болып табылады).

ЕӨ = Өмөл , немесе Ес = ЕШ
ЕШ Өмөл

Мұндағы Ө өнім мөлшері, ЕШ өнімнің барлық мөлшеріне жұмсалған жұмыс уақытының жалпы шығындары.
Еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі көбіне әрбір цех, бригада ұжымының, әрбір қызметкердің еңбек өнімділігін арттыру факторларын қаншалықты айқын түсінуіне байланысты болады.

2. Құрылыс кәсіпорынында еңбекақы төлеу жүйесінің
ерекшеліктері.

Еңбек ақы - жұмыскерлердің іс жүзінде істеген жұмысы үшін және жұмыс уақытына кіретін уақыт үшін ақшалай және натуральды формада алатын сыйақылар жиынтығы.
Нарықтық экономикада еңбекке ақы төлеу, жалданушы жұмысшылардың, жұмыс берушілердің, мемлекеттің басты және тікелей қызығушылығын білдіреді. Таратудың өзара айдалы миханизімін табу және көрсетілген үшжақты серіктестігік қызығушылығын сақтау өндірістің бірден бір басты даму шарты болып табылады және еңбекті басқару мен еңбекке ақы төлеудің пайыздық функциясын құрайды.
Еңбекақыдағы еңбеі уәжденуші әрекеттерді оқып білгенде орталық элемент - жұмысшының өзі, өзінің еңбек ақыны субъективті қабылдауы болып табылады, еңбекке ақы төлеудің эталоны құрастырылуын және еңбекке ақы төлеу жүйесін бағалайтынды қамтиды. Егер экономикалық циклында еңбекке ақы төлеу мәселесін қарастырғанда орталық назарда неынталандырады және немен ынталандырады мәселесі тұрса онда әлеуметтік те - кімді және қалай ынталандырады, мұнда стимулдар жұмысшылар немесе ұжымның әрекетіне әсер ететін олардың еңбекке қатынасында, олардың статусын қзгерте отырып, олардың орналастырлыу және қызығушылықтарының ішкі факторлары сияқты түсіндіріледі.
Еңбекке ақы төлеудің қатынасы жеке тұлғаның құнды бағдарламаларының барлық жүйесімен анықталатынын атап өту керек. Мазмұндылық құнын жаппай түсінудегі полеризация және еңбекке ақы төлеудегі, жалақының статустық функциясының өзгеруіне әкеледі: оның еңбектік негізі біртіндеп тұтынушылықпен алмастырылады. Еңбекке ақы төлеу жүйесінің көмегімен еңбекті басқару әрекетінің негізі, жұмысшылардың еңбектік мінез - құлқына табыстың баламалық мөлшерімен қамтамасыз ету болып табылады ( және оның нәтижелілігін қамти отырып). Табыс мөлшерін орнатқанда еңбек қызметінің анықталған эталонының қалыптасуы арқылы жүзеге асады, оның әлеуметтік маңызды факторларының жиынтығы анықталады, олардың таратылу еңбек ақының жоғарлауына әсер етеді.
Қазіргі уақытта жұмысшылар үшін барынша тартымды позиция еңбектің минимум еңбектің құрылымдағы кепілдендірілген кіріс,максимум еңбектің құрамындағы максимум кіріске қарағанда. Бұл жұмысшылардың көпшілігі үшін олардың еңбегіне ақы төлеу, еңбек уәжденуші әрекеттерді көрсетпейді, оларды өздерінің еңбек патенсиялын төлығымен таратуды тудырмайды.
Уақытпен уәждену, еңбек және шығармашылық белсенділікті жоғарлату үшін шынайы алғышарттарды тудырады. Икемді жұмыс күшінің тәртіптері - жұмыс және еркін уақытта рационалды қолдану қоры.
Еңбек ақы төлеу жүйесі келесіәдей болып анықталады:
1.Жұмыскерлердің еңбек ақысы мерзімді, кесімді немесе еңбек ақының басқада жүйелерімен төленеді. Еңбек ақы еңбектің жеке және ұжымдық нәтижесі үшін төленуі мүмкін.
Еңбек ақы жүйесі тарифтік, тарифсіз немесе аралас жүйелердің негізінде қалыптасуы мүмкін.
Еңбек ақының тарифтік жүйесі тарифтік мөлшерден (қызметтік оклад), тарифтік тордан, тарифтік коэффициенттен тұрады.
Еңбек ақының тарифсіз жүйесі жұмыскерлердің кәсіби сапаларын бағалау қағидалары мен белгілеріне және олардың соңғы нәтижедегі үлесіне тәуелді негізделеді.
2.Орындалатын жұмыстың сапасы мен өндіріс тиімділігін арттыруға жұмыскерлердің қызығушылығын арттыру үшін жұмыс берушілерге сыйақы жүйесімен еңбекті ынталандырудың басқада формаларын ендіруге болады.
3.Еңбек ақы жүйесі мен жұмыскерлердің еңбегін ынталандыру ұжымдық келісімнің, еңбек келісімінің және жұмыс беруші актісінң шарттарымен анықталады.
4.Еңбек ақы жүйесі еңбек ақының негізгі үлесін (жалақының тұрақты бөлігіне салыстырмалы) біруақытты ынталандырушы төлемдерді ескермегенде жұмыскерлердің орташа айлық жалақысының 75 пайызынан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуі керек.
5.Мемлекеттік бюджетпен ҚР Ұлттық банк сметасының есебінде болатын ұйым жұмыскерлерінің еңбек ақы жүйесі ҚР нормативті құқықтық актілермен бекітіледі.
6. Еңбек ақы шарты мен ұлттық компаниялдардың, акцияның бақылау пакеті мемлекетке тиісті акционерлік қоғамдардың жетекші жұмыскерлеріне сыйақы беру ҚР Үкіметімен бекітілген Типтік ереженің негізінде анықталады.
7.Ұйымдардың жұмыскерлерінің қызметтерге (тауарлар, жұмыстар) мемлекеттік реттеу тарифтерімен (баға, мөлшер, жинақтар) енгізілетін еңбек ақы жүйесінің параметрлерін қарау және келісімдеу реті еңбек бойынша өкілетті мемлекеттік органдармен бекітіледі.
8.Еңбек, ұжымдық келісімдермен және келісімшарттармен жұмыс берушінің актілерімен анықталынған еңбек ақы шарттары ҚР Еңбек кодексі мен нормативті басқада актілермен бекітілген шарттармен салыстырғанда нашар болмауы керек.
Еңбек ақы төлеудің екі жүйесі бар: мерзімді және кесімді.
Екі форманың бірін таңдау көбнесе өндірісті ұйымдастыру және технологиясының ерекшеліктерімен, жұмыс күшімен қамтамасыз ету және еңбекті ұйымдастыру формаларымен негізделеді. Барлық факторлар еңбек ақы формасын сипаттайды, әсіресе техникалық шарттар мен оларды пайдалану сферасын шектеу мүмкіндіктері көзқарасымен сипаттайды. Шын мәнінде, екі форманы бөлу басты белгісі натуралды өрнектегі өнім көлемінің жұмыс уақыты шығындарына қатынасы ретінде еңбек өнімділігін өлшеу мүмкіндігі болып табылады.
Қазіргі уақытта кесімді еңбек ақы формасынан мерзімді жүйесіне өту байқалуда. Тәжірибеде кесімді еңбек ақыға тиісті әдістерді пайдалану есебінен мерзімді еңбек ақы шартындағы өнімділігі жоғары жұмысты ынталандырудың әр түрлі ыңғайлары қолданылуда. Бұл жағдайда, мерзімді еңбек ақыға тән сыйлық ақы жүйесі үлкен деңгейде қолданылады.
Мерзімді еңбек ақыда, еңбек атқарылған уақытпен өлшенеді, ал жұмысшыға жалақы сәйкес тарифтік мөлшерлемемен немесе нақты атқарылған уақыттың жалақысымен есептеледі.
Мерзімді жалақының түрлері: жай мерзімді, мерзімді - сыйлық ақылы.
Жалақының есептелу тәсілі бойынша еңбек ақының жай мерзімді жүйесі сағаттық, күндік, айлық болып бөлінеді.
Мерзімді еңбек ақы кезінде, төмендегілер маңызды:
+ нақты орындалған жұмыстың квалификациялық деңгейін ескере отырып, жұмысшыларға тарифтік разрядты дұрыс беру, өйткені олардың еңбегін дұрыс бағалау, тарифтік разрядттан тәуелді болады;
+ әр жұмысшының нақты атқарған жұмыс уақытын дәл есепке алу.
Мерзімді еңбек ақы кезінде, жұмысшының жалақысы келесідей болып анықталады:
З = Тс * Фот
мұндағы:
З - белгілі бір кезеңдегі жұмысшының жалақысы;
Тс - уақыт бірлігіндегі разрядтың тарифтік мөлшерлемесі (сағат, айлық, тенге);
Фот - нақты атқарылған уақыт қоры (күнмен, сағатпен).
Мерзімді - сыйақылы жалақы кезінде жалақыдан басқа жұмысшыларға жұмыстағы нақты көрсеткішті орындағаны және асыра орындағына үшін тарифтік мөлшерлеме немесе айлық ақы бойынша қосымша сыйлық ақы төленеді:

Зп = Тс * Фот (1+ (р+К*П):100) (2.1.)
мұндағы: Фот - бір айда нақты атқарылған уақыт саны, адамсағат;
Тс - уақыт бірлігіндегі сәйкес разрядтың тарифтік ставкасы ( тенгекүн);
Р - тарифтік ставкаға сыйлық ақы мөлшері, пайызбен;
К - сыйақы шартын және көрсеткіштерді асыра орындаудың әрбір пайызына сыйлық ақы мөлшері, %;
П - сыйлық ақы көрсеткіштерін асыра орындау пайызы.
Жекелеген мерзімді ақы алушы жұмысшылардың орындаған, жұмысының сипаты мен өндірісінің спецификалық ерекшеліктеріне байланысты сыйақы берудің әр түрлі көрсеткіштері бекітіледі.
Көмекші және өндірістік цехтардың мерзімді ақы алушы жұмысшылары өз бөлімшелерінде қызмет көрсетіп, өндірістік тапсырманы орындаған жағдайда, жұмысты сапалы және өз уақытында орындағаны үшін сыйлық ақы берілуі мүмкін. Сапалы көрсеткіштері үшін, технологиялық жабдықты жөндеумен айналысатын, мерзімді ақы алушы жұмысшыларыда сыйлық ақы алуы мүмкін.
Кесімді еңбек ақыда еңбек жұмысшылардың өндірген өнімімен өлшенеді және жалақы өндірілген өнімнің саны мен көлемінен, сондайақ бекітілген кесімді бағалаудан тікелей тәуелді болады.
Еңбек ақының тікелей кесімді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнім өндіру шығындары, шығындарды азайту жолдары
Өндірілген өнімнің өндірістік және толық өзіндік құнын есептеу
Кәсіпорындардың өнім сапасы
«Өндірістік экономика және менеджмент» пәні бойынша дәрістер жинағы
Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын анықтау
Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалануды бағалау әдістері
Негізгі қорларды бағалау әдістері
Негізгі қорларды пайдалану тиімділігі және оны арттыру жолдары
Еңбек өнімділігі және өнеркәсіп салаларындағы оның өсімі
Өнімнің өндірістік құнын калькуляциялау
Пәндер