Стивен Пол Джобс



1. Өмірбаяны
2. Балалық шағы
3. Цитаталары
4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Стивен Пол Джобс (ағылш. Steven Paul Jobs, (Ақпанның 24, 1955 – Қазанның 5, 2011) – американдық өнертапқыш және бизнес-магнат. Apple корпорациясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы болды. Сонымен қатар Стив Джобс Pixar Animation Studios компаниясының СЕО қызметін де атқарды. 2006 жылы The Walt Disney Company Pixarкомпаниясын сатып алған болатын, ал Стив Джобс Disney компаниясының директорлар кеңесіне мүше болды. 1995 жылышыққан «Ойыншықтар оқиғасы» атты мульфильмнің атқараушы продюсері ретінде көрсетілген еді.
1. Елкинд, Питер. Стив Джобстың мүшкілдері, Fortune (Наурыздың 15, 2008). Тексерілді 21 шілденің 2008.
2. http://top.rbc.ru/society/06/10/2011/612173.shtml
3. Steve Jobs, Apple founder, dies, CNN (Қазан 5, 2011).

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Орындаған:Аханова Балгын
Тексерген: Есенбекова З. Ж.
Тобы: БТ-407

Семей 2015

Жоспар :

1. Өмірбаяны
2. Балалық шағы
3. Цитаталары
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Өмірбаяны
Стивен Пол Джобс (ағылш. Steven Paul Jobs, (Ақпанның 24, 1955 - Қазанның 5, 2011) - американдық өнертапқыш және бизнес-магнат. Apple корпорациясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы болды. Сонымен қатар Стив Джобс Pixar Animation Studios компаниясының СЕО қызметін де атқарды. 2006 жылы The Walt Disney Company Pixar компаниясын сатып алған болатын, ал Стив Джобс Disney компаниясының директорлар кеңесіне мүше болды. 1995 жылышыққан Ойыншықтар оқиғасы атты мульфильмнің атқараушы продюсері ретінде көрсетілген еді.
Стив Джобс 1955 жылы 24 ақпан күні Калифорния штатындағы Маунтин-Вью қаласында туған. Биологиялық анасы ақ нәсілді американдық Джоан Кэрол Шибле және әкесі сириялық студент Абдулфатта Джандали. Баласын асырауға дауаламаған ата-анасы өкіл ата-ана болған Пол және Клара Джобс отбасына тәрбиеленуге тапсырған болатын. Мектеп кезінде Стив электроникаға қызығушылық танытты, мектеп партасында өзінің болашақ әріптесі әрі серіктесі болатын Стив Вознякпентанысқан. Екі дос бастапқы кездері жергілікті телефондық қызмет көрсетуші компанияны алдайтын құрал ойлап табады. Кейін Стив Джобсқа мұндай құралдың табыс көзі болуы үмкін деген ой келеді.
Стив Джобс пен Билл Гейтс бесіншіD: All Things Digital (D5) конференциясында, 2007 жыл
1972 жылы мектеп бітіргеннен кейін Стив Джобс Портлендте (Орегон штаты) орналасқан Рид колледжіне оқуға түседі, бірақ алғашқы семестрден өз еркімен оқудан шығып кетеді. Біраз уақыт өткен соң ол калиграфия мектебіне оқуға барып жүреді. Сол оқудың нәтижесінде кейін ол Мас ОS жүйесіне маштабталатын ғаріптерді орналастырады. 70-жылдардың соңында Стив Джобс компьютерлік ойындарды
жобалайтын Atari компаниясына жұмысқа тұрады.
1976 жылы Стив Джобс өзінің мектептен бергі досы С. Вознякпен бірге Apple компаниясын құрады. Компания өзі құрастырған компьютерлерді сатумен айналысты. Apple компаниясының жаңа туындыларын негізінен С.Возняк дайындайтын, ал С. Джобс негізінен маркетолог қызметін атқаратын.
Стив Джобс пен Стив Возняк дайындаған алғашқы компьютер Apple I болды. Оның бағасы 666 доллар 66 уент болды. Apple I және кейін шыққан Apple II құрастырушы жігіттерге біраз абырой мен атақ әкелді. Компания ІРО арқылы алғашқы рет биржаға шыққаннан соң Стив Джобс мультимиллионер атанды . Стив Джобс Macbook Air презентациясын жасауда
1985 жылы директорлар кеңесімен арада болған қақтығыстан кейін Стив Джобс Apple компаниясындағы қызметінен босатылды. Сол кезде ол NeXT деп аталатын компанияның негізін қалады. Аталған компания негізінен білім беру саласы мен бизнес нарығында қызмет көрсететін. Дегенмен, 1997 жылы ол Apple компаниясына уақытша атқарушы директор ретінде қайтып келді және бұрынғы екі компаниясын қосты.
1986 жылы Стив Джобс The Graphics Group компаниясының иесі атанды, кейін оның аты Pixar деп өзгертелді. Осы киностудия үшін Apple Lucasfilm компаниясына 5 млн доллар төледі, ал оның нарықтағы құны 10 млн-ға бағаланған болатын. Мұндай жағдай Джордж Лукастың қаржылай қиындықтарына байланысты мүмкін болды.
2006 жылы Walt Disney Стив Джобстан Pixar акцияларын 7,4 млрд долларға сатып алды. Стив Джобс Disney компаниясының директорлар кеңесіне өтті. Сонымен қатар Disney компаниясының акционерлерінің ішіндегі ең ірі жеке тұлға болды. Оның меншігіне компанияның 7 пайызы өткен еді.
Apple компаниясы Гинесс Рекордтар кітабына кірді. Стив Джобс жалақысы ең кішкентай атқарушы директор ретінде осы кітапқа тіркелген. Оның жылдық жалақысы 1 долларды құрайтын. Атқарған жұмысына сыйлық (үстемақы) ретінде Стив Джобс компания тарапынан бағасы 43,5 млн доллар болатын Gulfstream реактивті ұшығын сыйға алды. Ұшыққа қатысты шығындардың барлығын компания өз жауапкершілігіне алды.
2003 жылы ішкі органдарды тексеру кезінде дәрігерлер Стив Джобстың өт жолдарынада онкологиялық ісіктің барын арықтады. Негізінен мұндай дертпен ауырған адамның өмір сүруі екіталай, дегенмен Стив Джобстың ісігі сирек кездесетін дерт түрі болғандықтан ота жасауға мүмкіндік берді.
2004 жылдың тамызында Стив Джобстың бауырын ауыстыру жөнінде операция өтті. Операция (ота) - Швейцарияда өтті. Стив Джобс жоқ кезде компанияны халақаралық сатылым бөлімінің басшысы Тим Кук басқарды[2].
2004 жылдың қазан айында Стив Джобс операциядан кейін алғашқы рет халық алдына шығады. Калифорния штатындағы компанияның жаңа дүкенінің ашылу салтанатына қатысты.
2008 жылдың қыркүйегінде баспасөз беттерінде Стив Джобстың қатты салмақ жоғалтқаны туралы ақпарат талқылана бастады. Оның себебі дерттің қайта асқынуы деген болжамдар күйшейе түсті.
2009 жылдың қаңтар айында Стив Джобс компанияға қайта оралғысы келетіндігін хабарлады. Тым қатты салмақ жоғалтқаны гармондық дисбаланс әсерінен дер түсіндірді. Алайда екі апта өткен соң жарты жылдық демалысқа шығатындығын айтты. Сол жылдың маусым айында Стив Джобс бауыр ауыстуры операциясынан кейін жұмысқа шықты. Дәрігерлердің айтуы бойынша денсаулығы өте жақсы делінген.
2011 жылдың 17 қаңтарында Стив Джобс компания қызметкерлеріне таратқан хатында денсаулық жағдайына байланысты Apple компаниясының атқарушы директоры қызметінен кететіндігін хабарлады.
2011 жылдың 5 қазан күні Стив Джобс 56 жасында ауыр дерттен дүниеден озды.
Қазан айының 11 күні Калифорния штатының Санта-Клара округы денсаулық департаменті Стив Джобс өлімінің себебін анықтады. Жазбада Стив Джобс өт жолындағы онкологиялық ісіктің кесірінен демала алмағандықтан өлгендігі хабарланады.[4]
Стив Джобс АҚШ тарихында табысты компаниялардың бірін құрып қана қоймай, ұзақ жылдар оның басшысы болғандар арасында ерекше тұлға. Apple интернет технологиялар жағынан әлемдегі ең ірі компанияға айналып, Microsoftты артта қалдырған. "Apple" негізінен өзінің жаңа ноутбуктары және iPhoneн смартфондары мен iPad планшеттері арқылы қалың көпшілікке танымал.

Цитаталары
* Өзім көтеріп әкете алмайтын компьютерге сенбеймін
* 12 сағат емес, баспен жұмыс істеу керек
* Өз жұмысыңды жақсарту үшін ең бастысы оны жақсы көру.Егер сүймесеңіз,асықпаңыз. Сүйікті жұмысыңызды өз жүрегіңіз көрсетеді
* Мен барлық технологиямды тек Сократпен кездесу үшін жұмсар едім

Бұл материалды автор өзінің "Ақпараттық технология әлемінің алпауыттары" кітабынан алып, жариялап отыр. IT әлемінің басқа да мықтылары жайлы білгіңіз келсе, Сіздерді it-mbeks.ru сайтын қарауды ұсынамын.
Джобс Стивен (Jovs Steben) 1955 жылы Калифорния штатының Маунтин-Вью қаласында дүниеге келген. Компьютерлер саласындағы америкалық ірі кәсіпкер, Apple компаниясын құрушының бірі және оның директорлар кеңесінің төрағасы. Онымен қоса, ол NeXT Software компаниясының да құрылтайшысының бірі, Pixar Animation Studios компаниясының да төрағасы әрі атқарушы бас директоры болып істеген.
Өмірлік демі 2011 жылғы қазан айының 5-де үзілді.
Apple компаниясын құрған және ондаған жылдар бойы соның ұраны болған Стив Джобстың өмірден озуы жайлы хабар компьютер әлемінің жаңалықтарынан сырт жүрген адамдардың өзін бей-жай қалдырмады. Адамзат 2011 жылдың 5 қазанындағы қайғылы жағдайдан соң ғана пәни дүниеге қазіргі заманның ғұламаларының бірі аттанғандығын сезді. Өзі өмір сүрген кезеңде Джобс әлем үшін басқа қандай да бір адам: не ғалым, не актер, не саясатшы бәсекелесе алмайтын соншама көп нәрсе жасағаны ақиқат еді. Сонда бұл джинс киген жын - ғұламаның құпиясы неде?
Бұл өзін-өзі жетілдірудің нәтижесі ме немесе сәтті әрекеттердің үйлесімі ме?
Әлде мұнда ешқандай да құпия жоқ па екен?
Қазір Стив Джобстың атына әрдайым ғұлама эпитеті тіркеліп айтылып жүр. Әйтсе де осы сөздің өзі оның табиғатын толық бейнелеп тұрған жоқ.
Ол үшін миллиондаған адамдардың өмір салтын түбірімен өзгерту тіпті де қиын болмады. Міне осы жағдайлар адамдар өмірін Джобс әуелі Macintosh-ты, сонан соң NeXT және iMac-ты, содан кейінгі iPod, iPone мен iPad-ты өмірге келтірген кезде тіпті басқаша өзгеріске ұшырады.
Джобстың есімі 230-дан астам патенттер мен авторлық куәліктерде жазылып тұрғанмен, ол ешқандай да өнертапқыш болған емес. Оның жылт еткен кейде ақылға қона қоймайтын идеяларды танып біліп, оларды жүзеге асырудағы таланты ерекше болатын. Ол туралы Apple-ді бірге қалаған досы Стив Возняк: ол өзінің бүкіл адамзатты соңынан ертетіндігіне үнемі сенген еді,-дейді.
Apple-ге дейінгі Джобс
Apple компаниясының болашақ атасы әрі көшбасшысы 1955 жылғы 24 ақпанда Американың Сан-Франциско қаласында туған. Оны өмірге келтірген әке-шешесі Абдулфаттах Джандали мен Джоана Шибл бір аптадан соң өз баласынан бас тартады. Осы баланы Пол мен Клара Джобс асырап алады да, оған Стив деген ат қояды.
Ол жеткіншек кезінен-ақ тәуекелге бел байлайтын әрекеттер жасауға құмар болып өседі. 12 жасар Стив радиоэлектроникамен айналысып жүріп, оның кейбір деталы жетпеген кезде сол кездегі белгілі Hewlett-Packard компаниясының президенті Хьюлетт-ке телефон шалып, одан жетпеген деталын сұрап алады және HP компаниясына жазда істейтін жұмысқа орналасады. Міне осы компанияда жүріп ол Apple-нің өмірге келуіне себеп болған - Стив Вознякпен танысады. Бұл Стив те, Джобс сияқты радиоэлектроникамен айналысатын және техникалық прогрестің келешегіне сенетін.
Джобс ата-анасының айтуымен 1972 жылы Портлендтегі Рид колледжіне оқуға түседі. Бірақ ол өзіне ұнамағандықтан онда бір-ақ семестр оқып, одан әрі оқымай қойды. Ол ондағы оқуын тоқтатқан-мен еркін тыңдаушы ретінде каллиграфия курсына қатысуын жалғастырды. Осы әрекеті атақты Macintosh операциялық жүйесіне бірнеше қаріп түрлерін енгізуде кәдеге жарады. Соның арқасында Mac-та, кейінірек одан Windows-қа көшіріліп алынған пропорционал қаріптердің бірнеше гарнитурлары пайда болды.
Екі жылдан соң Джобс Калифорнияға оралып, Вознякпен бірге Пало-Альтодағы Хоубрю компьютерлік клубына мүше болады. Осы клубта екі Стив алғаш рет халықаралық желіде тегін телефон шалуға мүмкіндік беретін қондырғы BlueBox туралы естіп, біледі. Возняк осындай көк қорапты құрастырып, ойнап көреді. Бұл ойыннан жеріп, оны тастағысы келгенде Джобс бұл ойынмен пайда табуды ойлайды.
Пайда табудың жолы қарапайым болатын. Ол үшін Джобс қажет деталдарды 40 $-ға сатып алады, ал Воз одан бір сағатта BlueBox дайындайды. Бұл дайын өнімді Стив-тер 150 $-ға өткізеді. Достардың бұл ісі жақсы жүре бастайды, алайда ол көк қораппен полиция қызыға бастаған соң, ол істі жабуға тура келді.
Джобс жеткілікті қаражат жинаған соң 1975 жылы бойын рухани тазартуды ойлап, Индияға барды. Ол кезде жастар арасында сол модаға айналған еді.
Индиядан тақырбас, ұлттық киіммен оралған Джобс келе сала Breakout ойыны үшін басып шығару тақшасын дайындайтын Atari компаниясында жұмыс істеуге кірісті. Ол электрондық тақша жасаудың маманы болмағасын досы Вознякты түскен кірістің жартысы-350 $-ды беретін болып көмекке шақырды. Стив досынан компанияның тақшадағы чип санын кеміткен сайын үстеме ақша беретін болғанын жасырып қалды. Ал Воз болса, электрондық схемаларды жетілдірудің нағыз шебері еді. Ол тақшадан 50 чипты алып тастап, қалғанын барынша тығыз орналастыра білгені соншалық, ол тақшаны конвейерде қайта жасау мүмкін болмады.
Осыған риза болған Atari компаниясы Джобсқа 5000 $ төлейді, ал бұл Вознякқа бұрынғыша 350 $ ғана беріп, оны пайдадан құр қалдырады. Кейін ол алданғанын біледі, бірақ табиғатынан қайырымды әрі байлықтан бақ іздемеген жан бұл жағдайға онша мән бермейді. Дегенмен болашақта осы компанияны пайдаланушы мүддесі емес, тек пайда табу ғана қызықтыратыны белгілі болған кезде, оған бұл жағдай ұнамай, кейін компаниядан кетуге себеп болады. Қалай десек те Стив Возняк Джобстан кем тұлға емес. Біз осы Возняктың техникалық білімдарлығының арқасында Apple I-дің және ерекше танымал Apple II-нің құрылуына себеп болғанын ұмытпауымыз тиіс. Егер осы қартаңдау Воз болмағанда оның досының таланты ашылар ма еді? Бұл жерде де және басқа жобалар-да да сол идеяларға рух беруші және оларды жүзеге асырып, жарна-малаушы Джобс болғаны анық. Әйткенмен Apple өзінше бөлек тарих...
Apple компаниясының құрылуы
Барлығы Возняктың Hewlett-Packard-қа жұмысқа тұрып, онда бағдарламаланатын калькуляторлар шығаруынан басталған еді. Ол кезде осы кездегідей дербес компьютерлер болған жоқ, ал мини және микрокомпьютерлер шаш жетпес қымбат тұратын. Сол себептен де ол уақытта кең таралған есептеу техникасының түрі калькулятор болатын.
Воз-ға бұл ұнамайды, ол өндіруге әрі меңгеруге оңай қарапа-йым жеке компьютер жасауға бекінді. Есептеу машинасын жасау-дағы тәжірибесін және досы Джобстың Atari-дан алып берген арзан MCS6502 процессоры мен басқа құрауыштарын пайдаланып Возняк іске кірісіп кетті. Бірнеше айдан соң аналық тақшасы дайын болған соң Стив Джобс өмірінде екінші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Менеджерлерге сипаттама – Стив Джобс
Бизнес аңыздары жайлы (әлемнің бай адамдары)
Басқару жүйесі
Жетістікке қол жеткізген кәсіпкерлер
Сатып алынғаннан кейінгі сервистің сапасы
Жаңа тауарларды өндіру және әзірлеу
Компьютердің классификациясы
80-ЖЫЛДАР ЖӘНЕ ОДАН ӘРІ ҚАРАЙ
Мектеп информатика курсын оқыту мазмұны
Венчурлық кәсіпкерлік түсінігі, маңызы және инновациялық жүйенің экономикадағы рөлі
Пәндер