Өрт және оның түрлері, өрт қауіпсіздігі



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Өрт қауіпсіздігі негіздері.
Өрт және оның түрлері
Баспандағы өрт
Өрттің шығу себептері
Өртті болдырмау шаралары
Өрттің адам ағзасына әсер ететін қәуіпті факторлары
Өрт кезіндегі эвакуация уақытын есептеу
Өрт кезіндегі тәртіп. Адамдарды көп өабатты үйлерден эвакуация жасаудың әдістері
Автоматты өрт сөндіру құрылғылары
Өртті сумен сөндіру
Өртті көбікпен сөндіру
Өртті газбен сөндіру
Өртті бумен сөндіру
Өрт сөндірудің химиялық құралдары
Қолмен сөндіруге арналған өрт сөндіргіштер
Өртті сумен сөндіру
Өрт байланысы және дабыл беру
Өрт сөндіруге қажетті су мөлшерін есептеу
ІІІ. Қорытынды
IV. Қосымша
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Өндіріс объектілерінің өртке қарсы қорғанысы - жаңа мекемелерді жобалағанда инженерлі-техникалық және ұйдымдастырушылық шаралар кешені болып табылады. Осылайша, өндірістегі өрттік қауіпсіздік, өрттің алдын алу шараларымен және өрттің шығу ошағынан белсенді қорғану әрекеттері арқылы жүзеге асады.
Еліміздегі халық шаруашылығының белсенді дамуы, өнеркәсіптің жаңа салаларының және материалдардың пайда болуы, өрт қауіпсіздігінің алдына көптеген жаңа талаптарды қойды, сонымен қатар, жаңа өртке қарсы техникалардың пайда болуына үлес қосты.
Соңғы жылдары өрт қауіпсіздігі саласы жаңа, осы заманға сай жабдықтармен (автоцистерналар, автоcорғыштар, көпіршік генераторлары, мотопомпалар, өрт сөндіру құралдары және т.б.) қамтамасыз етілді. Автоматтық өрт сөндіру құралдары мен дабылдары қолданылып жүр.
1. Ж.Жатқанбаев. Экология негіздері. Оқулық – Алматы: “Зият”, 2003ж.-212б.
2. Өмір-тіршілік қауіпсіздігі: Оқулық /құрастырушы С. Арпабеков. – Алматы, 2004. - бет
3. Дүкенбаев К.Д. Өмір өзегі. – Алматы, 1996. – 272 б.
4. Құсайнов А., Нұржанов Б., Шотанов Ж., Балабатыров С., Жұмақанов Т. Электр техника мен электр энергетика терминдері. – Алматы: Санат, 1994
5. Жеңісбек Тұрғанов. Оңтүстік Қазақстан облысының орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасының бас қызметкері статьясынан.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі Семей

қаласының Шәкәрім атындағы мемілекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: 1.Өрт қауіпсіздігі негіздері. 2. Автоматты өрт сөндіру
құрылғылары 3. Өрт кезіндегі эвакуация уақытын есептеу 4. Өрт сөндіруге
қажетті су мөлшерін есептеу 

Орындаған:ЕрболатГүлмира
Тобы:АГ-413

Тексерген : БейсебаевШ.Т

Семей 2015ж

Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Өрт қауіпсіздігі негіздері.
Өрт және оның түрлері
Баспандағы өрт
Өрттің шығу себептері
Өртті болдырмау шаралары
Өрттің адам ағзасына әсер ететін қәуіпті факторлары
Өрт кезіндегі эвакуация уақытын есептеу
Өрт кезіндегі тәртіп. Адамдарды көп өабатты үйлерден эвакуация жасаудың
әдістері
Автоматты өрт сөндіру құрылғылары
Өртті сумен сөндіру
Өртті көбікпен сөндіру
Өртті газбен сөндіру
Өртті бумен сөндіру
Өрт сөндірудің химиялық құралдары
Қолмен сөндіруге арналған өрт сөндіргіштер
Өртті сумен сөндіру
Өрт байланысы және дабыл беру
Өрт сөндіруге қажетті су мөлшерін есептеу
ІІІ. Қорытынды
IV. Қосымша
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Өндіріс объектілерінің өртке қарсы қорғанысы - жаңа мекемелерді
жобалағанда инженерлі-техникалық және ұйдымдастырушылық шаралар кешені
болып табылады. Осылайша, өндірістегі өрттік қауіпсіздік, өрттің алдын алу
шараларымен және өрттің шығу ошағынан белсенді қорғану әрекеттері арқылы
жүзеге асады.
Еліміздегі халық шаруашылығының белсенді дамуы, өнеркәсіптің жаңа
салаларының және материалдардың пайда болуы, өрт қауіпсіздігінің алдына
көптеген жаңа талаптарды қойды, сонымен қатар, жаңа өртке қарсы
техникалардың пайда болуына үлес қосты.
Соңғы жылдары өрт қауіпсіздігі саласы жаңа, осы заманға сай
жабдықтармен (автоцистерналар, автоcорғыштар, көпіршік генераторлары,
мотопомпалар, өрт сөндіру құралдары және т.б.) қамтамасыз етілді.
Автоматтық өрт сөндіру құралдары мен дабылдары қолданылып жүр.

Өрт және оның түрлері

Үлкен қалаларда баспананың негiзгi түрi болып, көп қабатты үйлердегi
пәтерлер саналады. Бұндай пәтерлер сумен, жылумен, электр қуатымен, өмiр-
тiршiлiк өнiмдерiн әкету жүйесiмен, байланыс және ақпарат жүйесiмен
қамтамасыз етiлген. Әрине, тұрғындардың өмiрi және оның қауiпсiздiгi осы
жүйелердiң қызметiне де байланысты. Қазiргi заманғы құрылысты көптеп салу
жүйесi баспананың сапасын ылғи да қамтамасыз ете бермейдi: панелдердiң,
есiктер мен терезелердiң қиылысында жылу кететiн, кемiргiштер кiретiн
саңылаулар болуы мүмкiн. Квартиралар бiр-бiрiмен ұштасып жатқандықтан бiр
жерден шыққан өрт екiншi жерге таралып кету қаупi әр уақытта да бар. Улы
түтін желдеткіштер арқылы көп қабатты үйдің көбіне тарап кетуі де ғажап
емес және т.с.с. Сондықтан кішкене төтенше жағдай бүкіл көп қабатты үйдің
мәселесіне айналып, зардап шегушілердің қатары көбеюі мүмкін.
Баспана үшiн әрi зардабы зор ең қауiптiсi - өрт.

Баспанадағы өрт

Үйлерде өрт өндiрiс орындарына қарағанда жиi болады. Өрттiң себебi
барлық уақытта бiрдей-ақ:
- отты, оның барлық түрлерінде, дұрыс пайдаланбау;
- тұрмыста қолданылатын қыздыру приборларының бұзылуы;
- электр сымдарын және электр жүйесiн пайдаланудағы өрт қауiпсiздiгiнiң
ережесiн бұзу;
- теледидарлардың, радиоапаратуралардың жануы;
- пештiң, оның құбырының дұрыс салынбауы және бұзылғандығы;
- балалардың отпен ойнауы.
Темекiнi абайсыз шегудiң зардабына ерекше тоқтап кету керек. Темекi
шегушiлер әзiрге өте көп, сондықтан өрт болуға себеп те жеткiлiктi, сонымен
қатар, оны себеп ретiнде дөп басу ажырату қиын. Кейбiр темекi шегетiн
адамдар сiрiңкелерiн, темекiнiң тұқылын қалай болса солай лақтыра салады,
рұқсат етiлмейтiн жерлерде темекi шегедi, темекiнiң тұқылын ағаштан
жасалған заттардың үстiне, тез тұтанатын заттардың қасына қоя салады.
Негiзiнде өшпей қалған темекiнiң тұқылынан шыққан өрт ең көп таралған
өрттiң түрi болып саналады.
Синтетикалық заттардың жану ерекшелiктерi. Құрылыстың отқа төзiмдiлiгi.
Бұл тақырыптың маңыздылығы қазiргi заманда үйлерде, квартираларда
синтетикадан жасалған бұйымдар көптеп кездеседi.
Пластмассадан және полимерден жасалған бұйымдардың, құрылыс
материалдарының өртке ұшырауы, оның зардабын бiрнеше есе ұлғайтады әрi адам
өмiрiне үлкен қауiп-қатер туғызады.
Поролон пайдаланылған жұмсақ жиһаз, синтетика кiлем, палас, полимерi
бар түсқағаз (обой) едендегі линолеум, пластик жиһаз, полимер ыдыстар,
киiмдер, перделер – осының бәрi тез тұтанғыш әрi жанған кезде улы затты
газды ерекше бөлетiн бұйымдар болып есептеледi. Жанған кездегi бөлiнетiн
газдың құрамына хлор, көмiртегiнiң тотығы, цианистiк қосылыстар, хлорлы
сутегi, синильдiк қышқыл, азоттың тотығы сияқты уландыратын заттар кiредi.
Полимердiң барлық түрi жанғанда улы газдар бөледi. Жүн жанғанда негiзiнен
полиуретаннан гөрi цианидтi көп бөледi. Бiрақ жүн жай тұтанып,
полиулетаннан жайырақ жанатындықтан өртке себеп болу жағынан онша қауiптi
емес.
Өрт болу қаупiн үй, ғимарат салғанда, әрқашанда ескеру қажет. Құрылыс
материалдары жоғарғы температураға төзетiндей, сенiмдi болғаны дұрыс.

Өртті болдырмау шаралары
Жану процесстері: Жану дегеніміз көп мөлшерде жылу шығу
және жарық сәуле бөлінуі қоса жүретін күрделі физикалық және химиялық
процесс. Жану процессі пайда болып және даму үшін 3 фазадан тұрады:
- жаңғыш;
- тотықтырғыш;
- тұтану көзі.
Жаңғыш зат - оттегімен қосылатн заттарды айтады,
кейбір кезде заттардың жануы оттегімен ғана емес басқа да фазамен қосу
арқылы болады. Мысалы: хлор, бром, күкірт. Жаңғыш зат қатты, сұйық, газ
түрінде кездеседі. Әдетте жану процессі заттың газ күйінде жүргізіледі.
Қатты және сұйық заттар жану процессі кезінде физикалық және химиялық
реакциялар арқылы жаңғыш затқа айналады. Жаңғыш зат ауада оттегі
концентрациясын 12-14 пайыз жоғары болса ғана жанады. Жану процессі басталу
үшін тұтану көзінің жылу энергиясы жаңғыш зат тұтану температурасына дейін
қыздыра салатындай мөлшерде болуы керек. Тұтану көзіне жалын, ашық от,
ұшқын, қызған дене, химиялық реакция жану сәуле энергиясы және найзағай
жарқылдануында.
Жанғыш процессінің түрлері: от, алау, жану, тұтану,
өздігінен жану, өздігінен тұтану және жарылу.
От алау деп – жаңғыш зат үстінде пайда болған газдың
немесе будың тез жанып кетуін айтады. Заттың үстінде жиналған газ немесе бу
жанатын ең төменгі температураны сол заттыңаталу температурасы деп атаймыз.
От алау тмпературасы жаңғыш заттардың өрт қәуіптілігі жөнінде негізгі
көрсеткіш болып есептеледі. Осыған сәйкес барлық жанатын заттар өрт
қәуіптілігі бойынша екі топқа бөлінеді.
1. тез тұтанғыш сұйық
2. жаңғыш сұйықтар от алау температурасы
- жану дегеніміз – тұтандыру көзінің әсерінен туатын жану процессі.
- тұтану дегеніміз жалын пайда болған жану процессі.
- өздігінен жану деп – жаңғыш заттың сыртқы тұтандыру көзісіз пайда
болған жану процессін айтады.
- өздігінен тұтану жалын пайда болатын өзінен өзі жану процессі.
Жарылу – жылу және газ заттарын шығарып қирату
процессін туғызатын өте тез жану процессін айтады. Жарылғыш заттар газ, бу,
шаң түрінде болады. Бұл заттар ауада олардың тек белгілі концентрациясы
болғанда ғана жарылады. Жаңғыш сұйық заттардың өрт қәуіптілігін анықтайтын
факторлардың бірі температуралық шегі болып есептеледі.
- төменгі температураның тұтану шегі деп – сұйық заттың қаныққан
буынның қоспасы болып табылады.
Өрттің шығу себептері
Өрт шығып оның күшею себептері мына жағдайлардан болады:
1. жану зонасында жаңғыш затпен белгілі сандық және сапалық қатынаста
болуы керек;
2. жану ортасы мен тұтану көзі өзара түйісу керек;
3. тұтандыру көзінің температурасы жану ортақ өздігінен жану
температурасына дейін қыздыру керек.
4. Жаңғыш заттар бар жерде ашық отты абайсыз қолдану;
5. Жылыту жүйесін электр желісін электр қондырғыларын дұрыс пайдалану;
6. Газ, бу, шаң газ баллоны, компрессорлардың жарылуы;
7. Жаңғыш заттардың өздігінен тұтануы;
8. Жанармай, бояу материалдары және басқа жаңғыш сұйық заттарды дұрыс
сақтамау;
9. құрал-жабдықтардың қатты қызуы
Өртті қарсы шаралар
1. Жану зонасымен жаңғыш затты салқындату; 2. Жаңған затты атмосфера
ауасынан оқшаулату;
3. Жану реакциясы төмендететін химиялық заттарды қолдану
4. Жану зонасына жанбайтын заттарды енгізу; 5. Жаңғыш затты жану
зонасына оқшаулау.
Өрттің адам ағзасына әсер ететін қәуіпті факторлары - ашық от және
ұшқындар;
- ауа мен заттардың жоғарғы температурасы;
- жанудың улы заттары;
- түтін оттегінің төмен концентрациясы;
- үйдің құлауы және жарылыстары.
Өрт болдырмау жүйесі деп - өрт шығару мүмкіншілігін болғызбауға
бағытталған ұйымдастырушылық шаралар мен техникалық құралдардың комплексін
айтады.Өрттен қорғау жүйесі деп - өрт қәуіпті факторларының әсерін адамға
тигізбеуге және материалдық шығын азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық
және техникалық құралдар комплексі деп айтылады.
Өрттен қорғану шаралары
Өндірістік бөлмелердегі материалдар жанатын, жанбайтын және қиын
жанатын болып 3 топқа бөлінеді.
Жанатын материалдар деп – ыстыққа немесе отқа төзімсіз тез жанатын
матриалдарды атайиыз.
Жанбайтын материалдар деп – қызу температурасы қаншаға көтерілсе де
қалпын сақтайтын, тек қана түсін жойатын материалдарды айтамыз.
Қиын жанатын материалдарға – отқа төзімді, тек көп уақыт бойы жоғары
температурасын жоғалтпай бықсып, түтіндеп тұратын материалдарды жатқызамыз
Өндірістік бөлмелер А,Б,В,Г,Д, Е категорияларымен жіктеледі.
Өртке қарсы кедергілер
Өрт кезінде от жалынның үй көлеміндей жайылып өрістеуін
шектеу үшін әр-түрлі кедергілер орнатылады. Олар өртке қарсы жабық қабырға,
қалқа, қақпа, люк, тамбурлар, шлеуіздер. Бұл кедергілер жанбайтын
материалдардан жасалады.
Өртке қарсы қабырға дегеніміз – отқа төзімділік шегі
екі жарым сағатқа жанбайтын және сынбайтын бітеу қабырғалар. Өртке қарсы
қабырғаларға – есіктер мен қақпалар жатады. Олардың орта төзімділігі екі
сағаттан кем болмауы керек. Өртке қарсы төбе жабындары көп қабатты үйлерге
арналған. Бұл жабындар жанбайтын немесе құрамы тұтас темір бетон ретінде
болады.Түтін өртенген үйдің ішінен адамды шығаруға және от сөндіру
жұмыстарын сөндіруге кедергі жасайды. Сондықтан өрт шалған үйлерге арнайы
люктер қолдануылуы қажет.

Өрт кезiндегi тәртiп. Адамдарды көп қабатты үйлерден эвакуация жасаудың
әдiстерi

Өрттiң уақытында өшiрiлуi – негiзiнен, өрт сөндiрушiлердiң дер кезiнде
шақыруылуына көп байланысты. Сол сияқты, адамдарды жанып жатқан ғимараттан
тез шығарудың да маңызы зор.
Осындай жағдайда келесi мәлiметтерге аса көңiл аудару қажет:
1. Өрт туралы хабарлама беру. Өрттi байқаған сәтте ғимараттағы
адамдарға тез хабар беру керек, өрттiң көлемiне, жану қуатына қарамай өрт
сөндiрушiлердi 01 телефоны арқылы хабардар еткен жөн. Әдетте өрт туралы
хабар телефонмен берiледi. Сондықтан әр отбасы мүшесi телефонның тұрған
орнын жақсы бiлгені дұрыс. Өрт сөндiрушiлердiң келу жылдамдығына көп нәрсе
байланысты, тез келсе, өрт тез сөндіріліп, оның зардабының көлемі аз
болады, қауіпті аймақтардағы адамдарға тез арада көмек көрсетіліп,
құтқаруға мүмкіндік туады.
Өрт туралы телефонмен хабар бергенде, келесi тәртiптi сақтаған жөн:
- өрт туралы хабар беру;
- өрт болып жатқан ғимараттың нөмiрiн, қабатын, көшенiң атын анық және
дұрыс айту;
- өртке қысқаша сипаттама беру: не жанып жатыр, қай жерде жанып жатыр
және т.с.с.
- өрттiң сыртқы көрiнiсiнен хабардар ету;
- адамдарға төнген қауiптiң белгілерінен хабардар ету;
- өрт машинасы қалай кiре алатындығы жайлы айту.
2. Адамдарды құтқаруға әрекет жасау. Өрт сөндiрушiлердi шақырумен қатар
оны сөндiруге әрекет ету қажет, ал егер адамдарға тiкелей қауiп төнсе,
оларды көшiруге қимыл жасау керек.
Егер өрт ағаштан тұрғызылған ғимаратта басталса, онда өрттiң орнына,
көлемiне қарамастан адамдарды жедел эвакуация жасаған жөн. Эвакуация
кезiнде сабыр сақтап, әрi дәл қимылдаудың маңызы зор.
Өртте іс-қимыл және құтқару жұмысын сол жердегі беделді, сабырлы адам
қлоға алғаны дұрыс.
Бiрiншi кезекте балаларды құтқаруға әрекет жасаған жөн, себебi өрттен
қорыққан олар, төсектiң, столдың астына, шкафтың iшiне, көрпеге тығылады,
шақырғанда дыбыс бермеуi де мүмкiн. Сондықтан неғұрлым тез арада оларды
құтқаруға кiрiседi, сол құрлы тәуір нәтижеге жетуге болады. Өрт болып
жатқан баспанадан ересектердi iздестiргенде дауыстап дыбыс берген жөн.
Оларды терезенiң, есiктiң, дәлiзден iздеу керек.
Адамдарды мансардтың немесе жоғарғы қабаттан құтқару кезiнде iшкi
баспалдақты түтiн басқан болса, онда сол маңайдағы терезелердi сындырып,
таза ауаның кiруiне жол беру керек. Түтiн басқа бөлмелерден кiрiп тұрса,
онда ол бөлменiң (пәтердің) есiгiн жауып, саңылауларын тығындап тастаған
дұрыс.
Егер iшкi баспалдақ өртенiп жатса немесе түтiн қалың болса, онда
адамдарды саты қойылған терезе арқылы шығарады. Жанып жатқан жерге ауа
кiрмес үшiн, осы жердегi терезе, есiктiң барлығын толық жауып тастайды.
Саңлауларды мата, киiм, шүберектерді сулап, тығындап тастаған дұрыс.
Түтiн басқан бөлмелерден, баспалдақтардан еңкейiп не еңбектеп шығады,
себебi түтiн көбiне жоғарыға көтерiледi. Қатты түтінденген бөлмелерге
кiргенде қабырғаны жағалай жүрiп, жолдағы кездескен заттарды есте сақтап
отыру керек.
Түтiнде қалып, тұншыққан адамдарды тапқаннан кейiн, оған алдымен тыныс
жүйелерi арқылы уланбас үшiн, ылғал шүберектен байлама жасап беру керек.
Осындай ылғал байламаның бiрнешеуiн құтқарушы өзiмен ала жүруі керек.
Құтқару жұмыстары аяқталғанда, ғимараттан адамдар тегiс шығарылды ма,
соған көз жеткiзу қажет. Ол үшiн барлық бөлмелердi аралап қарап шыққан
дұрыс. Кейбiр уақытта ересек адамдар бағдар жасай алмай, құжаттарын алуға,
т.с.с. себептермен отқа қайта кiрiп кетуi мүмкiн. Өрт болып жатқан жерге
жедел жәрдем машиналарында шақырған жөн.
3. Заттар мен жан-жануарларды эвакуация жасау. Заттардың құрып кету
қаупi туған кезде, оларды өрттен шығара бастауға адамдарды құтқарған соң
кiрiседi және бұл iс-әрекет өрт сөндiрушiлердiң жұмысына кесiрiн тигiзбеуi
қажет.
Мүлікті құтқаруды басқышты, дәлiздердi кептеп қалуы мүмкiн көлемдi
үлкен заттарды шығарудан бастамаған дұрыс. Заттарды шығару өрт сөндiруге де
залалын тигiзбегені жөн.
Өрт секілді жүрек ұшырар жағдайды көрген кейбір адамдар есi шығып,
көрiнген, қажет емес заттарды шығарып әлекке түседi.
Өтетін жерді бөгеп тастағандықтан заттарды шығаруда, адамдарды
құтқаруда, отты сөндіруде айтарлықтай қиындық туғызады. Сондықтан
заттардың, жан-жануарлардың эвакуациясын ұйымдасқан түрде жасауға әрекет
етуге қам жасау керек.
Өрт сөндіру машиналарының жүріс-тұрысына кесірін тигізбеуі үшін, оттан
шығарылған заттар, бұйымдар алысырақ жерлерге жинақталуы керек.
4. Өрттi өшiру. Өрт сөндiру құралдары, онымен жұмыс iстеу ережелерi.
Өрттiң басталуына жанатын заттың, оттегiнiң, ауаның және заттардың
тұтануына қажетті температура беретін жылу импульсі керек. Ал оны өшiру
үшiн, осы қажет заттарды салқындату немесе отқа керек оттегі мен ауаның
жолын кесу қажет. Сондықтан осы мақсатқа өрт сөндiргiш құралдар арналған.
Олар мыналар:
- судың ағын, шашыраған және бу түрін пайдаланатын құралдар;
- химиялық және ауа-механикалық көбiктер;
- инерттiк газдар (көмiрқышқылы, азот және т.б.)
- ұнтақ құрғақ заттар (мысалы, құм), хлорлы металл түріндегі арнайы
флюстер.

Өрттi сумен сөндiру

Өрт сөндiруге суды пайдалану, ең қарапайым, оңай әдiстердiң бiрi.
Өрттiң жану шартына және жанып жатқан заттардың қасиетiне, түрiне
байланысты суды бағытталған ағым, шашырату түрiнде пайдаланады. Үлкен
қысымның әсерiмен шыққан су ағыны жалынды өшiредi. Ал суды шашыратып себу
бағытталған ағымнан гөрi тиiмдiрек, себебi бұл ретте су үлкен ауқымды өшiре
алады.

Өрттi көбiкпен сөндiру

Тез тұтанатын сұйықтарды, ток қуаты жүрiп тұрған қондырғыдағы өрттi
сумен сөндiрмейдi, себебi электр тоғының ұру қауіпi бар. Яғни осы
жағдайларда газ бен сұйықтан құрылған көбiктi пайдаланады. Көбiк, өзiнiң
тығыздығы төмен болғандықтан, жанып жатқан заттардың бой-бойымен, сай-
сайымен жылжи ағып, ауаның отқа келу жолын жабады әрi салқындатады.
Өрт сөндiруде көбiктiң екi түрiн пайдаланады:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өрт қауіпсіздігі бұрыштары
Өрт қауіпсіздігі, өрттерді алдын алу жұмыстарының негізгі талаптары
Өртті сөндіруді басқару
Автожанармай стансасына қойылатын өрт қауіпсіздігінің талаптары
Өрт сөндіру кезіндегі еңбекті қорғау ережелерінің талаптары
Сауда орталығындағы өртті сөндіруді ұйымдастыру және өрт сөндіру тактикасын қолдану
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі бастығы - жол бөлімшесі шегіндегі МЕӨҚҚ бас инспекторы
Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы
Ток шектейтін реакторлардың түрлері
Өрт қауіпсіздігі туралы
Пәндер