Options диалогты терезесінің қосымшалары (AutoCAD)



Кесінділерді салу
Координат нүктелерін енгізу тәсілдері
Жұмыс кеңістігінің өзгеру түрлері
Пайдаланған әдебиеттер
енгіземіз. Берілген команданы тышқан бағыттаушысы арқылы Сурет салу Рисование (Draw) мәзірінен, немесе Сурет салу Рисование (Draw) құрал – саймандар панелінен басқышы арқылы шақыруға болады.
AutoCAD жүйесінің командалық жолында алғашқы қойылатын сауалнама
Бірінші нүкте:
(Specify first point:)
Бірінші нүктені көрсеткеннен кейін AutoCAD келесі сұрауларды шығарады:
Келесі нүкте немесе Алып тастау [Отменить]:
(Specify next point or [Undo]:)
Сауалнамалардың бір бөлігі тік шақшада жазылған. Бұл келесі нүктелерді (кесіндінің шекті нүктесін) экранда сілтеу керектігін көрсетеді немесе опцияларды таңдау (яғни, келесі команда қадамының нұсқасын таңдау). Опция ретінде AutoCAD Алып тастау-Отменить (Undo) командасын ұсынады. Ол кесіндінің бастапқы берілген нүктесін алып тастайды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Options диалогты терезесінің қосымшалары

Орындаған: Шарипова А.А.ТЭ-417
Тексерген: Нургалиев Д.Н.

Семей 2015
Кесінділерді салу

Ол үшін пернетақтадан Кесінді ОТРЕЗОК (LINE) командасын енгіземіз. Берілген команданы тышқан бағыттаушысы арқылы Сурет салу Рисование (Draw) мәзірінен, немесе Сурет салу Рисование (Draw) құрал - саймандар панелінен басқышы арқылы шақыруға болады.
AutoCAD жүйесінің командалық жолында алғашқы қойылатын сауалнама
Бірінші нүкте:
(Specify first point:)
Бірінші нүктені көрсеткеннен кейін AutoCAD келесі сұрауларды шығарады:
Келесі нүкте немесе Алып тастау [Отменить]:
(Specify next point or [Undo]:)
Сауалнамалардың бір бөлігі тік шақшада жазылған. Бұл келесі нүктелерді (кесіндінің шекті нүктесін) экранда сілтеу керектігін көрсетеді немесе опцияларды таңдау (яғни, келесі команда қадамының нұсқасын таңдау). Опция ретінде AutoCAD Алып тастау-Отменить (Undo) командасын ұсынады. Ол кесіндінің бастапқы берілген нүктесін алып тастайды. Опцияны қолдану үшін, командалық жолда пернетақтаның көмегімен жоғарғы немесе төменгі регистрдағы пернесін басу керек.Егер опцияның атауларындағы кейбір бөлігі жазба әріптерімен ерекшеленген болса (берілген жағдайда О (U) әріпі), онда пернетақтада опцияның осы бөлігін ғана енгізу жеткілікті, немесе оны жоғарғы немесе төменгі регистр (яғни О (U) немесе о (u)) арқылы және тағы да пернесінің көмегімен істеуге болады. Қолданушы кез келген енгізуді пернесі арқылы аяқтауға үйренген.
Егер сіз Алып тастау Отменить (Undo) опциясын таңдасаңыз, онда AutoCAD алдыңғы нүктені алып тастап, қайтадан басқасын енгізуді сұрайды. Егер сіз тышқанның көмегімен келесі нүктені экранда көрсетсеңіз, онда экранда бірінші нүктеден екіншісіне жүргізілген кесінді пайда болады. Бірақ онымен Кесінді ОТРЕЗОК (LINE) командасы аяқталмайды, келесі сұрау болады:
Келесі нүкте немесе Алып тастау [Отменить]:
(Specify next point or [Undo]:)
Бұл сұрау бір командамен кезекпен бірнеше кесінді сызып, экранда сынық жол жасауға болатынын көрсетеді. Экранда үшінші нүктені көрсетіңіз. Мұнда келесі сұрау былай болады:
Келесі нүкте немесе [ЗамкнутьОтменить]:
(Specify next point or [CloseUndo]:)
Мұнда Отменить (Undo) опциясына қосымша Замкнуть (Close) опциясы пайда болады. Егер бірнеше опциялар болса, онда "" таңбасымен бөлінеді. Пернетақтада жоғарғы немесе төменгі регистрде 3 (С) енгізгенде, және пернесін басқанда AutoCAD кесінді сызады, ол алдыңғы кесіндінің соңынан біріншінің басына жүргізілген.

Егер үздіксіз кесінді сызбай, тек ОТРЕЗОК (LINE) командасын аяқтағыңыз келсе, онда пернесін басыңыз, ол әрқашан циклдік операциялардың соңын білдіреді. Әрине, пернесін екінші нүктені енгізгеннен кейін де басуға болады. Онда үшінші кесінді салынбай және ОТРЕЗОК (LINE) командасы аяқталып, ал командалық жолда AutoCAD жүйесінде кез келген команданың дұрыс аяқталуын білдіретін Команда: (Command:) жолы шығады.

ОТРЕЗОК (LINE) командасынан шығудың тағы бір тәсілі бар. Графикалық экранда тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы, сонда бағыттаушының орнында контекстік мәзір пайда болады. Контексттік мәзір -- бұл жұмыстың келесі қадамын таңдауға көмектесетін, қолайлы құрал-сайман. Ол кез келген уақытта тышқанның оң жақ батырмасын басқанда шығады. Контекстті мәзірдің мәні орындалып жатқан командаға байланысты.

Сонымен, ОТРЕЗОК (LINE) командасы арқылы бір немесе бірнеше бірінен соң бірі орналасқан кесінділер салуға болады. Команданы пернесінің немесе Замыкание Сlose опциясын енгізумен тоқтатуға болады.

Координат нүктелерін енгізу тәсілдері

Бірінші тәсілі - кесіндінің шеткі нүктелерін тышқанның көмегімен көрсету. Бірақ нүктелерді бұлай енгізу дәл болмайды.

Кең тараған тәсіл екінші тәсілі - координат нүктелерін пернетақтадан енгізу, мысалы: 65,113.24
Бұл мысалда нүкте екі координатамен берілген:Х=65мм, Y=113.24мм. Пернетақтада енгізгенде үтір белгісі Х пен У координаталарын бөлу үшін, ал нүкте санның бүтін бөлігі мен бөлшек бөлігін бөлу үшін қолданылады. Координаттарды енгізу барысында координаталар бас нүктесін 0,0 қайдан таңдау керек. Көп жағдайларда бұл нүкте графикалық экранның сол жақ бұрышында болады (бірақ, жұмыс барысында сурет бойынша 0,0 нүктесі кез келген жерде орналасады, сызбаның көрінбейтін аймағында орналасу мүмкін).

Нүктелерді енгізудің үшінші тәсілі -- бұл декарттық координаталарға қатысты пернетақтадан енгізу, мысалы: @50,25
Бұл жазу бойынша, соңғы нүктенің алдыңғы нүктеге қатысты берілетінін ("@" таңбасы анықтайтын), Х осі бойынша +50мм қозғалуын (яғни оңға қарай 50мм) және Y осі бойынша +25мм (яғни 25мм жоғары қарай) қозғалысын білдіреді. Мұнда үтір координаталарды бөліп тұратын белгі. Енгізілген сандар бүтін және заттық, оң, нольдік және теріс болуы мүмкін.

Төртінші тәсіл -- поляр координаталарына қатысты пернетақтадан енгізу, мысалы:@33.545
Бұл тәсілде үтірдің орнына "" белгісі қолданылады. Берілген мысалда нүкте алдыңғы нүктеге қатысты беріледі, олардың ара қашықтығы жазықтықта 33,5мм-ге тең, бірақ алдыңғы нүктеден соңғы нүкте 45 градус жасап, оң бағытпен абсцисса осі арқылы орналасады (бұрыш сағат тіліне қарсы +- пен, ал сағат тілімен бағыттас -- пен өлшенеді). Ара қашықтық міндетті түрде оң санға, ал бұрыш кез келген мәнге ие бола береді.

Бесінші тәсіл -- бұл объектілік байланыс функцияларының көмегі арқылы көрсету. Объектілік байланыс функцияларына Стандартная (Standard) панелінің топталған басқышы арқылы немесе Объектная привязка (Object Snap) панелі арқылы кіруге болады. Топталған басқыш (групповая кнопка), бұл оң жақ шетінде қара түсті үшбұрышы бар басқыш. Егер бұл басқышты тышқанның сол жақ батырмасымен басып тұрса, онда бұған кіретін құрал-саймандар жинағы ашылады.

Жұмыс кеңістігінің өзгеру түрлері

Қажетті элементтерді қарастыру үшін суреттермен жұмыс істегенде әрқашан қарау терезесін өзгерту керек болады. Бұл мақсатта графикалық экранды айналдыруға вертикаль және горизонталь сызғыштар болады, сонымен қатар Стандартная (Standard) құрал-саймандар панелінде Панорамирование в реальном времени (Pan Realtime) басқышы және оң жағында - Зумирование в реальном времени (Zoom Realtime) басқышы орналасқан.
- Панорамирование в реальном времени басқышы
Панорамирования басқышы ПАН (PAN) командасын шақырады, егер оның басқышын басатын болсақ, онда графикалық экрандағы тышқанның бағыттаушысы алақан тәріздес белгіге өзгереді. Енді тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, бағыттаушыны қажетті жерге орналастыру керек. Бағыттаушымен бірге түгелімен сурет қозғалатын болады. Панорамирование аяқталғанда, AutoCAD жүйесінің келесі сілтемесін қолдануға болады:
Командадан шығу үшін Контексттік мәзірде тышқанның оң жағын басу арқылы шығаруға болады немесе ESC немесе ENTER.
(Press ESC or ENTER to exit, or right-click to display shortcut menu.)
- Зумирование в реальном времени басқышы
Зумирования в реальном времени басқышы суреттің орналасу центрін өзгертпей, масштабын өзгертуге мүмкіндік береді. Зумирование басқышын басқанда бағыттаушымыздың түрі лупа тәріздес белгіге өзгереді. Тышқанның сол жағын баса отырып, суретті жоғары немесе төмен өзгертеміз. Егер жоғары қарай тартатын болсақ, онда бейнеміз үлкейеді, ал төменге тартсақ - кішірейеді. Зумирование командасынан шығу үшін панорамирование командасындағы сияқты , пернелерін немесе тышқанның оң жақ батырмасын басамыз.

Зумирование в реальном времени басқышының оң жағында ПОКАЗАТЬ (ZOOM) команда нұсқалары бар, топталған басқыштар орналасқан (яғни оң жағында кішкене үшбұрыштары бар).
Бұл топталған басқыштар төмендегідей қызмет атқарады:
- Показать Предыдущий басқышы
Предыдущий (Previous) басқышы алдыңғы терезені алуға мүмкіндік береді. Алдыңғы терезеге қайта оралу бірнеше рет орындалуы мүмкін.

Шеңберлер

Шеңберлерді салу КРУГ (CIRCLE) командасы арқылы орындалады. Бұл команданы Рисование (Draw) панелінен немесе Рисование (Draw) мәзірінен таңдап алуға болады. Рисование (Draw) мәзірінде Круг (Circle) командасы алты пункттен тұрады:
- Шеңбер КРУГ (CIRCLE) командасының басқышы.

Команданы шақырған AutoCAD мынадай сұраныс береді:
Шеңбердің центрі немесе [ЗТ2ТККР (кас кас радиус)]
(Specify center point for circle or [3P2PTtr (tan tan radius)]:)
Егер сіз берілген сұранысқа жауап ретінде нүкте салсақ, ол шеңбердің центрі болады, келесі сұраныс беріледі:
Шеңбердің радиусы немесе [Диаметрі]:
(Specify radius of circle or [Diameter]:)

Шеңбердің радиусын береміз. Радиусты нүкте арқылы да беруге болады (яғни, шеңбер центрінен нүктеге дейінгі арақашықтық өлшеніп, радиус ретінде алынады). Егер Диаметр(Diameter) опциясын таңдағымыз келсе, онда Д (D) таңбасын енгіземіз. Онда диаметрді енгізуге сұраныс беріледі:
Шеңбердің диаметрі:
(Specify diameter of circle:)

Диаметрдің мәнін сан немесе нүкте арқылы беруге болады (яғни берілген шеңбер центрінен берілген нүктеге дейін диаметрді сызады). Егер шеңбер центрінің орнына ЗТ (ЗР) опциясын таңдайтын болсақ, онда AutoCAD шеңберді үш нүктемен салады. Сұраныстар бірінен соң бірі кезекпен үшеуі берілгенде экранда шеңбер пайда болады.

Егер 2Т (2Р) опциясын таңдасақ, онда тек екі нүктемен ғана шеңбердің диаметрі салынады. AutoCAD жүйесі мынадай сұраныстар береді:

Шеңбер диаметрінің бірінші нүктесі:
(Specify firs! end point of circle's diameter:)

Шеңбер диаметрінің екінші нүктесі:
(Specify second end point of circle's diameter:)
ККР (Ttr) опциясы екі объектіні байланыстыратын шеңбер сызады. Бұған байланысты жүйенің опциялар мен сұраныстар өзгереді.

Объектіден жанаманың бірінші нүктесін беру:
(Specify point on object for first tangent of circle:) Второй запрос:

Объектіден жанаманың екінші нүктесін беру:
(Specify point on object for second tangent of circle:)

Үшінші сұраныс:
Шеңбердің радиусы:
(Specify radius of circle:)
Радиусты сан мәндерімен немесе екі нүкте арқылы беруге болады, осы нүктелердің арақашықтығы радиустың шамасын береді.
Берілген радиусқа қатысты екі объектіні байланыстыратын шеңбер салудың бірнеше нұсқасы бар. Мүмкін болатын жағдайлары ішінен AutoCAD жүйесі объектіге жанасатын нүктелерді таңдайды.
Рисование (Draw) мәзірінің Круг (Circle) пунктінде 3 жанасу нүктелері (3 точки касания) (Tan, Tan, Tan) болатын бөлімі бар.
- Жанама Касательная (Tangent) объектілік байланыс функцияларының басқышы...
Касательная (Tangent) жанама функциясы - жанама жүргізуге өте ыңғайлы функцияның бірі.
Келесі мысалға назар аударайық. Шеңберге кесінді арқылы жанама жүргізу.
ОТРЕЗОК (LINE) командасын шақырамыз.Бірінші нүктен енгіземіз. Екінші нүктеге сұраныс бергеннен кейін Касательная (Tangent) функциясының басқышын басамыз, содан соң шеңберді нұсқаймыз ( 2.39сурет).Жанамамыз жүргізіледі. Тағы бір мысал келтірейік. Екі шеңбер берілген. Осы екеуін жанап өтетін кесінді сызу керек...
ОТРЕЗОК (LINE) командасын шақырамыз. Кесіндінің нүктелерін шеңберлерден белгілейміз де Касательная (Tangent) функциясын қолданамыз. Екі нүкте арқылы жанама жүргізіледі. Шеңберлердің центрлерін қосуға болады. Ол үшін Центр (Center) байлам объектілік функциясын қолданамыз...
- Центр (Center) байлам объектілік функциясының басқышы.
Бұл функция арқылы біз шеңберлердің центрлерін қосатын кесінді аламыз. Егер шеңбер центріне қатысты нүкте алғымыз келсе, тышқан бағыттаушысын шеңбердің кез келген сызығына қойып, сол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылуэнергетикадағы машиналық графиканың элементтері мен АЖЖ негіздері
AutoCAD жөнінде жалпы мәліметтер Жүйеге қойылатын талаптар
AUTOCAD программасын iске қосу және оның жұмыс ортасы
Autocad 2000
Camtasia Studio бағдарламасында бейнесабақтар жасау
3ds max программасымен жұмыс істеу
Суретті сақтау сұхбаттық терезесі
Программалау тілінің пайдаланылған бөлімдеріне сипаттама
Delphi7 объектілі бағытталған программалау ортасы
Delphi жобалары
Пәндер