Анатомиялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі жайлы



1.Термин түсінігі.
2.Анатомиялық терминдердің құрылымы.
3.Анатомиялық терминдерді жетілдіру мәселелері.
4. Қазақ анатомиялық номенклатурасын жасаудың негізгі қағидалары.
Қорытынды:
Термин дегенiмiз (terminus – предел, граница – шегi, шекара) - ғылыми ұғымның атауы. Ол бiр мағыналы болады.
Термин бiр сөзден де тұруы мүмкiн: corpus- дене, costa – қабырға, және сөз тіркестерінен де құралуы мүмкiн: vertebra thoracica – төс омыртқа, caput costae – қабырғаның басы.
Медициналық терминдер III топқа бөлiнедi:
I –шi – анатомиялық терминдер.
II –шi – фармацевтiк терминдер.
III –шi – клиникалық терминдер.
Анатомиялық терминнен фармацевтiк терминге, фармацевтiк терминнен клиникалық терминге өтуге болады. Мысалы:
1. cor. cordis, n – жүрек – анатомиялық
2. corvalolum – корвалол – фармацевтiк
3. corgliconum –коргликон - фармацевтiк
4. cordiaminum – кордиамин - фармацевтiк
5. epicardium - жүрек сөмкесiнiң висцералды жапырағы - клиникалық
1. Азаматова А.Х. Латинский язык и основы научной терминологии. Алматы, 2008.2.Куприянов В.В. Москва, 1981.
2. Михайлов С.С. Международная анатомическая номенклатура. 1980.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Анатомиялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі.

Орындаған: Нұртөлеуов Нұрсұлтан
Тобы: ВМ-501

Семей 2015жыл

Жоспар:
1.Термин түсінігі.
2.Анатомиялық терминдердің құрылымы.
3.Анатомиялық терминдерді жетілдіру мәселелері.
4. Қазақ анатомиялық номенклатурасын жасаудың негізгі қағидалары.
Қорытынды:

Термин дегенiмiз (terminus - предел, граница - шегi, шекара) - ғылыми ұғымның атауы. Ол бiр мағыналы болады.
Термин бiр сөзден де тұруы мүмкiн: corpus- дене, costa - қабырға, және сөз тіркестерінен де құралуы мүмкiн: vertebra thoracica - төс омыртқа, caput costae - қабырғаның басы.
Медициналық терминдер III топқа бөлiнедi:
I - шi - анатомиялық терминдер.
II - шi - фармацевтiк терминдер.
III - шi - клиникалық терминдер.
Анатомиялық терминнен фармацевтiк терминге, фармацевтiк терминнен клиникалық терминге өтуге болады. Мысалы:
1. cor. cordis, n - жүрек - анатомиялық
2. corvalolum - корвалол - фармацевтiк
3. corgliconum - коргликон - фармацевтiк
4. cordiaminum - кордиамин - фармацевтiк
5. epicardium - жүрек сөмкесiнiң висцералды жапырағы - клиникалық
6. endocardiom - жүрек iшкi қабығы - клиникалық
Жоғарыда айтқанымыздай терминдердi еске сақтау үшiн, оларды бiзде айтылып жүрген орыс сөздерiмен салыстырып көрейiк. Мәселен, Латын түбiрi "Radix"- ке ұқсас сөздердi алайық. Осы сөзге жақын, туысқан қандай сөздердi бiлемiзғ Радикал, -радикальный "aqua" - аквариум, акваланг, акватория; "aer" - аэропорт, аэроплан, аэрофлот, т.б.
Мұндай сөздiк жұмыстарының терминдердi тез еске сақтау үшiн және сөздiк қорды көбейтiп, таза сөйлеу үшiн, көмегi көп.
Әрбiр анатомиялық терминдер бiр сөзден тұрады. Мысалы:
- thorax - көкiрек қаңқасы
- atlas - I-шi мойын омыртқа; немесе бiрнеше сөздерден тұрады: - зат есiм мен сын есiм қосындысынан құралады. Мысалы:
vertebra cervicalis - мойын омыртқа
vertebra thoracica - төс омыртқа
vertebra lumibalis - бел омыртқа
Егер анықтауыш бүкiл сөз тiркесiне тиiстi болса, ол олардың алдында тұрады:
medulla ossium rubra - қызыл сүйек миы
medulla ossium flavum - сары сүйек миы
Оқу құралы үш бөлiмнен тұрады:
I. Анатомиялық терминдерге анатомиялық және гистологиялық номенклатуралар негiздерiн шыққан сөздер жатады: сүйек, б+-лшыќ ет, iшкi,сыртқы ағзалар, тамыр аттары.
II. Клиникалық терминдерге әртүрлi медициналық мамандықтардың терминi жатады: терапия, хирургия, акушерлік гинекология, неврология, психиатрия, офтальмология және педиатрия. Бұлардың бәрi де патологиялық анатомия және патологиялық физиология арқылы түзiледi. Бұл терминдер: аурудың аты, аурудың жағдайы; операциялық әдiстер, емдеу жолдары; әртүрлi приборлардың аты, қолданылатын ќ+-ралдар атауы.
III. Фармацевтiк терминге: дәрiлік формалар атауы, дәрiлердiң атаулары, дәрiлiк өсiмдiктер атаулары және олардың бөлшектерi, химиялық номенклатуралары жатады.
Бұл терминдердi түсiнiктi және қатесiз қолдану үшiн, бiзге, студенттерге, латын әрiптерi мен сөздерiн анық, нақты, қатесiз оқып, түсiнiп, оны орыс-қазақ тiлiне аудара бiлуiмiз керек және қазақ-орыс тiлiнен латын тiлiне аудара алуымыз қажет.
Optimum medicamentum quies est - дәрiнiң ең тиiмдiсi - тыныштық. (Павлов)
Natura sanat, medicus curat morbos - табиғат ауруды жазады, дәрiгер аурудың жазылуына көмектеседi. (Гиппократ)

Анатомиялық терминдердiң құрылымы
Латын тiлiнде терминдер түрi әртүрлi болып келедi. Бiр сөзден тұратын терминдер бар. Олар атау септiгi жекеше және көпше түрдегi зат есiмдер. Мысалы: sternum - төс, thorax - кеуде клеткасы, ossa - сүйектер.
Кейбiр сөздер қазақша аудармада екi сөзден тұрады. Латын тiлiнде анатомиялық терминологияда бiр сөзден тұратын терминдер өте аз: көбiнесе терминдер - сөз тiркестерi арқылы қолданылады. Себебi тiркестi термин мүшелер мен ағзалардың нақты белгiлерiн көрсете алуы тиiс. Тiркестi термин зат есiм мен сын есiмнен (бiрнеше сын есiмдерден) немесе атау септiгiндегi және iлiк септiгiнде зат есiмдерден тұрады. Мысалы: Vertebra cervicalis - мойындық омыртқа, collum costae - қабырға мойыны.
Көп жағдайда нақты атауларды көрсету ұшiн олардың қ+-рамында анықтауыштар қолданылады. Б+-л анықтауыштар тек зат есiмдi ғана емес, бұкiл сөз тiркестерiн анықтайды. Мысалы:processus articularis superior - жоғарғы буынды өсiндi
1. Медицина терминдерiнде бiрiншi орында әр уақытта атау септiгiндегi зат есiм тұрады, содан кейiн бiр немесе бiрнеше анықтауыш сөздер келедi.
2. Жалпы бүкiл сөз тiркесiн анықтап тұрған сөздер көбiнесе анатомиялық құрылымдардың көлемiн, пiшiнiн көрсетедi (үлкен-кiшi, жоғары, төменгi, ортаңғы, дөнгелек, сопақ, сыртқы, iшкi). Бұл сөздер зат есiммен байланысып, сөйлем соңында жазылады: protuberantia occipitalis externa - сыртқы шүйделiк шығыңқы.
Анықтауыштар байланысқан, байланыспаған болып 2-ге бөлiнедi. Мына сөйлемдердi қарастырып көрелiк:
1.os palatinum- таңдайлы сүйек. 4.os pubis-қасаға сүйек.
2.os frontale - маңдайлы сүйек. 5.ossa brevia-қысқа сүйектер.
3.os coxaе - жамбас сүйек.
Бұл сөйлемдердегi os-сүйек сөзiн анықтап тұрған сын есiмдердiң жалғаулары әр түрлi. Себебi латын тiлiнде сын есiмдердiң 2-тобы бар және олар әр түрлi жiктеледi.
Сонымен байланысқан анықтауыш дегенiмiз - анықтап тұрған зат есiммен 1-текте,1-түрде,1-септiкте болатын сөздер. Байланысқан анықтауыш қызметiн көбiнесе сын есiмдер атқарады. Мысалы:columna vertebralis-омыртқалық бағана.
Байланыспаған анықтауыш дегенiмiз - iлiк септiгiнде тұрған зат есiмдер. Мыс: corpus vertebrae-омыртқаның денесi.
Медицина терминдерiнiң құрылымын тез және дәл түсiне бiлу үшiн,терминдердi схема түрiнде жазып үйренген дұрыс.
Бір кездегі еліміздегі ұлттық саясаттың саяз, қиын жылдарында алғашқы анатомия терминдерді қазақша-орысша-латынша сөздіктерді жарыққа шығарған (1963, 1966) қазақ халқының көрнекті азаматтары -- Қарынбаев Сибағадолла Рысқалиұлы мен Сүбханбердин Сәлкен Хасенұлы еді. Олар өздерінің мемлекеттік деңгейде үлкен қызмет атқаруларына қарамастан (Қазақстанның денсаулық сақтау министрі, республикалық дәрі-дәрмек басқармасының төрағасы), "ұлтшыл" деген жала жабылудан қорықпай көмектесіп, кейіннен білім, ғылым салаларында және әкімшілік қызметтерінде жетіліп қалыптасуына әсерін тигізген. Ж.Б Ахметов Республикалық терминология комитетінің мүшесі ретінде медициналық сөздіктер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Анатомиялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі жайлы ақпарат
Анатомиялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы ақпарат
Анатомиялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі жайлы мәлімет
Анатомиялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы
Анатомия терминдерінің латын тіліндегі дәріптелуі
Анатомиялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы мәлімет
Анатомиялық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі туралы мәлімет
Клиникалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы
Клиникалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі жайлы мәлімет
Клиникалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы мәлімет
Пәндер