Жануарларды тасымалдауға дайындау және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау жүргізу



I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.1. Жануарларды тасымалдауға дайындау
2.1.2. Жануарлар мен құстарды автокөлік құралдарымен тасымалдау (орнын ауыстыру) тәртібі
2.1.3. Жануарлар мен құстарды әуе көлігімен тасымалдау (орнын ауыстыру) тәртібі
2.1.4. Жануарлардың барлық түрін тасымалдауға қойылатын жалпы ветеринариялық.санитариялық талаптар

2.2.1. Тасымалдау кезінде ауру және жұқпалы ауруға күмәнді жануарлар анықталған сәтте қолданылатын шаралар
2.2.2. Тасымалдау кезінде ауру және жұқпалы ауру анықталған сәтте қойылатын шарттар
III. ҚОРЫТЫНДЫ
VI. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Көліктегі және шекарадағы бақылау ветеринарлық бекеттері (ШКБВБ) өз аймақтарында жануарларға байланысты жұмыстармен айналысатын барлық тұлғалар қызметін бақылау мәселелерін өз міндеттеріне енгізеді. Оның ішіне кіретіні: жануарларды, өнімдерді, жануартекті азықтарды шикізатты жіберуші өнеркәсіптер және шаруашылық субъектілері.
Өзінің аймағында жануарларды және жануартекті азықтар мен шикізатты тиеп-арту кезінде ветеринарлық қадағалау қызметін атқаратын тұлғалар, әртүрлі шаруашылықтарды, құс фабрикасы, ет комбинаттары, шұжық цехтардың, тоңазытқыштардың, қабылдау бекеттерінің жүн және тері шикізаттарын т.б. нысандардың ветеринарлық-санитарлық жағдайын қадағалау тәртібін және осы аталмыш нысандардың эпизоотиялық жағдайын білу шарт.
1. А. Б. Бегенова, А. Н. Жұмақаева, Б. С. Майқанов. «Шекара және көліктердегі ветеринариялы-санитариялық бақылау». Алматы, 2014 жыл.
2. С. Т. Дүйсембаев. «Ветеринариялық-санитариялық сараптау». Алматы, 2013 жыл.
3. Б. Е. Нұрғалиев. «Мал және құс өнімдерін ветеринарлық-санитарлық сараптау». Алматы, 2011 жыл.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 149 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру ережесі».

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Аграрлық факультеті

CӨЖ
Тақырыбы: Жануарларды тасымалдауға дайындау және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау жүргізу.
Індетті аурулар анықталған жағдайда жүргізілетін іс-шаралар

Орындаған: Бейбитбаева Н. Е.
Тексерген: Серикова А. Т.
Топ: ВС-203

Семей, 2015 жыл
Мазмұны:
I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.1. Жануарларды тасымалдауға дайындау
2.1.2. Жануарлар мен құстарды автокөлік құралдарымен тасымалдау (орнын ауыстыру) тәртібі
2.1.3. Жануарлар мен құстарды әуе көлігімен тасымалдау (орнын ауыстыру) тәртібі
2.1.4. Жануарлардың барлық түрін тасымалдауға қойылатын жалпы ветеринариялық-санитариялық талаптар

2.2.1. Тасымалдау кезінде ауру және жұқпалы ауруға күмәнді жануарлар анықталған сәтте қолданылатын шаралар
2.2.2. Тасымалдау кезінде ауру және жұқпалы ауру анықталған сәтте қойылатын шарттар
III. ҚОРЫТЫНДЫ
VI. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

I. КІРІСПЕ
Көліктегі және шекарадағы бақылау ветеринарлық бекеттері (ШКБВБ) өз аймақтарында жануарларға байланысты жұмыстармен айналысатын барлық тұлғалар қызметін бақылау мәселелерін өз міндеттеріне енгізеді. Оның ішіне кіретіні: жануарларды, өнімдерді, жануартекті азықтарды шикізатты жіберуші өнеркәсіптер және шаруашылық субъектілері.
Өзінің аймағында жануарларды және жануартекті азықтар мен шикізатты тиеп-арту кезінде ветеринарлық қадағалау қызметін атқаратын тұлғалар, әртүрлі шаруашылықтарды, құс фабрикасы, ет комбинаттары, шұжық цехтардың, тоңазытқыштардың, қабылдау бекеттерінің жүн және тері шикізаттарын т.б. нысандардың ветеринарлық-санитарлық жағдайын қадағалау тәртібін және осы аталмыш нысандардың эпизоотиялық жағдайын білу шарт.
Бақылауды жүйелі және жылына бір рет комисиялы түрде өткізген жөн. Комиссия құрамына көліктегі ветеринарлық қадағалау мамандары, қалалық (аудандық) бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы,қалалық (аудандық) санитарлық қызметінің өкілі, темір жол қызметінің өкілі кіруі керек.
Мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, ара өсіру, балық өсіру шаруашылықтарында жануарларды ұстау, азықтандыру, күту ережелерін ветеринариялық-санитарлық шаралар өткізілуі мерзімдері мен көлемнің сақталуын, емдік алдын-алу шараларының өткізілуін бақылайды, жануарлардың ауруға шалдығу жағдайлары мен аурулар сипатын инфекциялық аурулар пайда болуы мүмкіндігіне назар аударып, тіркеуге алады.

2.1.1. Жануарларды тасымалдауға дайындау
Ет кәсіпорындарына малдарды тасымалдау үшін, оларды шаруашылықта алдын-ала арнайы дайындықтан өткізеді. Әр топты тасымалдау көлігіне тиелеуге тиісті мал басының санына қарай топтайды және оларды кемінде 10-14 күн бойы бөлек күтеді. Азықтандырылуы көлікте берілетін рационға сәйкес болуы керек.
Малдарды тасымалдау әр мал тобына арналған тиісті ресми құжаттар дайын болғаннан кейін ғана рұқсат етіледі. Ветеринариялық куәлікті белгіленген тәртіп пен нұсқа бойынша жергілікті малдәрігерлік орын береді. Ауданның бас мал дәрігері бұл құжатты беруге құқы бар адамдарды анықтайды.
Ветеринариялық куәлік берілген күннен бастап 3 тәулік бойы жөнелту орнынан құжатта көрсетілген ет өңдеу кәсіпорындарына дейіңгі аралықта ғана күшін сақтайды. Өнім - көлік жолдамасы 3 дана жасалады. Құжаттың бірі шаруашылықта, ал қалған екеуі жолбасшыға беріледі. Оның біреуі жабық конвертке салынып сыртынан мөр соғылады да, ет өңдейтін кәсіпорнына тапсырылады.

2.1.2. Жануарлар мен құстарды автокөлік құралдарымен тасымалдау (орнын ауыстыру) тәртібі
1. Ірі қара малды және жылқыларды тасымалдау үшін ағаш едені төсем қабатымен (ағаш үгіндісі, сабан) жабылған бортының биіктігі шанақтың еденінен 2 метрге дейін және қойларды, ешкілер мен шошқаларды тасымалдау үшін 1,5 метрге дейін болатын автокөлік құралдары (мал тасығыштар) пайдаланылады.
2. Тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жататын жануарлар мынадай тәртіппен орналастырылады:
1) басын алға қаратады және ірі жануарларды (жылқыларды, сиырларды, бұқаларды, түйелерді) мықтап байлайды. Тиеудің алдында жылқылардың тағаларын алып тастайды;
2) байлаусыз, барлық жануарларға автокөлік шанағында жатуға мүмкіндік беретін мөлшерде (екі жасқа дейінгі ірі қара мал төлдері, шошқа, қой мен ешкілер және басқа ұсақ жануарлар);
3) құстарды қалың, ылғал өткізбейтін едені, жеткілікті мөлшердегі төсемі бар арнайы жабдықталған торларда және ауа айналымының еркін айналымы қамтамасыз етілген торларда тасымалдайды. Торларды қабаттап тиеуге жол беріледі (бірақ төртеуден артық емес).
3. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) жануарлар орны ауыстырылатын (тасымалданатын) жануарлардың санына қарамай жолсерікпен қоса жүреді. Жануарлардың жолсерігі автокөлік құралының кабинасында немесе жануарлардан оқшауланған арнайы жабдықталған орын болған кезде жануарлардың жанында автокөлік құралының шанағында болады.
4. Жануарларды жолда суару қысқы кезеңде күніне кемінде екі рет, жазғы кезеңде кемінде үш рет жүргізіледі.
Жүру жолында қиды лақтыруға тыйым салынады.
Жануарларды тасымалдаудың үнемі қолданыстағы маршруттарында суару және машиналарды қидан тазарту орындары анықталады және жабдықталады.
Жануарларды автокөлік құралдарында ерекше сақтықпен, қатты жұлқымай және тежемей тасымалдайды (орнын ауыстырады).
Жүру жолында жануарлар мен құстар ауруларының клиникалық белгілері айқындалған кезде жүк жөнелтуші немесе бірге жүретін адамдар қажетті шаралар қабылдау мақсатында тиісті аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторына кідірместен хабарлауы тиіс.
5. Тірі балықты, шаян тәрізділерді, ұлуларды, омыртқасыздарды, гидробионттарды және басқа су жануарларын (бұдан әрі - су жануарлары), ұрықтанған уылдырықты тасымалдау (орнын ауыстыру) осы мақсатқа лайықталған арнайы ыдыстарда жүзеге асырылады.
Жүк жөнелтуші балық, шаяндардың сапар кезінде қалыпты тіршілік әрекеті үшін қажетті, зиянды қоспалары жоқ және концентрациясында оттегісі бар таза, мөлдір суда су жануарларын тиеуге жеткізеді.
Су жануарларын алыс қашықтықтарға тасымалдаған (орнын ауыстырған) кезде жүк жөнелтуші су жануарлары бар ыдыстарда суды ауыстыруға немесе қосуға жол берілетін пункттерді алдын-ала анықтайды.
6. Бал араларын тасымалдау үшін тиісті түрде дайындалған ұяларда, жәшіктерде - пакеттерде, ал пакеттерді ауа айналымына арналған металл торлары бар берік фанералық жәшіктерде тасымалдайды.
Ұяларды тұғырықтарда тасымалдау кезінде оларды болат лентамен қысып буады, арнайы рамалардың көмегімен екі, үш немесе төрт қабаттап қояды.

2.1.3. Жануарлар мен құстарды әуе көлігімен тасымалдау
(орнын ауыстыру) тәртібі
1. Жануарлар мен құстарды жөнелтер алдында жөнелтуші әуе компаниясының өкілімен:
1) жануарларды тасымалдауда (орнын ауыстыруда) пайдаланылатын ұшақ түрін;
2) оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) ұшақтың қандай жүк бөлімдерінде және қандай температуралық режимде жүзеге асырылатынын;
3) жануарлар мен құстарды тасымалдау үшін қосымша жабдықтардың қажеттілігін және мүккәмалмен қамтамасыз етілуін (арнайы торлар, төсеме материал түрі, азықтандыру үшін құрылғылар және т.б.) келіседі.
2. Ұшақ жабдықтарының зақымдалуының алдын алу, ластанудың алдын алу үшін ұшақ еденін брезентпен немесе су өткізбейтін материалмен және ылғал сіңіргіш заттармен жабады. Барлық қажетті мүккәмалды, төсеме материалды жөнелтуші қамтамасыз етеді.

2.1.4. Жануарлар мен құстарды теміржол
көлігімен тасымалдау (орнын ауыстыру) тәртібі
1. Жануарлар мен құстарды вагондарға (-дан) тиеу және түсіру малды тиеу платформаларымен жабдықталған станцияларда жүргізіледі. Жануарларды көпшілік пайдаланатын платформалардан немесе траптар бойынша алаңдардан тиеуге (түсіруге) жол беріледі.
2. Жануарлар мен құстарды вагондарда тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде жануарларды азықтандыруға, суаруға арналған жабдықтарды, жануарларды күтуге арналған құралдарды жүк жөнелтуші ұсынады.
3. Теміржол көлігімен тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жататын жануарлар мынадай тәртіппен орналастырылады:
1) жылқылар вагонның көлденең бойына паралелльді, бастарымен есік аралық кеңістікке қарай, жолсерік жүруі үшін ортаңғы қатарда шеткі қатарға қарағанда бір жылқы аз орналастырылады. Жылқыларды тағасын алып тастап тасымалдауға (opнын ауыстыруға) жол беріледі;
2) ірі қара мал ұзыннан немесе көлденең тәсілмен орналастырылады. Көлденең тәсіл кезінде тиеу алдында вагонның көлденең қабырғасының алынбайтын тақтайларына 1-2 малға бір шығыршық есебімен бұрандамен мал байлауға темір шығыршықтар (немесе қапсырмалар) бекітіледі. Вагонның екі басында әрқайсысы екі тақтайдан құралатын, вагонның алынбайтын тақтайына көлденеңінен, вагонның беткі қабырғасына тіреп сөрелер орнатылады. Ірі қара малды тиегеннен кейін вагондар есіктерінің ойықтарында торлар орнатылады.
Ұзыннан тәсілі кезінде есіктегі ойықтарға торлар орната отырып, ірі қара малды вагонның көлденең бойына паралелльді, бастарымен есік аралық кеңістікке қаратып орналастырады.
4. Әртүрлі жануарлар мен құстарды бір вагонда бірге тасымалдауға (орнын ауыстыруға) оларды бір-бірінен мықты шарбақпен бөлген жағдайда жол беріледі.
5. Ұсақ жануарларды (атжалмандар, теңіз шошқалары және басқалар) бүйір қабырғасы бойынша үстіңгі тор мен төбенің аралығы кемінде 0,2 метр вагонның аралықпен бірнеше қабаттап торлар мен жәшіктерде тасымалдайды (орнын ауыстырады). Ұзыннан орналасқан қабырғаларға жәшіктер мен торларды жануарларға күтім жасау және ауа айналымы үшін жол қалдырып орналастырады. Торлар мен жәшіктердің су өткізбейтін түбі болады және тиелгеннен кейін жақсылап бекітіледі.
Терісі бағалы аңдарды олардың түріне қарай өздігінен ашылу мүмкіндігін болдырмайтын мықты тиекті металдан жасалған торлы есіктері бар металл немесе мықты ағаш торларға орны ауыстырылады.
6. Жануарлардың орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде жүру жолында көлік құралдарын тазартуды жолсеріктер жүргізеді және жүру маршруты бойынша межелі пунктте немесе станция бастығымен белгіленген және келісілген станцияларда түсіреді.
7. Су жануарлары зиянды қоспалары жоқ және жолда су жануарларын қалыпты тіршілігіне қажетті концентрациядағы оттегісі бар таза, мөлдір суда тасымалданады. Су жануарларын алыс қашықтықтарға тасымалдаған (орнын ауыстырған) кезде жүк жөнелтуші су жануарларын бар ыдыстарда суды ауыстыруға немесе қосуға жол берілетін пункттерді алдын ала анықтайды.
8. Бал араларын үшін тиісті түрде дайындалған ұяларда, жәшіктерде - пакеттерде, ал пакеттерді ауа айналымына арналған металл торлары бар берік фанералық жәшіктерде тасымалдайды.
Ұяларды тұғырықтарда тасымалдау кезінде оларды болат лентамен қысып буады, арнайы рамалардың, көмегімен екі, үш немесе төрт қабаттап қояды.

2.1.5. Жануарлардың барлық түрін тасымалдауға қойылатын жалпы ветеринариялық-санитариялық талаптар
Қазақстан Республикасының ветеринария заңы бойынша темір жол, әуе, су, автокөлік арқылы тасымалдау тек қана жұқпалы аурулардан таза шаруашылықтан алынған, клиникалық тексерістен өткен жануарлар ғана, ал табындық және қолданылатын жануарлар, диагностикалық зерттеулерден, өңдеуден өткеннен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарларды тасымалдауға дайындау және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау
Мемлекеттік ветеринариялық санитариялық бақылауымен жануарларды тасымалдауға дайындау және оның реті
Жұқпалы аурулар анықталған жағдайда жүргізілетін іс-шаралар
Мемлекеттік шекарадағы ветеринарлық - санитарлық бақылауды ұйымдастыру
Шекарадағы және көліктегі ветеринарлық-санитарлық қадағалау
Жануарларды тасымалдау шарттары
Жануарларды тасымалдауға дайындау және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудың сақталуы
Жылқы жануарын тасымалдау сәті
Темір жолдармен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық –санитарлық бақылау
Ветеринарлық-санитарлық қадағалау негізі
Пәндер