Экономикалық теорияның қалыптасу кезеңдері



1.Экономикалық теорияның қалыптасу кезеңдері
2.Экономиканың ғылым саласындағы “Нобель” сыйлығының лауреаттары
3.Қазақстан Республикасын жекешелендіру процесі және оның ерекшеліктері
1.Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам еміріндегі ең қажетті шарт — аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін тұтыну, өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре алмақ емес. Алғашқы қауымда адамдардыи табиғи ортада хайуанаттардан белініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты. Тарихтағы тұңғыш экономикалық ой-пікір алғашқы адамдардың бірлесіп тағы аңдарды аулауы деуге болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады. Ежелгі дүниедегі экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер Египет, Қытай, Үндістан, Греция, (Ксенсфэнт, Платон, Аристотель т. б.) ойшылдарының еңбектерінде қарастырылды. Мәселен, Аристотель тауар құны деген ұғымға тоқталып, оның айырбас қатынасьгаан шығатынын байқаған. Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда экономикалық ой-пікір ғылым болып қалыптаспады. Оның себебі ол заманда тауар-ақша, рынок, сауда дамымады, шаруашылық негізінен тұйық натуралды — заттай жүргізілді.
1. Ахметов К. Н. Институционалды экономика. Алматы, 2011ж, 238 бет

2. Я. Әубәкіров, К.Нәрібаев, М.Есқалиев, Е.Жатқанбаев т.б. Экономикалық теория негіздері. Оқулық, Алматы, 1998ж, 349 бет

3.Шеденов Ө.Қ. Экономикалық ілімдер тарихы: оқулық. - Ақтөбе: А - Полиграфия, 2006. – 158 б.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Орындаған: Ерланова Жанерке ПД-405

Тексерген: Ғабдуллина Ляззат Бағланқызы

Семей 2015

Жоспар:

1.Экономикалық теорияның қалыптасу кезеңдері

2.Экономиканың ғылым саласындағы “Нобель” сыйлығының лауреаттары

3.Қазақстан Республикасын жекешелендіру процесі және оның ерекшеліктері

1.Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара байланыс,
айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам
еміріндегі ең қажетті шарт — аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету,
еңбек нәтижесін тұтыну, өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-
жалғыз күн көре алмақ емес. Алғашқы қауымда адамдардыи табиғи ортада
хайуанаттардан белініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты. Тарихтағы
тұңғыш экономикалық ой-пікір алғашқы адамдардың бірлесіп тағы аңдарды
аулауы деуге болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады. Ежелгі
дүниедегі экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер Египет, Қытай,
Үндістан, Греция, (Ксенсфэнт, Платон, Аристотель т. б.) ойшылдарының
еңбектерінде қарастырылды. Мәселен, Аристотель тауар құны деген ұғымға
тоқталып, оның айырбас қатынасьгаан шығатынын байқаған. Бірақ ерте дүниеде,
орта ғасырларда экономикалық ой-пікір ғылым болып қалыптаспады. Оның себебі
ол заманда тауар-ақша, рынок, сауда дамымады, шаруашылық негізінен тұйық
натуралды — заттай жүргізілді.
Экономикалық ой-пікірлердің ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы сауда, өнеркәсіп
капиталының дами бастауына байланысты болды. Бұл кезең негізінен Еуропада
XVI— XVII ғасырларды камтиды. Ал Ресейде тауар-ақша қаты-настары 1861 жылғы
реформадан сон дамыды. Қазақстани елінде XIX ғасырдың соңы, XX ғасырдың
басында сауда капиталы, тауар-ақша айналымы, халықаралық рынок, еңбек
бөлінісіне қамту процесі бірте-бірте жанданған. Еліміздің Солтүстік, Батыс
аймақтары Ресеймен тауар айналысына басым қатынаста болса, Оңтүстік Шығыс,
Орталық аудандарға Орта Азия, Қытай т. б. елдердің саудагерлері жиі келе
бастады. Тарихтагы белгілі Жібек жолы осының айғағы. Бұдан, ақынның
натуралдық тұйық шаруашылықты көксеуімен бірге, тауар-ақша қатынасының
алғашқы қадамдарын бейнелегенін байқаймыз.
Алғаш рет өз алдына қалыптасқан ой-пікірдің белгілі бағыты — меркантелистер
мектебі. Ол (мерканте — итальян сөзі сауда, пайда табу) қоғамдық байлықтың
негізі ақша, алтын деп біледі. Меркантелистердің талабы тауарды шет елдерге
мүмкіндігінше көп сату, олардан мейлінше аз сатып алу, сөйтіп ақша қорын
молайту жолдарын іздеуі. Демек, меркантелистер сауда капиталының мүддесін
қорғаған. Меркантелистер рынок экономикасы теориясы мен практикасыиың
негізін қалаушылар қатарына жатады. Олар ақша неғұрлым кеп болса, қоғамнын
байлығы да мол болады деген ұғымды басшылыққа алды. Әрине, сауда капиталы
тұрғысынан бұл ұғым дұрыс та шығар. Себебі саудагерлер, көпестер ақшасы
көбейген сайын, мал-мүлкі көп байлардын қатарына қосылып, қоғамға қажет
тауарларды тасымалдау, сату ісі жанданады. Сауда капиталының қызметі
айырбас, айналыс процесін үздіксіз жүргізу арқылы экономиканы ілгері
бастыруға көмектеседі. Бірақ сауда капиталы қоғам байлыгын, адамдардың әл-
ауқатын көтеретін күш емес. Бұың себебі айналыс, айырбас саласында тек қана
құн формасы ауысып тұрады, екінші сөзбен айтқанда, тауар, онын құны бір
қолдан екінші колға өткенде ешбір жаңа тауар, жаңа құн жасалмайды. Йбмек
меркантелистер теориясы ғылыми дәлелденбеген, ол халық шаруашылыгын толық
қамтитын ілім болған жоқ. Меркантелистердің осы осалдығын физиократтар
байқады да қоғамдық байлық, саудада емес, өндірісте екенін дәлелдеді. Бірақ
физиократтар Ф. Кенэ, А. Тюрго т. б. өндіріс қатарыка тек ауыл шаруашылыгын
жатқызды. Олардың гіікірінше, қоғам байлығының бірден бір кезі ауыл
шаруашылығы өнімдері, сондықтан өсімтал тап қатарына тек қана шаруалар
жатады деген ұғымды дәріптеп, Ф. Кенэ тұнғыш рет ұдайы өндіріс теориясына
қатысты Экономикалық кесте жасады. Бұл кестеде бір жыл ішінде өндірілген
ауыл шаруашылық өнімдерінің ұдайы өндіріс процесі зерттелінді.
Ф. Кенэнін Экономикалық кестесі қоғамдық өндірістің ұдайы даму процесін
зерттеуге арналған, өз заманындағы даналықпен болжалған ғылыми
тұжырымдамалар қатарына жатады. Физиократтардың өндіріске кәңіл аударуы
экономикалық ой-пікірдегі күрделі жаңалық, алга басу. Бірақ олардың
өндірісті тек қана ауыл шаруашылығымен шектеуі халық шаруашылыгының басқа
салаларын өнімсіз деп есептеуі дұрыс болмады .Оны буржауазиялық саяси
экономиканың көрнекті өкілдері У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, С. Сисмонди
еңбектері айқын көрсетті. Қоғам байлыгы жалпы өндіріс салаларында пайда
болатындығы дәлелденді. Ауыл шаруашылыгымен қатар өнеркәсіптің материалдық
игіліктерді өндіру, өңдеу процестерін жалғастыратын байлакыс, халыққа
Хызмет көрсету салаларында да жаңа құн өндіріліп, қоғамдық байлық молаяды
деген кағида берік қалыптасты.
Классикалық саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік өндірістік
қатьшастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын
экономикалық ой-пікірдің прогрессивті сатысы болды. Классикалық буржу-
азиялық саяси экономиянмң басты табысы еңбек құн теориясының негізін
қалады.
Осы ой-пікірдін қалыптасуы сауда және карыз-өсімқорлық капиталына қарсы
еіщірістік капиталдың қоғамдагы ерекше рөлін атап көрсеткен ғылыми қағида
болғаны белгілі. Еңбек құн теориясын маркстік саяси экономия ілгері
дамытып, қосымша құн туралы ілімді жан-жақты талдады. Маркстік экономикалық
теория XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасып, XX ғасырдың алғашқы
ширегінде В. И. Лениннің еңбектерінде дамыды. Маркстік саяси экономия —
еңбекшілердің, жұмысшы табынмң мүддесін қорғайтын теория. Сондықтан да оған
қарама-карсы буржуазиялық тұрпайы (вульгарлық) саяси экономия пайда болды.
Марксшілер капиталистік қоғамды дәріптеуші барлық экономикалық теорияларға
сьш козбен қарады. Оның себебі капиталистік экономикалық қатынастарда
негізінен екі тап: біріншісі, үстемдік жасайтын буржуазия болса, екіншісі,
пролетариат — қаналушы тап емір сүреді. Ояардың арасында антогонистік
бітіспес қайшылық бар. Маркстік теория бойынша, пролетариат барлық еңбекші
қауымды капиталистік қанаудан азат етіп, қоғамдасқан социалистік өндіріс
орнатуы қажет. Тарихта 70 жылдан астам кеңес елінде, екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін Еуропа, Азияның бірсыпыра мемлекеттерінде, Кубада
социалистік революция басталып, социализмнің көбінесе кеңестік моделі
(үлгісі) жүзеге асырылды. Сонымен бірге XX гасырдың екінші жартысынан
бастап капиталистік дүниеде де елеулі өзгерістер болды. Бір топ дамыған
елдер (АҚШ, Жапония, ФРГ, Англия, Канада, Италия), соңғы жылдары Оңтүстік
Корея, Сингапур, Гон-конг сияқты елдер қазіргі замангы ғылыми-техникалық
революцияға бейімделіп, әлемдік озық тәжірибені дұрыс пайдалану нәтижесінде
қоғамдық өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттырып келеді. Бұл елдерде
еңбек жағдайын жақсарту, жұмысшылардың тұрмыс дәрежесін көтеру, олардың
кәсіпорындарды басқаруға, демократияны дамытуға қатысуы сияқты жаңалықтар
Ресейдегі Қазан теңкерісінің әсерінен деуге болады. Себебі социалистік
қоғамның міндеті, оның ұсынған ұрандары капиталистік елдерге әсерін
тигізбей қойған жоқ. Капиталистер дүниедегі өзгерістерді ескеріп,
жұмысшыларға қолайлы жағдай туғызу жолдарын іздеді. Әриие, еңбекакының
өсуі, тұрғын үй, әлеуметтік қорғау мәселелерін шешу алдымен жұмысшы табының
еңбек өнімділігіне, өндірісте жаңа техника, технологияны енгізуге
байланысты екеиі айқын. Қазіргі ілгері дамыган елдерде еңбек өнімділігі
дәрежесі, еңбектің интенсивтілігі ете жоғары екені белгілі. Мәселен, ФРГ-де
бұрынғы ГДР-мен салыстырғаңда еңбек өнімділігі дәрежесі 2 есе жоғары болды.
Сол сияқты Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапурда жұмысшылар 10—12 сағат
қажырлы еңбек ететіні құпия емес. Капиталистік дамыған елдердің артта
қалган, бұрын отарлық тәуелділікте болған халықтардың еңбегін арзан
пайдаланудан түсірген пайдасын айтпасқа болмайды. Ресейдегі 1917 жылғы
Қазан төңкерісі экономикалық жағынан мешеу қалған елде жүзеге асырылды.
Қазақ халқының көшпелі тұрмыс салты, экономикалық укладтары жетілмеді,
соның салдарынан дүниежүзілік мәдениет пен ғылымнан шектеліп қалды.
Қазан теңкерісінің қазақ жеріне тарауына байланысты озат елдің
пролетариатының кемегімен капитализмге соқпай, социализмге өту теориясы
қолданылды. Ұрандарында бәрі де адам үшін, адамның игілігі үшін дегеи сөз
жазылған социализмнің әкімшілдік жүйесі кеңес халқын дүниежүзілік ғылыми-
техникалық прогрестен шетте қалдырып, үлкен дағдарысқа ұшыратты. Бұл өте
өкінішті және қынжылтатын жағдай. Әңгіме ауыртпалық пен дағдарыс туралы
сөзді қайталай беруде емес, керісінше, осы дағдарыстан тезірек шығу
жолдарын анықтау, халықаралық еңбек бөлінісіне негұрлым ұйымдасқандықпен
өтуде болып отыр. Әр халықтың егемен ел болғысы келетіні табиғи талап деп
карасақ, сонғы уақытта басқа республикалар тәрізді Қазақстанның ез алдмна
мемлекет болып әлемдік кеңістіктен, Біріккен Ұлттар Ұйымынан орын алуы
тарихи маңызы зор оқиға. Экономикалық тәуелсіздік болмайынша саяси
тәуелсіздіктің де баянды болуы қиын. Қоғамдық еңбек белінісінің
артықшылықтарын неғұрлым тиімді пайдалану, өз экономикаынан құрылымын
жетілдіру, сыртқы сауда, айырбас қатынастарының заңдылықтарын меңгеру
қажет. Қазақта сауда сақал сипағанша деген мақал бар, сондықтан
халықаралык сауда-саттықтың, дүниежүзілік рыноктың тәртібін мұқият зерт-
теудін, бәсекелік күрестің ұтылмас жолын меңгерудің маңызы арта бермек.
Ежелден саудага шорқақ қазақтың алдында рынок теориясы мен тәжірибесін
жедел және жан-жақты игеру міндеті тұр. Қазіргі жоғары оқу орындарында
барлық мамандыққа оқып жүрген студент жастардың экономикалык теория
негіздерін үйрену арқылы практикалық мәселелерді тезірек дұрыс шешуіне
болады. Республикамызда дарынды, шет тілдерді білетін жастар аз емес,
олардың бір тобы АҚШ-та, Англияда, Францияда, Германия, Оңтүстік Корея,
Жапония, Түркия сияқты елдерде бизнес, маркетинг, менеджмент, банк жүйесі,
финанс-валюта, баска да қалыптасқан казіргі замангы рыноктық
инфрақұрылымның заңдылықтарын үйренуде. Бұл прогрессивті бағыт одан әрі
дами бермек.
Қазіргі экономикалық ғылым ерекше дағдарысқа ұшырап отыр. Бұл дағдарыстың
себептері көп, оның негізін экономика, саясат, идеология т. б. қоғамдық
емір саласында байқаймыз. Қазіргі таңдағы көкейтесті проблемалар еңбекші
қауымның еңбек және тұрмыс жағдайыя жақсартуға, адамдардың күнделікті
қажеттерін өтеуге керек тауар қорларын молайтуга, әсіресе азық-түлік
мәселесін шешуге келіп тіреледі. Экономикалық ғылым адамдар қажетін өтеу
жолдарының зацдылықтарын зерттейді. Осы ғылымнын объективті заңдары
еңбекшілердің, бүкіл халықтың мүдделеріне қызмет ететіні белгілі.
Экономикалық ілім қоғамдық өндірісті, адамдар арасында әлеуметтік-
экономикалық қатынастарды зерттейтіндіктен ол қоғамдағы барлық өмірге,
күнделікті тұрмысқа, адамдардын еңбек ету жағдайына байланысты сан алуан
мәселелерге көңіл аударуға тиіс. Ал қоғамдык қатынастардың негізі —
өндірістік қатынастар. Оның құрамына жалпы алганда тікелей өндіріс,
айырбас, бөлу, тұтыну қатынастары кіреді, оларды қайталап үздіксіз өндіру
немесе ұдайы өндіріс қатынастарын дамытып, жетілдіру аса маңызды. Қазіргі
кезеңде ерекше шешімін кутіп отырған мәселе 70 жылдан аса тарихи орын алған
кеңестік экономикага саяси экономикалық талдау жасау, сол аркылы бұрынғы
және қазіргі рыноктық бағыт ұстап отырған елдердегі әлеуметтік-экономикалық
қатынастарды зерттеу.

2.Мюрдаль Карл Гуннар

Мюрдаль Карл Гуннар (Myrdal, (Karl) Gunnar) (6 желтоқсан. 1898, Густафс,
Даларна, Швеция — 17 мамыр 1987, Стокгольм) — швед экономисі
және әлеуметтанушысы. Стокгольм университетінде докторлық дәреже алып, онда
1933 жылдан бастап 1967 жылға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканың зерттеу әдістері
Экономикалық теория туралы ақпарат
Экономика теориясының қоғамда дамуындағы рөлі мен орны, оның пәні мен әдістері
Экономикалық теория жайлы мәлімет
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Экономикалық теорияның турлері
Экономикалық теорияның қалыптасуы
Экономикалық теорияны зерттеу әдістері
Экономикалық теорияның даму кезеңдері және оның қалыптасуындағы көзқарастар
Экономикалық теорияның қалыптасу кезеңдері жайлы мәлімет
Пәндер