Бюджет жүйесі жайлы



Кіріспе

1.Бюджет жүйесін басқарудың теориялық негіздері
1.1. Бюджеттiң мазмұны мен құрылымы
1.2. Салықтар бюджеттiң негiзгi көзi
1.3. Әлемдiк тәжiрибеде мемлекеттiк бюджеттiң
қалыптасу ерекшеліктері

2.Бюджет жүйесін қалыптастыруды талдау
2.1 Бюджеттегi салық түсiмдерiн талдау
2.2 Экономиканы мемлекеттiк реттеудегi бюджет
жүйесінің алатын орны талдау

3.Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары
3.1 Бюджет жүйесін басқаруды жетiлдiру жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi
Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының мемлекеттiң орталықтандырылғын қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгiлейдi.
Бюджет экономикаға бюджет механизiмi арқылы ықпал етедi. Мұнда бюджеттiң бүкiл экономикаға ықпал құралы ретiндегi рөлi көрiнедi. Бюджет механизiмi -мемлекеттiң ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдiстерiнiң жиынтығы. Экономиканы реттеу орталықтандырылған қаражат қорының көлемiн белгiлеу, оны құру, пайдалану формалары мен әдiстерiн реттеу, бюджеттi құру және орындау процесiндегi қаржы ресурстарын қайта бөлiске салу жолымен жүзеге асырылады.
Мемлекеттiң негiзгi қаржы жоспарының көрсеткiштерi республика Жоғарғы Кеңесiнiң жыл сайын қабылдайтын мемлекеттiк бюджет туралы заңына сәйкес мiндеттi түрде орындалуы тиiс.
1. Салық кодексі 2001 жыл( 2007 жылғы өзгертулер мен тлықтыруларды қоса алғанда)
2. Аманбеков Б “Бюджет есептерi” Қазақстан қаражаты-1999 жыл. N8.
3. Амрекулов Н “Қаржы жүйесiн ұйымдастыру және бюджет жүйесi” Т.Экономика –2004 жыл.Оңтүстiк Қазақстан облысының және Қазақстан республикасының статистикалық мәлiметтерi.
4. Бюджет жүйесi туралы: Қазақстан Респубикасының Заңы.-Алматы: Юрист, 2006.- 8 б.
5. Аблиакимов К Бюджет-1999. “Баға және талдау” Іазхстанская правда 1998 жыл N12 .
6. А.И. Худяков, Н.Е. Наурызбаев. Налоги: понятие, элементы, установление, виды. Алматы 1998г. ТОО Баспа.
7.Юткина Налоги и налогооблажения. Учебник.- Москва: Инфра, 1999.-224с.
8. Бабкина С. Новая налоговая политика: Финансы Казакстана.- 1999-N6, с 20-22.
9. Бухгалтерлiк бюллетенi, 2004ж, 1999ж N1-12
10. Аблиакимов К Бюджет-1999. “Баға және талдау” Казхстанская правда 1998 жыл N12 .
11. Салық жинауда салғырттық болмасын. І. Ашутов. Қаржы-қаражат 1998/8.
12. Салыққа салаутты көзқарас керек Зерде N3 2004ж.
13. Жүнiсова Н.А Бюджет саясаты. Саясат-2005-1.
14. Жанибеков С. Бюджеттiң орындалуын қалай көтеру керек. Қазақстан қаржысы1999 жыл N8 .
15. Мемлекеттiк салық саясаты Заң газетi. 1999 жыл 3 желтоқсан.
16. Бюджетке жаңаша қарау қажет. Қаржы-ақпарат.- N5- 03.2006
17. Салық және бюджет саясаты Қазақстан ХХI ғасырға жол 2004 ж. N2
18. Салық- халық несiбесi Еегемендi Қазақстан, 2004ж.1 қазан
19. Салық бюджеттiң қайнар көзi// Заң газетi 2004 жыл шiлде.
20. Облыс бюджетiнiң басты бағыты. Оңтүстiк Қазақстан N81.29.06.2006.
21. Бурабаева О. Б., Ермекбаев Б. Ж. Жергiлiктi салықтар мен алымдар: Оқу құралы. – Алматы 1998 .
22. Бурабаева О. Б., Ермекбаев Б. Ж. жергiлiктi салықтар
23. Бухгалтерлiк бюллетенi, 2004ж, 1999ж N1-12
24. Гражданский кодекс РК- Алматы- Қаржы-қаражат.
25. Дуканич Л.В. ''Налоги и налогообложение'' Ростов-не-Дону Феникс 2006г.
26. Деловой мир Казахстана –2004г. N3,с 20-22.
27. Дамудың бiр кепiлi салық Заң және заман 2004 ж. N4 47-51б.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1.Бюджет жүйесін басқарудың теориялық негіздері
1.1. Бюджеттiң мазмұны мен құрылымы
1.2. Салықтар бюджеттiң негiзгi көзi
1.3. Әлемдiк тәжiрибеде мемлекеттiк бюджеттiң
қалыптасу ерекшеліктері

2.Бюджет жүйесін қалыптастыруды талдау
2.1 Бюджеттегi салық түсiмдерiн талдау
2.2 Экономиканы мемлекеттiк реттеудегi бюджет
жүйесінің алатын орны талдау

3.Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары
3.1 Бюджет жүйесін басқаруды жетiлдiру жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi


Кіріспе

Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының
мемлекеттiң орталықтандырылғын қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде
бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық
қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық
өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын
белгiлейдi.
Бюджет экономикаға бюджет механизiмi арқылы ықпал етедi. Мұнда
бюджеттiң бүкiл экономикаға ықпал құралы ретiндегi рөлi көрiнедi. (Бюджет
механизiмi( -мемлекеттiң ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын
құру және пайдалану формалары мен әдiстерiнiң жиынтығы. Экономиканы реттеу
орталықтандырылған қаражат қорының көлемiн белгiлеу, оны құру, пайдалану
формалары мен әдiстерiн реттеу, бюджеттi құру және орындау процесiндегi
қаржы ресурстарын қайта бөлiске салу жолымен жүзеге асырылады.
Мемлекеттiң негiзгi қаржы жоспарының көрсеткiштерi республика Жоғарғы
Кеңесiнiң жыл сайын қабылдайтын (мемлекеттiк бюджет туралы( заңына сәйкес
мiндеттi түрде орындалуы тиiс.
ҚР аумағында орналасқан барлық меншiк формасындағы кәсiпорындар,
бiрлестiктер мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлер республикалық бюджетке,
кеден тарифтерiне сәйкес ұлттық валютамен экспорттық және импорттық баж
салықтарын төлейдi.
Экономиканың қазiргi жағдайында орталықтандырылған қаржы ресурстары
мемлекетке қоғамдық өндiрiс қарқынын қамтамасыз ететiн салалық және
аумақтық құрылымдар құрып, iрi әлеуметтiк өзгерiстер жүргiзуге мүмкiндiк
бередi. Орталықтан бөлiнетiн қаржының көмегiмен қаражат экономиканың басты
аймақтарына шоғырланып, мемлекеттiң экономикалық және әлеуметтiк саясатын
жүзеге асыруға жағдай жасайды. Сөйтiп, құндық бөлiнiстiң айырықша бөлiгi
ретiнде (Мемлекеттiк бюджет( айырықша қоғамдық арналымды жалпы мемлекеттiк
қажеттердi қанағаттандыруға қызмет етедi.
Мына қорларға түсетiн және олардан аударылатын қаражат республикалық
бюджеттiң кiрiсi құрамында ескерiледi.
Ал, шығысына келетiн болсақ ҚР халықтарын әлеуметтiк, экономикалық
қорғау мақсатында жұмсалады
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев осы жолғы халқына арнаған Жолдауында
мемлекеттің демократиялық дамуының алдағы 10 жылына айырықша мән берді. Осы
күнге дейін талқыланып, әзірленген демократиялық бағдарламалар аясындағы
саяси реформаларға қатысты заң жобаларына қарап, қазақстандық
саясаттанушылар Қазақстанның болашақ басқару жүйесінің моделіне қаысты
түрлі пікір білдірген болатын. Бірақ өз жолдауында Президент:
- біз қазақстандық саяси реформалар моделін құрып жатырмыз, ал оның
басты ерекшелігі президенттік басқару формасын счақтай отырып,
қабылданған шешімдердің тепе теңдігін сақтау, жалпы ұлттық диалог,
негізгі саяси күштерді бірікіріп, реформаны кезең кезеңмен жүргізу
болып табылады. Мемкомиссияның ұсыныстары басқа біреудің тәжірибесін
көшіру емес, ол біздің қоғамның Қазақстанның даму ерекшелігін
көрсету болып таылады. Таяуда құрылған жұмысшы тобы еліміздің
негізгі заңы мен бірқатар қолданыстағы заңарға өзгерістер енгізу
үшін дайындық жұмысына кірісіп кетті – деді. Сонда жүзеге асырылуға
тиіс саяси реформалардың қазақстандық моделі қандай болмақ:
- экономиканың тұрақты дамуы реформаардың әлеуметтік бағыттылығын
күшейтуге мүмкіндік береді. Бұл біздің экономикалық саясаттың
маңызды нәтижесі, - деп атап өткен Елбасы Үкіметке ана мен баланы
әлеуметтік қамтамасыз етуді жақсарту, зейнетақы мөлшерін ұлғайту мен
индекстеу, бюджет саласы қызметкерлерініңеңбегіне ақы төлеу жүйесін
одан әрі жетілдіру жөніндегі бір қатар нақты шаралар қабылдауды
тапсырды. Атап айтқанда:
- 2008 жылы 1қаңтардан астап, баланың тууына байланысты біржолғы
мемлекеттік жәрдемақы мөшерін 34740 тенгеге дейін немесе 2 есе
арттыруы, баланы бір жасқа толғанға дейін күтуге төлейтін ай сайынғы
жәрдемақыны көтенруді;
- жұмыс істейтін әйелдердің жүктілігін, босануы мен аналық кезінде
міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізуге және декреттік демалыста
және бір жасқа толғанға дейін нәресте күтімі жөніндегі демалыста
жүрген кезінде олардың зейнетақылық жинақтаулары жүргізіле беруін;
- іргелілік зейнетақының мөлшерін ұлғайтуды және таяудағы жылдары оның
тұрмыстық ең төменгі қажеттіліктің 40% денгейінде сақталуын
қамтамасыз етуді;
- зейнетақы есептеу үшін ескерілетін табысты шектеуді өзгертуді, оны
15 мәрте айлық есептік көрсеткіштен 25 мәртеге дейін арттыруды;
- зейнетақы төлемдерін индекстеуді сақтауды және тұтыну бағаларын
индексінің болжамды өсімінен екі пайыз арттыруды жүзеге асыруды;
- бюджет саласы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесін одан әрі
жетілдіру жөнінде жұмысты жалғастыруды.
Осы аталған барлық төлемдерді көбейтуге жұмсалатын қаражатқа қажетілік
2008 жылы шамамен 108 миллиард тенгені құрайды.
Президент сондай ақ үш жылдың ішінде 100 мектеп пен 100 аурухана
салуды, әрі олардың еліміздің нақ осындай нысандарға мұқтаж болып отырған
аудандаында салуды тапсырды
Әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуды біз стратегиялық міндет дәрежесіне
енгізуіміз керек,- деп атап өтті Н.Назарбаев.
Еласы Қазақстан -2030 стратегиясын дәйектілікпен іске асыру еліміздің
алдағы ілгерілеуі және оның жедел әрі жан жақты жаңартуының берік негізін
қалағанын атап өтті.
Жүйелілік біздің бүгінгі дүниедегі алдағы он жылдықта жедел алға
жылжуымыздың басты қағидасы, міне осы. Қазақстанның әлемдегі тауарлар,
көрсетілген қызмет, еңбек ресурстары, каптал, осы заманғы идеялар мен
технологиялар нарықтарының шын мәнінде ажырағысыз серпінді бөлігіне арналуы
біз он басты міндет шешуіміз керек,- деді Н.Назарбаев.
Бірінші міндет – экономиканың тұраулы дамуын қамтамасыз етіп, ұстап
тұрумен ғана шектеліп қалмай, оның өсуінің басқаруға қол жеткізу. Мемлекет
басшысы атап өткендей, Үкімет Қазақстанды индустрияландыруға түбегейлі жаңа
тұрғыдан келуді қамтамасыз етуді, табиғи монополиялар аясын қысқартуды,
қаржы жүйесін күшейтуді, тиімді жұмыс істейтін қор нарығын құруды,
Қазақстанның қолайлы шарттармен БСҰ-ға кіруін қамтамасыз етуі, халықаралық
техникалық стандарттарды енгізуі тиіс. Менің Үкіметке беетін ең басты
тапсырмам осы деп атап көрсетті Н.Назарбаев.
Екінші міндет Қазақстанның экономикалық дамудың өңірлік локомативіне
айналдыру және оны әлемдік экономиканың оңтайлы ойшысы ету. Үшінші
өндіруші сектордың тиімдіігін арттыру. Төртінші өндірістің шикізаттық емес
секторының дамуын, экономикалық әртараптандырылуын қамтамасыз ету. Бесінші
өңірлік және жаһандық экономикадағы өзіміздің жаңа ролімізге сәйкес осы
заманғы инфрақұрылымды дамыту. Алтыншы осы заманғы білім беру және кәсіптік
қайта даярлау, парасатты экономиканың негіздерін қалыптастыру, жаңа
технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық
экономиканы дамыту. Жетінші атаулы әлеуметтік қолдау және әлеуметтік саланы
нарық қағидаттары негізінде дамыту. Сегізінші саяси жүәені жаңарту
демократиялық реформаларды одан әрі жүзеге асыру. Тоғызыншы халықаралық іс
тәжірибені ескеріп, әкімшілік реформаны жеделдете жүргізу. Оныншы мінет
жаңа Қазақстанның Орталық Азия өңірі мен әлемдік қоғамдастықтағы
жетістіктері мен мүмкіндіктерін ала жылжыту.
10 жылдан кейін жаңа Қазақстанды жаңа әлемде орнықтыру үшін біз жаңа
уақыттың өктем талабына уақтылы әрі лайықты үн қатуымыз керек. Сондықтанда
Үкіметке 2030 стратегиясының негізгі қағидаларын Жаңакезеңге сай дамытып
отырған жоғарыда атап көрсеткен барлық міндетерін дәйекті тапсыратынын
айтты.
1. Бюджет жүйесін басқарудың теориялық негіздері

1.1 Бюджеттiң мазмұны мен құрылымы
Салық - мемлекеттiң бекiтуi. Тек сол ғана азаматтарды белгiлi бiр
көлемде ақшалай қаржыларды беруге мiндеттi. Қазақстан Республикасында
салықты төлеу мiндеттемелерi азаматтардың Конституциялық
мiндеттемелерiнiң қатарына жатады. Осыған байланысты мемлекет саяси
үкiмет субъект өкiлдiгiне сүйене отырып әрекет етедi. Мемлекет
ақшалай қаржыларды түрлi жолдармен табады, бiр жағдайда мемлекеттiк
зайымдар iшкi және сыртқы ретiнде меншiк иесiнiң қаражаты өз
еркiмен беруге негiзделетiн әдiс қолданылады, ал басқа жағдайларда
ақшалай қаражаттар ерiксiз өндiрiп алу жолымен алынады. Салықтар
мемлекеттiк бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгiлi мөлшерде
мiндеттi төлемдер болып табылады. Салықтар шаруашылық жүргiзушi
субъектiлер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың
бiр бөлiгiн бiлдiредi. Сонымен қатар, шаруашылық жүргiзушi
субъектiлермен халық табысының белгiлi бiр мөлшерiн мемлекет үлесiне
жинақтап, жинақтаудың қаржылық қатынастарын көрсетедi. Салықтар
мемлекеттiң пайда болуымен бiрге қалыптасады және мемлекеттiң
тiршiлiк етiп дамуының негiзi болып табылады.
ҚР бюджетiнiң қалыптасуында маңызды орынды салық түсiмдерi алады.
ҚР әкiмшiлiк-әрекеттегi қызметкерлер мен жұмысшылардың әлеуметтiк-
экономикалық қорғалуы, елiмiздiң қорғаныс қызметiндегi ic-шаралардың
жүзеге асырылуы осы экономикалық категория ретiнде көрiнетiн бюджетке
байланысты. Яғни, салықтың атқаратын ролi жоғары. Мемлекеттiк бюджеттiң
экономикалық мәнi сан алуан қаржы баланстарында жекелеген ерекшелiктерi
белгiленетiн айырықша салалары бар. Мәселен, мемлекеттiк кәсiпорындармен,
ұйымдармен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары қоғамдық өнiмдi
құндық бөлудiң айырықша саласын құрайды. Бұл қатынастар қоғамдық қажеттердi
өтеуге арналған, орталықтандырылған қаражат қорын құрап, пайдалануға
байланысты. Бұл процесс мемлекеттiң тiкелей қатысуымен жүзеге асырылып
отырады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы (Мемлекеттiк бюджет( деп аталған
ұғымның экономикалық мазмұнын құрайды (1).
Көптеген қаржы байланыс түрлерiнiң iшiнен, ерекше қасиетпен дараланып
тұратын салаларды бөлiп алуға болады. Жалпы қоғамдық өнiмнiң бағамдық
үлестiру саласының негiзiн, мемлекеттiң шаруашылық субьектiлер мен халық
санымен жасаған қаржы қатынастары құрайды. Бұл қатынастар үлестiру
процессi кезiнде пайда болады. Бұл процеске мемлекетте қатысады және олар
қоғамдық сүранысты қанағаттандыру үшiн жұмсалатын ақша қаражатының орталық
қорының құрылуы мен қолдануы мен байланысты. Мұндай қаржы қатынастарының
тұтастығы ''Мемлекеттiк бюджет'' деген түсiнiктiнiң экономикалық мазмұнын
құрайды. Мемлекеттiк бюджетте экономикалық қатынастарының тұтастығы
ретiнде обьективтi қасиетi бар. Оның өзiндiк сала болып өмiр сүруi қоғамдық
өндiрiстерге байланысты, әрине олардың дамуына орталық қор қажет. Ақша
қаражатын орталықтандыру ұлттық шаруашылықта үнемi айналым болу үшiн
қажет, және экономиканы түзеу үшiн де қажет. Бағамдық үлестiрудiң
бюджеттiк саласының болуы мемлекеттiң өзiне де қажет. Мемлекетке керек
салаларды қаржыландыру үшiн орталықтандырылған қор қажет. Сонымен қатар
бұл қор мәдени-әлеуметтiк iс-шаралар өткiзуге, қорғаныс мәселелерiн шешуге,
мемлекеттiк басқарудың жасаған шығындарын жабуға қажет. Осыған орай
мемлекеттiк бюджеттiң болуы адамдардың субьективтi қалуының нәтижесi емес,
бұл обьективтi қажеттiлiк. Экономиканың бүгiнгi таңда дамуы кезеңiнде
орталықтандырылған қаржы қоры мемлекетке көптеген мүмкiндiктер бередi.
Мысалы, үшiн қоғамдық өндiрiстiң пропорциялдарын және қарқынын
қамтамасыз етедi, оның салалық және аймақтық жүйесiн көздейдi, салалық
экономиканың бiрiншi қажеттi бағдарламаларын дамытуға әсер ететiн қорды
қалыптастырады, әлеуметтiк өзгерiстер өткiзедi.
Қаржы орталықтандыруының арқасында ақша қоры экономикалық және
әлеуметтiк дамуға жұмсалады және мемлекеттiң әлеуметтiк және экономикалық
саясатының жүзеге асуына жағдайлар туғызады.
Осыған орай мемлекеттiк бюджет бағамдық үлестiрудiң ерекше бөлiмi
ретiнде өзгеше қоғамдық қызмет атқарады және қоғами мемлекеттiк сүранысты
қанағаттандырады. Обьективтi үлестiру қатынастарының экономикалық формасы
бола түра, ерекше қоғамдық iс-әрекеттердi атқара тұра, мемлекеттiк бюджет
экономикалық санат ретiнде шығады (2).
Мемлекеттiк бюджетке белгiлi бiр тұтас қаржы қатынастары ретiнде оған
қаржы санатының қасиеттерi тән, бюджеттiк қатынастардың үлестiру қасиетi
бар, ақшалай түрде жүзеге асады, бағытты ақша қорымен тетелес келедi.
Сонымен қатар, бюджеттiк қатынастарға белгiлi бiр ерекшелiк тән, ол әрине
қаржы тақырыбынан тыс болмайды. Мемлекеттiк бюджетiнiң өзгеше бiр сфера
ретiнде бағамды үлестiру қасиетiн қарасақ, ол мынадай:
-мемлекеттiң жалпы қоғамдық өнiмiнiң бөлiгiмен байланысты және оны
қолдануымен, яғни қоғамдық сүранысты қанағаттандыру үшiн қолданылатын
үлестiру қатынастарының экономикалық формасы
-халық шаруашылығы, аймақтар, экономика секторлары, қоғамдық iс -
әрекеттiң өрiсi арасындағы бағамды үлестiру үшiн қолданылады
-ол қоғамдық өнiммен, яғни оның iс- әрекетiмен байланысты емес, ол одан
бөлек жұмыс жасайды, бiрақ соның өзiнде де қаржы қатынастары тауарлық
ақшалық прцесспен байланысын үзбейдi.
Мемлекеттiк бюджет басқа да экономикалық санаттар сияқты өндiрiстiк
қатынастар мен оларға тән материалдық - заттық өзгерiстердi көрсетедi.
Бюджеттiк қатынастар мемлекеттiң ақша қорының орталықтандырылған орында
заттандырылады. Осының нәтижесiнде, қоғамда болатын экономикалық процесс
өзiнiң iс – әрекетiн мемлекеттiң ақша қорында көрсетедi. Бюджеттiк қор бұл
бағамдық үлестiру кезеңiн басынан өткiзген және мемлекет сұранысын
қанағаттандыра алатын қоғамдық өнiмнiң және ұлттық өнiмнiң iс- әрекетiнiң
экономикалық формасы.
Экономикалық санат ретiнде мемлекеттiк бюджет – мемлекетпен басқада
жалпы қоғамдық өндiрiсiнiң арасында пайда болатын ақша қатынасы. Үлестiру
және қайта үлестiру жолымен мемлекеттiк орталықтандырылған ақша қорының
болуы өте тиiмдi. Себебi ол мемлекет сұранысын қанағаттандыруға, өндiрiстi
ұлғайтуға үлкен әсерiн тигiзедi. Осыған орай "Мемлекеттiк бюджет" атты
түрлендiрiлген түсiнiк келесi құрамаларымен түсiндiрiледi:
- мемлекеттiң ақша қорының орталықтандырылған қоры;
- экономикаға әсер ететiн құрал;
- мемлекеттiң негiзгi қаржы жоспары
- қоғамның барлық м үшелерi оны заң ретiнде орындау керек.
Мемлекеттiк бюджеттiң қызметi- бiрiншiден, мемлекеттiк бюджет арқылы
ұлттық кiрiстiң 30%, жалпы iшкi өнiмнiң 20%, жалпы қоғамдық өнiмнiң 10%
үлестiрiлiп және қайта үлестiрiледi. Ол ақша қорын ұлттық шаруашылықтың,
өндiрiс өрiсiнiң, экономикалық аудандар мен мемлекет аумағының арасында
үлестiрiледi (3). Мемлекеттiк бюджет экономикаға қатты әсер етедi, себебi
ол бұл жерде ұлттық шаруашылықтың бюджет қызметiн атқарып түр. Мемлекеттiк
бюджет материалдық өндiрiс өрiсiнде үлкен қызмет атқарады, себебi ол бұл
жерде өсу симмуляторының қызметiн атқарып түр. Бюджеттiң қоры жекелей және
қоғамдық қор айналымын қамтамасыз ету үшiн де қолданылады. Бюджет жүзеге
аспай қалған жоспарларды өз жолын табуға көмектеседi. Сондай-ақ
кәсiпорындардағы жұмыстың қарқынды және өтiмдi болуын қадағалап отырады.
Мемлекеттiң, бiлiмге, денсаулық сақтауға, әлеуметтiк сақтандыруға және
әлеуметтiк қамсыздандыруға, ғылымға, мәдениетке, өнерге, мемлекет
шеңберiнде өтiлетiн мәдени шығынның орнын толтырып отырады.
ҚР (Бюджет жүйесi туралы( заңы республиканың түрлi денгейiндегi
бюджеттерiн қалыптастыру процессiнде орын алатын қаржы қатынастарын
реттейдi, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жасалу, қаралу,
бекiтiлу, атқарылу және бақылану процесiн белгiлейдi.
Бюджет - мемлекеттiң өз мiндеттерiн жүзеге асыруына арналған және
тиiстi заңдарға сәйкес белгiленген салықтар мен өзге де кiрiс көздерiнiң
және түсiмдердiң есебiнен құралатын орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджет жiктелуi - функционалдық, ведомстволық және экономикалық
сипаттама бойынша бюджетке түсетiн түсiмдер мен бюджеттен жұмсалатын
шығыстарының топталуы.
Бюджет құрылысы - бюджет жүйесiнiң, оның құрылу принциптерiнiң
ұйымдастырылуы.
Бюджет процесi - мемлекетттiң өз органдары мен лауазымды адамдары
арқылы барлық денгейдегi бюджеттердi жасау, қарау, бекiту, атқару,
атқарылуын бақылау және олардың атқарылу туралы есептердi бекiту жөнiндегi
заң арқылы регламенттелген қызметi.
Мемлекеттiк бюджет - республикалық және жергiлдiктi бюджеттердiң
бiрiн-бiрi арасындағы өзара өтелетiн операциялар есепке алынбайтын
жиынтығы.
Мемлекеттiк кепiлдiктер - ҚР Үкiметiнiң қарыз алушы өзiнiң алынатын
соманы белгiленген мерзiмде төлемеген жағдайда несие берушi алдындағы
берешектi iшiнара немесе толық өтеу жөнiндегi мiндеттемесi.
Мемлекеттiк шотты - мемлекеттiң барлық денгейдегi бюджеттерiдiң және
бюджеттен тыс барлық қорлардың шоттарындағы қаржы ресурстарын есепке алу
тәртiбi.
Бюджет тапшылығы - үкiметтiң қарызға алған сомаларын қоспағанда ,
шығыстар көлемiнiң және бюджеттен қайтарымды негiзгi бөлiнген несиелердiң
бюджетке түсетiн түсiмдердiң жалпы сомасынан асып түсуi.
Республикалық бюджеттiң құрамында бекiтiлетiн тапшылық мөлшерi ұлттық
валютамен және жалпы iшкi өнiмге шаққандағы проценттермен көрсетiедi.
Бюджет кiрiстерi - салық және салықтық емес түсiмдермен алымдардың
сондай-ақ бюджетке қайтарылмайтын негiзде келiп түсетiн капиталмен
жасалатын операциялардан жасалатын кiрiстердiң көлемi.
Мемлекеттiк бiрiктiрiлген қаржы балансы - дербес жұмыс iстейтiн
республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң (соның iшiнде арнаулы
экономикалық аймақтар бюджеттерiн қоса алғанда), бюджеттен тыс қорлардың
бiрiнiң-бiрi арасындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке алынбайтын ақша
қаражатының жиынтығы.
Жергiлiктi бюджеттер - облыстық, қалалық ( республкалық және облыстық
маңызы бар қалалар) бюджеттер, аудандардың бюджеттерi және арнайы
экономикалық аймақтардың бюджеттерi.
Ресми трансферттер - бюджетке тегiн және қайтарылмайтын болып түсетiн
түсiмдер мен бюджеттен жасалатын шығыстар.
Бюджет профицитi - бюджетке келiп түсетiн кiрiстер мен ресми
трансферттер түсiмдерi жалпы сомасының жалпы шығыстар көлемiнен және
қайтарымды негiзде бөлiнетiн несиелерден асып түсуi. Республикалық бюджет
профицитiнiң мөлшерi ұлттық валютамен және жалпы iшкi өнiмге шаққандағы
проценттермен есептелiнедi.
Бюджет шығыстары - бекiтiлген бюджет шегiнде бюджеттен қайтарылмайтын
негiзде бөлiнетiн қаражат.
Резервтiк қор - бiржолғы сипаттағы тосым шығындарды қаржыландыру үшiн
бюджет қаражаты есебiнен құралатын қор, соның iшiнде республикалық
бюджеттегi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға
арнап орталықтандырылған қаражат.
Ерекшелiк - бюджет қаражатын жұмсаудың экономикалық сипаттамасын
айқындайтын көрсеткiш.
Субденциялар - нысаналы шығындарды немесе нысаналы бағдарламаларды
жүзеге асыру үшiн төменгi бюджеттердiң жоғары тұрған бюджеттерден
бекiтiлген сомалар шегiнде алатын ресми трансферттерi.
Субсидиялар - бюджеттен нысаналы шығыстарды (бағдарламаларды)
қаржыландыру үшiн ұйымдарға бекiтiлген сомалар шегiнде бөлiнетiн
трансферттiк төлемдер.
Есептi кезең - жаңа қаржы жылына енбейтiн кезең, бұл кезең iшiнде
өткен қаржы жылында бекiтiлген қаржыландырумен қамтамасыз етiлмеген
бюджеттiк шығыстар бойынша қорытынды операциялар жүргiзiледi. Есептi
кезеңнiң ұзақтығын ҚР Қаржы министрлiгi бегiлейдi.
Қаржы жылы - күнтiзбелiк жылдың бiрiншi 1 қаңтарында басталып, 31
жетоқсанда аяқталатын тұрақты бюджеттiк есепке алу кезеңi. Қаржы жылына
есептi кезең енбейдi.
Функционалдық топ- жалпы мемлекеттiк мiндеттердi орындау мақсатымен
бюджеттен жұмсалатын төлемдер тобы.
Нысаналы қорлар - бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiне енгiзiлетiн
және арнайы белгiленген кiрiстер көздерiнiң есебiнен қалыптастырылатын
қорлар, олар нысаналы мақсат бойынша жұмсалады.
Таза несие беру - берiлген және өтелген несиелердiң жалпы сомасы
арасындағы айырма.
ҚР жинақтап алғанда мемлекеттiң бiрiктiрiлген қаржы балансын құрайтын
республикалық бюджет жергiлiктi бюджеттер (арнайы экономикалық аймақтардың
бюджеттерiн қоса алғанда) және бюджеттен тыс қорлар дербес жұмыс iстейдi.
Барлық денгейдегi бюджеттi қалыптастыру, бекiту және олардың атқарылуын
есепке алу ұлттық валютамен жүзеге асырылады.
ҚР бюджеттiң құрылысы - республиканың бюджет жүйесiне кiретiн барлық
бюжеттердiң бiрлiгi толықтығы,нақтылығы, жариялығы және дербестiгi
принциптерiне негiзделедi. Бюджет жүйесiнiң бiрлiгi бiрынғай құқықтық
негiз, бiрынғай бюджеттiк жiктеудi пайдалану, бюджеттiң бiр денгейiнен
екiншiсiне берiлiп отыратын мемелекеттiк қаржы статистикасының бiрлiгi,
бюджет процесiнiң принциптерi, ақша жүйесiнiң бiрлiгi арқылы қамтамасыз
етiледi. Ол барлық денгейдегi бюжеттердiң кiрiстердi қайта бөлу, нысаналы
бюджеттiк қорлар құру. Оларға iшiнара қайта бөлу арқылы өзара iс-қимыл
жасауына негiзделген.
Экономиканың қазiргi жағдайында орталықтандырылған қаржы ресурстары
мемлекетке қоғамдық өндiрiс қарқынын қамтамасыз ететiн салалық және
аумақтық құрылымдар құрып, iрi әлеуметтiк өзгерiстер жүргiзуге мүмкiндiк
бередi. Орталықтан бөлiнетiн қаржының көмегiмен қаражат экономиканың басты
аймақтарына шоғырланып, мемлекеттiң экономикалық және әлеуметтiк саясатын
жүзеге асыруға жағдай жасайды. Сөйтiп, құндық бөлiнiстiң айырықша бөлiгi
ретiнде (Мемлекеттiк бюджет( айырықша қоғамдық арналымды жалпы мемлекеттiк
қажеттердi қанағаттандыруға қызмет етедi.
ҚР әкiмшiлiк-әрекеттегi қызметкерлер мен жұмысшылардың әлеуметтiк-
экономикалық қорғалуы, елiмiздiң қорғаныс қызметiндегi iс-шаралардың
жүзеге асырылуы осы экономикалық категория ретiнде көрiнетiн бюджетке
байланысты. Бюджеттiң құрылуы мемлекеттiң жалпы қызмет етуiнде маңызды
фактор. Сондықтан бюджеттiң түсiмiндегi салықтардың маңыздылығын ашу
дипломдық жұмысымның тақырыбын маңыздылауға негiз болып отыр. Қазақстан
Республикасының бюджетiнiң кiрiсiндегi бюджетке төленетiн салықтар мен
басқа да төлемдерден құралады:
Салықтар:
-корпорациялық табыс салығы;
-жеке табыс салығы;
-қосылған құн салығы;
-акциздер;
-жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдерi;
-әлеуметтiк салық;
-жер салығы;
-көлiк құралдары салығы;
-мүлiк салығы.
Алымдар:
-заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
-жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
-жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалған мәмiлерлердi
мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
-радиоэлектрондық құралдарды және жиiлiгi жоғары құрылғыларды
мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
-механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк тiркегенi
үшiн алым;
-теңiз, өзен кемелерi мен шағын көлемдi кемелердi мемлекеттiк тiркегенi
үшiн алым;
-азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
-дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
-автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру
алымы;
-аукциондардан алынатын алым;
-елтаңбалық алым;
-жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым;
-телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спекторiн
-пайдалануға рұқсат беру үшiн алым.
Төлемақылар:
-жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы;
-жер бетiндегi көздердiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы;
-қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақы;
-жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы;
-орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы;
-ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы;
-радиожиiлiк спекторiн пайдаланғаны үшiн төлемақы;
-кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы;
-сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы.
Мемлекеттiк баж:
-мемлекеттiк баж
Кеден төлемдерi:
-кеден бажы;
-кеден алымдары;
-төлемақы;
-алымдар.

1.2 Салықтар бюджеттiң негiзгi көзi
Салықтар дегенiмiз – мемлекеттiк бюджетке заңды және жеке тұлғалардың
белгiлi бiр мөлшерде түсетiн мiндеттi төлемдер. Салықтар-шаруашылық
жүргiзушi субъектiлердiң, жеке тұлғалардың мемлекет пен екi арадағы
мемлекеттiк бюджет арқылы жүзеге асырылады, қаржы қатынастарын сипаттайтын
экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәнi мынада: салықтар
шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халық табысының белгiлдi бiр мөлшерiн
мемлекет үлесiне жинақтап, жинақтаудың қаржылық қатынастарын көрсетедi.
Салықтар мемлекеттiң құрылуымен бiрге пайда болады және мемлекеттiң өмiр
сүрiп, дамуының негiзi болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруi,
өркендеуi қашан да болса оның салық жүйесiнiң қайта құрылуымен, жаңаруымен
бiрге қалыптасады. “Салық саяси басқару мен экономикалық бақылаудың негiзгi
құралы болып табылады,”- дейдi Мишин Г.К. (5). Әрбiр мемлекетке өзiнiң iшкi
және сыртқы саясатын жүргiзу үшiн белгiлi бiр мөлшерде қаржы көздерi
қажет. Салықтар - мемлекеттiң түрақты қаржы көзi. Мемлекет салықтарды
экономиканы дамыту, түрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетiк
ретiнде пайдаланады.
Салықтардың мәнiн толық түсiну үшiн, олардың экономикалық маңызын
түсiну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын
қызметiне тiкелей қатысты. Салық салудың қазiргi жүйесiн қарастыра отырып
келесiдей қызметтерiн атауға болады:
1.Салықтардың фискалды немесе бюджеттiк қызметi- ең негiзгi функция
болып табылады. Бұл қызметi арқылы мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс бөлiмi
құрылып, салықтардың қоғамдық мiндетi артады. Себебi, салықтар мемлекеттiк
бюджеттiң кiрiсiн топтастыра отырып, әлеуметтiк әскери – қорғаныс, тағы да
басқа шаралардың iске асуын қамтамасыз етедi. Жалпы "Фискон"латын
сөзi,қазақша "Себет"деген мағынаны бiлдiредi.
2.Бөлу қызметi - салықтардың көмегiмен мемлекеттiң қоғамдық табысты
халықтың әртүрлi топтары арасында бөлiнуiн айтамыз. Бөлу функциясының
жүзеге асырылуына салығы, прогрессивтi салық ставкiлерi және тағы да
басқалар жатады.
3.Салықтардың реттеушiлiк қызметi- арқылы салықтар ел экономикасына өз
ықпалын тигiзедi, яғни салықтық реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудiң
ең басты маңызы өндiрiстiң дамуына ықпал ету. Салық түрлерi, салық
ставкалары,салық жеңiлдiктерi,салық салу әдiстерi салықтық реттеудiң
тетiктерi болып саналады.
Жоғарыда көрсетiлген салықтық реттеудiң тетiктерi тек қана өндiрiстiң
дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға саясаты,шетелдiк
инвесторларды ынталандыру,шағын және кiшi кәсiпкерлiктi дамыту жұмыстарын
жүзеге асырады.Салықтық реттеу тетiктерi тиiмдi қызмет атқару үшiн,олардың
басқа да экономикалық тетiктермен тығыз байланыста болуын қажет етедi.
Салықтық реттеуде салық ставкалары мен салық жеңiлдiктерiнiң алатын орны
ерекше. Себебi ғылыми негiзделмеген,шектен тыс жоғары қойылған ставкалар
кәсiпкерлердiң ынтасын төмендетедi, өндiрiстiң төмендеуiне және
мемлекеттiк бюджет кiрiсiн азаюына әкелiп соқтырады. Реттеу қызметiнiң өзi
2 қызметтен тұрады:
-ынталандыру қызметi - мемлекетке тиiмдi өзгерiстердi салық ставкасын
төмендету немесе жеңiлдiктер беру арқылы дамуына немесе кеңеюiне жағдай
жасау;
-шектеу қызметi - мемлекетке тиiмсiз кәсiпорындарды салық ставкiлерiн
жоғарылату арқылы дамуына,кеңеюiне шектеу жасау.
4.Бақылау қызметi - салықтардың көмегiмен мемлекет салық төлеушi заңды
және жеке тұлғалардың кез келген қайнар көздерiнен тапқан табыстарына,
жұмсалған шығындарына, айналысатын шаруашылық қызметiне бақылау жасап
отыруы болып табылады. Бұл қызмет салықтық декларация арқылы жүзеге
асырылады.
5.Қолдау немесе мадақтау қызметi – кез-келген мемлекетте қоғам алдында
ерекше еңбегi сiңген азаматтар категориялары бар. Бұл азаматтарға мемлекет
қандай жағдай болмасын қолдау жасап отыруы қажет. Бұл қолдау қызметi
салықтық жеңiлдiктер және салықтан толық босатулар арқылы жүзеге асырылады
(еңбек ерi, Ұлы Отан соғысының ардагерлерi, көп балалы аналар).
Мемлекет мына жоғарыда көрсетiлген салықтардың қызметiн (функциясын)
пайдалана отырып елiмiздiң салық жүйесiн анықтайды. Салық механизмiнiң
қызмет ету жолдарын белгiлейдi,жалпы экономикалық саясатты негiзге ала
отырып,салық саясатын анықтайды. Салық жүйесi - белгiленген тәртiппен
жиналатын салықтар алымдар және тағы да басқа төлемдердiң жиынтығы болып
табылады. Сонымен қатар кез келген мемлекеттiң салық жүйесiн қалыптастыруға
негiз болатын келесiдей мiндеттi элементтерi бар:
1. Салық органдарының жүйесiнiң болуы.
2. Салық заңдылықтарының жүйесi және принциптер жүйесi.
3. Салық саясатының принциптерi.
4 Салықтардың бюджеттер бойынша бөлiну тәртiбi.
5. Салықтық бақылаудың формалары мен әдiстерi.
6.Салықтық өндiрiстiң шарттары мен тәртiптерi.
7. Халықаралық екi рет салық салуды шешу мәселелерiнiң нақты қадамдары.

Салық жүйесi келесiдегiдей экономикалық көрсеткiштермен сипатталады:
1.Салықтық ауыртпашылық (бiздiң елiмiзде 48-50%, ал дамыған шет елдерде
45%)
2.lшкi және сыртқы саудадан түсетiн салықтық табыстар қатынасы.
3.Тiкелей және жанама салық салу қатынасы.
Салық ауыртпашылығы дегенiмiз қоғамдағы салықтардың рөлiн сипаттайтын
және салықтық алымдар сомасының жиынтық ұлттық өнiмге қатынасын көрсететiн
көрсеткiштер болып табылады немесе басқаша айтқанда, салық ауырпашылығы –
бюджеттiк механизм есебiнен қайта бөлiнетiн өндiрiлген қоғамдық өнiмнiң бiр
бөлiгi болып табылады (6).

Салықтарды мынадай нышаны, белгiлерi бойынша топтастырамыз немесе
жiктеймiз.
1. Салық салу обьектiсiне байланысты .
2. Іолданылуына қарай.
3. Экономикалық ерекшелiктерiне байланысты.
4. Салық салу обьектiсiн бағалау дәрежесiне қарай.
1 Салық салу обьектiсiне қарай салықтар тiкелей және жанама салықтар
болып жiктеледi.
– Тiкелей салықтар – тiкелей салық төлушiден ұсталатын салықтар.
Мысалы: табыс салығы, мүлiк салығы, жер салығы, көлiк салығы болып
табылады.
– Жанама салықтар – тiкелей емес жанама түрде тауар немесе қызмет
құны арқылы алынады.
Жанама салықтарға жатады: қосылған құнға салынатын салық, акциздер,
-баж салығы.
Жанама салықтарды сатушы емес сатып алушы, яғни тұтынушы төлейдi. Тауар
немесе қызмет бағасына алдын ала салық енгiзiлмегендiктен, iс жүзiнде оны
бюджетке сатушы аударады.
2. Бюджетке түскеннен соң қандай шараларға жұмсалатын белгi-сiне қарай
салықтар жалпы және арнайы салықтарға бөлiнедi.
Жалпы салықтарға жататын салықтар: заңды және жеке тұлғалардан алынатын
табыс салығы, қосылған құнға салық акциздер . болып табылады.
Арнайы салықтар бюджетке түскен соң алдын ала белгiленген мiндеттер
бойынша нақтылы шараларға жұмсалады.

3. Экономикалық белгiсiне қарай салықтар табысқа салынатын салық және
тұтынуға салынатын салық болып жiктедi.
Табысқа салынатын салық төлеушiнi кез келген салық салынатын
обьектiсiнен түсетiн табысынан алынады.
Олардың қатарына мына салықтар кiредi: заңды және жеке тұлғалардан
алынатын табыс салығы, жер салығы, мүлiк салығы, көлiк салығы тағы
басқалар.
Ал, тұтынуға салынатын салықты, салық төлеушi тұтынушы ретiнде тауар
немесе қызмет ақысын төлеген кезде өзiнiң шығынынан төлейдi. Тұтынуға
салынатын салыққа қосылған құнға салынатын салық және акциздер жатады.
4. Салық салу обьектiсiн бағалау дәрежесiне қарай салықтар нақтылы
және дербес салық болып жiктеледi.
Нақтылы салықтар – салық төлеушiнi салық салу обьектiсiнен алынатын
табысының мөлшерiне байланысты емес, яғни салық төлеушiнiң мүлкiнiң сыртқы
белгiсiне қарай алынады. Оларға жер салығы, мүлiк салығы, көлiк салығы
жатады.
Дербес салықтар салық төлеушiнiң салық төлейтiн обьектiсiнен алынатын
табыстың мөлшерiне байланысты алынады. Оларға заңды және жеке
тұлғалардан алынатын табыс салығы жатады (7).
Жалпы алғашқы салықтардың пайда болуының күннiн анықтау
мүмкiн емес.Бiр нәрсе күмән келтiрмейдi – салықтардың прототипi
адамзат қоғамымен басқарудың ең алғашқы формаларымен пайда
болған.
Алғашқы қауымдастықтың өзiнде , қоршаған ортаның қатаң
шарттарына амалсыз бейiмделуге , сыртқы жаудан қорғау үшiн, сонымен
қатар ашаршылық жағдайына азық-тұлiк қоғамдық запастарын сақтау
үшiн, бiрнеше адамдарды қолдануды түсiнген.
Осыдан келiп, мынаны айтуға болады, салықтардың алғашқы пайда
болуына қоғамның осы немесе басқа да қызығушылықтардың
қанағаттандырылуының ұжымдық тұтынуы болады.
Байлар өздерiн байыту үшiн кедейлерден түрлi салықтарды
жинағанын ұмытпау керек.Бұл түрде салықтар ұзақ уақыт бойы әрекет
еттi және де қоғам бұны объективтi қажеттiлiк ретiнде түсiндi.
Тек XVғ. бастап ғана, ғалымдар ақшалай қатынастар жүйесiн,
сонымен қатар мемлекеттiң экономикалық негiзi мен экономикалық
функцияларын зерттей бастағаннан кейiн, салықтардың қайта
маңыздылығының алғашқы әрекеттерi пайда болды (8).
Салықтар қоғамдық өнiмнiң бiр бөлiгiн мiндеттi төлемдер
ретiнде мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс жағының негiзгi қайнар көзi
ретiнде құрылуы ертеден келе жатқан дәстүрдiң бiрi. Және
бұл дәстүр нарық экономикасы жағдайында, нарықтық емес экономика
жағдайында да әрекет етедi. Сондықтан, салықтар мен салық салу
адамзат цивилизациясының айырмас бiр бөлiгi ретiнде
қарауға болады.
Дүниежүзiлiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай, бүкiл
өркениеттi мемлекеттердегi салықтық реттеу несие - қаржылық
реттеумен бiрiгiп әрекет еткенде ғана нарықтық экономиканы
жүргiзудiң аса тиiмдi формасы болып табылады. Ол нарықтық
қатынастардың қалыптасуына әсерiн тигiзiп, мемлекеттiк
экономикаға тигiзетiн әсерiн реттеп отырады. Сондай-ақ,
салықтар қоғамның экономикасын түрақтандыруын және әлеуметтiк
теңдiктi қамтамасыз ететiн маңызды элементтерi болып келедi.
Қазiргi кездегi жағдайларға салықтардың мәнi мен ролi
мемлекеттiк органдарды қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету
шекарасынан шығып отыр.
Ендi, салықтар ұлттық табысты мемлекеттендiрудiң маңызы құрамы
бола бастады. Олар макроэкономикалық реттеуге белсендi араласа
отырып, iшкi ұлттық табыстың жалпы көлемiнде, салықтық төлемдердiң
салыстырмалы мөлшерiнiң өсуiн қамтамасыз етiп отырады.
Салықтар экономикалық белсендiлiктi реттей отырып, өндiрiстiк
процестерiне де қатты әсер етедi. Бұл әсер жан-жақты болып
табылады. Салынатын салықтар мен әрекет ете отырып, мемлекет капиталының
қорлануына ықпал етедi. Сондай–ақ, салықтық реттеу шаралары, әр түрлi
салалардың бәсекелесу мүмкiндiктерiн кеңiнен ынталандыра отырып,
капиталдың қорлануына тиiмдi жағдайлар жасап, кәсiпорындардың iс-
әрекеттерiнiң әлеуметтiк қажеттiлiктерiне қанағаттандыруға ықпалын
тигiзедi. Бюджет жүйесiн реформалау қажеттiлiгi Қазақстанның эволюциялық
дамуының сапалық жаңа деңгейге жетуiнiң көрiнiсi. Республикалық
халықаралық аренаға шығу үшiн қазiргi кезеңде, ең алдымен заңдылық
базасын тиiстi әлемдiк үлгiлерге келтiрудi талап етедi. Мемлекеттiң
орталықтандырылған ақшалай қаражатының қорын жасау және пайдаланумен
бапйланысты бюджеттiң қызметi айрықша экономикалық формалар –
бюджеттiң кiрiстер мен шығыстары арқылы атқарылады. Осы екi
категорияда объективтi және бюджет секiлдi өздерiнiң арнайы қоғамдық
мiндеттерi бар. Кiрiстер мемлекеттi қажеттi қаражатпен қамтамасыз
етсе, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды тиiсiнше жалпы
мемлекеттiк қажеттерге бөледi (9).
Бүгiнгi таңда бюджет жүйесi республикалық және жергiлiктi
бюджеттерден түрады. Республикалық бюджет негiзiнен жалпы мемлекеттiк
салықтар есебiнен қалыптастырылатын және ҚР Үкiметi өзiне
Конституциямен, заңдармен ҚР Президентiнiң актiлерiмен жүктелген
мiндеттердi жүзеге асыру үшiн белгiлейтiн жалпы мемлекеттiк
бағдарламалар мен шараларды қаржыландыруға арналған орталықандырылған
ақша қаражатының қоры болып табылады. Жергiлiктi бюджеттер бюджет
жүйесiнiң дербес буыны ретiнде өз қызметiн жүзеге асырады. Дербес
бюджет - аумақтық басқарушы органдар өздерiне Заң жүiзнде бекiтiлiп
берiлген кiрiстер базасы негiзiнде бюджеттiң көлемiн, кiрiспен
шығыстың мөлшерiн баптарға сәйкес анықтап, олардың құрылымын
белгiлейдi. Олардың орындалуы Республика заңдарына сәйкес атқарылады.
Республикамыздағы жергiлiктi бюджеттер облыстық, қалалық
бюджеттер аудандық бюджеттер және арнайы экономикалық аймақтарының
бюджеттерiнен тұрады. Жергiлiктi бюджеттен жергiлiктi бағдарламалармен
шараларды қаржыландыру қамтамасыз етiледi және жергiлiктi бюджет
арқылы жалпы мемлекеттiк бағдарламалар мен шаралардың бiр бөлiгiн
iске асыруға жол берiледi. Жергiлiктi салықтар мен алымдар
жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерiн толтыруға, бекiтiлiп берiлген және
жергiлiктi мақсаттағы қажеттердi қаржыландыруға жұмсалатын жеке
тұлғалар мен кәсiпорындардың заң жүзiнде белгiленген мiндеттi
төлемдерiнен тұратын ҚР салықтар жүйесiнiң бiр бөлiгi.
Жергiлiктi салықтар мен алымдарды құру мен алудың мынадай
ерекшелiктерi бар:
-олар өзiн-өзi басқарушы жергiлiктi органдардың аумақтық көлемiнде
жергiлiктi органдарының шығындарын өтеуге жұмсалады;
-жергiлiктi органдар заң жүзiндегi құқықтық шеңберi негiзiнде
олардың уақытылы, әрi толық түсiн қамтамасыз етуiн бақылап отырады;
-жергiлiктi басқару ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және әлемдік практика
Бюджет кодексінің атқарымдылығы және оны жүзеге асыру
Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидаттары
Мемлекеттік бюджеттiң атқарымдылығы және оны жүзеге асыру
«ҚарағандыЭлектроМонтаж» ЖШС бюджетін құру
Экономикадағы қаржы жүйесінің рөлі
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын құқықтық реттеу
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі жайлы мәлімет
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметі
Қаржы жүйесі
Пәндер