Қазақстан топонимиясы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І.бөлім. Қазақстан топонимдерінің даму тарихы
1.1 Қазақстанның жер.су аттарын бастапқы зерттеген орыс ғалымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 ХХ ғ Қазақстандағы топонимикалық зерттеулердің дамуы және ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Топонимика пәнінде картографиялық әдістердің қолданылуы және оның дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
1.4 Қазақстанның шығыс, солтүстік.шығыс және орталық өңірлерінде кездесетін славян тілінен енген географиялық атаулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

ІІ.бөлім. Қазақстан топонимиясындағы табиғат компоненттерімен байланысты атаулары
2.1 Геологиялық құрылым және пайдалы қазбаларды бейнелейтін топонимдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
2.2 Жер бедерінің топонимдерде бейнелену дәрежесі ... ... ... ... ... ... ... ...29
2.3 Өзен атауларының топонимиядағы орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
2.4 Топырақ жамылғысының топонимдерде бейнеленуі ... ... ... ... ... ... ... .40
2.5 Өсімдік және жануарлармен байланысты топонимдер ... ... ... ... ... ... .43
2.6 Шаруашылық салаларымен байланысты топонимдер ... ... ... ... ... ... ..44

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...63
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстанның топонимиялық жүйесі-осы аумақты мекендеген халықтардың, соның ішінде қазақ халқының заттық және рухани мәдениетінің ғасырлар бойы жинақталып, сақталып қалған көрінісі. Өткен замандардың реликтілік мұралары ретінде тарихи топонимдер аумақтың табиғат жағдайларын, ондағы мемлекеттер мен халықтардың тарихындағы маңызды оқиғаларды “жадында” сақтап, қаз қалпында бүгінгі күнге жеткізіп отыр. Сондықтан топонимдерді диахрондық бағытта зерттеуге топонимист ғалымдар ерекше маңыз берген. Кез келген қоғамның материалдық негізі қоғамдық қатынастардың тарихи дамуы мен қоғамның рухани келбетін анықтаған. Рухани мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылатын географиялық атаулардың қалыптасуында да тарихи астар бар. Е.М. Поспеловтың бейнелі түрде атап көрсеткеніндей, тарихи география “топонимиканың бесігінің жанында тұрды, ал алғашқы топонимистер тарихи географтар болды”. Зерттеу аумағының көне тарихы географиялық атауларда, яғни топонимдерде сақталған. Адамзат қоғамының дамуы барысындағы қарқынды шаруашылық әрекеттердің табиғи ортаға ықпал етуінің көрінісін топонимдер арқылы анық байқауға болады.
1. Артықбаев Ж.О. Ерманов А.Ж., Дауенов Е.Н. Орта Ертіс өңірінің топонимиялық мәселелері. Павлодар, «Алтын кітап», 2006.-151б.
2. Аметжанова Ф.Р., Әлімхан А.Ә. «Қазақ шығыстарының жер-су аттары», Өскемен: ШҚТУ баспасы,2000-104б.
3. Арысбаев А. Қазақ топонимдерінің кумулятивтік қызметі: Филол. ғыл. канд. дисс...автореф.-Алматы., 2005.-26б.
4. Аманжолов. К. Түркі халықтарының тарихы: Оқу құралы.-Алматы, Білім 1996, 272б.
5. Арғынбаев Х.А. Қазақтың мал шаруашылығы жайныда этнографиялық очерк-Алматы, 1969, 172б.
6. Әбдрахманов А. Қазақстан этнотопонимикасы (зерттеу тарихынан). Алматы, «Ғылым», 1979, 127б.
7. Бияров Б.Н. Топонимикадағы ареалдық (картографиялық) әдіс. Қазақ ономастикасының өзекті мәселелері//Республикалық ғыл. прак. конф. Материалдары.-Астана: «Ақжол баспасы» 2004.-224б.
8. Бейсенова А.С., Каймулдинова К.Д. К топонимо-образующий роли Казахских народных географических терминов // Вестник высшей школы. №2 1998. С.50-56
9. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений: В 5т. Алма-Ата.: Главная редакция казахской советской энциклопедии., 1984.-Т.4.-460с.
10. Достайұлы Ж. Жалпы гидрология. Алматы: «Білім», 1996, 256б.
11. Ж. Достай, К. Мәмбеталиев Қазақтану және топонимия. Қазақтану өрісі: Оқу құралы// ред. Басқ. Ж. Молдабеков.-Алматы:Ғылым, 1959.-154б.
12. Исаченко А.Г. Ландшафттану негізі. (оқу құралы). Алматы: «Мектеп», 1996, 184б.
13. Конкашпаев Т.К. Общие особенности тюрко-язычной географической терминологии Средней Азии и Казахстана// Вопросы географии, Сб., 1970, С.174-179.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І-бөлім. Қазақстан топонимдерінің даму тарихы
1.1 Қазақстанның жер-су аттарын бастапқы зерттеген орыс ғалымдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 ХХ ғ Қазақстандағы топонимикалық зерттеулердің дамуы және ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Топонимика пәнінде картографиялық әдістердің қолданылуы және оның дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
1.4 Қазақстанның шығыс, солтүстік-шығыс және орталық өңірлерінде кездесетін славян тілінен енген географиялық атаулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

ІІ-бөлім. Қазақстан топонимиясындағы табиғат компоненттерімен байланысты атаулары
2.1 Геологиялық құрылым және пайдалы қазбаларды бейнелейтін топонимдер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
2.2 Жер бедерінің топонимдерде бейнелену дәрежесі ... ... ... ... ... ... ... ... 29
2.3 Өзен атауларының топонимиядағы орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
2.4 Топырақ жамылғысының топонимдерде бейнеленуі ... ... ... ... ... ... . ... 40
2.5 Өсімдік және жануарлармен байланысты топонимдер ... ... ... ... ... ... . 43
2.6 Шаруашылық салаларымен байланысты топонимдер ... ... ... ... ... ... . .44

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..63

КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстанның топонимиялық жүйесі-осы аумақты мекендеген халықтардың, соның ішінде қазақ халқының заттық және рухани мәдениетінің ғасырлар бойы жинақталып, сақталып қалған көрінісі. Өткен замандардың реликтілік мұралары ретінде тарихи топонимдер аумақтың табиғат жағдайларын, ондағы мемлекеттер мен халықтардың тарихындағы маңызды оқиғаларды "жадында" сақтап, қаз қалпында бүгінгі күнге жеткізіп отыр. Сондықтан топонимдерді диахрондық бағытта зерттеуге топонимист ғалымдар ерекше маңыз берген. Кез келген қоғамның материалдық негізі қоғамдық қатынастардың тарихи дамуы мен қоғамның рухани келбетін анықтаған. Рухани мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылатын географиялық атаулардың қалыптасуында да тарихи астар бар. Е.М. Поспеловтың бейнелі түрде атап көрсеткеніндей, тарихи география "топонимиканың бесігінің жанында тұрды, ал алғашқы топонимистер тарихи географтар болды". Зерттеу аумағының көне тарихы географиялық атауларда, яғни топонимдерде сақталған. Адамзат қоғамының дамуы барысындағы қарқынды шаруашылық әрекеттердің табиғи ортаға ықпал етуінің көрінісін топонимдер арқылы анық байқауға болады. Географиялық топонимиканың зерттеу мәселелерінің және теориялық - әдіснамалық негіздерінің зерттелуі, табиғи нысандар атауларының физикалық-география тұрғысында топтастырудың жүзеге асырылуы, топонимикалық деректерді география ғылымында ақпарат көзі ретінде пайдаланудың қолданбалы мәселелерінің негізделуі топонимиканың география ғылымы негізінде қалыптасуы мен дамуына алғышарт бола алады. Осы тұрғыдан алғанда қазақ халқының ғасырлар бойы табиғат ресурстарын пайдалану барысында жинақтаған тәжірибесі шаруашылықты тиімді ұйымдастыруға негіз болды. Қазақстан географиялық атауларынан толық физикалық-географиялық, геоэкологиялық, оның тұрмыс тіршілігіне септігін тигізетін ақпарлар алуға болады және ол ақпараттан тек қазақ халқына ғана тән ерекшелікті көруге болады, яғни қазақ халқының табиғатпен етене байланысын, табиғи нысандарға ат қоюдағы ерекшелігін көреміз. Қазақстанның шығыс, солтүстік-шығыс өңірлерінің топонимиясы тілдік тұрғыдан арнайы зерттелгенімен(В.В.Попова,1966, Г.Б.Мадиева,1990, Б.Н:Бияров,2000, А.Әлімхан, 2002), алайда осы аумақтарға қатысты арнайы топонимдер жайлы физикалық-географиялық зерттеулер жүргізілген жоқ. Аумақтардың ландшафт ерекшеліктерін бейнелейтін географиялық атауларды зерттеудің маңыздылығы соңғы жылдары аумақтағы табиғат ресурстарын игеру қарқынының артуына байланысты, оларды тиімді пайдалану және қорғауды ғылыми тұрғыда негіздеу қажеттілігінен туындайды. Зерттеу тақырыбының өзектілігі өңірлердегі табиғи ортаны қорғау, ресурстарды тиімді пайдалану шараларын жүргізу үшін географиялық атауларда (топонимдерде) сақталған табиғатты пайдаланудың халықтық тәжірибесін, яғни геожүйелерін қалпына келтіру қажеттілігімен анықталады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақ ономастикасының жалпы мәселелеріне қатысты осы саланың негізін қалаушы Ә. Абдрахманов, Е. Қойшыбаев, Т. Жанұзақов, О. Султаньяев, Е. Керімбаевтардың зерттеулерімен қатар соңғы жылдарда аймақтық топонимика мәселелеріне қатысты қорғалған жұмыстардың орны ерекше. Бұл зерттеулер лингвистикалық сипатта болғандығын атап көрсеткен орынды. География ғылымдары тұрғысынан сараланған арнайы еңбек ретінде Ғ.К. Қонқашбаевтың (1949) географиялық терминология мәселелеріне арналған диссертациясын айрықша атауға болады. Жалпы топонимдердің табиғи ортамен байланысы Э.М.Мурзаев, Ғ.Қоңқашбаев, Б.А. Будагов, Х.Х. Хасанов, К. Конкобаев, Х.Л. Ханмагомедов, С.К. Караев, С.О. Омырзаков, А.П. Горбунов, А.С. бейсенова, Ж.Д. Достай, А.Р.Медеу, т.б. еңбектерінде көрініс тапқан. География институтының топонимист мамандары С.А. Әбдрахманов, Қ. Базарбаев Қазақстан топонимдерін жинақтап, Қазақстан Республикасының географиялық атауларының мемлекеттік каталогтарын жарыққа шығарып, қомақты зерттеулер жүргізіп келеді. Географиялық ғылымдар тұрғысында тұңғыш рет қазақ топонимдерінің ақпараттық жүктемесінің этноэкологиялық және физикалық-географиялық негіздері К.Д. Каймулдинованың зерттеулерінде талқыланды. Қазақстанда топонимияның ландшафтар динамикасы және табиғатты қорғау мәселелеріне қатысты қырларын қазақ топонимдері негізінде, географиялық ғылымдар тұрғысында зерттеу С. Омарбекова, Ә.Е. Аяпбекова, А.У. Мақанова, З.Қ. Мырзалиева, К.Т. Мәмбеталиев, Ө.Ж. Сағымбай т.б. ғылыми туындыларында жүзеге асырылды. Бұл еңбектердің барлығы топонимика ғылымындағы табиғатты пайдалану және қорғау, экономикалық және әлеуметтік, физикалық география, геоэкология бағыттарын дамыт уға негіз болды. Дегенмен де, Қазақстанның шығыс, солтүстік-шығыс өң ірлеріндегі топонимдерінің қалыптасуы мен дамуының физикалық-географиялық, геоэкологиялық негіздері зерттелмеген.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Қазақстанның шығыс, солтүстік-шығыс өңірлерінің топонимиялық кеңістігінің қалыптасуы мен дамуы заңдылықтарын зерттеу және шығу тегі мен мағыналық жүктемесінің географиялық негіздерін жүйелі түрде топонимикалық талдаудан өткізу. Аталған мақсатқа сәйкес, келесі міндеттерді шешу жүзеге асырылды:
-Қазақстанның шығыс, солтүстік-шығыс өңірлері топонимиясының қалыптасуының тарихи-географиялық жағдайларына талдау жасау;
- зерттеу аумағында кең қолданыста жүрген, географиялық атаулар құрамында жиі кездесетін халықтық географиялық терминдердің мағынасын талдап, таралуы мен қарқындылығын анықтап, бірізділікке келтіру;
- нақты деректер негізінде аймақтағы табиғат жағдайларының географиялық атауларда бейнелеу заңдылықтарына талдау жасау;
- зерттеу аумағында ландшафттық топонимдерді (флора, фауна) ерекшеліктерін анықтап, зерттеу;
- аймақтың палеоландшафттарын қалпына келтіру және табиғи-антропогендік геожүйелерді қорғау ісіндегі топонимиялық деректерге талдау жасау;
- Қазақстанның шығыс, солтүстік-шығыс өңірлеріндегі географиялық атауларының қазіргі кездегі жағдайларын талдап, бұрмалану себептерін анықтау, қалпына келтіру;
- өңірлердегі табиғат пайдалану және қорғау практикасын зерттеу және талдау, табиғат қорғау шараларының топонимикалық астарларын анықтау;

1. Ғылыми жаңашылдығы
Қазақстан топонимдерінің қалыптасуы және оның физикалық-географиялық аймақтар бойынша таралуының географиялық негіздері зерттелді
2. Практикалық маңыздылығы
Дипломдық жұмыстың нәтижелері "топонимика" және "Қазақстанның топонимикасы" пәндері бойынша пайдалануға болады.
3. Зерттеу обьектісі
Қазақстан топонимдерінің қалыптасуы және оның географиялық аймақтар бойынша таралу ерекшеліктері.
4. Жұмыстың құрылымы мен көлемі
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланған әдебиеттер саны 26, қолданылған әдебиеттер тізімі берілді. Зерттеу жұмысының маңызын ашу үшін 2 сурет, 2 кесте мен жабдықталған.. Жұмыстың көлемі 63 бет.

І-бөлім. Қазақстан топонимикасының даму тарихы.
1.1 Қазақстан жер-су аттарын бастапқы зерттеген орыс ғалымдары.
ХІХ ғ. Орыс Географиялық қоғамы топонимикалық зерттеулерге назар аудара бастады. Сол кезеңдегі географиялық және этнологиялық еңбектерде географиялық атауларды жинақтау, оларға этимологиялық талдау жасау, жергілікті халықтардың топонимдерінің орыс тіліндегі транскрипциялануына қатысты мәселелер көтерілді. П.П. Семенов Тянь-Шанский, Г.Н. Потанин, В.В. Сапожников және басқа ғалымдар жергілікті географиялық атауларды жинақтап, олардың мағыналарын шығу тегін түсіндіруге тырысты[1]. Қазақ жеріндегі бірқатар топонимдер 1863-1885 жылдары жарық көрген П.П. Семеновтың "Россия империясының географиялық статистикалық сөздігінде" көрініс тапқан. Сөздікте топоним құрамындағы географиялық терминдер сызықша арқылы бөлініп жазылған және терминнің қазақшаға аударғандағы мағынасы жақша ішінде берілген. Бұл сөздіктің қазіргі топонимика ғылымы үшін маңызды атаулардың тізімін, мағынасын беруімен ған емес, обьектінің географиялық ерекшеліктерін қысқаша сипаттауымен де құнды[1]. Мұның өзі көптеген қазақ топонимдерінің мәнін түсінуге, мағынасын жан-жақты талдауға мүмкіндік береді. Осы кезеңде Қазақстан аумағын аралаған саяхатшылар, картаға түсірген ғалымдар жергілікті қазақ атауларының транскрипциясын дұрыс бермегендіктен, географиялық әдебиеттер мен карталарда бұрмаланулар орын алды. Бұл бұрмаланулар соңғы 10-15 жыл көлемінде қайта қаралып, өзгертілуде. Ал, Қазақстан аумағында көне және қазіргі заманғы түркі топонимиясы зерттеуде В.В. Радловтың, А.Н. Кононовтың және т.б. қосқан үлесі зор болды. Академик В.В. Радлов өзінің Опыт словаря тюркских наречий (1895-1911) атты кітабында түркі лекциясындағы топонимикалық және терминологиялық ақпараттарды жинап, өңдеген. В.В. Радлов көптеген түркі терминдері мен топонимдеріне түсінік берген. А.Н. Кононов дүние бөліктері терминологиясымен айналысты. Өз еңбектерінде ол географиялық терминдегі қара және ақ аппелятивтеріне семантикалық сипаттама берді. Топонимика үшін ғалымның түркі халықтарының көкжиек бағыттарын анықтау әдістеріне қатысты зерттеулерінің де маңызы зор. Орыс ғылымында топонимиканы зерттеу осыдан екі жүз жыл бұрын басталуы. Екі ғасыр ішінде орыс топонимдерінің зерттелуі есейіп, үлкен табысқа жетті. Сондықтан мол тәжірибесі мен өнеге қөрсетер үлгісі бар орыс топонимикасының зерттелуіне қысқаша шолу жасауды жөн көрдік. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында шыға бастаған сөздіктерде кейбір топонимдердің этимологиясы талданды. Осы кезде кейбір журналдарда материалдарда шықты. Мәселен, К.А. Иван Кох славян халықтарының топонимдері жөнінде арнайы мақала жазды, мақала славян топонимдері жөніндегі алғашқы зерттеу болды. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында орыс тіл білімінде салыстырмалы тарихи әдістің шығуына байланысты топонимика мәселесіне бұрынғыдан да көбірек көңіл аударыла бастады. 1812 жылы Харьков университетінің профессоры Б.О. Рейт алғашқы дәуірдің тілі, мәдениеті туралы айта келіп, оңтүстік Европаның өзен, тау атауларында көне тілдің көрінісі сақталған деп көрсетті. Бұл ретте Россияда салыстырмалы-тарихи әдістің негізін салушы А.Х. Востоковтың еңбектерін атауға болады. Европада салыстырмалы- тарихи зерттеудің лебі әлі сезілмей тұрғанда, А.Х. Востоков славян тілдерін салыстыра зерттеп, олар бір тілден тараған деген қорытындыға келді. Славян тілдері жөнінде үлкен-үлкен ғылыми еңбектер берген А.Х. Востоковтың ең алғаш жазған мақалаларының бірі орыс топонимдеріне арналды. Этимологияны жақсы көрушілердің міндеті деген мақаласында ол орыс топонимикасының жалпы жақтарына көңіл аударумен қатар, орыстың га, ва, ма,-морфемаларына аяқталған өзен, көл аттарына талдау жасайды. Ол славян тілдерінің туындысын осы попонимикалық материалдар арқылы дәлелдеуге тырысады. Топонимдердің зерттеу мәселесі ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарынан басталады. Географиялық қоғамның этнография бөлімін басқарушы, атақты сыншы және этнограф Н.И. Наежнин топонимдерді зерттеу мәселесіне көңіл бөлген. Сол сияқты К.А. Неволин де 1853 жылы ХVІ ғасырда новгороджазуы мен оның тарихы жөнінде үлкен еңбек жазған. Орыстың география қоғамы Үлкен сызу кітабын зерттеді. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы топонимикалық зерттеулер этимологиялық талдауға, географиялық атауларды жинауға және ұлт топонимдерін орыс тілінде транскрипциялау мәселесіне арналды. П.П. Семенов Тянь- Шанский, Г.Н. Потанин, В.В. Сапожников, А.Н. Весонов, В.Ф. Ошанин т.б. ғалымдар, саяхатшылар топонимдерді жинап қана қойған жоқ, олрдың этимологиясы туралы да пікір айтты. Проф. Ю.М. Шокальскийдің басқаруымен орыстың география қоғамының қасынан географиялық атауларды жазу жөнінде транскрипция комиссиясы құрылды. Кейінгі кезде географиялық атаулардың этимологиялық сөздіктері шыға бастады. Олардың қатарына В.Ю. Турусманның, Г.Ф.Ганның, Э.М.Житковтың, А.Н. Сергеевтың, А.Орловтың, А.А. Ивановскийдің сөздіктерін жатқзуға болады. Қазан төңкерісіне дейін топонимика жөнінде біраз еңбектер жазылып, көп материалдар жиналды. Бірақ төңкеріске дейін география, тарих ғылым өкілдерінің жасаған этимологиялық талдауларында тіл факторларына жете көңіл бөлмеу салдарынан кейбір кемістіктер де болды. Топонимикалық зертеулер жүйелі түрде болмады. Көбіне әр түрлі ғылым өкілдерінің еңбектерінде жол жөнекей айтылды. Осыған қарамастан төңкеріске дейін топонимдерді жинау, оны пайдалануға керекті құнды жақтары мол екенін ерекшк атап өту керек. Топонимиканы зерттеу жұмысы қазан төңкерісінен кейінде қолға алынды. Топонимика мәселелері мен әрбір республикалардағы Ғылым Академиясының ғылыми зерттеу институттары шұғылданып отыр. Топониммканың үлкен теориялық мәселелерін көтерген еңбектердің қатарына В.П. Семенов Тянь- Шанскийдің, А.М.Селищевтің, Э.М.Мурзаевтің, И.И. Шишкиннің, Б.А.Серебрнниковтың жұмыстарын жатқызуға болады. Ұлт аудандарының және шет тілдерінің топонимдерін орыс тілінде транскрипциялау мәселесі бүкіл жұртшылықтың көптен көңіл аударған мәселесі болды. 1813-14 жылдары қазақ жерінар алаған Ф.Назаров облыс аумағындағы кейбір гоеграфиялық нысандары туралы деректер қалдырған. Созақ туралы саяхатшы "Созақ 500 тас үйден тұрады. Биік жерде орналасқан, қала ішінде бұлақтар көп" деп жазған. Ал Шымкенттің Бодам (Бадам) өзені жағасында биік жерде тұрғандығын, биік қабырғамен қоршалғанын жазады. Саяхатшының қаладағы "үйлер негізінен күйдірілмеген кірпіштен салынған, қытайлардың үйлері сияқты терезелері болмайды" деген ескертпесінің маңызы зор. Ал Сарысу өзеніне қарай жүргенде, саяхатшы суы қызғылт түсті бұлақтар маңында тоқтағандықтарын, осы маңда құландардың үлкен үйірін кездестіргенін жазады. Қазақ жері туралы жан- жақты географиялық мәліметтер П.И.Рычковтың 1832 ж жарық көрген "Орынбор губерниясының топографиясы" атты еңбегінде берілген. Еңбекте аты аталған географиялық нысандарға қысқаша сипаттама берілген. Ғалым Сарысу өзенінің Сырдарияға жетпей, құмға сіңіп топонимика үшін құнды деректер бар.
Қазақстанда топонимдердің шығу тегі мен мағынасына қатысты жекелеген мәліметтер ресейлік және отандық тарихшылар мен лингвистердің еңбектерінде кездеседі. Олардың қатарында С.П.Бартольд, А.Левшин, И.А.Касатнье, С.П.Толстов, Ә.Марғұлан, А.Н.Бернштам, С.Г.Кляшторный, К.Ақышев, К.Байпақов, Ә. Абдрахманов, Е.Қойшыбаев, В.Н.Попованың зерттеулерін атауға болады[1].
Қазақстан географиялық атауларының зерттелуі туралы айтсақ қазақстан топонимдері төңкерістен бұрын екі салада сөз болды. Біріншіден Қазақстанда болған ғалымдар, саяхатшылар, географтар қазақ топонимдерін жазып алып, оларды картаға, ғылыми әдебиетке енгізді. Сол кезде кейбір адамдардың географиялық атауларды орыс тілінде дұрыс жазуға мән бермей, картаға, әдебиетке бұрмалап енгізуі орын алды. Екіншіден географиялық атаулар Орта Азияны және Қазақстанды Зерттеуде үлкен ғалымдардың еңбектерінде сөз болды. Мысалы проф. П.Мелиоранскийдің памятник в честь Кюль -Тегина деген еңбегінде бүкіл түрік жүйелі тілдерге қатысы бар ҮІ- ҮІІ ғғ. Орхон - Енисей жазуы, ондағы географиялық атаулар да сөз етілді[1].

1.2 ХХ ғ. Қазақстандағы топонимикалық зерттеулердің дамуы және ерекшеліктері.
Қазақстан Республикасында топонимика ғылымының дамуындағы қазіргі теориялық мәселелер: Жергілікті жердің табиғаты мен шаруашылығы жайлы ақпарат адамдардың күнделікті өмірі мен қызметінде кеңістіктік бағдар ретінде қызмет атқаратын сол географиялық обьектінің атауы болып тілде сақталады. Осылайша бұл атауларда халықтық географиялық терминология кең қолданылып, табиғат құбылыстары, географиялық обьектінің ерекшеліктері және ландшафтың ерекше белгілері көрініс табады. Географиялық атаулар жүйесі кез келген тілдің ажырамас элементі болып табылады, сондықтан тілмен бірге дамып келеді. Қоғамның дамуына байланысты бұл топонимдер жаңарып, әрі ылғи да толықтырылып отырады[1]. Географиялық атулар белгілі-бір физикалық-географиялық жағдайда адамның күнделікті өмірі, тұрмысы, мәдениеті мен тарихына байланысты қалыптасып және дамып отыруы мүмкін. Атаулардың белгілі бір тарихи кезеңдердегі адамның шаруашылық әрекетінің ерекшелігін зерттеуде ақпараттық көзі болатынын көптегн зерттеушілер атап өткен. Адамның дәстүрлі шаруашылық әрекетінің ерекшелігін зерттеуде ақпараттық көзі болатынын көптеген зерттеушілер атап өткен. Адамның дәстүрлі шаруашылық әрекетінің қалыптасып, дамуына сол кезеңдегі физикалық-географиялық, тарихи, әлеуметтік жағдайлар себепші болады. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы жерінде көшпелі мал шаруашылығы мен егіншілік сипаты көрініс табатын топонимдердің қатар кездесуі осы шаруашылық салаларының географиялық шоғырлануына, сол кезеңдегі табиғат жағдайларына қатысты қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Бұл мәліметтер міндетті түрде нақты деректермен расталған жағдайда, құндылығы арта түседі[1]. Топонимдер зерттеушілер үшін таным тірегі болып табылады. Топонимика кез келген ауданның табиғи жағдайлары мен табиғи қорларын, айрықша қорғалатын табиғи аумақтарын зерттеуде маңызды қолданбалы сипат алады. Бұл міндеттерді шешу үшін географиялық атаулардың номинациясына себеп болған тарихи оқиғалар, атаулардың мағыналық жүктемесі және осыған сәйкес алынатын географиялық ақпаратты ескерудің маңызы зор. ХІХ ғ Орыс Географиялық қоғамы топонимикалық зерттеулерге назар аудара бастады. Сол кезеңдегі географиялық және этнологиялық еңбектерде географиялық атауларды жинақтау, оларға этимологиялық талдау жасау, жергілікті халықтардың топонимдерінің орыс тіліндегі транскрипциялануына қатысты мәселелер көтерілді. П.П. Семенов Тянь-Шаньский, Г.Н. Потанин, В.В. Сапожников және басқа ғалымдар жергілікті географиялық атауларды жинақтап, олардың мағыналарын шығу тегін түсіндіруге тырысты[1]. Қазақ жеріндегі бірқатар топонимдер 1863-1885 жылдары жарық көрген П.П. Семеновтың "Россия империясының географиялық-статистикалық сөздігінде" көрініс тапқан. Сөздікте топоним құрамындағы географиялық терминдер сызықша арқылы бөлініп жазылған және терминнің қазақшадан аударғандағымағынасы жақша ішінде берілген. Бұл сөздіктің қазіргі топонимика ғылымы үшін маңызы атаулардың тізімін, мағынасын беруімен ғана емес, обьектінің географиялық ерекшеліктерін қысқаша сипаттауымен де құнды[1]. Мұның өзі көптеген қазақ топонимдерінің мәнін түсінуге, мағынасын жан-жақты талдауға мүмкіндік береді. Осы кезеңде Қазақстан аумағын аралаған саяхатшылар, картаға түсірген ғалымдар жергілікті қазақ атауларының транскрипциясын дұрыс бермегендіктен, географиялық әдебиеттер мен карталарда бұрмаланулар орын алды. Бұл бұрмаланулар соңғы 10-15 жыл көлемінде қайта қаралып, өзгертілуде. Ал Қазақстан аумағындағы көне және қазіргі заманғы түркі топонимиясы зерттеуде В.В. Радловтың, А.Н. Кононовтың және т.б. қосқан үлесі зор болды. Қазақстан топонимика ғылымы ХХ ғасырдың 40-шы жылдарының соңына қарай дами бастады. Топонимика ғылымының қалыптасу және даму мәселелеріне арналған жеке мақалалар, сөздіктер мен монографиялар жарық көрді. Олардың қатарында Қазақстан топонимикасының теориялық мәселелеріне арналған А. Әбдірахмановтың, географиялық терминдер мен атауларды зерттеудің географиялық бағытын дамытқан Ғ.Қ. Қоңқашпаевтың, топонимиканың географиялық ғылымдардағы орнын көрсеткен А. Маракуевтің, топонимиканың теориялық мәселелерін талдауда түркі тілдес топонимдерге айрықша мән берген географ ғалым Э.М. Мурзаевтың еңбектері айрықша орын алды. Қазақстанда топонимика ғылымының негізін қалаушы Ғ.Қ. Қоңқашпаев өз еңбектерінде қазақтың халықтық географиялық терминологиясын жинақтап, талдады. Ғ.Қ. Қоңқашпаевтың география ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алу үшін қорғаған диссертациясы осы кезеңге дейін топонимика саласында көп сілтеме жасалынатын еңбектің бірі болып табылады. Ғалымның әсіресе географиялық терминдердің атауларын қалыптастыру заңдылықтарына, терминдердің аймақтық, жергілікті семантикалық ерекшеліктерін зерттеуіне қатысты тұжырымдары өте құнды. Ол еліміз аумағындағы моңғол атауларын, түркі тілді географиялық терминологияның заңдылықтарын қарастырумен бірге, топонимикалық сөздік құрастырумен де айналысты. Ғ.Қ. Қоңқашпаевтың топонимика және терминология мәселелеріне арналған ғылыми еңбектері Қазақстан топонимика ғылымының қалыптасып дамуына зор үлесін тигізді. Қазақстан топонимикасын зерттеуде тілтанушы ғалым А. Әбдірахмановтың да сіңірген еңбегін атап өткен жөн. Ол өзінің "Қазақстанның жер-су атаулары" деп аталатын ғылыми жұмысында Қазақстандағы 800-ден аса ойконимдерге және теміржол бекеттеріне топонимикалық сараптама жасалған. Ал, "Топонимика және этимология" еңбегінде этимологиялық зерттеулердің әдістері қарастырылып, еліміздің 140-тан астам топонимдеріне этимологиялық талдама жүргізілген. Ғалымның көптеген мақалаларында топонимиканың жалпы проблемалары көрініс тауып, қазақ топонимдеріне этимологиялық талдау берілген. Топонимика ғылымының дамуында ерекше орынды белгілі географ Э. Мурзаевтың еңбектері алады. Оның топонимикалық еңбектерінде топонимиканың теориялық мәселелері, аймақтық топонимикалық зерттеулер және жергілікті географиялық терминдердің топоним қалыптастыруына қатысты мәселелер көрініс тапқан. Э.Мурзаев топонимиканы лингвистика, тарих және географияның зерттеу әдістерін пайдаланатын, осы ғылымдардың теориялық негіздеріне сүйенетін дербес ғылым ретінде көрсетті. Ғалым өз еңбектерінде Орта Азия мен Қазақстандағы географиялық атаулардың қалыптасуына, дамуына да айрықша назар аударған. Э. Мурзаев қазақ топонимисі Ғ.Қ. Қоңқашпаевтың халықтық геогарфиялық терминологияға қатысты зерттеулерін жоғары бағалап, бұл еңбектерге өз зерттеулерінде сілтемелер жасаған. Қазақстан топонимикасының дамуында тілтанушы ғалымдар тобы үлкен еңбек сіңірді. Профессор Т. Жанұзақов қазақ топонимдерінің этимологиясын, қалыптасу әдісін, құрамы мен құрылымдық түрлері арнайы зерттеген. Оның Очерк казахской ономастики (1982) деген еңбегі топонимиканы зерттеуде елеулі үлес қосты. Ғалымның басшылығымен Жезқазған және Ақмола облыстары бойынша географиялық атаулардың 2 сөздігін құрастырылды. Жетісу топонимдерін зерттеген Е. Қойшыбаев та Қазақстанда топонимика мен терминологияның дамуына өзіндік үлесін қосты. Ғалым Қазақстан топонимдерінің қысқаша түсіндірме сөздігін құрастырды. Қазақстан топонимикасы бойынша басқа да елеулі еңбек ретінде Шығыс және Солтүстік Шығыс облысының гидронимдерін зерттелген В.Н. Попованың бірқатар еңбектерін айта кеткен жөн. Қазіргі кезде Қазақстанда топонимикалық зерттеулермен географтар да айналысуда. Аймақтық топонимиканы дамытуда қомақты үлес қосқан ғалымдардың бірі А.У. Маканова[1].
География институтында белгілі зерттеуші С.Ә.Әбдірахмановтың басшылығымен топонимикалық топ жұмыс істейді. Мұнда 14 томдық Государственный каталог географических названий Республики Казахстан атты жаңа еңбек шығарыла бастады. Басылып шыққан каталогтың 1-ші томы Ақмола облысына қатысты (2002) 5 мыңнан аса топонимдерге, топоним қалыптастырушы 100-ге жуық халықтық терминдер қамтылды. Басылымның Топонимика ғылымының жалпы аспектілерін зерттеуге белгілі ғалымдар А.П. Горбуновтың, Ә.С. Бейсенованың еңбектері арналды. Бұл саладағы ең жаңа ғылыми жұмыстың бірі - А.П. Горбуновтың Горы Центральной Азии. Толковый словарь географических названий и терминов (2006) деп аталатын еңбегі. Мұнда Орталық Азия мен Қазақстандағы таулы өңірлердегі кең тараған географиялық атаулар мен терминдер талданған. Географиялық атаулар мен терминдерге этимологиялық талдау автордың жергілікті жерден жинаған материалдарымен, сөздіктердегі деректермен толықтырылған. Түркі тілді тайпалардың біздің эрамызға дейінгі V ғасырларда болғандығын дәлелдейді. Қазақстан территориясын мекен еткен ертедегі тайпалар мен ұлыстардың тілдері жөніндегі деректер барынша жалпылама сипатта болып отырған мына бір қорытындыларды айта кетуіміз керек. Зерттеушілердің көпшілігі Авестаның деректерін негізге ала отырып, Орта Азия мен Қазақстанның отырықшы және көшплеі тайпалары біздің эрамызға дейінгі І мың жылдықтың басында- ақ Шығыс Иран тілдрінде және диалектілерінде сөйлеген деп топшылайды. Бұған қоса Қазақстанның ежелгі тайпалардың ежелгі түркі тілімен біршама ерте таныс болуын жоққа шығаруға болмайды. Орталық және Ішкі Монғолияның түркі- монғол тектес тілде сөйлейтін халқының арасында біздің эрамызға дейінгі І мың жылдықтың орта шенінде қалыптасқан бұл тілде сөйлейтіндер - алтай тайпалары деп аталатын болды. Сол уақыттағы Евразияның далалық халықтарының үнемі болып тұрған миграциялары олардың ертедегі Қазақстан халқымен тілдік жағынан қарым- қатынаста болуына мүмкіндік жасады. Бұдан кейін Қазақстан және оған көршілес аймақтарды мекендеген сақ және массагет тайпалары жөніндегі жазба деректер көне грке және парсы ескерткіштерінде кездеседі. Мәселен, Геродоттың еңбегінде мына дерек айтылады: парсы патшасы Кир массагеттерге шабуыл жасап, қатты жеңіліске ұшырайды. Сонда массагет патшасы Томирис Кирдің басын кесіп алып, Сен қанға құмартып едің, енді шөлің қансын деп жылқының қаны толтырылған сабаға салдырып жіберіпті. Біздің эрамызға дейінгі IV ғасырдың 30-жылдарында македон гректері Александр Македонскийдің басшылығымен Орта Азияға баса-көктеп кірді. Маракандты (Самарқандты) алып, олар Сырдаияға қарай беттеді. Александр Македонскийдің әскерлеріне қарсы күреске Қазақстанның оңтүстігін мекендеуші массагеттер белсене қатысты. Александр Македонский Сырдариядан өтпек болған кезде сақ сарбазының атқан садақ оғы тиіп жаралы болды. Көне жазба ескерткіштерінде сақтар жөнінде көптеген зерттеулер жазылды. Екіншіден, көне замандағы су сақтарының (апа- saka) аты Қазақстанда Созақ (Шымкент облысындағы аудан орталығының аты ) атауында сақталған. С.П.Толстовтың зерттеулері бойынша қарақалпақтардың арғы атасы - Арал бойындағы массагеттер, соның ішінде печенгтердің атасы- апасиактар. Көне грек авторы Страбонның еңбегінде кездесетін апасиак (apa- saka) этнонимінің этимологиясы су сақтары дегенді білдіреді. Міне осы келтірілген деректер нәтижесінде созақ атауы ертедегі апасиактардың (су сақтарының) түркі варианты екенін анық аңғаруға болады[1]. Бұл этнонимнің этимологиясы суғсув+сақсозақ кені және мағынасы су сақтары, өзен бойындағы сақтар дегенді білдіретіндігі жөніндегі дәлелдер бұрынғы бір еңбегімізде толық айтылғандықтан тоқталмаймыз. Көне тарихи деректерде кең көлемде кездесетін этнолим- ғұндар. Бұл европалық нұсқаларда сюнну, ал қытай нұсқаларында хунну түрінде кездеседі. Зерттеушілердің басым көпшілігі гундарды түркілердің арғы тегі деп есептейді. Солтүстік Монғолия мен Шығыс Түркістанды мекендеген солтүстік ғұндары біздің, эрамыздың І ғасырында Қазақстан мен Орта Азия территориясына жаппай ене бастады. Халықтардың ұлы қоныс аударуы деп аталатын бүл көшу үш ғасырға созылып, әр текті тайпалар нөпірі жалпы ғұндар деген атпен IV ғасырдың бірінші жартысында Шығыс және Орталық Европа далаларына дейін жетті. Осы ғұн тайпаларының тарихына байланысты қытай нұсқаларында жер-су аттары туралы мәлімет көп, бірақ олардың сол замандарда қалай айтылғанын анықтап беру қиын іс. Бұған көне қытай тілі мамандарының да әлі келмей отыр. Сол сияқты қытай нұсқаларында біздің эрамызға дейінгі ІІ ғасырдан үйсіндер мен қаңлылар, олардың территориясы туралы да көлемді- көлемді деректер бар, бірақ мұндағы жер- су аттарын түсіндіріп беруге әзірге біздің дайындығымыз жетпей отыр, өйткені көне қытай тілі мұндай атауларды өз заңдылықтарына бағындырып, бұрмалап жіберген. Мәселен, Батыс түркі қағанатынан кейін құрылған түркеш қағанаты туралы кездесетін қытай нұсқаларындағы бұрмаланған атаулардан мынадай мысалдар келтіруге болады:

Қытай нұсқасында:

дұрысы:
Хусэло
Хусрау

Моче-даған
Баға- тархан

Учжиле
Үшлік

Сөге
Сақал

Сулу
Сулуқ

Гэлолу, гэлу
Қарлық;

Моула
булак т.б.

Ертіс өзенінің атауы осы формада VIII ғасырда қойылған Кюль- Тегин мен Тоньюкук ескерткіштерінде кездеседі. Кюль- Тегин ескерткішінде түркілер Алтай тауына көтеріліп, Ертіс арқылы өтіп, түргеш тайпасын жеңгендері баяндалады. ХІ ғасырдағы М. Қашқари еңбагінде бұл атау Эртіш түрінде жазылып, оған мынадай түсінік беріледі: Эртіш- йәмак (қыпшақтардың бір аты) даласында ағатын бір өзен аты. Бірнеше тармақ өзендерден құралған бұл өзен осы жердегі бір көлге құйылады. Эртіш сувы дейді. Бұл сез судан кім тез өтер мағынасында қолданылатын эртіш (мақ) сөзінен алынған. Келтірілген екі үзіндіден бұл өзен ертеде, VII- VIII ғасырларда Ертіс аталғанын және қазіргі қазақ тілінде де осылай аталатынын байқаймыз. Ал М.Қашқари заманында түркі тілінің кейбір диалаектілерінде бұл гидроним Эртіш аталған. М.Қашқари Эртіш атауының этимологиясын эртишмақ (тез өту) етістігінен шығаратынын байқадық. Ертіс тауының этимологиясы туралы В.П. Семенов, А.П.Дульзон, Э.М.Мурзаев, В.Н. Попова т.б. авторлар жазды. Жоғарыда айтылған түркеш қағанатынан кейін VІІІ ғасырдың екінші жартысында қарлұқ қағанаты құрылды. Осы кездегі араб-парсы деректеріндегі жер-су аттары бір шама дұрыс түрде кездеседі. Мәселен, бұл кездегі жазбаларда Құлан, Мерке, Отырар, Сүткент, Шаш, Исфиджаб, Тараз, Шығыл, Барсхан, Суяб, Баласағұн, Демиртағ, Түріктер көлі (Ыстықкөл), Барақ, Салуния, Жинқар, Атракана, Қарлуқия, Ескөл, Тон, Талхіз, Қаялық (Талдықорған маңындағы Дүңгене жұрты), сияқты атаулар кездеседі. Бұл атаулардың көпшілігі түркі тілдерінің негізінде жасалған. Олардың этимоло-гиясын жете зерттеу-алда тұрған міндет деп есептейміз. Бұл атаулардың ішінде соғды (шығыс иран тіліне жатады, тәжіктердің арғы атасы, араб атаулары да болуы мүмкін, ) өйткені VI-VIII ғасырларда Жетісуға соғдылар қоныс аударып көшіп келсе, VIII-IX ғасырларда таралы. Осының нәтижесінде Оңтүстік Қазақстанда, Жетісу өлкесінде соғды және араб атаулары тарады. Қазақстан облысының топонимиялық спектрі шығу тегі жағынан әр түрлі тілдерге жататын географиялық атаулардан тұрады[1]. Жалпы алғанда, топонимиялық стратиграфия тарихи және этностық процестер, тілдердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде бір-бірімен тығыз байланысқан, әр түрлі тілдерге жататын және әр кезеңде қалыптасқан географиялық атаулардың қабаттарының жиынтығы болып табылады. Е. Қойшыбаев (1985) хронологиялық жіктеу негізінде Қазақстан аумағында 5 тілдік қабатты бөліп көрсеткен:
6) Ежелгі тілдер элементтерін сақтап келе жатқан тым көне қабаттар(санскрит, үнді-иран тілдері элементтері:тал, ар, бал, сар, ғар, қан);
7) Шартты түрдегі түркі-монғол тіл бірлестігі элементтерін сақтап келе жатқан көне қабаттар (ал, ала, бала, қар, шар, чар, көк, бай, тоғай);
8) Түркі тіл қабаттары немесе түркі тілдер семьясы құрамының ерекшеліктерін көрсететін қабаттар;
9) Осы күнгі түркі тілдері ерекшеліктерін көрсететін қабаттар(қазақ, қырғыз, алтай, қарақалпақ, башқұрт, ұйғыр, түрікмен, әзірбайжан, өзбек және т.б.);
10) Орыс тілі негізіндегі топонимикалық қабаттамалар, яғни Э.М. Мурзаевтың айтуынша, "ең үстіңгі қабат".
К. Рысбергенова Оңтүстік Қазақстан аумағындағы топонегіздерді тілдік тұрғыдан үш топқа: 1) субстратты(көне); 2) сырттан енген; 3) түркілік қабат деп жіктейді. Әрбір тілдік қабатты белгілі бір тарихи кезеңге қалыптасып, кейінгі дәуірлерде мүлде өзгеріске түспеген деуге болмайды. Өйткені қалыптасқан кезінен бастап, әрбір географиялық атау тарихи-географиялық және әлеуметтік факторларға байланысты өзгеріске ұшырап отырды. Сонымен қатар, екі немесе үш тілдің топонегіздері үйлескен гибридті (будан) атаулардың да болғанын естен шығармау керек. Кей жағдайда тарих аренасында бір аумақта, бір мезгілде әр түрлі тілде сөйлейтін бірнеше халықтар бірдей деңгейде тілдік жағдайда, соның ішінде топонимдердің қалыптасу барысында ықпал етті. Жаугершілік замандарда жеңілген халық өзі жайлап келген аумақтан үдере көшуге мәжбүр болса, олардың рухани мұрасы болған көптеген атаулар жеңімпаз халықтың тіліндегі атаулармен жедел ауыстырыла бастайтын. Осы жайттардың барлығын ескерсек, тілдік қабаттарға қатысты зерттеу материалдары әрқашан да терең талдауды қажет ететінін түйсінеміз. Ономастикалық номинациямен қамтылатын нысандар мен құбылыстар жиынтығы әр халықтың аумақтық таралу ерекшеліктеріне, мәдени даму тарихына байланысты түрліше сипат алады. Географиялық атау қоюдың өзі себеп-салдарлық байланыстардың күрделі кешені болып табылады, олар атаулардың типтеріне қарай түрліше сипатта болғандықтан, танып-білу деңгейі де әр түрлі болады. Зерттеушілер атауды қоюға түрткі болатын себептердің тарихи, әлеуметтік, аумақтық(географиялық) аспектілерін бөліп көрсетеді. Біздің зерттеу жұмысымызда номинацияның аумақтық аспектісі тарихи және әлеуметтік аспектілермен бірлікте қарастырылатын болады. Облыс аумағындағы топонимдердің өте көне субстратты қабаты қазіргі заманғы тілдер тұрғысында түсіндірілмейтін, яғни бұрынғы замандарда осы өлкені мекендеген халықтардың тілдеріне жататын топонимиялық қабатты қамтиды. Бұл қабатқа ежелгі түркілік, соның ішінде оғыз кезеңіндегі топонимдер жатады. Талдау барысында бұл қабатқа қатысты деректерді соңғы екі қабаттар құрамында қарастыратын боламыз. Өйткені көне негіздер соңғы қабаттардағы топонимдердің қалыптасуына да қатынасқан. Сырттан енген топонимдер қабатын иран, араб, монғол, орыс тілдеріндегі географиялық атаулар құрайды. Бұл тілдерден енген атаулардың қалыптасу барысына, құрылымдық ерекшеліктеріне тарихи-лингвистикалық, географиялық факторлар ықпал етті[1].
1.3 Топонимика пәнінде картографиялық әдістердің қолданылуы және оның дамуы
Кез келген топонимикалық зерттеулер жүргізген кезде, географиялық атауларды жинақтау, бұрыңғы атауларын қалпына келтіру мәселелері туындайды. Әртүрлі деректер: мұрағаттық, тарихи-географиялық, картографиялық, лингвистикалық оларды қалпына келтіруге мүмкіндік туғызады. Географиялық карталарда көптеген мәліметтер бар, яғни өткен тарихтан мол ақпарлар алуға және топонимдердің жазылуы, орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік береді. Топонимиядағы ең қиын мәселелер: материалдар жинау, оларды өңдеу, этимологиясын нақты анықтау болып табылады. Картаның топонимиялық зерттеулерде маңызды рөл атқаратын ерте заманда да белгілі болған. Мәселен ежелгі қытайлар, римдіктер, гректер құрылыс жолдарын, егістік, каналдар қазу т.б. жұмыстарды жүргізген уақытта топонимиялық әдісті пайдаланған. Орта ғасырда өмір сүрген ғұлама ғалым Махмұт Қашғаридің құрастырған картасында көптеген көне топонимдер жөнінде мәліметтер келтірілген. Н.И. Надеждин Орыс әлемінің тарихи географиясының тәжірибесі атты еңбегінде географиялық карталардың топонимиялық зерттеулерде маңызды рөл атқаратынын, ондағы нысандарда көптеген ақпарат жүйесі бар екендігін атап көрсеткен. Ол жөнінде оның қанатты сөздеріне байқауға болады. Әрбір жер-су атаулары сол жердің табиғи құжаты болып табылады. Жер дегеніміз-адамзат баласының тарихи-географиялық атауларда жазылған кітабы[3]. Топонимдердің уақыттық және кеңістік айырмашылықтарын бейнелеу мақсатында диахрондық және синхрондық талдаулар жасаудың маңызы зор. Бұл талдауларды көне географиялық карталар мен ғылыми еңбектер негізінде жүргізуге болады . Мысалы: 1627 жылы жарық көрген А. Макшеевтің Үлкен сызба кітабындағы және швед Густав Ренаттың Жоңғария картасына талдау жасап, бұл еңбектердегі географиялық атауларды өз заманындағы топонимдермен сәйкестендіру бағытындағы еңбектерін ерекше айтуға болады. Мысалы, А. Макшеевтің пікіріне сәйкес, Үлкен сызба кітабында берілген Аспага және Кууей өзендерінің аттары кейіннен Бұлдырты және Қандығайты, ал Сауық өзенінің аты Торғай, Сун гурлук өзені Хобда(Қобда), Бозын-Гинчаль-Ильген(Бөзінген салған болуы мүмкін) өзенінің аты Улка-як(Өлкейек) болып өзгерген. Шығыс және Солтүстік Шығыс облысының көне топонимдері С.У. Ремезовтың (1697) картасында көрініс тапты. Ертістің сол жағалауында С.У. Ремезовтың картасында батысқа қарай Шабақта (Шабақты) арал, Шепелеу жар, одан әрі Яр (Жар) Аллабердыев, Старой Иртыш, бұл Аллаға айылы тұсында; одан әрі Қызыл жар т.б. топонимдер. Керегежардан батысқа қарай Белые воды(Ақсу), Острог Калмыцкой одан әрі Урочище Кабалгансун мечать пустой, одан әрі Урачище Долон(жеті) Карагай, одан әрі Озеро Енкуль т.б. Бұл тұста С.У. Ремезовтың Ертістің оң жағалауындағы топонимдердің кейбіреуін сол жағалауға шығарып жібергені көрінеді. Дегенмен бұл көне картада Орта Ертіс өңірінің негізгі топонимикалық нұсқасы жақсы сақталған деп жақсы айта аламыз. Алайда, аталған топонимдердің бұрмалану ерекшеліктерін сөз тіркестері арқылы аңғаруға болады. Ф. Усовтың еңбектерінде Ертістің бойында Коряков Яр атауы туралы мол мәліметтер бар[5]. Бұл деректер Коряков Яр,немесе Кереге жар деген топонимиялық атаулардың ХVІІ ғасырдың басында кең айналыста болғанын және географиялық нысана-бағдар есебінде жақсы қызмет жасағанын білдіреді. Кереку жардан батысқа қарай Урочище 9-ти бугров, одан әрі Бакланная заострова, Рыбная, одан әрі Качир(Кашыр), 8-яров урочище рыжых жеребцов(Осморыжьск), солтүстікке қарай Ирлытюп Яр(Үрлітүп), Сайгачий Яр(Сайғақ жары) болып жалғасып кете берді. Кереге жардан шығысқа қарай Верблюжий Яр, Толокнянные горы, одан әрі Жәмші(Ямыш) көлі және т.б. орографиялық және гидрографиялық нысандар бейнеленген деуге болады. Бұл нысандардың барлығы өткен тарихтан мол геоэкологиялық ақпараттар береді. Сондықтан топонимикалық құбылыстарды анықтаған уақытта топонимикалық карталар жиі қолданылады. Өйткені карталарда сандық және сапалы сипаттамалар беріліп, зерттеуге мүмкіндік туындайды. Ішкі Азияны зерттеушілердің ішінде топонимика мәселелеріне айрықша көңіл бөлген тұңғыш ғалым, әрі ағартушы шығыс халықтарының география саласында айтарлықтай жемісті ғылыми зерттеулер жүргізген Ш. Уәлиханов. Географиялық саяхаттар нәтижесінде жинаған ғалымның жер-су атаулар мәліметтері кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес мұра болып табылады[6]. Ареалдық (лат. Area-алаң, кеңістік) лингвистиканың негізін ХХ ғасырдың бас кезінде Италияда пайда болған неолингвистер мектебі (Дж. Бонфанте, Дж. Бартони, Дж. Бартоли т.б.) қалағаны белгілі. Алайда, ХІХ ғасырдың екінші жартысында диалектілердің таралу аймағын көрсету үшін бұл әдісті Й. Шмидт, Г. Венкер, Ф. Вредэ сияқты ғалымдар пайдаланған еді. Кейбір деректер бойынша тілдердің араласуы, тілдік одақтар және конвергенция құбылысы туралы А. Шлейхер, Г. Паул, И.А. Бодуэн де Куртенэ, Г. Шухард, Н.С. Трубецкойлар да өз ойларын неолингвистерге дейін айтып үлгерген көрінеді. Соған қарамастан ареалдық тіл білімінің негізгі терминдері мен принциптерін қалыптастырған неолингвистер деп танылып жүр. Бір тілдің немесе тілдер тобының өзара байланысын, қарым-қатынасын зерттеуде ареалдық әдіс салыстырмалы және типологиялық әдістермен тең дәрежеде тұрады. Өкінішке орай ареалдық тіл білімі компаративистикалық және типологиялық тіл білімдерінің көлеңкесінде қалып келеді. ХІХ ғасырда өмір сүрген Ф. Бопп, Р. Раск сияқты тіл білімінің алыптарымен олардың шәкірттері тілдердің туыстығын дәлелдеу үшін тарихи-салыстырмалы әдісті дәріптеп әкетті де, ареалдық әдіс назардан тыс қала берді. Осы кемшілік тіл білімінде күні бүгінге дейін сезілуде. Ареалдық тіл білімі конвергенция процесімен (туыс не туыс емес тілдердің бір-біріне әсер етіп, жақындасуы), аралас тілдер мәселесімен, тілдер одағымен, қос тілділікпен, диалектілердің таралу аймағымен тығыз бірлікте болады, өйткені ғасырдың басында Ж. Жильерон мен Э. Эдмонның Францияның лингвистикалық атласы (1910) жарық көргеннен кейін, тіл білімінде географиялық әдісті пайдалану өрістеді. Артынша Италия, Румыния, Испания, Швейцарияның диалектологиялық атластары бірінен кейін бірі басылып шықты. Сонымен бірге ареалдық зерттеу әдісін (ол картографиялық, изоглостық, лингвистикалық география әдістері деп те аталады) лексикологияның онамастика саласына қолдануға болатыны анықталды. Топонимикалық ізденістерге картографиялық деректерді пайдалану әдісін алғаш сәтті қолданғандардың бірі- Ф. Энгельс. Ол өзінің Франский диалек атты еңбегінде топонимдерге жасаған тілдік талдауларын бекіту үшін 1:200 000 масштабтық топографиялық картаны пайдаланып отырған[7].
Картографиялық әдістердің жиі қолданылуы, топонимиканың (географиялық тұрғыдан) біршама дамуына және топонимиялық аталстар жөнінде алғшқы мәліметтер Швецияда (Швецияның топонимимкалық атласы 1942), кейінірек Венецияның (Тридентина) топонимикалық атласы (atlante, 1953) жарыққа шықты. 1966 жылы ІХ Халықаралық ономастикалық конгресте (Лондон) дүние жүзінің гидронимиялық атласын құрастыру жөнінде мәселелер қозғалды. Сонымен қатар Чехияның топонимиялық атласы, әр түрлі масштабтағы басқа да атластар құрастырылды. Кеңестік Ресейде картографиялық әдісті алғаш ғылыми әдіс ретінде қалыптастырған К. А. Салищев оның өркендеуінеайтарлықтай үлес қосты. Содан кейін В.А. Никоновтың Орыс жұрнақтарының географиясы (1959), А.С. Стрижактың Украинадағы онамастика сияқты еңбектерінде топонимдердің, топоформанттардың таралу аймағын көрсету мақсатында, картографиялық әдіс молынан қолданыс тапқан[5]. Географиялық атауларды зерттеуге картографиялық әдістің енуі қалай болса солай жүрмей,бірізді болу үшін, Е.М. Поспелов 1971 жылы Топонимика және картография атты еңбегін жазды. Мұнда жер- су аттарын зертеуде картографиялық әдістің алатын орнын көрсетіп, оның топонимикамен ажырамас бірлікте болатынын дәлелдеп берді. Топонимикада бұл әдісті пайдалану тиімді екені уақыт өткен сайын айқын көріне бастады. Топонимдердің, оның ішінде гидронимдер, оронимдер т.б., таралу аймамағын айқындауда, жер бетінің бедерін атауға қарап ажыратуға, әр түрлі географиялық терминдердің, форманттардыңшым- шытырық іздерін табуда картаға түсіру, картамен жұмыс істеу өзін-өзі ақтады. Ономастиканың, антропоним, космоним сияқты басқа салаларына да изоголостық зерттеу әдістері кеңінен қолданыла бастады. Топонимика қазіргі кезде дербес ғылым саласы ретінде қалыптасып қалғанымен, ол әуел бастан тіл білімі, тарих және география ғылымдарына тәуелді болып келеді. Жер- су аттары осы аталған нысаны бола алады. Ареалдық әдіс топонимиканы географиямен тығыз қарым- қатынасқа түсіріп, атау мен нақты реалийді бірге қарауға мүмкіндік берді. Географиялық атауларды алғаш зертеушілердің көбі тарихшы мен географ- ғалымдар болғаны да содан, карта жасау жұмыстарына байланысты болса керек. Алдымен картаға топонысана түсіріліп, одан соң оның аты жазылатыны аталған ғалымадардың назарын жер- су аттарына аударуға мәжбүр етті. Мәселен, түркі топонимикасына елеулі еңбек сіңірген ғалымдар Э.М. Мурзаев, Е.М. Поспелов, Ғ. Қоңқашпаевтар, негізінен, география саласының мамандары еді. Топонимика сияқты картография да дербес техникалық ғылым саласы бола тұрып, география, геодезия және топография сияқты үш ғылымның тоғысқан тұсында туып қалыптасқан. Топонимика географиялық атауларды дұрыс жазудың қыр - сырын ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, картографияға өз көмегін көрсетіп жатса, картография, өз кезегінде, топонимиканы ерекше әдіспен- картографиялық зерттеу әдісімен қамтамасыз етіп жатады. Бұл әдістің ең басты және алғашқы қызметі жер - су аттарын зерттеуде атауларды жинаудың, тарихи деректерді табудың қайнар көзі ретінде дайын карталарды пайдалану болып табылады. Мысалы, ерте қағазға түскен солтүстік қытай жазбаларына, карталарына сүйеніп, қырғыздардың б.э.б ІІ ғасырда Енисей өзенінің басында көшіп- қонып жүрген, соған байланысты өзен атауы қырғыз тілінде Енесай ана өзен мағынасын беретіні анықталған. Аталған әдістің тағы бір қызметіне топонимиканың арнайы бір саласына, жеке тақырыптарға (номендерге, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазығұрт өңірі топонимиясының этнолингвистикалық сипаты
ОНОМАСТИКАЛЫҚ АТАУЛАР
ОНОМОСТИКАЛЫҚ АТАУЛАР
Оңтүстік Қазақстан облысы топономиясының физикалық-географиялық астарлары
Шығыс Қазақстан облысының топонимдер қалыптасуындағы рөлі
Топонимдегі ұлт пен мемлекет саясаты мен тарихының көрінісі
Сарыағаш атауының топонимиясы және ауданның физикалық-географиялық ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында топонимика ғылымының дамуындағы қазіргі теориялық мәселелер
Тарихи атауларды қалпына келтірудің маңызы
Солтүстік Қазақстан аймағы топонимдерінің ерекшеліктеріне шолу
Пәндер