Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының ұйымдастырылуы туралы



Кіріспе
1. Кәсіпорыннның шаруашылық қызметімен танысу
2. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының ұйымдастырылуы
3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
Қорытынды
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірбиесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен кәсіпорындардың қаржы-шарушылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдаудың жаңа әдістемесін жасауды қажет етеді.
Есеп тіркемелерінде шарушалық операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ тілектеріне толығынан жауап бере алмайтынығын тәжірбие көрсетті. Іскерлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өңделуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды қамтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алаып, соны басшылыққа ұсыну керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейді.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе
1. Кәсіпорыннның шаруашылық қызметімен танысу
2. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының ұйымдастырылуы
3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
Қорытынды

Кіріспе

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірбиесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен кәсіпорындардың қаржы-шарушылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдаудың жаңа әдістемесін жасауды қажет етеді.
Есеп тіркемелерінде шарушалық операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ тілектеріне толығынан жауап бере алмайтынығын тәжірбие көрсетті. Іскерлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өңделуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды қамтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алаып, соны басшылыққа ұсыну керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейді.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілі салдарынан туындады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық кәсіпорынның мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себптерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік-әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік менші жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, басқарушылық, қатаң орындаушлық тәртіп, ұқыптылық және үнемдлікпен алмастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзге ше іс-әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды. Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелуі үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспан үшін жұмыс істеу келмеске кетеді.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шарушалықты жүргізуші кәсіпорын ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтақанда ішкі және сыртқы нарықта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. кәсіпорындар бұрынғыдай жоғары жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдаымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші кәсіпорындардың қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімд басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қаблдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.
Ұсынылып отырған осы оқу құралының мақсаты - студенттерге кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық және әдістемелік негіздері туралы мағлұмат беру, оны ұғыну, оларға талдау зерттеуіндегі дағдыларды меңгеруге көмектесу. Бұл болашақ жас мамандарған талдау жұмысын біліктілікпен жүргізуге, кәсіпорынынң қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мен нарықтық тұрақтылығы туралы дұрыс, ғылыми негізделген баға мен қоыртынды беруге, өндірстік өсуі мен оның тиімділігін арттыруды қамтамасз ететін, жоғарыда көрсетілген еліміздің ұзақ мерзімді бірінші кезектегі мақсатына ойдағыдай жету үшін басшылыққа үйлесімді бесқару шешімдерін дайындауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының ұйымдастырылуы

Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргзу әдісінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шарушалық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.
Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру түгендеу, бухгалтерлік есеп шоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өңдеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.
Ұйымның өзінің есеп саясатын өңдеу мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтерлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша баптарда қарастырылған бухгалтерлік есептің кез келген мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы Қазақстан Республикасының заңы мен бухгалтерлік есеп принциптерінде кәсіпорын өзінің есеп саясатын құру барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігін көрсетілген. Бұл бекітілетін құжаттардың қатарына мыналар жатады:
oo бухгалтерлік есептің уақытылы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі;
oo бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының жұмыс жоспары;
oo алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;
oo ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары;
oo актив пен міндеттемелер түгендеуін өткізу тәртібі;
oo актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;
oo құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өңдеу технологиясы;
oo шарушалық операцияларды бақылау тәртібі;
oo бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.

Кәсіпорынның қабылдаған есеп саясаты сол ұйымдағы бухгалтерлік есептің маңызды мәселелерінің бірі.
Ұйымның есеп саясатын таңдау мен негіздеуіне келесі негізгі факторлар әсер етеді:
oo меншік нысаны мен құқықтық-ұйымдастырушылық нысаны (жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ашық акционерлік қоғам, жабық акционерлік қоғам, өндірістік кооператив және тағы басқа);
oo салалық қызметінің түрі (өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік, ауыл шаруашылығы және тағы басқа);
oo қызметінің көлемі, жұмысшылар мен қызметкерлерінің орташа тізімдік саны және тағы басқа;
oo салық салу жүйесімен арақатынасы (әртүрлі салық түрлері бойынша жеңілдіктер немесе салық төлеуден босату, салық мөлшері және тағы басқа);
oo қаржы-шаруашылық қызметін дамыту стратегиясы (ұйымның экономикалық дамуының ұзақ мерзімдік перспективасының мақсаттары мен міндеттері, инвестициялардың жұмсалу бағыты, перспективалы мәселелерді шешудің тактикалық тәсілдері);
oo ұйымның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі (оның тиімді әрекетіне қажетті барлық бағыттары бойынша);
oo материалдық базасының болуы (компьютерлік техника мен басқа да оргатехника жабдықтарымен қамтамасыз етілуі, бағдарламалық-әдістемелік қамсыздандыру және тағы басқалар);
oo кәсіпорындағы бухгалтер мамандарының (қаржы бөлімі қызметкерлерінің) біліктілігі және басшылардың экономикалық батылдығы, ынталылығы мен тапқырлық деңгейі;

Кез-келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен есеп саясаты толықтылық, уақыттылық сақтық , қарама-қайшылықсыздығы мен орындылық талаптарына сай болуы қажет.
Көрсетілген талаптардың әрқайсысының мазмұнын қарастырайық.
Толықтылық. Кәсіпорынның таңдап алған есеп саясаты оның объектілерді есептеу жолын толық қамтамасыз етуі керек.
Уақыттылық. Кәсіпорынның шарушалық әрекетінің фактілері бухгалтерлік есеп пен бухгалтерлік есеп беруде уақытында көрініс табуы қажет. Ешқандай операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында тіркеу барысында кешіктірілімейді немесе орындалмай тұрып есепке алынбайды.
Сақтық. Қолданылатын есеп әдістері бухгалтерлік есепке алынуға тиісті кірістер мен табыстарға қарағанда, жасырын резервтердің жасалуына жол бермей, шығындар мен міндеттемелерді айқын бейнелеуге дайын болуды қамтамасыз етуі керек, яғни есепке алынған немесе алуға нақтылы мүмкіндік бар болатын кірістер алынады.
Қарама-қайшылықсыздығы. Есептің таңдалынған әдістері - әр айдың соңғы календарлық күніне айналымның аналитикалық есебі мен шоттар бойынша қалдықтардың синтетиклақ есеп мәліметтерінің теңдігін қамтамасыз етіп отыруы қажет.
Орындылық. Кәсіпорынның есеп саясаты бухгалтерлік есепті орынды және үнемді жүргізуді қамтамасыз етуі керек.
Кәсіпорынның есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтарының барлығын қамтиды.
Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизация есепту әдістері, табысты есептеу әдістері және тағы сол сияқты.
Осылайша белгіленген заңға сәйкес кез келген заңды тұлға болып табылатын ұйым өзінің есеп саясатын құрастырған уақытта төменде аталған бухгалтерлік есептің негізгігі әдістемелік аспектілерін айқындауы қажет.
oo негізгі құралдарына амортизациялық аударым сомасын есептеу әдістері.
oo Материалдық емес активтеріне амортизациялық аударым сомасын есептеу және оларды есептен шығару жолдары;
oo Шығындарды топтау мен өндіріс шығындарына жатқызу әдістері;
oo өндіріс шығындарын және оларды объектілер арасында тарату әдісі;
oo Дайын өнімдерді кіріске алудың есебі;
oo Аяқталмаған өндірісті анықтау және бағалау жолдары;
oo Материалдық қорларды бағалау әдістері;
oo Негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар есебін ұйымдастыру;
oo Курстық айырманы есептеу;
oo Тағы да басқалар.

Өндірістік шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі.
Өндірістік технологиялық және ұйымдастырушылық ерекшеліктеріне, өндірістік циклдың ұзақтығына, өнім түріне, оның күрделілігіне, өндірістің түрі мен сипатына байланысты кәсіпорындар шығындарды есептеу мен өнім құнын калькуляциялаудың келесі негізгі әдістерін қолдана алады:
oo нормативтік әдіс;
oo өндірістік өңдеу сатысы;
oo тасырыстық әдіс.
Жанама шығындарды калькуляциялау объектілері арасында тарату әдісі.
Жанама шығындарды тарату базасы ретінде кәсіпорын мына төменде аталған әдістерді пайдалана алады:
oo өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысын төлеуге байланысты тікелей шығындар;
oo тікелей шығындардың жалпы сомасы;
oo материалдық шығындардың сомасы;
oo сметалық мөлшерлеме;
oo өткізілген өнім көлемі.

Аяқталмаған өндірістің бағалануы
Жаппай және сериялы өндірісте аяқталмаған өндіріс былайша бағаланады:
oo нақты немесе нормативті өндірістік құн бойынша;
oo тікелей шығындар бойынша;
oo жұмсалынған шикізаттар мен материалдардың құндары бойынша.

Өнімнің бір ғана түрін өндіретін кәсіпорындардың бухгалтерлік балансында аяқталмаған өндіріс нақты жұмсалған шығындар бойынша есептелінеді.
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы Қазақстан Республикасының заңы бойынша кәсіпорындардағы бухгалтерлік есепте қолданылатын тіркелімдердің мазмұны және бухгалтерлік ішкі есеп мәліметтері коммерциялық құпия болып есептеледі.
Кәсіпорынның есеп саясаты осы ұйымның құрылған уақытында дайындалады. Оны дайындаумен кәсіпорынның бас бухгалтері немесе арнайы есеп бөлімі айналысады. Дайындалған есеп саясатын кәсіпорынның басшысы өзінің бұйрығымен немесе өкімімен бекітеді.
Бұйрықтың құрамында есеп саясатының есеп беру жылына қабылданған барлық пунктерінің мазмұны толық ашылып жазылады. Сонымен қатар әр пункте тоқтала келіп қандай нормативтік құжат бойынша немесе қандай заң негізінде есеп саясатының дайындалғандығы крсетіледі. Қазақстан Республикасының заңдарымен қатар есеп саясатын дайындауда ұйымның ішкі құжаттары негізге алынған болса (лауазымды тұлғалар туралы, ішкі ережелер, бұйрықтар мен өкімдер тағы да басқа) міндетті түрде ол туралы түсініктеме берілуі қажет.
Кәсіпорынынң есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы ұйымның басқару құжаттарымен, яғни бұйрық, өкім немесе қаулыларымен рәсімделунуі қажет. Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында қолданылады. Оған өзгеріс енгізу мынадай жағдайларда жүргізілуі мүмкін:
oo Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңының өзгеруіне сәйкес;
oo Бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілердің өзгеруі салдарынан;
oo Жаңа бухгалтерлік есеп стандартына көшуге байланысты және тағы да басқа.

Кәсіпорынның бухгалтерлік есепті жүргізу жолдары ұйымның есеп саясатының дайындалған кезінде таңдалып алынады. Бұл есеп саясаты кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінде олардың орналасқан орындарына қарамастан қолданылады. Ұйымның филиалдарының, еншілес және тәуелді серіктестерінің және тағы басқа бөлімшелерінің өзіндік бухгалтерлік есеп жолдарын жүргізуіне, яғни басқа есеп саясатын таңдауына құқығы жоқ.
Бас кәсіпорын қаржылық қызметінің бөлімшелерін есеп саясатындағы болған өзгерістер туралы алдын ала қамтамасыз етуі қажет.
Ұйымдардың түсініктеме жазуларында жыл бойы орындалған жұмыстар бойынша жасалынған қаржылық талдаудың мәтінімен қатар бухгалтерлік қорытынды есеп туралы шығарылған шешім және таза табысты бөлу тәртібі жазылады. Сонымен қатар осы түсініктеме жазуда кәсіпорынның келесі жылға қабылдаған есеп саясаты (егер оған, яғни есеп беру жылына өзгерістер енгізілген болса) жазылады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.
ҚР Президентінің 1995 жылғы 26-желтоқсандағы №2732 Бухгалтерлік есеп туралы заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп беруге мыналар жатады:
1) бухгалтерлік баланс;
2) қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;
3) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.
Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықтыруы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстанып отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылу тиіс. Мысалы, оған субъектіге әсер етуші тәуекел мен белгісіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер туралы түсініктемелерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық сегменттер, сомалық ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпарат, баға өзгерісінің әсері туралы мәліметтер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.
Субъектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп стандартында анықталған жеңілдетілген түрде толықтырып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егерде төмендегі көрсетілген үш шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана (соңғы 2 қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады:
1) зейнетақыны, жәрдем ақша және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салық және басқа ҚР төлемдерін салу үшін жылдық табыс ҚР заңымен көрсетілген 10000 есе есептік көрсеткіштен аспайды;
2) қаржылық жыл бойы қызметкелерді орташа саны 50-ден аспайды;
3) активтердің жалпы құны 60000 еселік есептік көрсеткіштен аспайды.
Қазіргі кезде бізде қолданып жүрген отандық қаржылық есеп негізгі шамалары бойынша халықаралық есеп стандарттарының талаптарына сай келеді, себебі, ҚР -- тәжірибеге бейімдей отырып реформалау процессі белсенді жүргізіледі, ол біріншіден, негізін қараушы нарықытық қатынастар болып табылатын жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, екіншіден, біздің еліміздің әлемдік экономикалық кеңістікке кіруімен байланысты.
ҚР-да бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында есеп беруді құру мақсаттарында жаңа көзқарастар пайда болады және оның бағыты өзгереді.
Қаржылық есептің мақсаты - бухгалтерлік есепті №2 бухгалтерлік баланс және қаржылық есептегі негізгі ашылулар деген стандартында көрсетілгендей, -- бұл қолданушының заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайда болған өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады (12).
Қаржылық есеп негізінен өтелген жағдайлардың қаржылық нәтижелерін және де кәсіпорын үшін инвестициялық шешімдер мен несие беру бойынша шешімдерді шешу үшін, сондай-ақ субеъктінің болашақтағы ақша ағымдарын және осы субъектіге сеніп тапсырған ресурстармен басқарушы орандардың жұмыстарымен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді бағалау үшін пайдалы ақпараттарды сипаттайды. Алайда қаржылық есеп қолданушыларға экономикалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық ақпарттарды қамтиды. Қаржы есебі пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер субъектінің ақша қаражаттарын айналдыру мүмкіндігін бағалауды, сондай-ақ оларды айналдыру уақытын есептеу және нәтижеге сенімді болуын талап етеді. Бұл нәтижесінде, субъектінің өз жұмысшыларына және жабдықтаушыларына ақы төлеуге, пайызды төлеуге, несиені қайтару және табысты тарату қабілетін анықтайды. Егерде қолданушылар тек қана субъектіні қаржылық жағдайын, қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық есебінің өзгерісін сипаттайтын ақпараттармен емес, сонымен қатар барлық қажетті ақпараттармен жабдықталған болса, онда олар, яғни қолданушылар ақша қаражаттарының айналдыру мүмкіндігін одан да жақсы бағалайды. Бірақ комерциялық құпияны қорғау туралы заң қолданушылар алатын қаржыылқ ақпаратқа шек қояды, дегенмен олардың ішінде кейбіреулері (тергеу органдары, ревизорлар, аудиторлар) өкілдігі болған жағдайда қаржылық есепте көрсетілген ақпарттарға қосымша ақпараттарды талап ете алады. Қолданушылардың көпшілігі қаржылық есепке қаржылық ақпараттың басы көзі ретінде сенуі тиіс.
Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің қызметі жөнінде қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір көзіне, әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық есептердің ақпараттық базасына айналды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.
Баланс - есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушылары да пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, адиторлар жұмыс процесінде дұрыс ешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек алады, ал талдаушылар қаржылық талдаудын бағытын анықтайды.
Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарының мүмкін болатын тәуекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайда талдауды баланстық талдау деп атайды. Бухгалтерлік баланс - қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорынның мүлкінің құрамы мен құрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншіктік капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасымен жағдайын және кәіспорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.
Баланс көрсеткіштері кәсіпорының капиталын орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке жетуі, қарыз көздерінің көлемі мен құрылымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау ақпаратының ең қажетті түрі болып табылады.
1997 жылға дейін бухгалтерлік баланс екі бөліктен: актив және пассивтен тұратын кесте түрінде құрылып келеді. Активтер, баланс кәсіпорынының есептік кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және қарыздық құқық құны ретінде көрсетіледі. Пассивтер кәсіпорынның заемдар мен кредиторлық қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу мүлік құнының немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соғады. Мүліктің түрлері және оның қалыптасу көздері сапалық біркелкі белгілері бойынша топтастырылады. Осының нәтижесінде баланстың активі мен пассиві мүлік және оның қалыптасу көздерінің біркелкі экономикалық топтарының аз ғана санынан құралады, ал оның ішінде әр топ өз алдына жеке-жеке элементтер мен қорытындыланған көрсеткіштерден тұрады. Актив пен пассивтегі бұндай жеке элементтер мен қорытындырылған көрсеткіштер баланс баптары деп аталады.
Баланстың актив бөлімінің құрылымына сай ерекшелік - бұл яғни баланс бөлімдері мен баптарының әр бөлім ішінде (шегінде) қатаң, белгілі бір дәйектілікпен орналасуы - яғни олардың өтімділік дәрежесіне аз активтерден өтімділігі көп активтерге дейін, демек басында баланстың өтімділігі жағынан төмен бөлімдері мен бабтары жазылады, содан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне байланысты жоғары өтімді активтер жазылады. Осы принцип бойынша активтің қортынды бабтары ең өтімді айналым қаражаты (ағымдағы активтер) болып табылады олар қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы, есеп айырсу және валюталық шоттардағы ақша қаражаттары, сондай-ақ басқа ақша қаражаттары.
Баланс посивтің бөлімдері мен бабтары төлем мерзімінің жеделдік дәрежесіне байланысты мына принциптерге сай құрылады: төлем мерзімінің жеделдігі аз бағыттарынан жеделдігі кө бағыттарға дейін.
Бухгалтерлік стандарттың іске қосылуынан бастап бухгалтерлік баланс жаңаша анықталады және оның екі бөлігі мен элементтері де жаңаша сипатталады. Олардың түсіндермесі нарықтық экономикасы дамыған елдердің бухгалтерлік есеп және аудит тұрғысындағы жетекші ғалымдардың еңбектеріне арқа сүйейді. Осыған орай ағылшын тілінен орыс тіліне аударылған оқулықтардың және тәжірибе құралдарының авторларының пікірлері теориялық көзқарас болып табылады. Жоғары оқу орындарында экономикалық мамандық алатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының ұйымдастырылуы
Ақша қаражаттары және есеп айырысу есебі
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оны талдаудың мақсаты
КӘСІПОРЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бухгалтерлік есептің атқаратын қызметтері мен принциптері
Бухгалтерлік есеп жүйесінің мәліметтері
Құрылыс өндірісіндегі бухгалтерлік есептің міндеттері
Құрылыс саласының ерекшеліктері мен құырылыстағы есепті ұйымдастыру
Зерттелген кәсіпорынның есеп саясаты
Бухгалтерлік есеп және салық саясатының шаруашылық жүргізуші обьектілері
Пәндер