Қор биржа



Кіріспе 3
1 Қор биржаның пайда болуы және құрылымы 5
1.1 Қор биржаның пайда болуы және мәні 5
1.2 Қор биржаның құрылымы 7
1.3 Шетелдерде қор биржаның қызмет етуі 10
2 Қазақстан Республикасы қор биржаның даму ерекшелігі 13
2.1 Қазақстанда қор биржаны дамуы 13
2.2 Қор биржада мәміле жасауды талдау 14
2.3 Қор нарығы және оның дамуы 17
3 Қазақстан Республикасы биржасының негізгі мәселелері және оларды шешу жолдары 21
Қорытынды 23
Қолданылған әдебиеттердің тізімі 25
Қазіргі заманғы қор биржалары әрине, өздерінің түп тамырынан мүлде өзгеше, бірақ бұған қарамастан осы уақыттың ішінде биржалық сауданың негізгі қағидасы өзгерген жоқ. Биржа дегеніміз бұл – ұйымдастырылған, дәйекті жұмыс істейтін нарық, онда сұраныс пен ұсыныстың негізінде ресми түрде белгіленетін бағалар бойынша бағалы қағаздар саудасы (қор саудасы), стандарттар мен үлгілер бойынша көтерме сауда (тауар саудасы) немесе валюта саудасы (валюта) іске асырылады.
Қор биржасы қандай да бір бағалы қағаздарды сатады деп ойлайтын адамдар көп. Шын мәнінде биржада сатылатын бағалы қағаздар онда жоқ. Биржаның өзі ештеңе де сатпайды, сатып та алмайды! Бұл әншейін мыңдаған компаниялар мен адамдар бағалы қағаздарды өздерінің агенттері арқылы сатып алатын жер, бұл агенттер брокерлер деп аталады.
1 Я.Әубәкіров. Есқалиев. Экономикалық теория негіздері. А., Республикалық баспа кабинеті, 1994-300 бет
2 Ө.Қ..Шеденов, Е.Н.Сағындықов, Б.А.Жүнісова, Ү.С. Бажомартов, Ү.С.Бажомартов, Б.И. Комягин. Жалпы экономикалық теория, Ақтөбе, А-Полиграфия, 2004-455 бет.
3 Н.Қ Мамыров. Микроэкономика. А., Экономика, 2004-175 бет.
4 Г.М.Осипова. Экономикалық теория негіздері.А., ҚазҒЗУ, 2002-31 бет.
5 С.С.Сахариева. Жаңа кезең экономикалық теориясы. А., Дәнекер, 2004- 150 бет.
6 Х..Ілиясов, С.Құлпыбаев. Қаржы: жоғарғы оқу орындарына арналған Оқулық. А., Экономика, 2003-150 бет.
7 Ғ.С.Сейітқасымов. Ақша, несие, банктер.А., Экономика, 2001-210 бет.
8 Эконмикалық саясат лекциялары /Ред. Алқасы: Д.Қ.Қабденов, Т.Қ.Оралтаев, А.Е.Ескендіров, С.Қ.Бекмолдин және т.б. А., Экономика,2002-170 бет
9 В.Крымова. Экономикалық теория. А., АРКАИМ,2003-120 бет
10 Экономика: Учебник / Под ред. А.с.Булатова-М., Юристъ, 1999-320с
11 Общая эконмическая теория:Учебник /Под ред. В.И.Видяпина,Г.П. Журавлевой. М., Наука, 1995-300 с
12 Шумпетер И.Теория экономического развития.-М.,Экономика6 1982-280 с
13 Курс экономической теории /Под ред. М.Н. Чепурина Е.А.Киселевой-Киров, Кировъ, 1994-320 с.
14 Макконелл К.Р., Брю С.Л. Экономикс: принципы, проблемы, политика.-М., Наука,1992-350 с..
15 Дайджест экономической теории.М., Аналитика-Пресс, 1998-120 с.
16 Прикладная экономика. Пер. с англ.-А., ТОО «Книга», 1997-180 с.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3
1 Қор биржаның пайда болуы және құрылымы 5
1.1Қор биржаның пайда болуы және мәні 5
1.2Қор биржаның құрылымы 7
1.3Шетелдерде қор биржаның қызмет етуі 10
2 Қазақстан Республикасы қор биржаның даму ерекшелігі 13
2.1Қазақстанда қор биржаны дамуы 13
2.2Қор биржада мәміле жасауды талдау 14
2.3Қор нарығы және оның дамуы 17
3 Қазақстан Республикасы биржасының негізгі мәселелері және оларды 21
шешу жолдары
Қорытынды 23
Қолданылған әдебиеттердің тізімі 25

Кіріспе

Қазіргі заманғы қор биржалары әрине, өздерінің түп тамырынан мүлде
өзгеше, бірақ бұған қарамастан осы уақыттың ішінде биржалық сауданың
негізгі қағидасы өзгерген жоқ. Биржа дегеніміз бұл – ұйымдастырылған,
дәйекті жұмыс істейтін нарық, онда  сұраныс пен ұсыныстың негізінде ресми
түрде белгіленетін бағалар бойынша бағалы қағаздар саудасы (қор саудасы),
стандарттар мен үлгілер бойынша көтерме сауда (тауар саудасы) немесе валюта
саудасы (валюта) іске асырылады.
Қор биржасы қандай да бір бағалы қағаздарды сатады деп ойлайтын
адамдар көп. Шын мәнінде биржада сатылатын бағалы қағаздар онда жоқ.
Биржаның өзі ештеңе де сатпайды, сатып та алмайды! Бұл әншейін мыңдаған
компаниялар мен адамдар бағалы қағаздарды өздерінің агенттері арқылы сатып
алатын жер, бұл агенттер брокерлер деп аталады.
Қор биржасының өзінің сатылатын және сатып алынатын акциялардың
бағасын белгілеуге тікелей қатысы жоқ.  Оларды нарық белгілейді. Бағалар
сұраныс пен ұсыныстың ықпалымен қалыптасады. Бірақ биржада нарықтық
бағаларды айқындау үшін арнайы жағдайлар жасалған. Сатып алушылар қай жерде
болса да және қашан болса да тауарды мүмкіндігінше арзанырақ сатып алуға,
ал сатушылар – мүмкіндігінше қымбатырақ сатуға тырысады. Қор биржасы –
нарықтардың барлығының ішіндегі ең серпінді нарық. Биржа сұраныс пен
ұсыныстың өзара еркін әрекеттесуі үшін барлық кедергілерді жоюға тырысады.
Биржадағы мәмілені жасаған сәтте, бағалардың арасалмағы сатушы мен сатып
алушы үшін ең оңтайлы болатындай етіп жасауға болады.
Егер сатушы акцияларды ең жоғары бағаға сатса, бұл сатушыға пайдалы
болар еді де, бірақ сатып алушы үшін пайдасыз болар еді. Егер сатып алушы
акцияларды ең төмен бағаға сатып алса, бұл оған пайдалы болар еді де, бірақ
сатушы үшін мүлде пайдасыз болар еді. Бұл орайда, әрине, әңгіме жоғары және
төмен бағалардың ақылға қонымды шектері туралы айтылып отыр. Себебі,
биржаға нарықтың беталысымен мүлде мөлшерлес келмейтін, ақылға сыймайтын
төмен немесе жоғары бағаға сатып алу немесе сату ниетімен шығатын болса,
бұл сұраныс та емес, ұсыныс та емес. Бұл әншейін орындалмас қиял ғана,
салиқалы инвесторлар ондай қиялдарға жол бере алмайды.
Оңтайлы бағалар туралы мәселеге оралатын болсақ, биржада мәміле
жасаудың бағасы – бұл сатушы үшін мәміле жасалған сәттегі мүмкіндігінше
оңтайлы жоғары сату бағасы, ал сатып алушы үшін – мүмкіндігінше оңтайлы
төмен сатып алу бағасы. Кәдімгі базарда сіз өзіңізге керекті тауар
арзанырақ сатылатын жерді байқамай өтіп кетуіңіз мүмкін. Биржада бұлай
болуы мүмкін емес. Сіз әр секунд сайын барлық бағаларды көріп отырасыз.
Бәлкім, сіз сатып алушы немесе сатушы ретінде өзіңіз бастапқыда
жоспарлаған баға бойынша сатып алмассыз және сатпассыз, бірақ сіз өзіңіз
жасаған мәміленің сол сәттегі ықтимал нұсқалардың ішіндегі ең жақсысы
екеніне сенімді боласыз. Және де сіз, әрине, өзіңізге қолайлы бағаға сатып
ала алмадым немесе сата алмадым деп биржаны тіпті де кіналай алмайсыз. Ауа
райы нашар болса, сіз ауа райын болжаушыны кіналай алмайсыз ғой.
Әңгіме қор биржалары туралы болғанда, көптеген адамдардың басына
акциялардың биржалық бағамының күрт ауытқулары, бағалардың күрт көтерілуі
мен күрт түсіп кетуі, алаяқтықтар мен алыпсатарлықтар туралы ойлар келеді.
Әрине, биржалық бағам қатты ауытқуы мүмкін, алайда мұндай жайттар
едәуір сирек болады. Көбінесе бағамның күрт өзгерістері акцияларды
иеленушілердің көңіл-күйіне байланысты болады, ал ол өз кезегінде елдегі
жалпы экономикалық жағдайға және нарықтың оптимистік немесе пессимистік
күйіне әсер ететін, әдеттен тыс оқиғаларға байланысты болады.

1 Қор биржаның пайда болуы және құрылымы

1.1 Қор биржаның пайда болуы және мәні

Акционерлік қоғамдар шығаратын бағалы қағаздар – жай және артықшылықты
акциялар, облигациялар айналымға түсіп, сол арқылы бағалы қағаздар нарығын
түзеді. Бағалы қағаздар ақшаға сатылатын негізгі тауар болып табылады. Бұл
нарықтың ауқымы туралы мына жайт куә болады: бірнеше ондаған жылдар бойы
дамыған елдердегі айналымда жүрген барлық акциялар мен облигациялардың құны
осы елдердің жалпы ұлттық өнімінің жылдық көлемінен асып түседі.
Барлық бағалы қағаздардың елеулі бөлігі арнайы құрылған мекеме – қор
биржасы арқылы сатып өткізіледі.
Егер дәлірек айтатын болсақ, биржада бағалы қағаздардың бәрі емес, тек
ең ірі әрі белгілі компаниялардың ғана бағалы қағаздары сатылатынын айта
кету керек.
Қор биржасы деген не? Ең әуелі айтатын жайт – бұл ұйымның қызметі
бағалы қағаздардың айналымы үшін жағдайлар жасау және олардың нарықтық
бағасын айқындау болып табылады.
Алғашқы биржалар өте көп уақыт бұрын пайда болған. Олардың ең
алғашқысының пайда болу тарихы Нидерландтағы Брюгге қаласымен байланысты,
онда XV ғасырда көпес Ван дер Бурсенің үйінің жанындағы алаңда саудалық
ақпарат алмасу, шетелдік вексельдерді сатып алу және нақты сатып алынатын-
сатылатын затты көрсетпей-ақ сауда операцияларын жасау үшін түрлі елдерден
келген көпестер жиналатын. 
Биржа сөзі осы көпестің аты-жөнінен пайда болған, оның тамыры
латынның Bursa және немістің Borse деген сөзінен тарайды да, әмиян
дегенді білдіреді. Көпестің әулетінің елтаңбасында үш ақша әмияны
бейнеленген, биржа өзінің атауынан солардан алған. Ал қазіргі заманғы
биржаның ізашарлары (ата-бабалары деп айтуға болады) базарлар мен
жәрмеңкелері болды. Базарларда сауда үнемі жүріп жататын, бірақ биржадан
өзгешелігі, қолда бар тауар сатылатын, ал сатып алушылар әдетте тауарды
тұтынушылар болатын.
Жәрмеңкелерде қолдағы тауар болмайтын, ал сауда тауардың үлгілері
бойынша, көтерме партиялармен жүргізілетін, ал тауарды саудагер делдалдар
сатып алатын, алайда жәрмеңкелер жылына бірнеше рет қана ұйымдастырылатын.
Әдетте жәрмеңке халықаралық сауда айналымының дамуына, ал базар - шектелген
көлемдегі аудандардың айналымына қызмет етті.
Өнеркәсіптің дамуымен қатар, өсіп келе жатқан шаруашылық облыстарын
өзара байланыстыратын тұрақты көтерме нарыққа деген қажеттілік пайда болды.
Осындай нарық Испания мен Голландияның арасындағы сауданың даму барысында,
XYI ғасырда биржа нысанында қалыптасты.
Нидерландтан кейін биржалар сыртқы сауда өркендеп келе жатқан Италияда
(Венеция, Генуя, Флоренцияда), сондай-ақ басқа елдердің ірі қалаларында
пайда бола бастады. Алғашқы халықаралық биржа болып Антверпендегі биржа
саналады. Оның негізі 1531 жылы қаланды, өзінің дербес үй-жайы болды, оның
маңдайшасын аңызға айналған Барлық халықтар мен тілдердің саудагерлері
үшін деген жазу безендіріп тұратын.
XYII ғасырдың бас кезінде Амстердамдағы биржа ең маңызды рөл атқарды,
ол бір мезгілде әрі тауар биржасы, әрі қор биржасы болатын. Мұнда алғаш рет
жедел мәмілелер пайда болды, ал биржалық операциялар жүргізу тәсілі едәуір
жоғары деңгейге көтерілді.
XYIII ғасырда мемлекеттік берешектің өсуі тауар ретінде бағалы
қағаздар жүретін мәмілелердің бұдан былай үнемі жасалуына мәжбүр етті. Сол
кезеңде қазіргі заманғы ең ірі қор биржаларының бірі – Нью-Йорк қор биржасы
пайда болды. Акционерлік қоғамдар үздіксіз құрылып жатты, олардағы
үлестерді алыпсатарлардың тұтас жасақтары сатып алып жатты. XIX ғасырда
теміржолдардың салынуы, сондай-ақ өнеркәсіп өндірісінің қарқынды дамуы
акциялардың жетілдірілуін және маңызды қаржылық құралға айналдырылуын талап
етті.
Биржалардың даму тарихы акциялардың бағасын жасанды түрде секірту
туралы мысалдарға толы, яғни, ірі алпауыттар орасан зор пайда алу
мақсатында бағаларды күрт көтеретін немесе түсіріретін болған, ал бұл ұсақ
және ортаңқол инвесторлардың күйзеліске ұшырауына әкеліп отырған. Мұндай
жағдайлар өткен ғасырдың орта тұсына дейін шынында да орын алып келген.
Мұндай жағдайлардың теріс салдарлары және биржалық маклерлердің жағдайды
теріс пайдалануының жиілеуі көптеген елдердегі қор биржасының қатысушыларын
түрлі алаяқтықтан едәуір қатаң қорғайтын заңдарды енгізуге мәжбүр етті. Бұл
заңдардың орындалуын арнайы мемлекеттік органдар қадағалайды.
Биржалық операцияларды реттеу бойынша қызметтің нәтижесінде
биржалардың өздерінің сипаты өзгерді. Әрине, алыпсатарлар биржада әлі де
бар. Олар пайда алудан үміттеніп, акцияларды сатады және сатып алады.
Мұндай операциялар заңға қайшы келмейді. Ал кейде олар пайдаға да асады,
себебі қор нарығының әлдеқайда серпінді әрі икемдірек болуына ықпалдасады.
Олар сондай-ақ бағалардың тұрақтануына көмектесіп, инвесторлардың
акцияларды көбірек ынтамен және қолайлырақ бағаға сатып алуына мүмкіндік
береді.
Ал бағалы қағаздарды сатып алушылардың көпшілігі алыпсатарлардан
өзгеше, инвесторлар болып табылады. Олар ақшасын табыс алу мақсатында ұзақ
уақыт бойы құйып отырады. Олар биржалық алыпсатарлықтан түсетін бір жолғы
пайдаға қызықпайды. Инвесторлар ең ірі әрі аты әйгілі компаниялардың үлесін
иеленуші болуды қалайды.
Қор биржасы тағы бір маңызды артықшылықты береді. Онда сіз күдік
тудыратын компаниялардың бағалы қағаздарын кездестірмейсіз. Егер компания
өзінің бағалы қағаздарының биржада сатылғанын қаласа, ол тек пайда әкелетін
компания ғана болмауға тиіс. Оған барған сайын жоғары талаптар қойылатын
болады. Бағалы қағаздарды түрлі елдердегі биржаның сауда тізімдеріне енгізу
шарттары ұсақ-түйектері жағынан өзгешеленеді. Бірақ олардың қағидасы біреу-
ақ. Биржаға орнықсыз және пайда әкелмейтін компаниялардың бағалы қағаздары
түспеуге тиіс. 
Ең әуелі, өзінің бағалы қағаздарын қор биржасына шығаруға ұмтылатын
акционерлік қоғам биржаның ережелерімен белгіленген листинг рәсімінен
өткізілуге тиіс. Компанияның пайдалылығының соңғы бірнеше жыл ішіндегі
деңгейі, меншікті капиталы, компанияның активтері, акционерлердің саны және
басқа да параметрлер талданады. Листинг рәсімінің нәтижесінде компанияның
бағалы қағаздары биржаның тізімдеріне кіргізілуі немесе одан бас тартылуы
болмақ.
Биржа ең төменгі көрсеткіштерді белгілейді, ал егер компания олардың
ең болмағанда біреуіне сәйкес келмесе, онда оның бағалы қағаздары бұл
биржада сатылмайтын болады. Бұл орайда биржада ең төменгі көрсеткіштерден
әрең өтетін аса бай емес компаниялардың акцияларын көруге болады. Бірақ
олар келешегі мол компаниялар болуы мүмкін.
Сондай-ақ биржада биржалық талаптардан әлдеқайда асып түсетін өте бай
әрі тұрақты компаниялардың акциялар кездестіруге болады. Егер компания
биржаның сауда-саттық тізімдеріне кіргізілген болса, бірақ уақыт өте келе
оның істері құлдырай бастап, ол ең төменгі талаптарға енді қайтып сәйкес
келмесе, онда ол белгіленген тәртіпте биржаның тізімдерінен шығып қалады.
Сөйтіп, акционерлік қоғамдар үшін биржаға түсудің ғана емес, сонымен қатар
тиісті деңгейде қалудың да маңызы зор.

1.2 Қор биржаның құрылымы

Биржа неғұрлым ірі әрі дамыған болса, ол өзінде саудаға түсірілетін
бағалы қағаздарға солғұрлым қатаң талаптар қояды. Ірі биржалардың
тізімдеріне кіргізілу – бұл акционерлік қоғамдар үшін бедел мәселесі және
жоғары деңгейінің көрсеткіші.
Биржаға шыққан компаниялардың деңгейі әр түрлі болатынын ескере
отырып, биржалар қай компанияның қандай деңгейге сәйкес келетінін
көрсететін түрлі санаттарды енгізеді.
Алайда биржа өзінің талаптарын тек бағалы қағаздарға ғана қоймайды.
Екінші жағынан, биржалық сауда-саттыққа кім қаласа сол қатыса алмайды, тек
оның мүшелері ғана қатысады.
Биржаның мүшелері кейбір елдерде тек жеке тұлғалар, кейбір елдерде тек
заңды тұлғалар бола алады. Алғашқыларының қатарына бағалы қағаздармен жеке
дара сауда жасайтын тұлғалар (биржаның біліктілік талаптарына сай келетін,
қаржылық және инвестициялық мәселелер жөніндегі маман) жатады.    Заңды
тұлғалардан биржада мамандандырылған несиелік-қаржылық мекемелер өкілдік
етеді, олардың құрамына тар мамандандырылған биржалық фирмалар (брокерлік
фирмалар мен инвестициялық банктер) кіреді.
Тағы бір ерекшелігі – биржаның барлық мүшелері ондағы өздерінің
орындарын сатып алады. Бірақ бұл орайда биржаға мүше қабылдаған кезде, ақша
басты айқындаушы жайт болып табылмайды.  Оның әр мүшесі біліктілік
талаптарына сай келуге тиіс.
Қор биржасының мүшелері екі санатқа бөлінеді. Олардың бірін брокерлер
(биржалық маклерлер) құрайды, олар – бағалы қағаздарды, валюталар мен басқа
да қаржылық активтерді сатып алушылар мен сатушылар арасындағы мәмілелерді
жасаған кездегі делдалдар, өздерінің делдалдығы үшін белгілі бір сыйақы
алады (белгіленген пайызға сәйкес комиссиялық сыйақы, немесе куртаж).
Биржашылардың комиссиялық сыйақыларының мөлшерлемесі мәміленің көлеміне
қарай құралады.
Брокерлер бағалы қағаздармен делдалдық мәмілелерді жасай отырып,
клиенттердің тапсырмасы бойынша әрі солардың есебінен әрекет етеді. Кейбір
жағдайларда олар мәмілелерді өз есебінен жасауы мүмкін. Қазіргі кезде
делдалдық операциялардың негізгі бөлігін банктермен тығыз байланысы бар ірі
брокерлік фирмалар жүзеге асырады.
Қор биржасының мүшелерінің екінші тобы дилерлерден құралады, бұлар –
бағалы қағаздарды сатып алу-сатумен айналысатын жекелеген тұлғалар немесе
фирмалар, банктер. Олар өз атынан және өз есебінен әрекет етеді.  Дилерлер
мәмілелерді тек өз араларында және брокерлермен ғана жасай алады. 
Дилерлердің пайдасы сатушының бағамы мен сатып алушының бағамының
арасындағы айырманың есебінен, сондай-ақ валюталар мен бағалы қағаздардың
бағамдарының өзгерістері есебінен, яғни, түптің түбінде өздері бағалы
қағаздарды сатып алатын және сататын бағалардың айырмасы ретінде
қалыптасады. Делдалдық операциялармен дилерлер айналыспайды.
Бағалы қағаздармен жасалатын операциялармен айналысатын биржашылар
аюлар мен бұқалар болып бөлінеді. Түсіруге ойнайтын биржалық
алыпсатарлар (аюлар) өздерінде әлі жоқ бағалы қағаздарды мәміле жасау
кезінде бекітілген баға бойынша мерзімге сатады да, мәміленің мерзімі
аяқталардан сәл бұрынырақ бағалы қағаздарды төменірек бағам бойынша сатып
аламыз да, мерзімді мәміленің шартында белгіленген жоғарырақ бағаға сатамыз
деп үміттенеді. Көтеруге ойнайтын биржашылар (бұқалар), керісінше,
бағамның жоғарылайтынын күтіп, бағалы қағаздарды мерзімге сатып алады да,
соңынан оларды олжалы сатамыз деп үміттенеді.
Қор биржасы заңды тұлға болып табылады, сондықтан өзінің құрылымы мен
жұмысының мәселелерінде ол түгелдей дербес әрекет етеді. Әр биржада дерлік
нормативтік құжаттардың тұтас бір тобы болады, олар биржаның бүкіл жұмысын
реттемелейді, оның мүшелері үшін біліктілік талаптарын және компанияларға
қойылатын ең төменгі талаптарды белгілейді. Ең маңызды құжаттардың бірі
биржалық сауданың ережелері болып табылады.
Қор биржасы коммерциялық мақсаттарды көздемейді. Оның қызметі өзін өзі
ақтау қағидасына негізделеді. Қор биржасы коммерциялық ұйым емес.
Биржаның қызметі биржадан орын сатып алған оның қатысушыларының
жарналарының, биржада өздерінің бағалы қағаздарын бағалайтын
кәсіпорындардың жыл сайынғы жарналарының, биржалық операциялардан жиналатын
алымдардың және биржаның қатысушылары мен клиенттер төлейтін басқа да
төлемдердің (мысалы, анықтама беру, биржалық мәмілелерді тіркеу, биржаның
бөлімшелерінің кеңестемелік, делдалдық, ақпараттық, заңгерлік және басқа
қызмет түрлерін көрсеткені үшін төлейтін ақы) есебінен қаржыландырылады.
Биржаның қызметіне қатысты барлық ең маңызды шешімдерді оның мүшелері
өз жиналысында қабылдайды. Биржаның мүшелері биржалық кеңесті сайлайды,
онда түрлі ресімдемелік мәселелер шешіледі. Биржаны басқаруды және барлық
ағымдық мәселелерді шешуді биржаның басқармасы, яғни, биржаның мүшелері
сайлаған және тағайындаған басшылық жүзеге асырады.
Биржадағы сауда-саттықты реттеудің жоғарыда аталған барлық тетіктеріне
қарап, ол ұйымдастырылған нарық деп атала бастады. Егер ұйымдастырылған
нарық болса, демек, ұйымдастырылмаған нарық та болады, және онда да бағалы
қағаздарды сатып алуға және сатуға болады.   Бірақ біз қазір
ортастатистикалық инвестордың акцияларды қор биржасында қалай сатып алуына
болатынын жалпылама түрде қарастырайық.
Ең әуелі қарапайым инвестордың биржалық сауда-саттыққа қатыса
алмайтынын түсінген жөн, себебі ол биржаның мүшесі емес. Мұндай кедергі
инвестордың мүдделеріне нұқсан келтіру үшін емес, ұйымдастырылған нарықтың
тиімділігін арттыру мақсатында қолданылады. Биржадағы сауда-саттықтың толып
жатқан ережелерін, егжей-тегжейлері мен талаптарын тек біліктілігі жоғары,
бір бағытта жұмыс істейтін мамандар ғана есінде сақтап, орындай алады.
Сондықтан о бастан қалыптасып, уақыт өте келе бекіген жағдай бойынша
инвесторлар биржалық сауда-саттықтарға тікелей қатысатын делдалдармен
(брокерлермен) шарттар жасасады.
Инвестор өзінің брокеріне бағалы қағаздардың белгілі бір түрін сатып
алу немесе сату туралы тапсырма береді. Бұл орайда баға бойынша шектеулер
алдын ала ескеріледі. Айталық, инвестор өзінің бағалы қағаздарын сатуға
арналған төменгі шекті белгілейді. Немесе оларды сатуға арналған жоғары
шекті белгілейді. Яғни, брокер сатып ала алады, бірақ белгіленген бағадан
асырмайды.
Әдетте инвестор брокерге тиісті ақша сомасын береді. Дегенмен,
биржадағы мәмілелердің көпшілік бөлігі несиеге жасалады, яғни бұл брокер
өзінің клиентіне иығын төсейді деп аталады. Бұл орайда брокер жасалған
мәміле үшін тек комиссиялық пайыз ғана емес, сонымен бірге берген несиесі
үшін өсім де алады.
Сауда-саттыққа қатыса отырып, брокер клиенттің тапсырмасының
шарттарына сәйкес биржада өзінің өтінімін орналастырады. Ал сұраныс пен
ұсыныстың бағалары бірінші рет дәл келген кезде, мәміле жасалады. Бұл
орайда сауда-саттықтың бүкіл жүйесі жасалған әрбір мәміленің құпиялылығы,
сондай-ақ оның орындалатыны жөнінде инвесторға кепілдік береді.
Сондай-ақ биржадағы сауда-саттық қатаң белгіленген уақытта және
күндерде өтетінін айта кету керек. Қазіргі кезде сауда-саттыққа қатысу үшін
бұрынғыдай биржаның сауда залының өзінде болу тіпті де міндетті емес. Бүкіл
дерлік биржалық сауданы брокерлер электрондық түрде өздерінің кеңселерінен
жүргізеді. Бұл орайда қор биржасының құрылымының өзі және оның функциялары
түбірлі өзгерістерге ұшыраған жоқ.
Бұл сол бұрынғыдай ұйымдастырылған, дәйекті түрде жұмыс істейтін
нарық, онда бағалы қағаздар сатылады және сатып алынады, сондай-ақ осындай
сауда үшін жағдайлар жасалады. Айта кетелік, биржа өзінің қатысушылары үшін
жасайтын басты жағдайлардың бірі онда жасалған барлық мәмілелердің кепілді
түрде орындалуы болып табылады, мәмілелер есеп айырысу палатасы мен
депозитарийдың қатысуымен орындалады, олар өздерінің шоттарында ақша мен
бағалы қағаздар туралы электрондық жазбаларды сақтайды.
Қор биржасы онда жасалған барлық мәмілелерді тіркеп отырады және
олардың орындалуын қадағалайды. Осы тәсім бойынша дүниежүзілік биржалардың
көпшілігі, соның ішінде Нью-Йорк биржасы, сондай-ақ ең жақсысы, Қазақстан
қор биржасы жұмыс істейді.

1.3 Шетелдерде қор биржаның қызмет етуі

Батыс Еуропаның қор биржаларына тән нышандарға олардың дәстүрлілігі
мен көп бейнелілігін жатқызуға болады. Еуропалық жүйелердің солтүстік
америкалық жүйелерден айырмашылығы, олар нақты компанияның бағалы
қағаздарымен операцияларды монополияландыратын мамандар дегендердің жүйесін
білмейді. Еуропада биржа нарығының басқа үлгілері – континенталды Еуропада
дәстүрлі аукциондық және Ұлыбританияда – дилерлік үлгілер қолданылады.
Бірінші үлгідегі биржада бас кейіпкерлер – делдалдар – бірыңғай бағаларды
қалыптастырады, олар бойынша күннің ағымында олар жасаған тапсырыстардың
басым бөлігі іске асырыла алады. Дилерлік үлгінің мәні: нақты компанияның
бағалы қағаздарын өз қаражаттарына тек бірнеше бәсекелес дилер сата және
сатып ала алады. Тиісінше бағалы қағаздардың бағамдары күннің ағымында
құбыла береді. Еуропалық биржалардың енді бір ерекшелігі – олардың бағалы
қағаздар нарығын интернационалдандыруға үлкен ынтасы. Ол үрдіс екі бағыт
бойынша: еуропалық биржалардағы орындарды шетелдік брокерлік фирмаларға
сату арқылы және биржада тіркелген шетелдік компаниялардың кәсіпорындарының
тізіміне енгізу арқылы жүреді.
Англия
Британдық қор биржалары жүйесіне тән белгі оның жоғары шоғырланыс
деңгейі болып табылады. Ұлыбританияда 22 биржа жұмыс істейді.
Ұлыбританияның бас қор биржасы Лондон Халықаралық Қор Биржасы болып
табылады. Оның мүшелері 4 топқа бөлінеді:
Брокер-дилерлік фирмалар, олардың негізгі функциясы – инвесторлардың
бағалы қағаздар сатып алу-сатуға тапсырыстарын орындау, бірақ олар өз
есебінен де мәмілелер жасайды;
Маркет-мейкерлер – жұмыс күнінің ағымында белгілі бір бағалы
қағаздарға баға белгілейтін биржа мүшелері;
Дилерлердің брокерлері гилттар бойынша маркет-мейкерлердің арасында
делдалдыққа жүреді.
Қор биржасының ақша брокерлері, басқа биржа мүшелеріне ақша
қаражаттары мен бағалы қағаздарды қарызға беруге құқығы бар.
Аталған биржада сауда төрт нарықта жүзеге асырылады:
Ішкі акциялар;
Шетелдік акциялар;
Британдық үкімет облигациялары, сондай-ақ тұрақты өсімі бар ішкі және
шетелдік қағаздар;
Сатылмалы опциондар.
Лондон Халықаралық Қор Биржасында саудалықтар негізінен
компьютерлендірілген "TALISMAN" жүйесімен жүзеге асырылады.
Ұлыбритания биржалық индекстер
FT-SE 30 Share Index, Financial Times Industrial Ordinary Share Index
алғаш рет 1935 жылы жариялана бастады және 30 өнеркәсіптік және сауда
компаниясының акцияларын қамтиды. Іріктелімнен 30 акцияның бағамдарын қайта
көбейту және одан кейін туындыдан 30-шы дәреженің түбірін шығару арқылы
алынатын геометриялық орташа ретінде есептеп шығарылады.
FT-SE 100 – Ұлыбританияда ең кең тараған индекс, көп жерде 'footsie'
(Футси 100) ретінде белгілі. Ұлыбританияның нарықтық капиталдандыру бойынша
ең ірі 100 компаниясының базасында минут санау негізінде есептеп
шығарылатын безбенделген арифметикалық индекс болып табылады. "Футси"
құраластарына Ұлыбританияның қор нарығын жалпы капиталдандырудың шамамен 70
% түседі. FT-SE Mid 250– Ұлыбритания нарығының шамамен 20 % түсетін орташа
капиталдандыру бар компаниялардың акциялар индексі. Бұл FT-SE 100 индексіне
кіретін бір жүз ең ірісінен кейінгі 250 компания. 1985 жылдан бері есептеп
шығарылады.
Германия
Басты қор биржасы Франкфурт Қор Биржасы болып табылады. Басты өзгеше
ерекшелігі бұл биржаның мүшелерінің үш санатқа бөлінетіні болып табылады,
олар: биржадағы негізгі ойыншылар болып табылатын банктер, бағалы
қағаздарды сатып алуға және сатуға өтінімдер қабылдайтын және олардың
бағамын айқындайтын ресми бағамдық маклерлер,еркін маклерлер.
Германия Биржалық индекстер
Негізгі қор Франкфурт биржасында ең көп саудаланатын 30 акцияны (соңғы
3 жыддағы сауда статистикасының негізінде) қамтитын DAX 30 болып табылады.
Индекс нарықтық капиталдандыру бойынша безбенделген.
Электрондық жүйедегі саудалықтардың нәтижелері бойынша Xetra DAX
индексі есептеп шығарылады, ол түгелдей дерлік DAX 30 индексімен өзара
сәйкес. Алайда электрондық сессия ұзағырақ, сондықтан жабу бағалары едәуір
өзгеше болуы мүмкін. Сондай-ақ DAX 100 және 320 акция бойынша CDAX
композитты индексі есептеп шығарылады.
Швейцария
Цюрихтегі биржа – банктерді біріктіретін жекеше құқықтық мекеме.
Барлық басқа биржаларға қарағанда, едәуір шамада мемлекетпен реттеледі.
Баға белгілеу шарттары өте қатаң.
Еуропалық биржа (Euronext).
Батыс Еуропаның қор нарығына тән ерекшеліктердің ішінде Еуропалық
Экономикалық Одақтың (ЕЭО) дамуы және шеберінің кеңеюі себеп болған
капиталдар нарықтарын интернационалдандырудың қызу үрдісін атауға болады.
Аталған үрдістің нәтижесі Euronext деп аталатын еуропалық биржалар
холдингінің құрылуы болды.
Euronext N.V. (ООО) – Голландияның заңнамасына сәйкес құрылған
холдингілік компания, оның қызметі еншілес компаниялары арқылы жүзеге
асырылады. Euronext 2000 жылғы 22-ші қыркүйекте Амстердам, Брюссель және
Париж биржалары біріктірілгеннен кейін түзілді. Euronext group 2002 жылдың
басында LIFFE (Лондон халықаралық қаржылық фьючерсті мәмілелер мен
опциондар биржасын) сатып алу және португалдық BVLP (Bolsa de Valores de
Lisboa e Porto) биржасымен бірігу арқылы кеңейді.
Бүгін Euronext – Европадағы ең үлкен бағалы қағаздар нарығы, оны
бағалау оның орталық тапсырыстар қоржыны арқылы өңделген сауда көлемі
бойынша орындалған.
Ширек бөлігін шетелдік компаниялар құрайтын 1392 компания –
акцияларына Euronext-те баға белгіленетін компаниялар.
Euronext.liffe биржада күн сайын жасалатын мәмілелер көлемі бойынша
әлемдегі екінші ең ірі туынды қаржылық құралдар биржасы болып табылады.
Euronext біртұтас жалпы еуропалық қор биржасын құру мақсатында
Еуропаның қаржы нарықтарының интеграциясына бағыт алуда көшбасшы болып
отыр. Еуропалық биржаның мықты жағы - өзінің ішкі нарықтарының әрқайсысында
тамыр жаю, өзі басқаратын қолма-қол ақша нарықтары мен туынды қаржылық
құралдардың нарықтарын біріктіру арқылы бірлескен жұмысты қалыптастыруға
қабілет, сондай-ақ сан алуан кіріс көздері.
Бүгінгі күнде еуропалық биржа холдингінің жетістіктері мынадай:
2001 жылдан бастап Амстердам, Брюссель және Париждегі қолма-қол ақша
нарықтарының бірыңғай сауда алаңы (NSC) және жалпы сауда ережелері күшіне
енгізілген, инвесторларға олардың қызмет жүргізу орнынан тәуелсіз, бірдей
қол жеткізу мүмкіндігі беріледі;
аталған холдингіге кіретін нарықтар үшін бірыңғай клиринг жүйесі
(Clearing 21®) енгізілген;
Брюссель және Париж нарықтарын 2003 жылдың наурыз және сәуір айларында
LIFFE CONNECT™ ауыстырудан және тиісінше Парижде қолданылатын Clearing 21®
Брюсельде көшуден бастап, туынды қаржылық құралдар нарықтарының сауда және
клиринг жүйелерін сәйкестендіру бойынша алғашқы қадамдар жасалды.
Интеграция үрдісінің төмендегі қадамдарына:
Португалияның нарықтарын Euronext қолма-қол ақшалай сауда алаңшасына
ауыстыру;
туынды қаржылық құралдар нарықтарын LIFFE CONNECT™ ауыстырып мен
олардың клиринг жүйелерін сәйкестендіріп болу кіреді.
Euronext қаржылық құралдарға баға белгілеу, бағалы қағаздармен және
туынды қаржылық құралдармен сауда, қауымдастырылған LCN.Clearnet арқылы
клиринг, өзінің ешілес компаниялары CIK және Interbolsa пен өзінің
серіктесі Euroclear арқылы мәміле бойынша өзара есепке жатқызу және есеп
айырысу, нарықтың деректерін тарату, сондай-ақ ақпараттық технологияларды
қолдау және шешімдері кіретін кешенді қызметтердің бірқатарын ұсынады.
Euronext клиенттері акцияларына биржада баға белгіленген компаниялар,
Euronext нарықтарында саудаға қатысатын қатысушылар, инвестор ұйымдар,
жекелеген инвесторлар, басқа ұйымдар, әсіресе Euronext технологиялары мен
қызметтерін пайдаланатын биржалар, сондай-ақ нарықтағы қызметтің
нәтижесінде қалыптасатын қаржылық ақпаратты пайдаланушылар болып табылады
2 Қазақстан Республикасы қор биржаның даму ерекшелігі

2.1 Қазақстанда қор биржаны дамуы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы
Қазақстанның әлемнің бәсеке қабілетті елу елінің қатарына кіру
стратегиясы атты Жолдауын жүзеге асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар
жоспарын орындаудың желілік тізбесінде операцияларды жүргізу үшін тиісті
техникалық инфрақұрылыммен жабдықталған қаржы орталығының арнайы сауда
алаңын құру қарастырылады.
Қазақстан Республикасының Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы
туралы Заңына сай, Алматы қаласының территориясы аумағында қызмет ететін
қор биржасының сауда алаңы қаржы орталығының арнайы сауда алаңы болып
табылады. Қазіргі уақытта Алматы қаласы территориясындағы жалғыз қор
биржасы – Қазақстан қор биржасы АҚ. Алайда, Қазақстан қор биржасы АҚ
биржалық процедуралары мен технологиялары, материалды-техникалық
жабдықталуы қазір әрекет етуші қатысушылардың шеңберіне бейімделмеген.
Сондықтан да халықаралық тәжірибені және Алматы қаласының өңірлік
қаржы орталығының қызметін кешенді дамытуды, сондай-ақ Агенттіктің
мемлекеттік орган ретінде операциялық (коммерциялық) қызметті іске асыра
алмайтынын ескере отырып, 2007 жылы 100 % мемлкеттің қатысуымен акционерлік
қоғам нысанында коммерциялық ұйым – Алматы қаласының өңірлік қаржы
орталығы акционерлік қоғамы (бұдан әрі – АӨҚО АҚ) құрылмақ.   
АӨҚО АҚ мүлкі оның жарғылық капиталын қалыптастыру үшін 2007-2010
жылдарының республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар есебінен, оның
қызметі нәтижесінде алған табыстардан және Қазақстан Республикасының
заңнамасымен тыйым салынбаған негіздемелер бойынша алынған өзге мүліктерден
құралады.
АӨҚО АҚ қызметінің негізгі бағыттары:
қаржы орталығының инфрақұрылымын дамыту, қолдау және әкімшілендіру;
өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңын тиісті техникалық
инфрақұрылыммен жабдықтау;
қаржы орталығының қатысушыларына риэлтерлік, рекрутингтік,
консалтингтік, ақпараттық және өзге қызмет көрсетуді ұсыну;
бағалы қағаздармен мәсілелер бойынша ақпараттық-аналитикалық шолуды
дайындау;
маркетингтік зерттеулерді жүргізу.
АӨҚО АҚ өңірлік қаржы орталығын дамыту үшін құрылатын арнайы сауда
алаңының, ұлттық рейтингтік агенттіктің, клирингтік палатаның, теле-бизнес-
арнаның, және басқа да институттар мен құрылымдардың құрылуына қатысады.
АӨҚО АҚ қаржы орталығының территориясында бизнес-орталық құру,
қалыптастыру мен әкімшілендіруді және де осыған байланысты барлық қызмет
көрсету түрлерін ұсынуды қамтамасыз ететін болады (офистер, конференц-
залдар, құрал-жабдықтарды және т.б. жалға беру, ұсыну). Берілген жұмыс
шеңберінде аяқталған инфрақұрылымы бар Агенттік, АӨҚО АҚ, қор биржасы,
орталық депозитарий, мамандырылған қаржы соты, сондай-ақ АӨҚО қатысушылары
орналасатын халықаралық бизнес-орталығын құру жоспарлануда. 

2.2 Қор биржада мәміле жасауды талдау

2007 жылдың 19-желтоқсанындағы акция саудасының қорытындысы бойынша
индексі 4,16 пунктке (0,2 %) - 2608,40-тан 2604,24-ке дейін төмендеді, деп
хабарлайды Қазақстан Бүгін агенттігінің тілшісі.
Биржаның ақпараттарына сүйенсек, күннің алғашқы мәмілесі индекс
көрсеткішін 2608,40 деңгейінде көрсетті. Сауда барысында индекстің ең
жоғарғы көрсеткіші 2638,18, ал төменгісі - 2597,19 деңгейінде болды.
19-желтоқсан күні индекстің құрметті тізіміне енгізілген акциялар
бойынша мәмілелер көлемі өткен күнмен салыстырғанда теңгелік баламада 1,7 %
есе азайып, 5238,6 млн теңгені немесе 43 млн 416,2 АҚШ доллары құрады.
Естеріңізге сала кетейік, қандай да бір күндегі Қазақстан қор биржасы
индексінің көрсеткіші ретінде сол күні биржада ең соңғы болып тіркелген
индекс көрсеткіші алынады.
Қазақстан қор биржасы индексі оның құрметті тізіміне енгізілген акция
бағаларының өзгерісін көрсетеді. Бұл жерде акция эмитенттерінің
капитализациялық деңгейі және еркін айналымдағы (free float) акцияларының
үлесі ескеріледі. Сонымен бірге, біртектес акция бағасының индекс
көрсеткішіне тигізетін әсері 15 пайыздан аспауы тиіс.
Көрсеткіш биржада әрбір мәміле жасалғаннан кейін қайта есептеліп
отырады. Егер индексті есептеген күні қандай да бір акцияға мәміле
жасалмаса, онда осы акциямен жасалған соңғы нәтижелі сауда мәмілесінің
бағасы қолданылады.
Инфрақұрылымды дамытудың негізгі міндеті халықаралық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биржа ісін талдау
Биржалық қызмет бағдарлары және Қазақстандағы қор биржалары
Биржа саудасын ұйымдастыру және оның даму бағыттары
Қор биржасы және биржадан тыс нарықтың ұйымдастырушылары
Қор биржасы және биржалық сауданы ұйымдастыру
Қазақстанның биржа қорының қалыптасуы мен дамуы
Биржа түрлері
Қор биржасының атқаратын қызметтері мен міндеттері.
Қор биржасы
Биржалық қызметті компьютерлендіру
Пәндер