Құқықтық мәдениеттің жастардың құқықтық белсенділігін қалыптастырудағы ролі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1 ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ТҮСІНІГІ
ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

1.1 Жастардың құқықтық мәдениеті құқықтың сапалық
деңгейінің көрсеткіші ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2 Қазақстан Республикасы мемлекеттігінің қалыптасуы
мен дамуындағы жастардың құқықтық мәдениетінің орны ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
1.3 Қазақстан Республикасы жастардың құқықтық мәдениетінің
қазіргі жай.күйі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35

2 ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40

2.1 Құқықтық тәрбие түсінігі, қазіргі қоғамдағы маңызы ... ... ... ... ... ... ...40
2.2 Құқықтық тәрбиенің нысандары мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
2.3 Құқықтық сана жастардың құқықтық мәдениетінің негізгі
элементі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .57

3 КӘСІБИ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .63

3.1 Заңгердің құқықтық мәдениеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .63
3.2 Заңи қоғамдастықта жастардың құқықтық мәдениеті ... ... ... ... ... ... ..68
3.3 Жастар қарым.қатынас мәдениетін дамытудың дәстүрлі жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..72

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 81

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..86
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс Қазақстандағы 1995-2013 ж.ж. орын алған конституциялық реформаны зерттеуге арналады. Жұмыста Қазақстанның конституциялық реформалаудың ерекшеліктеріне, қазақстандық конституционализмнің дамуына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясын әзірлеу мен қабылдау ерекшеліктеріне, Қазақстан Республикасы саяси жүйесінің конституциялық-құқықтық негіздеріне, конституциялық заңдылықты қамтамасыз ету жан-жақты талқыланған.
Зерттеу жұмысының өзектілігі
Қазақстан Республикасының Конституциясында – Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны аталған. Бұл еліміз үшін мәртебелі мақсат. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 – бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп баян етілген [1].
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жылғы 30 тамыздағы.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы N 1116 Қаулысымен бекітілген «Құқықтық түсіндіру жұмысы», жастардың құқықтық мәдениеті деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасында ерекше айтылады [2].
3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 949 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасында да көңіл бөлінген болатын.
4. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы N 858 Жарлығында Құқықтық түсіндіру жұмысы, жастардың құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі «Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 939 Жарлығы» қабылданған болатын.
5. Жастардың құқықтық мәдениеті деңгейін одан әрі арттыру, құқықтық түсіндіру жұмысының нысандары мен әдістерін жетілдіру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы N 1116 Қаулысымен Құқықтық түсіндіру жұмысы, жастардың құқықтық мәдениеті деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасы.
6. Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 14 желтоқсан.
7. Крыгина И.А. Правовая культура, правовое воспитание и управление правовоспитательным процессом в современном российском обществе: Дисс.: канд. юрид. наук. Ростов-на-Дону - 1999 г. - с.91.
8. Бейсенова А.У. Право и ценностные ориентации личности // Социалистическое правосознание и поведение личности. –Алма-ата: Наука (Каз ССР), 1988. –С. 82-83.
9. Лукашева Е.А. Социалистическое правосознание и законность. –М.: Юридическая литература, 1989. Гл.1.
10. Нурпейсов Е.К. Психология правомерного поведения. – Алма-Ата, 1989.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 104 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ӘОЖ – 340.1
Қолжазба құқығында

Байметов Бекзад Тайматович

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РОЛІ

6М030100 - ҚҰҚЫҚТАНУ мамандығы бойынша құқық магистрі академиялық дәрежесін
алу үшін магистрлік диссертация

ТҮРКІСТАН – 2015

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Қорғауға жіберілді:

Құқықтану кафедрасының

меңгерушісі,
з.ғ.к., (PhD), қауым.проф

__________ Қ.Т.Битемиров

(қолы)

_________________2015 ж.

Магистрлік диссертация

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РОЛІ

мамандығы: 6М030100 - ҚҰҚЫҚТАНУ

Магистрант ___________________ Б.Т. Байметов

(қолы) (аты-жөні,тегі)

Ғылыми жетекшісі,
з.ғ.к., аға оқытушы ___________________ Е.П.Мергенбаев

(қолы) (аты-жөні,тегі)

ТҮРКІСТАН – 2015

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

1 ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ТҮСІНІГІ
ЖӘНЕ
МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .8

1. Жастардың құқықтық мәдениеті құқықтың сапалық
деңгейінің көрсеткіші
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..8
1.2 Қазақстан Республикасы мемлекеттігінің қалыптасуы
мен дамуындағы жастардың құқықтық мәдениетінің
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
3. Қазақстан Республикасы жастардың құқықтық мәдениетінің
қазіргі жай-
күйі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3 5

1. ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ
МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40

2.1 Құқықтық тәрбие түсінігі, қазіргі қоғамдағы
маңызы ... ... ... ... ... ... ...40
2.2 Құқықтық тәрбиенің нысандары мен
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .51
2.3 Құқықтық сана жастардың құқықтық мәдениетінің негізгі
элементі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .57

2. КӘСІБИ ҚҰҚЫҚТЫҚ
МӘДЕНИЕТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6 3

3.1 Заңгердің құқықтық
мәдениеті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63

3.2 Заңи қоғамдастықта жастардың құқықтық
мәдениеті ... ... ... ... ... ... .. 68
3.3 Жастар қарым-қатынас мәдениетін дамытудың дәстүрлі
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..72

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...81

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..86

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс Қазақстандағы 1995-
2013 ж.ж. орын алған конституциялық реформаны зерттеуге арналады. Жұмыста
Қазақстанның конституциялық реформалаудың ерекшеліктеріне, қазақстандық
конституционализмнің дамуына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы
Конституциясын әзірлеу мен қабылдау ерекшеліктеріне, Қазақстан Республикасы
саяси жүйесінің конституциялық-құқықтық негіздеріне, конституциялық
заңдылықты қамтамасыз ету жан-жақты талқыланған.
Зерттеу жұмысының өзектілігі
Қазақстан Республикасының Конституциясында – Қазақстан Республикасы
өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтыратыны аталған. Бұл еліміз үшін мәртебелі мақсат. Сондай-ақ,
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 – бабында: Қазақстан
Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен
бостандықтары, - деп баян етілген [1].
Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты
алғышарттарының бірі – азаматтардың құқықтық білімін жетілдіру, жастардың
құқықтық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Құқықтық мемлекеттің
қалыптасуын халықтың жастардың құқықтық мәдениетінің даму процесінен
ажыратуға болмайтындығы жөнінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008
жылғы 29 қарашадағы N 1116 Қаулысымен бекітілген Құқықтық түсіндіру
жұмысы, жастардың құқықтық мәдениеті деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық
оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасында
ерекше айтылады [2].
Елімізде, халықтың саяси белсенділігінің заңдық нысандарының алуан
түрлілігі мен мәдениетін шынайы қамтамасыз ету қажеттігінде Қазақстан
Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық
саясат тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы
24 тамыздағы N 858 Жарлығы да көңіл бөлінген болатын [3].
Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге
арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы N 858 Жарлығында Құқықтық түсіндіру
жұмысы, жастардың құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды құқықтық
оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі Қазақстан Республикасының мәдени саясатының
тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4
қарашадағы № 939 Жарлығы қабылданған болатын.н [4].
Жастардың құқықтық мәдениеті деңгейін одан әрі арттыру, құқықтық
түсіндіру жұмысының нысандары мен әдістерін жетілдіру, азаматтарды құқықтық
оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы N 1116 Қаулысымен Құқықтық
түсіндіру жұмысы, жастардың құқықтық мәдениеті деңгейін арттыру,
азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға
арналған бағдарламасы бекітілді [5].
Тақырыптың өзектілігі - отандық мемлекеттіліктің жаңа даму сатысы,
меншік түрінің өзгеруі, экономикалық реттеудің тәсілдерінің өзгеруі
құқықтық тәрбие нысанының әдеттегі қалыптасқан салттарының өзгеруін талап
етеді. Алайда бұрынғы қалыптасқан ережелерді жаңа талаптарға сай етіп
өзгерту де жаңа құқықтық тәрбиенің алдына қойған негізгі мақсаттардың бірі
болып табылады. Қылмыстылықтың өршіп, азаматтардың әлеуметтік қорғалуының
деңгейі төмендеген кезде азаматтарға олардың құқықтарын түсіндіру, олардың
мүмкіндіктердін айқындаудың маңызы өте зор. Қоғамдағы тәртіпсіздік пен
қылмыстың көзі - маскүнемдік. Азғындықтың құзына итермелейтін жағдайлардың
алғышарты осыдан басталады. Қоғамдық сана мен мораль алкогольге барынша
қарсы болуға тиіс. Мемлекет бұл сезімді тәрбиелеуге тиістігі туралы
Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылып кеткен болатын [6].
Қазақстандық қоғамдағы жастардың құқықтық мәдениеті деңгейін қарастыра
отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын насихаттауға бағытталған
ұлттық идеяның қажеттілігін айта кету қажет. Қазіргі таңда біздің қоғамда
келешектегі даму ориентирінің қалыптасу деңгейі өте нашар, ал барлық
мемлекеттік саясаттың өзі осы ориентирлер негізінде құрылатынын ескерсек,
бұның неге апарып соқтыратыны айқын. Жоқ болып кеткен әлеуметтік саяси
құндылықтар қоғамға өзінің кері әсерін көптеп тигізуде. Осының негізінде
мемлекет азаматтарды қорғау функциясын белгілі бір дәрежеде жүзеге асыра
алмай отыр. Қазір мемлекет екі парралельді әлемде қатар өмір сүріп келеді;
оның бірі – фантомдық легитимділік, яғни заңның қағаз жүзінде ғана болуы,
ал екіншісі – біздің қоғамның нақты жағдайы-онда заң да, құқық та қағаз
жүзінде қала береді. Бұл құқықты әлеуметтік құндылық ретінде жоққа
шығарып,құқықтық нигилизмге әкеліп соғады. Бұндай жағдайдың орын алу себебі
– қазақстандық экономика деңгейі және көптеген азаматтардың өмір сүру
деңгейінің құлдырауы. Қоғамда ертеңгі күнге деген сенімсіздік,үмітсіздік
дерті өршіп келеді. Бұның барлығы әлеуметтік теңсіздік негізінде болып
отыр.
Мынаны атап өткен жөн: қазіргі қоғамның батыстық сипат алуы
қалыптасқан әлеуметтік бақылау нормаларына түбегейлі қайшы келуде.
жастардың қалыптасқан әлеуметтік бақылау нормаларымен келіспейтіндігі,
қазіргі қоғамдағы құықтық мәдениет және тәрбие деңгейін құлдыратуы мүмкін,
ал аз ғана уақыттан кейін бұл қылмыспен күресу деңгейінің де құлдырауына
әкеліп соғатындығы рас. Сондықтан біздің еліміз сияқты жас мемлекетке
идеалды модель ойластырып табу керектігін атап өткім келеді. Міне, соның
негізінде жастардың құқықтық мәдениетті әлеуметтік құндылық ретінде
танытуға болады. Бұл орайда баспасөз ақпарат құралдарының шексіз
мүмкіндіктерінің бар екендігін атап айтайық және осы шексіз мүмкіндіктерді
Қазақстан Республикасының гүлденуі үшін жұмыс жасатуымыз керек.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Тұлғаның құқықтық мәдениет мен
құқықтық санасын зерттеу мәселесі қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде
көрініс тапқан: С.К. Амандықова, А.Т. Ащеулов, Ж.Н. Баишев, М.Т.
Баймаханов, М.С. Бейбітов, Ж.Д. Бұсұрманов, Л.Т. Жанұзақова, К.А. Жиренчин,
С.З. Зиманов, А.С. Ибраева, З.Ж. КенжалиевО.К. Қопабаев, А.К. В.А.
Малиновский, С.У. Өзбекулы, И.И. Рогов, С.Н. Сабикенов, Г.С. Сапаргалиев,
С.С. Сартаев, С.Ф. Ударцев, А.А. Черняков және т.б.
Ресей ғалымдары арасында құқықтық сана және жастардың құқықтық
мәдениеті мәселелерін зерттеуге үлес қосқан келесі ғалымдарды айта аламыз:
С.С.Алексеев, В.К.Бабаев, И.С.Бондарь, А.Г.Воронин, Н.А. Емельянов, И.А.
Исаев, В.Н.Карташов, О.Е. Кутафин, Л.Е.Лаптев, Г.В. Мальцев, B.C.
Нерсесянц, И.И. Овчинников, И.Ф. Покровский, А.П. Рассказов,
В.Б.Романовский, В.П. Сальниковтар және т.б.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы құқықтық мемлекет құрудағы
мемлекетіміздегі азаматтардың құқықтық жүріс-тұрыс және құқықтық санасына
жасалған талдаудың жеткіліксіздігімен байланысты және келесі мәслелерді
шешуге арналады:
- мемлекетіміздегі тұлғаның жастардың құқықтық мәдениетін және
құқықтық санасына теориялық талдау жасау;
- индивидуалды құқықтық сананың элементтерін анықтау және
жүйелеу;
- азаматтардың жастардың құқықтық мәдениетін және құқықтық
санасын қалыптастыратын факторларды талдау және бағалау;
- құқықтық сананың тұлғаның және әлеуметтік топтың жүріс-
тұрысына тікелей реттеуші әсер ету ролі барын анықтау.
Қорғауға шығарылған тұжырымдар:
1. Жастардың құқықтық мәдениеті — күрделі психологиялық құбылыс. Бұл
құбылыс қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды салаларында көрінеді. Ең
бастысы адамгершілікті адам тұлғасының сапалық қасиеттерін қалыптастыруға
ықпал жасайтын тәрбие құралдарының бірі - орынды тәртіп және мінез-құлық
тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы.
2. Қазақтардың көшпелі кезеңдегі дәстүрлі жастардың құқықтық
мәдениеті, оның құқықтық менталитеті ғалымдардың еңбектерінде зерттеліп
қана қоймай, құқықтық тәжірибеде қолданылуы керек.
3. Жастардың құқықтық мәдениетті қалыптастыру үшін ең алдымен
мынандай жолдарды айқындап алу керек: мәдениетті қалыптастыру барысын жалпы
білім беру мен тәрбиелеу контексінде қарастыру; заңи білім беру
стандарттарына өзгерістер енгізу, үздіксіз білім берудің жүйесін
қалыптастыру.
4. Құқықтық тәрбие сан қырлы күрделі процесс, бұл жалпы және арнаулы
шаралардың тұтас бір жүйесін қамтиды. Жастарды қоғамдық тәртіпке, құқықтық
санаға негізделген әлеуметтік белсенділікке жетуін қамтамасыз етуін мақсат
ететін мемлекеттік бағдарламалар қабылдануы тиіс.
Зерттеудің пәні болып қазақстандық тұрғындардың әр түрлі топтардағы
тұлғаның жастардың құқықтық мәдениеті және құқықтық санасы болып табылады
(бұқара, кәсіби заңгерлер, мектеп оқушылары).
Бұл жұмыстың зерттеу объектісі болып қазақстандық жастардың құқықтық
мәдениетінің көрінісі және құқықтық сананың жағдайының нысаны ретінде
тұлғаның құқықтық жүріс-тұрысы.
Зерттеудің мақсаты. Жастардың құқықтық мәдениеті және құқықтық сана
түсінігін, олардың құрылысын, көрініс табу деңгейін, түрлерін, қызметін,
құқықтық тәрбиені зерттеуге арналған, сондай-ақ жастардың құқықтық
мәдениеті пен құқықтық сананың негізгі проблемаларын және оларды шешу
жолдарын қарастыру.
Зерттеудің міндеттері. Аталған мақсатты іске асыру үшін зерттеу
жұмысына келесі негізгі міндеттер қойылды:
- негізгі түсініктерге анықтама беру (жастардың құқықтық
мәдениеті, құқықтық сана, құқықтық тәрбие) және олардың
байланысын қарастыру;
- жастардың құқықтық мәдениеті және құқықтық сананың құрылысын,
көрініс табу деңгейін, түрлерін және қызметін зерттеу;
- жастардың құқықтық мәдениеті және құқықтық сананың
қалыптасуының және оны арттырудың негізгі проблемаларына
талдау жасау;
- қазіргі кездегі азаматтардың жастардың құқықтық мәдениеті мен
құқықтық санасын арттырудың негізгі жолдарын анықтау.
Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертация кіріспеден, үш
бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертация
көлемі __________ бетті құрайды.

1 ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ

1.1 Жастардың құқықтық мәдениеті құқықтың сапалық деңгейінің
көрсеткіші ретінде

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы бірқатар әлеуметтік құбылыстарды
бастан өткеруде. Бұл заңды да, өйткені тарихта әрбір қоғамдық дәуір өзіне
тән саяси экономикалық, рухани әлеуметтік мәдениет деңгейін бастан
кешіреді. Осыған байланысты білім, сана, әлеуметтік көзқарас, адамгершілік
пен өнеге мәселелері үнемі басты назарда болып, дамып отырады. Дәуір тынысы
жаңа қоғамдық қатынастар арнасында реформалық сипатта болғанымен, ескі мен
жаңаның үйлесімін, бірізділігі мен сәйкестігін талап етеді. Демек, бұл
құбылыс бүгінде өзінің тиімді жалғасын табуда. Еліміздегі құқық қорғау
органдарына кешенді талаптар қойылып, заңгерлердің Отанға, ел жағдайына,
саяси және құқықтық процестерге, табиғатты қорғауға деген көзқарасы мен
қатынасын, кәсіби деңгейлерінің орнықтылығын қалыптастыру бойынша іс-
шаралар жүзеге асырылып жатыр. Әлеуметтік жағдай да қолға алынып, білім
беру саласын дамытуға ерекше назар аударылуда. Ұрпағы білімді халықтың,
болашағы бұлыңғыр болмайды деген түсінікпен үкімет болашақ мамандарға
сапалы кәсіби білім беру мақсатында талаптарды күшейтуде. Әсіресе болашақ
заңгерлердің кәсіби даярлығына, кәсіби мәдениетіне, соның ішінде жастардың
құқықтық мәдениетінің қалыптастыруына аса назар аударып отыр. Бұл өте
өзекті мәселе, өйткені табиғаттан тыс адам әрекетінің болуы мүмкін емес.
Ќоғам цивилизациясының деңгейі қоршаған ортаның табиғи мүмкіндіктерін дұрыс
пайдалана білу дәрежесімен өлшенеді. Олай болса, адамзат проблемасының ең
басты мәселесінің бірі әрбір адамның алдымен технологиялык ойлау мен
білімді игерудің ғылыми-теориялық негіздерін түсіну қажет.
Ғылыми-теориялық негізде табиғат, қоғам және ойлау (таным үдерісі)
дамуының жалпы заңдары зерттеледі. Ғылыми танымның табиғи ерекшелігі
логика, әдіснама және әдіс деген ұғымдардың мән-мағынасын ашуды ќажет
етеді. Ғылым логикасы - материалистік диалектикаға сүйенеді, өйткені,
ғылыми таным қарама-қайшылықта және өзара байланыста болатын күрделі
әлеуметтік үдеріс. Ғылыми танымның теориялық негізі адамның танымдық және
практикалық қызметінің әдістері мен тәсілдері туралы ілім. Ал, әдіс болса
танымдық немесе практикалық мәселелерді шешудің тәсілі. Демек, әдіс адамның
танымдық және практикалык іс-әрекетінде реттеушілік қызмет атқарады.
Сонымен, дамудың жалпы философиялық теориясы (таным теориясы) және логика
мен әдіснамасы материалистік диалектика негізінде түсіндіріледі. Оны
адамның жаңаша ойлануының да және әлеуметтік шығармашылығының да логикасы
десе болады.
Табиғат пен коғамдағы құбылыстар мен заттардың бір-бірімен өзара жалпы
байланысы және тікелей байланысы туралы диалектиканың заңы білім алудың
теориялық негізі болып саналады. Бұл заң бойынша табиғат пен қоғамдағы
бірде-бір құбылыс не зат басқа бір құбылыстар мен денелердің әсерінсіз
ешбір өзгеріске ұшырамайды. Әрбір құбылыс немесе зат табиғаттағы бүтін
тұтастығын бір бөлігі ретінде ќарастырылады деген түсінікті береді.
Ф.Энгельстің сөзімен айтқанда "табиғатта ешнәрсе өздігінше жеке дара
оқшауланып тұрмайды. Әрбір құбылыс басқа бір кұбылысқа әсер етеді және
керісінше әсерлеседі. Осындай жан-жаќты қозғалыстың және өзара әсерлесудің
нәтижесінде, көптеген жағдайларда, өте айқын байқалатын қарапайым заттардың
өзін біздер көре алмайтын жағдайға ұшыраймыз".
Табиғат пен қоғамның өзара әрекеттесуі, көбінесе, табиғаттағы өзара
байланыстылықтың негізінде жүзеге асырылады. Бұл заңдылықты түсініп
ескергенде ғана табиғаттың қоғамға, қоғамның табиғи ортаға әсер ету
үдерісін ғылыми тұрғыда дұрыс бағалауға болады. Табиғат пен қоғамдағы
заттардың, құбылыстардың өзара байланыстағы сандық және сапалық
ерекшеліктеріне қатысты табиғатты қорғау жұмыстарының сипаты, принципі,
әдісі айқындалады. Материалистердің пікірінше, адам өзінің еркімен санасына
байланыссыз орындалатын осындай табиғи өзара тәуелділік заңын білсе, онда
ол өзін табиғаттың иесі деп санауына болады.
Бүгінгі педагогика саласындағы зерттеулер ғылым мен мәдениетті
кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесінің негізі ретінде қарастырады.
Біз олардың көзқарастарын жүйелей отырып, кәсіби мамандардың жоғары
дәрежедегі іс-әрекеттері біріншіден, оның кәсіби мәдениеттілігіне,
екіншіден, оның кәсіптік білім алуына, қазіргі мәдениетке сай өмір сүруіне,
тәрбиеленуіне, үшіншіден, қазіргі бәсекеге қабілетті, ойлау жүйесі
жетілген, өзіндік пікірі бар, қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай алатын,
мәдениетті тұлға болып қалыптасуына, төртіншіден, рухани адамгершілік
сезімінің қалыптасуына және әлем мен отандық мәдениетке бейімделуіне
байланысты деп ой тұжырымдаймыз.
Жалпы құқық теориясында жастардың құқықтық мәдениеті мәселесі әртүрлі
аспектілерде қарастырылып жүрген өте ауқымды мәселе. Себебі, жастардың
құқықтық мәдениетті бір түсініктің аясында толығымен ашып көрсету мүмкін
емес.
Ғылыми зерттеу жұмысымыздың түйінді ұғымдарының бастысы жастардың
құқықтық мәдениетінің шығу, қалыптасу тарихына тоқталмас бұрын, құқық және
құқықтық тәрбие ұғымдарына тоқталған жөн. Өйткені, жастардың құқықтық
мәдениеті жүйелі жүргізілген құқықтық тәрбиенің жемісі екені түсінікті. Ал
құқық ұғымының мәнін әр қырынан түсініп алмай, құқықтық тәрбиені жүргізу
мүмкін емес.
Зерттеушілердің пікірінше, құқық мемлекетпен бірге пайда болған.
Құқықтың пайда болуының бірнеше негіздері бар: әлеуметтік негізі — адамдар
мінез-құлқы мен психологиясындағы өзгерістерге байланысты. Экономикалық
негізі — бірте-бірте өнеркәсіп пен сауда айналымының өсуі алынған өнімді
жеке иелену тәжірибесін дүниеге әкелді, яғни жеке меншік пайда болды. Жеке
меншіктік қатынастарды реттеудің ең икемді құралы ретінде құқық дүниеге
келді. Өйткені моральдық, діни нормалар мен дәстүр өз табиғатында жеке
меншіктік қатынастардан аулақ болды. Саяси негізі — қоғамдық қатынастардың
дамуы өмірге мемлекет, әлеуметтік топтар және т.б. адамдардың ұйымдасу
құрылымдарын әкелді. Нақты басқару жүйесі бар мемлекет бір қалыпты жүйеге
түсірілген мінез-құлық ережелерін бекітті. Құқықтың саяси негізі осылайша
қаланды.
Заң ғылымында құқық термині бірнеше мағынада қолданылады: -
біріншіден, құқық – ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға
сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету
бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы.
Бұл субъективтік мағынада қолданылуы деп түсінеміз; - екіншіден, құқық
дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл объективтік
мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке адамның еркіне байланысты
емес;- үшіншіден, құқық термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде
қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық құқық,
әкімшілік құқық, еңбек құқығы, отбасы құқығы, азаматтық құқық, қылмыстық
құқық, қаржылық құқық т.б.;- төртіншіден, құқық термині тұлғалық құқық
пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады. Осыған
байланысты құқық жүйесі деген түсінік бар. Мысалы, қазіргі жағдайда
елімізде Қазақстанның құқық жүйесі қалыптасуда.
Сонымен, құқық — мемлекет бекітіп, жүзеге асырылуын қадағалайтын,
жалпыға міндетті тәртіп ережелерінің жиынтығы және қоғам өмірінде
тұлғалардың заңға сүйеніп әрекет етуінің көрсеткіші деген анықтама
ұсынамыз.
“Мәдениет” адамзат үшін әртүрлі деңгейде, әртүрлі кезеңде
қалыптастыруды қажет ететін күрделі әлеуметтік құбылыс. Мәдениет – көпқырлы
үдеріс. Өйткені, адамның өмірлік іс-әрекетінің барлық саласында мәдениетті
көреміз. Ең алдымен, сана мен болмыста адамзаттың әлеуметтік даму
бағытындағы шығармашылық іс-әрекетін түсінуге болады, өзінің ішкі жан
дүниесіне қарай адамның әлеуметтік тұлға ретінде даму үдеріс, оның – таным,
қарым-қатынас, іс-әрекет субъектісі ретінде өмір сүру әдісі, жекелік,
шығармашылық, әлеуметтік, адамгершілік, эстетикалық жетілуі бойынша
ерекшеленеді.
Мәдениет өзі пайда болатын және қалыптасатын мәдени ортада оның
үздіксіз даму сипатында болады және адамзат қоғамынан бөлінбейді. Қоғамда
тұтастай жеке адамның даму деңгейі мен қасиетін мәдениет анықтайды. Олай
болса, мәдениет адамның құндылығы, оның қайталанбайтын белгісі.
Мәдениет субъектісі ретінде қоғаммен және әлеуметтік топтармен бірге
жеке адамдар да саналатындықтан тұлға мәдениеті түсінігін қалыптастыру
қажеттілігі туындайды. Мәдениеттілік болса адамның тұлғалық қасиеттерінің
көрінісі. Дәстүрлі әдеп жүйесіндегі әдептілік, имандылық, ізеттілік
ұғымдарымен үндес. Адамның ұлттық мәдениет пен дәстүрлі құндылықтарды
құрметтеуі және оны әрі қарай дамыту – мәдениеттіліктің белгісі.
Мәдениеттілік адамның тарихи даму барысында сұрыпталып алынған, мәдени-
рухани әлемге лайықты қасиеттерінен құралады. Көпшілік ортада әдеп сақтау,
әдеппен сөйлеу, көрегенділік таныту, жан мен тән тазалығы, иманды болу және
мұның бәрі мәдениеттілікке жатады. Мәдениеттілік адамдардың мінез-құлқына
қойылатын этикалық, эстетикалық, құқықтық, саяси және т.б. талаптардың
орындалуын білдіреді. Дәстүрлі қазақ қоғамында адам бойында
мәдениеттіліктің қалыптасып, дамуына ерекше көңіл бөлінген. Мәдениеттілік
жөніндегі көзқарастар кемел адам ұғымымен үндестік тауып, адамгершілік,
кісілік қасиеттерінің қалыптасуы арасында дамиды [7, 91].
Адам тұлғасының мәдениеті – бұл оның маңызды, материалдық және рухани
құндылықтарды құру мен тұтынудағы шығармашылық қызметінде қолданатын
әдісінің жоғарғы даму деңгейі. Адамның негізгі күш-қуаты тек оның
қызметінде және еңбек нәтижесінде көрінеді. Еңбек әрекеті арқылы адам
қоғамға өзгеріс енгізді, өзінің күші мен қабілетін іс жүзінде көрсете
біледі.
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар.
Ол көп аспектілі және әр түрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады.
Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына табиғи тума қабілет, қоршаған
орта да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары
туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық жоне
психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан [8, 82-83].
Адам – өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан
табиғат заңдары оның дамуына да әсер етеді. Қоршаған ортаға бейімделіп, өз
тіршілігі үшін дайын заттарды пайдаланатын жануарларға қарағанда, адам
өзіне керектіні өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің
әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық
жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы нәтижесінде де пайда болады.
Әлеуметтік мұрагерлік адамның қоғамдық тәжірибеге ие болуы нәтижесінде
орын алады. Сонымен, адамның жалпы дамуында өзара байланысты биологиялық
және әлеуметтік бағыттар әсер ететіндігі байқалады. Адам биологиялық
тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтік
тіршілік иесіне айналады.
Психологияда жеке тұлға деген ұғымның әр түрлі түсіндірмелері бар,
бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз
әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.
Жеке тұлғаның ең басты белгісі – оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның
әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке,
жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық
дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік,
ақыл-ой дамуының денгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер).
Жеке тұлға – бұл интегративті жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық.
Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың
өзегі бар деп мойындайды, олар оны Мен -жүйе немесе жай ғана Мен деп
белгілейді. Жоғарыда келтірілген жеке тұлға туралы түсінік жалпылама ұғым
болып табылады.
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері – оның саналылығы, жауапкершілігі,
бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның
қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларыньщ,
әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және өзіне тән ерекшелігінің
көрініс табуы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы
анықталады. Бұл орайда адам, жеке тұлғаң деген ұғымдардың қатары
даралық деген ұғыммен толықтырылуы қажет.
Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан
айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін
сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше
белгілері (мысалы, салмақты-жігерлі және мақсатты адам), шығармашылық
қызмет-әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігі арқылы ерекшеленеді.
Осылайша, мұғалімнің даралығы оның терең білімдарлығы, педагогикалық
көзқарастарының ауқымдылығы, балаларға деген ерекше қатынасы, жұмыстағы
шығармашылық ниеті, т.б. арқылы көрінеді. Даралық ұғымы бір адамды басқа
бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән
сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін ерекшеліктерден тұрады.
Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым – индивид. Бұл сөз латын
тілінен алынған және оның қазақша баламасы -ңжекелікң. Ұғым ретінде бұл сөз
адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл
орайда әрбір адам индивид болып табылады. Жеке тұлға ұғымы мен онымен
байланысты бір тектес ғылыми категориялардың мәні осында.
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасқандықтан жеке
тұлғаның дамуы мен қалыптасуы ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін
маңызды мәселе болып табылады.
Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып
табылады. Даму дегеніміз – төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай
қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секіріс түрінде
жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесі. Даму
барысында барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға
ауысуы, бір сапаның басқа бір сапаға ауысуы (бұлардың кейбіреуі, теріске
шығарылуы мүмкін). Жеке тұлғаның қозғалыс күшіне, яғни қарама-қайшылық
күресінің арқасында бұл қозғалыста өзгеріс жүріп жатыр.
Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен
сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене
жағьшан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі оседі.
Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтік-тұрмыстық
және моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда,
адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы – оның бойында болып
жатқан сапалық өзгерістер (танымдық, сезім, моральдық-жігерлілік т.б.).
Мінез-құлықтың реактивті формалары белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс-
әрекеттілікке айналады, дербестік пен өз мінез-құлкын билей алу
қабілеттілігі артады. Осы және басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға
ретінде даму процесін сипатгайды.
Сондықтан, даму дегенімізді адамның анатомиялық-физиологиялық
жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуындағы, содай-ақ
танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі дүниетанымы, өнегелілігі,
қоғамдық-саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық
және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі деп түсінген
дұрыс. Адамның дамуына ішкі және сыртқы, меңгерілетін және меңгерілмейтін
факторлар әсер етеді, олардың арасында мақсатты тәрбие мен білім беру
жетекші рөл атқарады.
Педагогика мен психологияда жеке тұлғаның қалыптасуы термині жиі
қолданылады. Бұл жеке тұлғаның дамуының нәтижесі дегенді және оньщ пайда
болып, тұтастыққа, бір қалыпты касиеттерге және сапаларға ие болғанын
білдіреді. Қалыптастыру (қалыптасу) дегеніміз – бір нәрсеге пішін (форма)
мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір тұр беру. Бұл арада тұқым
қуалаушылықтың мәні өте зор – баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан
қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Тұқым қуалаушылық жер
бетіндегі тіршіліктін тарихы және белгілі бір түрдің (біздің жағдайымызда –
адамның) өмірінің тарихын анықтайды. Адамның тұқым қуалаушылығын екі түрге
бөлуге болады: жалпы адамзаттық (тік жүру бейімділігі, сана, ақыл, сезім
мүшелері дамуының бейімділігі, шартсыз рефлекстер, нәсілдік және ұлттық
белгілер) және даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық-физиологиялық
(нышан) тума қабілеттер).
Ағзаның тектілік негізі немесе генотипі төмендегі суреттегідей болып
бөлінеді. Жеке тұлғаның қалыптасуына, сонымен қатар, орта: адам және қоғам
өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар әсер
етеді. Орта макро және микро болып бөлінеді. Макро-орта бұл -адамға қажетті
әлеуметтік-экономикшіық ықпалдардың мол жиынтығы (өндіргіш күштер мен
өндірістік қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары, мәдениетінің даму
деңгейі, бұқаралық ақпараттар құралдары). Микро-орта бұл – баланың ең жақын
қарым-қатынас ортасы, ол – адамды әрдайым коршайтьщ және оның дамуына әсер
ететін өзара байланысты заттар, құбылыстар мен адамдар әлемі. Жеке тұлғаның
дамуы мен қалыптасуына, белгілі бір мөлшерде, табиғи немесе географиялық
орта (климат), табиғат жағдайлары әсер етеді.
Орта компоненттері және олардың бала дамуына әсері
Орта компоненттері Олардың бала дамуына әсері.
1. Табиғи және географиялық орта (климат, табиғат жағдайлары) Бала
организмінің мүмкін болатын күштерін оятады.
2. Әлеуметтік орта (макро-орта)
а) өндіріс күштерінің деңгейі;
б) өндіріс қарым-қатынастарының деңгейі;
в) өмір сүрудің материалдық жағдайы;
г) мәдени даму дәрежесі;
д) көпшілік ақпарат құралдары;
е) техникалық құралдар. Адамға талап қояды, мінез-құлық үлгісін
береді, санаға әсер етеді, бежілі көзұарас енгізеді. Даму жағдайын
қамтамасыз етеді.
3. Микро -орта (үй-іші ортасы, баланы қоршаған жақындарының ортасы,
аула, көше әсерлері. Талап-тілектерді анықтайды, құндылыктырды
қалыптастырады, қарым-қатынас негізін қалайды.
Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең
маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер
атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет (ұрпақтан ұрпаққа
берілетін әлеуметтік тәжірибе, жалпы адамзаттық мәдениет, т.б.), ал шағын
педагогикалық мағынада тәрбие дегеніміз – өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы
адамзаттық құндылықтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-
аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттердің педагогикалық процесін
ұйымдастыру.
Жеке тұлғанын қалыптасуынын философиялық – әдістемелік негіздері.
Ғылымда бұрыңғы заманнан бері келе жатқан жеке тұлғаның дамуы мен
қалыптасуының биологиялық және әлеуметтік факторларының ара қатынасы туралы
пікірталас бітер емес. Осы бір көпғасырлық айтыс нәтижесінде әртүрлі
көзқарастар пайда болды. Осы көзқарастардың бірін жақтаушылар адамның
дамуын, негізінен, табиғи ерекшеліктер анықтайды деп санайды. Ал тәрбиенің
маңызы аз деп есептелінеді.
Жеке тұлғаның дамуын түсіндіретін осындай (биологизаторлық) бағыт ерте
заманнан бастау алады. Сонау Платон (427-347 ж.ж. б.з.б.) мен Аристотель
(384-322 ж.ж. б.з.б.) өз кездерінде-ақ адамдардың қоғамдық міндеттерін
олардың табиғаты анықтайды деп санаған. Аристотельдің пікірінше, туылған
сәтінен бастап-ақ кейбір адамдар бағыну үшін, ал кейбіреулері билік ету
үшін жаралған.
XVІ ғасырда пайда болған преформизм (латынша – қайта құру, өзгерту)
деген философиялық ағым төмендегідей ойды ұстанған: адамның ұрығында
болашақ жеке тұлғаның барлық қасиеттері бар, ал даму олардың тек сандық
жағынан артуын ғана білдіреді. Бұл орайда әлеуметтік факторлар мен
тәрбиенің маңызы жоққа шығарылған.
Бихевиоризм бағыты да жеке тұлғаның дамуының биологиялық бастауларын
жақтайды. Осы бағыттың негізін салушы американдық психолог және педагог Э.
Торндайктің (1874-1949 ж.ж.) пікірінше, жеке тұлғаның барлық қасиеттерін
(соның ішінде сана-сезімін, қабілеттілігін) тек тектілік, тұқым қуалаушылық
қана анықтайды. Оның ойынша, ақыл-ой қабілеті балаға көздері, тістері және
саусақтары сияқты дүниеге келгенінен-ақ беріледі. Ол адамды ұрпақтан
ұрпаққа сол қалпында берілетін және жеке тұлғаның барлық қасиеттері мен
келешегін толығымен анықтайтын гендердің жинағы немесе батареясы ғана деп
санаған. Жеке тұлғаның дамуын биологизаторлық жағынан түсіндіру прагматизм
бағытына да тән. Прагматизм грекше – прагма дегеніміз – іс-әрекет,
тәжірибе. Бұл бағыттың негізін салушы – Джон Дьюи (1859-1952 ж.ж.). Ендігі
бір көзқарастың негізін классикалық түрде ағылшын философы Джон Локк (1632-
1704 ж.ж.) салып, француз материалистері оны ары қарай дамытқан. Бұл бағыт
бойынша адам өмірінің жағдайлары мен тәрбие жеке тұлғаның қалыптасуынын
шешуші факторы деп есептелген. Д. Локктің белгілі бір пайымдауы бойынша
баланың жаны дүниеге келген сәтінде таза тақтаға ұқсас (tаЬиІа rаsа) болып
келеді және тек оның өмір жағдайлары мең тәрбие ғана жеке тұлғаның белгілі
бір қасиеттерінің пайда болуына себепші болады. Осыдан кейін бұл көзқарас
социологизаторлық бағыт болып қалыптасты, ал оның өкілдері жеке тұлғаның
қалыптасуына әлеуметтік ортаның әсерін бірінші орынға қойып, оның дамуының
ішкі заңдылықтарын жоққа шығарады. Олар адамның рөлін төмендетеді.
Жеке тұлғаның дамуындағы тұқым қуалаушьшық пен ортаның ықпалын бірінші
орынға қойып, тәрбиенің күшін жоққа шығаратын бұл теориялар ХІХ ғасырдың
аяғында психологиялық-педагогикалық зерттеулердегі ерекше бір бағыттың
пайда болуына себепші болды, бұл бағыт педология, яғни тура аударғанда
балалар туралы ғьшым, балатану деген атқа ие болды. Қазіргі уақытта
ғалымдардың көбісі педологияны индивидтің сәби, жас өспірім, жастық
шағындағы дамуының жалпы заңдылықтары туралы ғылым ретінде қарастырады.
Социалистік құрылыс жағдайларында біздің елімізде педология өкілдері
баланың дамуының биогенетикалық заңын белсенді түрде насихаттаған және
соған сүйене отырып балалардың әлеуметтік теңсіздігін түсіндіруге тырысқан.
Осы мақсатта оқушылардың ақыл-ойының дамуын зерттейтін кең көлемдегі жүйе
құрылған болатын. 1936 жылы ОК БК(б)П сол заманғы педологияның теориясы
мен практикасын жалған ғылыми антимарксистік ережелерге сүйенген деп
айыптаған. Бұндай ережелерге, ең алдымен, сол заманғы педологияның басты
заңы – балалардың тағдырының биологиялық және әлеумеггік факторлармен,
тұқым қуалаушылықтың бір тұрақты ортаның ықпалының фаталистік түрде алдын
ала анықталып қойылу заңы жатады. Сол уақыттарда балалардың психологиялық
дамуын зерттеуде сауалнама және тест жүргізу сияқты әдістер ерекше
сенімсіздік туғызған. Шынында да тәжірибесіз практик-педологтар қодданған
бұл әдістер сол уақыттарда көп зиян келтірген. Алайда педологияны ғылым
ретінде түбегейлі шектеу қате болған еді. Педология баланы барлық жағынан
және жанама зерттейді, бұл туралы өз кезінде К. Д. Ушинский: Егер
педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда оның адамды
барлық жағынан тануы да керек, – деген болатын.
Жеке тұлғаның даму факторлары туралы философиялық және психологиялық-
педагогикалық ойдың тарихы материалистік ілімде және онын бір бағытында –
материалистік диалектикада өз жалғасын тапқан. Бұл бағыттың өкілдері жеке
тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторларды тереңірек зерттеп қана
қоймай, сонымен қатар ол факторлардың өзара байланысымен олардың адамның
даму процесіне ықпал ету тетіктерін де ашып көрсетті. Қоғамның тарихын
талдай отырып, олар адамдардың шығармашылық-қайта құру әрекеті өндірістің
дамуы мен көркеюіне, әлеуметтік қатынастардың қалыптасуына, ғылыми білімнің
молаюына, рухани өмір мен өнегелілік-эстетикалық мәдениетінің баюына
себепші болды деп көрсетті.
Осылайша қоғамдық игілікке ие болып және оны дамыта отырып, адам
әлеуметтік тіршілік иесі ретінде, жеке тұлға ретінде қалыптасады.
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына сыртқы, қоршаған орта ықпалының
мәні зор екендігіне сене отырып, философ-материалистер адамның биологиялық
табиғатын жоққа шығармады. Олардың ойынша, адам тікелей табиғи тіршілік
иесі, сондықтан ол бойына біткен нышандар ретінде көрініс тапқан табиғи
күштерге ие деп сенді. Алайда ол нышандар оның бойында тек лайықты орта мен
мақсатты тәрбие бар кезде ғана дами алады.
Сонымен қатар, адамды әлеуметтік тіршілік иесі деп қарастыра отырып,
философ-материалистер тұқым қуалаушылық бағдарламасымен еш байланысы жоқ
индивидтің әлеуметтік тұқым қуалаушылығы туралы ойды ұстанады. Егер
биологиялық нышандар адамға да, жануарларға да тән болса, әлеуметтік тұқым
қуалаушылық тек адамға ғана тән.
Материалистік философия орта мен биологиялық нышандар қатарында
тәрбиеге ерекше орын бөледі, тәрбие – жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының
үшінші факторы. Бұндағы айта кететін жағдайдың бірі – материалистік
түсінікте жеке түлға тек объект ретінде ғана емес, сонымен қатар, ең
бастысы, тәрбиенің субъектісі ретінде, өзіндік қайта қүру қызмет-әрекетінің
субъектісі ретінде қарастырылады.
Кеңес дәуірі тұсында құқықтық әдебиетте тұлғаның әлеуметтік-
психологиялық реттеуші компоненттері де кең зерттелуде: қажеттілік,
қызығушылық, ерік т.с.с. [9, 94; 10, 114; 11, 50].
“Мәдениет” түсінігінің мәнін ашуда кейбір ғалымдар (К.Ж.Қожахметова)
“мәдениет” белгілі бір кеңістіктегі адамдарды қарапайым тұрғындардан
халыққа, ұлтқа айналдыратын тұтас орта, бұл тұтас құбылыс дейді. Мәдениет
түсінігіне дін, заң, ғылым, білім, адамдар мен мемлекеттің дағды және
мінез-құлықтың моральдық нормалары жатады, бұрын да кіріп келген" десе,
енді бірі (Н.Д.Хмель, Т.Ш.Қуанышев, А.А.Молдажанова) “мәдениет” ұғымын
жалпы мәдениетінің бір бөлігі ретінде ұсынылатын білімнің негізгі
түрлерінің бөлігі ретінде қолданылатын білімнің негізгі түрлерінің бірі
ретінде қарастырады.
Біз ғылымдардың ой – тұжырымдарын, пікір – қөзқарастарын негізге ала
отырып, Болашақ заңгерлер үшін - жастардың құқықтық мәдениетінің қажет
екенін дәлелдеуге талпындық және оны қалыптастырудың жолдарын айқындап,
оларға қойылатын талаптарды негіздедік. Мәдениетті заңгер тұлғасына
мазмұндық сипаттама бердік. Ол біріншіден - ғылымға негізделген теорияны
практикада еркін пайдалана білетін, бәсекеге қабілетті, білікті маман;
екіншіден – рухани – адамгершілікті қасиеттері жоғары, кішіпейіл, абзал
жанды азамат; үшіншіден – моральдық – этикалық ұстанымы жоғары, адамдармен
мәдени қарым-қатынасты ұстай білетін, басқаға да өзіне де талап қоя білетін
тұлға; төртіншіден - өз мәдениетін, салт-дәстүрін басқаларға таныта
білетін, ана тілін құрметтейтін азамат; бесіншіден - өнерге, дене мәдениеті
мен спорт түрлеріне бейімді, шығармашыл ізденіске ынта-ықылысы жоғары
маман; алтыншыдан - өзін-өзі тәрбиелей алатын, мәдени, кәсіби іс-
әрекеттерді еркін ұйымдастыра білетін маман. Болашақ заңгерлерді бұлайша
мәдениеттілікке тәрбиелеу, олардың жалпы қоғамдық-құқықтық тәрбиесіне әсер
етіп, кәсіби-заңгерлік шеберлігін арттырады: болашақ заңгерлердің кәсіби
ойлау мәдениетін дамытады; кәсіби бақылау мен болжам жасау мәдениетін
қалыптастырады; зерттеу мәдениетін жетілдіреді; құқықтық қарым-қатынас
жасай білу мәдениетіне тәрбиелейді; кәсіби сөйлеу тілінің мәдениетін
арттырады; жазу мәдениетіне шыңдайды; дәлелдей білу мәдениетіне үйретеді;
ұйымдастыру мәдениетін қалыптастырады және т.б..
Болашақ заңгер өз кәсіби қызметінде ең алдымен құқық маманы,
әділеттілікті жақтаушы, бұқара халықтың құқықтық тұрғыда мүддесін қорғаушы,
жоғары мәдени құндылықтарды тасушы, қоғамдағы құқықтық заңдылықты бұқара
халыққа өз қызметінің барысында шығармашылық сипатта қызмет етуші кәсіби
маман болып табылады. Маманның мәдени қорының мәнін, тұлғаның қоршаған
орта және табиғатпен қарым-қатынасына байланысты қарастырылады. Егер
адамның тіршілік әрекетін, қоршаған ортамен қарым-қатынас жиынтығы ретінде
қарасақ, онда мынадай жайларды ескеру қажеттігі туындайды: кәсіби
мәдениетті; мәдениетті (адамның табиғатпен байланысы); жастардың құқықтық
мәдениетті (өндіріс, мекемеге адамның құқықтық қатынасы); саяси мәдениетті
(қоғамға, билікке, партия, бірлікке қатысты); отбасылық қатынас мәдениетін;
коммуникативтік мәдениетті; гносеологиялық мәдениетті; экономикалық
мәдениетті.
Бұның бәрі білімділік пен мәдениетінің арасында сәйкестілік бар
екенін, білімділік индивидтің мәдениеті болып табылатынын дәлелдейді.
Сонымен бірге табиғатқа, қоғамға, қоршаған ортаға, еңбекке, қарым-қатынасқа
деген аялы көзқарас қалыптастыратынын көрсетеді.
Болашақ заңгерлердің еңбек ету мәдениеті жоқ болса, ол бұқара
халықпен қарым-қатынас үрдісін қалыптастыра алмайды. Болашақ заңгерлердің
оқу-тәрбие үдерісінде жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру педагогика
мен психология, құқық мен қауіпсіздік пәндерінде, оқу мен тәрбиелеу
үдерісінде қабылдау, ойлану, түсіну, есте сақтау, бекіту қабілеттерін
дамыту арқылы шешімін табады.
Жастардың құқықтық мәдениет ұғымының аясы кең мағыналы болып келеді.
Ол құқықпен заңдылықтың кемелдену деңгейі мен әлеуметтің одан қаншалық
хабардар болуынан бастау алады және заңдылық пен қоғамдық реттіліктің
нығаюынан көрінеді. Яғни, жастардың құқықтық мәдениеті құқықтық іс-
әрекеттің тұтас-тұлғалық қасиетін көрсетеді. Ол адамның табиғи тума
құқықтары мен бостандықтарын өрбітуші әрі оған кепілдік беруші күші
іспеттес. Ол- адамның даралық қасиетін дамытуға жол ашады және жеке
тұлғаның өз билігін өзіне алып бере алады [12, 140-141].
Жастардың құқықтық мәдениеті адамдардың құқықтық тұрғыдан
білімділіктерінің көріну қасиетінің ең жоғарғы жиынтық көрінісі түрінде
көріне отырып, олардың бойларында қалыптасқан әрі олар үшін аксиомалық
ақиқаттылыққа айналған құқықтық және моральдық-этикалық жоғары деңгейдегі
адами жағымды қадір- қасиеттердің жиынтығын білдіреді. Осы тұрғыдан
қарастыра отырып жастардың құқықтық мәдениетінің міндетінің және қоғамда
атқаратын қызметінің мәні: қоғам мүшелерінің заңды құқықтық мінез-
құлықтарын реттеп отыру; адамдардың бір-біріне сыйластықпен, құрметпен
қарауларына, өзара қарым-қатынаста биік адамгершілік қадір-қасиеттер
аясында сұхбаттасуларына, қоғамдық тәртіп пен заңдылықты қатаң ұстануларына
мұрындық болу; қоғамда тәртіп пен тыныштықтың сақталуына, адамдардың
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұйтқы жасау болып табылады деп ой
түйіндейміз.
Сонымен бірге жастардың құқықтық мәдениеттіліктің ең жоғарғы көрінісі
- басқа адамдарға сүйіспеншілікті, сыйластықты көзқарастан, өзара қарым-
қатынастағы әдептіліктен, басқалардың құқықтары мен бостандықтарын бағалай
білуден, заңдылықты қатаң сақтаудан білінеді. Жастардың құқықтық
мәдениеттіліктің ең негізгі көрсеткіші - құқықтық білімділік, жоғары
моральдық- адамгершілік қасиеттер, рухани азаматтың көзқарасы, ұлтының
дәстүрлі мәдениетіне сүйспеншілікті сезім, жағымды мінез-құлық, пен
заңдылықты сақтау білу.
Сонымен мәдениет, соның ішінде және жастардың құқықтық мәдениеті –
бір-бірінен ажырамас ұғымдар. Егер адамның іс-әрекетімен, жасампаздығымен
және шығармашылығымен тікелей байланысты мәдениет кәсіби іс-әрекет пен
материалдық тұрғыдан көрініс табатын, құқықтық нормада және адамның
қабілеті мен күшінің өнімі болып табылса, жастардың құқықтық мәдениеті
адамның табиғатты құқықтық нормалар мен адамгершілікті рухани мәдениетінің
негізінде басқаруының ерекше бір іс-әрекеттік тәсілі болып табылады.
Құқықтық-мәдени іс-әрекеттің негізін субъективтік-объективтік құқықтық
нормалар негізіндегі қарым-қатынас, яғни адамның субъект ретіндегі қоршаған
ортамен табиғи ортаның объекті ретіндегі өзара құқықтық қарым-қатынасты
құрайды. Сонымен бірге жастардың құқықтық мәдениеті субъективтік құқықтық
қарым-қатынассыз, адамдардың қарым-қатынас мәдениетімен өзара
әрекеттерінсіз, бір-бірімен құқықтық мәдени құндылықтармен пікір
алмасуынсыз жүзеге асуы мүмкін емес. Жастардың құқықтық мәдениеті адамның
табиғат заңдылықтары мен құқықтық білімдерді жеткілікті меңгергендігін
көрсететін іс-әрекетінің нәтижесі.
Болашақ заңгерлердің құқықтық мәдени деңгейі мемлекеттің жүргізіп
жатқан құқықтық саясатының қоғамда, оның ішінде жоғары оқу орындарында
тиімді шешілуіне байланысты.
білім берудің біртұтас жүйесін қалыптастыру Қазақстанда білім берудің
жаңа жүйелері мен әлемдік стандартқа сай мемлекеттік оқу жоспарларын
жасауды, қаржыландыруды, білім беретін оқытушыларға қамқорлық көрсетуді,
жоғары мектепте білім мен тәрбие беруді көздейді. Кез-келген ғылым
саласында біріншіден - таным шеңберін кеңейтуді, екіншіден – жинақталған
білімді проблемаларды шешуде қолдануды, құқықтық мәдениеттілікті
қалыптастыруды мақсат тұтады [13, 9].
Бүгінгі таңдағы жоғары оқу орындарының білім беру мен тәрбие беру
мәселелеріне жасалған талдау жастардың құқықтық мәдениетті қалыптастыру
жолдарына әліде болса назар аударылмай отырғанын дәлелдейді. Біздің
пайымдауымызша жастардың құқықтық мәдениетті қалыптастыру үшін ең алдымен
мынандай жолдарды айқындап алу керек: мәдениетті қалыптастыру барысын жалпы
білім беру мен тәрбиелеу контексінде қарастыру; оқу жүйесіне тұрақты даму
мәселелерін енгізу жолымен үздіксіз білім берудің жүйесін қалыптастыру;
білім мазмұнын, яғни сырттан енетін ақпаратты сипаттама түрінде ғана емес,
интеллектуалдық ой-әрекеттерді дамытатын қырынан берілуін көздеу; табиғатты
эстетикалық тәрбие құралы ретінде танытып, адам мен табиғат арасындағы
қатынастарды кәсіби педагогикалық аспектіде қарастыру; мәдениетті
жетілдіріп, қоршаған ортаны қорғауда жоғары мектепте оқытылатын
жаратылыстану, өнер, техникалық саладағы пәндерді кіріктіру арқылы
қалыптастыру
Құқықтық білім мен тәрбие беру жоғары білім беру жүйесінің құрылымына
еніп қана қоймай, оның негізгі бағытының бірі болуы қажет. Құқықтық білім
мен тәрбие беруді жоғары білім беру мекемелерінің барлық деңгейлерінде
сабақтастықпен жүргізген жөн. Оларды жүзеге асыру үшін білім жүйесін
тұтасынан және оның жеке кезеңдері мен деңгейлерін кешенді түрде
жетілдіретін шаралар қажет.

1.2 Қазақстан Республикасы мемлекеттігінің қалыптасуы мен дамуындағы
жастардың құқықтық мәдениетінің орны

Ұлттық жастардың құқықтық мәдениетінің қалыптасуы. Жастардың құқықтық
мәдениетінің нақты тарихи мінездемесі бар. Әр мемлекеттің, әрбір тарихи
кезеңдегі қоғамның жастардың құқықтық мәдениетін бөлек-бөлек қарастыру
қажет.
Осыған орай, біздің ойымызша, кез-келген қоғамның жастардың құқықтық
мәдениетін сипаттайтын жалпы көрсеткіштерді айқындау керек. Бұл
критерийлерге мемлекеттік құқықтық жүйемен қамтамасыз етілетін (немесе
қамтамасыз етілмейтін) құқықтар мен еркіндіктер, құқықтық статуста
байқалатын адамның еркіндігінің көлемі мен деңгейі жатады.
Бүкіл өркениет тарихы көрсетіп отырғандай адамдар бостандығын әртүрлі
нақты индивидтерді мемлекет пен құқықтың бірдей субъектілерінің мойындауын
тек құқықтық (мемлекеттік-құқықтық) формада тануға болады [14, 6-7].
Жастардың құқықтық мәдениетте жалпы адами және ұлттық мазмұнды атап
көрсетуге болады. Әлемдік жастардың құқықтық мәдениеті өзінің пайда
болуынан бастап, бүгінге дейін мыңдаған нақты түрлер мен формаларды
атқаруда. Біздің ойымызша құқық пен мемлекет теориясы мен құқық
философиясы алдында уақытша, тарихи және әлеуметтік-мәдени масштабта
жастардың құқықтық мәдениетінің барлық қыр-сырын типологиялау,
классификациялау, жүйелеу мен тәртіпке келтіру мақсаттары тұр. Бұл
мақсаттарды шешу үшін тиімді цивилизациялық тәсіл керек.
Осы жолға сүйене отырып, түрлі қоғамдар, елдер мен мемлекеттердің
жастардың құқықтық мәдениеті туралы айтуға болады. Белгілі бір елдің
жастардың құқықтық мәдениеті, әдетте, түрлі азаматтардың түрлі саяси-
құқықтық белсенділігінде мен құндылықтарында, сонымен қатар ұлттық салт-
дәстүрлерде, адамның қоғаммен танылу тәсілдерінде, мемлекет пен қоғамның
өркениетті дамуындағы нақты жағдайлардың қарама-қайшылықтары үрдісінде
қалыптасады Ұлттық құқықтық жүйедегі заң феномендерінің өзі оларды
құқықтану және ұлттық менталитетінің қаншалықты тануына қарай мәдени
құндылық ретінде танылады. Мемлекет пен азаматтық қоғамның байланысы,
тұлғаның бостандығы мен құқықтық жағдайы, түрлі елдердің этикалық және
құқықтық ой-өрісінің өнегелілігі және мәдени- тарихи өсуінің түрлі дәрежесі
сол елдің заң әлемі құндылықтарының құқықтық легитациясын анықтауға
мүмкіндік береді [15, 27].
Әр этностың өзінің және өзіне ғана тән қайталанбас этникалық құқықтық
менталитеті болғандықтан, сол елдің жастардың құқықтық мәдениетінің
мазмұнында өзіндік ерекшеліктер болады. Қазіргі жастардың құқықтық
мәдениетте өткен тарихтың әзә бар, сондықтан жастардың құқықтық мәдениетті
оқып-үйрену оның шығу тарихына көз жүгіртпей мүмкін емес. Қазақ дәстүрлі
қоғамының жастардың құқықтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастардың қазіргі қоғамымыздағы саяси және әлеуметтік орны
Жастардың дәстүрлі мәдениетке қатынасы
Құқықтық тәрбие - құқықтық мемлекет болудың кепілі
Жастар мәселесінің түйткілдері
Құқықтық сана және құқықтық мәдениет туралы
Халықтық педагогика материалдары арқылы отбасында құқықтық тәрбиені қалыптастыру
Қазақстан Республикасындағы жастар саясатын қамтамасыз етудегі әлеуметтік жұмыс
Қазақстан мен Ресейдегі патриотизмнің қалыптасуы
Тәрбиенің заманауи тұжырымдамалары
Қазіргі жағдайда жеткіншектерді азаматтыққа тәрбиелеу
Пәндер