Абай Құнанбаевтың Қазақстан тарихында алатын орны



Кіріспе
1) Абай Құнанбаевтің өмірбаяны
2)Абайдың Қазақстан тарихында алатын орны
Қорытынды
Ұлы тұлғалар – өздерінің саяси немесе рухани еңбегі арқылы қоғам қажеттіліктерін анағұрлым толық қанағаттандыра алып, оның дамуына айтарлықтай әсер еткен, атқарған қызметі өз мемлекетінің аясынан шығып, бүкіл әлемге пайдасын тигізіп, баршаға әйгілі болған адамдар. Сондықтан кез келген мемлекет тарихы ұлы тұлғалар ісінің призмасы арқылы анағұрлым айқын, әрі әсерлі көрінетіні тегін емес. Оның үстіне, тарихтың өзі де кейде осы тұлғалармен сәйкестендіріледі. Соның бірі Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы:
Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілініңнегізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орысжәне еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.
1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы.
2. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе
1) Абай Құнанбаевтің өмірбаяны
2)Абайдың Қазақстан тарихында алатын орны
Қорытынды

Ұлы тұлғалар – өздерінің саяси немесе рухани еңбегі арқылы қоғам
қажеттіліктерін анағұрлым толық қанағаттандыра алып, оның дамуына
айтарлықтай әсер еткен, атқарған қызметі өз мемлекетінің аясынан шығып,
бүкіл әлемге пайдасын тигізіп, баршаға әйгілі болған адамдар. Сондықтан кез
келген мемлекет тарихы ұлы тұлғалар ісінің призмасы арқылы анағұрлым айқын,
әрі әсерлі көрінетіні тегін емес. Оның үстіне, тарихтың өзі де кейде осы
тұлғалармен сәйкестендіріледі. Соның бірі Ұлы ақын, композитор, философ,
саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін
қалаушы:
Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-
1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілініңнегізін
қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды
білімді исламға таяна отырып, орысжәне еуропа мәдениетіме н жақындасу арқылы
қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында
қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем
ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған.
Философиялық трактаттар стилінде жазылған Қара сөздері - тақырып
ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік
салмақтылығымен құнды. Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руы нан шыққан
билер әулетінен. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы өз заманындағы атақ даңқы
алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX
ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына
бекіткен. Шешесі Ұлжан Орта жүздің  Арғын  тайпасынан Қаракесек
руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы
Абай деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл
есіммен Абай тарихқа енді. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып,
өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде
шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты
шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін
елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол
халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады.
Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан
халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен
насихаттамақ болады. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа
Хафиз, Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынанА. С.
Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. , Л.Н.
Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенев, Н.Г.
Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс
әдебиетінен Гете, Джордж Байрон сияқты ақындарды оқып,
Дрепер, Спиноза, Спенсер, Льюис, Да рвин сынды ғалымдардың еңбектерін
зерттейді.

Қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл-ойы мен мәдениетінің, өнері
мен әдебиетінің асқан шыңын бейнелейтін кемеңгері Абай Құнанбаев 1845 жылы
тамыз айында, қазіргі Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауында дүниеге
келген. байдың әкесі - Құнанбай - өз еліне атағы шыққан аға сұлтан.
Зерделі, зерек ел ағасы, ірі тұлға.
Абайдың жас кезіндегі көңіл сергітіп, жүрегін жібіткен жылы құшақ кіші
пейіл анасы - Ұлжанның мейірімді көңілі, көпті көрген әжесі Зеренің жылы
қойыны. Абайдың ақкөңіл, адамгершілік сезімі күшті, зәбір-жапа шеккен
адамды, жоқ-жітікті аяғыш, сергек бала болып өсуіне де осы жайлар себеп
болған.
Оқу жасына жеткеннен бастап, Абай ауыл молдасында, үйде оқыды. Біраз
уақытын молдамен бірге өз үйінде әліп, би жаттаумен өткізеді. Бұған
қосымша, ел шешендерінің шебер тілді мақалдап айтқан тұспал әңгімелері,
халықтың ақын, жыршы, ертегішілері сөздері - Абайдың алғашқы сәбилік
сезіміне түрткі салып оятқан күштің бірі. Сегіз жасар Абай өзінің зеректік
қабілетімен әке көзіне ілігіп, үміт күтер, ата жолын ақтар бала болар ма
деген ой салады. Міне, осы себептен әкесі Құнанбай Абайды Семей қаласына
апарып, әуелі Ғабдулжаппар молдаға оқуға береді. Бұл молданың қарамағында
екі жылдай оқып, мұсылманша бастауыш білім алады. Бұдан кейін, он жасар
Абай, бір басқыш ілгері дәрежедегі, жабық оқу орны, мешіт жанындағы діни
медресеге түседі. Осы медресе имамы Ахметризаның қарауында оқиды. Абай бұл
медресе оқуын да меңгеріп, үздік көзге түсті. Абай молдадан оқи жүріп, өз
бетімен көп ізденеді. Сол кезде көп тарап жүрген Орта Азия және тәжік,
парсы халықтарының ұлы ақындары - Науаи, Низами, Фердаусилер шығармаларымен
танысады. Бұлардың еңбектеріндегі адамгершілік идеясы, реалистік мотивтер
Абайға үлкен ой салады. Оны білуге, ілгері іздене беруге ұмтылдырады.
Семейде болған аз жыл ішінде Абай тек медресе маңын, діни қауымды
танып қана қойған жоқ. Абайдың сезімтал, жас ынталы жүрегі оған қаланы
тегіс танытты. Қала халқының бойындағы игі қасиеттерді Абай сол оқушы
кезінің өзінде-ақ таниды. Ең алдымен тілін үйренуге зер салды. Құрбы
балалармен бірге орыс мектебіне де барады. Аздаған уақыт орыс мектебіне (үш
айдай) қатысып, сабақ алады. Енді Абай өз еліне бұрынғыдай емес, саналы,
ойлы, оқыған жас болып оралады. Елдегі өмірде жете танырлық дәрежеге
көтеріледі. Бұрын көп елемей, құр тыңдап қоятын ұшқыр сөз, мақал-мәтел, жыр
ақындар айтысы енді Абайдың назарын аударып, өзіне тартып әкетеді.
Абай осы қалыппен қыр қазағы, әке көмекшісі болып қала берген жоқ. Ол
нәр алған қала мәдениетіне оралуды үлкен арман қылды. Ер жете келе, өз
бетімен қалаға қайтып оралып, жиі келіп жүрді. Абай бір жағынан шығыс
классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми, тағы басқаларды
оқыса, екінші жаганан А.С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А.
Некрасов, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С.
Тургенов, Н.Г.Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс
әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары
бойынша зертгеулер жүргізілді. Есейген шағында, осы өзі оқыған философ,
ақын, ғалымдармен тең дәрежеде пікір таластырып, олардың ішінен ірі
ақындардың өзіне әсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударған.
Аударған өлеңдері көркемдік жағынан негізгі нұсқасымен тең түсіп, кейде
асып та жатады. Осылайша, қала өмірін танып, жаңа дүниенің есігін тауып,
ішіндегі нәрді тата бастаған оқушы Абайды әкесі Құнанбай оқудан айырып,
елге алып келеді. Енді ол Абайға өз өнерін үйренуді ұсынады. Ел билеу
ісіне баулу мақсатымен оны ру арасы, ел іші дау-жанжал, айтыс-тартысына
қосады. Амал не, Абай бұл талапқа да көнеді. Өзіне жүктелген тапсырмаларды
кейде әке ырқынша, кейде өз жүрек қалауынша, ойы жеткенінше, әліне қарай
шешіп жүреді. Сөйтіп 13 жастағы Абай әке ықпалымен әкімшілік-билік
жүмыстарына араласады. Ол әке касында болған жылдарда қазақ даласындағы
әлеуметтік өмір қайшылықтарын жан-жақты тани түседі. Патша үкметінің
отаршылдық саясаты мен пара-қор орыс әкімдерінің, жергілікті жарамсақ
болыстар әрекеттерінің халық тағдырына кеселді, зияндылығын айқын түсініп,
соған карсы батыл қимылдар жасаған. Алайда оның тамыры тереңде жатқанын,
отарлау жүйесінің бел алып, елдің кұрсауда қалғанын сезіп күйзелген. Патша
үкіметінің отаршылдық саясаты мен оның аярлығын түсінбей өзара қым-қиғаш
айтыс-тартыска түскен, танымы таяз болыстар мен ел билеушілеріне қарсы
күресуге бел буған Абай болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады. 1875 — 78 ж.
Қоңыркекше еліне болыс болады. Бұл жылдары ез қолындағы билікті пайдаланып,
әділдік таразысын тең үстауға кұш салды. Абай кейіннен, 1886 ж. Е.П.
Михаэлистің ұсынысымен, Семей облыстық статистика комитетінің толық мүшесі
болып сайланды. Абай 1880 ж. И. Долгополов, А. А. Леонтьевпен танысып,
олармен тығыз қарым-қатынаста болған. Абай ел ісіне араласқан жылдарыңда
әділеттілгімен, білімділігімен көрініп, халық арасында беделі өседі." 

Болашақ ақынның дүниеге көзқарасының қалыптасуына оның озық ойлы орыс
зиялы қауымының өкілдерімен араласуы орасан зор ықпал етті. Ол кезде өз
Отанының тәуелсіздігі жолындағы ұлт-азаттық қозғалыстарға белсене
қатысушылар Қазақстан аумағына жер аударылып келіп жатты. Олар, атап
айтқанда, Украина мен Польшадағы зиялы қауымның неғұрлым білімді өкілдері
болатын. Жер аударылып келгендердің арасында патша үкіметінің саясатына
қарсы шыққан орыс зиялы қауымының өкілдері де аз емес еді. Олар Абайдың
саяси көзқарасының қалыптасуына ықпал етті. Атап айтқанда, Е. Михаэлис, А.
Леонтьев, С. Гросс, А. Блек, П. Лобановский, Н. Коншин, Н. Долгополов және
басқалары еді. Олар Абаймен бірге жиі-жиі қонақта болып жүрді. Қазақ ақыны
солардың арқасында озық ойлы орыс мәдениетінің алып өкілдері А.С.
Пушкиннің, М.Ю. Лермонтовтың және басқалардың шығармаларымен жете танысты.

Өлкеде болып жатқан жаңа, көңіл қуантар істер қашанда халқының мұң-
мұқтажы жанына жақын Абайды бей-жай қалдырмаған. Орыс достары атқарып
жатқан өлке үшін де, жалпы Қазақстан үшін де аса маңызды мұндай игілікті іс-
шараларға Абай да туған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан
Абай Құнанбаев және ХХІ ғасырдағы Қазақстан
А.Құнанбаев және Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары
А.Құнанбаевтың педагогикалық идеяларын анықтау
Бастауыш сынып оқушыларын Абай Құнанбаевтың педагогикалық идеяларының негізінде тәрбиелеу
Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық мұрасы
ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ДӘСТҮРМЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ
Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру туралы
Абай мұраларындағы «Толық адам» идеясын оқу-тәрбие процесінде пайдалану
Қазақ ағартушыларының философиясы
Пәндер