Паскаль тілінде алгоритмдеу



Жұмыстың негізгі мазмұны
Алгоритм ұғымы адамның әр түрлі іс-әрекеттермен автоматтандыру мүмкіндігі туралы оқушылардың түсінігін қалыптастыруда жетекші, маңызды орын алады. Мектептің математика курсында алгоритмдердің негізгі қасиеттері туралы ұғымдарды енгізу және дамытып жетілдіру оқушыларға алгоритмдердің аса маңызды жағын – оларды орындау кезіндегі адамның іс-әрекеттерінің формальды, таза механикалық сипатын, ал осы тектес іс-әрекеттерде адамның қызметін, міндеті машинаға берудің негізгі, яғни автоматтандыру негізгі болып табылатынын көрсетуге мүмкіндік береді. Сондықтан қоғам дамуының қазіргі кезеңде алгоритмдік мәдениет әр адамның жалпы мәдениетінің бөлігін құруы, демек, жалпы мектептік білімнің мақсатқа сай компоненттерін анықтауы тиіс.
Педагогикалық әдебиеттерде оқушылардың компьютерлік сауаттылығының мазмұнынан құратын мәселелердің мынадай тобы бөлініп алынады:
- алгоритм, оның қасиеттері, алгоритмдерді жазудың құралдары мен әдістері, алгоритмді ЭЕМ үшін жазу ретіндегі программа туралы түсініктер;
- алгоритмдік тілдердің біреуі арқылы программалаудың негіздері, ЭЕМ-мен қатынас жасаудың практикалық дағдылары;
- ЭЕМ құрылымының жалпы принциптері, әрекет ету принципі және ЭЕМ негізгі элементтерінің құрылысы;
- өндірісте және адамның іс-әрекеттерінің басқа да салаларында ЭЕМ-нің қолданылуы мен атқаратын қызметі.
Әдістемелік әдебиетте оқушылардың алгоритимдік мәдениеті деп алгоритм ұғымымен, оның жазщылу түрімен және тәсілдерімен байланысты ерекшеліктік түсініктер, біліктер және дағдылар жинақтығы ұғынылады. Алгоритмдік мәдениетті игеру мыналарды ұйғарады:
- алгоритмнің мағанасын және оның қасиеттерін интуитивті (сезімдік түрде) түсіну, адам іс-әрекетінің алгоритмі бар болатындай саласын автоматтандыру мүмкіндігі туралы түсінік;
- қайсі бір құралдардың және әдістердің көмегімен алгоритмді жазу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.

Реферат

Тақырыбы: Паскаль тілінде алгоритмдеу.

Жұмыстың негізгі мазмұны
Алгоритм ұғымы адамның әр түрлі іс-әрекеттермен автоматтандыру
мүмкіндігі туралы оқушылардың түсінігін қалыптастыруда жетекші, маңызды
орын алады. Мектептің математика курсында алгоритмдердің негізгі қасиеттері
туралы ұғымдарды енгізу және дамытып жетілдіру оқушыларға алгоритмдердің
аса маңызды жағын – оларды орындау кезіндегі адамның іс-әрекеттерінің
формальды, таза механикалық сипатын, ал осы тектес іс-әрекеттерде адамның
қызметін, міндеті машинаға берудің негізгі, яғни автоматтандыру негізгі
болып табылатынын көрсетуге мүмкіндік береді. Сондықтан қоғам дамуының
қазіргі кезеңде алгоритмдік мәдениет әр адамның жалпы мәдениетінің бөлігін
құруы, демек, жалпы мектептік білімнің мақсатқа сай компоненттерін анықтауы
тиіс.
Педагогикалық әдебиеттерде оқушылардың компьютерлік сауаттылығының
мазмұнынан құратын мәселелердің мынадай тобы бөлініп алынады:
- алгоритм, оның қасиеттері, алгоритмдерді жазудың құралдары мен
әдістері, алгоритмді ЭЕМ үшін жазу ретіндегі программа туралы
түсініктер;
- алгоритмдік тілдердің біреуі арқылы программалаудың негіздері, ЭЕМ-
мен қатынас жасаудың практикалық дағдылары;
- ЭЕМ құрылымының жалпы принциптері, әрекет ету принципі және ЭЕМ
негізгі элементтерінің құрылысы;
- өндірісте және адамның іс-әрекеттерінің басқа да салаларында ЭЕМ-нің
қолданылуы мен атқаратын қызметі.
Әдістемелік әдебиетте оқушылардың алгоритимдік мәдениеті деп алгоритм
ұғымымен, оның жазщылу түрімен және тәсілдерімен байланысты ерекшеліктік
түсініктер, біліктер және дағдылар жинақтығы ұғынылады. Алгоритмдік
мәдениетті игеру мыналарды ұйғарады:
- алгоритмнің мағанасын және оның қасиеттерін интуитивті (сезімдік
түрде) түсіну, адам іс-әрекетінің алгоритмі бар болатындай саласын
автоматтандыру мүмкіндігі туралы түсінік;
- қайсі бір құралдардың және әдістердің көмегімен алгоритмді жазу
біліктілігі (әдістемелік тұрғыдан алгоритмдерді бейнелеудің ең
қолайлы түрі блок –схемалар болды);
- алгоритмдік процестерінің негізгі түрлерін (сызықтық, тармақталған,
циклдік) білу.
Алгоритмдік мәдениетті қалыптастырудың әдістемесін әрі қарай жетілдіру
және оны математика мен бірқатар басқа пәндерді оқытудың мазмұны мен
әдістерінде біртіндеп жүзеге асыру – компьютерлік сауаттылықты іске
асырудың негізгі мәселелерінің бірі. Ғылыми - әдістемелік әдебиеттерді оқып
талдау негізінде біз мектепке математиканы оқып үйрену процесіндегі
оқушылардың алгоритмдік мәдениеті осы ұғымды анықтайтындай, келесі
компоненттердің топтарынан тұрды деген қорытындыға келдік:
1. Алгоритмнің мағанасынан және оның қасиеттерін түсіну; алгоритмді
жазудың құралы ретіндегі тілдің мағанасын түсіну.
2. Алгоритмдерді жазудың тәсілдері мен құралдарын меңгеру:
3. Математика әдістерінің және олардың қолдануларының алгоритімдік
сипатын түсіну; мектептегі математика курсының алгоритмдерін меңгеру.
4. ЭЕМ үшін программалаудың элементтер негізін түсіну.
Оқытудың техникалық құралдарының дамып жетілуімен, жалпы мектептің оқу
процесіне электрондық есептеуіш машиналарының енгізілуімен, мектепте
оқытудың біріңғай алгоритмдік желісі тиімді түрде жүзеге асырылады деп
күтуге болады.
Математикалық әрекеттерді қалыптастыру кезде алгоритмдерді пайдаланудың
жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесіне тікелей қатысты болатын жалпы
дидактикалық сипаты бар, ал бұл өте маңызды. Алгоритмдерді оқыту және
оларды мектеп практикасында пайдалану оқушыларды тәртіпке келтіретіні,
оларды өз ойларын реттеуге және ұйымдастыруға үйрететіні белгілі болды.
Мектепте маематикалық білім берудің алгоритмдік бағытын күшейтудің
қажеттілігін біз келесі қағидалармен дәлелдейміз.
1. Есептерді шешудің алгоритмдерін жасамай тек ЭЕМ-ны дамытып жетілдіру
және қолдану ғана емес, техникалық прогрестің өзін де дамытып
жетілдіру қиындығы жоғары мәселе деп есептейміз.
2. Мектептегі математика курсын жетілдіру қолданбалы математиканы
жетілдірудің негізгі бөлігі ретіндегі алгоритмдік бағытты күшейтудің
маңыздылығы мен қажеттілігі бірінші орынға қояды.
ЭЕМ-нің қарқынды дамуы мен пайдалануы және халық шаруашылығының барлық
салаларына автоматтандыру құралдарымен есепетуші техниканың енгізілуі күн
тәртібіне жалпы білім беретін мектептегі математика курсынада қазіргі
кездегі ЭЕМ-ны қолданудың негізгі элементі ретінде алгоритмдік бағыты
күшейтудің қажеттігі туралы мәселені қойды.
Математиканы оқытудың мақсаттары үшін алгоритмнің “жеңілдетілген”
ұғымын пайдалануды ұсынамыз. “Жеңілдету” оның келесі талаптарына қатысты
болды:
1. Бастапқы берілгендердің (деректердің) құрылымдылығы;
2. Оның операцияларының формальдылығы;
3. Операциялардың қарапайымдылығы;
Мұндай “алгоритмдерде” формальдық сипаттағы амалдармен қатар, орындаулы
олардың мағынасына үңілуді талап ететіндей амалдар да пайдаланылады,
операциялардың элементарлығы алгоритмді қолдану процесінде сынып
оқушыларының бәрі оны орындай білу ретінде түсініледі. Бастапқы
берілгендердің құрылымдылығы маетматика курсының символдық тілімен, осы
тілді оқушылардың игеруіне орай қамтамасыз етіледі. Алгоритмдердің бәрі
жалпылық, анықталғандық және нәтижеләк қасиеттерге ие болуы тиіс.
Алгоритмдер оқушылардың ақыл-ой іс-әрекетін білімді, білікті және
дағдыны жүйелендіру арқылы басқару құралы болып табылады, олар сол білімді,
білікті және дағдыны жаңа жағдайларға көшіруді қамтамасыз етеді, соның
арқасында оқушылар қайтадан жаңалық ашу қажеттілігінен құтылады.
Диссеттацияда алгоритмдерді қалыптастырудың үш принципі атаап
көрсетілген.
Алгоритмдер оқу процесінде келесі бағыттарда пайдаланыла алады:
а) Жұмысты аяқтау кезеңіндегі алгоритм. Алгоритм мұғалімнің, бірқатар
проблемалық мәселелер қоя отырып, сабақ өткізудің эвристикалық әдісін
пайдаланудың нәтижесі ретінде тұжырымдала алады. Бұл жағдайда алгоритмді
қалыптастыру творчествалық сипат алды да дәрістер оқу процесінде
оқушылардың ойлау іс-әрекеттерін белсендірудің нәтижесі болып табылады.
ә) Үй жұмысының түрі ретіндегі алгоритм оқушылардың оқулық материалымен
өзіндік жұмыстары кезінде жасала алады және оқулық материалды игерудің
нәтижесі, амалдар тізбегінің логикалық құрлысының тағайындалуы, жалпыны
жекеленген кезеңдерге бөлу болып табылады. Берілген жағдайда алгоритм
оқушылар өз беттерімен алған саналы да әсерлі білімдердің жемісі болады.
Мұғалім оқушыларға үй жұмысы ретінде функцияның графигін салу алгоритмін,
теңдеулердің немесе теңдеулер жүйесінің анықталған бір түрін шешу есебінің
алгоритмін құруды ұсына алды.
б) Өзіндік жұмысқа басшылық ретіндегі алгоритм. Дайын алгоритм
есептердің қайсыбір түрін шешу дағдыларын игеріп алу бойынша өзіндік жұмыс
кезінде пайдалана алады. Бұл жағдайда алгоритм оқушыларға жазбаша бақылау
жұмысына дайындаудаға өзіндік жұмыс процесінде өздерін тексеруді жүзеге
асыруда, үйге берілген бақылау жұмыстарын орындау кезінде жіберілген
қателермен жұмыс істеуде көмектеседі.
Оқытушы алгоритмді ауызша консультациялар жұргізу кезінде пайдалана
алады. Бұл жағдайда алгоритм программаланған нұсқаудың қорын атқарады.
Біз алгоритмдеу элементтерін оқытудың екі әдістемелік ыңғайын
анықтадық. Біріншісі, оқушыларды игерілген алгоритмдерді практикада
қолдануға дайындау, ал екіншісі оқушыларға белгілі алгоритмдердің таза
математикалық ерекшеліктерін ашу, яғни бұл үшін олардың білім, білік,
дағдысын ескеру әдістемелік тұрғыдан тиімді болады. Себебі біріншісі
сыныптар жоғарылаған сайын жүргізілетін оқу жұмысының ерекшеліктерін
көбірек ескеретін болса, екіншісі төменгі сыныптарда тиімді болады.
Оқушыларға алгоритмдерді оқытудың тиісділік дәрежесін эксперименттік
топтағы №2 бақылау жұмысы мен материалды игеруде және бекітуде алгоритм
пайдаланылмаған топтағы бақылау жұмысының нәтижелерін салыстыратын кестені
келтірейік.
№2 өзіндік жұмысты орындау нәтижелерін салыстыру
Топтар Бағалары Арифмет. Үлгерім % Соның ішінде
Орташа балл (3,4,5 “өте жақсы”,
бағалар) “жақсы” баға
5 4 3 2
Эксперименттік 29 43 25 3 4,0 97 72
Бақылау 8 32 48 12 3,36 88 40

Негізгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы білім беретін орта мектепте информатика курсының мазмұны
Паскаль тіліндегі сызықтық програма есептері
Паскаль тілінде сызықтық бағдарлама құру
Визуалды тілдерде графиканы программалау. Нұсқаулық
Алгоритмдік тілдердің құрылымы
Информатика пәнінің сұрақтары
Мектепте алгоритмдеу және Паскаль тілін оқыту әдістемесі
Орта мектепте программалау негіздерін оқыту
Turbo Pascal программалау тіліне шолу
Тармақталған алгоритмдерді программалау
Пәндер