Банк қызметіне байланысты шарттар



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.4

I 1.1 Банк қызметіне байланысты шарттарға жалпы түсінік ... ... ... ... ... ...5.14
1.2 Банк қызметіне байланысты шарттардын құқықтық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8.14

II 2.1 ҚР.ның банктерінің қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15.17
2.2 ҚР.ның банк қызметінің негізгі түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17.24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25.26

Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 38-тарауында банктік қызмет көрсету туралы жалпы ережелер жинақталған. Бұл шарттың мәнісі: Бір тарап (банк) екінші тараптың (клиенттің) тапсырмасы бойынша банктік қызмет көрсетуге, ал клиент, егер шартта көзделмесе, осы көрсетілген қызметке ақы төлеуге міндеттенеді. Осылайша, банктік көрсеті шарты , жалпы ереже бойынша, консенсуалды және ақылы шарт болып табылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі банктік қызмет көрсету шарттарының төмендегідей түрлерінің тізімін көрсетеді:
1. Банктік шот шарты;
2. Ақша аудару шарты;
3. Банк салымы шарты, ол негізінен несиелік қатынастарды қамтамасыз ететін болғандықтан жоғарыда қарастырылып өткен;
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi: (Жалпы және Ерекше бөлiмдерi). Ресми мәтiн 2001 жылдың 1 қазанына берiлген.- Алматы: Юрист, 2001.- 309 б.
2. Төлеуғалиев Ғ. И. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы: Жоғары оқу орындарына арн.академиялық курс.Оқулық. 1-том.- Алматы: Жетi Жарғы, 2001.- 376 б.
3. Ынтымақов, С.А. Азаматтық құқық [Мәтін]: практикум (жалпы бөлім). "Дәнекер" халықаралық құқық және халықаралық бизнес институты.- Астана: Дәнекер, 2005.- 155, [1] б.
4. Ақша, несие, банктер. Оқулық / жалпы редакциясын басқарған Ғ.С.Сейітқасымов –Алматы: Экономика, 2001. -466 б.
5. Банковское дело / под ред. Г.С. Сейткасимова –Алматы: қаржы-қаражат, 1998 -576 с.
6. Н.Н.Хамитов, Р.Ж.Байбулатов. Банковский надзор в Казахстане. Алматы, -2001 –312 с.
7. Деньги, кредит, банки: Учебник / под ред. Е.Ф..Жукова. –Москва, 1998, 454-с.
8. Банковское дело: учебник / под ред. О.И. Лаврушина –Москва: Финансы и статистика, 1998. – 576-с.
9. В.М.Усоскин.Современный коммерческий банк: управление и операции. Учебник. Москва, 1999 –376 с.
10. Г.Т.Калиева. Коммерческие банки в Казахстане и проблемы обеспечения их устойчивости. Автореферат. 08.00.10.-1999. –45 с.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4

I 1.1 Банк қызметіне байланысты шарттарға жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ...5-14
1.2 Банк қызметіне байланысты шарттардын құқықтық

сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .8- 14

II 2.1 ҚР-ның банктерінің
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15-17
2.2 ҚР-ның банк қызметінің негізгі
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17-24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .25-26

Пайдаланылған әдебиеттер
тiзiмi ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Кiрiспе

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 38-тарауында
банктік қызмет көрсету туралы жалпы ережелер жинақталған. Бұл шарттың
мәнісі: Бір тарап (банк) екінші тараптың (клиенттің) тапсырмасы
бойынша банктік қызмет көрсетуге, ал клиент, егер шартта көзделмесе,
осы көрсетілген қызметке ақы төлеуге міндеттенеді. Осылайша, банктік
көрсеті шарты , жалпы ереже бойынша, консенсуалды және ақылы шарт
болып табылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі банктік қызмет
көрсету шарттарының төмендегідей түрлерінің тізімін көрсетеді:
1. Банктік шот шарты;
2. Ақша аудару шарты;
3. Банк салымы шарты, ол негізінен несиелік қатынастарды
қамтамасыз ететін болғандықтан жоғарыда қарастырылып өткен;
4. заңнамамен немесе тараптар келісімімен көзделген өзге де шарт
түрлері.
Банктік шот шарты бұл – кешенді есеп айырысу міндеттемелерінің
құрамына кіретін құқықтық қатынас. Онда осы шарттық қатынаспен қатар
әрқашан да төлемдерді жүзеге асырумен байланысты құқықтық
қатынастар да туындайды. Яғни, есеп айырысу міндеттемелерін жүзеге
асыру әрқашан осы қатынастардың орын алуына тәуелді болады.
Банктік шот шарты бойынша бір тарап (банк) екінші тарапқа
(клиенттің) пайдасына түсетін ақшаны қабылдауға, клиенттің клиентке
немесе үшінші тұлғаларға ақшаның тиісті сомаларын аудару (беру)
туралы өкімдерін орындауға және банктік шот шартында көзделген
басқа да қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.
Банк салымы шарты бойынша бір тарап (банк) екінші тараптың
(салымшыдан) ақша (салым) алуға, олар бойынша банктік салым шартында
көзделген мөлшерде және тәртіппен сыйақы төлеуге және салымның осы
түрі үшін заң актілерінде және шартта көзделген жағдайлар мен тәртіп
бойынша салымды қайтаруға міндеттенеді.
Біздің осы тақырыпты таңдап алған себебіміз де осы тақырыптың
маңыздылығын ашып көрсету болды.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері, оның оның
өзектілігімен дәрежесіне тікелей байланысты туындайды.
Осы курстық жұмысты орындау барысында алға қойған мақсатымыз
Азаматтық кодексте көрсетілген банктік қызмет көрсету тақырыбының
өзектілігін ашып толық қанды сипаттау.
Осы мақсатты жүзеге асыруда алдымызға қойған ең негізгі
міндетіміз: банктік қызмет көрсету ұғымына, нысаны мен
мазмұнына,сондай-ақ, олардың жекеленген түрлеріне және банктік қызмет
көрсету шартына қатысатын қатысушылардың құқықтық жағдайларын
анықтап, толық дәрежеде сипаттау.

I 1.1 Банк қызметіне байланысты шарттарға жалпы түсінік

Банктік қызмет көрсету шартын ажыратудың маңыздылығы – оны жүзеге
асыру барысында банк пен шаруашылық жүргізуші субьектілер
арасындағы есеп айырысу несие қатынастарының кем дегенде бір
қатысушысының өзара қарым-қатынастарының мәселелері шешілетіндігінде.
Осылайша, бұл шарттар есеп айырысу және несие қатынастарының алғы
шарттары болып табылады
әне бірқатар жағдайларда оларды жүзеге асырудың тікелей тәртібін
де анықтайды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі банктік қызмет
көрсету шарттарының төмендегідей түрлерінің тізімін көрсетеді:
5. Банктік шот шарты;
6. Ақша аудару шарты;
7. Банк салымы шарты, ол негізінен несиелік қатынастарды
қамтамасыз ететін болғандықтан жоғарыда қарастырылып өткен;
8. заңнамамен немесе тараптар келісімімен көзделген өзге де шарт
түрлері.
Өз құжаттарына меншік құқығын жүзеге асыру мүмкіндігін
клиенттің кедергісіз жүзеге асыру кепілдігін құрған жағдайда банк
шоттағы ақшаны пайдалана алады және төлем айналымына жәрдемдесетін
шарттарды жүзеге асыру барысында несиелік сипаттағы қатынастар пайда
болады.
Есеп айырысу қызметтерін көрсету бойынша шарттарға төлем
тапсырыстарымен есеп айырысу шартын, аккредитивтермен есеп айырысу
шартын, төлем тапсырыстарымен, талаптар мен инкассалық бөлікткрімен
есеп айырысу жүзеге асатын қарыздың талаптарды инкассациялау шартын
жатқызу керек. Бұл топқа банк аралық есеп айырысумен байланысты
шарттар жа жатады: корреспонденттік қатынастар орнату туралы шарт,
клирингтік төлемдерде есеп айырысу шарты.
Банктік шоттармен байланысты байланысты шарттардан басқа, төлем
айналымына жәрдемдесу бойынша банктік шарттарға металдық шоттарды
жүргізу кезінде бекітілетін металлдық шот шартын жатқызу қажет. Оның
мәнісі – Сақталатын құндылықтардың құнын клиенттік есепке алудан
көрінеді. Сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында клирингтік операцияларды
жүзеге асырумен байланысты шарттарды да еске салған жөн.
Аталған шарттардың кейбіреулерін кейінірек қарастырамыз. Төлем
айналымына әсер ететін банкті қызмет көрсету туралы жалпы ережелер
біздің курс заңнама құрылымына негізделетіндіктен қарастырылады. Осы
орайда банк пен клиенттің әрекетсіздігі жүзеге асырылатын түпкілікті
мәселелерді айқындау орынды болып табылады. Бұл материалды одан
әрі қайталамалауға да көмектеседі.
Азаматтық-құқықтық және есеп айырысу көзделген өзге де
қатынастардың әртүрлі субьектілері арасында есеп айырысуды жүзеге
асыруға мүмкіндік туғыза отырып, банктер банктік қызмет көрсету
туралы шарттар бекітілген тұлғалардың мүдделерін сақтауға тиіс.
Банктер клиенттердің шарттарындағы ақша қаражаттарына иелік етуді тек
қылмыстық іс жүргізушілік және азаматтық іс жүргізушілік
заңнамалардың нормаларына сәйкес сот шешімі, тергеу, анықтау
органдарының және сот шешімдерін атқаратын органдардың қаулылары
бойнша сот шектей алады.
Ақша қаражаттарына иелік етуге тыйым салуды шектеу мерзімдері
қылмыстық іс жүргізішілік және азаматтық іс жүргізішілік заңнамамен
көзделген мерзімдерден аспауға тиіс. Тергеу мен анықтау органдарының
клиентің ақшасына иыйым салу туралы шешімдеріне заң актілерінде
белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Заңды тұлғалар мен азаматтардың ақша қаражаттарын олардың
келісімінсіз алып қоюға тек соттың заңды күшіне енген үкімнің немесе
шешімнің немесе сот бұйрығының негізінде ғана жол беріледі.
Банк қандай да бір негіздер бойынша ақша қаражаттарын аудара
отырып, төлеу жөніндегі барлық талаптарды қанағаттандыру үшін
клиенттердің шоттарындағы қаражаттардың жеткіліктігін ескеруге
міндетті. Клиенттің немесе өзге тұлғалардың төлеу жөніндегі өкімдерін
атқара отырып, банк олардың келу кезектілігін (күнтізбелік
кезектілігін) басшылыққа алады. Клиенттің банктегі ақшасы клиентке
қойылған кезекті талапты қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған
жағдайларда, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген
жағдайларды қоспағанда, банк аталған талапты қанағаттандыруға
жеткілікті соманы клиенттің пайдасына түсетін ақша есебінен
жинақтайды. Егер клиентке бірнеше талап қойылса, банк оларды
қанағаттандырудың тиісті кезектілігін сақтайды. Бұл жағдайда банктік
есеп айырысуды реттейтін нормалар заңды тұлғалар мүмкін, олар
таратылған кезде, өндіруге жүгіну кезектілігін белгілейтін Азаматтық
кодекстің жалпы бөлімінің нормаларына сәйкестендірілген.
Бірінші кезекте еңбек шарты бойынша, оның ішінде келісім-шарт
бойынша жұмыс істейтін адамдармен демелыс жәрдемақылары мен еңбекақы
төлеу бойынша, авторлық шарт жөніндегі сыйақы төлеу бойынша есеп
айырысу үшін ақша алуды көздейтін атқарушы құжаттар бойынша ақша
алу жүргізіледі.
Үшінші кезекте басқа да ақшалай талаптарды қанағаттандыру
көзделген атқарушы құжаттар бойынша ақша беру жүргізіледі.
Төртінші кезекте клиенттің бюджет алдындағы міндеттемелері
бойынша ақша алу жүргізіледі.
Бесінші кезекте клиентке қойылған басқа да талаптарды
қанағаттандыру үшін күнтізбелік кезектілік тәртібімен ақша алу
жүргізіледі. Осылайша атқарушылық күші бар құжаттарға негізделген
талаптарға азаматтық-құқықтық міндеттемелер бойынша несие берушілерден
және клиенттердің өздерінен шығатын төлеу туралы өкімдер алдында
басымдық берілген.
Бір кезектілікке жататын талаптар бойынша ақша алу атқарушы
құжаттардың (төлеу туралы өзге де өкімдердің) түсу уақыты бойынша
кезектілікпен жүзеге асырылады.
Клиент болып табылатын заңды тұлға тараған кезде кредит
берушілердің талабын қанағаттандыру Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексінің 51-бабында тікелей көзделген кезектілікпен
жүргізіледі (ҚР АК-ң 742-б 3т).
Банк құпиясын жария етпеуге банк кепілдік береді. Банк құпиясы
- бұл банк депозиторлары, клиенттері мен корреспонденттері
шоттарының бар-жоғы, олардың иелері мен нөмірлері туралы, сол
шоттар мен банктің өз шоттарындағы ақшалай қаражаттың қалдығы мен
қозғалысы туралы, банк операциялары туралы (банк операцияларын
жүргізудің жалпы шарттарынан басқа), сондай-ақ клиенттердің банктің
сейф жәшіктерінде шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан
мүлкінің баржоғы, олардың иелері, сипаты мен құны туралы
мәліметтердің қатаң құпиялығының режимі. Тарату процесірдегі банкпен
берілген несиелер туралы мәліметтер банк құпиясына жатпайды.
Банк құпиясын құрайтын мәліметтерді беру тәртібі, сондай-ақ
олар берілуі мүмкін субьектілер аясы Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының банктер мен банк қызметі туралы Заңының
50-бабына сәйкес анықталады.

1.2 Банк қызметіне байланысты шарттардын құқықтық
сипаттамасы

Банктік шот шарты бұл – кешенді есеп айырысу міндеттемелерінің
құрамына кіретін құқықтық қатынас. Онда осы шарттық қатынаспен қатар
әрқашан да төлемдерді жүзеге асырумен байланысты құқықтық
қатынастар да туындайды. Яғни, есеп айырысу міндеттемелерін жүзеге
асыру әрқашан осы қатынастардың орын алуына тәуелді болады.
Қазақстан Республикасының Заңында банктік шот пен клиент арасында
салым (депозитті) қабылдау бойынша шарттық қатынастарды көрсететін
тәсіл ретінде және банктің төменде көрсетілген операцияларды жүзеге
асырумен байланысты анықталады:
1. Клиентке тиесілі ақшалардың болуы мен пайдалануын банктің
қамтамасыз етуімен байланысты;
2. Клиент пайдасына ақшаны қабылдаумен байланысты;
3. Банктік шот шартымен немесе банк салымы шартымен көзделген
тәртіппен ақшаны үшінші тұлғалардың пайдасына аудару туралы
клиенттің өкімін орындаумен байланысты;
4. Егер бұл банк салымы не банктік шот шартымен көзделмесе,
клиент ақшасын алу туралы үшінші тұлғалардың өкімін
орындаумен байланысты;
5. Банктік шот немесе банк салымы шартымен көзделген тәртіпте
қолма-қол ақшаны клиенттен қабылдауды және оған беруді жүзеге
асырумен байланысты;
6. Банктік шот немесе банк салымы шартымен көзделген тәртіпте,
банктегі клиенттің ақша сомасы және жүргізілген операциялар
туралы ақпаратты клиенттің талап етуі бойынша берумен
байланысты;
7. Банктік шот немесе банк салымы шартымен анықталатын мөлшер мен
тәртіпте сыйақыны төлеумен байланысты;
8. Клиентке шартта, заңнамада немесе тәжірибеде қолданылатын
іскерлік айналым дағдыларында көзделген өзге де банктік қызмет
көрсетуді жүзеге асырумен байланысты. Банктік шоттар банк
пен клиент банктік шот немесе банк салымы шартын бекіткен
кезде ашылады.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы банктер
және банк қызметі туралы Заңының 20-бабында көрсетілгендей заңды
және жеке тұлғалардың банктік шоттарын, банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың
корррспенденттік шоттароын ашу мен жүргізу банктердің операцияларына
жатқызылады.
Банктік шот шарты бойынша бір тарап (банк) екінші тарапқа
(клиенттің) пайдасына түсетін ақшаны қабылдауға, клиенттің клиентке
немесе үшінші тұлғаларға ақшаның тиісті сомаларын аудару (беру)
туралы өкімдерін орындауға және банктік шот шартында көзделген
басқа да қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.1.2., 199б.
Банктік шот шарты консенсуалды сипатқа ие. Ол оның барлық мәнді
жағдайлары бойынша тараптар келісімге келген кезде жасалды деп
есептеледі. Банктік шот шартының мәнді жағдайларына мыналар жатады:
➢ Пәні туралы;
➢ Банкте орналасқан ақшаны басқару туралы;
➢ Банкпен қызмет көрсету және оларға ақы төлеу тәртібі
туралы жағдайлар.
Банктік шот шартының қосымша жағдайлары заңнамада көзделуі мүмкін.
Банктік қызмет көрсету аясындағы бекітілетін шарттардың ерекшелігі –
оның жаңдайлары, соның ішінде банктік шот жүргізу жағдайында, банк
заңнамаларымен анықталатындығында. Бұған қоса, банктер Қазақстан
Республикасының Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі
туралы Заңының 31-бабының 1-тармағына сәйкес сол бір немесе өзге
операцияларды тек оларды жүргізудің жалпы ережелерін анықтайтын
ережелер және ішкі ережелер болған кезде ғана жүзеге асыруға
құқылы.
Бірақ бұл айтылған сөз клиенттер таңдау мүмкіндігінен айырылады
дегенді білдірмейді. Банктер клиенттің бірінші талабы бойынша
операцияларды жүргізудің жалпы жағдайлары туралы Ережелерді беруге
міндетті. Тиісінше болашақ клиентт ең алдымен банктің шотты жүргізу
жағдайларымен танысуға тиіс және алдағы уақытта олар банк пен
клиенттк келісімінің аясыменнқамтылатын болады. Шартпен және банк
клиентт келісімінің аясымен қамтылатын талаптардың құқықтары мен
міндеттері азаматтық және банк заңнамасына сәйкес анықталады.
Мәселен, банктік шот операциялары Қазақстан РеспубликасыҰлттық Банк
басқармасының 2 маусым 2000 жылғы № 266 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік шоттарын
ашу, жүргізу және жабу туралы нұсқаумен реттеледі. Заңды тұлғалар
мен азаматтар қызмет көрсету үшін банкті өздері дербес таңдайды
және банктік шот шарттарын бір бірнеше банктермен бекітуге құқылы.
Банктік шот шартында құқықтар мен міндеттер шарттың екі тарабында
да туындайды, сондықтан ол екі жақты шарт ретінде қарастырылады.
Банктік шот шарты банктік қызмет көрсету шарттарына жататын
болғандықтан, ол, жалпы ереже бойынша шот иесі (клиент) үшін
ақылы болып табылады. Клиенттің ақша қаражаттарын пайдаланғаны үшін
сыйақыны банк төлейді. Қахақстан Республикасының Азаматтық кодексінің
751-бабына сәйкес банк шартпен анықталады, бірақ сыйақыны төлеу
күнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің қайта қаржыландыруының
ресми ставкасынан кем емес мөлшер мен тәртіпте сыйақы төлейді.
Банктік шот шарты жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Банктік шот
шартының жазбаша нысанын сақтаиау осы шарттың жарамсыздығына әкеп
соғады.
Шарт элементтері. Шарт тараптары: банк және клиент – бұл келген
заңды және жеке тұлға. Банк салымдары енгізу кәмелетке
толмағандардың әрекет қабілеттілігімен қамтылатын болғандықтан.
Банктік шот шарты бойынша шот иелері ретінде кәмелетке толмағандар
да бола алады. Әрекет етуші заңнамада жеке және заңды тұлғалар
шоттарының режимі арасында түпкілікті айырмашылық көрсетілмеген, тек
осы шоттарды ашу тәртібінде ғана айырмашылық байқалады. Операцияларды
жүргізу клиенттің құқық, әрекет қабілеттілігінің көлеміне сәйкес
жүзеге асырылатын болады.
Шарт мазмұны. Банктік шот шарты бойынша банк тиісті шот ашуға
тиіс. Жеке және заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары, сондай-ақ
банктердің корреспонденттік шоттары көзделеді. Жоғарыда аталған
операциялар жүзеге асырыла алмайтын шоотар, сондай-ақ банктерде
бухгалтерлік есептік бағыттарын шоттар, баланстық шоттың бөліктері
болып табылатын дербес шоттар, (суббағыттар) соның ішінде ссудалық
шоттар банктік болып табылмайды. Банктегі ақшасын өндіріп алуға
жүгіггенде мұндай өндіріп алу клиенттердің банктік шоттарынан ғана
жүргізіледі ( 29 наурыз 2000 жылғы басылымдағы ҚР-ң Төлемдер және
ақша аударулары туралы Заңының 6-бабы).
Банктік шот шарты бойынша клиентке немесе ол көрсеткен тұлғаға
ақшаны есепке алу мақсаттары үшін, тараптардың келісімге келуі
жағдайында, бір ізге түсірілген дербес код беріледі. Банк клиенттің
шотарындағы ақшаның есебін жүргізуге міндетті. Код беру мен ақша
есебін жүргізудің тәртібі юанк заңнамасымен анықталады.
Банк шарт жағдайларына, заңнама талабына және іскерлік айналым
дағдыларына сәйкес жоғарыда аталған операцияларды атқаруға міндетті.
Банк клиенттің пай дасына келіп түскен ақшаны қабылдауға, сондай-
ақ клиенттің ақшасын алып қоюды немесе оның ақшасын беруді, егер
заң актілерінде және соларға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі шығарған нормативтік құқықтық актілерде өзге мерзімдер
көзделмесе, оның бір ізге түсірілген дербес коды бойынша тиісті
нұсқаумен банкке келіп түскен күннен кейінгі келесі кешіктірілмей,
сондай операцияларды көрсете отырып жүогізуге міндетті.
Банктік шоттар бойынша көшірмелер беруді банктер шартқа сәйкес
жүргізеді. Банк клиенттерге олардың шоттары бойынша көшірмені
электрондық тәсілмен не, егер ол шартта көзделмесе, қолма-қол беру
(жеткізу) бойынша қызмет көрсетуге құқылы.
Егер заңнамада немесе банктік шот шартында өзгеше көзделмесе, банк
клиенттің ақшаны пайдалану бағытын белгілеу мен бақылауға және оның
өз қалауынша ақшаға билік ету құқығына заңнамада көзделмеген шек
қоюға құқығы жоқ. Клиент банктік шотты ашу үшін қажетті құжаттарды
беруге міндетті. Оның тізімі Қазақстан Республикасының резидент –
заңды тұлғалары үшін, Қазақстан Республикасының резидент – жеке
тұлғалары үшін, шаруа қожалықтары , резидент емес заңды және жеке
тұлғалар үшін, филиалдар мен өкілдіктер үшін шот ашу кезінде,
мемлекеттік мекемелер үшін әртүрлі болып табылады. Филиалдар мен
өкілдіктер құқықтық дербес субьектілері болып табылмайды және соған
байланысты, олар не банктік шот шартының тарабы, не олардың иесі
бола алмайды. Сонымен бірге олардың өздері немесе олар үшін заңды
тұлғалар ашқан шот филиалдың (өкілдіктің) қызметін қамтамасыз ету
ұшін арналады.
Резидент – заңды тұлғалардың шотын ашу үшін қол және мөр таңбалары
бар құжаттар, клиенттің салық есебіне слыну фактісін куәландыратын
салық қызметі органымен берілген құжаттың түп нұсқасы, заңды тұлғаны
мемлекеттік тіркеуге алу туралы құжаттың көшірмесі беріледі.
2.8.,138 б. Заңды тұлғаның фидлиалдарының (өкілдіктерінің) шотын ашу
кезінде филиал (өкілдік) басшысына зваңды тұлғамен берілген
сенімхаттың көшірмесін, жарғының не филиалдың (өкілдіктің) үлгілі
жарғы негізінде қызмет ету фактісін куәландыратын құжаттың нотариалды
куәландырылған көшірмесін қосымша беру қажет. Мемлекеттік мекемелерге
шот ашу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің рұқсаты
қажет. Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының сияқты,
басқа да субьектілердің шоттарын ашу үшін қажет құжаттардың тізімі
Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік шоттарын
ашу жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаудың 10-тармағымен
анықталады.
Клиент бір банкте (оның филиалдары мен өкілдіктерінде) бірнеше
шоттар ашқан жағдайда банк клиенттер шот ашу үшін көзделген
құжаттары қайта беруді талап етуге құқылы. Бірақ бұл ереже
клиенттер – заңды тұлғалар үшін қол және мөр таңбалары бар
құжаттарға қатысты, клиенттер – жеке тұлғалар үшін қолтаңбасы бар
құжатпен жеке басын куәландыратын құжатқа қатысты қолдпныдмайды. Бұл
банк филиалдарында (бөлімшелерінде) жаға шарттарды ашуға ғана емес;
сонымен қатар шот басқа банкте ашылған және бірінші шот ашылған
банктен, соның ішінде қолда бар құжаттарды электрондық тәсілмен беру
жолымен расталған жағдайда да қолданылады. Растау тәртібін банктің
өзі дербес анықтайды.
Сондай-ақ, клиенттің міндеттерін шот бойынша операцияларды жүргізу
кезінде банктік ережелерді сақтау және шот бойынша операцияларды
жүогізуге банк шығындарын өтеу жатады.
Егер ақша азаматпен енгізілсе, онда банктегі ақшаға билік етуге
сол азаматтың өзі не осындай құқықты сеніп тапсырған тұлға құқылы
болады.
Егер ақша заңды тұлғамен кенгізілсе, онда банктегі ақашға билік ету
құқығын осы заңды тұлғаның басшысы және ол уәкілдік берген
тұлғалар, мәселен, бас бухгалтер пайдаланады.
Клиенттің атынан банктегі ақшаға билік етуді жүзеге асырып жатқан
тұлғалардың құқықтары клиентпен заңнамада немесе шартта көзделген
құжаттарды беру жолымен расталады.
Клиент, егер заңнаманы немесе шарттпен өзгеше көзделмесе, кез-келген
уақытта банктік шот шартын бір жақты түрде бұзуға құқылы.
Бұл жағдайда банктік шот жабылады, клиенттің ісінде шотты жабу
негізі көрсетілуге тиіс. Банктік шотты оған қатысты орындалмаған
талаптар болған кещде жабуға тыйым салынады. Бұған клиент-заңдыи
тұлғаның таратылуы немесе қайта құрылуына не заңды тұлға шотында
бір жылдан астам уақыт, ал жеке тұлға шотында 3 жылдан астам
уақыт ақша болмауға байланысты шот жабу жағдайлары кірмейді.

II 2.1 ҚР-ның банктерінің қызметі

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 38-тарауында
банктік қызмет көрсету туралы жалпы ережелер жинақталған. Бұл шарттың
мәнісі: Бір тарап (банк) екінші тараптың (клиенттің) тапсырмасы
бойынша банктік қызмет көрсетуге, ал клиент, егер шартта көзделмесе,
осы көрсетілген қызметке ақы төлеуге міндеттенеді. Осылайша, банктік
көрсеті шарты , жалпы ереже бойынша, консенсуалды және ақылы шарт
болып табылады.1.2., 197 б.
Біздің заңнама банктік қызмет көрсетуге қатысты жалпы
нормаларды бекіте отырып алға қарай кезекті қадам жасады және осы
бағытта ол кейбір көршілес мемлекеттердің азаматтық заңнамаларының
алдында келеді. Мысалы, мұндай нормалар Қырғыз Республикасының, Ресей
Федерациясының Азаматтық кодекстерінде жоқ. Болашақта аралас
шарттардың жекелеген топтарын қалыптастыру кезінде әрқашан да
олардың өздеріне тән белгілерін ажырата отырып, жалпы түрде
азаматтық заңнамада бекіткен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақ "тұранәлем банкінің" құрылу тарихы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мақсаттары туралы
Коммерциялық банктің негізгі операциялары
Банктегі несиелік үрдістер
Банктік бақылау мен қадағалаудың түсінігі,түрлері
Ақша қаражаттарының шығуы
Зерттеудің объектісі - банктің ақша қаражатын заңсыз пайдалану қылмысы
Банктік шот шарты
Жеке табыс салығы және төлем көзінен салық салынатын табыстар
Қаржылық есеп беру
Пәндер