Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. БЕЙБІТШІЛІК ПЕН АДАМЗАТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ
ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... 5

2. БЕЙБІТШІЛІК ПЕН АДАМЗАТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАРСЫ
ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.1 Бейбітшілікке қарсы қылмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2.2 Соғыс қылмыстары мен адамзатқа қарсы және халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдарға қарсы қылмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.3 Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік.топтық және рулық астамшылдықты насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу жөніндегі конституциялық принципке қол сұғу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.4 Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстармен күрес ... ... .17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Курстық жұмыстың өзектілігі. Конституциямыздың 1 – бабына сәйкес «Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Қазақстан халқын толғандыратын мәселелердің қатарында соңғы жылдары әрбір азаматтың өмір сүруіне қауіпсіз жағдайлар қалыптастыру, бостандық және жеке басқа қол сұғушылық конституциялық құқығын сенімді қорғауды қамтамасыз ету мәселелері де алдыңғы қатарға шыға бастады. Азаматтардың конституциялық құқықтарына қылмыстардың ауыр және ерекше ауыр санаттары ең үлкен зиян тигізеді. Адамды кепілге алу қылмысы да осы санатқа жатады [1].
1. Алексеев Н.С. Злодеяния и возмездие: преступления против человечества. М., 1999.
2. Рахметов С.М., Кременцов С.А. Преступления против мира и безопасности человечества. Алматы, 2007.
3. Шахунянц Е.А. Международно–правовые обязательства и внутригосударственное уголовное законодательство. М., 2007
4. Адельханян Р. Агрессия как преступление против всеобщего мира. //Законность.- 2009.- № 6.
5. Наумов А. В. Преступления против мира и безопасности человечества и преступления международного характера //Государство и право. - 2005. - № 6.
6. Ромашев Ю.С. Концептуальная модель преступлений международного характера, совершаемых на море. //Государство и право.–2007. - № 12.
7. Сагандыкова Н. Преступность, которая не знает границ. //Ваше право. – 2008.- № 7
8. Амреева А.А. Діни экстремизм мен терроризмнің саяси-элеуметтік негіздері. А.: ҚазҰПУ 2009.- 27бет.
9. Избакиев Э.Д. Терроризм - современная реальность в контексте национальной безопасности Республики Казахстан: автореф. ... канд. полит, наук. А.: КазНПУ, 2009.-С.28.
10. Амреева А.А. Діни экстремизм мен терроризм: мәні және Қазакстандағы ықпалы» - Алматы, 2005.-2076.
11. Агыбаев А. Преступления против мира и безопасности человека // Фемида.- 2011. - № 4.- С. 8-12

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. БЕЙБІТШІЛІК ПЕН АДАМЗАТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ
ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... 5

2. БЕЙБІТШІЛІК ПЕН АДАМЗАТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАРСЫ
ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ
ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .8
2.1 Бейбітшілікке қарсы
қылмыстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..8
2.2 Соғыс қылмыстары мен адамзатқа қарсы және халықаралық қорғау аясындағы
адамдар мен ұйымдарға қарсы
қылмыс ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..12
2.3 Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық
астамшылдықты насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу жөніндегі
конституциялық принципке қол
сұғу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.4 Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстармен
күрес ... ... .17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .28
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..30
 
 
 

КІРІСПЕ
 
Курстық жұмыстың өзектілігі. Конституциямыздың 1 – бабына сәйкес
Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам
және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Қазақстан халқын толғандыратын мәселелердің қатарында соңғы жылдары әрбір
азаматтың өмір сүруіне қауіпсіз жағдайлар қалыптастыру, бостандық және жеке
басқа қол сұғушылық конституциялық құқығын сенімді қорғауды қамтамасыз ету
мәселелері де алдыңғы қатарға шыға бастады. Азаматтардың конституциялық
құқықтарына қылмыстардың ауыр және ерекше ауыр санаттары ең үлкен зиян
тигізеді. Адамды кепілге алу қылмысы да осы санатқа жатады [1].
Берілген курстық жұмыс қазіргі таңдағы ең актуальді және маңызды
ғаламдық проблемалардың бірі – бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы
қылмыстарға арналған. Өйткені бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі қазіргі
өркениетті қоғам дамуының және жекелеген адамдардың тыныштығының бірден бір
міндетті шарты болып табылады. Мемлекет пен халықтардың, әлеуметтік,
этникалық, діни топтардың тыныш тіршілігіне қол сұғу, агрессивті соғыс,
геноцид нәтижесінде адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіру
халықаралық құқықпен ауыр қалмыстар қатарына жатқызылады. Соңғы кезде
қылмыстардың аталған түрлерінің саны едәуір артуда. Екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін алғашқы рет геноцидпен байланысты, соғыс жүргізу ережелерін
бұзумен байланысты қылмыстар пайда болды. Халықаралық қылмыстармен күресуде
мемлекет қызметінің құқықтық негізі болып халықаралық қылмыстық құқық
табылады. Қазіргі таңда әлемде үш жүзден аса халықаралық қылмыстар және
олардың жазалануы туралы халықаралық шарттар жасалған.
Құқықтық мемлекетті құра отырып және ұлттық қауіпсіздікті нығайта
отырып, Қазақстан Республикасы халықаралық қауымдастық мүшесі ретінде
жоғарыда аталған қылмыстармен күресу үшін көптеген халықаралық
конвенцияларға қосылуы тиіс. Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық
кодексіне бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін сақтау бойынша баптар
қосылған. Өйткені Қазақстан Республикасына терроризм, діни экстремизм
мәселесі жат емес. Әлемде кең тараған Хизб-ут-Таһир ұйымының құлаш жайып,
мақсаты ислам халифатын құрып, Қазақстанның конституциялық құрылымын
өзгерту болып табылатын бұл қауіпті ұйымның қолдаушылары өкінішке орай аз
емес. 2004 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты Хизб-ут-таһир,
Өзбек-Ислам халифаты сияқты барлығы бес террористік, экстремистік ұйымның
ел аумағында қызмет етуіне тыйым салу туралы шешім шығарылған болатын .
Осыған орай берілген курстық жұмыстың негізгі мақсаты келесілер болып
табылады:
бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға жалпы
сипаттама беру;
бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жекелеген
түрлерін ашып көрсету;
Осы мақсаттарды орындау үшін курстық жұмыс келесі міндеттерді шешеді:
бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың объектісі
мен объективтік жағын, субъектісі мен субъективтік жағын ашып көрсету;
бейбітшілікке қарсы, соғыс қылмыстары, адамзатқа қарсы, халықаралық
қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдарға қарсы қылмыстар деп жіктеп, әр
қайсысына жеке жеке тоқталу.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады.
Жұмыстың бірінші тарауы Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы
қылмыстардың жалпы сипаттамасы деп аталып, онда аталған қылмыстардың мәні
ашылып, толық сипаттама берілген, халықаралық құқықтық нормалардағы алатын
орны бейнеленген. Екінші тарау Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне
қарсы қылмыстардың түрлеріне арналған. Қылмыстардың әр түрлері ашылып
көрсетіліп, мән-мағынасы ашылған, субъектісі мен субъективтік жағы
бейнеленген. Соңғы қорытынды бөлімде, осы жұмыстың барлық өзекті мәселелері
түйінделіп, жинақталған, Қазақстан Республикасында бейбітшілік пен адамзат
қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың алдын алу шаралары көрсетілген.

1. БЕЙБІТШІЛІК ПЕН АДАМЗАТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ
СИПАТТАМАСЫ

Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі – жалпы қоғамның және жеке
адамның дамуының міндетті және басымда шарты боп табылатын қазіргі
өркениеттің маңызды әлеуметтік құндылықтарының бірі. ҚР-ның қылмыстық
кодексінде заңшығарушы бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы
қылмыстарды алғаш рет жеке тарауға бөліп шығаруы ұлттық қылмыстық
заңдылықты халықаралық конвенцияларға сәйкес сипатқа келтіруі болып
танылады. Бұл тарауға 9 қылмыс құрамы енгізілген. Соның ішінде алтауы ҚР ҚК
156, 158-161, 163 баптар жаңалық болып табылады. ұш қылмыстың құрамы
бұрыннан ҚазССР Қылмыстық кодексінде белгілі болған.
Соғысты насихаттау, жалдамалылық,  ұлттық және нәсілдік теқ құқықты
бұзу құрамдары жаңа редакцияда енгізілген. Бұл тараудың бөліну негізі
ретінде бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігі, яғни, халықаралық құқық
нормаларын сақтау нәтижесінде қалыптасатын және мемлекет пен халықтардың
өмір сүру негізін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар сонымен қатар
халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін негізгі
қағидалар құрайтын қол сұғушылықтың жалпы топтың объектісі болып табылады.
Бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың құрамдарының
барлығы формальды. Олардың объективтік жағы міндетті белгі ретінде тек қана
қоғамға қауіпті әрекетті жасауды жатқызады. Ал қоғамға қауіпті зардаптардың
туындауы құрамның шегінен тыс [2].
Жалдамалылық (ҚК 162 б) халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе
ұйымдарға шабуыл жасау (ҚК 163 б) және әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік
немесе діни араздықты қоздыру (ҚК 164 б) құрамдарының сараланған түрлері
ерекше.
Араласқан конструкциясы бар қылмыс құрамы экоцид (ҚК 161 б), онда заң
шығарушы қылмыстың объективтік жағын сипаттай отыра, егер әрекеттің
нәтижесінде экологиялық апат туғызылған немесе туғызылуы мүмкін жағдайда
жазаланушылық шартын бекіткен.
Бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы жасалатын барлық
қылмыстар кінәлінің белсенді әрекеттері арқылы жасалынады. Кейбір
құрамдардың объективтік жағының (мысалы, соғыс жүргізудің тиым салынған
құрамдары, мен әдістерін қолдану) міндетті белгісі ретінде қылмыстық
жасалуының ерекше жағдайы әскери кикілжің немесе әскери әрекеттер жағдайы
және қылмыстың жасалу орны басып алынған аумақ жатады. Қылмыстың жасалу
тәсілі соғыс жүргізудің тиым салынғал құралдары мен әдістерін қолдану (ҚК
159 б), геноцид (ҚК 160 б) айқындалған. ҚК-нің ерекше бөлімінің 4
тарауындағы қылмыстардың экоцидтен басқасы субъективтік жағынан кінәнің
тікелей қасақаналығымен сипатталады. Кейбір қылмыстар үшін заң шығарушы
субъективтік жағының міндетті белгісі ретінде қылмыстың жасаулының арнайы
мақсатын (мысалы), геноцид үшін ұлттық этникалық, нәсілдік немесе діни
топты толық немесе ішщінара жою мақсаты, халықаралық қорғау аясындағы
адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау үшін соғысқа арандату немесе
халықаралық жағдайды ишеленістіру мақсаты көздейді.
Бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар субъектісі есі
дұрыс 16 жасқа толған адам. Кейбір қылмыстар арнайы субъектіні таниды,
мысалы, мемлкеттік жауапты қызмет атқарып отырған лауазымды адам (ҚК 157 б
2 б), қоғамдық бірлестіктің жетекшісі немесе дінің қызмет жағдайын
пайдаланатын адам (ҚК 164 б 2 б).
Бейбітшілік  және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарды төмендейдей
сараптауға болады:
1.     Бейбітшілікке қарсы қылмыстар (ҚК 156-158 бб)
2.     Әскери қылмыстар (ҚК 159 б)
3.     Адамзатқа қарсы қылмыстар (ҚК 160, 161 б)
4.     Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қол сұғатын қылмыстар
(ҚК 162-164 б)
2. БЕЙБІТШІЛІК ПЕН АДАМЗАТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.1. Бейбітшілікке қарсы қылмыстар

Бейбітшілікке қарсы қылмыстарға басқыншылық соғысты жоспарлау,
әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу, басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат
жүргізу және жария түрде шақыру, жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе
тарату. Басқаншылық немесе агрессия (латыннан аударғанда шабуыл жасау) 
халықаралық құқық көзқарасы бойынша бір мемлкеттің екіншісіне қарсы заңсыз
күш қолдануы, әсіресе, басқа мемлкетке оның аумағын тартып алу,
тәуелсіздігін жою, саяси және қоғамдық құрылысын өзгерту мақсатында әскери
шабуыл жасау.
ҚК 156 б 1 б көзделген қылмыстың объективтік жағы 3 балама қоғамға
қауіпті әрекеттерден тұрады:
1. басқыншылық соғысты жоспарлау, басқыншылық соғысқа дайындалу,
басқыншылық соғысты тұтандыру
ҚК 156 б 2 б осы қылмыстың сараланған құрамы басқыншылық соғысты
жүргізу үшін қылмыстық жауапкершілік тағайындайды. Сонымен қатар
басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыру
үшін қылмыстық жауапкершілік ҚК 157 б 1 б көрсетілген. Бұл қылмыстық
сараланған белгісі деп бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып жасаған
немесе мемлкеттік жауапты қызмет атқарып отырған лауазымды адам жасаған
әрекет танылады. ҚК 158 б. көзделген қылмыстың заты химиялық, биологиялық
және ҚР-ның халықаралық шартымен тиым салынған жаппай қырып-жою қаруы
табылады. Қарастырылып отырған қылмыстың объективтік жағы:  а) жаппай қырып-
жою қаруын өндіру, яғни кез-келген тәсілмен дайындау (қолдан,
лаборанториялық жолмен заводта дайындау); б) жаппай қырып-жою қаруын табу
(сатып алу, айырбастау, сыйға алу, ұрлау);  в) жаппай қырып-жою қаруын
өткізу, яғни қылмыс затын қайтарымды немесе қайтарымсыз өзінің иелігінен
басқаға беру, сату, айырбастау, сыйлау т. б.
Қазақстан Республикасының Конституцияның көптеген баптарында елге
қауіп төндіру мүмкін негізгі кұбылыстар мен әлемдік негативті үрдістерге
тойтарыс берудің зандык алаңы жасалынған. Мәселе Конституциялык
принциптерге жауап беруге қабілетті зандар жүйесін жасауға келіп тіреледі.
Конституцияда Республиканың мемлекеттілігіне нүқсан келтіруге тырысатын
мүдделі топтар аталып өтілмейді. Алайда нақты құбылыстардың ел
тәуелсіздігіне зиянды ықпалы болуы мүмкіндіктері аталады. Екіншіден,
мемлекетіміз терроризм каупіне карсы күресті заңдык алаңда батыл және
тиімді жүргізу мақсатында 1999 жылы 13 шілдеде Терроризмге қарсы күрес
туралы Қазақстан Республикасының Заңын қабылдады. Заң жобасына қатысты
берілген ескертпелер, толықтырулар, ұсыныстар мен идеялар арқасында заң
қазіргі саяси шындық пен халықаралык ахуалға жауап беретін деңгейге жетті
деп есептеп, мемлекеттік арнаулы органдардың терроризмге карсы курес
қызметін заңмен реттейтін маңызды тетікке айналды. Заңда ұтымды қағидалар
терроризмнің күрделі табиғатын есепке алуға байланысты Қазақстан халқы мен
арнаулы органдарға нақты нұскау ретінде террористік әрекеттер табиғаты
ашылады, Қазақстандағы терроризммен күрес мәселесі тікелей халықаралық
терроризмге қарсы күрес мәселесімен байланыста екендігі есепке алынған,
терроризммен күресте профилактикалық, құқықтық, саяси әлеуметтік -
экономикалық, насихаттық шараларды кешенді қолдану принципі басшылыққа
алынады, заңға сәйкес Республикадағы барлық терроризмге қарсы күштер мен
шараларды үйлестіретін және қатаң орталыктандырып басқаратын Терроризмге
карсы комитет құрылды, заңның 13 бабында терроризмге карсы күрестегі ең
маңызды аспект - терроризмге қарсы операцияға басшылық жасау мәселесі
заңдастырылады [3].
7 бөлімшеден және 24 баптан түратын Тероризмге қарсы күрес туралы
заңнын тиімділігі мен қолданбалық мүмкіндіктерін өте жоғары деп бағалау
әділетті. Сонымен қатар заңды толық талдау барысында оның кейбір
кемшіліктерін де атап өту жөн деп есептейміз.
1. Ең алдымен теракт болған жағдайда оған қарсы шараларды
ұйымдастыратын Оралымды штаб басшысын қандай лауазымды басшы және ол
қандай кәсіби маманды тағайындайды деген маңызды мәселе
нақтыланбаған. Оралымды штаб басшысының ҰҚК басшысы немесе оның бірінші
орынбасары тағайындайтындығын ашық көрсету пайдалы.
2. Шетелде террористік, немесе экстремистік ұйым деп танылған қандай
да болмасын топтың Қазақстан аумағындағы қызметіне қатаң тиым салынады деп
көрсету жөн. Сонымен бірге, Жоғарғы сот террористік, сепаратиста,
экстремистік деп таныған топтардың жасырын қызметтері болган, тоқтатылмаған
жағдайда жазалау санкциялары қаталданады деп көрсету жөн. Ондай талап ішкі
терроризмнің туу себептерін және әлеуметтік тірегін жоюга ат салысады.
Терроризмге қарсы курес туралы заңға қосымша күшті серпіліс әкелген
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 18 акпандағы Экстремизмге карсы іс-
қимыл туралы заңы болды. Себебі, бұл занда экстремизмнің мемлекетке
кауіптілігі деңгейі көрсетілуімен бірге мемлекеттік органдардың,
қауіпсіздік күштерінің экстремизмнің алдын алу саласындағы құзіреттері де
нақты белгіленеді. Қазақстанның ішкі саяси күштерінің қоғамдық тыныштық пен
татулықты сақтаудағы міндеттері нақтыланады Бірінші кезекте терроризм
кұбылысы мен экстремизм құбылысының ара жігі ашылып көрсетілді.
Қазақстан саяси басшылыгы әлемдік қауіптердің бірі ретінде
терроризммен күресудің халықаралық заңнамасына қосылудың қажеттілігін
білді. Қазақстан БҰҰ-ның барлық он үш терроризмге қарсы күрес
конвенцияларына қосылды. Сонымен бірге терроризммен күрестің түрлі
аспектілерін қамтитын зандар, конвенциялар, хаттамалар мен келісімдер
негізінде, олардың талаптарын ескере отыра Қазақстан Үкіметі, Парламенті
мен арнаулы қауіпсіздік кызметі органдары терроризмге карсы күрестің ұлттық
заңнамасын жасады. Біздің зерттеу заңнамада мынадай мәселелерге назар
аударуы қажет.
1. Көптеген қылмыстык әрекеттер белгілі бір террористік топтар
жұмысымен, қызметімен байланысты емес. Бірақта, өз мазмұны мен салдарлары
сипаты жағынан террористтік актілерге ұқсас болғанда заңнама қандай баға
беретінін нақты көрсетіп беруі кажет, - деген өзекті ұсыныстарды сарапшылар
жиі айтады.
2. Соңғы жылдары интернет арқылы терроризм технологиясын
жетілдіру кеңінен жүріп жатыр. Ал, БАҚ болса әрбір кішкентай ғана терактіні
бүкіл әлемге жария етуге, сенсация жасап жіберуге ұмтылады. Сондыктан,
терроризммен БАҚ қатынасын, Интернет желілеріне қатаң зандық шектеулер
қажет. Террориста максатта БАҚ пен Интернетті пайдаланған адамдар қатаң
жазаланатын заңдар қабылдануы маңызды. Бұқаралық ақпараттың террориста
актілерді гипертрофиралауы үшін БАҚ құралдары да жазалануы міндетті.
Себебі, олар ақпараттық сенсация жасаймыз деп терроризмді уагыздағанын,
колдаганын, келесі терактілерге психологиялық жэне әлеуметтік негіз
жасағандықтарын. Сондықтан бүл құбылыс елдің БАҚ туралы заңдарында да
есепке алынуға тиісті.
3. Сонымен қатар сарапшылар түрлі коймалардағы жарылғыш және улағыш
заттарды сақтау, күзету туралы заңнаманы күшейтуді ұсынады. Қазакстанның
әскери қызметі туралы эрбір занда да қару-жарақтың сақталуы, күзетілуі,
заңсыз саудаға түспеуі, ескі қарулар түрлерінің жасырын талан-таражға тусу
фактілерін болдырмау мәселері заңмен бекітілуі керектілігі де ерекше
ескертіледі.
Жалпы терроризмге қарсы күреске қатысты Қазақстанда 20-дан астам
заңнамалык актілер және 3 мемлекеттік бағдарлама бар. Президенттің,
Парламенттің және Үкіметтің терроризмге осыншама маңыз беруі ел басшылығын
терроризм құбылысы ерекше алаңдататынын дәлелдейді. Қазақстандағы мүдделі
топтар мен мемлекеттік органдардың кызметінің барлық негізгі аспектілерін
реттейтін заң актілерінін болуы олардың мақсатты және нәтижелі кызметіне
жағдай жасап отыр деп корытынды жасаймыз.

2.2. Соғыс қылмыстары мен Адамзатқа қарсы және Халықаралық қорғау аясындағы
адамдар мен ұйымдарға қарсы қылмыстар

Келесі қылмыс құрамы соғыс жүргізудің тиым салынған құралдары мен
әдістерін қолдану (ҚК 159 б). Әскери тұтқындарға немесе әскери емес
тұрғындарға қатал қарау, әскери емес тұрғындарды күштеп көшіру, басып
алынған аумақта ұлттық мүлікті тонау, ҚР-ның халықаралық шартымен тиым
салынған құралдар мен әдістерді әскери жанжалда қолдану қол сұғушылықтың
объективтік жағын құрайды. ҚР-ның халықырылық шартымен тиым салынған жаппай
қырып-жою қаруын қолдану ҚР ҚК 159 б 2б бойынша сараланады.
Адамзатқа қарсы қылмыстар тобын геноцид (ҚК 160 б) және экоцид (ҚК 161
б) құрайды. Геноцидтің қоғамға қауіптілігі оны құрайтын қылмыстық әрекетті
жасаунәтижесінде белгілі бір ұлттық, этникалық, нәсілдік және діни топтың
адамдары толық немесе ішінара құртылады немесе құртылып кетуі мүмкін 
қаупінде. Бұл қылмыстың құрамы Нюрнберг және Токио әскери трибуналдарының
жарлығы мен 1948 жылғы геноцид қылмысын алдын-алу және ол үшін жазалау
жөніндегі Конвенциясы негізінде қалыптасқан.
Аталған топтардың мүшелерін өлтіру, олардың денсаулығына ауыр зардап
келтіру, бала тууға күшпен бөгет жасау, балаларды мәжбүрлеп бреуге беру осы
топ мүшелерін қырып-жоюға бағытталған басқа да тіршілік жағдайларын туғызу.
Субъективтік жағы тікелей қасақаналық және ұлттық, этникалық, нәсілдік
немесе діни топтың толық немесе ішінара жойылуын көздейтін арнайы мақсаттан
тұрады. Аталған мақсатты анықтау геноцидті соғыс жүргізудің тиым салынған
құрамдары мен әдістерін қолданудың кейбір нысандары және кейбір жалпы
қылмыстардан (кісі өлтіру және денсаулыққа ауыр зиян келтіру) ажыратуға
мүмкіндік береді.
Экоцид (ҚР ҚК 161 б) адамның өзінің өмір сүруі, қоршаған ортаға
қайтарымсыз зиян келтіретін адамның табиғат ортасына қылмыстық әсері. Бұл
қылмыстың заты- өсімдік және жануарлар әлемі, ауа, жер, су ресурстары.
Халықаралық қылмыстардың объективтік жағы заңда көзделген нысандар:
а) өсімдік немесе жануарлар әлемін жаппай жою
б) ауа, жер,  су ресурстарын улау
в) экологиялық апат туғызатын әрі туғызу қаупі бар өз ге де әрекеттер
және көрсетілген әрекеттер мен зардаптар арасындағы себептік байланыс [4].
Бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы өзге де қылмыстар:
жалдамалылық (ҚК 162 б); халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдарға
шабуыл жасау (ҚК 163 б); әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, діни
араздықты қоздыру (ҚК 164 б).
Жалдамалалақтың объективтік жағы ҚК 162 б 1б диспозициясында көзделген
әрекеттердің бірі: а) азғырып көндіру, б) оқытып-үйрету, в) жалдамалыны
қаржыландыру немесе өзге материалдық қамтамасыз ету, г) оны қарулы жанжалда
немесе соғыс әрекеттерінде пайдалануды жүзеге асырудан тұрады.
ҚР ҚК 162 б 1 б бойынша қылмыс субъектісі кез-келген есі дұрыс, 16
жасқа жеткен адам, 2 б бойынша өзінің қызметтік жағдайын пайдаланатын адам.
Сараланған түрі кәмелетке толмағанға қатысты жасалған осы әрекеттер.
Қарастырылып отырған баптың 3 б жалдамалының әскери жанжал немесе
соғыс әрекеттеріне жеке қатысуын сипаттайды. Ерекше саранған белгісі
жалдамалының әрекеттері адам қазасы немесе өзге де ауыр зардап туындатса
деп танылады. Халықаралық қорғау аясындағы адам немесе ұйымға жабуыл жасау
(ҚР ҚК 163 б) келесі әрекеттер:
1)       Шет елдік мемлекет өкіліне немесе халықаралық қорғау
алсындағы халықарылық ұйым қызметкеріне немесе онымен бірге тұратын оның
отбасы мүшелеріне шабуыл жасау;
2)       Аталған адамдардың қызметтік не тұрғын үй-жайларына, көлек
құралдарына шабуыл жасау;
3)       Осы адамдарды ұрлау немесе күштеу арқылы бостандығынан айыру.

Бұл қылмыстың аяқталу уақыты-заңда келтірілген әрекеттердің бірін
жүзеге асыру, бірақ соғысты ұшықтыру немесе халықаралық қатынастарды
құлдырату мақсатына жету ниеті жүзеге асса болғаны.

2.3 Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық
астамшылдықты насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу жөніндегі
конституциялық принципке қол сұғу

Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру (ҚР
ҚК 164 б) қылмысы құрамы 1965 ж.  Нәсілдік шектетудің барлық нысандарын
жою туралы Халықаралық Конвенция негізінде құрастырылған.
Қылмыстың объективтік жағы а) әлеуметтік, нәсілдік, рулық, ұлттық және
діни араздық немесе ошпенділікті өршіктіруге, б) ұлттық ар-ождан, қадір-
қасиетті немесе азаматтардың діни сезімін қорлауға,  в) азаматтардың дінге
қатыстылығы, әлеуметтік, ұлттық, рулық немесе нәсілдік қатынастылығы
белгісі бойынша азаматтың басымдылығы, артықшылығы,  кемістігін
насихаттауға бағытталған әрекеттер құрайды.
 Елдегі конституциялық құрылымды ыдыратуды көздейтін ұйымның бірі
“Хизб-ут-Тахрир” деп жиі жазылады.
Бұл жай ғана популизммен айналысып жүрген ұйым емес. Алдына белгілі
бір мақсат қойған, соған жету жолында тиісінше жоспарлы іс-әрекет жасап
жүрген ұйым. Оның түп-тамыры шетелде жатыр, сол жақтан қаржыландырылады,
басқарылады. Сол жақта арнайы дайындалған эмиссарлардың мұндағы жергілікті
жағдаймен танысып, барлау жасау үшін келгендері де бар. Өткен жылы осы
мақсаттағы шетелдік үш эмиссар ұсталып, елден аластатылды. Жалпы, ресми
түрде айтқанда, оны “Хизб-ут-Тахрир” діни-экстремистік партиясы дейміз, ал
оның Қазақстанға қатысты іс-қимылы әзірше бастауыш ұйымдар құрумен, солар
арқылы біртіндеп үгіт-насихат жұмысын жандандыра түсумен, өз қатарларына
көбірек жақтастар тартуға әрекет жасаумен анық байқалады. Әрине, олардың
жақтастары сана-сезімі, өзіндік өмірлік көзқарасы әлі қалыптаспаған жастар,
қоғамымыздың әлеуметтік әлсіз топтары болып келеді. Былтырғы жылы сауықтыру
мақсатында жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарының нәтижесінде жүзден астам
жастар өз еріктерімен аталған партия қатарынан шығып, жат пиғылды түрлі
әдебиеттерді әкеліп тапсырды. Бұл үрдіс елде жастар арасындағы жұмыстың
тиісті орындар тарапынан кең көлемде жүргізілмейтіндігін, әрбір жастың
көкейіне жетпейтіндігін, жастар ұйымдарының, басқа да ұйымдардың назарынан
тыс қалатындығын көрсетеді. Қарағанды қаласында қазақстандық “Хизб-ут-
Тахрирдің” бастауыш ұйымының отыз көшбасшысы мен белсенділерінің үстінен
қозғалған қылмыстық іс бойынша сот ісі жүргізілуде. Олардың заңсыз
қимылдары толығымен айғақтай дәлелденді.
Терроризмнің себептері, қаржылану көздері, элементтері мен әдіс-
тәсілдері жаңарды. Билікке таластан туатын, идеологиялық-танымдық, саяси
терроризм орнына діни-экстремистік, үлтшылдық, қылмыстық терроризм
түрлерінің күшейгені аныкталды [5].
Лаңкестік ұғымымен терроризмнің жаһандық себептерін, тамырларын
және байланыстарын түсіндіру қиын. Сондықтан терроризм мен баскарушы
биліктің қарым-қатынастары өте күрделі. Көп жағдайда терроризм баскарушы
элитаға карсы бағытталса кейде баскарушы биліктің өзі терроризмнің құпия
көзі, себебі болуы мүмкін.
Ислам экстремизмінің шығу көздері мен себептерін жан-жақты талдай
отырып, кейінгі 10-15 жылда исламдық ұрандарды бүркемеленген мұсылман
мемлекеттерінен шыкқан халықаралық террористік топтардың басым болып,
түрғаны шындық. Исламдык террористік топтар дінді уағыздамайды. Олар үшін
дін тек ұран үшін кажет. Көптеген сарапшылар Усама бен Ладеннің Аль-Кайда
халыкаралық террористік ұйымының нақты шындық екендігіне күдікпен қарайды.
Мысалы, Түркияның барлау ұйымының бұрынғы басшысы Махир Кайнак
террористтік әрекеттерді халықаралық террористік ұйымдар емес, жекелеген
мемлекеттер тапсырмасымен олардың арнаулы ұйымдары айналысады - деген
пікір айтады. Сондықтан, ислам терроризмін қоздыру белгілі бір күштерге
әлем халықтарын ислам дініне қарсы қою үшін қажет болып отыр. Халықаралық
жүйені қамтитын арнаулы қызметтер Аль-Кайда атымен терактілер
ұйымдастырып исламмен күресуде, ал ислам дүниесін жақсы білетін әлемдік
лидерлердің бірі Беназир Бухутто ислам экстремизмінің себептерін Таяу
Шығыстағы саяси ахуалмен байланыстырады.
Кейбір зерттеушілер қазіргі терроризмді
антропологиялык-этнографиялык деңгейде, мәдени-тарихи және діни контексте
қарастыруды және бағалауды ұсынады. Террористік әрекеттерді үлкен топтардын
мақсаттарына, кедейлік пен биліктің күресіне, Шығыс пен Батыстың
дихотомиясына, локализм мен глобализмнің қайшылықтарына, немесе
еркениеттердің қайшылықтарына жекелеп тәуелді етуге болмайды. Тіптен
кедейшілік пен қайыршылықтың жекелеген елдерде белең алуы терроризмге себеп
бола алмайды. Ол үшін өшпенділік сезімін қоздыратын идеология қажет. Сен
кедейсің, сенің елің қаналуда, оған кінәлі байлыққа кенелген, басқаларды
қанаудан миллиардтаған доллар тауып отырған Батыс пен АҚШ мемлекеттері деп
уағыздау нақты терроризмді тудырады - дейді сарапшылар.
Біздіңше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама беру
Адамзатқа қарсы қылмыстар
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар жайлы
Адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
Халықаралық терроризмнің жалпы сипаттамасы
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстармен күрес
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түрлері
Әскери қылмыстың түсінігі, сипаттамасы
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар, экоцид
Халықаралық пактілер
Пәндер