Пайда және оның эволюциясы



Жоспар:

Кіріспе .

Iбөлім. Нарықтық экономикадағы пайданың мәні.
1.1. Пайда . экономикалық категория ретінде.
1.2. Әр түрлі мектептердегі пайданың көрінісі.
1.3. Қазіргі кездегі пайда туралы түсінік.

IIбөлім. Кәсіпорын пайдасына жалпы сипаттама.
2.1. Кәсіпкерлік қызметтегі пайда.
2.2. Нарықтық қатынастардағы пайданың атқаратын қызметтері.
2.3. Нарықтық экономика жағдайындағы пайданың ролі.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
Менің жазғалы отырған курстық жұмысымның тақырыбы «Пайда және оның эволюциясы». Осы жұмысым арқылы менің көздеген ең негізгі мақсатым – қазіргі біз өмір сүріп отырған нарық заманына байланысты пайданың маңызын, оның шаруашылық субъектілерде алатын орнын, түрлерін, әртүрлі мектептердің пайда туралы көзқарастарынан толық мағлұмат беру.
Пайданың түрі көп – ақ, соның ішінде менің тоқталғаным кәсіпорын пайдасы.
Қазіргі кезде өз алдына дербес кәсіпорындар көбейіп барады, олардың санында шек жоқ. Алайда олардың бәрінің алдына қойған мақсаты – пайда табу. Ал ол пайда оңайлықпен келе қоймайды.
Кәсіпорын пайдасы – кәсіпкерлік қызмет процесінде материалдық өндіріс сферасында құрылған таза табысты көрсететін экономикалық категория.
Белгілі бір кәсіпорын өзінің өнімін шығарып, оған баға тағайындап, оны тұтынушыға жеткізу арқылы ақшалай түсімге ие болады, нәтижесінде бұл пайданың бір бөлігін құрайды.
Пайданың әдетте екі түрі қолданылады. Біріншісі – бухгалтерлік пайда болса, екіншісі – экономикалық пайда.
Бухгалтерлік пайда – бұл жалпы табыс пен өндірістегі бухгалтерлік шығындар арасындағы айырманы көрсетеді, ал экономикалық пайда – жалпы табыс пен экономикалық шығындар арасындағы пайданы көрсетеді.
Кәсіпкердің көздеген мақсаты – пайда табу ғана емес, сонымен қатар халық тұтынатын игіліктерді өндіре отырып, тұтынушының қажеттерін қанағаттандыру болып табылады.
Пайда нормасы – бұл процентпен өрнектелген, пайданың өндіріс шығындарына қатынасы.
Әрбір кәсіпорын тұтынушы талғамын қанағаттандырғанда ғана толық, пайда таба алады, яғни өз еңбегінің нәтижесін көре алады деп ойлаймын.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:


1. Прибыль – как экономическая категория
Транзитная экономика, 2001г, 5-6, ст.149-156.

2. Распределение и использование прибыли предприятии //
Финансовая газета, 2000г, №21, с-8.

3. Әубәкіров.Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпов Ф.Н., Табеев Т.Д.
« Экономикалық теория » Алматы – 1999ж.

4. Жүнісов Б., Мәмбетов Ұ., « Нарықтық экономика негіздері »
Алматы – 1998ж.

1. Қазақ Совет энциклопедиясы – 9.

6. Ковалева И.В., « Финансы » учебное пособие; 3-е издание –
Финансы и статистика – 2000 г, 384с

7. Колчина И.В « Финансы предприятии » учебник.

8. Нурсеитов А.А., Нурсеитов Н.А « Финансовый менеджмент »
учебное пособие « Экономика » - 1996г.

9. Шуляк П.И « Финансы предприятия »
учебник 2-ое издание « Дешков и К » - 2000 г, 752с.

10. Шеденов Ө.Қ, Жүнісов Б.А , Байжомартов Н.С , Колягин Б.И
« Жалпы экономикалық теория » Алматы – Ақтөбе, 2002 жыл.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе .

Iбөлім. Нарықтық экономикадағы пайданың мәні.

1. Пайда – экономикалық категория ретінде.
2. Әр түрлі мектептердегі пайданың көрінісі.
3. Қазіргі кездегі пайда туралы түсінік.

IIбөлім. Кәсіпорын пайдасына жалпы сипаттама.
2.1. Кәсіпкерлік қызметтегі пайда.
2.2. Нарықтық қатынастардағы пайданың атқаратын қызметтері.
2.3. Нарықтық экономика жағдайындағы пайданың ролі.

Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.
Менің жазғалы отырған курстық жұмысымның тақырыбы Пайда және оның
эволюциясы. Осы жұмысым арқылы менің көздеген ең негізгі мақсатым –
қазіргі біз өмір сүріп отырған нарық заманына байланысты пайданың маңызын,
оның шаруашылық субъектілерде алатын орнын, түрлерін, әртүрлі мектептердің
пайда туралы көзқарастарынан толық мағлұмат беру.
Пайданың түрі көп – ақ, соның ішінде менің тоқталғаным кәсіпорын пайдасы.
Қазіргі кезде өз алдына дербес кәсіпорындар көбейіп барады, олардың санында
шек жоқ. Алайда олардың бәрінің алдына қойған мақсаты – пайда табу. Ал ол
пайда оңайлықпен келе қоймайды.
Кәсіпорын пайдасы – кәсіпкерлік қызмет процесінде материалдық өндіріс
сферасында құрылған таза табысты көрсететін экономикалық категория.
Белгілі бір кәсіпорын өзінің өнімін шығарып, оған баға тағайындап, оны
тұтынушыға жеткізу арқылы ақшалай түсімге ие болады, нәтижесінде бұл
пайданың бір бөлігін құрайды.
Пайданың әдетте екі түрі қолданылады. Біріншісі – бухгалтерлік пайда болса,
екіншісі – экономикалық пайда.
Бухгалтерлік пайда – бұл жалпы табыс пен өндірістегі бухгалтерлік
шығындар арасындағы айырманы көрсетеді, ал экономикалық пайда – жалпы
табыс пен экономикалық шығындар арасындағы пайданы көрсетеді.
Кәсіпкердің көздеген мақсаты – пайда табу ғана емес, сонымен қатар халық
тұтынатын игіліктерді өндіре отырып, тұтынушының қажеттерін қанағаттандыру
болып табылады.
Пайда нормасы – бұл процентпен өрнектелген, пайданың өндіріс шығындарына
қатынасы.
Әрбір кәсіпорын тұтынушы талғамын қанағаттандырғанда ғана толық, пайда таба
алады, яғни өз еңбегінің нәтижесін көре алады деп ойлаймын.

I бөлім. Нарықтық қатынастардағы пайданың мәні.

1. Пайда – экономикалық категория ретінде.

Пайда – ұлғаймалы өндіріс процесінде шаруашылық қызметтің
қаржылық қорытынды нәтижесін көрсететін экономикалық категория.
Ол капитализм тұсында қосымша құнның өзгерген формасы ретінде
көрінеді, бұған жолдамалы жұмысшының капиталист тегін иемденген
ақысы төленбеген еңбегі сіңген. Әдетте қосымша құн капитал айналымы
аяқталғаннан кейін ғана нақтылы көрінеді.
Пайда сыртқы көзге бүкіл авансыланған капиталдың - тұрақты және
өзгермелі капитал өсімі сияқты болып көрінеді.
Сөйтіп пайда капиталдық қанаудың нәтижесі ретіндегі оның шын
мағынасы көрінбейді де бүкіл авансыланған капитал тудыратындай
болып көрінетіндей қосымша құн пайданың өзгермелі формасына айналады
. К.Маркс өзінің Капитал деген еңбегінде пайданы егжей-тегжейлі
қарастырып қосалқы үлес қосты. Ол былай деген: Пайда қосымша
құнның өзгерген түрі , сөйтіп барлық авансыланған капитал қызметі
нәтиженің түрін бейнелеген. К.Маркс пайданың нағыз қайнар көзі
ретінде жалдамалы жұмысшыға төленбеген қосымша еңбекті есептеген.
Маркстың ойы бойынша, сыртқы құбылыста көрінетін нәрсе сол –
пайда айналым сапасында тауарды сатқан кезде өмірге келеді. Шын
мәнінде пайда бұл өткерілетін қосымша құн, бұл қосымша құнның
өзгерген түрі және өндіріс саласында жалдамалы жұмыс күшімен
жасалады.
Маркстың пайымдауынша, пайда – бұл қосымша құн. Оны өндіріс
аясында жалдамалы жұмыс күші жасайды және тауар айналымы саласында
өткеріледі.
Маркс пайданың капитализм жағдайында қосымша құнның дәл өзі
екендігін, бірақ ол капиталистік өндіріс әдісімен қажетті түрде
пайда болады бүркемелі форма екендігін атап көрсетті. Ол
Ф.Энгельске жазған хатында былай деп жазды: Пайда біз үшін ең
алдымен басқа ат немесе қосымша құн үшін басқа категория ғана.
Жалақы формасының арқасында бүкіл еңбектің ақысы төленген сияқты
болып көрінетіндіктен , оның ақысы төленбеген бөлігі еңбектен емес ,
капиталдан, оның үстіне капиталдың өзгермелі бөлігінен емес,
түгелдей барлық капиталдан пайда болатындығы сөзсіз. Соның
нәтижесінде қосымша құн өзара сандық айырмашылықсыз пайда формасын
иемденеді. Бұл тек қосымша құн көрінісінің бүркемелі формасы ғана
.
Пайда көлемінің бүкіл авансыланған капитал көлеміне қатынасы пайда
нормасын сипаттайды.
Пайда нормасына ықпал жасайтын негізгі факторлар – қосымша құн
нормасы, капиталдың органикалық құрылымы , капитал айналымының
шапшаңдығы. Пайда нормасы капиталдың органикалық құрылымына кері
тәуелді болады да , қосымша құн нормасы мен капитал айналымының
шапшаңдығына тікелей пропорционалды өзгереді. Тұрақты капитал
үнемдеуінің өсуі де пайда нормасының артуына себеп бола алады.
Пайда нормасына қандай факторлар әсер етеді?

1. Қосымша құнның нормасы.
Қосымша құнның нормасы жоғары болса, соғұрлым оның абсолюттік
мөлшері үлкен болады, демек бұл пайда нормасы деген сөз.

2. Капиталдың органикалық құрылымы.
Ғылыми – техникалық революция әсерімен капиталдың қорлану,
процесі оның органикалық құрылымының өсуіне алып барады, сөйтіп
өзгермелі капиталдың үлесі салыстырмалы төмендейді, ал тұрақты
капиталдың үлесі – ұлғаяды.
Өзгермелі капиталдың мөлшері кем болған сайын, қосымша құн да
кемиді және пайда нормасы да солай болады.

3. Капитал айналымы.
Пайда нормасына капиталдың айналу саны әсер етеді.
Егер капитал 80с+20v кезінде капитал бір айналым жасаса,
онда қосымша құн нормасы 100 % кезінде пайда нормасы 20 % тең
болады.
4. Тұрақты капиталды қадануды үнемдеу.
Экономия өте жетілген немесе өте арзан машина, жабдықтарды
қолдану жолымен және ғылыми жаңалықтар мен өнертапқыштары
пайдаланудың арқасында қол жеткізіледі.
Техникалық прогресс капиталдың органикалық құрылымын
арттырады. Ол жалдамалы жұмысшылар еңбегін қанау мөлшерінің артуы
жұмысшы күшінің құнынан жалақының төмендеуі , тұрақты капитал
бөліктерінің арзандауы, жұмыссыздықтың етек алуы, арзан шикізатты
шеттен келтіру, тауар экспортынан жоғары пайда табу сияқты қарама –
қарсы факторларға қарамастан пайда нормасының төмендеуіне жағдай
жасайды. Соларалық бәсеке нәтижесінде капиталдың бір саладан екінші
салаға стихиялы ауысуы арқылы салаларда қалыптасқан пайда нормасы
пайданың ортақ орта нормасына теңеседі.
Түрлі пайда нормасының теңесуі құнның өндіріс бағасына аталуына
жағдай жасайды.
1. Қосымша құн жасау, пайда табу – капитал формациясының тұрақты
мақсаты.
2. Монополиялық капитализм тұсында пайданың жоғарғы нормасын алудың
соңына түсу барған сайын капиталистік дамудың қозғаушы күшіне
айналады, сонымен қатар бұл буржуазиялық қоғам қайшылығының
тереңдей, әрі шиеленісе түсуіне соқтырады.
Егер монополиялық капитализмге дейінгі кезеңде құн заңы –
шаруашылықтың негізгі тепе – теңдігін қалыптастыратын экономикалық
басты реттеуші, капитал мен еңбекті сала мен аудан бойынша
орналастырушы қызметін атқарып, ол өндіріс бағасы түрінде көрінсе,
ал империализм дәуірінде монополиялық баға түріне ие болады.
Монополиялар өндірістің, ғылым мен техниканың өскелең мүмкіндігін
жоғары монополиялық юаға қою, өз елі еңбекшілерін қанауды күшейту,
тәуелді елдер халықтарын тонау, экономиканы милитарландыру және
монополияланбаған кәсіпорындар пайданың бір бөлігін иемдену жолымен
барынша жоғары пайда табуға пайдаланады.
Капитал кәсіпорындарда өндіріс шығындарын үнемдеу және пайданың өсуі
дағдарыс нәтижесінде кездесетін аса зор зиянмен, өндірістік
аппаратты толық пайдаланбаумен, жұмыссыздықпен ұштасып отырады.
Социализм тұсындағы пайда әлеуметтік – экономикалық жаңа мазмұнға
ие болады, капиталдың пайдадан жасалу тәсілі, қалыптасу сипаты,
қоғамдық ұдайы өндіріске ықпалы, пайдаланылу мақсаты жағынан
түбірінен өзгеше. Социалистік қоғам пайдасы:
1. Қоғамдық меншік болып табылатын қосымша өнімнің нақты көрініс
формасы, жолдастық қарым – қатынасты және еңбекшілердің
социалистік өзара көмегін көрсетеді.
2. Қанаудан азат адамдардың жоспарлы ұйымдасқан еңбегімен жасалады.
3. Жоспарлы белгіленген баға бойынша тауарды өткізу жағдайында
пайда болып, бүкіл еңбекшілер игілігіне жұмсалады.
4. Өндірісті үздіксіз өркендеудің қажеттерін қаржылай қамтамасыз
етудің және бүкіл қоғам мүшелерінің тұрмыс дәрежесін көтерудің
басты көзі қызметін атқарады.
5. Халық шаруашылығын жоспарлы басқарудың маңызды экономикалық
тетігі ретінде пайдаланылады және социалистік өндірістің
экономикалық тиімділігінің синтетикалық көрсеткішінің бірі
болады.
Қоғамдық өндірісті интенсивтендіру және оның тиімділігін арттыру
нәтижесінде пайданы шапшаң өсіру шаруашылықтың өзінде өндірісті
ұлғайтуға, жалпы мемлекеттік бюджетке төленетін төлемді арттыру
мүмкіндігін молайтады.
Ашық шаруашылық есеп жағдайында кәсіпорын мен министрлік қарауында
өндірісті ұлғайту және жетілдіру мақсатына , ғылыми зерттеу
жұмыстарына, күрделі қаржы т.б. шығындарға жұмсау үшін қолданылатын
пайда үлесін өсіру өте қажет.
Өндірістік және өнеркәсіптік бірлестіктер құру және дамыту пайданың
бір бөлігін орталықтандыруға мұмкіндік береді, ол сала бойынша
бірыңғай техникалық саясат жүргізуге және кәсіпорын мен
бірлестіктердің өзінің экономикалық ресурстарын барынша тиімді
пайдалануына жағдай жасайды. Шетелдерде пайданы өсіру қарқынын
қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырудың маңызды көрсеткіші деп
қарайды.

1.2. Әр түрлі мектептердегі пайданың көрінісі.

Пайда экономикалық теорияда ең күрделі және қарама – қайшы
мәселелердің бірі болып табылады.
Пайданың қайнар көзі және оның экономикадағы өсуі туралы сұрақтар
пікір талас тудырады. Орыс сөзі пайда В. Дальдің түсіндірме
сөздігінде өсім , көбею , яғни бастапқы жұмсалған капитал
санына үстеме деп түсіндіріледі.
Бұл үстеме тауар өндірілгенде емес, сонымен бірге сатылғанда да
көрінеді. Сондықтан пайданы тікелей коммерциялық қызметтегі табыспен
байланыстырады. Осыған байланысты заңды сұрақтар туындайды: пайда
қандай ортада құрылады, кім оны өндіреді, ненің есебінен пайда
болады.
Әр түрлі мектептер әр сұраққа әр түрлі жауап береді. Меркантелистер
пайда айналыста пайда болады және оның қайнар көзі сыртқы сауда
болып табылады деп есептеген.
А. Смит пен Д. Рикардо пайданы өнімнен жұмысшы еңбегі үлесін алып
тастағандағыға тең деп есептейді.
А.Смит өзінің басты еңбегі табиғатты зерттеу және халықтар
байлығының себептері (1776ж) деген еңбегінде былай деген:
жұмысшылардың материалға қосқан құнының өзі екі бөлшекке бөлінеді,
біреуі- олардың жалақысын төлеуге, екіншісі – кәсіпкердің пайдасын
төлеуге кетеді . А.Смит пайданы кәсіпкердің жалдамалы жұмысшы еңбегі
өнімнен шегеру ретінде қарастырған. А.Смит ойын былай
қорытындылаған: пайда – бұл жұмысшының төленбеген еңбегі, алайда оның
қорытындылары қарама – қайшылықта болды. А.Смит өнім құнының осы
бөлігі кәсіпкерге оның капиталының қызмет жасағандығын марапаттау
ретінде жүзеге асқанын айтқан. А.Смиттің пайданы – бұл кәсіпкерге
оның капиталының қызмет жасағандығын марапаттау идеясы өзінің
ізбасарлары тапты: кейініректеу ұстамдылық, күтушілік,
тәуекелділік теориялары пайда болып, бірақ ол теориялардың мәні –
пайданың нағыз қайнар көзін жасыруында болды.
Д.Рикардо өзінің пайдаға көзқарасын Саяси экономия және салық
салуды бастау деген еңбегінде баяндаған, онда ол жалақы мөлшері
мен пайда бір – біріне кері қатынаста болатындығын дәлелдеуге
тырысқан.
... Пайданың жоғарылауы немесе төмендеуі, жалақының төмен немесе
жоғары болуымен байланыстылығын айтқан. Демек, Д.Рикардоның
айтуынша, пайда – бұл жұмысшылар өндірген қосымша құн.
К. Маркс пайданы тек жалдамалы еңбекпен жасалған екінші, туынды
және өзгертілген формадағы қосымша құн деп қарады.
Бұл категорияның анықтамасы қазіргі батыс экономистер бойынша түрлі
варианттардың келісімді бірігуі болып табылады, оның ішінде
негізгілері:
Пайда – бұл барлық өндіріс факторларынан алынған табыс, яғни рента,
процент, жалақы.
Пайда - бұл кәсіпкерлік қызмет үшін марапаттау және техникалық
жетістіктерді енгізуге төлем.
Пайда - бұл тәуекел және белгісіздік үшін төлем.

1.3. Қазіргі кездегі пайда туралы түсінік.

Қазіргі кездегі пайда туралы түсінік үш негізгі бағытта
жасалады: кейнсиандық, институционалды - әлеуметтік және неоклассикалық.
1. Кейнсиандықтар пайданың жиынтық тұжырымдамасын макроэкономика
деңгейінде ұсынады.
2. Институционалды - әлеуметтік ілімде пайда әлеуметтік, сыртқы
экономикалық факторлар жағынан түсіндіріледі:
қоғамның барлық мүшелерінің игілігіне және т.б. қамқорлық жасау.
3. Неоклассикалық ілімде пайданы соғұрлым толық зерттеудің
негізгі мақсаты – пайданы максималды ету және жетілген және
жетілмеген бәсекелестік жағдайында әрекет ететін жеке фирмалар
деңгейінде жүргізіледі.
Фирма жалпы, орташа және шекті табысты есептейді.
Жалпы табыс барлық сатылған өнімнің түсіміне тең, орташа табыс
сатылған өнім бірлігіне есептелінеді, шекті табыс қосымша бірлігін
сатқандағы жалпы табыстың өсуі.
Сандық жағынан пайда тауарды сатқандағы жалпы табыс пен өндіріс
шығындарының арасындағы айырма.
Шығындар құрамына не енетіндігіне байланысты экономистер бухгалтерлік
және экономикалық пайдаларды айырады.
Бухгалтерлік пайда – бұл жалпы табыс пен өндірістегі бухгалтерлік
шығындар арасындағы айырма.
Экономикалық пайда – бұл жалпы табыс пен экономикалық шығындар
арасындағы айырма.
Дәл осы экономикалық ілімде зерттеудің пәні болып табылады.
Егер фирманың жалпы табыстары оның шығындарына тең болса, онда
экономикалық пайда нөлге тең немесе қалыпты болады, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Онтогенез процесі
Жаратылыстану концепциялары
Жасушаның құрылысы мен қызметі
Омыртқалы жануарлардың жалпы сипаттамасы
Ноосфераның пайда болуы
Салыстырмалы психологияның даму тарихы
ЭКОЖҮЙЕНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Биосфера туралы ілім
Адамның шығу тегі туралы тұжырымдар
Маркетинг тұжырымдамаларының эволюциясы
Пәндер