Кәсіпорындағы қаржылық қорларды жоспарлау, бақылауды талдау



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. КӘСІПОРЫН ҚОРЛАР ДЕҢГЕЙІН ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорын қорларының экономикалық маңызы, құрамы және құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Негізгі өндірістік қорларды пайдалану, қалыптастыру және бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10

ІІ. КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚОРЛАРДЫ ЖОСПАРЛАУ, БАҚЫЛАУДЫ ТАЛДАУ
2.1 Қаржылық қорлар мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2 Қаржылық қорлар және құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
2.3 Қаржылық қорлар құрамы және таратылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22

ІІІ. КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК ҚОРЛАРДЫҢ ПАЙДАЛАНЫЛУЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың биылғы 2008 жылғы 28 ақпандағы «Қазақстан Республикасының мақсаты – халықтың әл-ауқатын артыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Бүгінгі таңда тұтас алғанда еліміздегі экономикалық жаңарудың «локомативі» болуға қабілетті дамыған өңірлік орталықтардың экономикалық қызметін жандандыруға, сондай-ақ өңірлердің ұтымды экономикалық мамандануын қалыптастыруға бағытталған осы заманғы жаңа аумақтық даму стратегиясы қажет» - деп жазды.
Курс жұмысының өзектілігі. Кәсіпорын қорлары дегеніміз ұзақ кезең бойына қызмет ететін материалдық-заттай құндылықтардың жиынтығы; олар өндіріске қызмет көрсете отырып, өзінің табиғи-заттай нысанын сақтайды, өз құнының бір бөлігін жаңадан жасалған өнім мен көрсетілген қызметтерге көшіреді.
1. Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы, 2006//Егемен Қазақстан
2. Баймуратов У. Национальная экономическая система. Алматы, Ғылым, 2000.
3. Гапоненко А. Новые технологии менеджмента в государственном управлении. // АльПари. - 2000. N3.
4. Дружинин А.И., Кац И.Я., Пинков А.П., Ревенков Н.Н., Шарапов Э.Н. "Невидимая рука" и государственное регулирование экономики: диалектика взаимодействия. М., ООО "Юрайт", 1999.
5.Джумамбаев С. Управлениечеловеческимиресурсами. - Алматы, 2000.
6. Иванцевич Дж.М., Лобанов А. Человеческие ресурсы управления. -М., 1993.
7.Калдыбаев О., Сабден О., Системный анализ эффективности про-мышленного производства. Алматы. Казахстан. 1989.
8.А.Я.Кибанов, Акбердин Р.З., Р.С.Абрамов, Г.П.Балыбердина. Развитие организационно-управленческих решений и рыночно-экономических отношений на акционерных предприятиях. Учебное пособие. М.,: ГАУ, 1995.
9. Логистика. Учебное пособие под рук. Б.А.Аникина М., ИНФРА-М,1999.
10.Лапуста М.Т., Поршнев А.Г., Старостин Ю.Л., Скамай Л.Г. Предринимательство. Учебник. М., ИНФРА-М, 2000.
11.Мамыров Н.К., Кулекеев Ж.А., Султанбекова Г.К. Микроэкономика. Учебное пособие. Алматы. "Экономика", 1997.
12. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуы» Ақиқат журналы № 1/2003, 1/2004 ж. ж.
13. Медеуұлы И. Басты мақсат экономиканы көтеру. /Егемен Қаз/,2004,7-сәуір, 2 б.
14. Мауленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. «Экономиялық теория», Алматы – 2004 ж.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. КӘСІПОРЫН ҚОРЛАР ДЕҢГЕЙІН ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорын қорларының экономикалық маңызы, құрамы және
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Негізгі өндірістік қорларды пайдалану, қалыптастыру және
бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10

ІІ. КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚОРЛАРДЫ ЖОСПАРЛАУ, БАҚЫЛАУДЫ ТАЛДАУ
2.1 Қаржылық қорлар
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...16
2.2 Қаржылық қорлар және
құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
2.3 Қаржылық қорлар құрамы және
таратылуы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...22

ІІІ. КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК ҚОРЛАРДЫҢ ПАЙДАЛАНЫЛУЫН ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың биылғы 2008 жылғы
28 ақпандағы Қазақстан Республикасының мақсаты – халықтың әл-ауқатын
артыру атты Қазақстан халқына Жолдауында: Бүгінгі таңда тұтас алғанда
еліміздегі экономикалық жаңарудың локомативі болуға қабілетті дамыған
өңірлік орталықтардың экономикалық қызметін жандандыруға, сондай-ақ
өңірлердің ұтымды экономикалық мамандануын қалыптастыруға бағытталған осы
заманғы жаңа аумақтық даму стратегиясы қажет - деп жазды.
Курс жұмысының өзектілігі. Кәсіпорын қорлары дегеніміз ұзақ
кезең бойына қызмет ететін материалдық-заттай құндылықтардың жиынтығы; олар
өндіріске қызмет көрсете отырып, өзінің табиғи-заттай нысанын сақтайды, өз
құнының бір бөлігін жаңадан жасалған өнім мен көрсетілген қызметтерге
көшіреді.

Негізгі қорлардың 2 түрі болады: өндірістік негізгі қорлар және
бейөндірістік негізгі қорлар.

Материалдық өндіріс саласында жұмыс істейтін негізгі қорлар -
өндірістік негізгі қорлар деп, бейөндірістік салада жұмыс істейтін негізгі
қорлар - бейөндірістік негізгі қорлар деп аталады (тұрғын үйлер, мәдениет,
спорт мекемелері, балабақшалар, емдеу орындары және басқа да кәсіпорын
балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін объектілер).
Кәсіпорын қорлары - ұлттық байлықтың маңызды бөлігі болып табылады және
олардың құрамы мен құрылымын анықтау үшін негізгі қорлардың сыныптамасын
жасау қажет.
Барлық негізгі қорлар өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік
және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар
деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланатын
негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар,
өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр түрлі
станокгар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы
басқалары жатады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына
шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі құралдар
жатады.
Кәсіпорын қорларын жоспарлау- ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам)
материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы
ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер ұлттық комиссиясы.
Зерттеу жұмысының міндеттері. Жоғарыда көрсетілген жұмыс мақсаттарына
байланысты мынадай міндеттер туындады:
- Кәсіпорын қорларын теориялық және практикалық негіздерін зерттеу;
- Кәсіпорын қорларын жоспарлау, тарату жағдайын және қозғалысын
талдау;
- кәсіпорын қорларын пайдаланылуын талдау және дамыту жолдарын
зерттеу т.б.

1. КӘСІПОРЫН ҚОРЛАР ДЕҢГЕЙІН ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорын қорларының экономикалық маңызы, құрамы және құрылымы
Кәсіпорынның өндірістік қорлары (НӨҚ) өндірістік айналым қорлары мен
жұмысшы күші секілді өндірістің үш элементінің бірі болып табылады.
Оның өндірістік айналым қорларынан айырмашылығы - өзінің заттай күйін
сақтай отырып, өндіріс процесіне (амортизациялық қызмет мерзімі аяқталғанға
дейін) ұзақ уақыт бойы қатынасуы. Негізгі өндірістік қорлар физикалық және
моральді (сапалық) тұрғыдан тозып, тозған сайын өзінің құнын сатылған
өнімнің құнына өткізіп отырады. Яғни, негізгі өндірістік қорлар -
(амортизациялық қызмет мерзімі аяқталғанға дейін және басқа да шарттар
тұрақты болған жағдайда) ұзақ уақыт бойы заттай күйін сақтай отырып,
өндіріс процесіне қатысатын және нақты пайдалану мерзімі бойынша
анықталатын тозу көрсеткіші ұлғайған сайын өзінің құнын (нарықтық экономика
кезінде кәсіпорын балансындағы негізгі капиталдың құрамында көрсетіледі)
дайын өнімнің құнына өткізетін еңбек құралдары болып табылады.
Іс жүзінде, негізгі өндірістік қорлардың құрамын, құрылымын, техникалық
ахуалын және пайдаланылу деңгейін есептеп-талдау жұмыстарын жоспарлау,
басқару, қалыптастыру, амортизациялау және қаржыландыру, сондай-ақ, олардың
қолданысын ұйымдастыру үшін оларды жіктеудің (топтастырудың) маңызы өте
зор.
Сонымен қатар, негізгі өндірістік айналым қорларын ұйымдастыру және
басқару шараларын мынадай ерекшеліктерге қарай топтастыруға болады:
— негізгі өндірістік қорлардың өндіріс процесіне қатысу деңгейі мен
атқаратын рөлі;
— негізгі қорлардың құрамына кіретін және өнім өндіру мен өткізу
процестерінің техникалық негізін қалайтын негізгі өндірістік қорлар (машина
жасау өнеркәсібінде 65-70 пайыздан жоғары) мен өндірістік емес негізгі
қорлар (мысалы, қосалқы шаруашылықтардағы негізгі қорлар).
Өз кезегінде, негізгі өндірістік қорлар қолданылу мақсаттары мен
атқаратын қызметтеріне қарай бірнеше топтарға бөлінеді:
— ғимараттар (өндірістік және қызметтік);
— құрылыстар (көпірлер, эстакадалар, жер асты жолдары);
— жылжымалы құрал-жабдықтар (құбыр жолдары, конвейерлер);
— машиналар мен құрал-жабдықтар (ауыр және жұмыс істейтін);
— көлік құралдары (электровоздар, автокарлар, көліктер);
— аспаптар (өлшейтін, кесетін, мөрлейтін);
— құрал-саймандар (шеберханалардағы жұмыс үстелдері, жинақтаушы
құралдар);
— басқа да негізгі өндірістік қорлар.
Іс жүзінде, негізгі өндірістік қорларды осылайша жіктеу оларды жеке-
жеке есептеуге, олардың құрамын, құрылымын және қолданысын талдауға, сондай-
ақ, кеңейтілген ұдайы өндіріс пен оның құрылымын оңтайландыруға және
амортизация мөлшерлерін (амортизацияның әртүрлі мөлшері мен жұмыс істеу
уақыттарын) анықтауға мүмкіндік береді.
Өндіріс көлеміне тигізетін ықпалы мен алатын орны бойынша негізгі
өндірістік қорлар активті (ғимараттар мен құрылыстардан басқа барлық
негізгі өндірістік қорлар) және пассивті (ғимараттар мен құрылыстар) болып
екіге бөлінеді. Мұндай жіктелім негізгі өндірістік қорлардың құрылымын
талдау және әртүрлі факторларды (мысалы, ауа-райы шарттарына қарай
-солтүстік аймақтарда ғимараттар негізгі өндірістік қорлардың жалпы құнының
60-65 %-ын, ал оңтүстік аймақтарда - 35-40 %-ын құрайды) ескере отырып,
олардың құрамын анықтау үшін аса қажет. Сондықтан да, негізгі өндірістік
қорлардың активті бөлігінің мөлшері өнімнің қор сыйымдылығы (Өқс) мен өнім
өндірісінің көлеміне (Өө) тәуелді болады.
S = Өқс - Өө болған жағдайда негізгі өндірістік қорлардың пассивті
бөліп оның активті және пассивті бөліктерінің арақатынастық коэффициенті
арқылы анықталады.
Негізгі құралдар - материалдық активтер олар:
а) компания немесе тауарлы-материалдық қорларды жабдықтау және қызмет
атқару үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар
үшін қолданылатын;
ә) әрбір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылуды болжайды.
Негізгі қаражаттың объектілері үшін пайдалы қолдану мерзімі
белгіленеді, бұл:
а) компания активтік пайдалану болжанып, күтілетін (есептік) кезең;
ә) компания активті пайдаланып, жасауды көздейтін бұйымның саны.
Басқаша айтсақ, негізгі құралдарды пайдаланудың экономикалық пайдасын алу
болжанатын кезең.
Негізгі құралдардың объектісі актив ретінде мынандай жағдайларда пайда
алады деп сендіруге болатын болса:
а) компания активке байланысты болашақ экономикалық пайда алады деп
сендіруге болатын болса;
э) активтің өзіндік құны сенімді бағаланса.
1. Жер - субъектінің меншік құқығымен алынған жерінің саны мен бағасы;
2. Үйлер - еңбек етуге, тұруға, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет
көрсету және материалдық қорларды сақтауға жағдай жасау үшін белгіленген
архитектуралық-құрылыс объектілері. Әрбір жеке тұрған үй түгендеу объектісі
болып саналады.
3. Ғимараттар - еңбекке керек-жарақтардың емес (зат скважиналар,
көпірлер және т.б.) өзгеруіне байланысты емес міндетті іс-қызмет аясын
атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-
құрылыстық объектілер.
4. Машиналар мен жабдықтар - әрбір машина егер ол басқа мүліктік
объектінің бөлігі болмаса, құрамындағы тетік, құрал-аспаптармен,
қоршаулармен, тірек-тұғырымен мүліктік объект болып табылады. Негізгі
құралдардың бұл тобы 5 топшадан тұрады:
• күш-қуатты машиналар мен жабдықтар - жылу және электр қуатты
өндіретін машина-генераторлар; әр түрлі энергияны механикалық яғни қозғалыс
энергиясына айналдыратын машина-двигательдер (тракторлар және өзі жүретін
шассилер, бу двитательдері, трубиналар, электр двигательдері және т.б.);
• жұмыс машиналары мен жабдықтары - еңбек өнімін жасау процесінде керек-
жараққа механикалық, термиялық және химиялық әсер ету үшін арналған
машиналар, аппараттар мен жабдықтар (токарлық-винт, бұранда жасайтын
станоктар, ағаш тілетін рамалар, насостар, электромоторлар, экскаваторлар,
ірейдерлер (жол құрылысына пайдаланылатын машиналар және т.б.);
• өлшеуіш және реттегіш құрал-аспаптар (приборлар, құрылғылар мен керек-
жарақтар, лабороториялық жабдықтар) - өндірістік процестерді өлшеу, реттеу
үшін құрал-аспаптар, құрылғылар мен керек-жарақтар (дозаторлар,
амперметрлар, микроскоптар, су өлшеуіштер және басқалары);
• есептегіш техника - процестерді түзету мен автоматтандыруға арналған
машиналар, құрылғы, керек-жарақтар, құрал-аспаптар (компьютерлер мен басқа
есептегіш техника);
• басқа да машиналар мен жабдықтар - машиналар, аппараттар және басқа
жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдықтары, өрт сөндіру
машиналары).
5. Табыстау қондырғылары - электр, механикалық және жылу энергиясы
(электр беру желісі, турба құбыры) қондырғылары.
6. Көлік құралдары - адамдарды, жүктерді тасуға арналған (теміржол, су,
әуе автомобиль көлігі, арба көлігі) тасымал құралдары.
7. Басқа да негізгі құралдар:
- аспап - қол енбегінің механикаландырылған және механикаландырылмаған
немесе металл, ағаш және т.б. өндеуге арналған, машинаға бекітілген керек-
жарақтар (кескіш, соққыгер, езуші, тығыздап нығайтылған - электр қол
бұрғылар, бояу сыр пульттары, вибраторлар, қысқыштар):
• өндіріс мүлік пен олардың керек-жарақтары - өндірістік операцияларды
орындау немесе жеңілдету үшін қызмет етуге арналған заттар - жұмыс
үстелдері, шкафтар, верстактар (ағаш ұсталарының ағаш шабатын, кесетін
ұзынша үстелі);
• шаруашылық мүлкі - кеңселік және шаруашылық мүлік (үстелдер, шкафтар,
кілемдер және т.б.);
• жұмыс малы және өсімтал мал. Жұмыс малы - аттар, өгіз, түйе және
тағы басқа жұмыс малы. Өсімтал мал - ірі қара мал, тұқымдық айғырлар және
тұқымдық бие; тұкымдық нар мен аруана, бұғы, марал, ұрғашылары мен
еркектері, қабан шошқа, ешкі, саулық және қопшар. Мүліктік объект - әрбір
үлкен мал.
• көпжылдық көшет егістері - қолдан етілген, жасына қарамайтын
көпжылдық егістер (жеміс-жидек беретін, жүзімдік, көпжылдық егістері, роза
плантациясы, бұғадан (өсімдіктен) жасалған қорғлау, қаша, танапты қорғайтын
егістер). Жас қасиеттер әбден толысқан (жеміс беру басы, ағаштың ұшар
басының түйісуі);
• жерді (ғимаратсыз) жақсарту жөніндегі күрделі шығындар – ауыл
шаруашылығына пайдаланатын жердің бетін көркейту жөніндегі мүліктік
сипаттағы шығындар (жер учаскесін жоспарлап, жүйелеу, алаңды егіндікке
арнап тамырмен жұлу, жерді тастан тазарту);

• басқа да негізгі құралдар - кітапхана қорлары, спорттық мүлік,
мүражай құндылықтары.

8. Бітпеген құрылыс.
Қолда бар негізгі құралдар алынған сәтінен бастап үнемі қолданылмайды,
өйткені олар:
• тоқтатылып қойылады (жұмыс жасамайды) - уақытша қолданылмайды;
• қоймада тұрады (қорда) - жөнделген, жоқтатылған, апат жағдайында
қолданыстағы негізгі құралдарды ауыстыру үшін қор құрайды;
• жалға берілген немесе алынған - басқа ұйым тапсырған немесе басқа
ұйымнан алынған жал мерзімі шартпен белгіленген негізгі құралдар.

1.2 Кәсіпорынның өндірістік қорларын пайдалану, қалыптастыру және бақылау
Кәсіпорын балансындағы негізгі капитал ретінде негізгі өндірістік
қорларды амортизациялау мен қалыптастыру жұмыстарын талдау және олардың
жеке-жеке есебін жүргізу үшін оларды құны бойынша бағалау қажет.
Нарықтық экономикадағы негізгі өндірістік қорлардың құны негізгі
капитал түріндегі жалпы баланстық немесе есептік құн (бастапқы және қалпына
келтіру құны), қалдық құны, жойылу құны, биржалық құн және кепілдік құны
болып, бірнеше түрге бөлінеді.
Негізгі өндірістік қорлардың бастапқы баланстық құны (Sбб) сатып алу
(Sб), тасымалдау (Кт) және құрастыру мен жөндеу (Кқж) жұмыстарының бағасы
бойынша анықталады:
Sбб = Sб(1+Кт+Кқж)
Мұндағы: Кт және К коэффициенттері Sб-нің белгілі бір пайыздық бөлігі
ретінде есептеледі.
Негізгі өндірістік қорлардың бастапқы баланстық құнын осындай әдіс
бойынша анықтау кәсіпорын иелігіндегі мүліктің жалпы құнын, оның жарғылық
қоры мен негізгі капиталын бағалауда және амортизациялық төлемдерді
есептеуде өте маңызды болып табылады.
Сондай-ақ, қалпына келтіру құны негізгі өндірістік қорлардың активті
бөлігінің техникалық деңгейін анықтауға мүмкіндік беріп, оларды жаңарту
жоспарларын жасауда қолданылады.
Нарықтық конъюнктураға негізделе отырып, негізгі өндірістік қорлардың
қалпына келтіру құнын есептеуде кәсіпорынның табыстылығы (Кта6) мен баға
индексі (К6и) есепке алынады:
Sкқкқ=Sп х Ктаб х Кби
мұндағы: Кта6 мәні - негізгі және бәсекелес кәсіпорындардың өнімдерінің
рентабельділігі бойынша анықталады.
Негізгі өндірістік қорларды басқа кәсіпорындар тарапынан келісім
бағамен сату кезінде оларды жоғарыдағы әдіс бойынша бағалау кажет.
Сонымен қатар, сатуға қойылған және сатып алынатын мемлекеттік
кәсіпорындардың қалпына келтіру құнының ресми түрде осындай әдіс бойынша
есептелгені жөн:
Scқкқ = ( Пkt (1 - Cc t)Те х (1+Инфt)
мұндағы: SПkt - есеп кезеңіндегі кәсіпорынның жалпы пайдасы; Ссt -есеп
кезеңіндегі пайдага салынатын орташа салық ставкасы; Те - есеп кезеңі
(кәсіпорын қызметінің орташа амортизациялық мерзімінен аспауы тиіс); Инфt -
есеп кезеңіндегі инфляция мөлшері.
Жұмыс істеуге қабілетті кәсіпорынның құрылымын қайта құру, оның қызмет
саласын өзгерту және жалға беру (лизинг) кезінде, сондай-ақ, жұмыс істеуге
қабілетсіз кәсіпорынның құнын бағалау, оның жойылу және сату құнын белгілеу
кезінде сатушының нарықтық биржалық құнын - кәсіпорынның табыстылық пен
баға индексі бойынша белгіленген қалпына келтіру құны (Sқкқ) және негізгі
өндірістік қорлар мен салымдар (депозит) бойынша банк несиелерінің
пайдалылығы (Рөқ және Нд) және тәуекел коэффициенті (Кқ = 0,1 - ықтимал
шығынның ықтимал табысқа қатынасы) бойынша белгіленген қалдық құнының
көрсеткіші (Sr) арқылы анықтауға болады. Сол кезде кәсіпорынның биржалық
кұны сатып алушының ең төменгі сатып алу бағасынан төмен болмайды:
Бқбаст = Sқкқ Бстөмен=Рөқ (нд+Кқ)
мұндағы: Бқ6аст және Бстөмен - сатушының бастапқы қойған бағасы және
сатушы үшін де тиімді болып табылатын сатып алушының ең төменгі сатып алу
бағасы.
Қайта құрылып жатқан кәсіпорынның құрылымын өзгерту арқылы оның
инвестициялық тартымдылығын анықтауда қолданылатын осындай бағалау әдісі
кезінде өндірістік қорлардың табыстылығы мен қор қайтарымдылығы, яғни
капиталдың табыстылығы және өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен
рентабельділігі ескерілетіндіктен, капитал салымдары (инвестициялар) банк
несиелерінің мерзімі аяқталғанға дейін (орта мерзімді несие - 3-5 жыл, ұзақ
мерзімді несие - 5 жылдан жоғары) қайтарылуы тиіс.
Негізгі өндірістік қорларды металл қалдығы ретінде мерзімінен бұрын
істен шығару кезінде оның қалдық құнының шығынға ұшыраған мөлшері қалдық
құны бойынша есептеледі:
Sқк=Sбб (1-(Тнқ х Ккнорм) (Тақ х Ккн))
мұндағы: Ккнорм және Ккн -негізгі өндірістік қорлардың активті
бөлігінің нормативті (машина жасау өнеркәсібінде -1,5) және нақты жұмыс
кезектілік коэффициенттері; Sбб - негізгі өндірістік қорлардың бастапқы
баланстық құны.
Қолданыстағы негізгі өндірістік қорлардың қалдык құны олардың нақты
(Тн) және амортизациялық (Та) қызмет мерзімдерінің қатынасымен анықталады:
Sк=Sбб (1-(ТнТ))алдық құны негізгі өндірістік қорларды мерзімінен
бұрын істен шығару себебінен туындаған шығын көлемін, басқа кәсіпорындар
тарапынан олардың сатылу бағасын және физикалық әрі моральді тұрғыдан
ескіріп-тозған техникаларды күрделі жөндеуден өткізу, жаңалау және
ауыстырудың экономикалық тиімділігін анықтау мақсатында есептеледі. Сондай-
ақ калдық құны бойынша негізгі өндірістік қорларды жекешелендіру процесі де
жүзеге асырылады.
Аталмыш мақсатта негізгі өндірістік қорлардың жойылу құнын есептеу
кезінде негізгі өндірістік қорларды бөлшектеу жұмыстарының құны (S6ж),
оларды қайта кәдеге жарататын зауыттардағы металл қалдықтары жиналатын
орындарға тасымалдау құны(Sта) және металл қалдықтары жиынтығының өзіндік
құны (Sмк) негізге алынады:
Sбб = Sқ – Sбж – Sта + Sмқ
Осылайша, кәсіпорынның мүмкін рейтингтік негізде бағалау арқылы оның
инвестициялық және амортизациялык саясатының тиімділігін арттыру
кәсіпорынды қайта құрудағы ең маңызды бағыттардың бірі болып табылады.
Халық шаруашылығының қай саласында болмасын өндірістік өнімнің өсуі
ондағы негізгі құралдардың өсуі мен олардың сапасына байланысты болады.
Сондықтан шаруашылық объектідері әрдайым негізгі құралдарын жаңартып,
оларды сапасы және өнімділігі жоғарыларымен ауыстырып отырғаны дұрыс.
Кәсіпорындарға негізгі құралдар сатып алу, салу, құрылтайшылардың үлес
қосуы, басқа ұйымдардың және адамдардың сыйға, яғни тегін беруі, сондай-ақ
жоғарғы үкімет орындарының беруі және тағы да басқа жағдайлар арқылы келіп
түседі. Бұл келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдарға кәсіпорын
үлгілі түрі НҚ-1 санды қабылдау-тапсыру актісін толтырады. Егер
шаруашылықта пайдаланатын бір түрлі, құны бірдей құрал-саймандарының немесе
жабдықтардың бірнешеуі бір уақытта келіп түссе, яғни кіріске алынса, оларға
жоғарыда аталған қабылдау-тапсыру актісінің бір данасын ғана толтыруға
болады. Салынып біткен, яғни аяқталған құрылыстар үшін ол объектілерді
қабылдап алуға тағайындалған комиссия алдымен оларды іске қосу-қабылдау
актісін толтырады. Қабылдау актісі бухгалтерлік алғашқы құжат болып
саналады. Бүл актіде мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:
• объектінің аты;
• объектіні қабылдап алушы мен тапсырушы ұйымның аты;
• салынып біткен құрылыстың қабылданған кездегі жағдайы;
• құрылыстың салынып біткен уақыты;
• амортизациялық аударым мөлшері;
• бастапқы құны;
• басқа да шартты белгілері.
Негізгі құралдардың салынып біткен аса ірі объектілеріне ұйымдағы бас
механикалық бөлім төлқүжат толтырады. Негізгі құралдарға төлқұжат толтыру
олардың есебін дұрыс ұйымдастырудың негізгі шарттарының бірі болып
табылады. Негізгі құралдарға толтырылатын төлқұжаттарда олардың пайдалануға
берілген уақыты, техникалық сипаттамасы (көлемі, мате-риалдық өзгешелігі,
агрегаттардың қуат күші, тозу мөлшері, істен шығарылу себебі) және тағы да
басқа мәліметтері жазылады. Осы төлқұжаттардың негізінде ұйымдар әрдайым
өздеріндегі негізгі құралдарға түгендеу жүргізіп және олардың іске
жарамдылығын тексеріп отырады.
Кәсіпорында өздерінің пайдалануынды, яғни меншігінегі негізгі
құралдарын есептен басқа заңды немесе жеке тұлғаларға тегін бергенде,
сатқанда, ұрланғанда, жоғалғанда, табиғи апат, зілзала жағдайында бүлініп
жоғалғанда шығарады. Сонымен қатар өздерінің меншігіндегі негізгі
құралдарын басқаларға айырбастағанда немесе ұзақ мерзімге жалға берген
кезде де кәсіпорындар өздерінің балансыннан негізгі құралдарды есептен
шығара алады. Кәсіпорындарда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы және жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары
Кәсіпорынның қаржылық менеджментінің мәселелері
Салық салуды басқару қаржылық менеджмент бөлігі ретінде
Құрылыс саласының ерекшеліктері мен құырылыстағы есепті ұйымдастыру
Кәсіпорындағы қысқа мерзімді активтердің аудиті
Еңбек ақы бойынша диплом алды іс – тәжірибе
Кәсіпорын шығындарын басқару және талдау
Кәсіпорын экономикасы пәні бойынша әдістемелік нұсқау
Кәсіпорындағы қаржылық шаруашылық жұмысының негіздері
Кәсіпорынның логистикалық тұжырымдамаларының мәні
Пәндер