«TASTOBE RESOURCES» ЖШС



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2

І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Кәсіпорын жарғысымен және оның қызметімен танысу ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.2 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті қалыптастырудың негіздері ... ... ... ... ... ..5
1.3 Кәсіпорынның қаржылық.шаруашылық қызметін талдау ... ... ... ... ... ... ... ..8

ІІ. КӘСІПОРЫНДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Шаруашылық субъектісінің меншікті капиталы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.2 Ақша қаражаттарының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.3 Қорлар есебі мен аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.4 Дебиторлық борыштар есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.5 Факторингтік операциялар есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.6 Негізгі құралдардың есебі мен аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.7 Жеке құрам мен жұмыс уақыты, еңбек тиімділігі мен еңбекақы есебі ... ...23 2.8 Міндеттемелер есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
2.9 Қаржылық есеп беру: жасау әдістемесі мен тәжірибесі, аудиті ... ... ... ... ...28

3 КӘСІПОРЫННЫҢ САЛЫҚ ЕСЕБІ МЕН СЫРТҚЫ АУДИТІ
3.1 Корпоративтік табыс салығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
3.2 Жеке табыс салығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
3.3 Әлеуметтік салық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
3.4 Қосылған құн салығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
3.5 «TASTOBE RESOURCES» ЖШС.ның сыртқы аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
ҚОРЫТЫНДЫ МЕН ҰСЫНЫСТАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
Мен, өндірістік іс-тәжірибемді 2013 жылдың наурыз айының 18-шы жұлдызынан 2013-жылдың 7ші маусым-ға дейінгі аралықта Ақтау қаласы, 5мкр –да орналасқан«TASTOBE RESOURCES» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінде өттім.
Іс-тәжірибе өту барысында оқу бағдарламасы бойынша жұмыстарды жасауға тиісті дәрежеде көңіл бөлінді. Бұл уақытта мекеме режиміне сәйкес талаптарды орындап отыруға мән берілді.
Іс-тәжірибені өту бағдарламасына сәйкес келесі құжаттармен танысып, жұмыс жасадық:
1 Баланс - жыл қорытындысы бойынша;
2 Ақша құралдары айналымы есебі;
3 Кіріс және шығыс есептері;
4 Меншікті капитал өзгерістері жайлы есеп;
5 Қаржылық есепке түсіндірмелік жазба;
6 Жарғы;
7 Есеп саясаты;
8 Негізгі құралдар жайлы есеп;
9 Еңбек бойынша есеп;
10 Шоттар талдауы;

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2

І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Кәсіпорын жарғысымен және оның қызметімен
танысу ... ... ... ... ... ... ... . ...3
1.2 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті қалыптастырудың
негіздері ... ... ... ... ... ..5
1.3 Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . .8

ІІ. КӘСІПОРЫНДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Шаруашылық субъектісінің меншікті
капиталы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.2 Ақша қаражаттарының
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .13
2.3 Қорлар есебі мен
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..15
2.4 Дебиторлық борыштар
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .18
2.5 Факторингтік операциялар
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

2.6 Негізгі құралдардың есебі мен
аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.7 Жеке құрам мен жұмыс уақыты, еңбек тиімділігі мен еңбекақы
есебі ... ...23
2.8 Міндеттемелер
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..27
2.9 Қаржылық есеп беру: жасау әдістемесі мен тәжірибесі,
аудиті ... ... ... ... ...28

3 КӘСІПОРЫННЫҢ САЛЫҚ ЕСЕБІ МЕН СЫРТҚЫ АУДИТІ
3.1 Корпоративтік табыс
салығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...32
3.2 Жеке табыс
салығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .33
3.3 Әлеуметтік
салық ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...34
3.4 Қосылған құн
салығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .35
3.5 TASTOBE RESOURCES ЖШС-ның сыртқы
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..36
ҚОРЫТЫНДЫ МЕН
ҰСЫНЫСТАР ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.37

КІРІСПЕ

Мен, өндірістік іс-тәжірибемді 2013 жылдың наурыз айының 18-шы
жұлдызынан 2013-жылдың 7ші маусым-ға дейінгі аралықта Ақтау қаласы, 5мкр
–да орналасқанTASTOBE RESOURCES Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінде
өттім.
Іс-тәжірибе өту барысында оқу бағдарламасы бойынша жұмыстарды жасауға
тиісті дәрежеде көңіл бөлінді. Бұл уақытта мекеме режиміне сәйкес
талаптарды орындап отыруға мән берілді.
Іс-тәжірибені өту бағдарламасына сәйкес келесі құжаттармен танысып,
жұмыс жасадық:
1 Баланс - жыл қорытындысы бойынша;
2 Ақша құралдары айналымы есебі;
3 Кіріс және шығыс есептері;
4 Меншікті капитал өзгерістері жайлы есеп;
5 Қаржылық есепке түсіндірмелік жазба;
6 Жарғы;
7 Есеп саясаты;
8 Негізгі құралдар жайлы есеп;
9 Еңбек бойынша есеп;
10 Шоттар талдауы;
Іс-тәжірибе уақытында мекеме еңбеккерлерінің еңбек жалақысын есептеуге
және оны банктен өткізіп, жеке карточкаларына аударым жасау жұмысына
қатыстым. Сонымен бірге есеп жұмыскерлері арасында міндеттемелердің
бөлінуімен танысып, бухгалтерлік құжаттарды толтыру мен өңдеу, түгелдеу
және тексеру жүргізу жұмыстарына да қатыстым.
Іс-тәжірибе есебінде кәсіпорын қызметіне де талдау жүргізіп, ішкі
шаруашылық аудитіне қатысты анықтамалармен де танысу жұмысын орындадық.
Негізгі құралдары бойынша есеп жасау жұмыстарына да ерекше көңіл бөлініп
отырды. Тікелей кейбір еңбек құралдарын есептен шығару операциясына
қатысты. Бұл жұмыстар бухгалтерлік есепті жүргізу, шаруашылық қызметін
экономикалық талдау және қаржылық есеп аудиті, салық салуды ұйымдастыру мен
техникасы жөнінде қажетті тәжірибе жинақтау мүмкіндігімен қатар теориялық
сабақтарда алған білімдерді тереңдету және бекіту мақсатын жүзеге асыруды
қамтамасыз етті.
Берілген жұмыстың басты мақсаты − кәсіпорынның жұмысы, оның жарғысы,
өндірістік процесс пен технологиялары, басқару жүйесі және ішкі бөлім
қызметтері, бәсекелестік стратегиясы туралы ақпаратты көрсету; қаржы
көздері мен ақша ағымдары туралы есеп арқылы кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдау және де кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымын, кәсіпорынның
қызметтерінің артықшылықтарын бейнелеу.

І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1 Кәсіпорын жарғысымен және оның қызметімен танысу

Тәжірибе өткен TASTOBE RESOURCES ЖШС Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігі арқылы есепке қою жөніндегі куәлігі негізінде ашылған.
Кәсіпорынның толық атауы: TASTOBE RESOURCES Жауапкершілігі Шектеулі
Серіктестігі. TASTOBE RESOURCES ЖШС шағын кәсіпкерліктің субъектісі
ретінде құрылды, серіктестіктің орташа жылдық жұмысшылар саны 40 адамнан
аспайтын және активтердің жалпы құны жылына орта есеппен 60 мыңдық айлық
есептік көрсеткіштен аспайтын шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылады.
Бұл заңды тұлғада өзінің дербес балансы, өз атауы жазылған шеңбер мөрі,
банктегі жеке шоттары және басқа да реквизиттері бар.
Серіктестіктің қызметінің мақсаты: Қазақстан Республикасының және
серіктестікке қатысушылардың мүдделері үшін шаруашылық, кәсіпкерлік
қызметтерді біріктіре отырып жүзеге асыру болып табылады.
Коммерциялық кәсіпорын ЖШС TASTOBE RESOURCES-атқаратын мақсаты заңды
тұлғалық, қарапайым тұрғындарды әр түрлі жиһаз өнімдерімен қамтамасыз ету.
TASTOBE RESOURCES ЖШС-гі - тұрақты түрде дамып келе жатқан шағын
кәсіпорындардың бірі.Онда ағаштан жасалған құрылыс материалдарынан басқа,
жиһаз, тратуарға төселетін плиткалар жасалуда. 2007 жылы кәсіпорын
кеңейтіліп, пластиктен есік, терезе жасайтын жаңа цех ашылды.Кәсіпорын
басшысы қоғамдық жұмысқа атсалысып, қала аумағында өткізілетін шараларға
белсенді көмек көрсетеді.
Серіктестіктің жарғылық капиталы құрылтайшы салымынан, серіктестік
алған кірістер мен заңмен тиым салынбаған көздерден кірістер есебінен
құрылады. Серіктестіктің жарғылық капиталының салымы ақша қаражат-тары,
құнды қағаздар, мүліктік құқықтар, соның ішінде жер пайдалану құқығы және
өзге де мүліктер бола алады. Серіктестіктің жарғылық капиталы 109200 (бір
жүз тоғыз мың екі жүз) теңгені құрайды.
Серіктестік қатысушының ерекше құзіреті:
• Серіктестік жарғысын өзгерту, соның ішінде жарғы капиталының көлемінің
өзгеруін қоса алғандағы, тұрған жерін және фирмалық атауын өзгерту
немесе серіктестік жарғысын жаңа редакцияда бекіту;
• Серіктестіктің атқарушы органдарын құру және оның өкілетін тоқтату,
сондай-ақ серіктестікті немесе мүлікті оралымды басқаруға беру;
• Бақылау кеңесі мен тексеру комиссиясын сайлау және олардың өкілет-
тілігін ерте тоқтату, сондай-ақ серіктестіктің тексеру комиссиясының
есептерін және қорытындыларын бекіту.
• Серіктестіктің жылдық қаржылық есептерін бекіту,таза кірістерді бөлу;
• Серіктестіктің ішкі қызметтерін реттейтін ережелер, құжаттарды бекіту;
• Серіктестіктің басқа да шаруашылық серіктестіктерге, сондай-ақ
коммерциялық ұйымдарға қатысуы туралы шешім қабылдау;
• Серіктестікті тоқтату және қайта құру;
• Тарату комиссиясын тағайындау және тарату балансын бекіту;
Серіктестіктің ағымдағы қызметіне басшылық жасаушы, серіктестіктің
атқарушы органы болып директор табылады. Серіктестіктің директоры:
• Серіктестіктің өкілі болуға құқық беретін сенімхат береді;
• Қызметкерлерге қатысты оларды қызметке тағайындау және босатуға бұйрық
шығарады, еңбек төлемдерінің жүйесін, қосымша ақы белгілейді, сыйақы
беру мәселесін шешеді, тәртіптік шаралар қолданады;
• Қатысушы немесе байқау органдарының құзіретіне жатпайтын өзге де
өкілдіктерді жүзеге асырады.
Таза табысты бөлу.
Серіктестіктің жыл ішіндегі қызметінің нәтижелері бойынша алған таза
пайдасы, серіктестік қатысушының шешіміне сәйкес бөлінеді.
Серіктестікте резерв капиталға құрылған жағдайда серіктестіктің ықтимал
шығындары осы қордың есебінен жабылады. Резерв капиталдың қаражаты
жетіспеген кезде немесе резерв капитал болмаған жағдайда шығындарды жабудың
көздері туралы шешім қатысушымен қабылданады.
Серіктестіктің жұмыс тәртібі.
Серіктестіктің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек туралы
заңына сәйкес жасалынады.
Осы Жарғыға өзгертулер енгізу тәртібі
Серітестіктің Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізуі Қазақстан
Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте қатысушының шешімі бойынша
жүзеге асырылады.
Серіктестік бір айдың ішінде Жарғының өзгергені туралы Әділет органдары
хабардар етуге міндетті. Осы мерзім өткеннен кейін кез келген мүдделі адам
сот тәртібімен Жарғының өзгерулеріне заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік
регистріне енгізуді талап етуге құқықты.
Серіктестіктің басқару органдары болып табылатындар: Жоғарғы орган-
Қатысушы, Атқару органы-Директор, Бақылаушы орган-Тексеруші.
Серіктестіктің мүлкі.
Серіктестіктің мүлкін құрайтындар: негізгі қорлар және айналымдағы
қорлар, сонымен қатар серіктестіктің қаржылық есебінде көрсетілген өзге де
мүліктер болып табылады.
Мүлік серіктестікке жеке меншік түрінде жатады.
Серіктестіктің мүлкін қалыптастыру көздері:
-қатысушының жарғылық капиталға салған салымы;
-серіктестік қызметінен түскен табыс;
-ҚР заңдарымен тыйым салынбаған басқа да табыс көздері болып табылады.

1.2 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті қалыптастырудың негіздері

Іс-тәжірибесін өтіп отырған серіктестіктің өз алдына бухгалтериясы бар,
оны бас бухгалтер басқарады. Мұнда бухгалтерлік есеп қабылданған тәртіппен
және қаржылық есеп беру формасына сәйкес жасалады және де Атқару органына
тапсырылып отырады.
Серіктестіктегі есеп бөлімінің ұйымдастырылу құрылымында: Бас бухгалтер
және оған бағынатын еңбек ақы төлеу бухгалтері мен материалдық ресурстар,
өндірістік шығындар, және дайын өнімдер мен оны сату есебін ұйымдастыратын
бухгалтер бар.
Серіктестіктің ішкі өндірістік қаржылық есебі кәсіпорынның жинақтық
бухгалтерлік есебі құрамына кіреді.
Қазақстан Республикасының Салықтар мен бюджетке төленетін міндетті
төлемдер жайлы Кодексіне сәйкес (Салық Кодексі) филиал барлық салық
түрлерін және жинамдарды есептейді және төлейді.
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру жүйесі келесі нормативтік
құқықтық құжаттардағы талаптарға сәйкес жүргізіледі;
1) Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан
Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңы;
2) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттары;
3) Қазақстан Республикасында қолданысқа ие қаржылық есеп берудің
халықаралық стандарттары;
5) Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің бухгалтерлік есеп пен
аудит әдістемесі Департаментінің №237-111 2007 жылы бұйрығымен бекітілген
шаруашылық операциялардың типтік корреспонденциясы;
6) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беруді
реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық құжаттары.
Сонымен қатар бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу
барысында TASTOBE RESOURCES ЖШС-нің директоры бекіткен есеп саясатының
қағидалары мен негіздеріне сүйенеді.
TASTOBE RESOURCES ЖШС-нің есеп саясаты 2009 жылдың 5 қаңтарында №8
хаттамамен қабылданған және ол 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2432
Бухгалтерлік есеп туралы заң негізіндегі ҚР Президентінің қаулысы мен ҚР
БЕС №1-20; ҚР Қаржы министрлігінің 21 мамыр 1997 жылғы бұйрықтарының және
басқа да заң күші бар нормативтік актілерде көрсетілген кәсіпорын
қызметінің өндірістік-экономикалық талаптарына сай жасалған.
Бұл есеп саясатына сәйкес негізгі құралдарға жұмыс істеу кезінде
қолданатын құралдар, қолдану мерзімі 12 айдан кем емес, құнына байланыссыз.

Кәсіпорынның есеп саясаты анықталған нормативтер негізінде өз бетінше
шаруашылықтың ұйымдық құқықтық түрінен, салалық ерекшеліктерінен, айналыс
әдіснамасынан және істің сипаты және т.б. есеп және бақылаудың
ұйымдастырылуының нақты қалпы мен әдістерін анықталуына құқық береді.
ТМҚ иемденуінің есебі мен оның бағалануының ережесі мен тәртібі,
өндіріс шығындары мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау есебі, оның
бағалануы, өткізілуі және т.б. есеп саясатымен анықталған. Есеп
саясатындағы сонымен қатар бухгалтерлік есептің шоттар жүйесінің құрылымын
анықтауы енген.
Есеп саясатының қалыптасуы кезінде мүліктік ерекшелік пен ұйымдық
ісінің үздіксіздікті қарастырылады, сонымен қатар есеп саясатының қолданылу
кезектілігі, шаруашылық қызмет фактілерінің уақытша анықталғандығын
қарастырады. Есеп саясаты толықтылық, байқаушылық, қарама-қайшылық және
орнықтылық талаптарына сәйкес келеді.
Есеп саясатында есептің қағидалары мен әдістерін қолдана отырып
шаруашылық іс-әрекет туралы нақты және оперативті ақпарат алуға мүмкіндік
береді.
Кәсіпорынның есеп саясаты ретінде онымен сатып алынған бухгалтерлік
есепті жүргізу болып табылады. Ағымдағы топтастыру мен шаруашылық қызметтің
барлық фактілерінің жиыстыруының бастапқы барлауы, бағалық өлшемі.
TASTOBE RESOURCES ЖШС-нің есеп саясаты толық түрде қолданылады және
кәсіпорынды төмендегілермен қамтамасыз етеді:
-қаржы-шаруашылық қызметтің барлық операцияларының бухгалтерлік есепте
толық көрініс табуын;
-жасырын қор жасалуына жол бермей, ықтимал кіріс пен активтерге
қарағанда шығыстар мен міндеттемелер бухгалтерлік есебіне үлкен дәрежедегі
дайындығын;
-аналитикалық есептің мәліметтерінің есептін шоттары бойынша айналым
мен қалдықтарына теңдігі, сонымен қатар бухгалтерлік есептіліктің ағымдағы
есептілікке мәліметтеріне теңдігін;
-шаруашылық қызметпен кәсіпорын көлемі жағдайына байланысты
бухгалтерлік есепті ұқыпты және үнемді жүргізілуін.
Амортизацияны есептеу біркелкі есептеу әдісімен жүргізіледі, яғни
құнынан келе және амортизация нормасы келесідей орнатылады:
Ғимараттар мен құрылыстар – 5%; Транспорттар – 25%; Негізгі құралдардың
басқа да объектілері – 15%.
Материалды-өндірістік қорлар 1300 шотында есептеледі, өндіріске
жіберілгендер орташа құны бойынша бағаланады.
Түгендеу жүргізіледі:
-Негізгі құралдар мен материалды-өндірістік қорлар – есептілік жыл
біткеннен кейін жылына 1 рет;
-Кассадағы ақша қаражаттары – есептілік жыл біткеннен кейін айына 1
рет;
- Несиелік қарыздар – есептілік жыл біткеннен кейін жылына 1 рет;
Міндетті түрде мүлік және міндеттемелердің түгендеуі жүргізіледі:
- Жылдың есептілік жасау алдына есептік жылдың 1 қазанынан кеш емес,
түгендеу жүргізілген мүліктен басқасы;
- Материалды жауапты адамдардың ауысуы кезінде;
- Ұрлық, қасақана зиян жасау, сонымен қатар құндылықтарды бүлдіру
болған кезде;
- Экстремальді жағдайдарме байланысты табиғт апаттар жағдайында;
- Ұйымның қайта құрылуы немесе жабылуы кезінде.
Бухгалтерлік есепке қатысты мағлұматтар коммерциялық құпия ретінде
жасырын сақталады. Есептік-бухгалтерлік құжаттар Мемлекеттік комитеттер мен
министрліктер іс-әрекеті нәтижесінде пайда болатын типтік құжаттар тізіміне
сәйкес сақталады.
Есептік кезең біткеннен кейін, бухгалтерияда тұрған құжаттар, мұражайға
өткізіледі, ол есептік саясатта көрсетілген. Мұражайға өткізілген
құжаттардың сақталу мерзімі төмендегі 1 кестеде көрсетілген.
Кесте -1. Сақталу мерзімі бойынша құжаттар тізімі
№ Құжат атауы Сақталу
мерзімі
1 Қаржылық есеп беру мен оған тіркелетін түсініктеме жазу:
а Жылдық әрдайым
б Тоқсандық 5 жыл
2 Жеке, ликвидациялық, өткізу баланстары мен оған 5 жыл
қосымшалар, түсініктемелер
3 Бастапқы құжаттар (кассалық, банктік құжаттар, банк
үзінділері, жұмыс нарядтары, табель, қабылдау, тапсыру 5жыл
және мүлік пен материалдарды есептен шығару актілері,
аванстық есеп беру т.б.)
4 Есеп айырысу шоттары
а Жұмыскерлер мен қызметкерлердің 75 жыл
б Мемлекеттік жәрдемақы мен зейнет ақы алушылар 75 жыл
5 Есептік ( есептік-төлем ведомостері) 5жыл
6 Электрондық тасымалдаушылар инвентарлық карточкалар 5жыл
7 ТМҚ және ақша қаражаттарын алуға берілетін сенімхаттар 5жыл
8 Кепілдіме хаттар 5жыл
9 Көмекші бақылау кітаптары, кассалық кітап айналым 5жыл
ведомостері
10 Депонерленген еңбек ақы есеп кітабы, орындау парақтарын 5жыл
тіркеу журналдары
11 Шоттарды тіркеу, кассалық ордерлер, сенімхаттар, төлем 5жыл
тапсырмалар кітаптары, журналдары
12 Несиелерді жұмсау туралы мәліметтер 5 жыл
а Жылдық 5жыл
б Тоқсандық 5жыл
13 Еңбек ақы бойынша берешек, еңбек ақыдан ұсталымдар, 75жыл
демалыс ақы төлеу жөнінде мәлімет
14 Түгендеу құжаттары (инвентарлық карточкалар) 5жыл
15 Орындау парақтары (көшірмесі) 5жыл

1.3 Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін талдау

Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық жағдайына әсерін тигізетін ішкі
факторлар осы кәсіпорын қызметінің нәтижесі болып табылады. Ішкі факторлар
сыныптамасы кәсіпорынның ақша ағымдарының қалыптасу ерекшеліктері бойынша
үшке бөлінеді:
-операциялық қызметпен байланысты факторлар;
-инвестициялық қызметпен байланысты факторлар;
-қаржылық қызметпен байланысты факторлар.
Бұл топтар әрбір фирмада жүзеге асатын нақты жеке-жеке факторларды
өзіне қамтиды. Бизнестегі сәтсіздіктер фирманы тиімсіз басқаруға, нарықтық
жағдайларға бейімделу мүмкінсіздігіне әкелетін жиі жағдайларда
менеджерлердің біліксіздігімен, қиянатшылдығымен байланысты болады.
Кәсіпорынныың жағымсыз даму себептерін ішкі бақылау және аудитті
ұйымдастыру арқылы анықтауға болады. Кәсіпорын қызметіне жиі қаржылық-
экономикалық талдау жасау қажетті басқару шешімдерін қабылдау үшін
басшыларды керекті ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Кәсіпорын сәтсіздік себептерінің бірі ағымдық шығындардың тиімсіз
құрылымы болып табылады. Мысалы, тұрақты шығындардың жоғарғы үлесі бағаның
өсуін әкеледі, ал ол өз ішінде ұқсас тауарлар мен қызметтер нарығындағы
кәсіпорын өнімінің бәсекеқабілеттілігіне, өнімнің сату көлеміне әсерін
тигізеді. Өндірістік шығындардың төмендеуі келесілерге мүмкіндік туғызады:
-ескерген өндірістік қуаттарды қысқартуға;
-ғылыми-техникалық үрдістердің жетістіктерге сәйкес технологиялық
үрдістерді жаңартуға;
-брак, жұмыс уақытын рационалды емес қолдану нәтижесінде жоғалтуларды
төмендетуге;
-шығынды өндірісті сатуға және таратуға;
-басқару шығындарын қысқартуға;
-өндірісті диверсификациялауға және т.б.
Бұл шаралармен кәсіпорын өнімінің бәсекеқабілеттілігінің жоғарлауы
байланысты. Істі табысты жүргізуге жоғарғы деңгейде стратегиялық
жоспарлаудың негізделген жүйесі мүмкіндік береді. Құқықтық және қаржылық
мәселелерді білудің коммерциялық жұмыс тәжірибесі онымен байланысты. Жиі
қате қаржылық жоспарлау, мерзімдерді болжау нәтижесінде табыстардың түсуі
және кәсіпорын төлемдерін өтеу төлемқабілетсіз болып қалады.
Кәсіпорынның жағымсыз қаржылық жағдайы әртүрлі және әртүрлі деңгейде
көрініс табуы мүмкін. Осы жұмыс шегінде кәсіпорынның дағдарыстық қаржылық
жағдайы мен оның төлемқабілетсіздігіне әкелетін факторларды қарастырып
өтеміз.
Кәсіпорынның төлемқабілетсіздігіне себеп болатын мүмкін болатын
факторларға келесілерді жатқызуға болады:
-моральды ескіруіне байланысты шектелген сұранысқа ие өнім өндірісі;
-төменгі сапалы өнім өндірісі;
-сатылатын өнімдердің жоғары бағалары, осыдан оның өткізілуі
кешіктіріледі;
-қолданылатын өндірістік қуаттың төменгі деңгейі;
-сатылған тауарлар үшін мерзімінде төленбеген дебиторлық қарыздың
едәуір көлемі.
Сонымен, кәсіпорын қаржылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді.
Егер бұл факторлар әсерін және олардың мүмкін болатын салдарын талдамаса,
кәсіпорын банкроттыққа ұшырауы мүмкін. Негізінен кәсіпорын қаржылық
жағдайына пайда болу орны бойынша сыныпталатын сыртқы және ішкі факторлар
әсерін тигізеді. Сыртқы факторлар, өзінің анықтамасынан көрініп тұрғандай,
кәсіпорынды қоршайтын экономикалық, саяси, демографилық, мәдени және т.б.
жағдайлар әсер етеді. Ал ішкі факторлар болса, дамыған еледер тәжірибесіне
сүйенсек, аса зор қауіп төндіретін факторлар болып табылады. Оның себептері
кәсіпорын ішкі құрылымы мен жүйесінде жатыр. Кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығына қауіпті ішкі факторлар менеджмент әрекеттерінен тікелей
байланысты. Оларға меншікті айналым капиталының жеткіліксіздігі, дебиторлық
және кредиторлық қарыздардың өсуі, өнімді өткізудің нақты бағасын анықтау
техникасының жетілмеуі және төмен келісімдік пән, қызметтің табысы төмен
әртүрлі көптеген бағыттарға капиталдың бөлінуі, тікелей және портфелді
инвестициялардың тиімсіздігі жатқызылады.
Кәсіпорын қаржыларын табысты басқару шарты болып оның қаржылық жағдайы
болып табылады. Сондықтан TASTOBE RESOURCES ЖШС-ның қаржылық жағдайына
жалпылама талдау жасалады.
Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық жағдайын талдау үшін кәсіпорынның
активінің құрамы мен құрылымына талдау жасалады. Оны төмендегі 2-кестеден
көреміз
Кесте 2 - TASTOBE RESOURCES ЖШС активінің құрамы мен құрылымы

№ Актив 2007 жыл 2008 жыл 2009 жыл
Мың тгҮлес% Мың тг Үлес % Мың тгҮлес%
1 Ұзақ мерзімді активтер45 58429,1 33 133 6,4 217 44,3
698
2 МЕА 462 0,3 323 0,1 184 0,0
3 Негізгі құралдар 45 12228,8 32 810 6,3 217 44,2
514
4 Ағымдық активтер 11100370,9 487 25893,6 274 55,7
105
5 ТМҚ 3 585 2,3 3 107 0,6 3 0,6
031,00
6 Дебиторлық қарыз 90 29357,7 790 0,2 4 692 1,0
7 Қысқамерзімді -   36 588 7,0 147 30,0
инвестиция 532
8 Ақша-қаражаттар 17 12510,9 441 55984,9 118 24,1
509
  Басқа дебиторлық     5 214 1,0 341 0,1
қарыздар
9 Баланс 156 100,0 520 391100,0 491 100,0
587 803
№ Актив Өзгерістер
2-Кестенің жалғасы
08\07 09\08 08\07 09\08
Мың тгҮлес% Мың тг Үлес, %% %
1 Ұзақ мерзімді активтер12 451-22,7 184 56537,9 85,72 8,46
2 МЕА -139 -0,2 -139 0,0 -26,74
3 Негізгі құралдар -12 -22,5 184 70437,9 85,46 8,51
312
4 Ағымдық активтер 376 22,7 -213 -37,9 19,89 25,5
255 153
5 ТМҚ -478 -2 -76,00 0,0 -5,24 92,48
6 Дебиторлық қарыз -89 -57,5 3 902 0,8 61,32 12,87
503
7 Қаржылық инвестициялар36 5887,0 110 94423,0 3,56 -100
8 Ақша-қаражаттар 424 73,9 -323 -60,8 111,15-76,36
434 050
Басқа қысқа -4873 0,1 - -
мерз.активтер
9 Баланс 363 0 -28 5880 55,86 14,4
804

Берілген кестеде көрсетілгендей, айналымнан тыс активтердің құны 2007
жылмен салыстырғанда 2008 жылы 85,72%-ға, ал 2009 жылы 8,46%-ға ұлғайды
және талданып отырған кезең соңында 217 698 мың теңгені құрады. Ал айналым
капиталының өзгеру қарқыны айналымнан тыс активтерге қарағанда баяуырақ
жүзеге асырылды: 2007 жылдан 2009 жылға қарай ол 45,39%-ға ұлғайды. Осындай
өзгерістердің салдарынан кәсіпорын мүлкінің құрамында құрылымдық өзгерістер
пайда болды. Егер 2007 жылы айналымнан тыс активтер мен айналым
активтерінің қатынасы 1,2 : 1 немесе 29,1 : 70,9 болса, онда 2009 жылы бұл
қатынас 1,6 : 1 немесе 8,46 : 25,5 болды.
Кәсіпорынның айналым капиталының құрамы мен құрылымын талдау мынадай
қорытынды жасауға мүмкіндік береді: талданып отырған уақыт аралығында олар
тең дәрежеде өзгерген жоқ. Мысалы, олардың материалдық бөлігі 2008 жылы
5,24%-ға кеміді, 2009 жылы 92,48%-ға ұлғайды, ал материалдық емес бөлігі,
яғни ақша-қаражаттар 111,15%-ға ұлғайды, ал 2009 жылға қарай 76,36%-ға
кеміді, ағымдық активтер құрамына кіретін дебиторлық қарыз соммасы 61,3%-ға
және 12,8%-ға ұлғайды, қысқа мерзімді қаржылық салымдар болса, 2008 жылы
2007 жылмен салыстырғанда 3,56%-ға өсіп, 2009 жылы кәсіпорын өз
қаражаттарын қандай да бір қызмет саласына салған жоқ. Бірақ 2007 жылдан
2009 жылға қарай негізгі құралдардың күрт өсуі нәтижесінде басқа баланс
активтерінің үлесі мүліктің жалпы құнында төмендеді: егер негізгі
құралдардың үлесі мүліктің жалпы құнында 2007 жылы 29,1%, 2009 жылы 44,3%-
ды құраса, ал тауарлы-материалдық қорлар үлесі 2,3% бен 0,6 %, дебиторлық
қарыз 57,7 % бен 1%, ақша-қаражаттар 10,09% бен 24,1%-ды құрады.
Мүліктің қалыптастыру көздерінің құрамы мен құрылымын бағалау баланс
пассивінің көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылады.
Аналитикалық есеп нәтижелері бойынша талданып отырған уақыт кезеңі ішінде
қалыптастыру көздері құрылымында мәнді өзгерістер пайда болды.
Ол үшін төмендегі кесте қолданылады.

Кесте 3 - TASTOBE RESOURCES ЖШС пассивінің құрамы мен құрылымы
№ Пассив 2007 жыл 2008 жыл 2009 жыл
Мың тг Үлес % Мың тг Үлес % Мың тг Үлес %
1 Меншікті капитал 68286 44 17 3593 416 996 85
2 Жарғылық капитал 4276 3 45 9509 448 114 91
3 Бөлінбеген табыс 64010 41 (28 591)-5 -31 118 -6
4 Ұзақмерзімді - - 18 6734 24 443 5
міндет-лер
5 Басқа да міндеттемелер - - 18 6734 8 397 2
  Салықтық міндеттемелер - - - - 16 046 3
6 Қысқамерзімді 88321 56 484 35993 50 364 10
міндет-лер
7 Қысқамерзімді 10564 7 9 0992 5 986 1
несиелер
8 Кредиторлық қарыз - - 2 0 13 053 3
426
9 Салық бойынша қарыз 35906 23 70 67014 22 153 5
10 Қысқа мерзімді бағалау - - - - 9 172 2
11 Басқа да міндеттемелер41851 27 402 164 77 - -
12 Баланс 156607 100 520 931100 491 100
803,00
№ Пассив Өзгерістер
08\07 09\08 08\07 09\08
Мың тг Үлес % Мың тг Үлес % %
1 Меншікті капитал -50 927-40 399 63781 2,38 -0,5
2 Жарғылық капитал 41 674 6 402 164 82 0 0,0
3 Бөлінбеген табыс -92 601-46 -2 527 -1 213,14 -59,9
4 Ұзақмерзімді   4 5 770 1 323,05 6,1
міндет-лер
5 Басқа да міндеттемелер    -10 276 3    
6 Қысқа мерзімді 396 03837 -433995 -83 -42,78 111,3
міндет-лер
7 Қысқамерзімді -1 465 -5 (3 -1 -100  
несиелер 113)
8 Кредиторлық қарыз   0 10 627 3 -21,34 67,0
9 Салық бойынша қарыз 34 764 -9 -48 517 -9 -99,39 18161,9
10 Қысқа мерзімді бағалау      2    
11 Басқа да міндеттемелер360 31350      
12 Баланс 345 1110 -29 0 55,86 14,4
128,00

Ескертпе- Кесте 2007-2009 жж. TASTOBE RESOURCES ЖШС-нің бухгалтерлік
балансы бойынша құрастырылған.
Пассивтердің жалпы құнындағы меншікті капитал үлесі жоғарылады және
2009 жылы ол 85% немесе 416 996 мың теңге сомманы құрады. Бұл өзгеріс
меншікті капиталдың 2007 жылмен салыстырғандағы 2009 жылда 41%-ға өсуімен
анықталады. Қарыз қаражаттарының пассивтер құрылы-мындағы үлесі 2008 жылмен
салыстырғанда үлкен өзгеріссіз, яғни 2008 жылы 18673 мың теңге (4%) болса
2009 жыл 24 443 мың теңге сомманы құрап тек 1% артты. Қарыз қаражаттарының
ішінде басқа да міндеттемелер салықтық міндеттемелер негізгі орынды алады,
олардың үлесі пассивтердің жалпы құрылымында 2008 жылы 4 % болса 2009 жылы
2% төмендеген. Ал
салықтық міндеттемелер тек 2009 жылы пайда болған және ол 3% құраған.

ІІ. КӘСІПОРЫНДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

2.1 Шаруашылық субъектісінің меншікті капиталы

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өздерінің құрылуы
барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде
мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге
айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады.
Меншікті капиталдың ерекшелігі-ол шаруашылық жүргізуші субъектінің
актив көзі ретінде үнемі алға шығуы, соған орай оның бар-жоғы білінбейді.
ҚЕХС, ҚЕҰС-да меншікті капиталға мыналар жатады деп көрсетілген:
жарғылық, резервтік қосымша төленген және төленбеген капитал, бөлінбеген
табыс.
Жарғылық капитал кәсіпорын мүлкіне оны құрған кездегі қатысушы-лардың
салымының жиынтығы болып табылады. Кәсіпорынның бухгатерлік есебінде жарғы
капиталына ықпал ететін операциялар мен сәйкес корреспон-денциялар
жүргізіле отырып, төмендегідей операциялар рәсімделеді:

Кесте 4 - Кәсіпорынның бухгатерлік есебінде жарғы капиталына ықпал
ететін операциялар
Жарғылық капиталға қатысты өткізбелер
1 Тағайындаушы құжаттарға сай жарғылық капитал өлшемін 5110 5030
бейнелеу
2 Жарғылық капитал артуына байланысты тағайындаушы құжатқа 5110 5030
өзгеріс
Төленбеген капиталға қатысты өткізбелер:
3 Акция төлеу, салым салу, жарна төлеу
3.1 Материалды емес активтермен 2730 5110
3.2 негізгі құралдармен 2410 5110
3.3 Тауарлық-материалдық қормен 1310,1320,1330,13505110
3.4 Ақшалай қаражаттармен 1010, 1030 5110
Бөлінбеген табысқа қатысты өткізбелер
4 Есеп беріп отырған жылғы таза табыс 5610 5510
бейнеленуі
5 Жыл есебіндегі залалды резервтік капитал 5410, 5460 5510, 5520
есебінен жою
6 Есептен шығару бойынша қайта бағалау сомасын
бөлінбеген табысқа жіберу:
6.1 Негізгі құралдар бойынша 5420 5510
6.2 Материалды емес активтер бойынша 5430 5510
7 Негізгі құралдарды қайта бағалау сомасы 5420 5510

5000 Жарғылық капитал, Төленбеген капитал, 5200 Сатып алынған жеке
меншік үлес құралдары, 5300 Эмиссиялық кіріс, 5400 Резервтер, 5500
Бөлінбеген табыс (жабылмаған шығын) кіші бөлімдері шоттарының кредиті
бойынша операцияларды есепке алуға арналған.
Операциялардың мазмұны бағаны бойынша қолданыстағы заңнамада
белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын жарғылық капиталға жарналарға,
ұйымның жарғылық және резервтік капиталының мөлшерін арттыруға және т.б.
байланысты операциялар бойынша қажетті жазба жүргізіледі.
5000, 5100, 5200, 5300, 5400, 5500 кіші бөлімдерінің әрбір синтетикалық
шоты үшін бағандар арналған, оларға дебет бойынша осы шоттармен
корреспонденцияланатын синтетикалық шоттардың кодтары енгізіледі. Айдың
аяғында әрбір синтетикалық шот бойынша кредит бойынша айналым есептеледі
және Жиыны бағанына енгізіледі. Әрбір синтетикалық шот бойынша кредит
жөніндегі айналымдардың сомасы (Жиыны жолы) Бас кітапқа ауыстырылады.
Қосалқы шоттардың бөлінісінде ұйымның жеке меншік капиталының бар-жоғы
мен қозғалысының талдамалы есебі жүзеге асырылады.

2.2 Ақша қаражаттарының есебі

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік ақша қаражат-тарының
түсуі мен жұмсалуы келесі категорияларға жіктейді: Операция-лық
қызмет, Инвестициялық қызмет, Қаржыландыру бойынша қызмет
1. Операциялық қызмет – ұйымның табыс әкелуге бағытталған
негізгі қызметі. Осы категорияға ақша қаражаттарының
түсу ағыны ретінде жатады: тауарлар мен қызметтерді
сатып алушылардан ақша қаражаттарының түсуі,
инвестициялар мен ссудалардан алынған пайыздар мен
дивидендтер, сондай-ақ нарықтық бағалы қағаздарды сатудан
алынған қаражаттар. Ақша қаражаттарының жұмсалу ағынына:
еңбекке ақы төлеу, тауарлар мен қызметтер үшін төлемдер,
проценттер бойынша төлемдер, салықтық төлемдер және
нарықтық құнды қағаздарды сатып алу.
2. Инвестициялық қызмет – айналымнан тыс активтерді сатып
алу және сату, ақша эквиваленттеріне жатпайтын басқадай
инвестицияларды сатып алу, сату. Ақша қаражаттарының түсу
ағыны ұзақ мерзімді активтерді және нарықтық құнды
қағаздарды сатудан алынған ақша қаражаттарын қамтиды.
Ақша қаражаттарының жұмсалу ағыны ұзақ мерзімді
активтер мен нарықтық құнды қағаздарды сатып алуға жұмсалған
ақша қаражаттарын қамтиды.
3. Қаржылық қызмет– ұйымның меншікті капиталының құрамындағы
өзгерістерді тудырады. Басқаша айтқанда қаржылық қызмет
– ұйым иелерінің ресурстарды алу немесе иелеріне
ресурстарды қайтару. Олардың инвестицияларына табысты
беру.
Ақша қаражаттарының түсу ағыны акцияларды, қысқа және ұзақ
мерзімді займдарды шығарудан түскен түсімдерді қамтиды. Ақша қаражат-
тарының жұмсалу ағыны иелеріне ақшалай дивиденттерді төлеуді қамтиды.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру үш категорияға
сәйкес үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде операциялық
қызметтен түскен ақша ағыны одан кейін инвестициялық қызмет,
ең соңғысы – қаржылық қызмет.
Аталған қызметтердің құрамы 1-суретте берілген.

Түсуі
Жұмсалуы

Сурет 1. Ақша қаражаттарының түсу және жұмсалу ағынын жіктеу
TASTOBE RESOURCES ЖШС ақша қаражаттарының қозғалысын есепке алу үшін
1000 Ақша қаражаты кіші бөлімі арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1010 – Кассадағы ақша қаражаты, онда кассадағы ұлттық және шетел
валюталарымен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1020 – Жолдағы ақша қаражаты, онда жолдағы ақша қаражатының қозғалысы
есепке алынады;
1030 – Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты, онда ағымдағы
банктік шоттардағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының
қозғалысы есепке алынады;
1040 – Карт-шоттардағы ақша қаражаты, онда карт-шоттардағы ұлттық
және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1050 – Жинақ шоттарындағы қаражаты, онда жинақ шоттарындағы ұлттық
және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1060 – Өзге ақша қаражаты, онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге
ақша қаражаты есепке алынады.

2.3 Қорлар есебі мен аудиті

Тауарлы материалдық өнім өндіру барысында өзінің өзіндік құнын бірден
өндірілетін өнімге немесе өзіндік құнын бірден жоятын кәсіпорынның мүлкін –
тауарлы материалдық қорлар деп атаймыз.
Тауарлы-материалдық қорлар өзіне активтерді мына түрде ұсынады:
- шикізат және материалдар, отын, ыдыс және ыдыстық заттар, қосалқы
бөлшектер;
- улы химикаттар, медикаменттер;
- дайын өнім;
- сатуға арналған тауарлар.
Тауарлы-материалдық қорлар мыналарға бөлінеді:
Негізгі – бұл дайындалатын өнімнің құрамына заттай кіретін және
материалдың негізін қалайтын материалдар.
Қосалқы – бұл өндірілетін өнімнің құрамына кіретін, бірақ негізгіден
айырмашылығы олар өндірістік өнімнің заттай негізін құрамайды.
- Тауарлы-материалдық қорларды уақытында қолданғанда оның нақты құнына
тауарлы-материалдық қорларды қолдануына байланысты (сатып алу құны,
тасымалдау құны, көлікті дайындауға кеткен шығындар және т.б.) шығындар
кіреді.
Кәсіпорындарда инвентарлық тексеру (инвентаризация) жылына бір рет
болып тұрады. Инвентарлық тексеру мына жағдайларда жүргізіледі:
- ұрланған фактілер болған жағдайда;
- төтенше жағдайларда (өрт, табиғат апаттары);
- материалды-жауапты тұлғаны ауыстырған жағдайда;
- кәсіпорынның құлауы немесе тарауы кезінде.
Тауарлы-материалдық қорлардың есебі келесі 2 суретте көрсетілген тәртіп
бойынша жасалады.

Сурет 2. Тауарлы-материалдық қорлардың есебін ұйымдастыру тәртібі

Талдау жүргізу барысында тауарлы-материалдық құндылықтардың өзгеруіне
жалпы баға беріледі. Тауарлы-материалдық құндылықтардың өскені керек емес,
өйткені бұл өнімге сұраныс жоқ, инфляцияның әсер етуі, стратегияның дұрыс
жүргізілмегендігін айтып тұр.
Тауарлы-материалдық қорлардың аудитінің негізгі мақсаты: олардың
есебінің дұрыс құрылуы; сақтау орындарындағы тауарлы-материалдық қорлардың
нақты бары қозғалысы туралы нақты мәліметтердің болуы, тауарлы-материалдық
қорлардың сақталынуының қамтамасыздығы және өндірістік тұтыну
нормативтерінің сақталынуы.
Тауарлы-материалдық қорлардың аудиторлық тексеру бағдарламасы мына
сұрақтарға жаап беруі тиіс:
1. Тауарлы-материалдық қорлардың баланстағы көрсеткіштерінің дұрыстығын
тексеру.
2. Қоймадағы есеп пен кәсіпорын соңғы есепті кезеңге тауарлы- материалдық
қорлармен толық қамтамасыз етілгендігін тексеру.
3. Тауарлы-материаалдық қорлардың нақты бары мен сақталуын тексеру.
4. Тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысы бойынша толтырылған алғашқы
құжаттардың дұрыстығын тексеру.
5. Құндылықтардың толық және уақытында келіп түскендігін және сол кезде
толтырылған бухгалтерлік жазбалардың дұрыстығын тексеру.
6. Өндіріске дайын өнім өндіру үшін жіберілген материалдардың
негізділігін тексеру және олардың бухгалтерлік есеп шоттарындағы
крсеткіш-терінің дұрыстығын тексеру.
7. Таурлы-материалдық қорлардың бағалау әдістерін анықтау.
8. Материалдық құндылықтарды басқа кәсіпорындарға қайта өңдеуге
жіберілген кезде толтырылған құжаттардың дұрыстығын тексеру.
9. Өзге кәсіпорвндарға өңдеу және қайта өңдеу үшін материалдық
құндылықтардың жіберілуне байланысты операцияларбойынша бухгалтерлік
жазбалар мен құжаттардың дұрыс толтырылуын тексеру.
10. Тауарлы-материалдық құндылықтардың инвентаризациясын өз уақтында және
дұрыс жүргізілуін тексеру.
Тауарлы-материалдық қорлардың нақты қолда бары мен құжаттардағы
тізімінің сай келуін тексеруде біріншіден жылдық түгелдеудің берілгендеріне
сүйену, екіншіден қорлардың сақталу орындарының жаппай тексерілуі мен
бөлек немесе теріліп тексеру орындарын таңдау қажет.
Материалдық құндылықтардың қоймадағы сақталу тізімінің қадағалауына
және құндылықтардың бөлек түрлерінің сақталыну орындарына аса маңызды көңіл
бөлінеді.
Материалдар негізгі құралдарға қарағанда өндіріс процесінің бір циклына
қатысып, өзінің құнын өнім құнына толығымен беріп, оның негізін құрайтын
өндірістік қор болып табылады. Өндіріс процесінде барлық материалдар
атқаратын қызметіне және тағайындалуына қарай негізгі және көмекші болып
бөлінеді.

2.4 Дебиторлық борыштар есебі

Белгілі бір қарым-қатынасқа байланысты заңды және жеке тұлғалардың
шаруашылық субъектісінің алдындағы сатып алған тауарлары, субъектінің
оларға көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметкерлердің
субъектіден аванс ретінде алған немесе несиеге, қарызға алған тауарлары мен
материалдары үшін қайтаруға тиісті борыштарын -дебиторлық берешек деп
айтады.
TASTOBE RESOURCES Серіктестігінде сатып алушылар мен тапсырыс
берушілермен есеп айырысу есебі бухгалтерлік есептің мынандай шоттарында
жүргізіледі:
1200 Қысқа мерзімді дебиторлық берешек
1210 Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық
берешегі
1220 Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі
1230 Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді
дебиторлық берешегі
1240 Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық
берешегі
1250 Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі
1260 Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек
1270 Алуға арналған қысқа мерзімді сыйақылар
1280 Басқа да қысқа мерзімді дебеторлық берешек шоты;
1290 Күмәнді талаптар бойынша резерв
Осы шоттар бойынша жасалатын есептің ұйымдастырылуын қарас-тырайық.
1210 Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық
берешегі шотында жөнелтілген өнім (тауарлар), орындалған жұмыстар және
көрсетілген қызметтер үшін төлеуге банк қабылдаған есептесу құжаттарын
есепке алады. Алынуға тиісті дебиторлық берешек ағымдағы (немесе қысқа
мерзімдегі) дебиторлық берешектер, яғни бір есептік кезеңнің ішіндегі болып
және ұзақ мерзімдік дебиторлық берешектер, яғни бірнеше есептік кезеңді
қамтитын болып екіге бөлінеді.
Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу бойынша
бухгалтерлік есепте жазылады: Сатылған өнімнің, тауарлардың, істелінген
жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің нақты өзіндік құнына сәйкес
жасалады:

2.5 Факторингтік операциялар есебі

Факторинг, басқаша айтқанда, қаржылық агент болып табылады және ол
үшінші тұлға ретінде қарызды өндіріп беруші ретінде қызмет етеді.
Ондай қаржылық агент болып банктерде басқа да несиелік, коммерциялық
ұйымдар бола алады, бірақ олар аталған қызметті жүзеге асыру үшін лицензия
болуы керек. Бірақ кез келген кәсіпорын немесе ұйым факторинг қызметімен
щұғылданбастан бұрын екі жақтың да несие қабілеттілігін тексереді және
көрсеткен қызметі үшін, өз құқын берген кәсіпорын автоматты түрде төлеуге
тиіс. Бұл арада өзінің дебиторлық қарызды талап ету құқын берген кәсіпорын
мен факторинг компаниясы келісім–шартқа отырады. Ондай келісімшарт ашық та,
жабық та (конфиденциалды) болуы мүмкін.
Осы келісім–шартта, клиентке өзінің құқын қайтып беру мәселесі де
айтылады, яғни регресс құқығы да қарастырылады. Факторингалық қызметтің
құны көрсететін қызметтің түріне, қаржылық жағдайына және т.б факторларына
тәуелді болып келеді. Мысалы, TASTOBE RESOURCES ЖШС Мирас АҚ 326250
теңгеге жиһаз жасап беретіндігі жөнінде келісім шартқа отырған. Енді осы
жиқаздың толық төлемін алу үшін TASTOBE RESOURCES ЖШС факторингтік
компаниясымен, яғни Ардагер АҚ-мен келісім шартқа отырады.
Келісім шарттың жағдайы бойынша факторингтік компания Ардагер АҚ
(қаржылық агент) TASTOBE RESOURCES ЖШС Мирас АҚ-на тауарды жөнелткеннен
үш күннің ішінде TASTOBE RESOURCES ЖШС-нің есеп айырысу шотына ақшаны
аударуы тиіс. Шын мәнінде, Мирас АҚ жасалған келісім–шарттың 80% құнын
бірден аударған, ал қалған келісім–шарттың құнынан (20%) марапаттау сомасы
ұсталып, содан қалған сомасы аударылған. Келісім–шартқа сәйкес марапаттау
сомасы, несие мөлшерлемесі сияқты 38% жылдық мөлшерлемесінің деңгейінде
ұсталған. Қаражаттың айналымдық мерзімі 18 күнді құраған.
Факторинг келісім–шарты бойынша марапаттау сомасы 1,9% [(38%*18 күн )\
360 күн] құраған және сол сомасы төлеуге қабылданған. Енді осы бойнша
шоттар корреспонденциясын жасап көрейік:

Кесте 5 - Факторинг келісім–шарт бойынша шоттар корреспонденциясы
ҚатаШаруашылық операциялар мазмұны Сомасы, Шоттар
р теңге корреспонденциясы

Дебет Кредит
Жабдықтаушы-кәсіпорында (TASTOBE RESOURCES ЖШС)
1. Келісім–шарттың шарты бойынша
TASTOBE RESOURCES ЖШС, Мирас
АҚ тауар жөнелтті:
Жөнелтілген тауардың өзіндік 196875 7110 1330
құнына; 281250 2110 6020
Келісім–шарттың құнына 45000 2110 3130
ҚҚС (12%)
5- кестенің жалғасы
2. Қаржылық агенттен (Ардагер АҚ) 261000 1040 3360
жөнелтілген тауардың 80% алынды.
3. Қаржылық агентке көрсеткен қызметі6199 7330 3360
үшін, марапаттау сомасы шығысқа
жатқызылды.
4. Қалған 20% қаржылық агенттен 59051 1040 3360
алынды, бірақ осы сомадан
марапаттау сомасы шегерілді
59051теңге (326250 *20% -6199)
5. Қарыздары зачет жасалды 326350 3360 2110
Қарыз-кәсіпорында (Мирас АҚ)
1. TASTOBE RESOURCES ЖШС
жөнелтілген тауарлар Мирас АҚ
келіп түсті: 281250 1330 3310
Тауар құнына 45000 1420 3310
ҚҚС(12%)
2. Қаржылық агенттің талап еткен 326250 1630 1040
сомасы, алынған тауар үшін төленді
3. Қарыздары зачет жасалды 326250 3310 1630
Қаржылық агентте (Ардагер АҚ)
1. Факторингі келісім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Трансшекаралық өзен су ресурстарын пайдалануды басқаруды жетілдіру
Қазақстан аумағындағы су жағдайы
Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты
Қазақмыс корпорациясы ЖШС
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кадастры
Жаңақазан ауылының тарихы
Диалогтік оқыту технологиясы
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтеріліс
Жамбыл ауданының аймақтық экологиялық жағдайы
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтеиісұлы бастаған көтеріліс
Пәндер