Таулармен жазықтардағы өзен аңғарлары



1 Кіріспе
2.1 НегізгіАрналық ағын пайда болуының алғашқы кезеңі
2.2 Өзен және аңғар жүйесінің дамуы.
2.3 Өзен және өзен аңғары дамуының соңғы кезеңі
3 Қорытынды
4 Пайдаланылған әдебиеттер
Өзендер мен өзен аңғарларының зерттелу тарихының гидродинамикасы, олардың морфологиялық-аккумуляциялық әрекеті, аңғарының құрылысы, олардың морфологиялық элементтері және т.б. мәселелер өз шешімдерін тапты. Алайда аталған мәселелердің көптеген жақтары әлі де толық зерттелмей келеді. Алғашқы су ағынықайдан және қалай пайда болады, олар ірі өзен жүйесіне қалай айналады, өзендер дамуының соңғы кезеңі және көптеген басқа да мәселелер әлі де түсініксіз. Тіпті жекелеген мәселелерді бірыңғай логикалық- әдістемелік жүйеге біріктіретін олардың қалыптасуының жалпы теориясы туралы айтпағанда, өзендердің пайда болуы мен дамуының жалпы ұстанымдарының нұсқаулары жоқ. Жетілген өзендер мен өзен аңғарларының қалыптасуы-өте күрделі процесс.
1. Құсаинов С.А., Кожахметова Ү.К. Өзен аңғараларының геоморфологиясы. Алматы: Қазақ университеті, 2012.
2. Жандаев.М.Ж Өзен аңғарлары. геоморфологиясы. Алматы: Қазақ университеті, 2013
.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
Картография және геоинформатика кафедрасы

СӨЖ

Таулармен жазықтардағы өзен аңғарлары

Орындаған: Ерболқызы.С, Каптагаева.Н
Тексерген: Тумажанова.С.О

Алматы, 2016
Мазмұны
1 Кіріспе
2.1 НегізгіАрналық ағын пайда болуының алғашқы кезеңі
2.2 Өзен және аңғар жүйесінің дамуы.
2.3 Өзен және өзен аңғары дамуының соңғы кезеңі
3 Қорытынды
4 Пайдаланылған әдебиеттер

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Кіріспе
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Өзендер мен өзен аңғарларының зерттелу тарихының гидродинамикасы, олардың морфологиялық-аккумуляциялық әрекеті, аңғарының құрылысы, олардың морфологиялық элементтері және т.б. мәселелер өз шешімдерін тапты. Алайда аталған мәселелердің көптеген жақтары әлі де толық зерттелмей келеді. Алғашқы су ағыны қайдан және қалай пайда болады, олар ірі өзен жүйесіне қалай айналады, өзендер дамуының соңғы кезеңі және көптеген басқа да мәселелер әлі де түсініксіз. Тіпті жекелеген мәселелерді бірыңғай логикалық- әдістемелік жүйеге біріктіретін олардың қалыптасуының жалпы теориясы туралы айтпағанда, өзендердің пайда болуы мен дамуының жалпы ұстанымдарының нұсқаулары жоқ. Жетілген өзендер мен өзен аңғарларының қалыптасуы-өте күрделі процесс.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Мұнда бірнеше кезеңді бөліп қарастыруға болады: алғашқы кезеңде арналық ағынның пайда болуы, өзен аңғарлық жүйелерінің қалыптасуы және олардың дамуының соңғы кезеңі. Әр кезең кешенді түрде зерттеуді қажет етеді Қазақстан өзендерінің бірінші ерекшелігі жасы әр түрлі. Жазық бөлігінің өзен жүйелері ескі, өзінің даму сатысының соңғы кезеңінен өтуде. Сондықтан жазықтардағы өзендердің аңғарлары жақсы түзілген әрі кең болып кетеді. Бұл өзендерде тереңдік шаю әрекеті (эрозиясы) баяу, ал бүйірлік шаю күшті болады. Таулы аймақтардың өзендері геологиялық тарихы жағынан жас, өз дамуының бастапқы кезеңінен өтуде. Бұлардың бойлық қимасы тік, құламалы келеді, яғни қалыптасып бітпеген. Өзендердің тереңдік шаю әрекеті жылдам да, бүйірлік шаюы баяу.
Қазақстан өзендерінің екінші ерекшелігі оның әркелкі таралуы. Жазықтарда өзен жүйесінің (торының) жиілігі солтүстіктен оңтүстікке қарай кеми береді. Жауын-шашын көбірек түсетін орманды дала және дала зоналары өзенге бай. Республиканың солтүстігінде өзен жүйесінің жиілігі әрбір 100 км2-ге орта есеппен 4-6 км-ден, ал оңтүстік шөл зонасында 0,5 км-ден келеді. Қазақстанның биік таулы аймақтарында өзен көп. Алтай, Жетісу Алатауы және ТяньШань тауларына жауын-шашын мол түседі. Өзен жүйесінің жиілігі тау бөктерлерінде әрбір 100 км2-де 4-6 км-ге, таудың орта бөлігінде 10-12 км-ге, биік тауларда 16-18 км-ге дейін жетеді.

Арналық ағын пайда болуының алғашқы кезеңі
Аталған мәселемен ұзақ уақыт бойы (өткен ғасырдың 50-ші жылдардан бастап) айналыса келе, М.Ж. Жандаев мынадай қорытындыға келді, егер өзенді тек өзен ағыны тұрғысынан қарасақ, оны шешу мүмкін емес. Сонымен қатар, өзен әрқашан арна, аңғар және шөгінді материал түрінде із қалдырып отырады, олар кез-келген ағынның дамуындағы түрлі кезеңдерді көрсетеді. Сондықтан да М.Ж. Жандаевтың назарын кешендік зерттеудегі, арналық ағынның гидродинамикасы, оның эрозиялық-аккумуляциялық әрекеті, ӛзен аңғарының құрылысы мен дамуы, қарастырған территорияның ландшафттық ерекшеліктері және т.б. аударды.
Өзен аңғарлары өздерінің даму барысында күрделі өзгерістерге ұшырайды және кез-келген бедер пішіндері сынды дамуының бастапқы және соңғы кезеңдері, яғни өздерінің даму тарихы бар. Аңғардың түзілуі жайында толық сипаттама алу үшін, оның дамуындағы жер бетінде ағынның пайда болуынан соңғы кезеңіне дейін қадағалап бақылаған дұрыс болар еді. Алайда, мұны бір өзен шеңберінде бақылау мүмкін емес.
Осыған байланысты біз табиғатта өзеннің және оның аңғарының қалыптасуының жеке кезеңдеріне сай келетін, бедердің эрозиялық пішіндерін табуға тырыстық. Осы мақсатта жас таулар және тау етегіндегі жазықтарда арналық процесстер, жыра-жылмалардың пайда болуы мен дамуы, ұсақ өзендердің, ысырынды конустарының қалыптасуы, өзендер мен өзен аңғарларының тарихы, ежелгі көмілген және суасты аңғарлар зерттелінді. Осыған қоса 1963 жылы алапат сел әрекетінен төмен ағызылып
кеткен Есік өзен аңғарында, Оңтүстік Қазақстандағы Іле Алатауының тауалды жоталарындағы өзен аңғарларында жүргізілді. Сондай-ақ М.А.Великановтың, Н.И.Маккавеевтың және т.б. эксперимент тәжірибелері пайдаланылды.
Міне осындай жолмен, көпжылдық далалық зерттеу нәтижесінде, сондай-ақ теориялық тұжырымдар қорытындысы бойынша арналық су ағындарының бастапқы пайда болу кезеңінен олардың ірі өзен жүйелеріне айналуының немесе өзен құрылуының тек екі тәсілі бар: олар енді көтеріліп келе жатқан таулардың беткейлерінде атмосфералық жауын-шашын әсерінен қалыптасады, немесе тұрақты қоректену кезеңінен (көл, мұздық, жерасты сулары) бастау алады.
Тау беткейлерінде пайда болатын су ағындары алғашында ұсақ сорғылама ағындар түрінде болады, кейін олар арналы ағындарға жиналады. Бұл жерде олардың пайда болуында бірнеше шарттар сақталуы тиіс. Біріншіден, қарқынды түсетін жауын-шашынның жетерліктей болуы, екіншіден белгілі бір су жинау алабының болуы, үшіншіден, су ағынының ұзына бойы еңістікті бедер пішіндерінің болуы. Бұл шарттар көтерілген аралдардың және жас таулар беткейлеріндегі жырма-жылғалардың атмосфералық жауын-шашын есебінен пайда болуын қамтамасыз етеді. Алғашқы жырма-жылғалар түрінде шайылуы эрозиялық базисінен, немесе беткей етегінен емес, бүкіл су ағынның бойында болады, дегенмен қарқындылығының күшеюі, беткейдің ортаңғы немесе сәл тӛмендеу бӛлігінде өтеді. Су еңісті жерлер болғанша аға береді, сондықтан да су ағынының жылдамдығынан басқа, оның ұзындығы да бедерге тәуелді.
Бедер жазықтанып пенеплен күйге түскенде, су ағыны жайылып сағалық суқойманы жасайды. Бұл жылғалар мерзімді тек қаз еру кезінде пайда болып, жазда олар кеуіп қалады. Келесі мерзімде дәл осылай оқтын-оқтын түрде қайталанып тұрады. Ал, таулардың көтерілуі әдетте белгілі бір орталығынан басталып, біртіндеп жан-жаққа өседі. Сонда таулардың шеткі өңірлерінде көптеген алғашқы жылға-жырмалар пайда болады. Олардың ірі өзен жүйесіне айналуы үшін тӛменгі тарауларда түсіндірілетін
бірнеше шарттар болуы қажет. таулардың тіпті болар-болмас биіктікке жетсе де, жаңа өзендердің пайда болуы мүмкін емес, себебі бұл процесс ұзақ уақытқа мыңдаған, миллиондаған жылдарға созылады. Осы уақыт аралығында атмосфералық жауын-шашын тау бедеріне толығымен бейімделеді де және жауынның әр тамшысы қалыптасқан өзен ағынына жол табады. Сол себептен қазіргі тауларда жаңа өзендер қалыптаспайды.
Өзеннің алғашқы кезеңінің тұрақты қоректену көздерінің қалыптасуы үшін екі шарт болуы тиіс: қоршаған ортадан гипсометриялық жоғарыда орналасқан қоректену көзі және бедердің еңістігі. Мұндай өзендер тауда да, жазықта да пайда болуы мүмкін. Егер қоректену көзі көл болса су ағынның кӛтерілуі кезінде кӛлдің жырып бұзылуы нәтижесінде пайда болады. Ағын біртіндеп өзіне арна жасап, өзенге айналады. Мұндай өзендердің сулылығы мен режимі қоректенетін көлдің режимі мен мөлшеріне байланысты. Мәселен, Ангара және Африкадағы Ақ Ніл өзені өздерінің қоректену көздерінен бастап суы мол және аңғарлары жақсы қалыптасқан. Егер көл шағын болса, онда өзеннің бастауында суы аз немесе уақытша мерзімді су болады. Оның ірі өзен жүйесіне айналуы үшін кӛптеген тармақтары қосылуы керек. Мұздықтық өзендер бұрын Еуразияның солтүстік бөлігіндегі төрттік кезеңдегі мұздық жамылғысының шетінде пайда болған, қазір олар тауда қалыптасады. Тұрақты қоректену көздері бар өзендердің және олардың аңғарларының дамуы М.Ж. Жандаевтың пікірі бойынша су ағынының бағытына қарай жүзеге асады және олардың көздері әрдайым бір орнында болады. Мұндай өзендерге жер шарының көптеген өзендері жатады.

Өзен және аңғар жүйесінің дамуы.
Егер бедер жазық болса, жоғарыда аталған арналық ағынның алғашқы кезеңінің пайда болуының шарттары уақыт ӛткен сайын ӛз маңызын жоғалтады және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарағанды облысы бойынша әдебиеттерді зерттеу
Қазақстанда шөлдену мәселесі
Альпі және Карпат тауларына салыстырмалы физикалық-географиялық сипаттама
Шөлдер
Қаланың батыс және оңт
Қазақстан өзендері
Тарбағатай тауының топырақтарына жалпы сипаттама
Алакөл ойысының геотектоникалық құрылысы
Таулардың абсолют биіктігі
ОҢТҮСТІК БАТЫС АЗИЯ МЕМЛЕКТІ
Пәндер