Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру жолдары



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ ҒЫЛЫМИ.ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
7
1.1 Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің мазмұны, құрылымы мен қызметтері 7
1.2 Әлеуметтік қорғау модельдерінің дамуындағы негізгі тенденциялар
16



2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК.ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

24
2.1 Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі негізгі реформалардың орындалу барысы
24
2.2 Халықты әлеуметтік қорғаудың қазіргі жағдайы және негізгі мәселелері
37


3 ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МЕХАНИЗМДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

53
3.1 Қазақстандағы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бағыттары
53

3.2 Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамыту және әлеуметтік саясат басымдықтары

64


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 77


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... 80
Тақырыптың өзектілігі. Экономикалық өсу адамның өмір сүруге құқығын сақтау мен қамтамасыз ету, өмір сүру құралдарын алу мен қорғалуы үшін өмірлік маңызды болып табылады. Қазақстан өз алдына әлемнің 50 бәсекелік қабілетті елдер қатарына кіру мақсатын қойған экономикасы тұрақты дамушы ел ретінде танылған. Елде макроэкономикалық тұрақтылыққа әлеуметтік, ақша және несие саясатын, жер қатынастары мен жеке секторды дамытуды реформалау арқылы қол жеткізілді. Дегенмен, соңғы жылдардағы қол жеткізген экономикалық өсудің жоғарғы көрсеткіштеріне қарамастан мемлекет әлі де елде шешілуі тиіс әлеуметтік мәселелерді жай қалдыра алмайды.
1. Н.Ә.Назарбаев ««Қазақстан- 2050» стратегиясы - Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»- 15.12.2012 жылғы Қазақстан халқына жолдауы.
2. Хамзин А.Ш., Хамзина Ж.А., Хамзина Л.А. Право социального обеспечения РК: Учебник. - Алматы, 2006.
3.Сансызбаева Г.Н. Система социальной защиты населения и ее проблемы. Учебное пособие. Алматы: Экономика, 2000.
4.Притворова Т.П. Особенности трансформации государственной социальной политики в переходной экономике // Социально-экономические проблемы региона: Выпуск 8. Сборник научных трудов. Караганда, 2002-С.50
5.Оразгалиева А.К.Социальная защита населения как социальный институт: перспективы и пути развития в республике Казахстан aspirans.com/sotsialnaya-zashchita-naseleniya-kak-sotsialnyi-institut-pers, 2012
6.Космаровская Т. Средний класс и социальная политика // Вопросы экономики. - 2008. - № 7. - С. 88-98.
7.Нестеренко А. Социальная рыночная экономика: концептуальные основы, исторический опыт, уроки для России // Вопросы экономики. - 2006. - № 8. - С. 71-84.
8.Колос Е.А. Изучение исторических аспектов формирования модели социальной защиты населения в РК, Вестник КАСУ №4 - 2007
9. Закон РК «О пенсионном обеспечении в РК» от 20 июня, 1997г.
10. А.Кажмуратова Развитие пенсионной системы Республики Казахстан как фактор обеспечения социальных гарантий.
11. Проблемы бедности в контексте социальной политики // информационный бюллетень при академии государственной службы при Президенте РК, Астана, 2006
12. Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 99-п бұйрығы, adilet.zan.kz/kaz/docs/V000001204
13. Сатыбалдин А.А. Экономическая оценка уровня бедности и безработицы в Казахстане. Алматы, 2005-С.33
14. Денисов Н. Социальная политика: цели, принципы, механизмы реализации // Экономист, 2006,№11

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Тұрмаханова А.

ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В050600 –“Экономика” мамандығы

Түркістан 2015
Ф-ОБ-001033
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Әлеуметік ғылымдар факультеті

“Қорғауға жіберілді”
Кафедра меңгерушісі,
э.ғ.д.,профессор

_________ _Б.С.Мырзалиев
_____________________ 2015 ж

Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С

тақырыбы: ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

Орындаған: СЭК-211до
тобының
студенті
А.Тұрмаханова

Ғылыми жетекші:
э.ғ.к., доцент
С.Қалтаева

Түркістан - 2015

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ
ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ 7
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..
1.1 Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің мазмұны, құрылымы мен 7
қызметтері
1.2 Әлеуметтік қорғау модельдерінің дамуындағы негізгі
тенденциялар 16


2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ НЕГІЗГІ 24
МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
2.1 Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі негізгі реформалардың
орындалу барысы 24
2.2 Халықты әлеуметтік қорғаудың қазіргі жағдайы және негізгі
мәселелері 37


3 ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МЕХАНИЗМДЕРІН
ЖЕТІЛДІРУ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 53
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
3.1 Қазақстандағы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру 53
бағыттары
3.2 Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамыту және әлеуметтік
саясат басымдықтары 64


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 77


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... 80

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Экономикалық өсу адамның өмір сүруге құқығын
сақтау мен қамтамасыз ету, өмір сүру құралдарын алу мен қорғалуы үшін
өмірлік маңызды болып табылады. Қазақстан өз алдына әлемнің 50 бәсекелік
қабілетті елдер қатарына кіру мақсатын қойған экономикасы тұрақты дамушы
ел ретінде танылған. Елде макроэкономикалық тұрақтылыққа әлеуметтік, ақша
және несие саясатын, жер қатынастары мен жеке секторды дамытуды
реформалау арқылы қол жеткізілді. Дегенмен, соңғы жылдардағы қол
жеткізген экономикалық өсудің жоғарғы көрсеткіштеріне қарамастан
мемлекет әлі де елде шешілуі тиіс әлеуметтік мәселелерді жай қалдыра
алмайды.
Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында халық өмірінің сапасын арттыру
мәселесі мемлекетіміздегі әлеуметтік саясаттың маңызды міндеті саналды және
солай болып қала бермек. Қазақстан – 2030 стратегиясына сәйкес әлеуметтік
қамсыздандырудың ұлттық үлгісі қалыптастырылды және халықтың әл-ауқатын
арттыруға бағытталған бірқатар маңызды әлеуметтік бағдарламалар қабылданды.
Мемлекет басшысы өзінің Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ
еңбек қоғамына қарай жиырма қадам атты мақаласында тәуелсіздік жылдары
әлеуметтік-еңбек саласында атқарылған істерді қорытындылай келе, әлеуметтік
мемлекеттің берік іргетасы қаланғандығын, қазақстандықтардың сапалы өмір
сүру стандартының ұдайы дамып келе жатқандығын ерекше атап өткен еді. Ұлт
көшбасшысы Н. Назарбаев қол жеткізілген жетістіктерге нақты баға бере
отырып, Қазақстан – 2050 Стратегиясында ел азаматтарының тұрақтылық пен
әл-ауқат жемісін тиімді пайдаланудың жаңа міндетін айқындап берді. Әрбір
қазақстандыққа қамқор болу ... өмір және біздің еліміздің барлық
азаматтарының күнделікті көңіл-күйі  әлеуметтік жаңғыртудың алдыңғы шебіне
қойылған,- деген еді (1(. Дегенмен, әрбір адамның өзіндік жетістігі
өзінің алған заманауи білімі мен еңбексүйгіштігіне, жауапкершілігіне
тікелей байланысты.
Қазақстанда тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесі кеңестік жүйенің
дәстүрлерін мұра етіп, әлеуметік қамсыздандырудың әмбебап моделіне
негізделді. Әлеуметтік мәселелер әлі күнге дейін оның өмірдің барлық
сферасына ықпал ететіндігінен емес, әлеуметтік қорғаудың тиімділігі
қоғамдағы әлеуметтік реформалардың тереңдету көрсеткіші болып
табылатындықтан дамудың ұлттық басымдығы ретінде қалып отыр. Осыған
байланысты Қазақстанның әлемнің 50 бәсекелік қабілетті дамыған елдерінің
қатарына кіру талпынысына сәйкес ұлттық басымдық қоғамның әлсіз топтарына
бағытталған және экономикалық дамуға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы
әлеуметтік саясатты құру болып табылады. Сондықтан да бұл мәселе
тақырыптың өзектілігін анықтайды және зерттеу жұмысында осы мәселелерді
кешенді талдау мен қалыптасқан мәселелер төңірегінде олардың шешімін табу
жолдары қарастырылған.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі
мәселелері көптеген экономистерді қызықтырады. Аталған мәселені зерттеуге
М. Блауг, У. Беверидж, Э. Долан, Д. Кейнс, А. Маршалл, Г. Мэнкью, П.
Самуэльсон, М. Фридман, У.Ф. Шарп және т.б. шетелдік ғалымдар үлкен үлес
қосты. Олар әлеуметтік қорғау теориясының негізі қалады, экономикадағы
әлеуметтік институттардың рөлін көрсетті.
Қазақстанда әлеуметтік қорғау мәселелерін зерттеуге С.Н. Алпысбаева,
Л.Л. Бекренев, С.Н. Гайсина, А.Ш.Хамзин, С.Т. Жакупов, А.Б. Зейнельгабдин,
М.Б. Кенжегузин, Н.К. Кучукова, К.С. Мухтарова, Т.П. Притворова,
А.К.Оразғалиева, А.М. Сейтказиева, Х.Н. Сансызбаева, А.Ж. Султангазин
сияқты ғалымдардың еңбектері арналған. Алайда экономикалық әдебиеттерде
негізінен әлеуметтік қорғау мәселелері әлеуметтік қамтамасыз ету және
қалыптастырудың қаржылық механизмдері тұрғысынан қарастырылады.
Сондықтан әлеуметтік қорғаулы жетілдіру мәселесі арнайы ғылыми зерттеу
объектісі ретінде әлі де болса зерттеуді қажет етеді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты
тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың қалыптасқан тенденциясы мен заңдылықтарын
анықтау және осының негізінде мемлекеттік деңгейде әлеуметтік қорғау
жүйесін жетілдіру жолдарын қарастыру. Қойылған мақсат келесі мәселелердің
шешімін талап етеді.
- халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі принциптері мен қызметтерін
негіздеу;
- әлеуметтік қорғаудың шетелдік модельдерінің қалыптасу тәжірибесін
зерттеу;
- Қазақстандағы әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі тенденцияларын
анықтау және әлеуметтік көмектің қазіргі жағдайын талдау;
- әлеуметтік қорғау саясаты және оның бағыттарын анықтау;
- әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету механизмдері мен оның тиімділігін
қарастыру.
Зерттеу пәні мен нысаны. Зерттеу нысаны Қазақстандағы халықты
әлеуметтік қорғау жүйесі болып табылады. Зерттеу пәні - әлеуметтік
қорғау жүйесінде туындайтын мәселелермен байланысты нарық субъектілері
арасындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар жиынтығы.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізін әлеуметтік қорғау
сферасындағы экономикалық ғылым тұжырымдамалары, әлеуметтік қорғаудың
қалыптасқан модельдері, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету жүйесінің
заңдылықтарын ашатын теория мен тәжірибедегі отандық және шетелдік
ғалымдардың еңбектері, Қазақстан Республикасының нормативтік және
құқықтық актілері, әлеуметтік қорғау жүйесіндегі Президент жарлықтары,
үкімет қаулылары мен үкіметтің әлеуметтік бағдарламалары, еңбек және
әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық материалдары, ҚР статистика
жөніндегі Агенттік мәліметтері мен мерзімді баспасөз құралдарының
ақпараттары құрады.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы халықты әлеуметтік қорғау
бағдарламаларын зерттеудің нәтижесінде жасалған тәжірибелік қорытынды мен
ұсыныстар деңгейінен көруге болады. Жұмыста елдегі халықты әлеуметтік
қорғаудың қазіргі жағдайын талдау нәтижелері қарастырылды, әлеуметтік
қорғау жүйесінің негізгі мәселелері айқындалды.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы. Зерттеу жұмысының жаңалығы әлеуметтік
қорғаудың қазақстандық моделінің ерекшеліктерін талдау негізінде әлеуметтік
қорғауды жетілдірудің жолдарын қарастыру болып саналады. Зерттеуді жүргізу
барысында төмендегідей нәтижелерге қол жеткізілді:
– халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық жүйесіне сипаттама берілді;
– халықты әлеуметтік қорғау реформаларының нәтижелері сараланып,
әлеуметтік қорғауды жетілдіру мәселелері мен оларды шешу жолдары
қарастырылды.
Дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы: кіріспеден, 3 тараудан,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы жұмыста
барлығы 9 кесте, 11сызбадан, 29 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұратын
81 бетті қамтиды.
Бірінші тарауда нарықтық экономика жағдайында халықты әлеуметтік
қорғаудың ғылыми-теориялық негіздері қарастырылады.
Екінші тарауда Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай және
халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі мәселелері талданады.
Үшінші тарауда әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету механизмдерін
жетілдіру мен әлеуметтік саясат бағыттары негізделеді.

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің мазмұны, құрылымы мен
қызметтері

Әлеуметтік қорғау жүйесі қоғамның барлық мүшелері үшін өмір сүрудің
минимальды стандарттарын қамтамасыз етуді көздейді. Көптеген дамыған
елдерде әлеуметтік қорғау термині үкіметпен ұйымдастырылатын және
ақшалай, натуралды формада мұқтаж адамдарға берілетін әлеуметтік
бағдарламаларға қатысты қолданылады.
Қоғамдық әдебиеттерде әлеуметтік қорғау термині 90-шы жылдары
қоғамдық қажетті және әлеуметтік мәнді процесс символы ретінде пайда болды.
Кең құқықтық мағынасында әлеуметтік қатынастар жүйесі жөнінде айтылады және
әлеуметтік қорғау мазмұны жекелік құқығының кепілдеме жүйесімен сәйкес
келеді. Адамзаттық өркениет ағымында әлеуметтік қорғау механизмі жанұялық
байланыстардан бастап азаматтардың әлеуметтік қорғалуы экономикалық және
құқықтық институттардың күрделі кешенімен қамтамасыз етілетін қазіргі
заманғы демократияға дейін тұрақты дамып отырды [2].
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде келесі деңгейлерді бөліп көрсетуге
болады:
- мемлекет пен басқарудың муниципалды органдары тарапынан әлеуметтік
қорғау;
- кәсіпорындар, фирма әкімшілігі, жұмыс берушілер тарапынан әлеуметтік
қорғау;
- еңбек коллективтері мен әртүрлі үкіметтік емес ұйымдар тарапынан
әлеуметтік қорғау;
- жанұялық қорғау және өзін-өзі қорғау.
Объектісі бойынша әлеуметтік қорғаудың келесі формалары ажыратылады:
- балаларды әлеуметтік қорғау;
- аз қамтылған жанұялар мен азаматтарды әлеуметтік қорғау;
- жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау;
- зейнеткерлік жастағы тұлғаларды әлеуметтік қорғау;
- аурулар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау;
- әлеуметтік салалар: денсаулық сақтау мен білім беруді әлеуметтік қолдау.
Аталған деңгейлер мен формалар өзара байланысты. Өмірге келген бала
алғашқы уақытта тікелей жанұяның әлеуметтік қорғауында болады. Қазіргі
уақытта көптеген жанұялар өздерінің балаларына толыққанды өмір сүру
шарттарын қамтамасыз ете алмайды, әсіресе жанұяда баланың саны көп болған
жағдайда. Осы жерден мемлекет пен муниципалды басқару органдары тарапынан
балалар мен көпбалалы аналарды әлеуметтік қорғау қажеттілігі туындайды.
Басқа тең жағдайларда жанұяның өмір сүру үшін қажетті құралдары көп
болған сайын ол әлеуметтік қорғауды аз қажетсінеді. Сондықтан тұрақты,
жеткілікті, жоғарғы ағымдық табыстар, сондай-ақ жинақтар (меншік, бағалы
қағаздар, банк жинақтары және басқа құндылықтар формасындағы) халықты өзін-
өзі қорғаудың ең тиімді құралдары болып табылады [2].
Дамыған батыс елдерінің тәжірибесі әлеуметтік қорғау жүйесі бүтіндей
өзінің міндеттерін әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік көмектің өзара әрекеті
жағдайында тиімді орындауға қабілетті екендігін көрсетіп отыр. Әлеуметтік
сақтандыру принципі көрсетілетін әлеуметтік көмекті жарналар есебінен алдын
ала қаржыландыруға және жарналар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің өзара
тығыз байланысына бағдарланады.
Көмек көрсеткен жағдайда индивидуальды жарналар мен ынтымақтастық
қайта бөлу жүйесі роль атқарады. Әлеуметтік көмекті қаржыландырудың негізгі
көзі бюджет болғандықтан, оның ауқымы сол мемлекеттің қаржы жағдайымен
анықталады.
Әлеуметтік қорғаудың жалпы принциптеріне келесілерді жатқызуға
болады:
- тұрғындардың барлық топтарының өмір сүруінің қолайлы шарттарын қамтамасыз
ету үшін қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігі;
- қажетті жағдайларда медициналық, әлеуметтік және кәсіби сауықтыруды
жүзеге асыру;
- әлеуметтік және кәсіби тәуекелдерден жұмыс істейтін тұрғындарды қорғаудың
жалпылама және міндетті сипаты;
- тұрғындардың үлкен бөлігіне әлеуметтік қорғау жүйесін қолдану сферасының
кеңею тенденциясы [3].
Ақшалай жәрдемақылар табыс төмендеген жағдайда, еңбекке қабілетсіз,
өндірістік ауруға ұшырағанда, асыраушысынан айрылғанда, жұмыссыздарға,
баланың туылуына байланысты беріледі. Әлеуметтік қорғаудың натуралды
формаларына медициналық қызмет көрсету, сауықтыру шаралары жатады.
Әлеуметтік жәрдемақылардың үлкен бөлігі әлеуметтік сақтандыру
есебінен жүзеге асырылады. Жәрдем ақы мөлшері алдыңғы табыспен жиі
байланысты. Егер индивидтің әлеуметтік сақтандыру қызметтерін пайдалануға
құқығы болмаса, ал оның нақты табысы елдегі кепілдендірілген минималды
табыстан төмен болса, онда аз қамтылғандығы бойынша жәрдем ақы төлеу
формасында әлеуметтік көмек бағдарламасы күшіне енеді.
Көптеген елдерде аз қамтылуы бойынша жәрдем ақы мен әлеуметтік
сақтандырудан басқа үй шаруашылығының табысына тәуелсіз барлық жанұядағы
балаларға жәрдем ақы төленеді. Балаларға жәрдем ақы демографиялық
саясаттың бір бөлігі болып табылады және туылу көрсеткішін ынталандыру
мақсатын көздейді. Әлеуметтік көмек жүйесінің элементтері болып сондай-ақ
минимальды жалақы мәселелері бойынша заңдылықтар табылады. Индустриалды
елдердің әлеуметтік қорғау жүйесінің құқықтық базасы жалпы танылған адам
құқығы саласындағы халықаралық нормалар мен стандарттарға сүйенеді.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің элементтері:
1. Тағайындалған зейнетақының ең аз мөлшері – бұл зейнеткерлік жасқа
жеткенде зейнетақы заңнамасында көзделген талаптар бойынша мемлекет
кепілдендірген ең төменгі ақша сомасы.
2. Тағайындалған зейнетақының орташа айлық мөлшері – бұл бір
зейнеткерге бөлінетін ай сайынғы зейнетақының орташа мөлшері. Әлеуметтік
қорғау органдарында есепте тұратын барлық зейнеткерлерге тағайындалған
айлық зейнетақының жалпы сомасының, жыл аяғындағы зейнеткерлердің жалпы
санына қатынасы ретінде есептеледі.
3. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы - бұл мемлекеттік әлеуметтік
жәрдемақылар мүгедектікке, асыраушысын жоғалтуға байланысты және жасына
қарай мұқтаж азаматтарға мемлекеттің ақшалай қаражаттармен мерзімдік төлем
жасауы болып табылады.
4. Арнайы мемлекеттік жәрдемақы – бұл арнайы мемлекеттік жәрдем ақы
әлеуметтік қорғауға мұхтаж адамдарға ақшалай төлем жасау болып саналады
(ақшалай тұлғалаудағы бұрыңғы жеңілдіктер мен үстеме ақылар болып
табылады). Мұндай көмек жәрдемақылардың өзге түрлеріне қатыссыз төлене
береді. Осындай жәрдем ақы алуға құқылы азаматтардың қатарына, атап
айтқанда жататындар: Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соғыс мүгедектері,
ішкі істер органдарының қаза тапқан әскери және жай қызметкерлерінің
отбасылары, Ұлы Отан соғысы жылдарында ерен еңбегі үшін Кеңестер Одағының
медальдарымен және ордендерімен марапатталған адамдар т.б.
5. Мемлекеттік арнайы жәрдем ақы – бұл 1998 жылдың 1 қаңтарына №1
тізім бойынша адамдардың жұмыс стажының жай-күйіне қарай ақшалай төлем
белгілеу болып табылады (еркектер үшін – 53 жасқа шыққанда және кемі 20 жыл
жұмыс стажы болғанда, әрі оның 10 жылы Тізімде көрсетілген жұмыстар болуы
тиіс; әйелдер үшін – 48 жасқа жеткенде және жұмыс стажы кемі 15 жыл, оның 7
жылы Тізімде көрсетілген жұмыстар болуы керек). №1 Тізімге жер асты және
ашық кен жұмыстарындағы өндірістер, жұмыстар, кәсіптер, қызметтер, өте
зиянды және еңбектің ерекше ауыр жағдайларындағы жұмыстар кіреді.
Жәрдемақы жалақы алушыларға қатыссыз төлене береді. Зейнеткерлік жасқа
жеткен кезде жәрдемақы алушы өзіне зейнетақы тағайындауды немесе жәрдемақы
алуды таңдауға құқығы бар.
6. Тұрғын үйге берілетін көмек – бұл түрғын үйдің және коммуналдық
қызмет көрсетулердің құнын жабу үшін осы аймақтағы тұрғын үйдің меншік
иелері немесе жалдаушылары болып табылатын аз қамсыздандырылған тұрғындарға
ақшалай төлем жасау жәрдемін көрсетеді. Тұрғын үй көмегі жергілікті
деңгейде белгіленіп, жергілікті бюджеттерден төленеді.
7. Кедейшілік шегі - мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмегін беруге
арналған критерий болып табылады. Ол бюджеттегі қолда бар қаржылай
қаражаттарды есепке алу арқылы анықталатын күнкөріс минимумының (ең
төменгі тұтыну себетінің) пайыздық үлесі ретінде жыл сайын белгіленіп
отырады.
8. Мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмегі – бұл айлық табыстары
кедейшілік шегінен төмен адамдарға (отбасыларына) мемлекет ақшалай
нысанда беретін төлем болып табылады, мұндай көмек тоқсан сайын
облыстарда, Астана және Алматы қалаларында белгіленіп отырады.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қалыптасуы күнкөріс минимумы
концепциясымен тығыз байланысты. Күнкөріс минимумы адамның негізгі
қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай жасайтын табыстардың ең төменгі
деңгейін көрсетеді. Әлемдік практикада күнкөріс минимумы мемлекеттің
әлеуметтік саясатының маңызды құралы бола отырып, кедейшілік шегі
аталынады және оны абсолюттік кедейшілік критерийі ретінде қолданады.
Қазақстанда да күнкөріс минимумы кедейшілік деңгейін өлшеу үшін
пайдаланылады [4].
Қазақстанда нарықтық қатынастардың қалыптасуы қалыптасатын нарықтық
шаруашылық моделінің әлеуметтік жағының мәселелеріне көңіл бөлуді
күшейтеді. Осыған байланысты қазіргі нарықтық шаруашылықтың әлеуметтік
компоненттерін бөліп көрсету және әлеуметтік-экономикалық қатынастар
жүйесінде әлеуметтік қорғаудың орны мен ролін анықтау қажеттілігі
туындайды. Нарықтық шаруашылықтың негізін қалаушы категория бұл еркіндік
категориясы болып табылады. Яғни нарықтық экономика тек ғана тұтынуда еркін
таңдау, кәсіпте және жұмыс орнында еркін таңдау, кәсіпкерлік еркіндігі,
өндіріс құралдарын қоса алғанда жеке меншікті басқару еркіндігі жағдайында
қызмет етеді. Экономикалық мағынасында еркіндік бұл өндіріс пен тұтыну
деңгейінде өз жауапкершілігімен шешім қабылдауды білдіреді. Осы түсінікке
қатысты көптеген пікірлерді білдірейік. Ресей ғалымдарының пікірінше
халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесінің қалыптасуы келесі принциптерге
негізделетін болады:
- тұрғындардың әртүрлі топтары мен қатарына олардың жағдайы, жасы, еңбекке
қабілеттілігі және экономикалық дербестік дәрежесіне тәуелді әртүрлі
көмек көрсетуді қарастыру;
- әлеуметтік қорғау механизмі қоғамның әрбір мүшесіне берілетін және оның
маңызды құқықтарын қамтамасыз ететін экономикалық, құқықтық және
әлеуметтік кепілдіктердің заңды түрде бекітілген жиынтығы ретінде
қалыптасуы тиіс.
- әлеуметтік қорғау жүйесі республикалық, аймақтық, еңбек коллективтерінің
деңгейінде әрқайсысының құқығын, жауапкершілігін, қызметін нақты
айқындаумен байланысуы тиіс.
Көптеген авторлар еңбекке қабілетті азаматтар мен тұрғындардың
әлеуметтік әлсіз топтарын әлеуметтік қорғау механизмі бір-біріне
ерекшеленуі керек деген қорытындыға келді. Әлеуметтік қорғау түсінігін оның
кең және тар мағынасында түсіндіріп көрейік.
Біріншіден, тар мағынасынан ерекшелігі кең мағынасындағы бұл терминнің
мәні нарықтық экономикада әлеуметтік қорғау объектісі елдің барлық
тұрғындары болуы тиіс екендігін білдіреді. Екіншіден, әлеуметтік қорғау тар
мағынасында тұрғындардың белгілі бір тобы үшін өндірілген өнімнің
тұтынылуы, бөлінуі, қайта бөлінуі бойынша белгілі бір шараларды қамтамасыз
ету актісі ретінде қарастырылады. Үшіншіден, әлеуметтік қорғауды тар
мағынасында қоғамға тұрғындардың белгілі бір қатары тарапынан арқа
сүйеушілік ретінде қарауға болмайды. Әлеуметтік қорғау тек тұтыну ғана
емес, сонымен бірге ынталандырушы қызмет атқаруы тиіс. Белгілі бір
жағдайда қоғамның әрбір мүшесі кепілдендірілген әлеуметтік-экономикалық
қорғауға арқа сүйеуі тиіс. Осылайша әлеуметтік қорғау – бұл тек ғана
белгілі бір құқықтар емес, сондай-ақ әлеуметтік қорағу субъектілері
тарапынан белгілі бір міндеттемелер.
Төртіншіден, әлеуметтік қорғауды кең мағынасында түсіну әлеуметтік
қорғауды қамтамасыз ету механизмінің бүтіндей концепциясын құруға мүмкіндік
береді. Әлеуметік қорғау жүйесі материалды, әлеуметік және экономикалық
қамтамасыз етілген жағдайда тұрақты болады.
Әлеуметтік қорғау жүйесі кең мағынасында - өмір сүру шарттарын
қамтамасыз ету үшін берілетін құқықтық, әлеуметтік-саяси, экономикалық
кепілдіктер жүйесі:
- еңбекке қабілетті азаматтарға экономикалық еркіндік пен кәсіпкерлік,
өзінің жеке еңбек салымдары есебінен жүргізіледі;
- әлеуметтік әлсіз топтарға мемлекет есебінен, бірақ мемлекетпен
белгіленген күнкөріс минимумынан төмен емес деңгейде жүргізіледі.
Нарықтық шаруашылықтың әлеуметтік қызметінің тиімділігінің критерийі
қоғамның еңбекке қабілетті мүшелерінің белсенділігін сақтау, қоғамдық
өндіріске белсенді қатысуға қабілетсіздерді қорғау, сондай-ақ өздерінің
шаруашылық қызметтерін белсендендіру үшін және өз қабілеттерін жүзеге асыру
үшін қосымша қаржыға мұхтаж адамдарды қолдау болып табылады.
Қазіргі кезде көптеген батыс елдерінде әлеуметтік қамтамасыз ету
шығындары еңбек факторын қымбат ететіндігі жөнінде пікір бар. Олар жалақы
шығындарының бір бөлігі бола отырып, бәсекелік қабілеттілікті төмендетеді
және жұмысбастылық саласында саясатқа кері ықпал етеді. Әлеуметтік
қамтамасыз ету жүйесін белгілі бір әлеуметтік топтардың экономикалық және
әлеуметтік өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың жиынтығы
ретінде сипаттауға болады [4].
Әлеуметік көмек – мемлекетпен объектіге өмір сүру жағдайларын
қамтамасыз етуде көмек, ал қажетті жағдайда даму шарттарын қамтамасыз ету
міндеттерінің танылуы, әлеуметтік көмек принципі бюджеттен қаржыландыруды
көздейді және алушының жеке мұхтаждығына бағдарланған. Мұндай көмектің
мөлшері бұдан ерте жасалынған жарналарға тәуелді емес.
Әлеуметтік қолдау жалақыны жоғалтқан жағдайда немесе жеке және
жанұялық бюджетке жүктеме болған жағдайда көрсетіледі және салықтардың
есебінен қаржыландырылады. Бұл кезде қолдау бұдан ерте жасалынған
жарналарға тәуелді емес, бірақ мұндай көмектің түрі мен мөлшері алдын ала
анықталған, алушының мүліктік жағдайы мен қосымша табыстары ешқандай мәнге
ие емес. Егер әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінің едәуір бөлігі әлеуметтік
қолдау принципі бойынша құрылған болса, онда мемлекеттік қаржыларға ауыр
салмақ түсіруі мүмкін немесе бюджет үшін қысыңқы сәтте қамтамасыз ету
деңгейінің төмендеуіне алып келеді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде объектілер, субъектілер және олардың
арасындағы өзара байланысқан қызметтерден тұратын әлеуметтік қорғау
жүйесінің құрылымы ұсынылады (сурет-1):

Ескерту- Әдебиеттер негізінде құрастырылған.

Сурет 1- Әлеуметтік қорғау жүйесінің құрылымы

Әлеуметтік қорағу жүйесінің өз құрылымы бар, яғни оның бүтіндігін
қамтамасыз ететін тұрақты байланыстар жиынтығы. Жүйені құраушы элементтер
болып әлеуметік қорғаудың объектілері мен субъектілері, олардың арасындағы
саяси режим, құндылықтар, өмірлік стандарттармен анықталатын қатынастар
табылады. Жоғарыда аталған факторлар негізінде қоғамдық жүйенің
экономикалық және саяси тұрақтылығына қол жеткізу мақсатында әртүрлі
формада және құралдардың жиынтығы арқылы жүзеге асырылатын әлеуметтік
қорғау механизмі жасалады. Әлеуметтік қорғау жүйесінің қызмет етуінің
шекарасы әлеуметтік тәуекелдер (жұмыссыздық, еңбек етуге қабілетін жоғалту,
жұмысқа қабілетсіз жас және т.б.) сомасымен кескінделеді.
Жекелеген құрылымдық элементтер мен олардың арасындағы өзара
байланысты қарастырайық. Сонымен, әлеуметтік қорғау объектісі болып
азаматтар табылады (сурет-2). Әлеуметтік қорғау өзінің кең мағынасында
қоғамның барлық мүшелеріне, азаматтардың барлық категорияларына таралады.
Әлеуметтік қорғау объектілері – республика тұрғындары, әлеуметтік кластар,
қатарлар, топтар, жеке азаматтар [5].
Ғасырлар ағымында әртүрлі елдерде әлеуметтік қорғаудың негізгі
суъектісі болып мемлекет, яғни әлеуметтік институттар мен ұйымдар
табылады. Алайда онымен қатар қорғаудың белсенді субъектілері болып
коллективтер, жанұя, индивидтердің өздері табылады. Нарықтық қатынастар
кезеңінде әлеуметтік қорғау субъектілеріне бизнес өкілдері, жергілікті өзін-
өзі басқару органдары қосылады. Сонымен қатар діни ұйымдар, әртүрлі
қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар да әлеуметтік қорғау субъектілеріне
жатады. Жалдамалы еңбек жұмысшыларының мүддесін қорғайтын ең белгілі
қоғамдық ұйым жұмысшы мен жұмыс беруші арасында коллективті-келісімді
қатынастарды реттейтін кәсіподақтар үлкен роль атқарады.
Тұрғындардың әртүрлі табыстарының минимальды мөлшерін – минимальды
жалақы, минимальды зейнетақы, минимальды жәрдемақыны анықтаудың ең негізгі
стандарттарының бірі болып күнкөріс минимумы табылады. Мысалы, АҚШ-та
күнкөріс минимумы жасқа тәуелді түрлендірілген. 65 жасқа дейінгі жалғыз
адам үшін жылына 5,7 мың доллар, ал 65 жастан жоғары тұлғалар үшін 5,3 мың
долларды құрайды. Ол жанұяның құрамына қарай да өзгеріп отырады. АҚШ-та
жанұяда тұратындар үшін күнкөріс минимумы 3,7 мың долларды құрайды (65
жасқа дейінгілер үшін) және 3,3 мың доллар (65 жастан асқандар үшін).
Минимальды жалақы белгіленеді. Әртүрлі елдерде оны анықтау жолдары
әртүрлі: Нидерландыда минимальды жалақы төрт адамнан тұратын жанұяны
қамтамасыз етуі тиіс деп санайды, ал басқа елдерде – тек бір адамнан
тұратын жанұяны. Сонымен қатар кедейлік белдеуінің стандартты өлшемі
қолданылады. БҰҰ адам, егер оның табысы табыстың орташа деңгейінің 23
бөлігін құраған жағдайда кедей болып саналатын минимальды стандартты
таниды.
Әлеуметтік қорғаудың белгілі бір деңгейі қамтамасыз етілетін
құралдарға бюджетпен белгіленетін әлеуметтік мұхтаждықтарға аударымдар
үлесі, жеке және фирмалық сақтандыру кешендерінің, мемлекеттік және
мемлекеттік емес әлеуметтік мекемелердің ресурстары жатқызылады.
Әлеуметтік қорғаудың объектілері мен субъектілері әлеуметтік қорғау
мазмұнының әртүрлі жақтарын сипаттайтын және оның мақсатына қол жеткізуге
бағытталған қызметтер көмегімен өзара байланысады. Кең мағынасында
айтылатын әлеуметтік қорғау экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық,
аналитикалық, еңбек және технологиялық қызметтерді атқарады. Тар
мағынасында әлеуметтік қорғау құндылық, орын толтырушы, ынталандырушы,
бейімділік қызметтерін атқарады (сурет-2).
Экономикалық қызметі тұрғындардың өмір сүру деңгейін жоғарылату үшін
экономикалық өсудің тұрақты қарқынын арттыруға, өндіріс көлемін
жоғарылатуға және осының негізінде жалақының өсуі мен жұмысбастылықты
қамтамасыз етуге бағытталған. Әлеуметтік қызметі адамның өмір сүруі мен
тұрмыстық жағдайын көтеруге, тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарына өмір
сүру кепілін қамтамасыз етуге бағдарланған. Ақпараттық қызметі Қазақстан
мен оның аймақтарының, салалар мен кәсіпорындардың әлеуметтік-экономикалық
жағдайы, қоғамда жүргізіліп жатқан өзгерістердің нәтижелері, адамдардың өз
мүдделерін қорғау бойынша құқықтары мен мүмкіндіктері жөнінде азаматтарға
толық және жеткілікті ақпарат беру жүйесін құруға бағытталған.

Ескерту- Әдебиеттер негізінде құрастырылған.

Сурет 2 - Әлеуметтік қорғаудың қызметтері

Аналитикалық қызметі әлеуметтік көмекке мұқтаж топтар мен қатарларды,
аймақтарды анықтау мақсатында тұрғындардың өмір сүру деңгейі мен оның
көрсеткіштерін жүйелі талдауды жүзеге асыру үшін бағытталған. Әлеуметтік
қорғау – бұл нақты мақсаты, еңбек заты мен құралы бар нақты еңбек.
Әлеуметтік қорғау қызметтерін атқаратын әлеуметтік институттар жоғары
квалификациялы социологтар, саясаткерлер, экономистер, менеджерлермен
қамтамасыз етілуі тиіс.
Кез-келген еңбек сияқты әлеуметтік қорғау белгілі бір кезеңдер мен
операциялардан тұратын технологияға ие болуы тиіс. Оларды орындау
спецификасы қорғалатын мүдделердің спецификасымен, әлеуметтік жұмысшылардың
біліктілік деңгейімен анықталады.
Қазақстанда әлеуметтік қорғау ең бірінші кезекте құндылықтар шкаласын
белгілеуге, әлеуметтік психологияны өзгертуге, өз күшіне сенуге, мемлекетке
арқа сүйеушіліктен арылуға бағытталуы тиіс. Нарықтық экономика жағдайында
тұрғындарға қалыптасқан жағдайдан ешқандай қиналмай шығуға мүмкіндік
беретін әлеуметік қорғаудың орын толтырушы функциясы үлкен роль атқарады.
Ынталандыру әлеуметтік топтар мен қатарлар, барлық азаматтар өздерінің
экономикалық және саяси дербестігін басқаруға тырысатындай жағдай құруға
бағытталған. Және соңғысы бейімдеу функциясы тұрғындардың әртүрлі
категорияларының жаңа қоғамдық жағдайға бейімделуін қамтамасыз етеді. Бұл
функция білім беру жүйесі, біліктілікті арттыру, кадрларды қайта дайындау,
жұмыспен қамту қызметі арқылы жүзеге асырылады.
Әртүрлі елдерде әлеуметтік қорғау жүйесінің материалдық негізін
олардың жиынтық экономикалық потенциалы құрайды. Осы себепті ерекше өзекті
болып материалдық өзін-өзі қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті бірқатар
макроэкономикалық шаралар жүргізу табылады. Мұндай шаралардың қатарына
мыналарды жатқызуға болады:
- тиімді жұмысбастылық жүйесін, кадрларды дайындау мен қайта дайындау
жүйесін құру;
- сыйақы деңгейі тікелей адамның жұмысының нәтижесі мен сапасымен
анықталатын табысты қалыптастырудың тиімді жүйесін ұйымдастыру;
салық салу, салықты жоспарлау, бірыңғай тұтыну нарығын ретке келтіру арқылы
жүзеге асырылатын жеке тұтыну мен табыс дифференциациясы процесін
макроэкономикалық реттеу.
- Тұрғындардың тұтынуы мен табыс дифференциациясын есепке ала отырып,
тұтыну корзинасы бойынша, сондай-ақ ақшалай формада нақты күнкөріс
минимумын ресми белгілеу.
- Экономиканың тұтыну секторының дамуын ынталандыруды, антимонополиялық
реттеу, тұтыну ассоциацияларының қызметіне ықпал етуді қоса отырып,
әртүрлі әлеуметтік-экономикалық инновациялар көмегімен тұтынушының
мүддесін қорғау [5].
Халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттары мыналар болуы тиіс:
-азаматтарды өмір сүру құралдарымен қамтамасыз ету, өмір сүру деңгейін
төмендететін факторлардан оларды қорғау;
-қоғам мүшелеріне заңға қайшы келмейтін кез-келген тәсілмен өмір сүру
үшін қажетті кедергісіз ақша табуға мүмкіндік беретін жағдайлар туғызу;
-азаматтардың білім алу, медициналық көмек және мәдениетке белгілі бір
қажеттілігін қанағаттандыру үшін жағдайлар құру;
-жалдамалы жұмысшылар үшін қолайлы еңбек шарттарын құру;
экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
-қоғамда және оның құрылымдық бөлімдерінде қолайлы әлеуметтік-
психологиялық климат қалыптастыру;
-қоғамдық өмірдің максимальды мүмкін тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Әлеуметтік қатынаста толығымен тәуелді тұлғаларды қолдау ең алдымен
қоғамның барлық мүшелерінің жұмыс қабілеттілігіне тәуелді. Нарықтық
шаруашылықтың әлеуметтік функциясы еңбек өнімділігімен тікелей байланысты:
еңбек өнімділігі жоғары болған сайын әлеуметтік функция толығымен жүзеге
асырылады.

1.2 Әлеуметтік қорғау модельдерінің дамуындағы негізгі тенденциялар

Кез-келген қоғамның дамуы тек ғана экономикалық өсуге емес, сондай-ақ
оның даму моделі өркениеттің прогрессивті тенденцияларына қаншалықты сәйкес
келетіндігіне тәуелді. Бұған қоса қоғам белгілі бір шамада бақыланбаған
экономикалық өсу салдарынан қорғауды қажетсінеді.
Адамзат қоғамы дамуының әртүрлі кезеңдерінде және экономикалық
жүйенің әртүрлі типтері жағдайында аз қамтылу проблемасының тереңдеу
дәрежесі, оларға көмек көрсету тәсілдері мен ауқымы және қолдаудың өз
спецификасы болды.
Қазіргі заманғы модельдер жіктелімінде әлеуметтік қорғау әртүрлі
негіздерден келіп шығады. Егер әлеуметтік қорғауды қоғамдық жүйе ретінде,
қоғамдық қатынастарды реттеуіштер жиынтығы ретінде түсінетін болсақ мына
модель типтерін қолданған жөн: неолибералдық, неоконсервативтік, әлеуметтік-
демократиялық, коммунистік модель. Аталған критерийлерге сүйене отырып,
әлеуметтік қорғаудың келесі қазіргі заманғы модельдерін қарастырайық.
Маргиналдық (немесе қалдық) модель.
Бұл модель АҚШ-қа тән (сурет-3). Маргиналдық модельдің негізінде
өзінің тұрмыс жағдайы үшін қажетті жағдайды қамтамасыз етуге қабілетті және
тұрғындардың аз қамтылған топтарын қолдауды қамтамасыз ететін американдық
қоғам жөніндегі көрініс жатыр. Халықты әлеуметтік қорғаудың бұл моделі
икемді, бірақ күрделі және шытырманды болып келеді. Оның сипатты ерекшелігі
– орталықтандырылмауы.
АҚШ-та әлеуметтік қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі екі негізгі
формада жүзеге асырылады: әлеуметтік сақтандыру және мемлекеттік көмек
беру. Бұл екеуі өзара қаржыландыру көздері бойынша ажыратылады. Әлеуметтік
сақтандыру бойынша төлемдер еңбеккерлерден де, кәсіпкерлерден де алынатын
әлеуметтік сақтандыруға мақсатты салықтар есебінен құрылатын сақтандыру
қорларынан төленеді. Мемлекеттік көмек бюджеттік қаржы көздерінен жүзеге
асырылады [6].
Әлеуметтік сақтандыру жөніндегі заң әлеуметтік сақтандырудың екі түрін
белгіледі: жұмыссыздық бойынша жәрдем ақы және қарттығына берілетін зейнет
ақы. Онда сонымен қатар кедейлердің, мүгедектердің және жетімдердің кейбір
категорияларына көмек шаралары қарастырылған. Уақыт өте келе әлеуметтік
сақтандырудың жаңа формалары енгізілген түзетулермен толықтырылды:
асыраушысынан айрылғанда зейнет ақы төлеу, еңбекке қабілеттілігінен
айрылғанда жәрдем ақы төлеу, медициналық сақтандыруға құқық беру.
Федералдық қызметкерлер, соғыс ардагерлері, әскери қызметкерлерді
әлеуметтік сақтандырудың бағдарламалары бар. Әлеуметтік сақтандыру
бағдарламасы арнайы сақтандыру қорларымен қаржыландырылады. Кедей
тұрғындарға көмек федеральды бюджеттің жалпы табыстары есебінен
қаржыландырылады. Тұрғындарды қолдаудың мемлекеттік жүйесінен басқа АҚШ-
та әлеуметтік сақтандырудың жеке жүйелері бар, олар екі формада: жұмыс орны
бойынша коллективті және индивидуальды.

Ескерту- Әдебиеттер негізінде құрастырылған.
Сурет 3 - Әлеуметтік қорғаудың маргинальдық моделі
Кәсіпкерлер жеке сақтандыру жүйесіне қатысуды өздерінің
кәсіпорындарында жоғары білікті жұмысшылар мен әкімшілік персоналды бекіту
құралы ретінде қарастырады. Жеке коллективтік сақтандырумен тұрғындардың
56%-і қамтылған. Кәсіпкерлер өздерінің жұмысшыларына медициналық
сақтандыруды рәсімдейді. Алайда, бұған қарамастан, тұрғындардың 15%-і
негізінен шағын кәсіпорындардың қызметкерлері мен жұмысшылары, медициналық
көрсетілген көмекке төлеу мүмкіндіктері жоқ. Осылайша әлеуметтік қорғаудың
американдық моделі екі негізін құраушы принциптерге сүйенеді: ынтымақтастық
және өзін-өзі қорғау.
Қайта бөлу моделі. Американдық модельден айырмашылығы қайта бөлу
моделі ынтымақтастық пен әлеуметтік әділдік принциптеріне сүйенеді және
тұрғындардың аз қамтылған бөлігінің интеграциясы мен табыстарды теңестіруге
бағдарланады (сурет-4).

Ескерту- Әдебиеттер негізінде құрастырылған.

Сурет 4 - Халықты әлеуметтік қорғаудың қайта бөлу моделі
Мысалы, шведтік модель орталықтандырылмаған өндірістің нарықтық жүйесі
тиімді, мемлекет фирманың өндірістік қызметіне араласпайды, ал еңбек
нарығындағы белсенді саясат нарықтық экономиканың әлеуметтік шығындарын
минимумға дейін жеткізуі тиіс деген жағдайды басшылыққа алады. Оның мәні
жеке сектордың өндірісін барынша өсіру және халықтың өмір сүру деңгейін
артыру үшін мемлекеттік сектор және салық жүйесі арқылы мемлекетпен
пайданың бөлігін барынша қайта бөлуден тұрады. Әлеуметтік сақтандырудың
мемлекеттік жүйесімен Швецияның барлық тұрғындары қамтылған.
Жұмысбастылықты қолдауға, жұмыс күшін қайта дайындауға, кәсіби оқуға басым
көңіл бөлінеді. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің мақсаты - адамды
экономикалық қорғауды қамтамасыз ету [7].
Батыс елдеріндегі әлеуметтік көмек жүйесінің басты кемшілігі оның
экономика мен әлеуметтік сферада болып жататын өзгерістерге баяу икемделуі
және ақшалай немесе натуралды-заттай формада жәрдемақымен
шектелетіндігінде. Қазіргі уақытта Батыс Европа елдері әлеуметтік
қамсыздандыру сферасында түбірлі реформалар жүргізуде.
Әлеуметтік мұқтаждықтарға шығындардың елеулі өсуі мемлекеттік
құндылықтарды қайта бағалауға серпіліс берді, өйткені шығындардың осындай
жоғарғы деңгейін ұстап тұру сөзсіз жұмыссыздықтың жоғарғы деңгейі мен
капиталдың шетелге кетуіне алып келеді.
Сонымен, Европаның барлық елдері тәуекелмен қатар жүретін әлеуметтік
қамсыздандыру жүйесін реформалау процесін бастады. Мұндай реформалардың
бағдары болып кәсіпкерлік еркіндігін ұсынатын, әлеуметтік бағдарламаларды
нығайтуға нарықтық механизмдерді қосатын тұрмыстық хал-ахуалдың американдық
варианты болып табылады [8].
Жақын уақытқа дейін Қазақстанда бұрыңғы Кеңестен қалған халықты
әлеуметтік қорғау жүйесі әрекет етті. Барлық жүйе мемлекеттік болды және
өзіне екі блокты қосты: әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік жүйесі және
мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру. Міндетті әлеуметтік сақтандыру
қаржыларын төрт мемлекеттік бюджеттік емес қорлар басқарды: зейнетақы қоры
(кейінірек зейнет ақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық), мемлекеттік
әлеуметтік сақтандыру қоры, жұмыспен қамтуға ықпал ету қоры, міндетті
медициналық сақтандыру қоры.
Нарықтық экономиканың ерекше белгісі әрбір адамның өз өмірінің
жағдайын құру үшін жауапкершілігінің жоғарғы деңгейі болып табылады.
Әрбір адамның өмірінде оның өміріне қауіп төндіретін және бір өзі реттей
алмайтын жағдайлар туындауы мүмкін. Осыған байланысты нарықтық экономикада
әлеуметтік қорғаудың анықтаушы факторы жұмыс істейтін тұрғындардың
әлеуметтік қатерін әлеуметтік сақтандыру болып табылады. Әлеуметтік
қатерлер әдетте келесі белгілерге ие. Біріншіден, экономикалық. Оған
экономикалық дағдарыс, экономиканы құрылымдық қайта құру нәтижесінде
жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігі, қайта құрылымдау,
өндірісті оңтайландыру т.б. нәтижесінде жұмыстан айырылу қаупі;
өндірістік жарақат алудан еңбекке қабілеттілігінен айырылу т.б. жатады.
Бұл жағдайларда қатер себептері жұмысшының өзіне тәуелді емес немесе аз
тіуелді. Екіншіден, қатерлердің бір бөлігі зейнеткерлік жасқа жету және
еңбекке қабілеттілігін уақытша жоғалтумен байланысты жағдайлардың
туындауымен тікелей байланысты. Әлеуметтік қатерлерді осылайша бірнеше
түрге бөлуе болады (сурет-5).
Материалдық қамтамасыз етілмеу тәуекелін кәсіби сырқаттану немесе
өндірістік жарақат алудан болатын ықтималдық ретінде анықтауға болады.
Бұл қатерлер жаппай сипат алады. Бірақ олардың ерекшелігі олар барлық
тұрғындар, барлық сақтандырушылар үшін бірдей уақытта болмайды. Сонымен
қатар инфляция сияқты тұрғындардың барлығына бірдей уақытта әсерін
тигізетін әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен шартталған қатерлер де
бар. Мұндай қатерлер әлеуметтік сақтандыруға жатпайды. Тұрғындарды
әлеуметтік қорғаудың сақтандыру жүйесін құрудың маңызды және қажетті шарты
– сақтандырушыларды материалдық қамтамасыз етуде сақтандыру төлемдерінің
нақты қызметін анықтау. Өз кезегінде бұл сақтандыру төлемдерінің
тәртібін, мөлшерін, шартын, төлеу формасын белгілеудің әдістемелік
негізін құрайды.

Ескерту- Әдебиеттер негізінде құрастырылған.
Сурет 5- Әлеуметтік қауіп-қатердің жіктелімі

Еңбекті халықаралық ұйымдастыру әлеуметтік қорғау түсінігін белгілі
бір жағдайларға байланысты ( кәрілік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан
немесе жұмысынан айырылу) экономикалық белсенді бола алмайтын және өзін
табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтардың белгілі бір тұрмыс деңгейі
мен өмірлік қажетті игіліктерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге ықпал ететін
жүйе ретінде анықтайды. Осыған сәйкес реформалау жылдарында Қазақстанда
әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесі құрылды (сурет-6).
Қазақстанда жүргізілген әлеуметтік реформалар барысына шолу жасайтын
болсақ 1998 жылы зейнет ақымен қамтамасыз ету жүйесі реформаланды. Жаңа
заңның енгізілуі зейнет ақының ынтымақтастық жүйесінен жинақтаушы жүйесіне
көшуді білдіреді [9]. Зейнет ақы жүйесін реформалауда жеңілдіктердің
қысқрауы, орташа зейнеткерлік жастың ұлғаюы, зейнетақы жүйесімен қамтамсыз
ету жүйесінің жаңаша құрылуы, жеке зейнет ақы қорларының дамуы жүрді.
Жинақтаушы жүйеде тәуекел орын алады, әлеуметтік қорғалу кепілдігі жоқ.
Қаржылық тұрақтылық факторы ретінде активтердің қайтарымы, болашақ
зейнетақы мөлшері, өмір сүру кезеңі мен еңбек стажының арақатынасы
көрінеді. Өмір сүрудің ұзақтығы, жоғарғы зейнетақылар аударымның үлкен
ставкасын талап етеді. Реформалаудың негізгі мақсаты қарттарды қорғау
және экономикалық өсуге ықпал ету болды.

Ескерту- Әдебиеттер негізінде құрастырылған.

Сурет 6 - Әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесі

1999 жылдан бастап нәтижесінде республикалық бюджет есебінен
кепілдіктің 7 түрін қамтамасыз ететін әлеуметік қорғаудың басқаша
құрылымы қалыптасты. 30.12.1998 жылы жұмысбастылық туралы жаңа Заңның
қабылдануымен жұмысбастылық саласында елеулі құрылымдық өзгерістер жүрді.
Осының нәтижесінде жұмыссыздық бойынша жәрдем ақы аз қамтылған азаматтар
санынан жұмыссыздарға материалдық көмекке ауыстырылды. Тұрғындардың
жекелеген категорияларына берілетін жеңілдіктерді тәртіптеу және
мемлекеттік бюджетті елеулі шығындардан босату мақсатында 1999 жылы 1
сәуірден бастап әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша бірқатар заңды
актілер күшіне енді. Оған сәйкес азаматтар категорияларына жеңілдік орнына
әлеуметтік мемлекеттік жәрдем ақыға құқық берілді.
ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес облыс әкімдеріне жанұялық жәрдем ақы
түрінде әлеуметтік көмек төлеу мен белгілеуді жүзеге асыру және мөлшерін
белгілеу құқығы берілді. Жанұялық жәрдемақы, баланың туылуына берілетін
көмек және жұмыссызларға материалдық көмек жанұядағы ай сайынғы жан басына
келетін жиынтық табыс сәйкес жылға республикалық бюджет туралы заңмен
бекітілген екі реттік минимальды есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын
шартпен белгіленеді. Кедейлерге әлеуметтік көмек көрсетуді қарастыратын
негізгі құжат болып ҚР-ның 1999 жылдағы Күнкөріс минимумы жөніндегі заң
табылады. Зейнет ақы жүйесінде біздің ойымызша жұмысшыларға жүктеме болатын
минимальды зейнет ақы деңгейінен аспайтын сома бойынша қауіп-қатер бар. Бір
ұрпақтың ішінде, сондай-ақ әртүрлі ұрпақтар арасында қайта бөлу
жүргізілмейді. Еңбекке қабілетті тұрғындарды зейнет ақымен қамтамасыз
етуді қамтуда біраз олқылықтар бар. Осылайша еңбекке қабілетті тұрғындардың
едәуір бөлігі жаңа зейнеткерлік бағдарламамен қамтылмаған [10].
Аз қамтамасыз етілген азаматтар мен халықтың әлеуметтік осал топтарын
әлеуметтік қорғауды министрлік Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы
және ҚР-да кедейлікті төмендету жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған
бағдарламаны іске асыру арқылы қамтамасыз етеді, олардың мониторингі ұдайы
жүзеге асырылуда [11].
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында
2005 жылғы 1 қаңтардан бастап:
- мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты
берілетін арнаулы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының;
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ ҰОС
жылдарындағы қажырлы және ерен еңбегі үшін ордендермен және медальдармен
марапатталған адамдарға берілетін аранулы мемлекеттік жәрдемақының
мөлшері арттырылады;
- ҰОС жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін ордендермен және медальдармен
марапатталмаған, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға
дейін тылда кемінде 6 ай жұмыс істеген соғыс жылдарындағы тыл
еңбеккерлеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемі жүзеге асырылатын
болады;
- Соғысқа қатысушылар мен мүгедектер 2005 жыл ішінде ТМД аумағында тегін
жүріп тұрумен қамтамасыз етілетін болады.
Ана мен баланы әлеуметтік қорғау мақсатында есептік кезеңде отбасының
табысына қарамастан республикалық бюджет есебінен 15 айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде бала тууға байланысты жәрдемақы төлеу қарастырылды.
Жаппай сяаси қуғын-сүргіндерден, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық
сынақтардан зардап шеккен адамдарға біржолғы өтемақы төлеу жалғастырылуда.
Белгілі тұратын жері жоқ адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары қабылданды.
Белгілі тұратын жері жоқ адамдарды оңалту орталықтарын құру туралы 2000
жылғы 16 наурыздағы ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес қазіргі кезде 20 Орталық
жұмыс істейді. Осы орталықтардың қызметін жетілдіру мақсатында Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрі Орталықтың қызметін ұйымдастыру
ережесіне, белгілі бір тұрағы жоқ адамдардың Орталықта болу мерзімін
өзгерту бөлігінде өзгеріс енгізу туралы бұйрық шығарды [12].
2004 жылы еңбек және халықты әлеуметік қорғау министрлігі ҚР
Статистика жөніндегі агенттігімен, Қазақ тамақ академиясы ЖАҚ-мен,
БҰҰДБ, ХЕҰ, еңбек ҒЗИ-мен бірлесіп, азық-түлік және азық-түлік емес
тауарлар мен қызметтер көрсетуге арналған нақты шығындарды ескере отырып,
ең төменгі күнкөріс деңгейінің деңгейі мен құрылымын талдады, ең төмен
күнкөріс деңгейін анықтаудың халықаралық тәжірибесін зерттеді. Ең төмен
күнкөріс деңгейінің құрылымын азық-түлік емес тауарлардың бекітілген үлесін
көбейту жағына жетілдіру жөніндегі жұмыс жүзеге асырылуда. Азық-түлік
мөлшерін 20-дан 43 атауға дейін көбейту көзделіп отыр [13].
2005-2007 жылдарға арналған ҚР-ғы әлеуметік реформаларды одан әрі
тереңдету бағдарламасын іске асыру мақсатында алғашқы медициналық-
әлеуметтік көмек деңгейінде халыққа медициналық-әлеуметтік көмекті сапалы
және тиімді көрсетуді одан әрі дамыту үшін 2004 жылы 9 желтоқсанда еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Денсаулық сақтау
министрлігі және Америка халықаралық денсаулық сақтау одағы арасындағы
өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. 2005 жылғы қаңтардан бастап
Орал және Семей қалаларында медициналық және әлеуметтік қызметтер
көрсетудің пилоттық жобалары қолданылуда.
Ұйымдастырылған мемлекеттік әлеуметтік қолдау жүйесінде жұмыспен
қамтылған халықты әлеуметтік қолдау ҚР-да әлеуметтік реформаларды одан әрі
тереңдетудің 2005-2007жылдарға арналған бағдарламасының екінші деңгейі
бойынша екі бағытпен өрбиді; жұмыс істеушілерге мемлекетіміздегі ең төменгі
кепілдік жалақы жұмысының күрделілігіне қарай төлеу мен жинақтаушы
зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру қорларына міндетті және ерікті
жарналар аудару, ондағы қаражат зейнеткерлік жасқа жеткенде, қатерлі топқа
жататындарға жәрдем көрсетуге мүмкіндік береді.
Кірістер бойынша кедейлік өлшемінің негізгі критерийлеріне күнкөріс
деңгейі мен кедейлік шегі жатады. 2002 жылдан 2005 жылға дейін күнкөріс
деңгейі құрамының 70 пайызы азық-түліктен және 30 пайызы азық-түлік емес
тауарлар мен қызметтерден тұрды, ал кедейлік шегі күнкөріс деңгейі
мөлшерінің 40 пайызын құрады.
Кедейлікті бағалау мен түсінуге байланысты осы дәстүрлі көзқарас
көпшілік елдерінде қолданылады, сондай-ақ кедейлік шегінің мөлшері әр елдің
спецификалық ерекшеліктеріне байланысты болады. Мысалы, Германияда кедейлік
шегі орташа табыс эквивалентінің 50 пайызы мөлшерінде белгіленген. Сонымен
бірге үй шаруашылығына стандартты жәрдемақының орташа мөлшері 288 ЕВРО. Ал
Ресейде тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне мемлекеттік әлеуметтік көмек
көрсету үшін күнкөріс деңгейі шамасының өлшемі қолданылады [14].
Осылайша, Қазақстанда әлеуметтік қорғау жүйесінің қалыптасуы әлі де
жалғасуда. Әлеуметтік қорғаудың тарихи қалыптасқан модельдерін қарастыра
отырып, дамыған елдердегі жүйенің өз ерекшеліктері бар екенін атау қажет,
бірақ олардың барлығы әлеуметтік қорғаудың қызмет етуінің ортақ ғылыми-
теориялық принциптеріне негізделеді.

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2.1 Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі негізгі реформалардың
орындалу барысы

Өткен 20 жылда Қазақстан демократиялық саяси жүйесі бар, либералды
нарықтық экономикалы және дамыған азаматтық қоғамдық табысты, күшті
мемлекет ретінде қалыптасты. Мемлекеттік саясаттың басты мақсаты халықтың
материалдық тұрмыс жағдайын тұрақты көтеру екендігі белгілі. Халықты
әлеуметтік қорғау оның маңызды, ажырымас бөлігі ретінде ішкі саясаттың
негізгі басымдықтарына жатады. Бұл тұрғыда Қазақстанның даму мақсаттарының
бірі ретінде әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін реформалауды жүзеге асыру
болды.
Дамудың негізгі кезеңдері жөнінде айтатын болсақ, Қазақстанның
тұрғындары өз тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында халықтың табиғи өсімінің
күрт азаюы мен теріс миграциялық қалдықтың салдарынан қысқарап кеткендігін
атау қажет. Қазақстанда миграциялық процестердің күшеюіне экономикалық
дағдарыс үлкен ықпал етті. КСРО-ның құлдырауымен ол ауыр формаға ұласып,
республикалар арасындағы бұрыңғы шаруашылық байланыстардың бұзылуымен
күшейе түсті. Өндірістің қысқаруы жаппай жұмыссыздықтың өсуіне,
тұрғындардың нақты табыстарының қысқаруына және сәйкесінше халықтың өмір
сүру деңгейінің күрт төмендеуіне алып келді. 1995жылы ЖІӨ 1995 жылмен
салыстырғанда 38,6 %-ға, нақты жалақы- 69,9%-ға, тағайындалған зейнетақы –
77,3%-ға қысқарды.
Тәуелсіздіктің алғашқы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау
Халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі көрсеткіштерінің жағдайын талдау
ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Ескерту нарығын үлгісі реттеу үлгісі
Еңбек нарығын мемлекеттік басқару және халықты жұмыспен қамуды жетілдіру жолдары
Ақтөбе облысындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қазіргі жағдайын талдау
Әлеуметтік сфера салаларын мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
Мемлекеттің әлеуметтік қызметтері
Пәндер