Дүниежүзілік қонақжайлылық және туризм индустриясындағы жаһандандыру процестері



Кіріспе
1 Туризм және қонақжайлылық индустриясының теориялық
негіздері
1.1 Туризмнің даму тарихы, түрлері, классификациясы
1.2 Туризм индустриясының үрдістену жолдары
1.3 Қонақжайлық индустриясын ұйымдастыру қызметін жетілдіру
процестері
2 Дүниежүзілік қонақжайлылық пен туризм индустриясының
жаһандандыру процесіндегі қазіргі жағдайы
2.1 Қонақ үй индустриясының даму жағдайлары және факторлары
2.2 Дүниежүзілік туризм индустриясы және оған жаңа технологиялар ендіру
2.3 Қазақстан Республикасында туризм мен қонақжайлылық индустриясын мемлекеттік қолдауы
2.4 Қазақстан Республикасындағы туризм мен қонақжайлылық индустриясының даму мәселелері

3. Қазіргі кезенде Қазақстан Республикасындағы қонақжайлылық
пен туризм индустриясының қалыптасуы мен дамуы
3.1 Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының даму жолдары
3.2 Қазақстанда халықаралық қонақ жайлылық индустриясының даму
болашағы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша
Бүгін әлемде болып жатқан үрдістер қандай қарама-қайшы болып келсе, қазіргі туризмнің де жағдайы сондай болып тұр. Бірақ тап сол туризм жалпыадами құндылықтарды қалыптастыру тәсілдерінің бірі болып, XXI ғ. тарихи, мәдени, табиғи мұраларын оқып біліп және оларды сақтаудың бірден-бір оңтайлы тәсілі болып отыр.
Халықаралық туризмнің табыстары шамамен алғанда триллион долларды құрайды. Туризм үлесінде әлемдік экспорттың 8%, қызмет көрсету нарығының 31% және де бүкіл әлемдегі 100 млн. астам жұмыс орындары болып отыр. Ол бүгінде мұнай кәсібінен кейін екінші орындағы шаруашылық саласы болып отыр.
Соңғы кездері, қонақ үй бизнесі әлемде пайдалы бизнестің біріне айналды. Ол өзімен қоса туризмді дамытады.
1 В.Н. Вуколов. История и теория международного туризма. Алматы,
2002.
2 Голицына С. Туризм: практика, проблемы, перспективы-2001.-№4
3 Семенцова Т. Современные технологии выставочного маркетинга 2001-№3.
4 Назаренко Л.Ф. Выставка как инструмент маркетинга М.: 1997.
5 А. П. Дурович «Реклама в туризме», стр. 119-136, Минск БГЭУ 2001.
6 Туристік фирмалардағы маркетингті басқарудың теориялық негіздері (мақала) баспа Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Қазақстанның экономикалық өсуінің даму стратегиясы: тәжірибелер, мәселелері және болашағы», Алматы, 2008, б.110-113.
7 Туристік қызметтер нарығында маркетингті қолданудың ерекшеліктері (мақала) баспа «Вестник КАСУ», № 3, Өскемен, 2009, б.271-275.
8 Туристік нарық маркетингтік зерттеулердің объектісі ретінде (мақала) баспа IV Рысқұлов оқулары «Ғаламдық экономикалық дағдарыс: себептері, мәні және еңсеру жолдары» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, V том, Алматы, 2009, б.820-826.
9 Шығыс Қазақстан облысындағы туризмнің даму тенденциялары (мақала) баспа «Модернизация основных фондов – основа перехода у устойчивому экономическому развитию» Материалы международной научно-практической конференции, Алматы, 2009, б.172-176.
10 Туристік фирмалар қызметіндегі маркетингті жетілдіру (мақала) баспа «Евразийское сообщество», № 4, Алматы, 2009.
11 Шығыс Қазақстан облысының туристік әлеуетін және дамуын бағалау (мақала) баспа «Саясат-POLICY», № 9, Алматы, 2009.
12 Туристік фирмалар қызметіндегі маркетингті жетілдіру (мақала) баспа «ҚАЗЭУ хабаршысы», № 6, Алматы, 2009.
13 Акулич И.Л. Внутреннаяя и внешшная среда маркетинга. Минск, 1996.
14 Г. А. Папирян «Маркетинг в туризме», стр. 60-72, Москва «Финансы и статистика», 2000.
15 «Туризм и гостиничное хозяйство» под ред. Чудновского, М. 2000.
16 Қазақстан Республикасы статистика агенттігі, 2004 ж.
17 Туристік қызмет туралы «ЮРИСТ» баспасы, Алматы 2002 ж. жинағы.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   
Дүниежүзілік қонақжайлылық және туризм индустриясындағы жаһандандыру
процестері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 Туризм және қонақжайлылық индустриясының теориялық
негіздері
1. Туризмнің даму тарихы, түрлері, классификациясы
1.2 Туризм индустриясының үрдістену жолдары
1.3 Қонақжайлық индустриясын ұйымдастыру қызметін жетілдіру
процестері
2 Дүниежүзілік қонақжайлылық пен туризм индустриясының
жаһандандыру процесіндегі қазіргі жағдайы 
2.1 Қонақ үй индустриясының даму жағдайлары және факторлары
2.2 Дүниежүзілік туризм индустриясы және оған жаңа технологиялар ендіру
2.3 Қазақстан Республикасында туризм мен қонақжайлылық индустриясын
мемлекеттік қолдауы
2.4 Қазақстан Республикасындағы туризм мен қонақжайлылық индустриясының
даму мәселелері

3. Қазіргі кезенде Қазақстан Республикасындағы қонақжайлылық
пен туризм индустриясының қалыптасуы мен дамуы
3.1 Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының даму жолдары
3.2 Қазақстанда халықаралық қонақ жайлылық индустриясының даму
болашағы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша

Кіріспе
Бүгін әлемде болып жатқан үрдістер қандай қарама-қайшы болып келсе,
қазіргі туризмнің де жағдайы сондай болып тұр. Бірақ тап сол туризм
жалпыадами құндылықтарды қалыптастыру тәсілдерінің бірі болып, XXI ғ.
тарихи, мәдени, табиғи мұраларын оқып біліп және оларды сақтаудың бірден-
бір оңтайлы тәсілі болып отыр.
Халықаралық туризмнің табыстары шамамен алғанда триллион долларды
құрайды. Туризм үлесінде әлемдік экспорттың 8%, қызмет көрсету нарығының
31% және де бүкіл әлемдегі 100 млн. астам жұмыс орындары болып отыр. Ол
бүгінде мұнай кәсібінен кейін екінші орындағы шаруашылық саласы болып отыр.

Соңғы кездері, қонақ үй бизнесі әлемде пайдалы бизнестің біріне
айналды. Ол өзімен қоса туризмді дамытады. Ал туризм болса, әлеуметтік-
тұрмыстық инфрақұрылымның салааралық кешені ретінде әлемдік экономикада
басты рөлді алады, әлемдік ұлттық өнімнің 110 бөлігін қамтамасыз етеді.
Сондықтан да алдағы кезеңде оның ең маңызды факторына айналмақ.
Халықаралық туризм халықтың жұмысбастылығына қатты әсер етеді. Қазіргі
кезде әрбір 15-ші қызметкер әлемде қонақ үй бизнесінде жұмыс істейді.
Туризм үлесіне әлемдік капиталдың шамамен 7%-ы, салық түсімдерінің 5%-ы,
тұтынушы шығындарының 11%-ы келеді. Бұл көрсеткіштер, әрине туризм
индустриясының, оның ішінде, әсіресе қонақ үй саласының жұмыс істеуіне
тікелей экономикалық тиімділікпен сипатталынады.
Туризм – экономика салаларының ішіндегі қарқынды дамып келе жатқан,
ірі қызмет көрсету салаларының бірі. Оның дамуының жоғары қарқындары мен
валюталық түсімдердің үлкен көлемдері жеке туристік индустрияның
қалыптасуына септігін тигізетін түрлі экономика секторларына белсенді
ықпалын тигізеді.
Бұл жерде айта кету керек, қонақ үйлердің түрлі үлгілерімен берілген
қонақжайлық индустриясы орналастыру орындары секторынан бастау алып, тарихи
қалыптасқан. Классикалық түсінік тұрғысынан, қонақ үй деп жиһаздармен
жабдықталған бөлмелері бар келушілерге арналған үйді атайды. Қазіргі
жағдайда қонақ үй дегеніміз – азаматтарға, жеке туристерге және ұйымдасқан
топтарға қонақүйлік қызмет көрсету мекемесі.
Қазіргі қонақүйлік мекеме тұтынушыларға тек жатар орын мен
тамақтандыру қызметтерін ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар көлік,
байланыс, ойын-сауық, экскурсиялық қызмет, медициналық, спорттық, сұлулық
салондары қызметі мен т.б. қызмет түрлерін көрсете алады. Осыған
байланысты, қонақ үй индустриясын немесе қонақ үй бизнесін туризм мен
қонақжайлық индустриясының ең ірі құрама бөлігі ретінде қарастырған жөн.
Қонақжайлық индустриясы адамдар қызметінің түрлі кәсіпқой аяларын
біріктіреді, атап айтқанда: туризм, қонақ үй және мейрамхана бизнесі,
көпшілік тамақтануы, демалыс пен ойын-сауық, конференция, семинар мен түрлі
көрмелерді ұйымдастыру, спорттық, мұражайлық-көрмелік, экскурсиялық қызмет,
сонымен қатар қонақжайлық саласына қатысты кәсіпқой білім беру аясы.
Қонақжайлық индустриясы – күш-жігері қонақтардың, олардың ішінде туристер
де, жергілікті тұрғындар да бар, түрлі қажеттіліктерін орындауға
бағытталған адамдардың кәсіби қызметінің күрделі, құрама аясы.
Тақырыпты зерттеуде отандық ғалымдар мен шет елдік ғалымдардың
еңбектерінің әдістемелік көмегі көп болды. Туризм саласын дамыту
мәселелерімен ғылыми жұмыстар жүргізген шет елдік – X. Криппендорф,
Б.Олин, Ф. Хайек, В. Столпер сияқты ғалымдардың еңбектерінің
маңыздылығы өте жоғары.
Туризм саласының дамуындағы шешуін таппаған көкейкесті мәселелер әрі
қарай зерттеуді қажет етеді.
Қазіргі таңда басты мәселелердің бірі кіру және ішкі туризмін
пайдаланып, бәсекеге қабілетті туристік индустрияны қалыптастыру, халықты
жұмыс орындармен қамтамасыз ету, мемлекеттің және халықтың табыстарын өсіру
болып саналады. Бұл мақсатқа жету үшін туризм саласында маркетингтің
әдістері мен тәсілдерін қолдану қажеттілігі туып отыр. Маркетинг нарықта
болып жатқан үрдістерді жан-жақты ескеріп отыратын, кәсіпорынның іс-
әрекетін басқару және ұйымдастыру жүйесі, өндірісті, жалпы қоғамды дамытушы
құрал ретінде танымал. Туристік салада маркетингтік технологияларды қолдану
оның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуына, ол саланы ойдағыдай дамытуға
әсерін тигізеді.
Жазба жұмыста баспа материалдары, статистика агенттігінің мәліметтері
(әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштер), “Туристік қызмет туралы” заң
актілерінің жиынтығы қолданылды. Теориялық база ретінде отандық, ресейлік
және шет елдік зерттеушілер еңбектері алынды.
Диплом жұмысының мақсаты: туризм және қонақжайлық индустриясын
дамытуға ықпал етуші іс-шаралар мен принциптерді зерттеу болып табылады.
Мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылады:
- туризм және қонақжайлық индустриясында сапа ұғымының
мазмұны;
- қонақжайлылық қызмет сапасын талдау тәсілдерін жан-жақты
қарастыру;
- қонақжайлық қызмет сапасын басқару негізін қамтамасыз етіп,
қызмет сапасының жоғарылауына әкелетін, Қазақстандағы, Алматы қаласындағы
бірнеше қонақ үйінің қызмет сапасын талдау тәсілдерін таңдау.
Зерттеу жұмысының нысаны: қонақжайлылықта қонақ үй бизнесі аясындағы
сапаны талдау мәселесі болып табылады.
Зерттеу объектісі: Қазақстандағы қонақжайлық индустриясы.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспе, үш бөлімнен және қорытынды
мен пайдаланылған әдебиеттерден құралады.

1 Туризм және қонақжайлылық индустриясының теориялық
негіздері

1.1 Туризмнің даму тарихы

Туризм тарихы үрдісін ойластыруға және оны ғылыми жалпылаудың ішкі
заңдылықтары мен мүмкіндіктерін анықтауды жеңілдетуге  кезеңдестіру
көмектеседі. Кезеңдестіру деп үрдістердің сапалы дамуына сәйкес тарихи
уақытты бөлу айтылады. Бұл жалпы адамзаттың, қандай да бір аймақтың, елдің 
туризмінің қалыптасу және даму кезеңдерінің негізгі мазмұнының анықтамасы.
Туризм тарихын кезеңдестіру үшін оның негізіне нелерді қарастыру қажет
екенін шешіп алу қажет. Яғни, тарихи үрдісті жекелеген кезеңдерге бөлудің
критерийін құру қажет [1].
Туризм қоғамдық, шаруашылық және кеңістіктік құбылыс ретінде ежелгі
замандарға терең кең тамыр жайған мол дәстүрге ие. Туристік әдебиеттерде
туризмнің дамуын кезеңдерге бөлу жайында көптеп айтылады. Әсіресе, В.
Унцикер мен Дж. Мариотти секілді ғалымдардың ортақ еңбегінде.
Туризм тарихы (Рим, 1958) атты Дж. Мариоттидің кітабында көнедегі
туризм (Греция мен Рим), ортағасырдағы туризм, жаңа замандағы туризм (ХV-
ХVІІІ ғғ.), ХІХ ғ. және қазіргі кездегі туризм қарастырылады.
М.В. Соколова История туризма кітабында келесідей кезеңдестіруді
ұстанады: көнедегі саяхаттар, ортағасырдағы жорықтар мен саяхаттар, жаңа
замандағы туризмнің дамуы, ХХ ғ. туризм.
Туризм тарихын кезеңдестіру кезінде әлеуметтік-мәдени феноменнің
ерекшелігіне қарау қажет және  оны келесідей бөлу ұсынылады:
-   көне әлемде туризмнің алғашқы элементтерінің пайда болуы;
-   ортағасырда туризмнің жекелеген түрлерінің дамуы;
-   қайта өрлеу кезеңінде туризмнің мәдениеттің дербес саласына
бөлінуі (ХV-ХVІ ғғ.);
-   ХVІІ ғ., Ағарту кезеңінде (ХVІІ-ХVІІІ ғғ.) және ХІХ ғ. басында
туризмнің саяси білім алу мен мәдени тәрбие алудың элементі ретінде
рәсімделуі;
-   ұйымдасқан жаппай қозғалыс формасында туризмнің дамуы (ХІХ ғ. 40-
шы жж. – ХХ ғ. соңы).
Бұл кезеңдердің әрқайсысының ішінде туризм дамуының белгілі бір
кезеңдерін бөлуге болады.
К. Пшеславский өз еңбегінде (1973 ж.) туризм тарихының кезеңдерін
келтірген, ол келесідей кезеңдерге бөлген:
1.    ХVІІІ ғасырдың соңына дейінгі туризм:
   А) ежелгі туризм;
   Ә) орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі туризм;
   Б) ХVІІ және ХVІІІ ғасырдағы туризм
2. ХІХ және ХХ ғасырлардағы – екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі
туризм
3. Қазіргі заманғы туризм.
Туристтік саяхаттар, сауда-саттық сапарлар өзінің мәнін жоғалтқанда
басталды санайды. Біздің заманға дейінгі 4-ші мың жылдықта ескі Египетте
аталынып жүрген, осындай алғашқы көшіп-қонушылыққа жататыны – діни
негізіндегі саяхаттар. Біздің заманға дейінгі VІ ғасырда Египет фараоны
Нехао Африка төңірегінде атақты 3-жылдық саяхат құрған.
Ертеректе туристтік саяхаттар қалаларды көріп, жасанды көлдер, шипалы
бұлақтарға барумен байланысты болды. Кейініректе жиелеп салына бастаған
пирамидалар саяхаттаушылардың назарын аудара бастады. Алайда, жақсы дамыған
жол торлары мен сапалы түнеу үйлері және арзан асханалардың тек қана ежелгі
Греция мен Римде пайда болуы бұл саяхаттарды белгілі мөлшерде тежеді.
Туризм ол кездері ешқандай табыс көзін әкелмеді.
Алайда, антикалық туризмнің гүлденуі ежелгі Греция және Риммен
байланысты болды. Аталмыш мемлекеттерде туризмнің экономикалық жағына көп
көңіл бөлінді.
Шамамен осыдан 2300 жыл бұрын Ксенофонт грек порты Пирейде сауда
қатарлары мен мемлекеттік керуен сарайлардың салынуы керек екендігіне назар
аударды. Оның ойынша бұлар пайданың маңызды көзі болуы керек еді. Гректер
секілді римдіктерде үлкен қашықтықтарға сапар шегіп отырды, гректер құрған
жолдар тарабының әлсіз дамуына байланысты бұл сапарларын теңіз жолдары
арқылы іске асырып отырған.
Туризм индустриясы жайында кең мағынада әңгіме қозғар болсақ, ежелгі
Рим дәуіріне жүгінеміз.
Мұнда саяхаттар керемет жол тараптарының болуы арқасында іске асып
отырды. Әрине, римдіктер жолдарын әскери қажеттіліктері үшін дамытып
отырды. Әскерлер империяның  орталық аудандарынан шекараларына санаулы
күндер ішінде жетіп отырды. Бұл жолдар тек Римнің дамуына ғана әсер етіп
қоймай, бүкіл Еуропалық өркениеттің дамуына әсер етіп, тарихшы Прокопийдің
Римнен Капуяға алып баратын бірінші жолды, яғни Аппий жолын Әлем
ғажайыптарының бірі деп есептеуіне себеп болды.
Римдік жолдар инженерлік өнердің барлық ережелеріне байланысты салынып
отырды. Олардың құрылысы біздің заманның 312 жылы император Константиннің
билігі кезінде басталды. Әрбір жол үшін алдын ала жоспар құрып, содан соң
оны таспен толтырған.
Саяхаттарды жол бойына орналасқан жақсы ұйымдастырылған және керуен
сарайлар торы қолайлы етіп отырды. Бұл керуен сарайлар кейде бір бірінен 5
км қашықта орналысып, өзінің заманына қарай үлкен шеберлікпен салынып, өте
жайлы болып келді.
Ежелгі Римде Жол Көрсеткіштер болып оларды тек қана белгілі бір желі
көрсетіліп қоймай, сонымен қатар жолда кездесетін көрікті жерлермен қонақ
үйлер белгіленіп бағалар көрсетілген. Бордодан Иерусалимге саяхаттайтын
табынушылар үшін ІV ғасырда дайындалған Жол көрсеткіш белгілі. Біздің
заманға дейін І ғасырда пайда болған туристтік бюролар қалағандарды
путиводительдермен анықтама кітаптарымен жабдықтаған.
Орта ғасырларда адамдар көптеп саяхаттай бастады, сөйтіп, жолшыбай
керуен срайлардың саны күрт өседі.
Алдында қарапайым қонақ үйлік объектілер ХІV ғасырдың өзінде-ақ сол
заман үшін өте жайлы түнеу орындарына айналды. Қонақ үй кәсібінің дамуы,
кейбір қалаларда ХІV ғасырдың өзінде қонақ үйлердің қожайындары өзіндік
цехтарға бірігіп, өз уставтарын құруына әкеп соқты. Осындай ең бірінші цех
1356 жылы Венецияда құрылды. Осы секілді цехтар ХІV ғасырда Римде, Сиякада,
Флоренцияда да құрылды.
ХVІ ғасырдың екінші жартысында танымдық сипаты бар саяхаттар жасала
бастады, ал ең қалаулы ел Италия болды. Мұнда көбіне Испания, Франция және
Германиядан шетелдіктер келіп отырды.
ХVІ ғасырдың соңынан Англияда гранд-тур әйгілі бола бастады-бұл
ауқатты адамдардың континентке саяхаты, гранд-турдың арқасында адамдар
оқуын бітіріп, Жерорта теңізін көріп, өркениеттің шығу тегін көріп,
сауаттанып қайтуына мүмкіндіктер туды. Әлеуметтік құбылыс сияқты туризмнің
дүниеге қайта келуі 17-ші ғасырдың соңы мен ХVІІІ ғасырдың басына жатады.
ХVІІ ғасырда Еуропада таза туризм формасы пайда болды. Бұл, К.
Либеренің айтуынша, танымдық, емдік немесе демалыс мақсаттарында
саяхаттаушы тұлғаларды қамтиды. Оған қоса Еуропада діни сенімге байланысты
миграциялар мен көпестердің саяхаттары белгіленіп отырды.
Бұл кезеңде адамдар үшін көлік түрі экипаждар болып, саяхатшыларға
жағдай жасау мақсатымен әрдайым дамытылып, жақсартылып отырды.
Қысқа мерзім ішінде көліктік қызметтің көптеген түрлері пайда болып,
жолдардың техникалық жағдайы жақсартыла берді.
Жолдар мен көлік құралдарының дамуы туристік миграциялардың
географиялық шектерінің ұлғая түсуіне әкеліп соқты. Италияда дәстүрлі
орталықтар- Рим, Венеция, Флоренция және Падуямен қатар, ХVІІІ  ғасырда
Неапольға да келушілердің саны күрт өсті.
Еуропадағы ең алғашқы қонақ уйлердің бірі- 4-ші Генрихтің отелі Нант
қаласында 1788 жылы салынды. Оның құрылысына ол кездер үшін ауқымды сома-
$17500 қаржы жұмсалды. Қонақ үйде 60 жатылы орын болып, Еуропадағы ең
жақсысы болып саналды.
18-ші ғасырлардың шегінде Англиядан еуразиялық континентке жасалатын
саяхаттар әдетке айнала бастады. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында бұл
қозғалысқа 40 мың адам жыл сайын қатысып отырды. Бұл саяхаттарға,
аталғандай-ақ, ауқатты жас ағылшындар білімін толықтыру үшін қатысып,
саяхат grand-tour, ал қатысушылар tourist деп аталды.
Бұл атау қысқа мерзім ішінде Флоренцияда, ал кейіннен еуропаның басқа
да елдерінде кеңінен тамыр жайды.
Томас Кук Египетке, Палестинаға, АҚШ-қа тұрақты саяхаттарды
ұйымдастырып тұрды. Оның бюросы экскурсанттарды орналастыру, жол
сілтемелерін және кезекті басылымдарды шығарумен, жарнамалық
компанияларынмен, банктік операциялармен, ақша айырбастаумен айналыса
бастады. Томас Кук 1892 жылы қайтыс болды. Оның еңбегін ұлы мен
компаниондары жалғастырды. Қазір Томас Кук компаниясының 12000 туристік
агенттіктері бүкіл әлемде жұмыс істеп, 20 млн туристке қызмет көрсетеді.
Томас Кук қазіргі заманғы туризмнің негізін қалаушы, бірінші менеджер
және туризмнің алғашқы маркетологы болып танылып, саяхатшылардың
ұйымдастырылған бұқаралық қозғалыстарының тиімділігі мен мәнін ең бірінші
болып түсінген адам болып саналады.
Германия, Швейцария, Франция, Италия, Чехияда халықаралық туризм
орталығына айналып отыр. 18 – ші ғасырдың аяғында, басқа елдерге барып, әр
түрлі мақсаттармен саяхат жасап жүрген адамдарды туристер деп атай бастады.
Әлемде бірінші біріккен әуесқой тау саяхатшылары – Англиялық алып
клубы – 1857 жылы Лонданда пайда болды. Артынша, 1862 жылы Туринде
Австриялық альпі клубы құрылды да, кейінірек Италиялық болып аталынды. 1863
жылы Швейцар клубы бекітіленеді.
20 ғасырдың бірінші жартысында халықаралық және ұлттық туризм өз
шеңберіне  басқа да елдерді тартып, онан әрі дами түседі. Туристік сапар
желісіне жиі тарихи орындар мен мәдени ескерткіштер енгізілінеді.
Халықаралық туристік қозғалыстың басым көпшілігі бұл кезеңде Еуропаға
келеді.
Бұрыңғы КСРО-да туризмнің дамуы Ресей мен бұрыңғы КСРО-дағы туризмнің
даму этаптары ұлттық туризмнің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы және
кемелдену процестерінің сатысы.
        Негізінен 5 саты көрсетілген:
1)  Ағартушылық (1890 жылға дейін);
2)  Кәсіпкерлік (1890-1927жж.);
3)  Ұйымдастырушылық-орталықтанған (1927ж-1960ж. соңы);
4)  Әкімшілік-нормативті (1969-1990жж.);
5)  Өтпелі (1990ж. бастап).
Негізінен, Ресейдегі саяхат сүйгіштердің ең бірінші қамқоршысы
Екатерина II болды деп есептелінді.
1775 жылы Екатерина II Ресей бойымен танысу саяхаттары дәуірін ашты.
Князь Григорий Потемкиннің ұсынысымен Екатерина II уәзірлері мен шетелдік
емшілері империяның бүкіл батыс бөлігін кесіп өтіп, Днепр өзені бойымен
жүзіп , салынып жатқан Херсон және Севастополь қалаларын көріп шықты [2].
Терең экономикалық дағдарыс Қазақстанға 1990 жылы келді, сонымен қатар
елдің нарықтық қатынастарға көшуі туризмнің дамуына үлкен әсерін тигізді.
Қоғамның кедейленуі мен әлеуметтік жағдайының әркелкілігі туристтік
қозғалыстың бірден қысқаруына әкеліп соқты. 90-шы жылдарда туристтік
саяхаттарға қатысушы адамдардың саны күрт төмендеді. Қортыта келгенде,
қазіргі шақта жас егеменді Қазақстан Республикасына қазіргі тұрғыдағы
туризм индустриясын құру үшін барлық жұмыстарды жаңадан бастау керек.
Туризмнің түрлері
Туризмді түрлеріне байланысты жіктеуге мүмкіндік беретін белгілері
ретінде саяхаттанудың мотивациялық факторларын қарастыруға болады. Мұндай
жіктелуде саяхатқа адамды аттандырған негізгі себептерді анықтау қажет.
Себептік мотивациялық жіктелу туризмнің 6 түрін анықтап береді.
1. Демалу мақсатындағы туризм. Мұндай туризмнің түрі қысқа мерзімге немесе
едәуір ұзақ уақытқа организмді физикалық немесе психологиялық тұрғыдан
қалпына келтіру мақсатында жүзеге асырылады. Бұл топқа сонымен қатар емделу
немесе әл-ауқатын қалпына келтіруге климат, теңіз суы секілді табиғи
құбылыстар пайдаланылатын курорттық демалысты да жатқызуға болады.
2. Мәдениетті зерттеу мақсатындағы туризм. Бұл туризмнің түрі өзге елдің
рухани құндылықтарын, мәдениетін, тарихын зерттеп, білуге бағытталған және
ол танымдық және діни табынушылық болып бөлінеді. Танымдық туризм тарихи,
мәдени және географиялық құндылықтарды зерттеу, көру мәселелерін қамтиды.
Бұл мақсаттағы саяхаттанушылар көбінесе өздері саяхаттанған елдің
әлеуметтік, экономикалық қатынастарына қызығушылық білдіреді. Табынушылық
мақсаттағы туризм ерекше діне мәні бар жерлерді көру арқылы орындалады.
3. Қоғамдық туризм. Қоғамдық туризм ретінде саяхаттанушы өзінің
туысқандарын, достарын көру, қонақ болу мен түсіндіріледі. (халықаралық
терминологияда visiting friends and relatives – деген атпен таныс). Сондай
ақ клубтық туризмді де жатқызуға болады. Клубтық туризмнің ерекшелігі
саяхаттанушы саналы түрде арнайы бір топпен ғана демалуды мақсат етеді.
4. Спорттық туризм. Спорттық туризм белгілі бір спорттық іс шараға белсенді
қатысуға бағытталған жолсапар, сондай ақ пассивті немесе белсенді емес
сипаттағы спорттық жарыстарға қатысу мақсатындағы жол сапар болып табылады.
Белсенді түрде спорттық жарысқа қатысу, мысалы, П атты азамат шаңғыдан
халықраралық жарысқа қатысу үшін Карпат еліне аттануы мүмкін, ал пассивті
қатыс футбол жанкүйері өз футбол клубының ірі ойынына қатысып, қолдау
көрсету үшін ойын өтетін елге сапар шегуі мүмкін.
5. Экономикалық туризм — бұл кәсіптік және коммерциялық мақсатта жүзеге
асырылатын жол сапар болып табылады. Мысалы халықаралық биржа, көрме,
жәрмеңке және тағы басқа іс шараларға қатысу.
6.Конгресстік (саяси) туризм. Бұл туризм түрі дипломатиялық және саяси іс-
шаралармен байланысты туризм болып 2 бөлінеді. Дипломатиялық туризм белгілі
бір елдегі экономикалық, әлеуметтік жағдайларға талдау жасау, баға беру
немесе өз пікірін білдіру мақсатында жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы,
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Москваға
Халықаралық Парламент отырысына қатысуы үшін баруы мүмкін. Саяси туризм
белгілі бір елдегі, аймақтағы мемлекеттік маңызы бар саяси-қоғамдық
шараларды ұйымдастыру, талдау жасау, саяси баға беру мақсатында жүзеге
асырылады. Мысалы, Белгілі бір мемлекет азаматы нақты бір саяси партияның
жарғылық мақсаттарына қызығушылық танытып, сол партияның съезіне қатысу
үшін жол сапар кешуі мүмкін [3]
Туризмнің классификациясы
Қазіргі туризм классификациясы бәрінен бұрын территориялық туристтік
шаруашылық пен қозғалыстың дамуын жоспарлау үшін қажет. Бұл
классификациясынң мәні туризмнің жеке түрін бөліп көрсету. Қазіргі уақытқа
дейін туризмге нақты классификация жасалған. Оны тәжіребиеде туризмнің
нақты бір түрін бөлудің мүмкін еместігін түсіндіреді. Туризмді әртүрлі
белілеріне қарай классификациялауға болады:
1. Мақсатына қарай;
2. Саяхаттың мерзімі мен ұзақтығына қарай;
3. Қозғалу түрі бойынша;
4. Орналасу жолына байланысты;
5. Саяхатқа қатысуының құрамының сапасына және т.б.
Бірақ, шешуші рольді атқаратын саяхаттың мақсаты, нысаны мен
классификациядан айырмашылығы – туризмнің түрі әртүрлі болып келеді. Олар
бірқатар факторлаға байланысты. Олардың ішіндегі негізгілері:
1) Бос уақыттың болуы мен ұзақтығы;
2) Жасы, жынысы, денсаулығы, рухани дамуының деңгейі, адамдардың жеке
талғамы, материалдық жағдайы;
3) Табиғи жағдай мен мезгілдің әртүрлілігі;
4) Қозғалу мүмкіншілігінің болуы және т.б.
Сапардың мақсатына, шарттарына, бағытына қарай туризмді  жіктеуге,
түрлерге бөлуге болады. Қоғамдық функциясы мен өндірістік технологиясына
қарай туризмнің 3 негізгі түрін қарауға болады:
1) емдеу;
2) спорттық – сауықтыру;
3) танымдық.
Демалысты дұрыс ұйымдастыру оны өзіне тиімді пайдалану адам организмін
жақсы шынықтырады. Өсіп келе жатқан жастар үшін спорттың және сауықтырудың
маңызы зор. Онсыз жұмыс істейтін адамның қоғамдық және еңбек іскерлігін
көтеру мүмкін емес.
Туристтік ағымымен оның бағыттарына қарай және құқықтық статусына
байланысты туризм 2 түрге бөлінеді:
1. Ішкі (ұлттық);
2. Халықаралық (шетелдік).
Ішкі туризм – азаматтың өз елі ішіндегі саяхаты.
Халықаралық туризм — өз елінен тыс жерлерге саяхаты. Туристтердің бір
елден екінші елге сапары немесе бірнеше елдерге сапарлар.
Шетелдік туризм – шетелдік азаматтардың туристтік мақсатпен басқа елге
келуі.
Бұлай бөліну халықаралық туризмнің 2 басқа түрімен тығыз байланысты –
кіру және шығу.  Бұлар туристтік ағымының бағыты арқылы айырмашылықта
болады. Туристтік саяхат жасау мақсатына қарай оның шыққан елін және
баратын елін анықтайды. Туристтің шыққан елі шығу туризмі делінсе, ал
баратын елі кіру туризмі деп аталынады. Бір турист бірден шығуда және
кіруде турист бола алады.
Ұлттық туризм ішкі және сыртқа шығу туристтік ағымдардан құралады. Бір
елдің ішіндегі туризм – ішкі және келетін турисстік ағымдарды қамтиды.
Ішкі туризм дегеніміз демалу, спортпен айналысу және басқа да
мақсаттар үшін адамдардың өз елінің ішіндегі қозғалысы. Бұндай саяхаттарда
елдің шекарасынан өтпейді, туристтік құжаттарды толтырмайды.
Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып басқа бір шетелдік
елге барады. Кеденнен өту үшін туристтік құжаттарды толтырады (паспорт,
виза жасау), валюта және медициналық бақылаудан өтеді. Бұл халықаралық
туризмнің ерекшелігі болып саналады және ішкі туризмнен ең басты
айырмашылығы.
Халықаралық туризмнің тағы да бір ерекшелігі – елдің төлем балансына
тигізетін әсері. Сондықтан да шетелдік туристердің келуін белсенді туризм
деп атайды. Оған қарсы, туристердің шетелге кетуі ұлттық ақша мөлшерінің
азаюына әсерін тигізеді. Мұндай туризмді белсенді емес дейді. Осындай
едәуір айырмашылығына қарамастан, ішкі және халықаралық туризм бір-бірімен
үнемі тығыз байланыста болады. Шыныда да олар бір бүтін туризмнің екі
бөлігі. Ішкі туризм халықаралық туризмнің дамуының негізін жасайды, ішкі
туризмсіз халықаралық туризм дамымайды. Ішкі туризм халықаралық туризмнің
катализаторы. Ол жаңа рекреациялық ресурстар мен аудандарды игеруге,
туристтік инфрақұрылымының базасын құруға әсерін тигізеді, сондай-ақ бірте-
бірте халықаралық туристтік қозғалысқа, халықаралық туризм индустриясына
енуге мүмкіндік тұғызады.
Туризм классификациясының, оның саяхатқа шығу мақсатына қарай бөлінуі
осы уақытқа дейін көптеген пікір-таластар тудыруда. Көп авторлар оның басты
мәселесін бр ауыздан мақұлдайды және саяхатты мақсаты жағынан демалыс пен
көңіл көтеру десе, басқа жағынан іскерлік туризм деп бөледі. Демалу мен
көңіл көтеру мақсатындағы саяхат (рекреациялық туризм) туризмнің дамуындағы
ең негізгі бағыт болып саналады. Оның еншісіне дүниежүзілік туризмнің 70 %
-ы келеді. Олар сауықтыру, спорттық, танымдық сапарларын біріктіреді, шоп-
тур және т.б. Көптеген зерттеушілер туристтік қозғалыстың дамуында басты
рольді танымдық туризмге береді.
Соңғы уақыттарда жеке сапарлар дамуда немесе этникалық туризм  —
туысқандарына, таныстарына немесе ата-бабларының тұған жеріне қыдыруы: олар
дүниежүзілік туристтік ағымының 10 % құрайды.
Іскерлік туризм – бұл саяхат, жұмыс мақсатымен ақшалай кіріссіз іс-
сапарларға бару. Мұндай сапарамен съезге, ғылыми конгресске, конференцияға,
сипозиумға; өндірістік семинарда бас қосуға; жәрменке, көрме және
халықаралық салондарға қатысуға барады және тағы басқалар. Іскерлік туризм
– бұл болашақтағы мол және тиімділігі жоғары туризмнің бір саласы.
Туризм түрі жағынан әр түрлібелгілеріне қарай жіктелінген. Ұйымдастыру
жағына қарай туризм:
1) ұйымдастырылған (жоспарлы);
2) өз жоспары бойынша (әуесқойлық);
3) ұйымдастырылмаған (жабайы) болып бөлінеді.
Қатаң уақыт тәртібі бойынша белгіленетін турфирмалар ұсынатын саяхат –
ұйымдастырылған туризм деп аталады. Ұйымдастырылмағаннан айырмашылығы —
әуесқой және жабайы туристтер өздерінің саяхатын өзінше ұйымдастырады.
Әуесқой туристтердің жабайы туристтерден айырмашылықтары болады. Әуесқой
туристтер туристтік ұйымдармен байланысты жұмыс істейді. Жабайы туристтер
турфирмасыз, туристтік ұйымдарсыз саяхаттайды.[4]
Туризм жеке және топтық болып бөлінеді. Жеке бір адамның немесе
жанұяның (5 адамға дейін) өздерінің жеке жоспары бойынша саяхатын жеке
туризм дейді, бір топ адамның саяхатын (6-7 адамнан бастап) топтық туризм
деп атайды. Топтық туризм, әдетте, қатысушылардың  тілек-талаптарына сәйкес
ұйымдастырылады. Бұл турлар археологиялық, мәдени-өнер және тарихи болуы
мүмкін.
Жылжымалылық белгісіне қарай туризм стационарлық және көшпелі болып
бөлінеді. Туризмнің стационарлық түріне емдеу туризмі және спорттық –
сауықтыру туризмнің кейбір түрлері жатады. Көшпелі туризм үнемі қозғалысмта
болып, өзінің орнын жиі ауыстырып тұрады. Қазіргі шақта техникалық
мүмкіндіктердің өсуіне қарай көшпелі туризм күшейетін сияқты.
Су туризмінің серуендеу және спорттық түрлері дами түсті. Туризмнің
бұл түріне кіретіндер: су-моторлы спорт, шаңғысы спорты, каноэда еспе,
желкенді кеме спорты және т.б. Туризмнің бұл түрі суға түсу, жағажай
туризмімен ұштасады және теңіз, көл, өзен жағасына орналасқан туристтік
кешендерде кең тараған.
Су астындағы аңдарды сүретке түсіру, олардың өмірімен танысу мақсатын
көздейтін су асты спорттық туризмі әйгілі болып келеді. Балық және аң аулау
туризмі де барлығымызға таныс. Туризмнің сүрет, кино, аң аулау түрлері оның
танымалдық түріне жатады. Шетел туризмнің ішіндегі ең қымбат түрі – аң
аулау туризмі.
Сапардың ұзақтығына қарай туризм қысқа және ұзақ мерзімді болып
бөлінеді. Адамдардың үш тәулікке дейін саяхатқа келуін қысқа мерзімді
туризм дейді. Қысқа мерзімді сапар – туризмнің бұқаралық түрі болып
табылады. Ұзақ мерзімді туризм (үш тәуліктен артық) каникул немесе ұзақ
мерзімді демалыспен байланысты.
Туристтік ағындардың ритмі бойынша туризм жылдық және мезгілдік болып
бөлінеді. Жылдық дегеніміз жыл бойы туристтік аудандарға саяхатқа, демалуға
адамдардың барып тұруын айтады. Мезгілдік – ондай туристтік жерге жылдың
бір кезеңінде ғана баруы.
Туристтік саяхатқа қатысушылардың жасына қарай туризм былай бөлінеді:
а) балалар мен жасөспірімдер туризм; б) жастар туризмі; в) ересектер
туризмі.
Туристердің сапар желісінде орналасуы бойынша туризмді төмендегідей
бөлуге болады: а) қонақ үй типті; б) қонақ үй типті емес.
Туристтік саяхаттың көрсетілген мақсатына қарай туризм келесідей
бөлінеді: а) рекреациялық; б) экскурсиялық; в) арнайы туризм. Рекреациялық
туризмге – емделу және сауықтыру үшін саяхат кіреді. Экскурсиялық туризм –
табиғаты мен әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қызықты орындармен танысу
мақсаты мен саяхат, бұл бөтен аудандарға немесе елдерге саяхат жасау.
Арнайы туризм – арнайы бағдарлама және маршрут бойынша саяхат.
Көлік қызметінің түріне қарай туризм автомобильмен, автобуспен, темір
жолмен, теплоходпен саяхаттау болып бөлінеді. Дүниежүзіндегі жолаушыларды
тасудың басым бөлігі автомобиль көлігінің үлесіне тиеді. Батыс Еуропада
туристердің 70%-ы өз көліктерімен саяхаттайды, АҚШ-та бұл көрсеткіш 90 %
құрайды.
Соңғы 20 жылда круизді туризм шапшаң дамуда. Круиз – бұл теңіз
саяхаты, жабық бір шеңбермен, белгілі-бір маршрутпен көрікті, көңіл
толарлық жерлерге тоқтап саяхат жасау. Круиздік саяхатта бірінші орында –
Нью-Йорк порты. Круиздік туризмммен айналысатын елдер – Англия, Норвегия,
Греция, Италия, Франция, АҚШ.
Алғашында барлық туристтік іс-әрекет коммерциялық түрде болса, онан
түсетін кіріс туристтік мекемелердің жұмысының басты нәтижесі болды. Бірте-
бірте коммерциялық туризмге қарсы әлеуметтік туризм деген түсінік пайда
болды. Әлеуметтік туризм жүйесі тұтынуғшыларға ғана емес, туристтік
мекемелрге де өте тиімді. Сонымен, әлеуметтік туризм – бұл ақшалары аз
адамдардың пайдаланылатын туризмі, оларды мемлекет және мемлекетке
жатпайтын құрылымдар қолдайды.
Экологиялық туризм (экотуризм) – жақында ғана жасыл қозғалыс
толқынында пайда болды және елдің тұрақты даму концепциясына байланысты ол
батыста кең дами бастады. Экотуризмді көпшілік туризмнің баламасы ретінде
қарайды. Сондықтан да оның қалыптасқан туризмен айырмашылықтары бар. Олар
төмендегідей негізгі белгілер:
-  экотуризмнің басты объектісі болатын ерекше табиғи көрікті,
көзтартарлықтай жерлері болуы;
- туризм индусриясының жоспарлы дамуының арқасында қолданғанмен,
тозбайтындай табиғи және мәдени потенциалды территорияның болуы;
-  басқаларға қарағанда төмен капиталды, материалды және
энергосыйымдылығының болуы;
-   экотуризмнің ең күрделі мақсаттарының бірі – экологиялық білім
беру және экологиялық ойды қалыптастыру;
-  бүтіндей мемлекетті немесе жеке аудандардың әлеуметтік экономикасын
көтеретіндей дәрежежде болуы.
Қысқа уақыттық табиғатта уик-эндте демалудан бастап табиғи жаратылыс
тақырыбына ғылыми зерттеулер жүргізуге дейін экологиялық туризм туристтік
ағымдарды әртүрлі мақсаттармен қамти береді.
Діни туризм бүгінгі күні айтарлықтай ауқымды көлемге жетіп отыр.
Мұмылмандардың ең басты қасиетті хаджа орталығы – Сауб аравиясындағы
Мекке қаласы, Құдайға табынушы католиктер Папа Римскийге Ватиканға барады.
Туристтік діни маршруттарды анықтайтын әр елде өзінің ұлттық діни
орталықтары бар.
Сонымен, туризм жіктелуінің ғылыми және тәжіребиелік маңызы бар, ол
білгенінді реттеуге және дүниежүзілік туризм қозғалысын терең біліп-
түсінуге әсерін тигізеді.[5]

1.2 Туризм индустриясының үрдістену жолдары

Туризм көптеген дамыған және дамушы елдер үшін валюталық түсімдерінің
кайнар көзі болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан үшін де бұл экономика
секторы маңызды мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасында көптеген
туризм түрлерін және туристік қызметтің формаларын дамыту үшін ресурстары
мен мүмкіншіліктері жетерлік.
Қазақстан республикасында туристік индустрияның дамуы халықтың әл-
ахуалының деңгейінің артуының нәтижесі болып табылады және қоғам өміріне өз
ықпалын тигізеді .

Кесте – 1 Туризмнің қоғам өміріне ықпалы

Туристік қызметтердің ұйымдастырылуы мен оларды жетілдірудің ұтымды
жолдарын қарастыруда, іздену жұмысымызды туризм нарығындағы кәсіпкерлік
субъектілердің туристік қызметтер көрсетуге деген казіргі қатынастарынан
бастадық.
Өкінішке орай, Қазақстан және дамыған еуропа нарығында да туризмде
көрсетілген қызметтің сапасына көп көңіл бөлінбейді. Туризм саласында
кәсіпкерлер өз тәжірибелеріне және жұмыс өтіліне сүйене отырып, іс әрекет
жасайды [6].
Көптеген туристік кәсіпорындар осы саладағы түбегейлі ғылыми
зерттеулерсіз және сапалы іс-шараларсыз пайдаларын жоғарылатуға
мүмкіндіктері болмай, клиенттері мен қызмет өндірісінің көлемін кеңейте
алмады.
Туризм саласындағы жоғары деңгейдегі сұраныстың пайда болуы осы
саладағы ғылыми зерттеулер мен басқа да іс-шараларды жоспарлауға көп көңіл
бөлу керектігін негіздеді.
Туризм индустриясы көптеген шағын және орта кәсіпорындармен
сипатталады. Олардың қазіргі кезде кажетті зерттеу құралдары, ноу-хау,
немесе тәжірибелі жұмыстарды атқаруға жұмысшыларды жалдайтын қаражаты жоқ.
Олар тек қана жарнама жүргізуді, өткізуді және нарықты зерттеу мен өнімді
жетілдіру әрекеттерін жасайды. Бұл қызмет көрсетудің көптеген салаларында
колданылады. Бәсекенің күшеюі және клиенттердің талаптарының көбеюі
туристік ұйымдардың көпшілігі үшін маркетингті қолдануына алып келеді, яғни
бәсекелік күресте жетістікті қамтамасыз ету және сыртқы орта өзгерістеріне
бейімделуі үшін стратегиялык маркетингтік жоспар құрады.
Туризм саласының дамуы мен туристік қызметтерді зерттеуші экономист-
ғалымдардың пікірлерін жалпылай келе, біздің көзқарасымыз бойынша:
Туризмді дұрыс ұйымдастыру - нарықтағы кәсіпорынның мінез-құлқының
тұжырымдамасы, стратегиясы және тактикасы. Туризмді дұрыс ұйымдастырудың
мақсаты - сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және осының
негізінде оның өсуі мен мол пайда табу мақсатына жетуін көздейді - деп
тұжырымдауға болады.
Туризмді ұйымдастырудағы шет елдік тәжірибеге талдау жасай отырып,
ұйымдастырудың екі үлгісін бөліп қарастырдық. Яғни, туризмді ұйымдастырудың
еуропалық және азиялық үлгілері.
Туризмді ұйымдастырудың еуропалық үлгісі әлемге әйгілі курорттарымен
танымал Италия, Испания және Франция елдерінде қолданылады. Бұл елдердегі
туризмді дамыту мәселелері көп салалы министрлік деңгейінде шешіледі.
Туристік саламен айналысатын министрліктің бөлімі мемлекеттік реттеу
бойынша мынадай іс-шаралар жүргізеді: нормативтік-құқықтық негізін
дайындайды, осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерімен
айналысады, статистикалық мәліметтерді өңдейді, аймақтардың осы бағыттағы
қызметтерін реттейді, осы салаға қатысты көрмелер ұйымдастырады және шет
елдердегі туристік өкілдіктерді басқарады.
Дамыған еуропалық елдердегі мемлекеттік туристік әкімшілік жергілікті
басқару орындарымен және жеке бизнеспен бірлесе отырып тірлік жасайды. Ал,
бұл өз кезегінде туризмді дамытудағы мемлекеттік бағдарламалардың
міндеттерін шешуде жеке қаржылық ресурстарды тартуға мүмкіндік береді. Бұл
саясаттың нәтижесі ретінде туристік қызметтерді реттеудегі аралас
(мемлекеттік-жеке) меншікті институттарды алуға болады.
Туризмді басқарудың мұндай жүйесінің арқасында, аталған елдер жоғары
индустриялы туризмі бар әлемдік туристік орталықтарға айналып отыр. Бұл
елдердегі туризмнен келетін кірістер бюджеттің маңызды баптарына кіреді.
Туризм дамуының бастапқы кезеңінде мемлекеттік басқару органдарының
маңызы үлкен. Оның себебі, алғашқы кезеңде туристік саланың инфрақұрылымын
жасау үшін қуатты қаржылық салымдар қажет болады. Мұндай қаржылық көмекті
тек мемлекет бере алады. Мемлекетке кірістер әкеле бастайтын жоғары дамыған
және бәсекелестік мүмкіншілігі үлкен туризм саласы қалыптасқаннан кейін,
мемлекеттік органдар негізінен туризм дамуын реттеуші қызметіне ауысады
[7].
Қазіргі кезде туризм және қонақжайлылық индустриясы бұл әлемнің
көптеген елдерінде пайдалы қарқынды даму саласына айналған халық
шаруашылығының кешені. Қонақ үй және туристік бизнес кәсіпкерлерді өзінің
бастапқі капиталының аздығымен, оның тез арада қорлануымен, туризм мен
орналастыр қүралдарына әрдайым сүраныстың болуымен, өндірістік шығындардың
рентабельділігінің жоғарғы деңгейімен тартымды етеді. Қазақстандағы жеке
бизнестің дамуы туристік қызметтер аясындағы мемлекеттік монополияның
жоғалуына, қонақ үйлердің және басқа да орналастыру орындарының көптеп
ашылуына әкелді. Туристік рыноктағы сүраныстың артуы үсынылатын қызметтер
санының өсуіне алып келді. Қонақ үй шаруашылығы орналастыру қүралдарының
негізгі экономикалық аспектілерін, қонақжайлылықтын экономикалық табиғатын,
қонақ үй қызметіндегі экономикалық заңдардың қолданылуын, және де ондағы
шаруашылық механизмінің әрекет етуін қарастырады. Бүл бағдарлама қонақ үй
жіктемесінің мәнін ашады, сондай-ақ әлемдегі қонақжайлылық ерекшелігін
қарастырады, және де қонақжайлылық индустриясындағы франчайзинг, келісім
шарттық басқару, жалға беру және т.с.с. түсініктерге анықтама береді.
Туризм индустриясына талдау жүргізу.
Халықаралық туризм дамуына байланысты туризм индустриясы қалыптасты.
Туризм индустриясын туризмсіз өндірілмейтін тауарлармен қызметтерді
өндірітін кәсіпорындар құрайды:
- Орналастыру бойынша қызмет көрсететін кәсіпорындар: қонақ
үйлер, отельдер, пансионаттар, кемпингтер, жалға берілетін пәтерлер,
үйлер, демалыс үйлер, ажырамас бөлігі болса, қоғамдық тамақтандыру
кәсіпорындары жатады;
- Туристік сапарларды ұйымдастыру мен сатумен айналасатын
туристік фирмалар;
- Туристерді жеткізумен айналысатын көліктік ұйымдар;
- Туристік индустрия мамандарының біліктілігін жоғарлататын
және оқытатын, даярлайтын оқу орындары;
- Ақпарат және жарнама қызметтері;
- Туризмді басқаратын ұйымдар (мемлекеттік мекемелер және ғылыми
зерттеу ұйымдары).
Туризмсіз қызмет атқара алатын ұйымдар, олардың қолайлы жерде
орналасуы қызмет аумағын кеңейтеді. Бұл ұйымдарға келесілер жатады: жеңіл
автокөліктерді жалға беретіндер; автобустарды экскурсияға беретін
автошаруашылықтар; мейрамханалар, кафелер, спортклуб, мұражайлар, театрлар,
кинотеатрлар, хайуанаттар паркі, казино және т.б. Қазіргі кезде қандай да
бір елдің халық шаруашылығына туристік өндірістен түсетін экономикалық
тиімділікті әлемдік тәжірибеде көрсету үшін келесі айнымалылар қолданылады:
• ұлттық табыс құруға туризмнің салымы;
• елдің экспортындағы туризмнен түскен табыс үлесі;
• туризмдегі жұмыс орны, саны мен сапасы;
• туристік индустрияның аймақтық даму әсері.
Туризм статистикасының методологиялық аспектілері: халықаралық
стандарт және Қазақстан.
Туризм аумағында тиімді жоспарлау, басқару және маркетингтік
зерттеулер үшін туризмнің статистикалық жүйесін жетілдіру қажет. Осы
мақсаттарға жету үшін Қазақстан Республикасының статистика агенттігі
халықаралық стандарттарга сай туристік фирмалар мен қонақ үй
шаруашылықтарының статистикалық есеп беруін қайта қарастырады. Келу
мақсатын келесі категорияларға бөледі:
• бос уақыт, рекреация және демалыс;
• таныстар мен туыстарға бару;
• іскерлік және кәсіптік мақсаттар;
• емделу;
• дін (қажылық);
• т.б. мақсаттар.
Туризмнің статистикалық жүйесін жетілдіру үшін Халықаралық Туристік
Ұйым келесі негізгі 5 міндетті көрсетеді:
- туризмнің әртүрлі жақтарын және сәйкестендіруін
көрсететін статистикалық айнымалыларды анықтау;
- ішкі және ұлттық туризм анықтамаларын үйлестіру;
• халықаралық және ұлттық деңгейде туристік ақпараттың салыстыруын
жеңілдетеді;
• туризм статистикасының басқа экономикалық қызметтер статистикмен
байланысты;
• қажет статистакалық ақпаратқа шектеу мен қол жетерлікті қарау.
Туризм көп түрлі сипат алған сайын оған табысы әртүрлі әлеумет
қосылуда. Ол өз кезегінде кемпинг, туристік базалар және рекреациондық
орталықтарға да үлкен сұраныс тудырады.
Туризм бұл саяхат, транспорт сол саяхатты қамтамасыз ете отырып,
туристік қызмет көрсетудің саласы болып табылады.
Туристік транспорттық қызмет көрсету рөлін талдасақ туристердің қандай
да бір түрін таңдауы бірнеше себептерге байланысты. Транспорт түрін
таңдағанда елдің географиялық орналасуы үлкен рөл атқарады. Мысалы:
Австралия, Жаңа Зеландия, Жапонияға саяхат жасаушы туристерге тек 2 мүмкін
транспорт түрін таңдау қажет, не су, не әуе транспорты.
Туризм жұмыс орындарының құрылуы, біз қарастыратын келесі мәселе,
туризмнің болашағынан зор үміт күтудеміз.

1.3 Қонақжайлық индустриясын ұйымдастыру қызметін жетілдіру
процестері

Қазіргі кезде қонақ үй индустриясы өзін аймақтағы шаруашылық
жүйесінің қуаттылығы ретінде немесе туристік орталықтың және туризм
экономикасының маңызды ұйымдастырушысы ретінде көрсетеді. Қонақ үй
шаруашылығының дамуына ондағы көрсетілетін сервистік қызметтердің маңызы,
қызметтің сапалы, жоғарғы деңгейде болуы өте үлкен үлес қосады. Қонақ үй
сервисі – тұтынушы мен қызмет көрсетушінің тікелей қатынасы арқасында
қызмет көрсетушінің өз жұмысын атқаруы.
Сервис мәдени іскерлік қатынастағы этикеттік ережелерге көп көңіл
бөледі. Іскерлік қарым-қатынас күрделі және көп салалы адамдардың қарым-
қатынас принциптерін, олардың бір-бірімен түсіністік байланысынан көрінеді.
Іскерлік қарым-қатынас қонақ үй бизнесінің дамуы мен әсерінің өсуіне
қажетті іскерлік байланыстарды қалыптастырады.
Қонақтарды орналастыру сервистің негізгі элементтерінің бірі. Қонақ үй
индустриясы – қонақ жайлылықтың негізі болып табылады. Ол ертеден келе
жатқан адамзат тарихындағы қонақты күту, қабылдау мен қызмет көрсету
салтанаты сияқты қалыптасқан тұрмыс-салт мәселелерінен бастау алады.
Қонақтарды орналастыру жүйесі мен үй жабдықтары, негізінен, сервисті
әр-түрлі уақытша келушілерді қабылдауға және қондыруға арналған әр-түрлі
деңгейдегі (бастырмадан бастап, зәулім қонақ үйлер) әр-түрлі типтегі үйлер.
Қазіргі таңда қонақ күту индустриясы қуатты аймақтық шаруашылық жүйесі
немесе туризм экономикасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын
туристік орталық ретінде қызмет жасайды [8].
Қонақ күту индустриясының жүйелігіне: ұжымдық түрде немесе жеке
адамдарды қабылдайтын отельдер, қонақ үй типтес мотелдер, жастар тұратын
жатақханалар, апартаменттер, туристік жатын орындар, сол сияқты туристерді
орналастыруға қатысатын жеке секторлар жатады.
Әлемдік қонақ үйлер дами келе жүйе немесе тізбек құрайтын болды. Қонақ
үйлер жүйесі бірнеше қонақ үй құрамынан тұрады. Жүйенің артықшылығы – бір
елде тараған қонақ үй және сервис түрлерін басқа елдерде де қолдану.
Осылайша қонақ үй шаруашылығы кешеуілдеген елдерде әлемдік қонақ үй
жүйесіне жататын қонақ үй салу арқылы ол елдің қонақ үй шаруашылығын
дамытуға болады.
Қонақжайлық индустриясында туристік бизнесті, қонақ үй және мейрамхана
бизнесін, сондай-ақ қонақжайлық пен туризмді бөліп қарастыруға болмайды,
керісінше, оның маңызды құраушылары ретінде жүреді.
Қонақжайлылық индустриясы – қонақтармен қарым-қатынаста қонақжайлылық
принциптеріне сүйенетін ықылас пен мейманшылдық таныту сияқты қызмет
көрсету түрлерінен тұратын кәсіпкерлік түрі. Қонақжайлық индустриясы -
туристердi орналастыру құралдарының, көлiктiң, қоғамдық тамақтандыру
объектiлерiнiң, ойын-сауық объектiлерi мен құралдарының, танымдық,
сауықтыру, iскерлiк, спорттық және өзге де мақсаттағы объектiлердiң,
туристiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ экскурсиялық қызмет
және гидтер (гид-аудармашылар) қызметiн көрсететiн ұйымдардың жиынтығы.
Қазіргі таңда қонақжайлық индустриясы әлемдік экономикада басты орында
және әлемдегі ең пайда көп түсіретін бизнес түріне жатады. Сондықтан да
әлемдік шаруашылықтың бұл саласының болашағы жайлы сұрақ ең маңызды болып
табылады. Осы заманда адамдардың туристік мақсатта сапар шегуі бүкіл елді
қамтыды, осыған байланысты әр елдің адамдары арасындағы қарым-қатынас
күнделікті шындыққа айналды.
Қонақжайлық индустриясындағы маңызды орынды қонақ үй бизнесі
алады, оның кең және әртүрлі сипаты сонымен байланысты индустрия
секторларын қамтиды, мысалы: мейрамханалық бизнес, тамақтану, демалыс және
көңіл-көтеру және т.б. Бірақ кейбір мемлекеттерде қонақжайлық индустриясы
потенциалды көрсеткіші қолда бар экономикалық ресурстарға қарағанда төмен.
Себебі бұл мемлекеттердегі қонақжайлық индустриясының салалары халықаралық
стандарттарға сай емес. Осы себептердің бірі, біздің қонақ үйлер әлемдік
стандарттарға сай дәрежеде туристерді қабылдай алмауда, басты мәселе қонақ
үй орындарының аздығында. Қонақ үйлердің жағдайы жоғары дәрежелі моральды
және жеке көзқарастар бойынша дамушы мемлекеттерде қонақ үй бөлімдерінің
жағдайының төмендігі көрсетіледі, бұл қызмет түрінің шектеулігі, тозған
ескі техникамен сипатталады.
Бүгін әлемде болып жатқан үрдістер қандай қарама-қайшы болып келсе,
қазіргі туризмнің де жағдайы сондай болып тұр. Бірақ тап сол туризм
жалпыадами құндылықтарды қалыптастыру тәсілдерінің бірі болып, XXI ғ.
тарихи, мәдени, табиғи мұраларын оқып біліп және оларды сақтаудың бірден-
бір оңтайлы тәсілі болып отыр.
Халықаралық туризмнің табыстары шамамен алғанда триллион долларды
құрайды. Туризм үлесінде әлемдік экспорттың 8%, қызмет көрсету нарығының
31% және де бүкіл әлемдегі 100 млн. астам жұмыс орындары болып отыр. Ол
бүгінде мұнай кәсібінен кейін екінші орындағы шаруашылық саласы болып отыр
[9].
Соңғы кездері, қонақ үй бизнесі әлемде пайдалы бизнестің біріне
айналды. Ол өзімен қоса туризмді дамытады. Ал туризм болса, әлеуметтік-
тұрмыстық инфрақұрылымның салааралық кешені ретінде әлемдік экономикада
басты рөлді алады, әлемдік ұлттық өнімнің 110 бөлігін қамтамасыз етеді.
Сондықтан да алдағы кезеңде оның ең маңызды факторына айналмақ.
Халықаралық туризм халықтың жұмыс бастылығына қатты әсер етеді.
Қазіргі кезде әрбір 15-ші қызметкер әлемде қонақ үй бизнесінде жұмыс
істейді. Туризм үлесіне әлемдік капиталдың шамамен 7%-ы, салық түсімдерінің
5%-ы, тұтынушы шығындарының 11%-ы келеді. Бұл көрсеткіштер, әрине туризм
индустриясының, оның ішінде, әсіресе қонақ үй саласының жұмыс істеуіне
тікелей экономикалық тиімділікпен сипатталынады.
Қонақ үйдің басты көзі – турист болғандықтан, қонақ үйде көрсетілетін
қызметтердің сапасы әлемдік деңгейде әр түрлі болуы қажет. Тек сонда ғана
қонақ үй саласы өркендеп, өз дамуын одан әрі жалғастырады.
Туризм – экономика салаларының ішіндегі қарқынды дамып келе жатқан, ірі
қызмет көрсету салаларының бірі. Оның дамуының жоғары қарқындары мен
валюталық түсімдердің үлкен көлемдері жеке туристік индустрияның
қалыптасуына септігін тигізетін түрлі экономика секторларына белсенді
ықпалын тигізеді [10].

Кесте - 2 Туризм индустриясындағы кәсіпорындардың өзара байланысы.

Қазіргі қонақүйлік мекеме тұтынушыларға тек жатар орын мен
тамақтандыру қызметтерін ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар көлік,
байланыс, ойын-сауық, экскурсиялық қызмет, медициналық, спорттық, сұлулық
салондары қызметі мен т.б. қызмет түрлерін көрсете алады. Шындығында, қонақ
үй мекемелері туризм мен қонақжайлық индустриясы құрылымының басты
функцияларын орындауда, себебі, олар тұтынушыларға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қонақжайлық индустриясында корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қолдау
Қонақжайлылық тарихы
Қонақжайлылық индустриясындағы инновацияның түрлері
Қонақжайлылық индустриясының қалыптасуы
Туризм және қонақжайлық индустриясындағы технологиялық өзгерістер
Туризмді дамытуды реттеудің бірыңғай мемлекеттік саясатын қалыптастыру
Қазақстандағы туризм саласындағы мемлекеттік реттеу
Мемлекеттік реттеу құралдары
Франчайзингтік қатынастарды қолданудың шетелдік тәжірибесі
Қазақстан Республикасындағы қонақжайлылықтың дамуына шет елдік тәжірибенің әсері
Пәндер