Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық
мағлұматтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.1.Ежелгі заман географиясы туралы алғашқы
мағлұматтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2.Қазақстан территориясы туралы орта ғасырлардағы географиялық және
картографиялық деректер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.Қазақстан территориясын табиғи. географиялық
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.1.Орыс.қазақ қарым.қатынастарының басталуы. Қазақ жері туралы географиялық тарихи деректердің жинақталуы (ΧΥΙ ғ. 1731ж ) ... ... ... ... ... ..19
2.2. Қазақстанның Ресейге қосылуының алғашқы кезеңіндегі шолып. барлау мақсатындағы зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.3. Қазақстанның Ресейге қосылуының екінші кезеңіндегі арнайы шолып барлау мақсатындағы зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
3. Қазақстан территориясын физикалық . географиялық тұрғыдан жүйелі зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
3.1. Қазақстан территориясын физикалық . географиялық тұрғыдан зерттеудің классикалық кезеңі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
3.2. Қазақстанның табиғатын физикалық . географиялық тұрғыдан зерттеудің арнайы тақырыптық кезеңі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
3.3. Қазақстан териториясын физикалық.географиялық аудандастыру
мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41
3.4. Егемендік жылдарындағы физикалық географиялық зертеулер
Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50
3.4.Физикалық география сабақтарында оқушылардың танымдық
белсенділіктерін арттыратын өздік жұмыстар жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 54
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .64
Қазақстан аумағын физикалық географиялық зерттеу көне кезеңдерден бастау алады. Ерте кезеңдердегі деректерден қазіргі уақытқа дейіңгі аралық үлкен тарихи кезеңді қамтиды және зерттеп, сараптауды қажет етеді. Себебі, әр кезеңде алғашқы мәліметтер жаңа деректермен толығып отырады. Сондықтан аумақтың зерттелу тарихын кезеңдерге, дәуірлерге бөліп қарастыру өзіндік маңызға ие.
Тарихи- географиялық ғылыми мәселелердің ішінде зерттеулерді дәуірлерге бөлудің, идеялар мен тұжырымдардың дамуы және жалғастығын географиялық тұрғыдан зерттеудің де айрықша мәні бар.
Дәуірлерге бөлу- география тарихын зерттеудегі ең күрделі мәселелердің бірі. Бұл ғылымды дамытудың басқа мәселелерін жолға қойып, дұрыс шешуге мүмкіндік туғызады.
1.Саушкин Ю. Г. История и методология географической науки.-М.: МГУ, 1976. -423 с.
2.Колосовский Н.Н. Основы экономического районирования. М.: 1987-74-79 с
3.Чистобаев А.И. Развитие экономических районов : теория и методы исследования. Л.:-Наука, 1980 .-128 бет
4.INTERNET 22.07.2007г HttP: // WWW. rbn newstv. ry «Бюро новостей»
5.Семенов-Тян-Шанский В.П.О могущественном территориальном владении применительно к России // Известия Русского географического общества. – 1915. –Вып. 8. –с. 425 – 458
6.Родоман Б.Б. Основные типы географических границ / Географические грницы. – М.: Изд-во МГУ, 1982.- С. 19-32.
7.Саушкин Ю.Г. Географические очерки природы и сельскохозяйственной деятельности населения в различных районах Советского Союза. – М.: Географгиз, 1947. -422 с.
8. INTERNET 8.05.2007г HttP: // WWW. rbn newstv. ry «Бюро новостей»
9.Саушкин Ю.Г. Экономическая география: история, теория, методы, практика. –М.: Мысль, 1973. -559 с.
10.Семенов-Тян-Шанский В.П. Район и страна. – М.: ГИЗ, 1928. – 250 с.
11.Трофимов А.М., Чистобаев А.И., Шарыгин М.Д. Теория организации пространства.Сообщение 1 // Известия ВГО. 1993.–Т. 125, вып. 2. – с. 10-19
12.Трофимов А.М., Чистобаев А.И., Шарыгин М.Д. Теория организации пространства.Сообщение 2 // Известия ВГО. -1993.-Т.125, вып. 3. – с.9-17
13.Трофимов А.М.,ЧистобаевА.И., Шарыгин М.Д.Теория организации пространства.Сообщение 3 // Известия ВГО. -1993.-Т.125,вып. 5. – 11-21 с
14. INTERNET 8.05.2007г HttP: // WWW. rbn newstv. ry «Бюро новостей»
15.Чистобаев А.И., Баженов Ю.Н.Территориальные комплексные программы.-Л.:ЛГУ,1989.-229 с.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық
мағлұматтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.1.Ежелгі заман географиясы туралы алғашқы
мағлұматтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2.Қазақстан территориясы туралы орта ғасырлардағы географиялық және
картографиялық деректер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.Қазақстан территориясын табиғи- географиялық
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.1.Орыс-қазақ қарым-қатынастарының басталуы. Қазақ жері туралы географиялық тарихи деректердің жинақталуы (ΧΥΙ ғ- 1731ж ) ... ... ... ... ... ..19
2.2. Қазақстанның Ресейге қосылуының алғашқы кезеңіндегі шолып- барлау мақсатындағы зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.3. Қазақстанның Ресейге қосылуының екінші кезеңіндегі арнайы шолып барлау мақсатындағы зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
3. Қазақстан территориясын физикалық - географиялық тұрғыдан жүйелі зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
3.1. Қазақстан территориясын физикалық - географиялық тұрғыдан зерттеудің классикалық кезеңі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
3.2. Қазақстанның табиғатын физикалық - географиялық тұрғыдан зерттеудің арнайы тақырыптық кезеңі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
3.3. Қазақстан териториясын физикалық - географиялық аудандастыру
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41
3.4. Егемендік жылдарындағы физикалық географиялық зертеулер
Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..50
3.4.Физикалық география сабақтарында оқушылардың танымдық
белсенділіктерін арттыратын өздік жұмыстар жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... . 54
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..64

Кіріспе
Қазақстан аумағын физикалық географиялық зерттеу көне кезеңдерден бастау алады. Ерте кезеңдердегі деректерден қазіргі уақытқа дейіңгі аралық үлкен тарихи кезеңді қамтиды және зерттеп, сараптауды қажет етеді. Себебі, әр кезеңде алғашқы мәліметтер жаңа деректермен толығып отырады. Сондықтан аумақтың зерттелу тарихын кезеңдерге, дәуірлерге бөліп қарастыру өзіндік маңызға ие.
Тарихи- географиялық ғылыми мәселелердің ішінде зерттеулерді дәуірлерге бөлудің, идеялар мен тұжырымдардың дамуы және жалғастығын географиялық тұрғыдан зерттеудің де айрықша мәні бар.
Дәуірлерге бөлу- география тарихын зерттеудегі ең күрделі мәселелердің бірі. Бұл ғылымды дамытудың басқа мәселелерін жолға қойып, дұрыс шешуге мүмкіндік туғызады. Бұл белгілі бір пәннің, яғни ол зерттейтін процестің өз құрылымын, табиғатын айқындайды. Қазақстан территориясын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеудің тарихын дәуірлерге бөлудің кілті де ең әуелі танымның үш сатылы екенін анықтаумен байланысты.
Әрбір дәуірдің өзінде белгілі бір кезеңдер болады. Сонда физикалық - географиялық зерттеулерді дәуірлерге бөлу: саты - дәуір - кезең болып үш басшқышпен жүйеленеді.
Қазақстан табиғатының зерттелу тарихы да, жалпы алғанда географиялық білімдер тарихын дәуірлерге бөлумен сабақтас. Алайда оның кейбір өзіндік ерекшеліктері де жоқ емес. Қазақстанды физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу тарихын дәуірлерге бөлуде бұл еңбекте Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси және экономикалық қарым-қатынастардың даму барысы негізге алынды.
Тарихи оқиғалардың жіктелуіне және соларға байланысты Қазақстан тарихын зерттеу міндеттерінің, әдістері мен бағыттарының өзгеруіне байланысты Қазақстан табиғатының зерттелу тарихындағы төрт дәуірді жеті кезеңге бөліп қараймын.
1- дәуір кезеңдері: 1. Қазақ жері туралы ежелгі заман географиясындағы тұңғыш мағлұматтар ( ҮІ ғасырға дейін);
2. Қазақстан территориясы туралы орта ғасырлардағы географиялық және картографиялық деректер ( ҮІ ғасырдан бастап ХҮІ ғасырға дейін).
2- дәуір кезеңдері: 3. Қазақстанның Ресейге қосылуына дейінгі орыс мемлекетінде тарихи-географиялық деректердің жиналуы ( ХҮІ ғасырдан бастап 1731 жыға дейін).
3- дәуір кезеңдері: 4. Қазақстанның Ресейге қосылуының бастапқы кезеңіндегі маршруттық барлама зерттеулер (1731 жылдан 1819 жылға дейін).
5. Қазақстанның Ресейге қосылуының екінші кезеңіндегі арнайы барлама зерттеулер (1819 жылдан 1856 жылға дейін).
4- дәуір кезеңдері: 6. Қазақстанның жазық жерлері мен таулы аймақтарын физикалық-географиялық жағынан зерттеулер ( 1856 жылдан 1890 жылға дейін).
7. Қазақстан жеріндегі игеруге тиісті жекелеген аудандарды белгілі бір мақсатқа орай арнайы зерттеулер ( 1890 жылдан 1917 жылға дейін).
Революциядан бұрын республиканың жекелеген аудандарын зерттеген материалдар М. Н. Богдановтың, И. В. Мушкетовтың және П. П. Семеновтың Түркістан өлкесі мен орыс географиялық қоғамының тарихына арналған шолуларында пайдаланып жинақталынды. Арал теңізі мен Зайсан көлін зерттеу тарихы Л. С. Берг пен А. Н. Седельниковтың жазбаларында баяндалған.
Елуінші жылдардың басында ғана И. П. Герасимов пен С. Н. Рязанцевтің шолу ретінде жазылған мақалаларында Қазақстан табиғатын географиялық тұрғыдан зерттеу тарихының негізі кезеңдерінде тұңғыш рет сипаттама берілді. Революциядан бұрынғы уақытта республика территориясын танып- білудің тарихы Қазақстан географтары А. П. Горбунов пен Ә.Бірмағамбетовтың т.б. еңбектерінде ішінара қамтылды.
Революцияға дейінгі Қазақстанды физикалық- географиялық жағынан зерттеудің тарихына арналған еңбектер тізімі, өкінішке орай, осылармен ғана шектеледі. Ресей мен орта Азия республикаларының территорияларын физикалық- географиялық жағынан зерттеп, ашу мәселелерін қарастыратын толып жатқан еңбектерде Қазақстанды географиялық тұрғыдан танып-білу тарихына қатынасты жекелеген материалдар ұшырасады. Бұлардың қатарына Л. С. Бергтің, Д. М. Лебедевтің, Э. М. Мурзаевтың, В. А. Ескаковтың, А.А. Азатьянның, О. В. Маслованың, В. Н. Федчинаның, В. М. Четыркиннің, Х.Х. Хасановтың, Р. Л. Югайдың, С. Өмірзақовтың, Э. Н. Донцованың, Р.Рахымбековтың және басқаларының зерттеулерін жатқызуға болады.
Географиялық танымның, сол сияқты бүкіл ғылыми творчествоның тарихындағы үш қағиданың бірлігі немесе география ғылымының даму кезеңдерінің диалектикалық тұтастығы көңіл аударады. Біріншіден жалпыға бірдейлік, бұл - географияның даму логикасынан байқалады және бүкіл дүниежүзілік адамзат ойының жалпы барысымен орайлас келеді. Екінші ерекшелік - географияның белгілі бір дәуірде, белгілі бір елде, тарихи жағдайда даму мүмкіндіктерінің жиынтығы. Үшіншіден, жеке даралық, бұл ғалымның жеке басына, автордың ашқан жаңалығына, идеясына, тұжырымына байланысты және сол ғалымның жеке дара ерекшеліктерінен көрінеді. Осы айтылған үш қағиданың ажырамас бірлігі мен олардың өзара қарым-қатынастарын сақтағанда ғана кез-келген физикалық - географиялық ой-өрісін, дәл сол сияқты олар ашқан жаңалықтардың да сипаты мен себептерін дұрыс түсініп, сындарлы талдау жасауға болады. Сондықтан Қазақстан табиғатын зерттеуге және физикалық-географиялық идеялар мен тұжырымдарды дамытуға айтарлықтай үлес қосқан аса көрнекті де білгір ғұламалардың қызметін талдауға барынша көңіл бөлінді.
Диплом жұмысының мақсаты. Қазақстанның аумағын физикалық географиялық тұрғыдан зерттелу тарихы негізінде алынған материалдарға сүйене отырып, республика аумағының қалыптасуының тарихи мазмұны мен ерекшеліктерін зерттеп танып білу.
Мақсаты, пәні мен болжамына сүйене отырып диплом жұмысы төмендегі міндеттерді шешуді көздейді:
Қазақстан жерін зерттеген зерттеушілер мен саяхатшылардың физикалық география саласындағы орнын көрсету
психологиялық-педагогикалық, әдістемелік, ғылыми-көпшілік әдебиеттерге талдау жасау арқылы Қазақстапнның табиғи-географиялық кешендерін оқытуға негіз болатын ақпараттарды пайдаланудың теориялық-әдіснамалық алғышарттарын анықтау;
- Қазақстанның физикалық географиясын оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыруда зерттеуші ғалымдар еңбектерінің алатын орнын ашып көрсету;
Зерттеу нысаны физикалық географияның бөлімі ретінде Қазақстанның аумағын физикалық географиялық зерттеулеріне мән беріп, сабақ бергенде зерттеушілер еңбектерін пайдалана отырып, Қазақстанның физикалық географиясын кешенді оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні Қазақстанның физикалық географиясы пәнінде ғалымдардың еңбегің пайдаланудың тиімді әдістері.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізін ретінде: Физикалық географияның теориясы мен методтарын негізінде грек, парсы, араб, Европа, орыс, Орта Азия және қазақ зерттеушілерінің еңбектерін басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмыстың ақпараттық базасы ретінде: Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы, Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, орта мектептің пәндік оқу бағдарламалары, педагог және әдіскер ғалымдардың зерттеу мәселесіне қатысты іргелі еңбектері басшылыққа алынды.
Алдыға қойған міндеттерді үшін төмендегі зерттеу әдістер қолданды:
теоретиялық әдістердің ішінде зерттеудің өзектілігіне сәйкес философиялық, әдіснамалық, психологиялық және ғылыми-техникалық әдебиеттерге талдау; жеке әдістердің ішінде жүйелеу, жіктеу, салыстыру диалектикалық, талдау және синтездеу, жинақтау, абстракциялау, жобалау, үлгілеу, білім беру туралы директивтік нормативтік, бағдарламалық-әдістемелік құжаттарды талдау, салыстыру, педагогикалық тәжірибелерді тарату.
Диплом жұмысының ғылыми-тәжірибелік маңызы:
Зерттеушілер еңбектерін пайдалана отырып Қазақстанның физикалық географиясы пәнінде табиғи кешендерді оқыту барысында тарихи картографиялық тиімді тәсілдері анықталды;
2 Зерттеу еңбектерін пайдалану барысында мазмұны мен білімді қалыптастыру ерекшеліктерін ескере отырып табиғи кешендерді оқыту кезеңдері айқындалды.
Диплом жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыстың мәтіні компьютермен терілген 65 беттен, кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан тұрады. Пайдаланған әдебиеттер тізімінен 28 еңбек енгізілген.



1. Қазақ жері туралы ерте кездегі мағлұматтар
1.1 Ежелгі заман географиясындағы қазақ жері туралы алғашқы мағлұматтар
Қазақстанның территориясы мен табиғаты жайындағы географиялық деректердің тамыры ықылым замандарының терең түпкірінде жатыр.
Қазіргі қазақстан территориясында адамдар сонау әлімсақтан бері мекендеген. Мұны палеолит дәуіріндегі қоныстардың сақталған іздері дәлелдейді. Қазақстан территориясындағы тас ғасырдың ең көне ескерткіштері Қаратау маңынан, Еділдің жоғары сағасынан, Бетпақдаладан, Бұқтарма өзенінің бойынан және басқа жерлерден табылды.
Сақтардың көне мәдениеті Алтай, Сібір, Шығыс және Европа халықтарымен байланысты болғанмен, олардан жазба ескерткіштер қалмаған. Ал Қазақстан территориясы жөніндегі тырнақалды деректер көршілес мемлекеттердің осы күнге дейін сақталған әдеби және тарихи мұраларынан мәлім болып отыр
Қазақ жері туралы мағлұмат кездесетін бізге дейін жеткен жазба ескерткіштердің ішінен Бехустин жазбасын (біздің заманымызға дейінгі VΙ - V ғасырлар) атауға болады. Ол парсы патшасы Дарий Ι атынан құрастырылған. Бехустин жазбасының V бағанындағы 20-30 жолдарда мәлімдеген. Біздің заманымызға дейінгі V ғасырдың 40-жылдарының аяғында 30-жылдардың басында жазылған Геродоттың Тарихы ежелгі қолжазбалардың ішіндегі аса құндыларының бірінен саналады. Онда Дарийдің скифтерге қарсы жорығын баяндаумен қоса, Ойкүменді мекендеген тайпалар және олар жайлаған аймақтар туралы мағлұматтар келтіреді. Каспий теңізінің алып жатқан орнын оның басқа сулармен жалғаспайтын тұйық су екенін, негізінен алғанда солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла біткен жалпы пішінін Геродот бірінші болып анықтайды.
Сөйтіп, ежелгі көшпенділер дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың тұрағын сипаттай отырып, Геродот Каспий теңізі мен оның төңірегіндегі аймақтар туралы тұңғыш географиялық деректер қалдырған.
Массагеттер қоныстанған аймақты - Каспий теңізі шығыс жағындағы Аракс (Амудария) өзенінен әрі шығысқа қарай созылып жатқан жерін Геродот
бәрінен де жақсы білген.
Македонский шапқыншылығынан кейінгі дәуірде Қазақстан географиясы туралы бірқатар маңызды деректер қалдырған адамдар - Римнің
географ-ғалымдары Страбон мен Птолемей.
Страбон (біздің заманымызға дейігі 63-23ж.) таулардың, өзендердің, көлдердің жер бетінен жойылуы және қайта пайда болуы туралы жазып, климат өзгеруінің себептерін көрсеткен. Оның Географиясында қар түсетін аймақтар мен мұздықтар туралы сөз болады. Бірақ оның кейбір тұспалдаулары адам нанғысыз болып келеді. Ғылыми бақылау негізінде тұжырым жасамағандықтан, ол көптеген жағдайда ағатыққа жол береді.
А. Гумбльдт Страбон Географиясының жалпыжалпы жер құрлысын зерттеу білімін ерекше бағалап, оны дүниені физикалық немесе салыстырмалы танып білудің бастамасы деп есептеген. Географиялық зерттеулер жүргізгенде Страбон тарихи әдісті қолданып, оны кең көлемді талдаумен ұтқыр ұштастырады, әрі осы тәсілге зор маңыз береді. Страбон материкті (елді) бірнеше бөлікке бөлу әдісін ұсынады. Оның бұл қағидасы қазіргі аудандастыру деп аталған ұғымға жақын келеді.
Страбонның Геродоттан ерекшелігі сол, ол Каспий теңізін басқа сулармен жалғаспайтын тұйық бассейн емес, Сотүстік мұхиттың шығанағы деп есептеген. Страбон құрылықты өзін қоршаған теңізбен немесе мұхитпен ұласып жатқан арал ретінде. Ал мұхитты ол континентке қолтықтасып кіріп жатқан төрт үлкен шығанақ деп санады. Сиркен, Каспий, теңізде солтүстік шығанаққа жатқызады.
Рим географиясында Клавдий Птоломейдің (б.з.д. 90-168 жылдар) еңбектері айрықша орын алды. Ежелгі заман географиясында елдерді зерттеу бағыитын ұстаған Страбондай емес, Птоломей картографиялық бағытты жақтады. География,- деді ол, бізге мәлім болып отырған жер шары бөлігінің тұтас алғандағы сызба бейнгесі. География бізге бүкіл жер шарын көріністен байқап білуге мүмкіндік береді [4].
Птоломейдің картасы бойынша Гиркан (Каспий) теңізі шығыстан батысқа қарай созылып жатыр. Шығыс жағында оған орта Азияның барлық негізгі өзендері - Яксарт пен Окс келіп құяды. Демек, Птоломей де Амудария мен Сырдария өзендері каспий теңізіне құяды деп тұспалдаған өзінен бұрынғы зерттеушілердің теріс пікірін қостаған. Геродоттың дұрыс ұғымын жоққа шығарып, ол теңіздің бөлігі батыстан шығысқа қарай созылып жатыр деп есептеген. Бұл қате түсінік, тек Петр І уақытында ғана жөнге келтірілді.
Птоломей екінші жағынан Каспий теңізін Солтүстік мұхиттың шығанағы емес, тұйық бассейні ретінде бейнелейді. Сөйтіп ол Геродоттың дұрыс пікірін қуаттады.
Птоломей Оксиан (Арал) теңізін картаға түсіріп, оған Согдий тауарларынан ағып шыққан өзендер келіп құятынын көрсетті.
Птоломей шығармаларында жаңсақ пайымдаулар орны алғанымен, дүниежүзілік географияны одан кейінгі дәуірлерде зерттеуде оның еңбектері мен карталарының зор маңызы болды. Немістің ұлы ғұлама географы А. Гумбольдт: Птоломей географиясы бізге күллі ежелгі дүниені сызып бейнелеу арқылы бар болмысымен елестетіп ғана қоймай, сонымен бірге сан жағынан да, бойлықтар мен ендіктерді жайлы және күннің ұзақтығы деп аталатын анықтамаларды да санамызға сіңірді [1], - деп әділ жазды.
Сөйтіп, Орта Азия туралы ғалам тербеген ежелгі заман авторларының еңбектеріне қазақ жері шала-шарпы, тек Каспий, ішінара Арал теңіздері мен Сырдария өзенінің ауқымында ғана бейнеледі. Бұл аймақтың солтүстігіндегі Қазақстан территорясы ол кезде тіпті белгісіз болған. Сондықтан көне авторлар оны көбінесе беймәлім жер деп атаған. Скифия территориясын сипаттай келіп, Птоломей: Скифия батысында Имай тауының арғы бетінде - ар жақтағы Скифия мен және сол таудың бөктеріне дейін оны бойлай - сақтармен, солтүстігіне беймәлім жермен шектеседі [2], - деп жазған.
Қытай саяхатшылары жинаған географиялық осы деректердің бәрі Орталық және Орта Азия картасының негізінде алынады. Бұл карта үлкен Хань әулетінің дәуірінде (біздің заманымызға дейінгі 200-жыл - біздің заманымыздың 9-жылы) құрастырылған. Картада үйсіндердің (Жетісу, Құлжа өлкесі), Қанғұйдың (Талас пен Сырдария өзендерінің алқабы), үлкен юзшілердің (Амудария өзенінің алқабы), Даваньдердің (Ферғана) жерлері және басқа мемлекеттер мен тайпалық бірлестіктердің мекендері көрсетілген. Тянь-Шаньның солтүстігінде екі көл бейнеленген. Ол екеуі бір-бірімен өзендер арқылы жалғасқан. Қырғыз тарихшы-географы С. Өмірзақов бұларды Балқаш көлі (Солтүстік көл) мен Ыстық көлге (Оңтүстік көл) жатқызады. Оның болжамы бойынша Солтүстік көлге құятын өзен Іле де, ал екінші көлден ағып шығатын өзен - Шу (ХIХ ғасырға дейін, яғни, П.П. Семенов-Тянь-Шанскийдің зерттеулеріне дейін Шу өзені Ыстықкөлден ағып шығады деп есептеліп келгені мәлім).
П.С. Савельев Орта Азия (1948) атты еңбегінде бұл жерде бұрын қырық төрт мемлекет болғанын көрсетеді. Қытайдың шет жерлерді зерттейтін инспекторы Бэй-Цзю 607 жылы карта жасап, сол мемлекеттердің иелігіндегі жерлерді бейнелеген.
Сонымен бірге Сюань-Цзан мың қайнарды да (Мыңбұлақ) сипаттап жазады. Саяхатшы ол Шу өзенінің батысына 400ли, ал Талас өзенінің шығысына қарай 140-150 ли қашықтықта деп көрсеткен. Сюань-Цзан Жетісу мен Сырдария өлкесінің шығыс бөлігінде сауда-саттық жасайтын қалалармен қоса өңделген жерлерді көрген.
К. Риттер өзінің Жертану тарихында (1864) былай деп әділін жазған: Қытай өзі мекендеген құрлықтың (Азияның) батыс жартысы туралы дәлме-дәл географиялық деректерге батыстағылар оянғаннан анағұрлым ерте қанық болған. Татария, Тибет, Тункин, Түркістан, Бухария, Кохинхин жайында Үндістанның, Персияның және Сібірдің шекаралас жерлері туралы мағлұматтары білген... Демек, талай-талай ғасырлар бойы Қытайда бүкіл Шығыс Азия жөнінде географиялық деректердің сарқылмас қазынасы жинақталған... Міне енді ғана, сол жазба ескерткіштерді нәтижесінде Азия елдерінің бұрынғы мардымсыздық пен жансақтықтан арылған дұрыс географиясын құрастыруға мүмкіндік туды.
Түрік мемлекеті Орта Азияға арабтардың шабуылы бастағанша, VΙII ғасырдың басына дейін өмір сүрді. Түрік қағанаты билеп тұрған кезде шетел елшіліктерінің қазақ жеріне келіп-кетуі сиреді. Бұл мерзім ішінде мұнда Византия императоры Юстиан ΙI түрік қағаны Дизавулге жіберген елшілік қана, сондай-ақ Сюань Цзанның жоғарыда айтылған саяхатының басқа тарихта қазақ жеріне келегн екеуінен өзге дерек жоқ.
Земарх елшілігінің сапары Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауымен - Еділ (Аттиль), Жайық (Даих), Жем (Их) өзендері арқылы өткен. Қатар жолында ол Хорезмге соғып, Амударияда болған. Земарх: көлдің құмдауыт жағалауымен 12 күн жол жүрдім деп жазған. В.Бартольдт мұнда сөз болып отырған көл Арал теңізі деп есептейді.
Ежелгі замандағы қазақ жері туралы кейбір мағлұматтар, міне осындай.
Қазақстанды географиялық тұрғыдан танып-білу тарихының біз әңгіме етіп отырған дәуірдегі айрықша маңызы мынада: парсы мен грек жазбаларында қазақ жері және оны мекендеген халықтар туралы алғашқы мағлұматтар пайда бола бастады. Қазақстан территориясы құрамына кірген ойкүмендер елі тұңғыш рет картаға түсірілді. Алайда ежелгі дәуірдегі мағлұматтардың өресі тар еді, олар жер-жердің ауқымынан аспады. Ежелгі дүние адамдарына көптеген құбылыстар беймәлім, тіпті түсініксіз болды. Батыс Қазақстан туралы, ол аймақтың теңіздері мен өзендері жайында: Каспий және Арал теңіздері, Сырдария өзені жөнінде антикалық авторлар неғұрлым дұрыс мағлұматтрады білген. Оңтүстік Қазақстан өңірінде Қытай саяхатшылары жинаған деректерді Европа елдері білмеген. Қазақ жерін тұтас дәуірде мәліметтер там-тұмдап тым баяу жиналды және оның барлық өкілдері біркелкі қамтылмады.

1.2 Қазақстан территориясы туралы орта ғасырлардағы географиялық және картографиялық деректер

VIΙ ғасырдан бастап Қазақстан территориясын зерттеуде арабтар көрнекті роль атқара бастайды. Ал арабтар VΙII ғасырдың басында аса ірі мемлекет болып қалыптасқан. Араб ғалымдары өз саяхаттарының жазба ескерткіштері және сұрастырып білгендерінің негізінде жалпы географиялық деректер қалдырған.
Х - ХI ғасырларда Қазақстанда феодалдық қарым-қатынастардың одан әрі дамығаны, тау-кен жұмыстары мен металлургия өндірісіне байланысты көптеген елді-мекендірдің пайда болғаны тарихан мәлім. Қазақстан қалалары негізінен сауда жолдарының үстінде тұрды да, қалалардың жедел өркендеуі үшін мұның зор маңызы болады. Иран мен Византиядан Қытайға қатынайтын Ұлы Жібек жолы Жетісу арқылы өтті. Русьпен, Византиямен, Иранмен сауда-саттық қызу жүргізілді. Батыс пен Шығыс Европаға Алдыңғы және Кіші Азияға, Қиыр Шығысқа баратын керуен жолдары қазақ даласында сайрап жатты. Орта Азиядағы сияқты, Қазақстан қалалары да Х-ХII ғасырларда - феодалдық қарым-қатынастар өркендеген кезеңде кең қанат жайып, олардың шаруашылығы өркендей түсті.
Қазақстанды географиялық тұрғыдан зерттеу тарихы үшін араб географтары Ибн Хордадбехтің, Макдисидтің, Ибн Хаукальдің, Ибн Рустенің, әл-Истахридің, әл-Масудидің, әл-Идрисидің және басқа ғұламалардың еңбектерінің маңызы айрықша зор.
Ибн Хордадбех жазып баяндау түріндегі тұңғыш жалпы географиялық шығарманың авторы болып саналады. Оның еңбегі Ктаб алмасалик ва-л-мамалик (Саяхаттар мен мемлекеттер кітабы) деп аталған. Бұл шығарма Жердің пішінін суреттеуден басталады да, содан кейін саяхаттар жайында баяндалады. Автор Бағдад шаһарынан солтүстікке қарай Орта Азияға дейінгі және оңтүстікке қарай Үндістанға дейінгі жүрген жолдары туралы егжей-тегжейлі баяндап жазады.
Максиди Сырдария өзенінің оң жағалауында Сауран (Сабран) және Шагльджан (Ишкан Түркістан қаласынан солтүстікке қарай 26 шақырым) қалаларының болғанын атап көрсетеді. Максидидің айтуы бойынша, Сауран- огуздерімен және қимақтарымен шекаралас бекініс.
Ибн Хаукаль Фараб атырабының жер бедерін былайша сипаттаған: Бұл елдің топырағы сортаң, қопалары көп, ал егістік алқап Фараб өзенінің батыс жағында.
Ибн Русте мен Истахри Арал теңізін сипаттап жазған: Ибн Русте оны былайша бейнелейді: теңіздің аумағы 80 фарсах, батыс қапталын айнала Сиякух (қара таулар) деп аталатын тау сілемдері созылып жатыр, шығыс жағалауында ну орман мен қалың қамыс аралас өскен қопалар бар.
әл-Масуди еңбектерінде Жайық пен Жем аралығындағы далалы жерлер мен Ертіс төңірегі туралы сөз болады. Масуди далалы атырапты қимақтардың - қыстауы, ал Ертіс төңірегін жазғы жазғы жайлауы ретінде бейнелейді. Ол Сырдария өзенінің суы мол екенін атап көрсетеді. Оның мағлұматтары бойынша Сырдария суы Фараб тұсында ерте уақыттарда 30 фарсах жайылған, бейне бір қамалдардай қыраттардың шоқыларына салынған елді мекендер ондай кезде бір-бірімен тек қайықпен ғана қатынай алған.
әл-Масуди Хазар (Каспий) теңізі туралы деректер келтіріп, оның шөлейт атыраптарын көптеген көшпенді гүздердің мекендейтінін айтады.
Қарлұқтар жайлайтын Ертіс өзенінің аймағы, Оңтүстік Алтай мен Тарбағатай аралығы, сол сияқты көршілес қырғыздар қоныстанған Енисей өңірі Гардизи еңбектерінде баяндалған. Ол Яныкенттен Ертіс жағалауына баратын сауда жолы туралы жазады.
ХΙΙ ғасырдың географ-ғалымы әл-Идрисидің еңбектерінде де қазақ жері туралы бірқатар маңызды мағлұматтар сақталған. Оның Нузхат ал-муштак атты шығармасында Шу-Іле таулары туралы деректер келтіріліп, тау бөктерінде Демиртаг қаласы орналасқаны, ал оның шығысы шөлейт дала екені айтылған. Ғалым Сырдария өзенінің төменгі сағасы мен Арал теңізінің төңірегін оғыз тайпалары көсемдерінің ордасы ретінде баяндайды. Олар Көне Гузия деп атаған шамамен алғанда Көне Гузия Тянь-Шаньның батыс сілемдерін, Шу өзені мен Сырдарияның Қаратау беткейін алып жатқан аймаққа сәйкес келеді.
әл-Идриси шығармасында қимақтардың қала тұрмысы жайында неғұрлым толық мағлұматтар бар. Қимақ ханзадасы Жанах Ибн Хакан ал-Кимакидің кітабына сүйене отырып, ол көлдер мен өзендер жағалауларына, адам аяғы баспайтын тау қияларына салынған 16 қимақ қаласын атайды. Қазба байлықтарын өндіретін орындар туралы әңгімелейді. Қалалардың көпшілігі сауда-саттық жолдарының үстінде тұрғанын әрі олардың бекіністері мықты болғанын айтады.
Араб карталарының географиялық бейнелеуі басқалардан ерекшелеу, оларда градустық торлар жоқ. Солай бола тұра да, Қазақстан территориясын танып-білу тарихында араб карталарының атқаратын ролі зор. Осы тұрғыдан алып қарағанда әл-Истахри мен Ибн Хаукаль құрастырған әлем картасын (Х ғасыр) атап айту жөн. Оларда географиялық объектілер геометриялық фигуралар түрінде бейнеленген. Каспий теңізі Еділ өзенімен қосылып құмыра түрінде салынған. Сол сияқты орта Азия мен Қазақстан территориясы өзінше бейнелеу тапқан. Ибн Хаукаль Мауараннахрдың (Орта Азияның) дербес картасын жасаған.
Арабтардың аса маңызы саяхаттары қатарында жоғарыда айтылғандарға қоса Ибн Фадланның Еділге сапарын (Х ғасыр) атап көрсеткен жөн. Ибн Фадлан Бағдадтан 921 жылы 21 июньде аттанып, Хамадан, Рей, Нишапур, Мерв, Бухар маршрутымен жүрген. Содан соң Амудариямен Арал теңізінің жиегіндегі Хорезмге дейін, Үстірт пен Жібек пен Жайық (Орал) арқылы Поволжьеге өткен.
Бұл жолсапар көбіне Батыс Қазақстан территориясы арқылы өткен. Ибн Фадланның жазбаларында көшпенді түрік тайпаларына қатысты өте құнды географиялық, этнографиялық және басқа деректер бар.
Өзі басып өткен аймақтардың жер бедерін сөз ете келіп, саяхатшы жолының дені шөлейт құм арқылы өткенін, ал ішінара тастақ жерлердің де кездескенін айтады. Тастақтар Үстірттің сол жақ беткейінен асқан тұста ұшырасқан. Он бес күн жол жүргеннен кейін біз қаптаған тастары бар үлкен тауға келдік деп жазады ол. Саяхатшының бұл айтып отырғаны Солтүстік Чинк сияқты. Осы тастақ жерлерге дейін жол Үстірт арқылы өткен, ал жотаның үсті шөлейт жазық, бір де бір тауы жоқ жазық дала екені баяндалған.
Сонымен бірге өзен атаулары Х ғасырда Батыс Қазақстанда су жүйесі қандай болғанын айқындауға мүмкіндік береді.
Х ғасырдың аяғында маңызды географиялық еңбектердің бірі-тегі Орта Азиядан шыққан беймәлім автордың қолжазбасы. Шығарма араб тілінде Худдуд ал-Алам мин ал-машрик ил ал-Магриб (Шығыстан Батысқа дейінгі әлем өлкелері немесе Әлем шекараларының кітабы) деген атпен жазылған. Қолжазбаны 1892 жылы А.Г.Туманский ашқан. Сондықтан ол ғылымда Туманский амонимі деп аталады. Қолжазбаның суреттерін В.Бартольд бастырған (1930 жыл), ал толық түсініктеме беріп, сыни тұрғыдан аударма жасап, жарыққа шығарған - В.Ф. Минорский (1937 жыл).
Осылардың ішінде өзінің көп салалы еңбегімен Орта Азия оқымыстысы дара тұрған тұлға - Мұхаммед Әбунасыр әл-Фараби (870-950). Ол Отырар қаласынан (арабша аты-Фараби) шыққан. Моңғолдар шабуылының кезінде қираған бұл қаланың орны қазіргі Шымкент облысының Қызылқұм ауданының жерінде. Отырар кезінде Орта Азия мәдениетінің аса ірі орталығы болған. Осында туып, тәрбие алған фараби кейін Египет, Сирия, Ирак сияқты көне мәдениетті елдерде білімін толықтырып, ұлы ғалым дәрежесіне жеткен, шығыстың Аристотелі аталған.
Фараби еңбектерінде өз заманымыздағы ғылым салалары туралы деректер сақталған. Оның Ғылымдардың шығуы, Ғылымдар тізбегі атты еңбектерінде табиғаттану мәселелеріне айрықша көңіл бөлінеді. Ол табиғаттану жайлы ойларын математикалық есептерге негіздейді. Бұл тұрғыда оның аспан шырақтарын бақылауды, жұлдыздардың қалпын айыруы, Күн мен Айдың тұтылуы ұзақтығын есептеп шығаруы өте қызғылықты. Ол математика арқылы жер жүзіндегі қалалардың орнын табуға, географиялық бағытты айыруға тырысады. Оның календары (Тахуым) да осы жолмен жасалған. Бұл жүйедегі ойларын жазып Птоломейдің Алмагестіне түсініктеме атты еңбегіне толықтыра түседі...
Географиялық құбылыстарды математикалық жолмен түсіндіруге әл-Фарабидің үлкен бір табысы күн сағатын жасауы.
Адам баласының уақыт өлшеуі аспан шырақтарының айналасына әсіресе Күн мен Айға байланысты екені белгілі. Барлық уақыт есебі де осы екеуінің қозғалысынан туады. Түнгі аспанның айналасы жұлдыздар мен Айдың қозғалысын айырады. Сондықтан ертедегі халықтар Жеті Қарақшы, Темір Қазық, Үркер атты жұлдыздар тобын Түн сағаты ретінде пайдаланған. Ал күндізгі уақытты айыратын Күн сағаты болған. Жері кең Сахарада өмір сүрген қазақ елінің халықтық астрономиясы осы негізде қалыптасқан.
әл-Бируни (ХΙ ғасыр) - Шығыстың аса ірі ойшылы әрі ғұламасы. Хорезмде туған ол араб ғылымының дәстүрінде тәрбиеленген. әл-Бируни тек географ ғана емес, сонымен бірге ол өз заманындағы ғалым атаулыны, ең алдымен жаратылыстану салаларын жетік меңгерген, жан-жақты білімдар зор парасат иесі болған. Оның географиялық көзқарастары Таксим ал-акалим (Климаттардың бөлінуі), Ал-Асар ал-бакийа ал ал-Курун ал Халийа (Бұрынғы ұрпақтардан қалған іздері: - қысқаша хронология), Тахдид них ай-ат ал-амакин ли тасхих масават ал-масакин (Елді мекендердің қашықтықтарын тексеру үшін жердің ақтық шекарасын анықтау) және басқа шығармаларында келтірілген.
Аталмыш еңбектерінде Қазақстан жеріндегі кейбір табиғи атаулар туралы баяндалады, мәселен, Каспий теңізінің шекараларын әл-Бируни былайша суреттейді: Табаристанның маңында Джурджан аймағының теңізі бар. Онда Абаскүн шаһары тұр. Теңіз осы шаһар арқылы белгілі. Сосын теңіз Табаристанға, Дейлім жеріне, Ширбанға, Баб ал-Абвабқа (Дербендке), алаңға, одан әрі Итиль өзенінің құйылысында хазарға, сосын Абаскүнге қайтып жеткенше гуздар аймағына қарай созылады. Теңіз өзімен шекаралас жерлердің аттармен аталады. Алайда бізде - Хазар, ал ежелгі халықтарда Джурджан есімімен машһур. Өйткені Птоломей оны Иркания теңізі деп атаған. Ол басқа теңізбен қосылмайды, Одан кейін: жердің әр тұсында жиналған басқа сулардың бәрі,-деп жазды әл-Бируни,-қопалар мен ойпаттар, баяғы уақытта лоар Афвамин, Табария (Тивериада), Шам (Сирия) жөніндегі Зугар (Өлі теңіз) немесе Хорезм көлі Арал теңізі немесе Барсхан түбіндегі Абаскүн (Ыстықкөл) секілді көлдер аталады.
әл-Бирунидің картографиялық мұраларының зор маңызы бар. Ол әлем картасының сегіз түрін құрастырған, сондай-ақ тұңғыш глобусты жасаған. Картада теңізі (Дарен Джурджан) бейнелеген. Қазақстанның өзге территориясы Жинсхон Туркон-түрік халықтары ретінде бейнелеген. ХIХ ғасырда поляк И.Делевиль әлБирунидің деректері бойынша Орта Азияның картасын жасаған. Махмұд Қашғаридың (ХΙ ғасыр) Девану луғатит-турк (Түрік лексикасының жинағы) атты еңбегі географиялық тұрғыдан алғанда өте маңызды. В. Бартольд бұл еңбек авторын кітаби деректерге сүйенбей, сол елде өзі көріп-білген нақты оқиғалар негізінде жазған Орта Азиядағы берден-бір араб авторы деп атаған. Автордың арғы тегі түрік, Қашғарияда туған, бірақ тұрған мекені - Барсхан мен Баласағұн. Орта Азияны көп шарлап саяхат жасаған ол түрік тілдерінің бәрін дерлік жақсы білген.
Географиялық тұрғыдан алып қарағанда махмұд Қашғаридың қолжазба күйінде сақталған Дөңгелек картасы өте көңіл аударарлық. Бұл картаны К. Миллер, А. Герман, И.И. Умняков, И.Ю. Крачковский, Ш.Д. Алиев, Х.Х. Хасанов және басқалар зерттеген. Зерттеушілердің бәрінің ойы бір жерден шығады. Махмұд Қашғари картасының жасалуы өте соны, әрі оқшау да, идеясы батыл: картаның дәл ортасында Мекеннің орнына (әдетте араб географтары солай жасаған) Қашғария мен Жетісу және Баласағұн қаласы алынған.
Бұл картаның мынадай өзіне тән ерекшеліктері бар: қалалар мен елдердің Ыстықкөл айналасына шоғырлануы, ерекше бағдарлауы (жоғары қарай - шығыс, төменде - батыс) көне түрік жазбаларына ұқсас болуы, қалалардың бестік болып шоғырлануы және т.б.
Қашғари картасында Орта Азия екі бөлікке бөлінген: таулы және жазықтық. Олардың шекараларында Баласағұн қаласы - Қараханидтер мемлекетінің саяси және мәдени астанасы - орналасқан. Картаның ең шығысында орналасқан Джабарка жазуына толығырақ тоқталдық. Тарихи мәліметтерге сүйене отырып, мұның Жапония екенін айтамыз.
Оңтүстік Азия территориясындағы атаулардың ішінен Инд өзеніне сәйкес келетін Сейхун - Сырдарияның көпке танымал аты болғанымен, Инд өзені де кезінде Синд, Миндху, Мекрана, Сайхун деп атаған. Мысалы, түрік теңізшісі Сиди Али Реис Инд өзінен біресе Синд, біресе Сейхун деп атаған. Қазіргі кезге дейін картаның солтүстік-батыс шетіндегі жазбасының сыры ашылмай келді.
Біз Қашғари - картасындағы жазу әл-Маджар - мадьяр, венгр, венгрия дегенді білдіреді дейміз. Дәлелдер:
1) әл-Маджардың географиялық жағынан көшпенділер мен славяндарға жақын болуы. Көшпенділер Дунай мен Днепр аралығындағы жерлерді қоныстанған. Х ғ. автор Константин Багрянородный Шығыс Европа печенегтердің мадьярлармен тығыз байланыста болғанын айтады. Бұл жөнінде басқа авторлар да ескертеді.
2) Қашғари қиыр батыстағы түркі тайпасы Рум маңындағы Баджанак яғни Византия маңында тұратын печенегтер деген.
3) Картадағы жазудың өзі анық алмадж деп оқылады. Осыған сәйкес, географиялық картада Маджар Венгрия дегенді білдіреді. Бұл Дунай бойындағы жаңа мемлекет - Венгрияның дүние жүзілік картада түрік тайпаларымен көршілес алғаш рет бейнелеуі болды. Әрине, географиялық және картографиялық тұрғыдан Қашғари картасында біршама кемшіліктер бар. Дегенмен И .И. Умняковтың ізімін бізде бір аталмыш картаны ХΙ ғасырда Орталық және Орта Азия жасалған түріктің ірі картогафиялық ескерткіші деп атаймыз.
И. Ю. Крачковский мен С. Волин, Махмұд Қашғариға Бирунидің ықпалының ерекше әсер еткенін атап көрсетті.
Махмұд Қашғаридың - Диван лугатат-тюрк еңбегі ХI ғасырдағы Орта Азиямен Батыс Қытай мәдениетінің, тұрмысының шаруашылығының, тілі мен географиясының ірі энциклопедиясы. Көп жылдық саяхаттары мен жасаған әлем картасы үшін Қашғариды Орта Азияның алдыңғы карталы өлке танушысы, географы, терминологы және картографы деуге болады.
Тек шетел кітапханалары мен басылымдарында ғана сақталған қазақ жері туралы арабтардың географиялық әдебиетіндегі деректер советтік шығыс зерттеушілері И. Ю. Крачковский мен В .В. Бартольдің еңбектері бізге белгілі болып отыр. Арабтардың географиялық әдебиеті атты монографиясында академик И. Ю. Крачковский ХVIII ғасырға дейін тұңғыш географиялық ұғымдардың тууын, сондай-ақ осы ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, автор арабтардың география ғылымының қалыптасу жолын саралап жүйелейді. Оның басқа елдердің ғылымымен байланысын зерттейді және географиялық түрлі салаларын (суреттеме, география, сапарнама, жалпы және аймақтық географиялар) қарастырады. И.Ю. Крачковский араб авторларының екіжүз алпыстан аса шығармасына талдау жасайды.
Академик В.В. Бартольд өз еңбектеріне араб жазба ескерткіштерін әлденеше рет пайдаланған. Осы орайда оның Жетісу тарихының очерктері, Түркістан тарихы, Түркістанның мәдени өмірінің тарихы және басқа еңбектері бар.
Моңғол үстемдігі тұсында (ХΙΙ-ХIIΙ ғасырлар) араб дәуіріндегі қарағанда Қазақстан территориясы туралы мағлұматтар жинау ісі әлдеқайда баяу жүргізілді. Махмұд Джувайнидің, Фазлалах Рашид-ад-диннің, Елюй-Чу-Цайдың, Чань-Чуньнің және басқаларының еңбектерінде Қазақстанның әр түрлі аймақтарының табиғаты, қалаларының тұрған орындары, жолдары және т.б. туралы кейбір тиіп-қашпа мағлұматтар келтірілген.
Түркістанға өзі болған Джувайнидің (ХIΙI ғасыр) Әлемді жаулаушының тарихы (Тарих и Джахагүн-шай) атты еңбегіде көптеген қалалардың аттары, сондай-ақ Қазақстанның бірқатар оңтүстік аудандарының табиғаты туралы там-тұмдаған деректер ұшырасады.
Рашид-ад-Дин Жылнамалар жинағында (Джами-ат-таварих, ХΙV ғасыр) Шыңғысхан ұрпақтарының көшпенді ордаларының (ұлыстарының) шекараларын көрсетеді.
Елюй-Чу-Цай (1219 жыл) Іле мен Талас өзендерінің аралығындағы елдер туралы кейбір жаңа географиялық мағлұматтар жинаған
ХIΙI ғасырдан бастап Орта Азия мен Қазақстанға европалық елшілер мен саяхатшылар келе бастайды. Монғол үстемдігі дәуірінде Қазақстанда болған европалық елшіліктердің көпшілігі Батыс Европадан Моғолияға сапар шеккендер.
Тұңғыш елшілікті 1246 жылы папа Иннокентий ΙV ұйымдастырған. Елшілікті монах Иоан де Плано (немесе Плацио) Карпини басқарған. Оған моңғолдардың күшін барлау, алдағы шапқыншылық жоспарын білу және олардың соғыс жүргізу стратегиясы мен айла-тәсілін зерттеу тапсырылған. Карпини жолы Польша арқылы Батый ханның ордасына (Төменгі Еділ), содан Жайық өзені арқылы кангюйлер жерін басып оңтүстікке қарай, онан әрі Солтүстік Тянь-Шаньның тау бөктерлерін жанай Алакөлге және Тарбағатай сілемдерінің етегімен Монғолияға өткен П. Карпини өз жазбаларында Сырдария өзенінің, Алакөл көлінің бассейндерін, Жоңғар Алатауының солтүстік баурайын, және Тарбағатай қыратын суреттейді. Оның Жоңғар қақпасында кіре берістегі Ебі желі туралы мәлімдемесі өте-мөте көңіл аударарлық. Сонымен қатар П.Карпини бірқатар жер-су атауларын келтіріп, Сырғанақ пен Дженд аралығындағы Үзген, Барчунлыгкент және Ашнас
Француз королінің өкілі Вильгельм де Рубрук Моңғолияға 1258 жылы сапар шегіп, Қырым мен оңтүстік-орыс даласы арқылы Еділ өзеніне; сонан соң Қазақстан территоиясын басып өткен. Саяхатшы Этильден (Еділ) шыққан соң 12 күн жол жүріп; біз (Ягак) Жайық аталатын үлкен өзенге тап болдық. Ол Паскажир (Башқұрт) жерінен ағып шығып, жоғарыда айтылған теңізге (Каспий) құятындығын айтады. В. Рубрук Жайық өзенінен өтіп, оңтүстік-батысқа бұрылған да, Мұғалдар мен Аралдың шығыс жағы арқылы Шу өзенінің жоғары сағасына асып, одан тау жағалай жүріп отырып, Жетісуға жеткен. Мұнда ол
Бұдан кейінгі жылдары да Қытайға сапар шеккен толып жатқан батыс европалық миссионерлер, көпестер мен саудагерлер Қазақстан территориясы арқылы жүріп, қазақ жерінің табиғаты туралы жазған. Мәселен, 1265 жылы атақты Марко Поло Пекинге барар жолда қазақ даласының үстімен жүреді. Жолаушылар Сарайчик-Бұхар-Сайрам-Алмалық арқылы Пекинге барған. Олардың сапары жөнінде Марко Поло жазған.
Қазақ жері туралы соны деректер европалықтардың Қазақстан жайында бұрынғы білгендерін толықтыруға көп есебін тигізген. Осы деректер негізінде ХΙV ғасырдан бастап Батыс Европада жаңа географиялық карталар жасалған, оларда Қазақстан территориясы Птоломей карталарында қарағанда неғұрлым дұрысырақ бейнеленген. Белгісіз автор 1375 жыл жасаған Каталон картасы осындай карталардың бірінен саналады. Бұл картаға Азияның едәуір бөлігі, соның ішінде Арал Теңіздері, Маңғыстау түбегі және бүкіл Орта Азия бейнелеген. Аталмыш атаулардың картаға енгізілуіне олардың Батыс Европадан Орта Азия мен Қытайға өтетін сауда жолының үстінде тұруы болған еді.
1459 жылы Фра Мауро жасаған картада Қазақстанның географиядағы орны жер көлемі бұрмаланып көрсетілгенімен, кейбір табиғи объектілер біршама дұрыс бейнеленген. Онда Жайық, Сырдария өзендері, Алтай таулары, Ыстықкөл, Отырар қаласы көрсетілеген. Каспий теңізінің аймағы мен пішіні дұрыс сызылған. Бірақ республиканың Шығыс бөлігін кішірейтіп көрсету себебін оның батыс бөлігі екі есе ұлғайып берілген. Өйткені шығысына қарағанда Батыс Европаға жақсырақ таныс болатын-ды. ХV ғасырдың орта шенінен бастап Қазақстанды географиялық тұрғыдан зерттеу ісінің біршама баяу жүргізілгені байқалады. Бұл тұстағы кейбір географиялық деректер жергілікті авторлардың тарихи мағлұматтарында сақталған. Олардың қатарында Тарихи Рашиди атты белгілі еңбектердің авторы ХVΙ ғасырдағы тарихшы Мухаммед Хайдар Дулаттың есімін атауға болады. Оның еңбегінде оңтүстік-шығыс Қазақстанның климаты мен су жүйесі туралы жалпылама мағлұматтар берілген. Тарихшы сұрастырып білген мағлұматтарына сүйеніп жазған географиялық атауларда дұрыс тұжырымдармен қатар өрескел қателіктер де жіберген. Мысалы, ол Каспий теңізіне құятын Арал өзені басын көлден алып, Өзбекстан арқылы ағады деп жазады. Дулат Балқаш көлі туралы дұрыс дерек қалдырған.
Қазақстан табиғаты туралы тырнақалды деректерді жинақтау жолында жоғарыда сөз болып отырған дәуірге баға бергенде мынаны атап көрсеткен жөн: ол кезеңде біздің өлкеміз жөніндегі ұғым бірте-бірте кеңейе түсті. Ежелгі оқымыстылардың Қазақстан жері туралы пайымдаулары көбіне шалағай, әрі бір-біріне қарама-қайшы болды. Солай бола тұрса да антикалық географтардың пікірлері өте құнды саналады, олар сол замандағы зерттеушілердің білім ережесі мен мүдделерін анықтауға мүмкіндік береді. Орта Азияда география ғылымы екі бағытта дамыды: біріншіден, ғылыми зерттеулер жүргізілді, ғалымдар өз территориясын картаға түсіріп бейнелейді, ал екіншіден, орталық және оңтүстік шығыс Қазақстанға қатысты деректер жинақталды. Орта ғасырдағы қазақ жерлерін зерттеп білуде Орта Азия ғалымдарының жазба ескерткіштері аса маңызды тұпнұсқа дерек болып табылады.
Демек, Қазақстан территориясын географиялық тұрғыдан танып-білудің бірінші кезеңі үшін екі саты тән. Алғашқы географиялық және картографиялық зерттеулер негізінен белгілі бір ауқымынан аспады. Қазақстан жерін географиялық тұрғыдан танып-білу ісі әуелгі кезеңде Каспий жағынан, оңтүстік және оңтүстік-шығыс жақтан бастап қолға алынды, әрі бұл жұмыс өте баяу жүргізілді. Ежелгі дүние мен орта ғасыр халықтары Қазақстанның тек керуен жолдарында жатқан, немесе арабтар мен монғолдар жаулап алған жерлерін ғана білді. Қазақстан географиясына қатысты орта ғасырдағы жазба деректер де тым жұтаң әрі олардың ғылыми дәрежесі төмен еді. Қытай, араб және монғол саяхатшыларының мәліметтері көбіне топографиялық сипатта келеді. Олардың дені жер аттарын, қалалардың, елді мекендердің, өзендердің, көлдердің, таулардың және басқалардың атауларын әрі аспайды. Мұның бәрі ел географиясының табиғат ерекшеліктерінен гөрі, қалалар мен олардың тұрған орындарын көбірек білуді орындарын көбірек білуді көксеген басқыншылық пиғылынан туады. Ықылым заманнан бастап ХVΙ ғасырға дейінгі қазақ жері туралы шетелдік жазба ескерткіштеріне сақталған тырнақалды мағлұматтар қаншалықты мардымсыз да жұтаң болғанымен, олар еліміздің табиғат жағдайлары жайында географиялық білімдерді, молықтыруға септігін тигізеді және республиканы онан әрі зерттеуге жол ашты. Қазақстан табиғаты туралы жекелеген нақты деректер жалпы географиялық таным үшін сенімді арқау болды. Одан кейінгі уақытта географиялық деректер жинап, Қазақстанды зерттеу ісін негізінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан территориясын табиғи. географиялық зерттеу
Қазақстанның территориясы мен табиғаты жайындағы географиялық деректер
Карта туралы тарихи деректер
Географиялық карта
Қазақстанның Ресейге қосылуының алғашқы кезеңдегі зерттеулері
Қазақстан жерінің зерттелу тарихы
Қазақстан территориясын зерттеуші ғалымдар
Ортағасырлық Тараздың экономикалық және саяси мәдениетi
Ерте ортағасырлық топонимдер
Топонимдер сөздігі немесе топонимдер тізбегі
Пәндер