Қытайдың Орталық Азияға қатысты саясаты



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

I. Тарау: Қытайдың Орталық Азияға қатысты саясатының қалыптасуы және кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
1.1. Кеңестер Одағының ыдырауы,тәуелсіз Орталық Азия елдерінің геосаясы тұрғыдан Қытай үшін маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
1.2 ШЫҰ.ның шеңберінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту ... ... .18
1.3 В.Путиннің Орталық Азияға бағытталған жаңа саяси бастамасы және Қытайға әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
1.4 Орталық Азия мемлекеттерінің халықаралық ұйымдарға мүше болуы және Қытайға әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
1.5 Украинадағы қақтығыстардың Орталық Азияға ықпалы ... ... ... ... ...36
II. Тарау: Қытайдың Орталық Азиядағы экономиқалық саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40
2.1 Энергоресурстар,мұнай.ғаз саласындағы қатынастар ... ... ... ... ... ..40
2.2 Қытайдың Орталық Азия елдерімен сауда қатынастары ... ... ... ... .47
2.3 Кедендік Одақтың Қытайдың Орталық Азиядағы экономиқалық саясатына ықпалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62

III. Тарау :Қытайдың сыртқы саясатында Орталық Азияның геостратегиялық маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..69
3.1 Орталық Азияның АҚШ үшін геостратегиялық маңызы ... ... ... ... .74
3.2 Орталық Азияның Ресей үшін геостратегиялық маңызы ... ... ... ... ... .77
3.3 Орталық Азияның ЕО мемлекеттері үшін геостратегиялық маңызы ... 78

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...86
Пайдаланған әдибиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 88
Жұмыстын жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс Қытайдың Орталык Азиядағы сыртқы саясатын (1992 — 21 ғ. басы) зерттеуге арналған. Жұмыста Қытайдың тәуелсіздік алған Орталық Азия республикаларымен орнатқан сан-саладағы ынтымақтастығы мен өзара байланыстары қарастырылады. Оның ішінде Қытайдың Орталық Азията қатысты ұстанған саяси бағытына, өзара екі жақты және көпжақты байланыстардың саяси, әскери, қауіпсіздік, сауда-экономикалық және мәдени салалардағы даму үрдісіне, қарым-қатынастардың бүгінгі жағдайы мен болашағына назар аударылады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қытайдың Орталық Азия саясаты,Қытайдың ұлттық мүдделерімен байланысты болмақ.Тарихтан бері күштерін қауіпсіздік және экономиқалық мүдделері үшін сыртқа жайылуы айтарлықтай болмақ.
А.Тек жазушысы болған кітап және мәтін.
1.Киссинджер Г. Дипломатия. - Москва: Ладомир, 1997. - С.756. 2.Бжезинский 3. Великая шахматная доска. - Москва: Международные отношения,2000.-С.196 3.Токаев К. Под стягом независимости. - Алматы: Білім, 1997. - 735 с. 4. Каримов И.А. О национальной государственности, идеологии независимости и правовой культуре. - Ташкент, 1999. - 439 с.
5.Ниязов С. Внешняя политика нейтрального Туркменистана. - Ашхабад 1999. - 175 с.
6.Дэн Сяопин. Основные вопросы современного Китая. - Москва: Политиздат, 1988. - 256 с.
7. Капица М.С. КНР: три десятилетия - три политики. - Москва: Политиздат 1979.-576 с.
8. Лузянин С.Г. Китай, Россия и Центральная Азия. Китай в мировой политике. - Москва: РОСПЭН, 2001. - С.ЗЗЗ.
9. Касенов У.Т. Безопасность Центральной Азии: глобальные, региональные и национальные проблемы. - Алматы: Кайнар, 1998. - 280 с.
10.Хафизова К. Трансграничные отношения Синьцзян-Казахстан // Цен-тральная Азия и Кавказ. - 2000. - № 3 (9). - С.96-107.
11.Алдабек Н. Тарихы талқыға толы Шыңжаң. - Алматы: Қазақ университеті, 2003.-432 6.
12.Сыроежкин К.Л. Взаимоотношения Китая с государствами Центральной Азии // Казахстан-Спектр. - 1999. - № 1(11). - С.86.
13.Султанов Б. Республика Казахстан и Шанхайская организация сотрудничества контексте региональной безопасности // Казахстан в глобальных процессах.-2004, -№2.с.75.
14.Чжао Хуашэн. Китай, Россия, США: интересы, позиции, взаимоотношения в Центральной Азии//Центральная Азия и Кавказ. – 2004. - №5. – 131-140бб
15.Мукимджанова Р. Государств Центральной Азии и Китай: проблемы и перспективы сотрудничества//Центральная Азия и Кавказ. – 2004.№8. – 66-76бб.
16.Yang, Xiancai 楊先材主編 (1998). 《共和國重大事件紀實》 (Çin HalkCumhuriyet Tarihi)下卷, 北京: 中共中央黨校出版社.
17. Ma, Dazheng 馬大正 ve Feng, Xishi 馮錫時 (2000).《中亞五國史綱》(Beş Orta AsyaÜlkesinin Tarihi), 烏魯木齊: 新疆人民出版社, 2000年.
18. Xu, Zixian 徐子軒 (3 Mart 2009). <不理性的平衡? 重新審視美國在1995-96 年間台海危機的軍事幹預行為> (Rasyonel Olmayan Denklem: ABD’nin 1995-1996 Tayvan Krizi’neAskerî Müdahale Tavrı Üzerine Yeni Tahliller),《東吳政治學報》第27卷第1期 (2009年3月),頁155-198.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

I. Тарау: Қытайдың Орталық Азияға қатысты саясатының қалыптасуы және
кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1 5
1.1. Кеңестер Одағының ыдырауы,тәуелсіз Орталық Азия елдерінің
геосаясы тұрғыдан Қытай үшін
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
1.2 ШЫҰ-ның шеңберінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті
нығайту ... ... .18
1.3 В.Путиннің Орталық Азияға бағытталған жаңа саяси бастамасы
және Қытайға
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 7
1.4 Орталық Азия мемлекеттерінің халықаралық ұйымдарға мүше болуы
және Қытайға
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .33
1.5 Украинадағы қақтығыстардың Орталық Азияға
ықпалы ... ... ... ... ...36
II. Тарау: Қытайдың Орталық Азиядағы экономиқалық
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... 40
2.1 Энергоресурстар,мұнай-ғаз саласындағы
қатынастар ... ... ... ... ... ..40
2.2 Қытайдың Орталық Азия елдерімен сауда қатынастары
... ... ... ... .47
2.3 Кедендік Одақтың Қытайдың Орталық Азиядағы экономиқалық
саясатына ықпалы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .62

III. Тарау :Қытайдың сыртқы саясатында Орталық Азияның геостратегиялық
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .69
3.1 Орталық Азияның АҚШ үшін геостратегиялық
маңызы ... ... ... ... .74
3.2 Орталық Азияның Ресей үшін геостратегиялық
маңызы ... ... ... ... ... .77
3.3 Орталық Азияның ЕО мемлекеттері үшін геостратегиялық
маңызы ... 78

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .86
Пайдаланған әдибиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 88

КІРІСПЕ

Жұмыстын жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс Қытайдың Орталык Азиядағы
сыртқы саясатын (1992 — 21 ғ. басы) зерттеуге арналған. Жұмыста Қытайдың
тәуелсіздік алған Орталық Азия республикаларымен орнатқан сан-саладағы
ынтымақтастығы мен өзара байланыстары қарастырылады. Оның ішінде Қытайдың
Орталық Азията қатысты ұстанған саяси бағытына, өзара екі жақты және
көпжақты байланыстардың саяси, әскери, қауіпсіздік, сауда-экономикалық және
мәдени салалардағы даму үрдісіне, қарым-қатынастардың бүгінгі жағдайы мен
болашағына назар аударылады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қытайдың Орталық Азия саясаты,Қытайдың
ұлттық мүдделерімен байланысты болмақ.Тарихтан бері күштерін қауіпсіздік
және экономиқалық мүдделері үшін сыртқа жайылуы айтарлықтай болмақ.Қытайдың
геостратегиялық мүдделері үшін сыртқа жайылуы Шығыс (Aзия Тынық мұхит
аймағы) және Батыс (Еуразия) болуымен екі бағытқа
бағыталған.Қытай,солтүстігінде Ресей,оңтүстігінде Үндістан сияқты күшті
мемлекеттер мен шекаралас болғаны үшін айтқанмыздай екі бағытқа ашылуға
мәжбүр болған.Бірақ,дегенмен шығыста Тайван және батыста Шығыс Түркістан
мен Тибет қақтығыстары және олармен байланысты күрделі қатынастар,сыртқа
жайылуға белгілі дәрежеде кедергі жасаған.
Тарихда Қытай үшін Орталық Азия аумағы Шығыс-Батыс сауда жолында өте
маңыздылыққа ие болған.Өрнек ретінде Жібек жолының осы аймақтан өтуіні
айтуға болады.Сол кезден бастап Қытайдың 25 хандығының 4-уі Орталық Азияны
жаулап алған. Орталық Азияны Қытай тарихының ең күшті Хан,Танг,Юан және
Манчу хандықтары жаулап алған.Манчу хандығы кезінде Ресейдің Орталық Азияны
жаулап алуымен,Қытай осы аумақтан шығуға мәжбүр болған.1884ж.кейін Орталық
Азия Ресей және Қытай үкіметтері арасында бөлінген.1991ж.КСРО-ның ыдырауы
мен аумақтағы мемлекеттер тәуелсіздігін жариялаган.Сол кезде Кеңестік
үкіметтің ыдырауы Қытайдың осы аумаққа ашылуына өте тиімді жағдай
жасаған.1991ж.кейін осы аумақ геостратегиялық және геоэнергетикалық
жағындан жаһандық және аумақтағы күштердің қызығушылығын артырған.Қытай
жағындан Орталық Азия саясы,қауіпсіздік,энергетикалық және экономикалық
бағыттарда өте маңыздылыққа ие болған.Қауіпсіздік жағындан Орталық Азия
аумағы,Қытайдың Шығыс Түркістан аумағы мен тығыз байланысты болғаны
үшін,мемлекеттің қауіпсіздігіне тұра әсер етуде.Экономикалық жағындан,аумақ
мемлекеттері бай жерасты қазба ресурстарға ие болғандықтан,Қытай үшін сауда
және экономикалық қатынастарда маңызды болған. Кеңес Одағының ыдырауы
нәтижесінде тәуелсіздік алған Орталық Азияның жас мемлекеттері халықаралық
қатынастардың субъектілері ретінде бүкіләлемдік сахнаға шығып, сыртқы
әлеммен жоғары мемлекетаралық дәрежеде байланыстар орнату мүмкіндігіне ие
болды. Жаңа кезеңге аяқ басқан Орталық Азия өңірі геосаяси және
геоэкономикалық ерекшеліктеріне қарай әлемнің ірі мемлекеттерінің назарын
аударған стратегиялық маңызды аймаққа айналды. Бұл ең алдымен өңірдің
Еуропа мен Азияны біріктіретін қолайлы да тиімді географиялық орналасуы мен
жер қойнауының пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарға бай болуымен
шарттасқан. Орталық Азия мемлекеттерінің дамуы үшін екі жақтан көршілес
жатқан Қытай мен Ресей мемлекеттерімен қарым-қатынас орнату өте маңызды.
Бұл жөнінде Президент Н.Назарбаев үстіміздегі жылдың наурыз айында
Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтқан. Жолдауда сыртқы саясаттағы
басымдықтар ретінде Ресей мен Қытай аталған[1]. Зерттеудің өзектілігі, ең
алдымен, Орталық Азия елдерінің геосаяси жағдайымен тікелей байланысты.
Геосаяси тұрғыдан алғанда, Орталық Азияның бес мемлекетінің үшеуінін
(Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан) Қытаймен ортақ шекарасының болуы да
өзара қарым-қатынастарды дамытудың негізгі факторы десе де болады. Орталық
Азия елдерінің тәуелсіздік алғаннан кейінгі бүкіләлемдік қауымдастыққа кіру
барысында ол мемлекеттердің шет елдермен байланысы мәселелері үлкен
өзектілікке ие болады.
Ежелгі өркениет елі болып табылатын Қытай - ұлы мемлекет. Аспан асты
елінің 1979 жылдан бастап жүргізген ашық есік және реформалар саясатының
нәтижесі оның экономикалық даму деңгейін әлем таңданарлық дәрежеге
жеткізгені мәлім. Белгілі американдық саясаттанушы-ғалым Г. Киссинджердің
Қытайдың әлеуеті жөніндегі сөзін келтірсек: Барлық ұлы және әлеуеті зор
мемлекеттердің ішінде Қытай алға басудың ең жоғарғы деңгейінде. АҚШ
қуаттылыққа әлдеқашан жеткен, Еуропаға берік тұтастыққа жету үшін әлі де
еңбектену керек, Ресей - сүрініп келе жатқан алып, ал Жапония бай, бірақ
әлі де жасық. Қытай болса, экономикалық дамудың 10 пайызға жақындаған жыл
сайынғы қарқынын сақтап, өте күшті ұлттық тұтастық сезіміне және одан да
мықты әскери күшке ие бола отырып, ұлы державалар арасында әлдеқайда
қатысты жоғары өсімді көрсетіп отыр[2]. Американдық саясаткер Збигнев
Бжезинский өзінің Великая шахматная доска атты кітабында 20-
шығасырдың соңғы онжылдығында қалыптасқан әлемдік геосаяси жағдайға баға
бере отырып, Қытайды әлемдік емес, аймақтық держава деп атайды. Автор
қандай қолайлы жағдайда дамығанның өзінде объективті себептер Қытайды 2020
жылға қарай әлемдік мемлекетке айналуға қол жеткіздіре алмайтынын айта келе
былайша қорытынды жасайды: Қытай қазірдің өзінде құрлықтағы геосаяси
тұрғыдан алғанда ең ықпалы күшті мемлекет болып табылады. Оның әскери және
экономикалық қуаты көршілес елдермен, Үндістаннан басқа, ешқандай
салыстыруға келмейді. Сондықтан өз тарихының, географиясының және
экономикасының талаптарына сәйкес Қытай аймақтағы өз ықпалын нығайта түсері
хақ[3].
Шығыстағы көршіміз - Қытайдың бүгінгі ғаламдасу заманында жүргізіп
отырған сырткы саясатының принциптерін айқындау, оның сыртқы саяси
бағытында Орталық Азияның алатын орнын анықтау өте қажет. Қытайдың Орталық
Азия елдеріне қатысты саясатында ортақ принциптермен қатар, әр республикаға
деген ұстанымында да ерекшеліктер бар. Оның Орталық Азиядағы мақсаты мен
мүдделерін ашу өте маңызды. Сондықтан осы аталған мәселелерді қарастыру
үлкен өзектілікке ие болып отыр. Қытайдың Орталық Азиядағы саясатында
саяси, экономикалық, сауда, мәдени салалар орын алған. Оған қоса шекара,
қауіпсіздік, лаңкестік пен сепаратизмге қарсы күресу, жол қатынастарын
дамыту зерттеу жұмысының өзегін құрайды. Осы мәселелерді ғылыми тұрғыда
зерттеу, талдау, жан-жақты ашу тікелей саясатқа қатысы бар адамдар мен
ғалымдардың ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғамның, көпшілік қауымның
қызығушылығын тудырады және сыртқы саясат ғылымында үлкен орынға ие болатын
мәселе болып табылады.
Қытай басшыларының пікірінше, олар жүргізіп отырған сыртқы саясаттың
Орталық Азия елдері жүргізіп отырған саясатпен ортақ жақтары көп.
Тараптарды олардың арасындағы байланыстардың көпжақты ынтымақтастықты
орнату мақсатындағы ұзак мерзімді және тату көршілік достық негізінде даму
керек деген ортақ ой біріктіреді. Қытайдың Орталық Азиядағы мүдделерін
бірнеше аспектіде қарастыру керек. Шығыстағы ұлы көршіні қашан да алаңдатып
келген Шыңжаңдағы ұлттық сепаратизм мәселесі бойынша Қытайдың Орталық
Азиядағы саяси әрі экономикалық мүдделерін айқындауға болады. Орталық
Азияның әсіресе шекаралас жатқан елдерімен сауда-экономикалық
ынтымақтастықты дамыту арқылы Шыңжаң Ұйғыр Автономиялы ауданының әлеуметтік-
экономикалық деңгейін көтере отырып, ондағы сепаратистік талпыныстарын
бәсеңдету негізгі мақсат болып отыр.
Қытайдың Орталық Азиядағы саясатындағы мақсаттардың тағы бірі аймақтағы
саяси қауіпсіздікті сақтау болып табылады. Шанхай ынтымақтастық ұйымының
пайда болуы да осы аймақ қауіпсіздігі мен тұрақтылығын сақтау мақсатында
құрылғанын айту керек.
Жалпы, дипломдық жұмыстың тақырыбы болып табылатын Орталық Азия мен
Қытай арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындау және олардың
өзара ықпалдастық деңгейін талдау тараптар арақатынасының болашақтағы
дамуына баға беруге мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысында Қытайдың Орталық
Азияның тәуелсіз елдеріне қатысты ұстанған саясатының негізін ашуға,
олардың әрқайсысымен жүргізген ынтымақтастықтың ерекшеліктерін айқындауға
талпыныс жасалады.
Қытайдың тәуелсіз Орталық Азия республикаларына қатысты жүргізген сыртқы
саясатын ашу дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны болып табылады. Ал өзара
қарым-қатынастар дамуының негізгі бағыттарын зерттеу, яғни саяси,
қауіпсіздік, сауда-экономикалық және мәдени салалардағы ынтымақтастыққа
талдау жасау жұмыстың зерттеу пәні болған.
Дипломдық жұмысының мақсаты. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты Қытайдың
тәуелсіз Орталық Азия елдерінде жүргізген сыртқы саясатының негізгі
бағыттарын жүйелі және кешенді түрде зерттеу болып табылады. Осындай
мақсатқа сәйкес зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылады:
1. Қытайдың сыртқы саясатының қалай қалыптасатынын теориялық негізде
қадағалау.
2. Орталық Азия мемлекеттерінің әрқайсысының Қытайдың сыртқы
саясатында алатын орны мен ролін айқындау.
3. Орталық Азия елдерінің әрқайсысының Қытаймен қарым-қатынасындағы
ерекшеліктері мен ортақ жақтарын ашу.
4. Қытай мен Орталық Азия арасындағы байланыстардың болашағын сипаттау.
5. Қытайдың Орталық Азия елдерімен интеграция деңгейін анықтау.
6. Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы байланыстар процесінің негізгі
себептерін аша отырып, объективті қорытынды жасау.
Дипломдық жұмыстың хронологиялық шеңбері Зерттеу 1990-шы жылдардың
басынан бүгінгі күнге дейінгі аралықты қамтиды.
Дипломдық жұмыстың деректік негізі. Зерттеу көздерінің бірінші тобын
дипломатиялық құжаттар құрайды. Олар Қытай мен Орталық Азия мемлекеттері
арасындағы байланыстарды дамыту барысында қол жеткізілген келісімдер,
декларациялар, коммюникелер болып табылады. Мысалы, Қазақстан Республикасы
мен Қытай Халық Республикасы арасындағы жиырма бірінші ғасырда жан-жақты
ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы бірлескен декларация, Қазақстан
Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы
трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық
туралы келісім. Мұндай құжаттар аталмыш елдер арасындағы байланыстарға жан-
жақты талдау жасауға мүмкіндік беретін деректер болып табылады. Жоғарыда
аталған дипломатиялық құжаттарда мемлекеттер арасындағы халықаралық
ынтымақтастықтың басым жақтарын көрсететін нақты да анық ақпарат беріледі.
Дипломдық жұмыс сүйенген зерттеу көздерінің екінші тобына ел
басыларының, сыртқы істер және қорғаныс министрлерінің, елшілердің
баяндамалары, өзара сапарлар барысындағы сөйлеген сездері және әртүрлі
ақпарат құралдарына берген сұхбаттары кіреді. Олар берілген жұмыстың
теориялық-әдістемелік негізін құрайды.
Ал үшінші топқа қазақ, орыс, қытай,түрк тілдеріндегі отандық және
шетелдік мерзімді басылымдарда кездесетін алуан түрлі ақпарат құжаттары
кіреді. Ондай мәліметтер Қазақстанның Егемен Қазақстан, Казахстанская
правда, Жас Алаш, Түркістан, Деловая неделя, Панорама газеттерінде
және Дипломатия жаршысы, Ақиқат, Саясат, Казахстан-Спектр,
Центральная Азия и Кавказ, Казахстан: экономика и жизнь, Казахстан и
современный мир, Аналитическое обозрение, Континент журналдарында бар.
Ал Ресейдің Правда, Известия, Аргументы и факты, Независимая газета
газеттері мен Проблемы Дальнего Востока, Мировая экономика и
международные отношения, Азия и Африка сегодня, Нефть и газ,
Железнодорожный транспорт журналдары пайдаланылды.
Зерттеу жұмысында пайдаланылған деректердің төртінші тобын Қазақстан мен
Орталық Азияның басқа республикаларының, Қытайдың, Ресейдің ақпарат
агенттіктерінің хабарлары құрайды. Мұндай ақпарат агенттіктердің қатарында
Қазақстанның Хабар, ҚазААГ, Интерфакс-Казахстан, Қырғызстанның
Хабар, Тәжікстанның Ховар, Қытайдың Синьхуа, Ресейдің Новости,
ИТАР-ТАСС агенттіктері бар. Ақпарат агенттіктерінің хабарлары, негізінен,
интернет желісінен алынған.
Жоғарыда аталған деректердің барлық топтары диплом жұмысының деректік
негізі болды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бүгінгі таңда Орталық Азияның тәуелсіз
мемлекеттерінің сырткы саясаты кең аумақты саяси қызығу құралына айналды.
Қытайдың сыртқы саясаты, оның ішінде Орталық Азияға қатысты саясаты
мәселелері бірқатар зерттеушілердің еңбектеріне арқау болды.
Диплом жұмысында пайдаланылған еңбектер қатарында Қазақстан
басшыларының еңбектерін айтуға болады. Мемлекет басшыларының еңбектерінде
елдің жалпы жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саяси бағыты мен өзара
байланыстарды дамытудағы ұстанымы айқын көрінеді және қарастырылып отырған
тақырыпты тереңірек талдауға көмектеседі. Мысалы, Н. Назарбаевтың
Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының
стратегиясы[4], Ғасырлар тоғысында, Сындарлы он жыл атты кітаптары
егемен ел ретінде ішкі және сыртқы саясатын қалыптастырып, даму бағытын
қарастырган. Оның ішінде міндетті түрде шығыс көршіміз - Қытаймен сан-
саладағы ынтымақтастық, Қазақстанның бұл мемлекетпен өзара тиімді, достық,
тату көршілік байланыстарды дамытудың қажеттілігі баяндалады. Қазақстанның
егемен ел ретінде сыртқы саяси бағыттарын айқындауы, оның халықаралық
қауымдастыққа толыққанды мүше ретінде кіруі және Қазақстан-Қытай
байланыстары мәселелерін Қ. Тоқаевтың Под стягом независимости, Внешняя
политика Казахстана в условиях глобализации, Беласу атты еңбектерінен
біле аламыз.
Қытай мен Қазақстан арасындағы байланыстар саяси қайраткер, дипломат Қ.
Сұлтановтың да зерттеу еңбектерінің негізін құрайды. Ол өзінің
зерттеулерінде Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты байланыстың
қалыптасуы мен дамуын, Қазақстан мен Қытайда жүргізілген экономикалық
реформаларға баға бере отырып, олардың болашағы жөнінде сөз қозғайды.
Қазакстан мен Қытай арасындағы өзара ынтымақтасты қарастыруға бірқатар
мақалалары арналса[5], Пробуждение гиганта, Реформы в Казахстане и
Китае атты кітаптары Қытайдың ашық есік саясаты мен реформалар жүргізуі
нәтижесінде қол жеткізген жетістіктеріне талдау жасай отырып, Қазақстан мен
Қытайдағы экономикалық реформалардың ерекшеліктеріне, ортақ жақтарына баға
беріледі.
Сонымен қатар дипломдық жұмыстың тақырыбын айтуда Орталық Азияның басқа
республикалары басшыларының еңбектері де пайдаланылды. Олардың қатарында
Өзбекстан президенті И. Каримовтың О национальной государственности,
идеологии независимости и правовой культуре[6], Түркменстан президенті С.
Ниязовтың Внешняя политика нейтрального Туркменистана[7] атты кітаптары
бар. Бұл еңбектер Өзбекстан мен Түркменстанның сыртқы саясатының қалай
бағытталғандығынан хабар береді және зерттеліп отырған тақырыпты кеңінен
талдауға көмектеседі.
Бүгінгі таңда зор жетістіктерге жеткен Қытайдың экономикалық реформасының
архитекторы Дэн Сяопиннің Основные вопросы современного Китая атты жинағы
бар[8]. Жалпы Қытайдың негізгі сыртқы саяси бағытын, оның ішінде көршілес
мемлекеттермен ынтымақтастықты дамытудағы ұстанымдары аспан асты елінің
басшыларының жоғары дәрежелі басқосулар барысында сөйлеген сөздері
айқындайды. Осы орайда Қытай басшысы Цзян Цзэминьнің сөзін келтірсек:
Қытай тәуелсіз де дербес бейбіт сыртқы саясатты дәйектілікпен жүргізіп
келеді және Азия аймағындағы бейбітшілік пен тұрақтылық ісіне күш жігерін
жұмсауда. Ешқашан өктемдік орнатпауға, әскери блоктарға қосылмауға және
ықпал аймағына ие болмауға деген өзінің салтанатты уәделеріне адал Қытай
бейбіт қатар өмір сүрудің бес принципінің және өзара сенім, өзара
тиімділік, теңдік пен өзара ыкпалдастық өзегі болып табылатын жалпы
қауіпсіздік тұжырымдамасының үгітшісі және жақтаушысы болып табылады[9].
Қытайдың жалпы сыртқы саяси бағыты мен оның Ресейге және Орталық Азияға
қатысты жүргізген саясатына талдау жасауға бірқатар Ресей зерттеушілері мен
ғалымдарының еңбектері арналған. Олардың ішінде М.С. Капица[10], В.А.
Лузянин[11], В.А. Корсун, А.Д Воскресенский, С.Г. Свешников, Ю. Песков, В.
Лукин, В. Михеев, В. Кузнецов, Е.П. Бажанов сияқты зерттеушілерді атауға
болады. Қытай мен Орталық Азия арасындағы сауда-экономикалык және транспорт
саласындағы ынтымақтастық Ресейлік ғалымдар О. Резникованың, Ю. Юдановтың,
И. Азовскийдің мақалаларында қарастырылған.
1990-шы жылдардың басында Қазақстан мен Орталық Азияның басқа
мемлекеттері егемендігін жариялаған соң дербес ел ретінде мемлекеттік
қайраткерлікті жүзеге асыруда кездескен қиыншылықтар аз болмады. Дәл осы
уақытта Қазақстан сыртқы саясатында мемлекеттік маңызы бар мәселелер
турасында жазған белгілі тарихшы-ғалым К. Қожахметұлының республикалық
газеттер мен ғылыми басылымдарда жарық көрген еңбектері диплом жұмысының
тақырыбын ашуда құнды болып табылады[12]. Сондай-ақ, Қазақстан тәуелсіздік
алғаннан кейін көпбағытты саясатты ұстануы қажет деген пікірді 1993 жылы
Ақиқат журналынан жарық көрген мақаласында баяндайды[13]. К.
Қожахметұлының көптеген мақалалары мен басылымдары, Қытай және Үшінші
дүние атты кітапшасы Азия, Африка елдерінің ұлт-азаттық қозғалыстары
мәселелерін, Қытайдың сыртқы саясатын, оның әлем елдерімен ынтымақтастығын
талдауға арналған.
Орталық Азия өңірінің тәуелсіздік алғаннан кейінгі ұлттық, аймақтық,
ғаламдық, саяси, экономикалық, әскери қауіпсіздігі, сонымен қатар Орталық
Азиядағы геосаяси жағдай мен өңірдің әлемдік саясатта алатын орны сияқты
мәселелер белгілі ғалым Ө. Қасеновтің еңбегінде қарастырылып, жан-жақты
талдау жасалынған[14]. Ғалымның бұл зерттеуі де тақырыпты тереңірек игеруге
мүмкіндік береді.
Қытайтанушы-ғалым К.П. Хафизованьщ еңбектері тек бүрынғы кезеңді ғана
қарастырмаған (Китайская дипломатия в Центральной Азии ХIV-ХIХ вв. атты
монография), ғалымның бірқатар ғылыми мақалалары қазіргі заманғы, яғни
Кеңес Одағы ыдырап, Орталық Азия елдері тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қытай
мен Орталық Азия арасындағы байланыстарға арналған. Бұл мақалаларда
Қытайдың орталық азиялық республикалармен, оның ішінде Қазақстанмен саяси,
әскери, қауіпсіздік, сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастыққа талдау
жасалынған[15].
Орталық Азия мен Қытай арасындағы байланыстарға қытайтанушы-ғалым Н.
Алдабектің де еңбектері арналған. Қытай тарихына арналған еңбектерінен
бөлек Россия и Китай: торгово-экономические связи в центрально-азиатском
регионе ХVІІ-ХІХ вв. атты монографиясын атауға болады. Сонымен бірге Н.
Алдабектің Қытай мен Ресейдің Орталық Азияда және Шыңжанда жүргізген
саясатына арналған кітабы бар. Бүл монографияда ғалым Шыңжандағы орыс-қытай
қатынастарынын дамуын, 19-шы ғасырдағы Цин империясы мен Ресейдің, 20-шы
ғасырдың бірінші жартысындағы Қытай мен Кеңес үкіметінің Шыңжанға қатысты
ұстанған саясатын сарапқа салған[16]. Аталған еңбектердің бүгінгі заманғы
Қытай мен Орталық Азия елдері сауда-экономикалық ынтымақтастығы
зерттеушілер үшін бағалы деректер болары сөзсіз.
Қытай мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы қарым-қатынас зерттеуші
К. Сыроежкиннің еңбектерінде талданған. Оның еңбектері аталмыш мемлекеттер
арасындағы сауда-экономикалық және саяси байланыстарды қарастырады. Сонымен
қатар автордың ғылыми мақалаларында тарихи шолу жасау арқылы Қытай мен
Қазақстанның шекара мәселесінің шешілу процесі
кеңінен талқыланған[17]. Оған қоса Қазақстан мен Қытай арасындағы
трансшекаралық өзендер мәселесіне таддау жасайды.
Сонымен бірге зерттеуші М. Лаумулиннің бірқатар басылымы Қытай мен
Орталық Азия мемлекеттерінің қарым-қатынасы тұрғысындағы батыс
зерттеушілерінің, әсіресе американдық зерттеушілердің, көзқарасын
баяндайды. Олардың ішінде Г. Фуллер, Дж. Гинсбург, Ч. Анделенд, Н. Платт,
Кайзер, М. Олкотт және т.б. бар. 2005 жылы Қазақстан Республикасының
Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты басып
шығарған Политика КНР на современном этапе: реалии и перспективы атты
ғылыми зерттеу кітабы жарық көрді. Осы еңбектегі бірінші тарау М.Т.
Лаумулин мен К.Л. Сыроежкиннің Қытайдың сыртқы саясатының тетіктерін аша
отырып, Оның Еуразия, Батыс бағыттарындағы саясатына талдау жасайды. Олар
Қытайдың аймақтық ойыншыдан біртіндеп халықаралық қатынастардың маңызды
ғаламдық факторына айналып бара жатқандығын айтып, аспан асты елінің сыртқы
саясатын зерделей келе мынадай түйін жасайды: Еуразия мемлекеттері үшін,
ең алдымен Ресей мен Қазақстан үшін мына фактіні түсініп алу өте маңызды-
Қытай мемлекетінің сыртқы саясатының маңызды мақсаты этникалық қытайлардың
ірі, экономикалық және саяси ықпалы күшті, ұлттық-әлеуметтік оқшауланған
отарларын құру болып табылады.
Орталық Азиядағы қытай факторын талдауға арналған өзбек зерттеушісі А.
Ходжаевтың монографиясы да зерттеу жұмысының тақырыбын ашуда пайдаланылды.
Онда Қытайдың ҚХР құрылғанға дейінгі Орталық Азияның тарихына ықпалы
көрсетіліп, аймақтың бүгінгі күнгі дамуына әсер ететін Қытаймен байланысты
кейбір факторлар ашылған Олардың ішінде Қытайдың өңірдегі экономикалық
мүдделері, өзара байланыстардағы Ұлы жібек жолының маңызы, ҚХР-дың мұнай
базарының Орталық Азияға әсері, шекара мәселесі, ШЫҰ-ның Орталық Азия
аймағындағы халықаралық қатынастарға әсер етуші жаңа фактор ретіндегі орны
қарастырылган[18].
Қытайдың тарихы мен оның басқа елдермен және аймақтармен байланыстарын
қарастырған зерттеушілердің қатарында В. Моисеев, Р. Сүлейменов секілді
отандық ғалымдар бар. Қытайдағы қазақтардың тарихына, қазақ-қытай қарым-
қатынастарының даму тарихына шығыстанушы-ғалым Н. Мұқаметханұлының
еңбектері арналған. Шыңжандағы қазақтардың мәселелері бойынша жазған
ғалымдардың ішінде Т.З. Қайыркенді, А. Базылбаевты, Г. Ахметбекқызын атауға
болады. Олардың еңбектері тақырыпты нақты талдауға көмегі болмаса да, Қытай
тарихы мен Қытайдағы қазақ диаспорасына қатысты мәселелер жөнінде
мағлұматтар берері сөзсіз.
Қазақстан сыртқы саясатына қатысты әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
Университетінің халықаралық қатынастар және Қазақстанның сыртқы саясаты
кафедрасының профессорлары мен оқытушылары Ж.У. Ибрашевтің, Қ.Е.
Байзақованың, Ф.Т. Кукееваның, С.Ж. Сапановтың және т.б. еңбектері бар.
Зерттеу жұмысында қытай ғалымдары мен зерттеушілерінің еңбектері де
пайдаланылды. Қытайдың сыртқы саясатын, Қытай-Кеңес, Қытай-Ресей
қатынастарын зерттеумен айналысатын қытай ғалымдарының қатарында Син
Гуанчэн, Чжен Кун Фу, Чжао Чанцин, Чэн Фухуань, Ся Ишань, Лю Цинцай, Ху
Хунпин, Луань Цзинхэ, Тао Шуциньдерді атауға болады.
Қытайдың белгілі зерттеушісі Син Гуанчэннің Қытай және Орталық Азия
атты кітабы тақырыбымызды тереңірек ашуда кеңінен пайдаланылды. Бұл еңбек
Қытай мен Орталық Азия арасындағы байланыстардың жаңа кезеңдегі барлық
салалардағы ынтымақтастығына жалпылама әрі жеке-жеке сипаттама берген. Син
Гуанчэн өзара қатынастар дамуына оң баға бере отырып, Қытай мен Орталық
Азияның бес мемлекеті болашақта да қолайлы және тиімді саяси байланыстарды
жалғастырып, 21-ші ғасырда да жақсы көрші, жақсы серіктес, жақсы дос
болып қала береді деп санайды. Орталық Азия мәселелерімен айналысатын Қытай
ғалымы Чжао Чанцинның көптеген мақалалары Орталық Азия елдерінің сыртқы
саясатына, аймақ қауіпсіздігі мәселесіне және Орталық Азия мемлекеттерінің
Қытаймен ара қатынастарына арналған. Қытай зерттеушілерінің бірқатар
еңбектері Кеңес Одағы ыдырағаннан бұрынғы кезеңдегі қарым-қатынастарға
арналған. Солардың ішінде Ли Шэнчжудың Шыңжаң мен Кеңес Одағы (Ресей)
арасындағы сауда тарихы (1600-1990) атты монографиясы өте көлемді де құнды
еңбек болып табылады. Кітапта автор 400 жылдай дерлік уақытты қамти отырып,
әртүрлі тарихи кезеңдердегі Шыңжаң мен Кеңес Одағы (Ресей) арасындағы сауда
қатынастарының даму тарихын жүйелі түрде сипаттаған. Сондай-ақ әр кезеңдегі
саяси ахуалдың өзгеруіне байланысты өзгерістерге ұшырап отырған сауда
қатынастарына талдау жасалынған.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеу жұмысының
теориялық негізін отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми қорытындылары
құрайды. Диплом жұмысының тарихи оқиғаларға және сан-саладағы
мемлекетаралық құжаттарға жинақтау, талдау, жүйелеу әдістері қолданылды.
Сонымен қатар кеңінен колданылатын тарихи-салыстырмалы және жүйелеу
әдістері де зерттеу жұмысына арқау болды. Бұл әдістер Қытайдың сыртқы
саясатындағы Орталық Азия республикаларының әрқайсысының орнын жүйелі түрде
айқындауға мүмкіндік береді.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Қытай мен Орталық Азия елдері
арасындағы байланыстары мәселесіне әртүрлі елдер ғалымдарының біршама
еңбектері арналған. Бірақ осы уақытқа дейін бұл тақырып жалпы түрде
қарастырыла қоймаған.
Отандық ғылымда алғаш рет Орталық Азия республикалары тәуелсіздік
алғаннан кейінгі Қытайдың өңір елдерінің әрқайсысымен ынтымақтастық
деңгейін ашуға талпыныс жасалады.
Қытайдың Орталық Азиядағы сыртқы саясатының негізі ашылды. Халықаралық
жағдайдың өзгеруіне, ғаламдасу заманының талаптарына, интеграциялық
процестердің дамуына және әртүрлі объективті қажеттіліктерге сәйкес Қытай
сыртқы саясатындағы басым жақтар қарастырылды.
Қытай мен Орталық Азия елдерінің өзара байланыстарының қалыптасу, даму
үрдісі айқындалды.
Қытай мен Орталық Азия республикалары арасындағы ынтымақтастықтың негізгі
бағыттары анықталды. Тең қүқықтық пен өзара тиімділік қағидалары негізінде
белгіленген ара қатынастардың басым жақтарына талдау жасалынып, ортақ
жақтары мен ерекшеліктері айқындалды.
Диплом жұмысыныц қолданыстық маңыздылығы. Зерттеу жұмысының тақырыбы
халықаралық қатынастар тарихына арналған еңбектер қатарын толықтыра алады.
Зерттеудің негізгі қағидалары мен тұжырымдарын халықаралық қатынастар
мамандары, саясаткерлер, журналистердің пайдалануына болады. Жұмыстың
материалдары халықаралық қатынастар мен сыртқы саясатты зерттеушілердің,
сонымен қатар мемлекеттік сыртқы саяси, экономикалық және мәдени мекемелер
үшін де көмекші құрал ретінде практикалық қызығушылығын арттыруы мүмкін.
Сонымен бірге зерттеу жұмысының материалдары халықаралық қатынастар,
саясаттану, тарих мамандықтары бойынша оқитын студенттерге жалпы және
арнайы курстарды жүргізу процесінде де қолданыла алады.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден,үш тараудан,
қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі
берілді.

I.Тарау: Қытайдың Орталық Азияға қатысты саясатының қалыптасуы және
кезеңдері

ҚХР-ның кұрушысы Мао Зедонгдың өлімінден кейін (9 қырқүейек
1976ж),Денг Хіаопінг,Қытайды билеуге бастаған.1978 ж.бастап Қытайдың
экономикасын тұрақтандыруға және Кеңестер одағындан туатын қауіпке қарсы
бірнеше реформалар жасаған.1971ж.кейін КСРО-ға қарсы АҚШ мен жасалған
стратегиялық одақ,Мао кезінде Қытайдың сыртқы саясатын белгілен.Бұл жағдай
Қытай экономикасыны тұрақтандыруға және халықтың тұрмыстық жағдайын
жақсартуға өте тиімді болып табылған.Қытай басшысы Денг 1987 жылда 70 жылға
арналған,3 этапдан тұратын мемлекеттің дамуы үшін стратегиялық жоспар
қабылдаған.Осы 3 этап төмендегідей белгіленген;
а.1980-1990 жылдар арасында Қытайдың ЖІӨ мөлшеріні 250 доллардан 500
долларға жеткізу,халықтың тұрмыстық мәселелерін шешу.
б.1990-2000 жылдар арасында Қытайдың ЖІӨ мөлшеріні 800-1000 долларға
жеткізу,халықтың тұрмыстық жағдайыны жақсарту. Қытайдың ЖІӨ мөлшері 1
триллион долларға жеткізу.
в.30-50 жылда,2030-2050 жылдарында ЖІӨ мөлшеріні 2 ессе дамыту,4000
долларға жеткізу. Қытайдың ЖІӨ мөлшері 6 триллион долларға жеткізу[19].
10 қазан 2000ж,Қытай Комунисттік партиясы 15-ші Конгресінің 5 жиналысында
Қытай басшысы Цзянг Цземін,Қытайдың 2-ші этапды аяқтағанын және 2001 жылдан
бастап 3-ші сатыға өтеді деп жариялаған.Қытайдың 70 жылдық стратегиялық
жоспары орнату үшін мемлекеттің ішкі және сыртқы тұрақтылықты сақтау керек
болған.АҚШ мен Батыс мемлекеттері,Қытайға экономикалық жәрдем көрсетіп
халықаралық системга кіруіне және жаһандық қақтығыстарға жауапты болуын
қаламақ.Батыс елдерінің экономикалық және саясы мүдделері(террормен
күрес,қауіпсіздік сақтау және аумақтық одақтар)жағынан Қытайға кажеттілігі
туындауы,Қытайдың дамуына оң әсер еткен.Қытай үкіметі,халықаралық саясатты
тиімді пайдалану үшін,2003 жылы мемлекеттік мүдделеріне сай жаңа сыртқы
саясы стратегиясыны белгілеген,осында: “Дамыған күшті мемлекеттер мен
болашақ дипломатия кілттір,көрші мемлекеттер мен болашақ дипломатия
алғаштыр,біріншідір және дамушы мемлекеттер болашақ дипломатия негізгі
”деп айтылған[20]. 2003ж.кейін көпжақты және ұйым дипломатиясыны
ұйымдастырған[21].Бұл сыртқы саясат стратегиясыны ұйымдастыру үшін Қытай 4
тәсіл қолданған,жақсы көршілік және досттық,тыныштық сақтау,теңдік,екі
жақты қатынастар болып табылады[22].Бүкіл осы сыртқы саясат,елдің дамуы
үшін стратегиялық жоспарыны орындауға негізделіп жасалған[23].Қытай,Қырғы
Қабақ соғысындан кейін АҚШ-тың кұрған халықаралық системинден ең жақсы
пайдаланған мемлекет болуына қарамаздан,Батыс мемлекеттерінің Қытайды өз
жақтарында көру ниеттері нәтіжесіз аяқталған.2000 ж. дайындалған U. S.
Joint Chiefs of Staff және U. S. National Intelligence Council
көрсеткіштере қарай Қытай 2015 ж.кейін Азия-Тынық мұхыт аймағындағы АҚШ
мүдделеріне тұра әсер етеді деп көрсетілген.
Қытайдың 2003 ж. жасаған сыртқы саясат стратегиясында,көрші елдерге ашылу
тиімді санап,Азия орталықты жаһандық саясат қарастырылған.Қытай үкіметі
жағындан Көршілес аумақ елдерге қарай сыртқы саясаты,негізінде“көршілердің
бай болуы”,“жақсы көршілік” және “көршілердің қауіпсіздігін қамтамасыз
ету”[24] сияқты қағидаларға сүенген. Қытайдың көршілес аумақ елдерге қарсы
саясаты нәтіжелі болып,болмауы,дамуы үшін идеал орталықтың дайындалуы
мен,байланысты болмақ[25].Айтылған саясатқа қарай кіретін
аумақтар,Солтүстік Шығыс Азия(Солтүстік Корея,Оңтүстік Корея және
Япония),Оңтүстік Шығыс Азия (Оңтүстік Шығыс Азия одағына кіретін елдер және
Үндістан) және Орталық Азия (Ресей, Орталық Азия Түрк мемлекеттері)болмақ.
Осы саясаттың,жаһандық және аумақтық кері әсерлерінің болмауы үшін,Қытай
саясатын,тарих шеңберіндегі күшті елдерге ұқсамайтын “бейбіт өрлеу”деп
жариялаған. Қытайдың геополитик жағдайы,басқа дамыған мемлекеттерге
қарағанда,өте күрделі болмақ.Яғни,дүниежүзінде ең көп көршісі
болғандықтан,күрлықдағы шекерасы 22 мың км,теңізмен шекарасы 18 мың км
болмақ.Көршілес елдердің тұрмыстық жағдайының жақсаруы,Қытайдың дамуына
тұра әсер етуде.Көршілес елдердің қауіпсіздігі,Қытай сыртқы саясатының
ажырамас бөлегі болып табылады[26].

1.1. Кеңестер Одағының ыдырауы,тәуелсіз Орталық Азия елдерінің
геосаясы тұрғыдан Қытай үшін маңыздылығы.
Геосаясат – бұл саяси үрдістердің мемлекеттер орналасқан аумақтық –
кеңістікке, олардың климатына, табиғи ресурстарына және т.б. тәуелділігін
мойындаудан басталатын саяси тұжырымдамасы, білімдер жүйесі. Геосаясат
кеңістікті саясат (мемлекет) тұрғысынан қарастырады. Геосаясаттың тарихи
қалыптасуы, ең алдымен, географиялық детерменизм тұжырымдамаларымен
байланысты. Қоғам өмірінің табиғи факторларының арасында, объективті өмір
сүретін, детерменизм тұжырымдамасы өзендік коммуникацияны, теңізге шығу
мүмкіндігінің бар – жоғын, елдің теңіз жағалауына немесе аралда орналасу
жағдайына, көршілермен қатынасты дамыту үшін табиғи кедергілердің (таулар,
батпақтар, шөлдер немесе көлдер) бар – жоғына, мұндай қатынас
мемлекеттердің әртүрлі көзқарасы бойынша ұзындығы, мемлекеттерге көрші
елдерге қатысты оның кеңістіктегі жағдайы және олардың әрқайсысымен
шекараның ұзындығы, халық саны, оның ел аумағындағы және шекаралас
мемлекеттердегі этнодемографиялық көрсеткіштері, ел этностарының ел
ішіндегі көршілеріне және шет елдік көршілеріне қатысты тарихи қалыптасқан
мақсаттары және т.б. бөліп көрсетті[27].
Кеңес Одағының ыдырау себептерін талдаған З.Бжезинский кеңестік
әскери қуат және ол Батыс елдерін тітіреткен үрей ұзақ уақыт бойы
бақталастар арасындағы елеулі ассиметрияны жасырып келгендіктен болды
дейді.
Соңғы уақытта саясаттанушылардың назары посткеңестік кеңістіктің
геосаясатына да ауып отыр, оған деген қызығушылық артуда. Посткеңестік
кеңістік, ыдыраған КСРО орнында құрылған мемлекеттер жиынтығының кеңістігі
болып табылады. Ол өзіне Ресей Федерациясы, Белорусь, Украина, Молдава,
Латвия, Литва, Эстония, Грузия, Армения, Әзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстан,
Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан мемлкеттерінің геосаяси кеңістіктерін
қосып алған. Осымен байланысты, жаңа посткеңестік мемлекеттер өз ұлттық
мүдделерін анықтауға, өздеріне одақтастарды, сауда – экономикалық
әріптестерді және т.б. таңдауға мүмкіндік алған соң әлемдік саясаттың шын
мәніндегі тең құқықтық акторларға айналғаны ешбір күмән тудырмайтын факт
екенін айтуымыз керек. Бұрынғыға қарағанда олар үшін қазір экономика,
саясат және қауіпсіздік саласында ынтымақтастықтың әлдеқайда кең
перспективасы ашылды. Сондықтан олардың өз сыртқы байланыстарын жіктеуге
ұмтылысы, Қытайдан, Оңтүстік Азиядан, Ислам дүниесінен, Еуропа мен АҚШ-тан
балама іздеуі таң қаларлық нарсе емес. Посткеңестік кеңістік аумағында жаңа
мемлекетаралық қатынастар жүйесін қалыптастыру посткеңестік кеңістік
геосаясатының негізгі міндеттері болып табылады. Осыған орай посткеңестік
кеңістіктің негізгі сипаттарын қарастыру қажет. Ең алдымен КСРО орнына
құрылған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ( бастапқыда Балтық
республикалары оған кірмеді) саяси, экономикалық, әскери – саяси ( мемлекет
басшыларының кеңесі, премьер – министрліктер, қорғаныс министрліктері және
т.б.) одақтық мемлекетаралық институттардың болуына қарамастан барынша
формальді сипат алып отырғанын айтуымыз керек. Осымен байланысты тұтас
геосаяси кеңістік жоқ деуге болады, мұндай кеңістікке РФ және БР ( Беларусь
пен Ресейдің одақтас мемлекеттері), сондай – ақ, белгілі дәрежеде
Қазақстан, Армения, Тәжікстан және Қырғызстан аумақтарын жатқызуға
болатынын атап айтқан жөн. Посткеңестік кеңістіктегі қалған мемлекеттер
өзге саяси күштер орталықтарына: АҚШ – қа ( Украина, Грузия, Түркіменстан),
Еуропаға (Украина, Молдава), Түркияға ( Әзірбайжан), исламдық Азия
мемлекеттеріне ( Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркіменстан), Қытайға бағыт –
бағдар ұстауда. Сонымен қатар біртұтас экономикалық интеграциялану -
ықпалдасу кеңістігінің жоқ екенін де айтуға тиіспіз[28].
Қытай,Орталық Азия елдері тәуелсіздігін жариялағанан кейін алғаш осы
елдерді таныған және дипломатиялық қатынастарды орнатқан мемлекеттердің
біреуідір.27 Қараша 1991 ж.Ресей және Орталық Азиядағы елдердің
тәуелсіздігін мойындаған.2 Ақпан 1992 ж. Өзбекстан, 3 Ақпан 1992
ж.Қазақстан, 4 Ақпан 1992 ж.Тәжікстан, 5 Ақпан 1992 ж,Қырғысзтан, 6 Ақпан
1992 ж,Түркменистан мен дипломатиялық қатынастарды орнатқан.Аумақ елдерінің
егемендік алуымен Қытайдың батыс жағында бірнеше өзгерістер пайда болған:
а.Батыс күштерінің аумаққа кіріп бастауы.
б,Ресей аумақ елдерімен қатынастарын үзбеген және Ресейдің аумақдағы
стратегиялық мүдделері жалғасуда.
в.Түркия және Иран сияқты аумақдағы Исламдық күштер,Орталық Азияны
мемлекеттік мүдделеріне сай кіруге бастаған[29] .
Халықаралық аренедағы өзгерістер Қытайдың Орталық Азия елдері мен бірге
одақ кұруына себепші болған.1995-1996 жж.Қытай-Тайван арасындағы
киікілжең,АҚШ-тың әскері басқысы нәтіжесінде соғыс қауіпін туындатқан
.Тағыда 1996 ж. АҚШ-Япония қауіпсіздік одағының күрулуы да Тайван
қақтығысына әсер еткен .1996 ж. Пекін үкіметі Ресей,Қазақстан,Қырғызстан
және Тәжікстан мен бірге шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында
Шанхай бестігі күрылған.

1.2 ШЫҰ-ның шеңберінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, (ШЫҰ) — 1996 жылы Шанхай бестігі деп
атаумен құрылған халықаралық ұйым. Құрылтайшылар болып алдынан
Қазақстан,Қырғызстан, Қытай, Ресей және Тәжікстан кірген.
2001 жылдың маусымның 1 Өзбекстан ұйымға кіргеннен бастап Шанхай
Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) деген атпен тұрақты істейтін үкіметаралық ұйым.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ)2001 ж. 15 шілдеде Шанхай қаласында алты
мемлекеттің (Қытай, Ресей, Қазақстан,Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан)
бастамасымен құрылған үкіметаралық халықаралық ұйым. ШЫҰ-ның ізашары
"Шанхай бестігі" болды, ал Шанхай әріптестігі Қытай, Ресей, Қазақстан,
Қырғызстан, Тәжікстан арасындағы шекарадағы әскери күшті қысқарту және
сенім шараларының күшейтілуімен жүзеге асырылды. 1996 және 1997 жж. бес
мемлекеттің басшылары Шанхайда және Мәскеуде кездесіп, шекара аумағында
әскери сенім шараларын күшейту келісімі және шекарадағы әскери күшті
қысқарту және сенім шараларын күшейту келісіміне қол қойды. Осыдан кейін
бес мемлекеттің аумағында кезегімен ұйымдастырылып, толық қалыптасты,
кездесулер тақырыбы да кеңейе бастады, енді бұл шаралар бес мемлекеттің
арасындағы саяси, қауіпсіздік, сыртқы байланыс, экономика және сауда
салаларындағы тиімді өзара әріптестік дәрежесіне көтерілді. 2000 ж.
Өзбекстан президенті Душанбеде өткен саммитке қатысты. Бұл бес мемлекет
басшыларының алғашқы кездесуі Шанхайда өткендіктен әріптестіктің бұл тетігі
"Шанхай бестігі" деп аталды. 2001 ж. маусымда "Шанхай бестігінің" бес
жылдығына орай мүше мемлекеттер басшылары және Өзбекстан президенті
Шанхайда кездесті. Осы кездесуде Өзбекстан құрылымға енді. Ӏлешала Шанхай
ынтымақтастық ұйымын құру жөніндегі Декларация жарияланды. Бұл құжатта
мүмкіндіктерді тиімді пайдалану және жаңа айбаттар мен қатерлерге қарсы
түру, өзара әріптестік деңгейін және дәрежесін көтеру үшін "Шанхай
бестігінің" негізінде Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру жөнінде шешім
қабылданғаны айтылған. ШЫҰ Хартиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру
жөніндегі Декларацияға сәйкес, ұйымның негізгі мақсаттары мынадай:
а. мүше-мемлекеттер арасында өзара сенім, достық, тату көршілік
қарымқатынастарды нығайту;
б. саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, білім беру, қуат
көзі, көлік, экологиялық және өзге де салаларда тиімді әріптестік шараларын
дамыту;
в.ортақ күш жүмсап аймақтық бейбіт өмірді, қауіпсіздікті және
тұрақтылықты қамтамасыз ету, демократиялық, әділ және ұтымды саяси,
экономикалық халықаралық тәртіп орнатуға жағдай жасау.
ШЫҰ келесідей негізгі қағидаттарды үстанады: БҰҰ-ның мақсаттары мен
принциптерін ұстану; тәуелсіздікті, егемендікті, аумақтық түтастықты
сақтау, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, өзара күш қолданбау және
қолданамын деп қоқанлоқы кәрсетпеу; барлық мүшелердің тең құқықтығы; барлық
мәселелерді өзара кеңесу арқылы шешу; басқа мемлекеттерге немесе ұйымдарға
қарсы бағытталған одақтарға бірікпеу; басқа мемлекеттермен және аймақтық
ұйымдармен әртүрлі диалогқа, пікір алмасуға жүгіну, әріптестікке ашықтық
және даярлық. ШЫҰ қарулы күштерді қысқартуға, қауіпсіздікке әріптестік
жолымен қол жеткізуге, діңгегі одақтастық емес, әріптестік болып табылатын
жаңа сипаттағы мемлекетаралық қатынастарға, аймақтық әріптестіктің жаңа
үлгісіне негізделген қауіпсіздіктің жаңа түжырымдамасын толық қолдайды.
Бүгінгі таңда ШЫҰ шеңберіндегі әріптестік қоғамдық өмірдің әртүрлі
салаларын (қауіпсіздік, көлік, мәдениет, төтенше жағдайлардың алдын алу,
салдарын жою; құқық қорғау қызметі және т.б.) қамтиды. Халықаралық
аренедағы өзгерістер Қытайдың Орталық Азия елдері мен бірге одақ кұруына
себепші болған.
Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы саяси және қауіпсіздік
салаларындағы ынтымақтастық, Қытайдың онымен шектесіп жатқан Қазақстан,
Қырғызстан және Тәжікстанмен мемлекеттік шекара мәселесінің шешілу барысы,
Қытай мен Орталық Азияның Шанхай ынтымақтастық үйымы шеңберіндегі
ықпалдастығы сарапқа салынған.
Бүгінгі халықаралық ахуалдьщ айтарлықтай тұрақты емес жағдайында
мемлекетаралық байланыстарды дамытудың бірден-бір негізі саяси және
қауіпсіздік ынтымақтастықты нығайту болып табылады. Орталық Азия өңірі тек
шығыстағы Қытайдың ғана емес, бүкіл әлем елдерінің назарын аударған
стратегиялық маңызды аймақ саналады.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі тәуелсіздік алған бес мемлекеттің
әлеуметтік-саяси жағдайы, экономикалық дамуы бірдей деңгейде болды. Ал жеке-
дара мемлекет ретінде өмір сүре бастаған кезде Орталық Азия республикалары
өзіндік даму жолын таңдап, олардың әрқайсысының ұстанған саяси бағыты
әртүрлі болды. Мысалы, Түркменстан ешкімге қосылмайтын бейтараптық саясатты
таңдап, оқшауланып алды. Тәжікстанда мемлекет ішіндегі тонаралық
тартыстардың салдарынан 5 жылдан аса уақытқа созылған азамат соғысы
басталып кетті. Қазақстан көп тармақты сыртқы саясатты ұстана отырып, әлем
елдерімен тең құқықты ынтымақтастықты дамытуға бет алды. Бірақ орталықтан
басқарылған мемлекет құрамында болып келген 5 республика үшін өзара
шаруашылық байланыстардың үзілуі салдарынан болған экономикалық дағдарыстан
шығудың жолдарын да іздестіру қажет болды. Дәл осындай жағдайда Орталық
Азия елдерінің шикізат пен табиғи ресурстарға бай болуы, олардың геосаяси
жағдайы әлемдік экономикалық қатынастарға кіріуіне мол мүмкіндіктер
туғызды.
КСРО ыдырағаннан кейін Орталық Азия ұлы державалар ғана емес, сондай-
ақ орташа деңгейдегі аймақтық күш орталықтары қатысқан жаңа үлкен
ойынның сахнасына айналды. Егер 19 ғ.-20 ғ. басында негізгі ойыншылар
Ресей және Британ империялары болса, енді Ресей Федерациясы, АҚШ, Қытай,
Түркия, Иран, Үндістан, Пөкістан, Сауд Арабиясы, сонымен қатар еуропалық
мемлекеттер де белгілі дәрежеде қатысады.
Қытай Халық Республикасы халықаралық қатынастарды жүзеге асыруда
негізгі критерий ретінде бейбіт қатар өмір сүрудің бес қағидасыны
басшылыққа алады.
Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы Цзян
Цзэминь ҚКП-нің 1997 жылғы 15-ші съезінде жасаған саяси баяндамасында осы
мәселеге аса назар аударған болатын. Съезде Қытай басшысы Қытайдың сыртқы
саясатын төмендегіше түйіндеген:
- тәуелсіз дербес бейбіт сыртқы саясат жүргізу, Қытай халқы мен әлем
халықтарының мүддесін қорғай отырып барлық халықаралық істерді жүргізу.
- гегемонизмге қарсы тұру, әлемдегі бейбітшілікті сақтау. Даулы
мәселелерді бейбіт жолмен шешуді ұстану, ешқандай сылтаумен басқа
мемлекеттің ішкі ісіне араласуға қарсы күресу.
- бейбіт қатар өмір сүрудің бес принципін басшылыққа ала отырып, БҰҰ
ережесінің негізгі мақсаттары мен қағидалары негізінде әділ де тиімді жаңа
халықаралық саяси тәртіп орнату.
-әлемнің көптүрлілігін құрметтеу. Барлық мемлекеттер өзінің қоғамдық
құрылысын, даму стратегиясын және өмір салтын таңдауға құқылы. Әр
мемлекеттің істерін сол елдің өз халқы басқарады.
Соңғы жылдардағы аймақ қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін халықаралық
лаңкестік, діни экстремизм және ұлттық сепаратизм сияқты қауіпті
құбылыстардың өршеленуі қауіпсіздік, саяси мәселелерді шешу бағытындағы
әрекеттерді белсендіре түсті. Оның айғағы ретінде Қытай мен Орталық Азия
республикалары арасында қол жеткізілген саяси, қауіпсіздік саласындағы аса
маңызды құжаттарды атауға болады. Олардың қатарында лаңкестікпен,
сепаратизммен және экстремизммен күрестегі ынтымақтастық туралы келісімдер,
тату көршілік, достық, ынтымақтастық Шарты бар. Аталған мәселелер, яғни
өзара байланыстардағы саяси ынтымақтастық пен қауіпсіздік мәселелері диплом
жұмысында қарастырылған.
Орталық Азия мен Қытай арасындағы шекара мәселесінің шешілуі аймақ
қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтаудың және өзара сан-саладағы
ынтымақтастықты нығайтудың негізгі алғы шарты болып табылатыны сөзсіз.
Шекараның мығымдығы мен аумақтық тұтастық әрбір мемлекеттің тәуелсіздігі
мен қауіпсіздігінің негізгі кепілі болып табылады. Тарихтан қалған мәселе
болғандықтан, Орталық Азия мемлекеттері мен Қытай арасындағы мемлекеттік
шекара мәселесінің шешілу барысын талдар алдында осы мәселеге қатысты
тарихи шолу жасалады. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін тәуелсіз Қазақстан,
Қырғызстан және Тәжікстан Қытаймен мемлекеттік шекараны екіжақты негізде
шешуге бет алады. Содан көп дүркін келіссездердің нәтижесінде даулы жерлер
бойынша уағдаластықтарға қол жеткізе отырып, Орталық Азияның үш
республикасы Қытаймен шекара мәселесін толық шешті. Қазақстан-Қытай
шекарасының екі келісілмеген Сарышілде және Шаған-Оба учаскелері бойынша,
шамамен жалпы алаңы 944 шаршы километр екі келісілмеген жердің 537 шаршы
километрі (56.9%) Қазақстанға, 407 шаршы километрі (43.1%) Қытайға тиесілі.
Ал Қырғызстан мен Қытай 1999 жылы ұзақ жүргізілген келіссездер нәтижесінде
Бедел учаскесі бойынша келісімге қол жеткізді. Бұл учаскені тараптар
халықаралық нормаларға сүйене отырып 70x30 арақатынаспен өзара бөлді.
Тараптар арасындағы уағдаластыққа сәйкес, Хан-Тәңірі учаскесінің 70 пайызы
Қырғызстанда қалса, 30 пайызы Қытайға берілді. Тәжікстан Қытайға Шығыс
Памир ауданындағы 28 мың шаршы шақырымдық даулы аумақтың бір мыңын берді.
Осылайша, Орталық Азия республикалары мен Қытайдың шекара мәселесіне үлкен
нүкте қойылды. Ширек ғасыр бойына шешімін таба алмай келген тарихтан қалған
бұл мәселе де оң шешіліп, Қытаймен аумақтық проблемалар шешу мәселесі
көршілес Орталық Азиялық елдердің күн тәртібінен біржола түсті.
Орталық Азия мен Қытайдың Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберіндегі
ықпалдастығын қарастырады. Ортақ шекара біріктірген Орталық Азия
республикалары мен Қытай арасындағы 1996 жылдың сәуір айынан бастау алған
ІІІанхай бестігі шеңберіндегі ынтымақтастықтығы аймақтағы қауіпсіздік пен
тұрақтылықты мақсат еткенін айту керек. Бір жағынан Қытай Халық
Республикасы, екінші жағынан Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы,
Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы құраған бестік аймақ елдерінің
қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін маңызды болып табылатын мынадай құжаттарға
қол қойды: Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы,
Тәжікстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара
аймағындағы әскери саладағы сенім шараларын нығайту туралы келісім,
Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан
Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара аймағындағы
қарулы күштерді қысқарту туралы келісім. Шекара маңындағы қауіпсіздік және
әскери сенім мәселелерін шешіп алған соң, бес мемлекет ынтымақтастығы одан
әрі тереңдей түсті. Оған 1998 жылғы Алматы кездесуі, 1999 жылғы Бішкек
кездесуі, 2000 жылғы Душанбе кездесуі нәтижесінде қабылданған декларациялар
дәлел бола алады. Мысалы, Алматы мәлімдемесінде бесжақты экономикалық
ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл белінді.
Бестіктің Бішкек және Душанбе саммиттерінде аймақ қауіпсізідігіне
қауіп төндіретін құбылыстармен бірлесе күресудің ортақ Бағдарламасын
дайындау, ынтымақтастық туралы келісім-шарттар жасасу, арнаулы
қызметтердің, қорғаныс, құқық қорғау, кеден және шекара мекемелері
басшыларының тұрақты консультативтік кездесулерін өткізу, аймақтық
антитеррорлық құрылымды жасақтау сияқты мәселелер талқыланды.
2001 жылдың 15 маусымындағы Шанхай бестігі басшыларының кезекті
алтыншы кездесуінде ұйымға Өзбекстан мүше болып кіріп, Шанхай
ынтымақтастық ұйымы деп аталатын жаңа ұйым тарих сахнасына шықты.
Осы уақыттан бастап атқарылған шаралардың нәтижесінде Шанхай Ынтымақтастык
Ұйымы толыққанды ұйым ретінде қалыптасты.
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының Астанадағы 2005
жылғы 5-ші шілдедегі басқосуының тарихи маңызы өте зор. Ауғанстандағы
жағдайдың біршама тұрақтануына байланысты халықаралық антитеррорлық
коалицияның әскери инфрақұрылым нысандарын ШЫ¥-ға мүше мемлекеттер
(Қырғызстан, Өзбекстан) аумағынан алып кету мәселесі көтерілді. Бұдан
байқайтынымыз, ұйымға мүше ірі мемлекеттер - Қытай мен Ресей Орталық
Азиядағы АҚШ ықпалының күшейгенін қаламайды. Қалай болғанда да, Қытай
Орталық Азия мемлекеттерімен Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберіндегі
ықпалдастықты одан әрі нығайта беретін болады. Орталық Азияның, жалпы аймақ
қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін факторлардың күшеюі байқалуда. Сондықтан
Қытай мен Ресей үшін де, Орталық Азия республикалары үшін де лаңкестік
күштермен бірлесіп күресу алғашқы міндет болмақ. Орталық Азияда Қытай
мүддесі бірнеше факторлармен анықталады. Біріншіден, Пекин Шығыс
Түркестандағы сепаратистік күштерді шешуге ұмтылу, екіншіден, стратегиялық
жоспардағы тұрақты тың ретінде Орталық Азияның сақтау, энергоресурстарды
потенциалды қамтамасыз ететін аумақ ретінде және экономикада өзінің
әріптестігі ретінде мемлекеттерді қарастыру.ҚХР басты мақсаты – осы
аумақтың Қытай шеңберінен шығыс-түркестандық күштердің базасы және олардың
халықаралық терроризм байланысындағы каналы болуына жол бермеу. Сондықтан
Қытай Орталық Азия мемлекеттерінің үкіметтеріне өз территорияларында
сепаратистердің жұмысын шектеу және ҚХР-на территориялары арқылы
террористік және экстремистік құрылымдардың өкілдерінің өтуіне жол бермеуді
ұсынады. СУАР мен ОА мемлекеттерінің қауіпсіздігі өзара байланысты және ОА
тұрақсыздық жағдайы Солтүстік-Шығыс Қытайдағы қауіпсіздігіне өз әсерін
тигізеді.Қытай коллекивті қорғану шеңберінде аумақтық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету үшін ОА елдері мен Ресеймен өзара ынтымақтастыққа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытайдың сыртқы саясатында Орталық Азияның геостратегиялық маңызы
Қытай мен Ресейдің Орталық Азияға қатысты саясатының қалыптасуы және кезеңдері
Орталық Азия және қазіргі таңдағы халықаралық қатынастар жүйесі
Орталық Азия аймағындағы интеграциялық процестердiң геосаяси факторлары
Орталық азиядағы геосаяси жағдайлардың дамуы
Америка Құрама Штаттары мен Өзбекстанның қатынастары: жаңа қауіптер жағдайындағы саясат ерекшеліктері
Ұлы жібек жолы Шығыста Қытай империясы
Жаңа жібек жолы экономикалық белдеуі
Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы қатынастар
Қытайдың энергетикалық сыртқы саясаты
Пәндер