Аймақтарды мемлекеттік реттеу



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Аймақтарды мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері
2.2 Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік. экономикалық даму жағдайы 2.3 Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық даму саясатын жүргізудің ерекшеліктері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Нарықтық қатынастар аясының кеңеюі, экономиканы басқару жүйесіндегі соңғы уақытта жүргізіліп жатқан өзгерістер аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жүйесіндегі орны мен роліне айтарлықтай ықпалын тигізді. Осыған орай аймақ экономикасын басқару, олардың дамуын мемлекет тарапынан реттеу мәселелері өзекті бола түсері сөзсіз. Республиканың әрбір аймағы еліміздің шаруашылық кешенінде белгілі бір орынды ала отырып, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды. Сондай-ақ әр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар. Соған байланысты аймақтық саясат қалыптасып жүзеге асырылады.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Аймақтарды мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері
2.2 Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік- экономикалық даму жағдайы 2.3 Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық даму саясатын жүргізудің ерекшеліктері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастар аясының кеңеюі, экономиканы басқару жүйесіндегі соңғы уақытта жүргізіліп жатқан өзгерістер аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жүйесіндегі орны мен роліне айтарлықтай ықпалын тигізді. Осыған орай аймақ экономикасын басқару, олардың дамуын мемлекет тарапынан реттеу мәселелері өзекті бола түсері сөзсіз. Республиканың әрбір аймағы еліміздің шаруашылық кешенінде белгілі бір орынды ала отырып, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды. Сондай-ақ әр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар. Соған байланысты аймақтық саясат қалыптасып жүзеге асырылады. Қазіргі кезеңде негізгі шаруашылық қызметтің аймақтарда жүзеге асырылатынын ескерсек, оларға әлеуметтік-экономикалық мәселелерді өздігінен шешуге лайықты қаржылық дербестіктің берілуі маңызды болып табылады.Осымен байланысты бүгінгі таңда мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктерді ажырату, аймақтың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері еліміз аймақтарының экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін негізгі шарттар ретінде қарастырылуда. Қазақстан жолының жаңа кезеңі - экономиканы нығайтудың, халықтың әл ауқатын арттырудың жаңа міндеттері. Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу - өмірлік маңызды мәселе. Бұл таяу он жылдықтағы Қазақстан дамуының басты бағыты. Қуатты Қазақстан дегеніміз - ең әуелі өңірлердің қуаттылығы. Елдің болашағы экономикадағы келешегі зор салалардың дамуымен байланысты деп Ел басы өзінің Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты атты жолдауында атап көрсетті.

1.1 Аймақтарды мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
Нарықтық экономикаға кең көлемде өту барысында Қазақстанның әр облысы жаңа жағдайларға икемделіп, қандай да бір жолдармен әлеуметтік тығырықты мәселелерден шығып, өндіріс құлдырауын тоқтату үшін экономикалық дамудың өзіндік үлгілерін дайындауға талпынды. Нарықтық экономикаға өтудің мұндай жолы әрине тиімді болып табылмайды. Өйткені, республикалық маңызды стратегиялық мақсаттарды шешу сияқты мәселелер аймақтық басқару органдарының басқару шегінен тысқары қалды. Бұл жерде аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқару мәселелерін қайта қарастыру қажеттігі туындады және ол өлкелік шаруашылық жүргізудің жаңа принциптеріне негізделуі керек:
- табыс пен шығынның өлшемделуі, яғни шаруашылық қызмет нәтижесінде алынған өз табыстар есебінен шығындарды өтеу (өтімділік);
- табыстардың шығындардан артуы (өзін-өзі қаржыландыруды қамтамасыз ету);
- шаруашылық қызмет нәтижелеріне материалды және моральды жауапкершілік;
- аумақ деңгейінде алынған табыстар есебінен әлеуметтік және аймақ ішілік мәселелерді шешу.
Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын тегістеуге бағытталған мемлекеттік аймақтық саясатты жүргізу стратегиялық тұрғыдан маңызды болып табылады. Ұлттық экономиканың тұрақты өсуі елдің проблемалық аймақтарындағы өмір сүру жағдайын жақсартпайынша мүмкін емес.Республиканың қазіргі экономикалық кеңістігі әлеуметтік, экономикалық, экологиялық ерекше проблемаларымен сипатталатын әр түрлі аумақтарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу қағидасына сәйкес республика аймақтарын төрт топқа бөлуге болады:
- шаруашылықтарының құрылымы экспортқа бағытталған;
- индустриялық дамыған;
- агроөнеркәсіптік;
- дағдарыстық.
Аймақтардың экономиккалық дамуының және экономикалық реформаларды жүзеге асыру ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан аймақтарын беске бөлеміз:
- Батыс Қазақстан;
- Солтүстік Қазақстан;
- Шығыс Қазақстан;
- Оңтүстік Қазақстан;
- Орталық Қазақтан.
Аймақ дамуының кез келген аясындағы дағдарысты жою, бір жағынан алғанда, экономикалық белсенділік деңгейімен байланысты. Әлеуметтік даму салыстырмалы түрде дербестікке ие бола отырып, айтарлықтай дәрежеде ресурстық мүмкіндіктермен анықталады, олар өз кезегінде экономикалық даму деңгейіне байланысты. Екінші жағынан, нарықтық шаруашылықтың әлеуметтік жағдайға зиянын тигізе отырып, тек ғана экономикалық басымдыққа біржақты бейімделуі нарықтық экономиканың және тұтас мемлекеттің дамуына қауіп туғызады. Сондықтан мемлекеттік реттеудің әлеуметтік және экономикалық құраушыларының тепе-теңдігі қажет. Экономикалық және әлеуметтік құраушыларды тепе-теңдікте дамыта отырып, аймақ дамуындағы әр түрлі бағыттағы олқылықтардың орнын толықтыруға және халықтың тұрмыс жағдайының деңгейін көтеруге болады, бұл түптеп келгенде мемлекеттің аймақтық саясатының табысты жүргізілуін анықтайтын негізгі шарттардың бірі болып табылады. Ұзақ мерзімді экономикалық саясатқа өту - бұл аймақтық басқару органдарының әрқайсысы белгілі бір міндеттер мен мәселелерді шешетін өзара байланысты құжаттар жүйесін дайындауды қарастырады. Аймақтық дамуды білдіретін құжаттардың ымырасыз сызбасы келесі суретте көрсетілген (1-сурет).

Факторлық болжам
Концепция
Экономикалық саясат
Бағдарлама
(іс-шаралар жүйесі)
Аймақтық экономикалық құралдар
Инвестицияның басқа да көздері
Аймақтағы экономикалық және әлеуметтік салдарлар
Жылдық бюджет, орта мерзімдік жоспар
Ескерту - Архангельский В. Региональная экономическая политика и механизмы ее реализации Аль-Пари - 2008, №3, с. 17-211сурет - Аймақтық дамуды және олардың байланысын білдіретін құжаттар
Аймақтық саясат деп мемлекеттік басқару органдарының қызметінің маңызды бағытталуын түсіну керек. Аймақтық саясат бұл - аймақтың, жалпы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында көзделген мақсаттарға жету үшін мемлекеттік басқару органдарының қоғамның территориялық құрылымдарына принциптер, басым бағыттар, әдістер және іс-шаралар арқылы әсер етуі. Концепция - бұл ұзақ мерзімді кезеңге арналған аймақ экономикасының тиімді бағытталуын және оның әлеуметтік - экономикалық негіздемесін білдіретін құжат болып табылады. Ол әлеуметтік - экономикалық өзгеріссіз табиғи және өндірістік базаның тұрақты жағдайдағы кезеңін қамтиды.Экономикалық саясат (негізгі бағыттар) - концепцияда жасалған бағыттарды нақтылайтын ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді іс - шаралар жүйесін, негізгі ресурстар мен оларды тиімді қолдану есебін және әлеуметтік нәтижелерді қамтиды. Әлеуметтік - экономикалық саясаттың негізгі бөлігі болып табылатын экономикалық саясат 10-15 жылға дайындалады. Аймақ экономикасы дамуының факторлы болжамы - өз және басқа да тартылған ресурстарды тиімді қолдану шарттарын, мүмкіншіліктерін, көлемін, ресурсты тарту көздерін, тауарлы нарықты дамытуды және дайындалатын экономикалық саясатты жүзеге асыру нәтижесінде халық шаруашылығының тиімділігін жоғарылату мүмкіншіліктерін қамтиды. Бұл құжат орта мерзімді (5-10 жыл) және қысқа мерзімді (3-5 жыл) перспективаға дайындалуы мүмкін. Аймақтың әлеуметтік - экономикалық дамуын бағалау және қазіргі жағдайы нарықты экономикада Республиканың әр бір аймағының экономикалық, әлеуметтік, геополитикалық және т.б. маңыздылығы артады. Аймақтың өндірістерін, қорларын, экологиялық потенциалдарын, әлеуметтік мәселелерін тиімді шешу, сол жердің ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық жағдайларын жандандырады. Нарық механизіміндегі шаруашылық, Республика ішіндегі аймақтардың шаруашылығының тәуелсіз экономикада қызмет етуін теңдестіру. Жалпы бұл мәселелерді кешенді шешу, қоғамның экономикалық және әлеуметтік ортасының деңгейін, яғни өмір сүру мен еңбек етуді, тұрғын үй, комуналдық және тұрмыстық жағдайларын, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениетін және т.б., қалыпты деңгейде жүргізуге, экономикалық қорлар потенциалын тиімді пайдалану және материалды - техникалық базаға тиtсілі байланысты болады. Елдің экономикалық құрылымы өндірістік күштердің орналасуымен, өндірістік және ғылыми потенциалдармен, сонымен қатар материалдық өндірістің әлеуметтік - экономикалық даму қарқындарымен өзара әрекеттеседі. Сондықтан да, өндіргіш күштерді орналастыру мен тиімді дамыту бұл мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі болып табылады және аймақтың потенциалын тиімді пайдалану мен мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін шешуші міндет. Өндірістің тиімді орналасуы - халық шаруашылығымен және территориялық пропорцияларды жетілдіруге арналған база. Аймақта ғылыми ауқымды, бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды орналастыру арқылы халық шаруашылығын дамыта аламыз, олар қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын, талабына сай сапалы өнімдер өндіруге мүмкіндік береді. Сондықтан, аймақтың өндіргіш күшін тиімді орналастыру экономикалық, әлеуметтік, экологиялық мәселелерді шешуге, сонымен қатар, мемлекеттің соның ішінде аймақтардың әлеуметтік - экономикалық дамуының, өркендеуінің, негізгі жолы болып табылады. Аймақтарда өндіргіш күштерді дамыту Президентіміздің Қазақстан халқына (Стратегия 2030) жолдауында жарық көрді, мұндағы стратегиялық жоспарлау міндетінде, салалардың, аймақтардың, және мемлекеттің талабына сай өндіргіш күштерді орналастыру мәселелерін шешу. Қол жеткізген және алдымыздағы қолжеткізетін өндіргіш күштің дамуы және материалды - техникалық базаның жағдайының көрсеткіштері мен жетістіктерін бастаушы мүмкіндіктерін және көбінесе аймақтың экономикалық дамудағы жақын арадағы болашағының мүмкіндіктерін және халықтың өмір сүру деңгейін жоғарлатуды - оның халық шаруашылық құрылымы мен бірінші орында өндіріс құрылымы анықтайды. Құрылымдық фактор айналым сферасы мен бөлу қатынасы жүйесіндегі және сонымен қатар, макро және микродеңгейдегі шаруашылықтың салааралық пропоцияларды қалыптастыру негізі болып табылады. Құрылымдық фактор қоғамдық қажеттіліктер мен материалдық өндірістің құрылымы арасындағы байланысты тиімді жетілдіру, салалар арасындағы шектелген ресурстарды бөлу құралы болып табылады. Бұл мәселелерді шешуде қажеттіліктерді де, сондай-ақ экономиканың ресурстық базасын да түрлендіретін ҒТП маңызды рөл атқарады. Құрылымдық фактор арқылы аймақтың экономикасына көптеген басқа экономикалық негіздегі инвестициялық, базалық, салықтық, бәсекелік және т.б. факторлар әсер етеді. Мемлекеттің және оның ішіндегі аймақтардың экономикалық қалыптасуы, дамуы және жаңғырудағы негізгі рольі құрылымдық факторға бөлінеді. Халық шаруашылық құрылымын талдауда ( салалық және функционалдық аспектілері ) нарықты экономикадағы аймақтың экономикасының тиімді қызмет етуіне өндіргіш күшті дамытудың параметрлерінің сапалылығын талқылауға мүмкіндік береді. Бұдан, кең көлемде аймақтың экономикасының дамуы мүмкіндіктерін, тиімді бөлу және экономикалық қарым - қатынастарын , аймақтың болашақтағы дамуы мен жандану жолдарын анықтау. Аймақ экономикасын мемлекеттік реттеу механизмдері мен әдістері Аймақ экономикасын мемлекеттік реттеудің маңызды механизмдері:
-- жалпы мемлекеттік және аймақтық мүдделердің келісуі мен өзара байланысын қамтамасыз ететін аймақтардың әлеуметтік және экономикалық дамуы мен өндіргіш күштерді орналастыруды ұзақ мерзімді перспективаға кешенді болжау, аймақта бар өндірістік - экономикалық, интелектілік және экспорттық потенциалды нығайту мен тиімді қолдану;
-- кешенді болжауда белгіленген елдің әлеуметтік- экономикалық даму басымдықтары мен кезеңдерін жүзеге асыруға бағытталған жалпы мемлекеттік аймақтық және салалық деңгейдегі стратегиялық жоспарлар жүйесі;
-- ірі көлемдегі аймақ аралық мәселелерді шешу бойынша жалпы мемлекеттік бағдарламаларды жасақтау мен жүзеге асыру;
-- нақты аймақтық дамуындағы аса шешуші мәселелерді шешуде мақсатты бағдарламалады жүзеге асыру; оның ішінде экологиялық кедей аудандарды, депрессияға ұшыраған шағын және орташа қалаларда, шалғай жатқан ауылдық аудандарды мемлекеттік қолдаудың арнайы бағдарламасы;
-- аймақтарды дамыту үшін сәйкес заңмен, институционалдық және әдістемелік қамтамасыз етілген арнайы экономикалық зоналар жасау;
-- қаржы - несие және салықтық тетіктер;
Аймақ экономикасын мемлекеттік реттеу әдістері екі топқа бөлінеді:
тікелей (әкімшіліктік) және жанама (экономикалық).
Аймақтық экономиканы реттеу үшін мемлекет әдістер жүйесін қолданады. Ол икемді жіктелінген кешенді болуы тиіс, аймақтық ерекшеліктерін ескеріп, шешілетін стратегиялық және тактикалық міндеттемелер сипатын ескеруі тиіс. Аймақтық дамуда орталық атқарушы органдардың реттеуші қызметтеріне мына шараларды жүзеге асыру жатады.
-- барлық аумақтық шаруашылық жүргізу субьектілерінің, орталық және жергілікті атқару органдарының қызмет етуінің құқықтық және нормативтік негізін жасау;
-- республика шаруашылығының перспективалық дамуының макроэкономикалық және салалық басымдықтарымен нығайып аумақтық дамудың маңызды бағыттары мен пропорцияларын анықтау;
-- барлық халық үшін олардың жеріне байланыссыз республика аумағында ең төменгі тұрмыс деңгейінің мемлекеттік кепілік қамтамасыз ету;
-- аймақаралық немесе жалпы республикалық сипаттағы аумақтық мәселелерді шешу;
-- республика экономикасы үшін аса маңызы бар аумақтардың басымдықта дамуын қамтамасыз ету;
Сонымен бірге мемлекеттің аймақтық дамуындағы реттеуші рөлі бюджеттен қаржыланатын мақсатты кешенді бағдарламаны жүзеге асырудан, құрылым құраушы инвестициялық жобаларды жүзеге асырудан көрінеді.
1996 жылы 9 қаңтарда Үкімет қаулысымен ҚР аймақтық саясатының тұжырымдамасы мақұлданды. Оның негізін салық және бюджет саясатын қалыптастыру позициясы арқылы және аймақтардың мамандандырылу принципі бойынша үлгілеу құрайды. Яғни, берілген аймақ бюджеттік қаржыландыру жағынан басыңқылардың құрамына кіреді, өйткені оның дамуы мамандандырылу деңгейінен басыңқы бола алмайды. Бізге алдағы мерзімде аймақтардың басыңқылығын анықтау біріңғай ғылыми негізге негізделетін аймақтарына деген кешенді көзқарас дұрыс деп көрінеді.

2.2 Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік- экономикалық даму жағдайы
Оңтүстік Қазақстан облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері: Халық (2014 жылғы 1 қыркүйек, мың адам) 2 772,2, жұмыссыздық деңгейі (2014 жылғы 2 тоқсан, % бағалы ақпарат) 5,4, орташа айлық жалақы (2014 жылғы тамыз, теңге) 81 792, инфляция: (2014 жылғы қыркүйек 2014 жылғы тамызға, %) 0,9, (2014 жылғы қыркүйек 2013 жылғы желтоқсанға, %) 6,2, ЖӨӨ (2014 жылғы қаңтар-маусым, млн. теңге) 980 625,1, ЖӨӨ (2014 жылғы қаңтар-маусым 2013 жылғы қаңтар-маусымға, %) 103,3 құрады. Оңтүстік Қазақстан облысының экономика салаларының өсу қарқыны (нақты көлем индексі, 2014 жылғы қаңтар-қыркүйек 2013 жылғы қаңтар-қыркүйекке %-бен ): өнеркәсіп 101,1, ауыл шаруашылығы 99,4 , құрылыс 102,3, негізгі капиталға инвестициялар 106,2, іске қосылған тұрғын үйлер 115,9, бөлшек сауда 119,5, жүк тасымалдау 109,1, жүк айналымы 110,5, байланыс 106,2-ні құрайды. Оңтүстік Қазақстан облысының гендерлік көрсеткіштері туралы 2014 жылдың 1 қыркүйегіне облыс халқының саны 2772,2 мың адамды құрады, оның ішінде ерлер - 1376,2 мың адам, әйелдер - 1396,0 мың адам. Ішкі сауданың негізгі көрсеткіштері 2014 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 2013 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 19,5%-ға өсіп, 211414,2 млн. теңгеге жетті. Экономикалық қызмет түрлері бойынша жалдамалы қызметкерлердің тізімдік саны 2014 жылғы қыркүйекте облыстың кәсіпорындарында жалдамалы жұмыс істейтін қызметкерлердің тізімдік саны 369,6 мың адамды құрап, 2013 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 4,6%-ға артты. Облыс бойынша орташа айлық жалақы 82802 теңгені құрады 2014 жылғы қыркүйекте облыс бойынша бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есептемегенде) 82802 теңгені құрап, 2013 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 8,0%-ға өсті, нақты көріністе 0,5%-ға артты. ОҚО бойынша халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнімі 49,2 мың теңгеге артты 2014 жылғы қаңтар-маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы халқының жан басына шаққандағы Жалпы өңірлік өнімі (ЖӨӨ), 2013 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 49,2 мыңға (16%) өсіп, 356,9 мың теңгені құрады. Оңтүстік Қазақстан облысының құрлымының экономикасы қатты деформацияланған, себебі шикізат өнімдерін өндіру саласы мен және шикізатты бірінші этапта өңдеудің үлес салмағы соңғы өнімді өндіруден жоғары, сонымен қатар, шикізат саласы әлеуметтік және экологиялық мәселелердің қоры болып табылады. Бұрынғы одақтың халық шаруашылығы критериясының концепциясы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының, Қазақстанның басқа да аймақтарында өндірістік күштерінің құрлымын қалыптастыруда, негізінен шикізат саласын дамыту мен аралық өнімді өндіру көзделген. Экономиканы қайта құру, тек облыстың ғана емес сонымен қатар, мемлекеттің халық шаруашылығының салаларын шикізаттармен, материалдармен қамтамассыз етуді, тұрақты экономикалық қатынастың болуын және сұранысқа сай дайын өнім өндіруді талап етеді. Қазіргі таңда, нарықты экономикада экономикалық құрылымды тиімді орналастыру негізінде көптеген жұмыстар атқарылуда, соның бірі және негізі индустириялды - инновациялық жұмыстар, оның нәтижесіне жетуге облысымыздың экономикалық даму деңгейінің мүмкіндігі толық жетеді. Қазіргі таңда нарықтық қатынас жағдайында Қазақстанның және оның аймақтарының, соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының да экономикасының, әлеуметтік жағдайының жан - жақты өсуіне байланысты қай саласы болмасын алға басып келеді. Соның нәтижесінде, шаруашылықтың материалды - техникалық базасы да жылдан жылға алға жылжуда. Экономикалық қызмет салалары арасында тау - кен өнеркәсібі мен тұрғын үй құрлысы капитал салудың негізгі көздері ретінде айқындалды. Жалпы негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемінің Республикалық көлемдегі үлесі-2,5%, өнеркәсіп өндірісіндегі негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемінің үлесі салмағы-2,2% ды құрайды бұл аз ақша емес, бірақта облыстың халық шаруашылығын дамытуға жеткіліксіз. Сонымен бірге, негізгі капиталға жұмсалған инвестиция көлемінің едәуір артуы - кәсіпорындар экономикасының тұрақты өсуіне әкеледі, сонымен бірге, аймақтардың экономикасының тартымдылығын танытатын негізгі көрсеткіш. Оңтүстік Қазақстан облысының жалпы ішкі өнімі өткен жылмен салыстырғанда -11,9 пайызға жоғары, соның ішіндегі өнеркәсіптерден құралған жалпы ішкі өнім өткен жылмен салыстырғанда -4,7 пайызға жоғары, бұл аймақтың экономикасының нақтылай алғанда жылдан жылға өсіміне жетудегі көрсеткіш. Сонымен қатар, жалпы Оңтүстік Қазақстан облысының халық шаруашылығының салалық құрылымы, соңғы жылдары жетістіктерге қол жетіп, оның Республикалық көлемдегі үлес салмағы, экономикалық құрлымда жыл сайын жоғары көрсеткіштердің негізінде жоғарлауда. Оңтүстік Қазақстан облысы, Республиканың ең үлкен аймағының бірі, мұнда негізінен машина жасау және метал өңдеу өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі, кен өндіру өнеркәсібі, отын өнеркәсібі, металлургия өнеркәсібі, химия және мұнай химия өнеркәсібі, медицина өнеркәсібі, полиграфия өнеркәсібі, электр энергетикасы, ұн - жармалы және аралас жем өнеркәсібі, микробиология өнеркәсібі, орман және целлюлоза - қағаз өндіру өнеркәсібтері дамыған. Аймақтың шаруашылығының бұл бастаушы салалары қазіргі таңда дамып келеді: Республикалық деңгейде облыстың өнеркәсіп өндірісінің жалпы өнімін орта есеппен жан басына шаққандағы үлесі 90% шамасында. Бұл көрсеткіште аймақтың экономикасының алға басқандығын көрсетеді. Облыстың өндірістік құрлымындағы өңдеу саласының қызметі басқа салаларға қарағанда баяу дамуда, тәжірибеде қаншама жылдардан бері қалыптасып келе жатқан шикізаттарды толық өңдеу технологияларының жеткіліксіздігі, осы саланың дамуының төмендеуі, халық тұтынатын тауарлардың деңгейінің төмендеуіне, ол халықтың өмір сүру деңгейің көлеміне, қызмет көрсететін салалардың дамуына да әсерін тигізді. Нарықты экономикада елімізде өңдеуші өнеркәсіпті, өндірістік инфрақұрлымды, агроөнеркәсіп секторларын дамытуға, бәсекелестік қабілетін арттыруға, экономиканың жоғарғы өсіміне қол жеткізуге аса ден қойылуда. Сонымен қатар, аймақтың әлеуметтік - экономикалық жағдайын дамыту мен жандандыру негізінде өнеркәсіптің өңдеуші саласына аса көп көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда өндірістің функционалдық құрылымындағы барлық өндіру және қызмет көрсету салаларында, нарық экономикасының талабына сай жұмысшы - кадрларды кәсіби мамандандыру мәселелерін шешу өте маңызды. Ол халық шаруашылығының салаларын кәсіби мамандандыру, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты қанағаттандыру, өнеркәсіптің, облыстың экономикасын, демографиясын, әлеуметтік жағдайын дамытады, өркендетеді. Соңғы жылдары, экономиканы кайта - құрудың ( реформалаудың ) тереңдету негізінде, облыстың экономикасының құрлымдық өзгеруі әр түрлі даму деңгейлерімен ұласады, олар тұтыну мен инвестицияға сұраныстың көбеюінен, отандық өнімдерді және аралық экономикалық қатынастарды жандандыру және т.б, факторлар негізінде халық шаруашылығының барлық салалары және өндірістер, сонымен қатар тұтыну көлемі дамып жандануда. Бірақта, Оңтүстік Қазақстан облысы республикадағы халқы тығыз орналасқан аймақтың бірі. Сондықтан да, әлдеде бұл аймақта тұрғын үй мәселелері бірден - бір өткір мәселе болып отыр. 2013 жылы облыс бойынша орындалған құрылыс жұмыс көлемі 14862,6 млн теңгені құрады, ол өткен жылмен салыстырғанда 0,7% - ға артық, соның ішінде тұрғын үй құрлысына шамамен 35% жұмсалған және өткен жылмен салыстырғанда 2,3 есе артқан. Сонымен бірге, өндірістік және өндірістік емес (халық білімі, денсаулық сақтау, мәдениет және т.б. ) салалардың құрлысынада өткен жылдармен салыстырғанда артық қаржылар жұмсалған. Көліктің барлық түрілерімен тасмалдау көлемі, соңғы жылдары жоғарлауда, мысалы, 2013 жылы автомобил көлігімен ( көлік ұйымдарына жатпайтын мекемелер) жүк тасмалдау көлемі - 8,5% -ға, жолаушыларды тасмалдау саны - 1,9% -ға артты. Автомобиль көлігі кәсіпорындарымен тасылған жүк көлемі - 0,4% және жолаушылардың саны - 3,1% -ға, әуе көлігімен жүкті көлемі 6,9 есе, жолаушының саны 2,8 есе өткен жылдан артық тасмалдады. Сонымен қатар, халыққа көрсетілетін тұрмысқа қажетті барлық қызметтер көлемі көбеюде. Әсіресе, аймақта өнеркәсіптік өнімдерін өндіру мен өңдеуде соңғы жылдары жоғарғы деңгей байқалады. Сонымен, 2013 жылға (2012 жылға қатынасы) кен өндіру өнеркәсібінің Созақ филиалында 1,3 есеге артық өнім өндірілген, бұданда басқада кен өндіру өнеркәсіптерінде 320 % - ға немесе 3,2 есе артық өнім өндірілген. Өңдеу өнеркәсіптерінде Петроказахстан Продекс Ойл, Шымкент май, Кентау экскаватор өнеркісіптерінің өнімдері өткен жылмен салыстырғанда төмен, сонымен қатар, бұл өнеркәсіптерде жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметкерлер саны да 2-5% - ға төмендеп отыр, Кентау трансфарматор зауытында өндірілген өнім көлемі 2012 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӨҢІРДІҢ ƏЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ СИПАТЫ ЖƏНЕ ОЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ МАҢЫЗЫ
Аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу
Аймақтың инвестициялық тартымдылығын жақсарту жолдары
Аймақтық саясатты жүзеге асырудың шетелдік тәжірибесі
Аймақтық өсу теориялары
Аймақ экономиканың дамуын мемлекеттік реттеу
Еркін сауда аймақтары
Қазақстан Республикасының экономикасын аймақтық басқарудың теориялық және әдістемелік аспектілері
Мемлекеттің аймақтардың дамуын реттеуі басқарудың екі
Аймақтық саясат құрылымы
Пәндер