Еуропадағы миграциялық үдерістер



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3


І.ТАРАУ.МИГРАЦИЯ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ӘЛЕМДЕГІ
МИГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.1. Миграция түсінігі және клиссификациялануы ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Әлемдік миграциялық үдерістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3. Миграциялық үдерістердің халықаралық қатынастардағы ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16

ІІ.ТАРАУ.ЕУРОПАДАҒЫ МИГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР ... ... ... ... ... ..19

2.1 Франциядағы миграциялық жағдай: иммиграциялық саясаттың дағдарысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.2. Ұлыританиядағы миграциялық ахуал: либеральды иммиграциялық режимнің сақталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.3. Германиядағы миграциялық жағдай: этникалық немістердің репатриациясы және еңбек миграциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
2.4. Италия мен Испаниядағы мұсылман миграциясы
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

ІІІ.ТАРАУ.ЕУРОПАДАҒЫ МИГРАЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫҢ
ДАҒДАРЫСЫ ЖӘНЕ МИГРАНТТАР МӘСЕЛЕСІНІҢ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕТТЕЛУІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34

3.1. Еуропалық ұлттардың демографиялық дағдарысы және миграция үдерістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
3.2. Мигранттар мәселесінің халықаралық қатынастарда құқықтық реттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51

ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...53
Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастардағы орын алып отырған маңызды құбылыстардың бірі – халықаралық миграция болып отыр. Халықаралық миграцияны квалификациялануына қарай оның негізгі белгісі ретінде мемлекеттік шекараны кесіп өту болып табылады. Осы ерекшелігі арқылы біз халықаралық миграцияны оның негізгі миграциялық қозғалыстардың түрі – бір мемлекеттің аумағында болатын ішкі миграциядан айыра аламыз. Сондықтан, халықаралық миграция мемлекетаралық қарым қатынастарға өте қатты әсер етеді және халықаралық-құқықтық реттеудің нысаны болып табылады. 1948 жылы қабылданған Жалпы адам құқықтары туралы декларацияға сәйкес әрбір адам кез келген және өз мемлекетінен кете алады және қайтып оралу құқығына ие.
1. Алехина М. «Третьи» лишние // Новые известия. 21.11.2012.
2. Балашова Т.Н. Проблемы развития миграционной политики Российской Федерации в сфере трудовой миграции на современном этапе // Миграционное право. 2013. №2. С. 19.
3. Бирюков М.М. Европейское право до и после Лиссабонского договора. М., 2009. С. 107.
4. Богданов В. ОДКБ борется с незаконной миграцией // Российская газета. 14.02.2013.
5. Бышевский Ю.Ю. Уголовная ответственность за организацию незаконной миграции // URL: http://superinf.ru/view_helpstud.php? id=3960 (дата обращения: 01.11.2013).
6. Гулина О. Европейская система защиты прав человека // Современное конституционное обозрение. 2011. №4. С. 74.
7. Гусейнов Р.С., Потоцкий Н.К. Совершенствование системы противодействия нелегальной миграции // «Черные дыры» в российском законодательстве // Юридический журнал. 2009. №3. С. 470.
8. Джабаров В.М. Некоторые приоритеты миграционной политики // О состоянии миграционной политики в Российской Федерации и путях ее совершенствования // Аналитический вестник Совета Федерации Федерального Собрания Российской Федерации. 2012. №6 (449). С. 5.
9. Зинченко Н.Н. Миграция населения: теория и практика международно-правового регулирования. М., 2009. С. 189.
10. Иванов А.Г. Миграционная политика ЕС и России: опыт политического анализа. М., 2009.
11. Итоги Круглого стола «Трудовая миграция в Россию: квота как инструмент миграционной политики и антикризисного регулирования» // [Электронный ресурс]. URL: http://do.gendocs.ru/docs/index-164249.html (дата обращения: 31.10.2013).
12. Коннова А.Д. Стратегия Европейского союза по борьбе с нелегальной иммиграцией // Миграционное право. 2009. №1.
13. Лимонова Н.А. Влияние глобализации и интеграции на реализацию личностью свободы передвижения // Миграционное право. 2012. №4. С. 15.
14. Миграция и преступность: сравнительно-правовой анализ / Под ред. И.С. Власова, Н.А. Головановой. М., 2012.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І-ТАРАУ.МИГРАЦИЯ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ӘЛЕМДЕГІ
МИГРАЦИЯЛЫҚ
ҮДЕРІСТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...5

Миграция түсінігі және клиссификациялануы ... ... ... ... . ... ... .5
Әлемдік миграциялық
үдерістер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..10
Миграциялық үдерістердің халықаралық қатынастардағы
ролі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .16

ІІ-ТАРАУ.ЕУРОПАДАҒЫ МИГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР ... ... ... ... ... ..19

Франциядағы миграциялық жағдай: иммиграциялық саясаттың
дағдарысы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
..19
Ұлыританиядағы миграциялық ахуал: либеральды иммиграциялық режимнің
сақталуы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .22
Германиядағы миграциялық жағдай: этникалық немістердің репатриациясы және
еңбек миграциясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ...26
Италия мен Испаниядағы мұсылман миграциясы
мәселесі
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ..27

ІІІ-ТАРАУ.ЕУРОПАДАҒЫ МИГРАЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫҢ
ДАҒДАРЫСЫ ЖӘНЕ МИГРАНТТАР МӘСЕЛЕСІНІҢ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
РЕТТЕЛУІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...34

Еуропалық ұлттардың демографиялық дағдарысы және миграция үдерістері
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 4
Мигранттар мәселесінің халықаралық қатынастарда құқықтық
реттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... 42

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .51

ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...53

Кіріспе

Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастардағы орын алып отырған маңызды
құбылыстардың бірі – халықаралық миграция болып отыр. Халықаралық
миграцияны квалификациялануына қарай оның негізгі белгісі ретінде
мемлекеттік шекараны кесіп өту болып табылады. Осы ерекшелігі арқылы біз
халықаралық миграцияны оның негізгі миграциялық қозғалыстардың түрі – бір
мемлекеттің аумағында болатын ішкі миграциядан айыра аламыз. Сондықтан,
халықаралық миграция мемлекетаралық қарым қатынастарға өте қатты әсер етеді
және халықаралық-құқықтық реттеудің нысаны болып табылады. 1948 жылы
қабылданған Жалпы адам құқықтары туралы декларацияға сәйкес әрбір адам кез
келген және өз мемлекетінен кете алады және қайтып оралу құқығына ие.
Халық миграциясы - бұл қазіргі әлемнің шындығы, жаһандану үрдісінің
салдары, белгілі мемлекеттер мен аймақтарды мекендейтін халықтардың
экономикалық-саяси және мәдени дамуының маңызды факторы болып табылады. Жер
шарындағы 6,7 млрд халықтың 1 млрд-тан астамы үнемі қозғалыста болып
табылады. Яғни бір мемлекеттен екінші мемлекеттен қоныс аударады, уақытша
тұрады немесе басқа да жағдаяттарға байланысты бір мемлекеттің шекарасында
шектеліп қалмайды. Миграция үрдісі алғашында экономикалық үрдіс болып
басталғанымен қазіргі уақытта жиі өркениеттік сипат алап келеді. Ешқандайда
қатал заңдармен тұрғызылған қабырғалар арқылы немесе биліктің сойылымен
адамзаттың мобилділігін тоқтату мүмкін емес[1].
Миграциялық үрдістер туралы сөз қозғалғанда әлемнің қайсы мемлекеті
болмасын мемлекетін бұл мәселе айналып өтті деп айту қиынға соғады. Себебі.
Бұл мәселемен әлемнің жетекші мемлекеттерінен бастап, артта қалған үшінші
әлем мемлекеттері де қарама қарсы келуде. Көптеген мемлекеттер әртүрлі
жағдайларға (өмір сүру деңгейінің төмендігі, саяси-әскери қақтығыстар)
байланысты миграцияға бас ұруға мәжбүр. Бұлар ең алдымен Азия, Африка, Таяу
Шығыс және Латын америкасы елдері болып табылады: Алжир, Марокко, Тунис,
Эфиопия, Нигерия, Түркия, Пәкістан, Ауғанстан, Шри-Ланка, Кытай, Вьетнам
және т.б. Бұл мемлнекеттердің азаматтары әлемнің өмір сүру деңгейі жоғары,
саяси тұрақты және әлеуметтік қамсыздандыруы дамыған мемлекеттерге қоныс
аударуға ұмтылады.
Ғылыми әдебиетте иммиграцияның толқыны жоғары мемлекеттердің қатарын
АҚШ, Канада және Австралия бастап тұр. Сонау 18-ғасырдан бастап АҚШ Еуропа
мемелекеттерінен атап айтқанда, Англия, Ирландия, Шотландия, Германия,
Франциядан иммигранттар Құрама Шттарға көптеп ағылды. Кейіннен олардың
артынан оларға Италия, Украина, Ресей және Азия мемлекетерінен шыққан
келімсектер қосылды. Иммиграция әсіресе АҚШ-қа оның ары қарайғы дамуына,
әлеуметтік мығымдығына және полиэтникалық қоғамының қалыптасуына қатты әсер
етті. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін иммиграннтардың жаңа
легі Еуропаның – Франция, Германия, Ұлыбритания, Швеция, Италия, Испания
сияқты мемлекеттеріне көптеп ағыла бастады. Еуропа мемлекеттеріндегі
экономикалық даму, әлеуметтік қамсыздандыру деңгейінің жоғарылығы әлемнің
басқа аймақтарындағы халықтардың Еуропаға қоныс аударуға қызығушылығын
оятты[2].
Қазіргі кездің шарттарына сәйкес, яғни әлем глобальды миграцияның
сахнасына айналған кезде мигранттардың толастамай ағылуына ұшыраған
мемлекеттер оларға байланысты әртүрлі саясат ұстануға мәжбүр.
Диплом жұмыс тақырыбының өзектілігі – Еуропа Одағы көлемінде болып
жатқан миграциялық үдерістердің әлемдік қауымдастық тарапынан жіті
назарында болуы, көбінесе адам құқықтарына байланысты проблематикалық
жағдайлардың туындауы, миграциялық үрдістерді реттеудің Еуропалық моделі
яғни Еуропа мемлкеттерінде мемлекеттік биліктің мигранттарға байланысты
саясаты, миграцияның әлеуметтік қарым қатынастарға әсері мәселелері,
жергілікті халықтар менн мигранттар арасындағы қарым –қатынастар жан-жақты
зерттеуді талап ететін халықаралық қатынастардың өзекті мәселесі болып
табылады.
Диплом жұмысының мақсаты және міндеттері: Зерттеу жұмысының мақсаты –
Еуропадағы миграциялық саясатын, үдерістердің саяси-әлеуметтік салдарларын
талдау және келешектегі даму перспективаларын саралау болып табылады Осы
мақсатқа сәйкес автор төмендегідей міндеттерді алдына қойды:
- ЕО-дағы миграциялық жағдайды сипаттау
- ЕО-ның миграциялық саясатының негіздерін анықтау
- Миграциялық үдерістердің басқарылуы мен құқықтық реттелуі
- ЕО миграциялық саясатының проблемаларын талдау
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыстың құрылымы алдына қойған
мақсаттарға байланысты кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, пайдаланған
әдебиет тізімінен тұрады.

І-ТАРАУ. МИГРАЦИЯ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ӘЛЕМДЕГІ
МИГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР

1. Миграция түсінігі және клиссификациялануы

Миграциялық жағдай - азаматтығы бар немесе азаматтығы жоқ шетелдiк
азаматтардың белгілі бір ел аумағына шығуы және кiрумен, транзиттiк жүрiп
өтуіне байланысты мемлекеттiң ұлттық қауiпсiздiгі , ішкі және сыртқы саяси
жағдайы, жалпы демографиялық әлеуметтiк - экономикалық жағдайына терең әсер
ететін факторлар жиынтығы болып табылады
Халық миграциясы-өзінің табиғи көрінісінің формасымен және салдарымен
күрделі процесс.Ол басқа да әлеуметтік-экономикалық құбылыстармен өзара
тығыз байланысты.Миграциялық процестер өндірістік күш дамуының салдары бола
тұра бүкіл өндірістік қатынастар жүйесінің интенсивті дамуына ықпал
етеді.Бұл көрініс тұрғылықты халықтың дамуынан байқалады.Миграциялық
процестің өтуі интенсивті болған сайын халықтың әлеуметтік құрылымының әр
түрлі аспектілеріне нақтылы өзгерістер еніп,территориялық орналасу
жаңарады.Миграция еңбек біліктілігімен және өндірістік тәжірибемен алмасуға
жағдай жасап,тұлғалық дамуға,отбасы құрамына және жыныстық-жастық құрылымға
ықпал етеді, халықтың әлеуметтік,салалық және кәсіби байланысты мамандардың
жаңаруына әкеледі[3].
Миграция терминінің шығу төркіні-халықтың қозғалысын,көшіп-қонуын
білдіреді.Бірақ,қазіргі кездегі бұл сөздің мағынасы айтарлықтай кең.Бұдан
басқа да терминді өзінің сипаты бойынша салдарымен келісілген факторлардың
бірдей еместігімен сипатталынатын құбылыстарды белгілеу үшін
қолданылады.Халық миграциясы анықтамасына ең аз дегенде төрт түрлі
көзқарасты бөліп қарастыруға болады.Олар төмендегідей:
Біріншіден,ең ауқымды ойлауға сәйкес миграцияға қоғамдық мағынасы бар
халықтың қозғалыстарының барлық түрлерін жатқызуға болады.Мұнда тек
кеңістікте қозғалуды ғана емес сонымен қатар мамандардың ағынын,олардың
кәсіпорын ішіндегі қозғалысын,әлеуметтік қозғалысын және тағы басқаларын
жатқызуға болады.Шынында да салалық кәсіби және басқада қозғалыстарды
миграцияға жатқызуға болады,егер ол территориялық қозғалыспен байланысты
болса.
Екіншіден,миграция ретінде халықтың,оның сипаты мен мақсатына
байланыссыз кеңістіктегі барлық қозғалысы танылады.Бұларға халықтың бір
елді мекеннен екінші елді мекенге қозғалысы,мекен ішіндегі және одан тыс
жерлерге күнделікті жұмысқа немесе оқуға бару,сонымен қатар маусымдық
жұмыстар,іс сапарларға шығу демалысқа кету және басқа да қозғалыстарды
жатқызады.Кейбір зерттеушілер бір елді мекенін кеңістігі ішінде болатын
қозғалысты жатқызуға болмайды дейді.
Үшіншіден,миграцияға тұрғылықты жерін тұрақты немесе уақытша
ауыстыруға әкелетін елді мекендер арасындағы болатын қозғалысты
жатқызады.Мұның құрамына бір елді мекеннен екінші елді мекенге жұмыс бабы
бойынша қозғалуларды жатқызуға болмайды.
Төртіншіден,миграцияға территориялық қайта бөлінуге әкелетін халықтың
кеңістіктегі қозғалу процесін жатқызады.Бұл жағдайда миграцияға
кеңістіктегі қозғалысты жатқызу екі сипат бойынша анықталады:бір жерден
екінші жерге ақиқатты көшуі және екі елде тұрақты жазылуына қарай.Мұнда
тұрақты тұрғылықты жері мен жұмыс істеу орнының бірігуі болды.
Егер ішкі орналасуы бойынша қозғалысты қоспасақ халықтың кеңістіктегі
қозғалысының негізгі төрт түрін бөліп көрсетуге
болады.Оларға,эпизодикалық,маятника лық,маусымдық және қайтымсыз миграциялар
жатады.Миграцияның бұл негізгі түрлері сипаттамалары бойынша және ондағы
халықтың көздеген мақсаттары бойынша әр түрлі болып келеді.
Эпизодикалық миграция-бір бағытта және бір уақытта болмайтын үздіксіз
жүзеге асырылмайтын іс-сапарлы және басқа да қайтымды қозғалыстарды
сипаттайды.Егер іс-сапарларда жұмыс қабілеттігі бар тұлғалар қатысса,басқа
да қайтымды қозғалыстарда қалған тұлғалар қатысады.Эпизодикалық миграция
қатысушының құрамы әр түрлі болып келеді[4].
Маятниктік миграция-халықтың тұрғылықты жерінен басқа елді мекенде
орналасқан жұмыс орындарына немесе оқу орындарына күнделікті немесе апталық
қозғалыстары.Маятникалық миграция кең масштабта үлкен қалаларда жүзеге
асырылады.
Маусымдық миграция-бұл еңбек қабілеттілігі бар халықтың тұрғылықты
жеріне қайтіп келу мүмкіндігін сақтау негізінде бірнеше ай мерзімге басқа
елді мекенге уақытша жұмыс және өмір сүру бойынша кетуі.Мұндай миграциялар
экономикадағы өндіріс саласы басымдылық алған аудандарда жұмыс кезеңіндегі
өндірістік маусымдық уақыттың аз болған жағдайында басқа елді мекендерден
уақытша жұмыс күшін жұмылдыру кезінде болды.Себебі мұндай мұқтаждық
жергілікті жұмыс күшімен қанағаттандырылуы мүмкін емес.
Қайтымсыз миграция-халықтың мұндай қозғалысы кезінде территориялық
қайта бөлінуі жүреді.Миграцияның бұл түрі бір уақытта екі шартқа жауап
береді.
Статистикалық бақылаудың жинақтаудың және топтаудың нәтижелерінде
барлық жиынтық бірліктері бойынша және оның жеке бөліктері туралы көптеген
мәліметтер алынады.Осы алынған мәліметтер өздеріне тән белгілеріне қарай
бірнеше топтарға бөлінеді,өзара байланысты сандық көрсеткіштер жүйесімен
сипатталады және статистикалық кестелер арқылы көрсетіледі.Жеке топтарды
немесе барлық жиынтықты бүтіндей сипаттайтын сандық мәндер қорытындылаушы
көрсеткіштер деп аталады.Мысалы,Республикамыздағы халықтың саны,өнеркәсіп
орындарының өндірген өнімдерінің көлемі,әр гектардан түскен орташа өнімнің
мөлшері және тағы сол сияқтылары жатады.
Статистикада қорытындылаушы көрсеткіштер өздерінің сандық мәндеріне
қарай нақты (абсолютті),қатысты және орташа шамалар арқылы беріледі.Осының
ішінде нақты шамалар жиі қолданылады және бастапқы түрі болып табылады.Ол
статистикалық бақылау нәтижесінде жиналған мәліметтерді өңдеу,жинау және
қосудан алынады.Осының негізінде,қатысты және орташа шамалар
есептеледі.Сонымен бірге бұл көрсеткіштер нақты шаманың сандық өзгерістерін
толықтырып отырады.Сол себепті әлеуметтік- экономикалық құбылыстар мен
процестер туралы зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде нақты,қатысты,орташа
шамалардың атқаратын рольдері өте жоғары және олардың сандық көрсеткіштері
қорытынды жасау үшін жиі пайдаланады.Статистикалық нақты шамалардың ғылыми
және тәжірибелік жұмыстардағы маңызы мен атқаратын ролі өте жоғары
бағаланады.Себебі нақты көрсеткіштерді қолдана отырып,әрбір кәсіпорындар
мен шаруашылықтардың,мекемелер мен ұйымдардың,ұжымдардың және тағы басқа
әлеуметтік-экономикалық дамуына немесе кемуіне толық қорытынды жасауға
мүмкіндік туады.Міне,осыған байланысты басқару орындарын жан жақты
сипаттайтын мәліметтермен қамтамасыз етіп отырады және оның кемшіліктерін
ашық көрсете алады.Бұл арнайы есептеу әдістерін қолдану арқылы жүзеге
асырылады.Сондай ақ статистика мекемелерінде жұмыс істейтін мамандардың
негізгі бір міндеті болып табылады[5].
Статистикалық ақты шамалар деп қоғамдық құбылыстар мен процестердің
белгілі бір жердегі және уақыттағы мөлшерін, көлемін, аумағын, деңгейін
сипаттайтын нақты сандық көрсеткіштерді айтады. Нақты шамалар өздерінің
көрсеткіштерінің қолданылуына қарай жеке және жалпы немесе жиынтық
қосындысы болып екіге бөлінеді. Жеке нақты шамалар жиынтықтың жеке
бөліктерінің мөлшерін,көлемін өздеріне ғана тән сандық көрсеткіштер арқылы
көрсетеді.
Жалпы нақты шамалар жеке нақты шамалрдың қосындысынан алынады.Мысалы,
халық санағы кезінде республика бойынша жалпы халықтың саны алынады. Ол
әрбір адамның жиынтығынан құралады.Жалпы нақты шамалар қоғамымыздағы болып
жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерін көрсететін жиынтық көрсеткіштер
және оны күрделі зерттеу жұмыстарында пайдаланады. Олай болса,жалпы нақты
шамалар статистикалық қорытындылаушы жинақтаушы көрсеткіш болып табылады.
Нақты шамалар қоғамдық құбылыстар мен процестердің табиғи негізін
бейнелейді.Сол себепті зерттеліп отырған объектінің-әлеуметтік-экономикалық
жағдайына байланысты[6].
Миграцияның көлемдік көрсеткіштері миграцияның немесе мигранттардың
абсолютті сандарынан тұрады.Бұл абсолютті сандар бір бірімен сәйкес келмеуі
мүмкін,себебі қарастырылып отырған кезеңдердің ішінде бір адам бірнеше рет
көшіп-қонуы мүмкін.Сондықтан миграция саны мигранттар санынан көп болады
немесе тең болады,ешқашан кем болмайды.Ағымдағы статистикалық есепте
қазіргі кезде келгендер мен кеткендердің саны шартты белгіленіп отыр,шын
мәнінде сөз келгендер мен кеткендерде.Миграцияның негізгі көрсеткіштеріне
мыналар жатады:
-келгендердің саны;
-кеткендердің саны;
-миграциялық өсу(немесе төмендеу)миграция сальдосы,таза миграция;
-миграция көлемі,жалпы миграция,брутто миграциясы;
Миграция көлемінің көрсеткіштері әр түрлі нышаналарына байланысты бөлінеді
және топтастырылады(территориясы бойынша,уақыты бойынша,әлеуметтік-
демография бойынша,бағыты бойынша)
Сыртқы миграцияға әсер ететін себептермен факторлардың арасында ең
негізгісі мыналар:
-өзінің ұлттылығын сақтап қалуға ұмтылысы;
-басқа елдердегі әскери қақтығыстар нәтижесінде;
-тарихи отанына оралуына құштарлығы;
Сыртқы миграцияда иммигранттардың санынан эммигранттардың саны
басым,бірнеше есеге көп болуы мынандай себептермен байланысты;
-бағаның өсуі
-ұзаққа созылатын экономикалық тоқырау
-өмір сүру деңгейінің төмен болуы
-зейнетақы қамсыздандырудың анық еместігі
-жоғары және орта арнайы білім алудың қиындығы
Ал ішкі миграцияда:
-аграрлық сектордың құлдырау нәтижесінде ауылдық тұрғылықты жерлерден
халықтың кетуі
-кіші және орта қалалардан әр түрлі салалардағы кәсіпорындардың
тоқтауына байланысты адамдардың кетуі
Халықтың миграциясы-тұрғылықты адамдардың бір аумақтан екінші
аумаққа(елге,облысқа,қалаға,ауданға т,с,с)мекендерін ауыстыруға байланысты
орналасуы.Мигрант-миграция процесіне қатысушы адам.Әрбір мигрант кеткен
аумағы жөнінде көшіп келуші болып табылады.Келушілер саны-есепті мерзімде
сырттан осы аумаққа көшіп келген адамдар саны.Кетушілер саны-есепті
мерзімде сыртқа осы аумақтан көшіп кеткен адамдар саны.
Миграция сальдосы-есепті мерзімде аумаққа көшіп келгендер саны мен
одан көшіп кеткендердің саны арасындағы айырмашылық.Ол теріс мәнді болуы
мүмкін,егер кеткендердің саны артық болса. Еуропалық Одақ миграциялық
саясаты саласындағы негізгі ілімі өткен тарихи жағдайларды колониялизмдік
салдарды,орталықтан көшіруді қазіргі кезде күрделі демографиялық
жағдайларды,халық дамуының региондық болашағын қамтылуы мүмкін емес.
Мемлекеттің миграциялық саясаты,егер ол шынында да өзінің ұлттық және
региондық мүдделерін халықаралық құқықтық негізінде қорғайтын болса өткен
кезеңде жіберілген қателіктерді ескеріп түзетуі тиіс. Еуропада
демографиялық шолу және талдау көрсеткендей халықты қоныстандыру процесінің
сыртқы тенденциясы қазіргіге қарағанда бұрын екі есе жылдам
болған.Халықтың қоныстандыру тенденциясының негізінде этникалық аспектілер
жатыр,бұл олардың салдарын күрделендіріп соның нәтижесінде қазіргі кездегі
ұлтаралық қатынастарға әсер етеді.Миграциялық саясат этнодемографиялық
жағдайды орнығу және тұрақтандыру процесінің жеделдеуіне жағдай жасау
керек.

2. Әлемдік миграциялық үдерістер

Еуропа әрдайым мигранттар үшiн тартымды болған емес. Белгілі зерттеуші
А.Шапиевтің айтуы бойынша бұл тартымдылық соғыстан кейiнгi өзгерiстерге
байланысты болды. Халық тұтынатын тауарлардың өндiрiсінiң дамуы, әлеуметтiк
реформалардың жүргізілуі, өнеркәсiптiк потенциалдық жаңарту, әл-ауқатын бой
Испания, Германии, Италиию, ГФР-де өмір сүру днңгейініи артуы , 70 60–-шi
жылдар дағы Хельсинкидiң процесi шығыс саясат, демократиялық
түрлендiрулерде Еуропада тұрақтылықтың саяси климаты мемлекетаралық
қайшылықтарды шешуде әскери әдiстерi қолданбау міне осы толып жатқан
факторларЕуропаға иммигранттардың көптеп ағылуына себер болды.
Еуропада Бiртұтас нарықты дамытуды қалыптастыру өнеркәсiптiк сауда -
экономикалық дамуды жеделдету, ұлттық еңбек базарларының кеңейтуi,
мемлекетаралық қатынастарды орнықтыру батыс еупропалық интеграцияның ең
маңызды мақсаттары болды. 1951жылы Еуропалық Көмiр және Шойын бірлестігін
құру – үкіметаралық шаралар арқылы аймақтық ұйымды құру процесi ең алдымен
екi iрi француз саясатшыларын жоспары болды. Олар Француз республикасын
жоспарлау бойынша комиссары Ж. Монне және Франция Сыртқы iстер министрі Р.
Шуман. Еуропалық Көмiр және Шойын бірлестігінің (ЕОУС) бiрiншi
қатысушылары Франция, Германия, Италия және Бенилюкс елдері болды. Еуропа
мемлекеттернің алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі Еуропалық қатысушы
елдердің өздерінің дербестіктерін кей жағдайларда шектейтін мемлекет үсті
органдардың құрылуы болатын[7].
Келесi он жылдықта батыс елдерiнің стратегиялық жоспарының дұрыстығы
расталды. Интеграция өмiрдiң саласы барлық қамтыды, соның iшiнде экономика,
өнеркәсiп, құрылу, аймақтық саясатты, қаржы, ауыл шаруашылығы, құқық тағы
басқа салаларды. Еуропалық одақ қазіргі таңда бұл - әлемдiк аренада саяси
экономикалық ең маңызды ойыншы ретінде әр түрлi мәселелердi шешуде елдердiң
потенциалдарын бiрiктiрудiң артықшылығын дәлелдедi. Еуропалық одаққа
жаңадан Латвия, Литва, Польша, Чехия, Словакия, Словения, Мальта, Кипр,
Венгрия, Эстония, кiрумен одақтың демографиялық, экономикалық ресурстары
одан әрі өстi.
Соғыстан кейiнгi уақытқа батыс еуропалық елдерде экономикалық
өнеркәсiптiк даму және жұмыссыздықтың қысқаруы, жергiлiктi тұрғындарды
жұмыспен қамтылу деңгейiнiң жоғарылатуына мүмкiндiк туғызды. Бұл сонысен
бірге қысқа мерзiмдерде барлық АҚШ үкіметінің соғыстан кейінгі
батысеуропалық экономиканы оңалтуға бағытталған Маршалл жоспарына да
байланысты болды. АҚШ үкiмет батыс еуропалық елдерге арналған тауарларды
құнын американдық экспортерларға төледi. Маршалл жоспарының іске асырылуы
еуропалық саясаттың консолидациясына, батыс әлемiн сауда - қаржы жүйесiн
дағдарысының экономикалық салдарды жеңуге, тұрақтануына жәрдемдестi.
Еңбектiң өнiмдiлiгiн жоғарылатудың өндiрiсте американдық әдiстерiн кеңінен
енгiзу Маршалла жоспары нәтижесі болды.
Қазіргі уақытта Еуропалық одақ, әр түрлi мақсаттарымен келетін
мигранттарды қабылдайтын ерекше мемлекетаралық құрылым болып отыр.
Еуропада қазiргi миграциялық жүйе, экономикалық, мәдени, саяси,
географиялық байланыстармен ажыратылмас бiртұтас миграциялық жүйе сияқты
сипаттама алыр отыр. Осыдан аз уақыт бұрын солтүстiк- оңтүстiк бағытының
орнына миграциялық толқынның батыс-шығыс деп аталатын жаңа ағыны пайда
болды. Бұл бағыттың пайда болуы көбінесе миграциялық ағындарды алуан
түрлiлiгімен және әртүрлі бағытта дамуымен түсіндіріледі. ЕО-да жаңа
елдердің қосылуы миграцияның жаңа векторының қалыптасуына себеп иболып
отыр. Жұмысшы күштiң тартылуы негізінен Еуропалық миграциялық жүйесiнде
Еуропаның Батыс, Солтүстiк, Шығыс и Оңтүстік аймақтарынан келуде.
Еуропалық одақты тұрғындарының 500 миллион халқының 43 миллионы өз
елдерінен тыс жерлерде дүниеге келген адамдардан құралған. Соңғы жүз
жылдықта Еуропада миграциялық ағындарын негiзгi орталығы 10,1 млн мигранты
бар Германия мемлекеті болып отыр. Жалпы тұрғындары арасында мигранттар
саны бойынша (Ресей федерациясы, Америка құрама штаттардан кейiн) әлемiнде
үшiншi болып табылады. Бұдан кейін 5, 6 млн мигранты бар Ұлыбритания 4-ші
орында, Франция (6, 5 миллион ) 5-ші орында, Испания (4, 8 млн.) алтыншы
орында орналасқан. Тұрғындардың едәуір бөлiгi басқа мемлекеттерiнен шыққан
Швейцария 1, 7 млн мигрантымен 7-ші орынға жайғасқан[8].
Бұдан кейінгі орныдарда :Нидерланды (1, 6 млн.), Австрия (1, 3 млн.),
Швеция (1, 1 млн.), Греция (1 млн.) болып миграциялоық үдерістер ЕО
мемлекеттернің басым көпшілігінде белең алғандығын көрсетіп отыр.
Миграциялық өсу еуропалық елдерiн көпшiлiгiнде қазiргi мерзiмде
тұрғындардың санының өзгерiсiнің негiзгi факторы болып отыр. 1960–2005
жылдар бойы таза миграция (тұрғындардың санақтарын көрсеткiші мен
тұрғындардың санының түзетуiн қоса) Еуропаның тұрғындарын өсуiн 25 есе 21
миллион адамға қамтамасызданды. Жаңа мыңжылдық басынан миграция бүкіл ЕО
тұрғындар санының өсуiнің ң бөлігін қамтамасызданады. Табиғи өсiмнiң
серпiнiн талдаудың нәтижесінде 1960-шi жылдарды ортасынан 2003 жылға дейiн
106 мың адамға төмендесе 2008 жылы 595 мыңға жетiп өсе бастады. Табиғи
өсiмнiң шамасы 2004–2010 жылдарда 2003 жылмен салыстырғанда көрсеткіштi 4–5
есе арттырды, бiр жағынан бұл көрсеткіш миграциялық өсудi қарқынды
дамуымен аса маңызды болып көрінбегенмен табиғи өсiмнiң жоғарылауы ұзақ
мерзімге орнықты. Миграция бұл, сөзсiз, Еуропалық одақты тұрғындардың
санының өзгерiсiнде шешуші рөл ойнайды.
Жоғарыда келтірілген мәліметтерге туылу және өлiм-жiтiм санына
салыстырмалы түрде қарағанда ЕО –да 2040 жылға дейiн халықтың өсу деңгейі
орнықты жалғасады, 526 миллион адам деңгейіне шығып, 2060 жылда 517 миллион
адамға дейiн бiртiндеп төмендейдi.
ЕО әлемнiң басқа елдерiмен миграциялық үдерістер нәтижесінде
тұрғындары, 2010 жылдан бастап Еуропа халқының саны ұдайы өсіп отыратын
болса, cонымен жалпы Еуропа халықының әр жыл сайын өсуінің шамамен 17%
дерлiк құрай отырып 2060 жылда 86 миллион адамға дейiн үлкеюі жылма-жыл
жалғасатын болады.
Көшi-қон саясатымен ұлт мүдделерiндегi миграциялық ағындарын реттеуге
мемлекеттің заң шығарушы, атқарушы билігі кешенді түрде жұмыс атқарады
десек қателеспейміз. Бұл реттеулер мигранттарды әлеуметтiк қорғау, оларғаи
пана беру мәселелері, шетелдiк еңбек күшiнiң қолдануы, азаматтық берудiң
процедуралары, олардың мемлекет шекарасынан шығуы және кіруі мәсселелерін
қамтиды.
ЕуроОдақтың – мүше елдерi мемлекеттiк көшi-қон саясатын әр түрлi
деңгейлерге жүзеге асырады: мемлекетаралық өзара iс-қимылды түрде, iшкi
көшi-қон саясатының түрiнде ұлттық деңгейде. Еуропада осы шаққа көшi-қон
саясатының төрт үлгiсi ерекшелеуге болады.
Империялық үлгi ұлттың мүшелерi бiртұтас билiктiң объектiлерiмен не
болып табылған ойлайды, немесе бiртұтас билеушi. Қазiргi либералды
мемлекеттер ешқайсы бұл түрге жатпайды, бұл түрдiң – тарихи өкiлдерi
Ұлыбритания. Ресейлiк, Австро –Венгрия және Осман империясы
Батыс Еуропа соңғы бірнеше ғасырлар бойына біртіндеп бүкіл ғаламшарды
қамтыған көптеген жаңа идеялық-концептуалдық, әлеуметтік — экономикалық
және саяси-құқықтық тенденциялардың бесігі болды. Мұнда ХVІІ-ХVIII ғғ.
өнеркәсіп төңкерісі, ал XVIII ғ. экономикалық және саяси демократияның
құқықтық құралы мен доктринасы қалыптасты. Әлемнің тап осы бөлігінде XX ғ.
Шығыс Еуропа, Сібір, Закавказья және Орталық Азияның көптеген халықтарының
өмірін мүлде өзгерткен және өткен ғасырдың көп бөлігі бойына әлемді
дірілдеткен ғылыми коммунизм идеясы дүниеге келген болатын. XX ғ.
ортасынан Батыс Еуропа халықаралық интеграция үрдісінің бесігі болды.
Ғасырлар бойына жалғасқан ішкі еуропалық сауда байланыстары мұнда тек
халықаралық транспорттық, кейіннен несие — қаржылық инфраструктураны құрып
қана қоймай, сонымен бірге халықаралық қатынас мәдениетін, салт — дәстүр
және этикалық нормалар жүйесін де құрды.
Бүгінгі Еуропалық Одақ 378 472 млн. халқы бар 15 мемлекеттің саяси және
қаржылық одағы. Біріккен Еуропа — жер шарыңдағы ең сыйымды нарық және ең
мықты экономикалық бірлік. 1996 ж. Әлемдік банктің есебі бойынша 1994 ж.
ішкі жан басына шаққандағы ішкі өнімі (ӘБ соңғы мәліметті әлі жариялаған
жоқ) 7 346 577 млн.доллар, яғни әлемдегі ең үлкен көлемді білдіреді. Ішкі
жалпы өнімі бойынша Еуропалық Одақ АҚШ, Жапония, Қытай, ТМД елдерінен асып
түседі[9].
XXғ. екінші жартысында әлемнің түрлі бөліктерінде интеграциялық топтар
күрыла бастайды. Бірлестіктер тек жоғары және орташа дамыған индустриалды
шаруашылықтары бар аймақтарда ғана емес (Солтүстік американдық еркін сауда
ассоциациясы (НАФТА), Азия-Тынық мұхиттық экономикалык корпорация (АТЭС),
Оңтүстік-Шығыс Азия елдері (АСЕАН), Латинамерикандық интеграциялық
ассоциация (ЛАИА)), әлемнің ең артта қалған аймақтарында да (Батыс —
Африкан елдерінің экономикалық қоғамдастығы, Даму және үйлестірудің
Оңтүстік Африкандық конференциясы (ЮАКРК), Шығыс — африкандық экономикалық
бірлестік және т.б.) құрылды. Жалпы алғанда аймақтық интеграция туралы 70-
тен астам келісімдер түскен.
Бүгінде Еуропалық Одақ аймақтық интеграцияның әлдеқайда дамыған түрі
болып табылады. Өзінің саяси құрылымын жетілдіру үрдісінде, өз дамуында
аймақтық интеграцияға қатысуға бейімделуші тәуелсіз Қазақстан Республикасы
үшін интеграция, жетекші елдер тәжірибесі сияқты негізге алушы тенденцияны
ескерген жөн.
ҚР бірқатар интеграциялық бірлестіктерге (ЕврАзЭс, ЦАЭС,)
қатысуда.Сондықтан да Қазақстан үшін аймақтық интеграция тәжірибесін оқып-
үйрену қолданыстық маңызға ие.Еуропалық интеграцияның қалыптасу үрдісі
бүгінгі таңда әлемнің бірқатар аймақтарына үлгі болары сөзсіз. Бұл мәселені
зерттеу қазіргі уақытта тек ғылыми жағынан емес, сондай-ақ өркениетті
дамуға ұмтылған жас тәуелсіз елдер үшін өмірлік қажеттілік болып табылады.
Қазақстанда әлемдік тәжірибені, сондай-ақ осындай өзгерістерді басынан
кешкен елдердің тәжірибелерін зерделеу үлгі ретінде қарастырылады.Кеңестер
Одағы ыдырағаннан кейін ынтымақтастықты нығайтуға және ғаламдық деңгейдегі
мемлекетаралық өзара қарым-қатынасты орнатуға ұмтылған Орта Азия
мемлекеттері үшін еуропалық интеграция үрдісінің өткен жолын, осы бағыттағы
табыстарымен қатар кемшіліктерінен, өздеріне тән ерекшеліктерінен тәлім —
тәрбие алуы, істің табысты болуының кепілдігі. Еуропалық тәжірибе
Ортаазиялық кеңістікте, ТМД елдері арасында еуроазиялық экономикалық
қоғамдастыққа, тіпті әлемдік деңгейге үйлесуге ұмтылуда өзінің маңыздылығын
жоғалтпайды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев: Қазақстан өзінің
геосаяси орналасуына және экономикалық әлеуетіне орай, тар аймақтық
мәселелер шеңберінде тұйықталуға құқы жоқ. Қазақстанның болашағы Азия мен
Еуропада, Шығыс пен Батыста. Шығыс пен Батыс арасындағы өзара түсіністік
бір — бірінің ерекшеліктерін білу негізіне сүйенеді және онда біздің
елдеріміз бен халықтарымыз игілігіне жаратар орасан зор мүмкіншіліктер
бар, — деп көрсетті .
Қазақстан үшін Еуропалық Одақапен қатынастарының қажеттілігі мен
перспективалылығы ЕО әлемдік саясат, экономика және мәдениеттегі рөлі мен
орны ғана емес, еуроазиаттық ел болып табылатын Қазақстан Республикасының
халықаралық қатынастар жүйесіндегі алып отырған екі жақты жағдайымен
анықталады. Географиялық жағдайы (ұлы екі көршінің ортасында орналасуы,
әлемдік мұхитқа шыға алмауы), халықтың этникалық құрамы Батыс пен Шығысқа,
жақын және алыстағы көршілерге қатар бейімделу қажеттілігін алдыға тартып
отыр.
Қазіргі ғаламдану жағдайында этникалық қайта өрлеу мен халықаралық
миграция ғаламдану салдарларының бірі болып табылады. Миграция өзінің
жаппайлылығы және барлық жердегі динамикасының күрделілігімен ерекше
сипатқа ие, сонымен қатар ол көбінесе халықаралық шиеленістер мен
қақтығыстарға себепші. Миграция халықаралық өмірдің басты мәселелерінің
біріне айналуда. Бұл байланыста оны жеке елдің жергілікті құбылысы ретінде
қарастырып қана қоймай, оның әрқайсысы адам ресурстары ғаламдық араласудың
органикалық құрамын білдіретіндігін есте тұтқан жөн. Бұл құбылыс ғаламдану
жағдайындағы этникалық өзін — өзі анықтау мәселесімен нақты байланыста.
XX ғ. 90-шы жж. басында Батыс Еуропа елдерінің көпшілігінде
иммигранттық қауымдастықтар қоғам халқының жалпы санының 5 пайыздан 10
пайызға дейінгі көрсеткішін құрады. ЕО елдеріндегі занды иммигранттардың
саны 2 млн. жуық болды. Осы сан шеңберінде басқа елдердің адамдары ЕО
шамамен 5,5 млн. адамын құрады. Олардың кұқықтық және азаматтық құқықтары
келген еліндегі мәртебесімен жақындастырылды. Бұл топтың басқа бөлігі —
шамамен 11,5 млн. адам ЕО тыс елдерден келгендер. Олардың 90 пайызға жуығын
дамушы елдерден шыққандар екендігі есептелінді. Еуропалық Одақтағы
еуропалық елдерден тыс шыққан мигранттардың саны шамамен 10 млн. десек,
яғни бұл Еуропалық Одақ халқының жалпы санының 3 пайызға жуығын құрайды.
Бұл мәліметтер тек заңды мигранттарға қатысты.
Батыс Еуропа елдері әлі де мигранттардың көпшілігі үшін потенциалды
қоныс аударудың негізгі орындарының бірі болуда. Еуропалық емес елдерден
шыққан иммигранттар қауымдастығы нәсілдік және мәдени жағынан өздерін
қабылдаушы елдерден айырықашаланады, бірақ сол ел экономикасы мен қоғамының
берік элементіне айналды.
Иммигранттар ынтымақтасқан этникалық қауымдастық құрады, көп жағдайда өзара
антогонизм мен қақтығыстарға себепші болатын олар мәдениет, тілі, діні
бойынша жекеленген[10].
Жұмысшы күшінің еркін қозғалысы қағидасы Еуропалық Одақтың ішкі
нарығының негізін қалайтын төрт бостандықгың бірі. Бұл қағида еңбекті еркін
қолдану және қоғамдастықтың кез-келген мүше-елінде Еуропалық Одақтың
тұрғындары шаруашылық қызметін еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді.
Жұмыс орнын таңдау және оған ие болумен байланысты қоныс тебу, сонымен
қатар тұрғын үйді жалға немесе меншікке алу мүмкіндігі қосымша құқық болып
табылады. Жұмысшы күшінің еркін қозғалысы қағидасын іске асыру ерекше
құқықтық реттеуді, сонымен қатар осы интеграциялық бірлестікке қатысушы —
елдердің өзара беретін кепілдіктерін анықтауды талап етеді. Еуропалық
Парламент және қоныс тепкен жерінде жергілікгі өзін — өзі басқару
органдарына сайлауға қатысу мүмкіндігін білдіретін сайлау құқығы, еңбек
нарығының жеткілікті болуы, диплом және кәсіптік мамандануының мойындалуы,
әлеуметтік қамсыздандырылудың үйлестірілуі сияқты құқықтар осы
кепілдіктердің объектісі болып табылады.
Жұмысшы күшінің еркін қозғалысы қағидасын іс жүзінде іске асыру мәселесі
Орталық және Шығыс Еуропаның посткеңестік мемлекеттері есебінен Еуропалық
Одақтың алдағы кеңеюіне байланысты ерекше сипат алды.
Осы байланыста интеграция үрдісіндегі реттеу мен шешуге қажетті бірқатар
мәселелер шеңберін анықтауға ықпалдастық ететін ЕО этникалық саясатын
зерттеу ерекше маңыз алады.
Қазақстан Республикасы — көп этникалық мемлекет және аймақтағы
интеграциялық үрдістердің белсенді қатысушысы болғандықтан ЕО этникалық
саясатының талдауы үлкен маңызға ие. Аймақтық интеграция үрдісіндегі
этникалық азшылықтар мәселесін шешудегі ЕО тәжірибесі жас егемен республика
үшін пайдалы болмақ. Осы мәселедегі ЕО жетістіктері мен кемшіліктерін оқып-
зерттеу этникааралық келісім, этникааралық интеграция және интеграциялық
қогамдастыққа этникалық азшылықгардың кірігуге қол жеткізу жолдарын
анықтауға ықпалдастық етеді

3. Миграциялық үдерістердің халықаралық қатынастардағы ролі

Еуропалық Одақ - 445 млн халқы бар, әлемдік ЖІӨ-нің 30 пайызы жуығы
тиеселі қазіргі уақытта 28 мемлекеттің басын құраған әлемдегі ең табысты
интеграциялық бірлестік болып табылады. Экономикалық және саяси
интеграцияны одан ары тереңдете отырып, өзінің халықаралық аренадағы ролі
мен орнын күн санап нығайтуда және әлі де болса ықпалды геосаяси ойыншы
ретінде қалыптаспаса да көптеген саяси сарапшылар тарапынан глобальды
көшбасшы ретінде танылуда. Жоғары дамыған экономика, демократиялық-саяси
жүйелер, қуатты ғылыми –технологиялық әлеуетке және әлеуметтік
қамсыздандыру жүйесіне ие ЕО үшінші әлем мемлекеттеріне серіктестік үшін
тартымды аймақ болып қала бермек. Алайда, көптеген ұлттық мемлекеттердің
басын біріктіре отырып, күрделі институционалды проблемаларға тап болған
ЕО-на халықаралық қатынастарда жаңа қатерлергеқарсы тұру оңайға тиіп
отырған жоқ. Еуропалық Одақтың дамуындағы күрделі мәселелердің бірі -
еуропалық мемлекеттердегі иммигранттардың бейімделуі және оларға байланысты
саясаттың түзілуі және миграция ағынының реттелуі мәселесі болып отыр[11].

Миграция – қазіргі әлемдегі ең маңызды әлеуметтік құбылыстардың бірі
болып саналады. БҰҰ-ның бағалауынша, бүкіл планетаның 6 млрд халқының 200
млн-ға жуығы (3%-ға жуық) мигранттар болып есептеледі. Миграция халықаралық
қатынастарда құбылысы көптен бері байқалып келе жатқан құбылыс болып
саналады. Тек кейінгі уақытта ғана заңсыз иммигранттар ағыны толастамайтын
дамыған мемлекеттердің ішкі және халықаралық саясатының маңызды мәселесі
ретінде қарастырыла бастады.
Демографиялық даму Еуропаның бүгінгі келбетін мүлдем өзгертті.
Жергілікті халықтың туу деңгейінің төмендеуі және қартаюы Азия, Африкадан
келген иммигранттардың қарқынды ағыны әсерінен Еуропаның ұлттық
мемлекетерінің дәстүрлі этникалық біркелкілігін жойды. Еуропаның байырғы
христиан халқы мұсылман мәдениетімен араласу пікіріне әлі де болса үлкен
алаңдаушылықпен қарайды.
Полиэтникалық қоғамның қалыптасуы белгілі бір проблемаларға кезігуде.
ЕО-ның көп мемлекеттерінде азиялық немесе африкандық иммигранттардың жаңа
буын ұрпақтары өздерін сол елдің толықтай азаматы ретінде сезінбейді.
Себебі, көп жағдайда еуропалық жергілікті халық иммигранттарға әлі де болса
үлкен бөлектеушілікпен қарайды. Бұл әлеуметтік өмірдің әр тараптарында күн
сайын байқалатын құбылыс болып саналады.
Иммигранттардың әлеуметтік бейімделу үлгісінің тиімсіздігі Еуропада
этникалық сегрегацияның жайылуына әкеліп соқтыруда. Көптеген Еуропа
мемлекеттерінде имммигранттық азшылықтар өздерінің бөлек кварталарында,
аудандарында шоғырлану осының айқын дәлелі бола алады. Еуропа
урбанизациясында да еуропалық қалалардың билігі иммигранттық этникалық
топтардың қаланың қақ ортасында емес, тыс жерлерде бөлек кварталдарда өмір
сүруін қалайды.
Иммигранттар мен жергілікті тұрғындар арасындағы әлеуметтік теңдік
формальды түрде бекітілгенімен шынайы өмірде баска елдерден келгендер
жұмысқа орналасуда дискриминацияға яғни бөлектеушілік пен шектеуге тап
болып жатады. Бұл жағдайға кейінгі кезде еуропалық мемлекеттерде кеңінен
қанат жайған иммигранттарға қарсы радикальды қарсы саясат ұстанатын ультра
оңшыл партиялардың да әсері аз емес.
Еуропа мемлекеттеріндегі миграцияның деңгейінің өсуінің негізгі
себептері: демографиялық жағдайдың өзгеруі яғни ЕО мемлекеттерінің
түпкілікті халықтарының санының күрт азаюы, және ЕО мемлекеттерінде
әлеуметтік жүйені сақтап қалуда халықтың қартаюы факторының қауіптілігі
болып табылады[12].
Батыс Еуропаның мемлекеттеріне барлығына тән нәрсе – туу деңгейінің
күрт төмендеуі нәтижесінде халық санының азаюы. ЕО мемлекетерінде туу
деңгейінің орташа коэффициенті әр жанұяда 1,1-1,3 –тен аспайды. Ал қалыпты
демографиялық өсім үшін бұл көрсеткіш 2,1 –ден төмен болмауы қажет.
БҰҰ-ның мәлімдеуінше, келесі 50 жылда Ирландия, Исландия және
Люксембургтан басқа барлық Еуропа мемлекеттерінде халықтың саны азаяды.
2050 жылға қарай Франция, Мальта, Норвегия, Ирландия, Исландия және
Люксембургтан басқа еуропалық мемлекеттерде халық саны 200 жылғы
көрсеткіштен мүлдем төмен болады деп болжам жасалуда.
Еуропа географиясында халық саны 2050 жылға қарай 2000 жылмен
салыстырғанда 124 млн адамға қысқарады және бұрынғы 727 млн тұрғынның
орнына 603 млн халық болады. Жалпы ЕО мемлекеттерін қарастырғанда, 37 млн
адамға азайып, бұрынғы 450 млн халықтың орнында 413 млн халық қалады. Ең
көп халықтың азаюы Эстония мен Болгарияда болады деп күтілуде. Бұл
мемлекеттерде халық санының азаюы 40% құрайды. Ал Еуропаның ірі
мемлекеттерін қарсатырсақ, болжамдар бойынша: Италияда -25%-ға, Германияда
- 14%-ға, Британияда -2%-ға азаюы мүмкін. Тек Францияда ғана аз ғана халық
санының өсуі 60 млн-нан 62 млн-ға өседі дегегн болжам бар[13].
Бірақ болжамдар тек сырттан келетін иммиграциялық ағымды емепке ала
отырып айтылған. Егер иммиграция тоқтаса, Еуропа халқының саны бұдан да
едәуір қысқарады – Италияда 17 млн-ға (30%), Германияда 23 млн (27%),
Британияда 5 млн-ға (8%), азаяды. Жалпы алғанда Еуропаның жалпы халқы 62
млн-ға (17%) азаяды.
Демографиялық болжамдарға сәйкес Еуропа халқының қартаюы үдерісі ұзақ
уақытты перспективада сақталады. Халықтың ең жоғарғы орташа жасы Оңтүстік
Еуропа мемлекеттерінде және Германияда байқалуда: қазіргі деңгей 41 жас
болса 2050 жылға дейін бұл көрсеткіш 53 жасқа дейін көтерілуі мүмкін, 65
жастан жоғары халықтың үлес салмағы 18%-дан 35%-ға артуы әбден мүмкін.
Сонымен қатар, 15 пен 64 жас арасындағы еңбекке жарамды халықтың үлес
салмағы екі есеге дейін азаюы қаупі бар.
Еуропа халқының қартаюының максималды көрсеткіші 21 ғасырдың 20
жылдарынан кейін шырқау шегіне жетуі болжануда. Еуропадағы туу деңгейі
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі 1946-1966 жж. ерекше жоғарылауынан
кейін ешқашан болған емес[14].
Еуропа халқының қартаюының бір сетебі туу деңгейінің төмендігі болса
екнші бір себебі – өмір ұзақтығының жоғарылау болып табылады. Мысалы.
Еуропа елдеріндегі халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы әйелдер үшін 80 жасты
құраса, ерлер үшін 74 жасты құрап отыр.
Еуропа мемлекеттерді халық санының өсуін, туу деңгейін көтеру үшін
жан-жақты әлеуметтік қолдауларды күшейтіп, жас жанұялар мен жалғызбасты
аналарға әлеуметтік төлемдерді ұдайы арттырса да бұл шаралардан әзірге
үлкен нәтиже болып отырған жоқ.
Халық санының күрт азаюы және оның қартаюы ЕО мемлекеттерінің
экономикасы үшін үлкен зиян алып келуі мүмкін. Сондықтан Еуропа
мемлекеттері жергілікті халықтың демографиялық дағдарысын көптеп ағылып
келіп жатқан миграция толқындарының көмегімен жоюды көздер отыр. Бірақ бұл
туралы еуропалық сарапшылар арасында бір ортақ пікір жоқтың қасы. Яғни,
миграциялық толқындардың пайдалылығы мен зияндығы хақында әлі де болса
толыққанды көзқарас қалыптаспаған.

ІІ-ТАРАУ.ЕУРОПАДАҒЫ МИГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР

2.1. Франциядағы миграциялық жағдай: иммиграциялық саясаттың дағдарысы

Франция Еуропаның тарихи қалыптасқан иммиграциялық орталықтарының бірі
болып келеді. Аталған елдің миграциялық саясаты иммигранттардың француз
қоғамына ассимиляциялануына бағытталған. Яғни иммиграциялық топтарға қоғам
ішінде мәдени және тіл ерекшеліктері бойынша дифференциациялануға
(бөлектенушілік) тиым салынған[15].
Франциядағы еңбек миграциясы 19-ғасырдың соңынан басталды. Ол уақытта
елдің маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарына Бельгия және Италиядан
жұмысшылар тартылды. Нәтижесінде, 1914 жылға қарай Франциядағы
шетелдіктердің саны жалпы халықтың 3% -ын (шамамен 1 млн-ға жуық адам)
құрады.
Бұдан кейінгі миграцияның үлкен толқыны Францияға 1920-1930 жж. келді.
Бұл Бірінші Дүниежүзілік соғыста майданда 1,3-1,5 млн-ға жуық адамынан
айрылған Франция экономикасының қайта қалпына келтірілуі үшін сырттан көп
жұмыс күші қажет болды. Миграция толқынының ең негізгі үлес салмағы
Испания, Польша, Италия, Бельгиядан келген келімсектерге тиеселі болды. Тек
азғантай ғана бөлігі Солтүстік Африка отарларынан шыққандар болды.
Оыслайша, 1931 жылға қарай Франциядағы шет мемлекеттерден келгендердің саны
3- млн-ға (жалпы халық санының 3%-ы) жетті.
Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін Францияда да басқа Еуропа
мемлекеттеріндегі сияқты 30 жылға созылған үздіксіз экономикалық даму
кезеңі басталды. Елдің экономикасының қарқында дамуы тағы да жұмыс күші
қажеттілігін туындатты және миграцияның жаңа легінің келуіне ықпал етті.
Сонымен бірге, иммигранттардың этникалық құрамы біртіндеп өзгере бастады.
Олардың ішінде Түркия, Тунис, Алжир, Марокко және Тропикалық Африкадан
шыққандар басым көпшілікті құрай бастады. Бірақ Еуропа құрлығынан келгендер
де әлі де болса сақталды. Миграция француз қоғамында жергілікті халық пен
иммигранттар арасындағы туу деңгейінің үлкен айырмашылығымен де сипатталды.
Мысалы француз жанұяларында орташа есеппен 2 бала дүниеге келетін болса,
араб жанұяларында орташа көрсеткіш 5-6 баланы құрады.
Миграцияның үшінші бір толқынына әсер еткен оқиға – 1960 жылдардағы
Алжирдегі соғыс болды. Алжирдің тәуелсіздік алуымен ондағы 1 млн француз
бен 400 мыңдай солтүстік африкандықтар Францияға қоныс аударды.
1980 жылдары басталған миграцияның соңғы толқыны бұрынғыларға
қарағанда құрамы мен сипаты жағынан да басқаша болды. Еуропаның бірқатар
елдерінде экономикалық жағдайдың тұрақталуына байланысты Португалия,
испания және Италиядан келетін келімсектердің саны күрт азайды, есесіне
араб және африка елдерінен келген иммиграттардың саны күрт өсті. Олар
Францияға тек жұмыс істеу үшін ғана емес , қоныстануды да мақсат етіп келе
бастады. Осы миграцияның үшінші толқыны нәтижесінде көптеген француз
қалаларында шағын араб қоныстары пайда бола бастады. Ондағы халықтың
көпшілігін Францияда туылған арабтар құрады. Дамыған әлеуметтік
кепілдемелер мен әртүрді әлеуметтік жәрдемақылардың көп болуы Францияға
келіп жатқан иммигранттардың жұмыс іздеуге ғана емес осы әлеуметтік
көмектерді алуға ұмтылуына себеп болды. Француз экономистерінің
есептеуінше, бұрынғы уақытта әр бір иммигрантқа шаққанда 1 жұмыс орны 0,7
пайызды құраса қазіргі кезенде бұл көрсеткіш ( иммигранттардың балаларын
есепке ала отырып) бір вакансияға 3-4 адамнан келеді.
1990 жылдардың басында Француз иммиграциялық саясаты қатая бастады.
1993 жылы қабылданған Иммиграция туралы заңға сәйкес шетелден келген
дипломы бар мамандардың еңбек нарығына кіруін шектеді, жанұялардың (ерлі
зайыптылардың біреуінің шетелде қалған жағдайында) қосылуы мерзімін 1-
жылдан 2 жылға дейін ұзартты, некеге тұрмас бұрын Францияда заңсыз тұрып
келген шетелдік азаматтарға мекендеу құқығын (виды на жительство) кері
алды. Имиграциялық тәртіптің қатаюына байланысты Екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін алғаш рет Францияда қоныстанып қалған иммигранттардың ең аз
саны тіркелді. 1995 жылы – 56 мың, 1997 жылы – 55 мың[16].
1997 жылы Францияда билік басына келген Л. Жоспеннің социалистік
үкіметі жоғары білікті мамандар мен ғалымдарды тартуға бағытталған және
заңсыз миграциямен күресті күшейтуді мақсат еткен жаңа иммиграциялық заңды
қабылдады. Аталған заң аясында 1997 жылы маусымда жүргізілген
иммигранттарды легализациялау іс-шараларында 150 мың өтініш білдірген
заңсыз иммигранттардың 87 мыңына заңды статус берілген. Сонымен қатар,
бұрындары алынып тасталған Францияда аумағында туылған шетелдік жанұялардың
балаларына автоматты түрде берілетін азаматтық та қайтарылды.
Француздық иммигранттардың интеграциясы саясаты, АҚШ пен
Ұлыбританиядағыдай азаматтардың этникалық тегін жіті бақылауда ұстамайды.
Француз дәстүрі этникалық текке шамадан тыс назар аудару иммигранттардың
француз қоғамына интеграциялануының ең үлкен кедергісі ретінде қарастырады.
Алайда, бірқатар этникалық кемсітушілік (дискриминация) оқиғалары және
иммиграциялық саясаттағы қателіктер бұл бағытта қайта қарастыруға
мәжбүрледі. Нәтижесінде 2004 жылы әртүрлі иммиграциялық топтардың мұрасын
және француз қоғамына қосқан үлесні зерттеу мақсатында Ұлттық иммиграция
тарихын зерттеу орталығы құрылды. Сарапшылардың пікірінше, бұл орталықтың
ашылуы қазіргі заманғы француз тарихында иммигранттардың орны мен ролінің
танылуы үшін жасалған маңызды қадам болды[17].
1990 жылдары француз қоғамында мемлекеттік білім беру мекемелерінде
хиджаб киуге байланысты қызу пікірталас пайда болды. Бір тарап діни
символдардың мемлекеттік мекемелерде киілуі француз зайырлы республикандық
құндылықтарына қайшы келеді десе, екінші тарап діни символдарға тиым салу
жеке діни наным сенім бостандығына оң көзбен қарай бермейтін француздық
иммигранттарды ассимлицияландыру саясатының жемісі дегенді айтады.
2004 жылы Халық Жиналысы қоғамдық білім беру мекемелерінде хиджаб және
тағы да басқа да діни символарды киуге тиым салатын заң жобасын мақұлдады.
Парламенттік комиссия француздық білім беру жүйесі зайырлылық,
республикандық және азаматтық қағидалар көрініс алатын нейтральды орта
болуы тиіс деген тоқтамға келді.

2.2. Ұлыританиядағы миграциялық ахуал: либеральды иммиграциялық
режимнің сақталуы

Ұлыбритания да өте ұзақ иммиграциялық тарихқа ие мемлекет болып
табылады. Миграцияның негізгі толқыны 19-ғасырда Ирландия, Кариб бассейні,
Үндістан және Пәкістаннан келді. Британияның иммиграциялық саясаты оның
бұрынғы империялық тарихымен тығыз байланысты.
1948 жылығ Британиядағы азаматтық туралы заңға сәйкес Британияға
қоныстанған Халықтар Достастығы тұрғындары ағылшын азаматтығына қол
жеткізетін еді. Бірақ 1950-1960 жылдары иммигранттардың орасан зор ағыны
және осыған байланысты антимиграциялық қозғалыстардың күшеюі 1962 жылы
аталған британ азаматтығын алу құқығын тек ата-бабалары Ұлыбританияда
туылған адамдарға беруге шешім қабылданды. Осы 1962 жылы лейбористік
партияның бастамасымен жарыққа шыққан заңға сәйкес британ азаматтарын
(Ұлыбритания аумағында туылған екінші буында ата-бабалары немесе ата-
аналары бар) басқа Британдық ұлттар достастығы тұрғындарынан бөліп
қарастырды. Ақырын, бұрынғы британ отарларының азаматтарының да Ұлыбритания
аумағына кіруіне шектеулер қойыла бастады. Бұрынғы британ отарлары:
Үндістан, Пәкістан және ямайкадан шыққандар Британия аумағына қоныс тебуі
үшін ерекше біліктіліктерге және тамаша репутацияға ие болулары керек
болды. Британ үкіметі бір тараптан бұрынғы отарлардан миграция толқынын
шектей отырып, керісінше ақ түсті иммиграцияны (Канада, Оңтүстік Африка,
Жаңа Зеландия мен Австралиядан келушілер) қызу қолдай бастады[18].
1980 жылғы британ ұлты туралы Заңға сәйкес британ ұлттығының көп
деңгейлі құрылымы – яғни, Ұлыбританияның толыққанды азаматынан бастап,
британ азаматы болып табылмайтын бірақ британ тәжі қорғауында болып
табылатындарға дейінгі көпдеңгейлі жүйе түзілді. Британ үкіметі
иммиграцияны шектеу іс-шараларымен бірге мемлекет ішінде этникалық және
нәсілдік дискриминацияны болдырмауға бірқатар шараларды жүзеге асырды.
Мәселен, этникалық немесе нәсілдік тегіне байланысты жұмыстан қуылған адам
1976 жылы құрылған Нәсілдік Теңдік бойынша Комиссияға шағымдана алатын.
Осылайша, иммиграциялық саясаттың қатаңдығы этникалық және мәдени
азшылықтарға толеранттылық көрсетумен үйлесіп отырады, бүл британ
иммиграциялық саясатының француз үлгісінен ең үлкен айырмашылығы болып
табылады.
Қазіргі уақыттаҰлыбританияға ағылған миграциялық топтардың құрамында
бұрынғы британ отарларының азаматтарының үлес салмағы өте аз брлып
табылады. 1984-2014 жж. аралығындағы уақытта олардың өсу деңгейі 1,55 млн-
нан 2,87 млн-ға (жалпы елдегі халықтың 5%-ы) көбейді. Ал, басқа шетелдік
азаматтардың үлес салмағы жалпы халықтың 8,6%-ын құрады[19].
Шетелдік азаматардың ішінде ең үлес салмағы үлкен ирландықтар (374
мың), бұлардың саны соңғы мыңжылдықта едәуір азайғанымен ЕО азматтарының
көп бөлігін Ұлыбританияның шетелдіктері (шамамен 1,2 млн) құрайды. Олар:
Үндістан (159 мың), Пәкістан (76 мың), АҚШ (135 мың), Оңтүстік Африка (99
мың), және Австралия (76 мың) болып табылады.
Британдық иммиграциялық статистиканың мәліметтері бойынша Ұлыбритания
аумағында тұрақты қоныстануға рұхсат беретін тұрақты резиденттер картасы
саны әрдайым жарияланып отырады. Мұндай статус Британ азаматымен некеге
тұрғаннан кейін, босқын мәртебесі алғаннан соң немесе Британия аумағында
заңды түрде 10 жылдан астам уақыт тұрған кезде беріледі. 2013 жылғы
мәліметтер бойынша осындай карталардың 160 мыңнан астамы берілген және 145
мыңнан астам адамға британ азаматтығы берілген.
Британияға келетін иммиграциялық толқынның көп бөлігі ақ түсті
иммиграцияға (Канада, Оңтүстік Африка, Жаңа Зеландия мен Австралиядан)
тиеселі болғанымен, миграциялық үдерістер елдің этникалық құрамын барынша
диверсификациялауда. Мәселен, соңғы жылдары Британ длостастығы елдері
(Үндістан, Бангладлеш, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңсыз иммигранттар
Қазақстан Республикасының көші – қон процестердің ерекшеліктері
Қазіргі кездегі жұмысшы күшінің миграциялық тартылуы және негізгі орталықтары мен ауқымы
Қазақстанда қалуына жағдай жасау
Миграциялық процестерді мемлекеттік реттеу: жағдайы, мәселелері және басымдылықтары
Әлеуметтік - демографиялық ахуалды зерттеу
Ресей империясының құрамындағы Қазақстанның этникалық келбетінің қалыптасуы
ТМД КЕҢІСТІГІНДЕ САЯСИ ҚАТЫНАСТАР
Қазақстан Республикасындағы халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайы
Жұмысшы күштің халықаралық миграциясы
Пәндер