Өлім жазасын қолдану туралы



КІРІСПЕ 6

1 ӨЛІМ ЖАЗАСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН МАЗМҰНЫ 10
1.1 Өлім жазасының Қазақстанда қалыптасуы мен даму тарихы 10
1.2 Өлім жазасының түсінігі және белгілері 20
1.3 Өлім жазасының шетелдерде қолдану ерекшеліктері 27

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША ӨЛІМ ЖАЗАСЫН ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 45
2.1 Өлім жазасын орындаудың құқықтық тәртібі 45
2.2 Өлім жазасының мәселелері (қолдау және қарсылық) 64

СІЛТЕМЕЛЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР 3

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ҚОРЫТЫНДЫ 78
5
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 81

ҚОСЫМША 86
Тақырыптың өзектілігі. Біздің еліміздің әлемдік қоғамдастықтағы интеграциясы, қоғамды демократияландыру мен Қазақстанның құқықтық жүйесін жетілдіру қылмыстық құқық саясатын ізгілендіру қажеттігіне негізделді.
Қазақстан Республикасындағы болып жатқан демократиялық жаңарулар үдерістері және гуманизмнің қағидаттарын жүйелі түрде іске асыру мемлекеттен түбегейлі өзгерістерді талап етті.
Жалпы әлемдік тенденция қылмыскерге ықпал етудің сазай тарттыру жүйелерін төмендетуге, қылмыстық қудалау шараларын үнемдеуге бағыт алады.
Жаза қазіргі уақытта өзіндік мән-маңызын мүлдем өзгертті, ол барынша адамшылыққа бейім нысандарға ие болуда. Бұған мәселен, 2002 жылғы 20 қыркүйектегі №949 Президент Жарлығымен мақұлданған «Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат Тұжырымдамасы» куә бола алады. Ол заңнаманың бағыттарының бірі ретінде өлім жазасын қолдану аясын біртіндеп тарылту бағытын жалғастыруды, сондай-ақ өлім жазасына мораторий жариялау мүмкіндігін қарастыруды белгіледі [1, 19 б.]. Көрініп тұрғандай, бұл ұсыныс әлемдік үрдіске сай келіп отыр.
1 Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат Тұжырымдамасы. – Алматы: Жеті жарғы, 2002. – 19 б.
2 «Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары»: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы (Астана, 4 сәуір 2003 жыл) // Егемен Қазақстан. – 2003. – 5 сәуір. – № 79.
3 Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторий енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы: Астана, 2003 ж. 17 желтоқсан №1251 // Қазақ Елі. – 2003. – желтоқсан (№44). – 1 б.
4 Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 28 тамыздағы №858 Жарлығы // Егемен Қазақстан. – 2009. – 28 тамыз. – № 281-283.
5 Сводная таблица по применению смертной казни. / Центр правовой статистики и информации Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. – Июнь, 2003.
6 Таганцев Н.С. Смертная казнь: Сб. Ст. СПб., 1913. – 93 с.
7 Абдраимов Б. Смертная казнь: историко-правовые и морально-этические моменты: Об истории смертной казни // Юридическая газета. – 2004. – 1 июля. – С.4.
8 Жовтис Е. Проблемы применения смертной казни в Казахстане и других странах СНГ. Алматы: Казахстанское Международное Бюро по правам человека и соблюдению законности. – 1999. – 225 с.
9 Гернет М.Н. Смертная казнь. – М., 1913. – 117с.
10 Витте С.Ю. – Т.3. – М., 1960. – 85 с.
11 Толстой Л.Н. Собр. соч. – Т.16. – М., 1964. – 670 с.
12 Шишов О.Ф. Смертная казнь в истории Советского государства. Смертная казнь: за и против. М., 1989. – 157 с.
13 Уголовный кодекс Казахской ССР от 22 июля 1959 г. (с изменениями и дополнениями).
14 Михлин А.С. Смерная казнь: вчера, сегодня, завтра. М., 1997. – 168 с.
15 Греха боюсь. http:www.ru/ug_gv/99/22/t8.htm-28К.
16 Квашис В. Католическая церковь за отмену смертной казни // Российская юстиция, 2000. – №5. – С.10.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 104 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
6
КІРІСПЕ

1 ӨЛІМ ЖАЗАСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН МАЗМҰНЫ 10
1.1 Өлім жазасының Қазақстанда қалыптасуы мен даму тарихы 10
1.2 Өлім жазасының түсінігі және белгілері 20
1.3 Өлім жазасының шетелдерде қолдану ерекшеліктері 27

2  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША ӨЛІМ ЖАЗАСЫН ҚОЛДАНУ 45
МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Өлім жазасын орындаудың құқықтық тәртібі 45
2.2 Өлім жазасының мәселелері (қолдау және қарсылық) 64
3
СІЛТЕМЕЛЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 5

ҚОРЫТЫНДЫ
78
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 81

ҚОСЫМША 86

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Біздің еліміздің әлемдік қоғамдастықтағы
интеграциясы, қоғамды демократияландыру мен Қазақстанның құқықтық жүйесін
жетілдіру қылмыстық құқық саясатын ізгілендіру қажеттігіне негізделді.
Қазақстан Республикасындағы болып жатқан демократиялық жаңарулар
үдерістері және гуманизмнің қағидаттарын жүйелі түрде іске асыру
мемлекеттен түбегейлі өзгерістерді талап етті.
Жалпы әлемдік тенденция қылмыскерге ықпал етудің сазай тарттыру
жүйелерін төмендетуге, қылмыстық қудалау шараларын үнемдеуге бағыт алады.
Жаза қазіргі уақытта өзіндік мән-маңызын мүлдем өзгертті, ол барынша
адамшылыққа бейім нысандарға ие болуда. Бұған мәселен, 2002 жылғы 20
қыркүйектегі №949 Президент Жарлығымен мақұлданған Қазақстан
Республикасының Құқықтық саясат Тұжырымдамасы куә бола алады. Ол
заңнаманың бағыттарының бірі ретінде өлім жазасын қолдану аясын біртіндеп
тарылту бағытын жалғастыруды, сондай-ақ өлім жазасына мораторий жариялау
мүмкіндігін қарастыруды белгіледі [1, 19 б.]. Көрініп тұрғандай, бұл ұсыныс
әлемдік үрдіске сай келіп отыр.
Осы орайда кейінгі жылдары қызу пікірталас тудырып, тұрақты талқылау
нысанына айналған өлім жазасы мәселесі. Өлім жазасы мәселесі оны зерттеп
жатқан ғалымдар мен практиктердің ғана емес, бүкіл халықтың назарын аударып
отырғаны белгілі. Оның өзекті де күрделі болып отырғаны осыдан.
БҰҰ-ға кіретін елдерде өлім жазасын қолдануды шектеуге деген
тенденцияны байқауға болады. Деректерге жүгінсек, ауыр жазаға
кесілгендердің саны уақыт өткен сайын азаю үстінде. Сонымен қатар осыны
Еуропа Кеңесі өз мүшелерінен үзілді-кесілді талап етеді. Сондықтан да
Еуропаға жақын мемлекеттердің барлығы дерлік өздерінің қылмыстық
заңнамаларынан жазаның аса ауыр түрі болып табылатын өлім жазасын орындауға
мораторий немесе жою туралы шешімді тез арада қабылдауда.
Қазақстанда өлім жазасы құқықтық институты – қарама-қайшы құбылыс.
Қазақстан Республикасының Конституциясында өлім жазасы уақытша сипаттағы ең
ауыр жаза ретінде анықталады. Бір жағынан, бұл адам құқықтарының жалпы
тұжырымдамасынан бөлінбейді, және де оның реттелуі Конституцияның Адам
және азаматтың құқықтары мен бостандықтары Тарауымен анықталады, екінші
жағынан, жарияланған ажырамас өмір сүру құқығы сол жерде жоққа шығарылады.
Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары жүйесінде конституциялық
деңгейде ұлттық заңнамада бекітілген адамның өмір сүруге құқығының негізге
алынушылық маңызы бар, және бұл бүкіл мемлекеттік механизмнің бағытын
анықтайды. Мемлекет басқа да құқықтар мен бостандықтар тәрізді бұл құқыққа
кепіл болып, оның қарауындағы кез-келген адамды қандай да болсын
қолсұғушылықтан арашалау керек. Осыған байланысты, өмір сүру құқығын жүзеге
асырудың құқықтық механизмінің мәселелері, оны сақтаудың теориялық
негіздемесі мен өмір сүру құқығын бұзуға жол бермеудің тиісті кепілдіктерін
әзірлеу мәселесі өзекті болып табылады.
Конституциялық-құқықтық доктрина шеңберінде аталған мәселелерді дайындау
мен дамытудың үлкен маңызы бар, өйткені алдымен, адамның негізгі құқықтары
мен бостандықтары конституциялық демократияның негізіне кіретін
фундаментальды құндылық болып табылады, мемлекеттің бағытын ғана емес,
жүргізіліп отырған ішкі және сыртқы саясаттың мазмұнын анықтайды.
Адам құқықтары және оларды нақты іске асыру құқықтық мемлекеттің
постулаты болу керек. Өйткені өркениетті қоғам мен құқықтық мемлекетте
адамның жарияланатын құқықтары мен бостандықтары нақты қамтамасыз етілуге
және мемлекет тарапынан кепілдік алуға тиіс, олай болмаса құқықтық норма
құндылығының мәні болмайды. Оны жүзеге асыру үшін әлемдік стандарттарды
ескере отырып, адам құқығын шын мәнінде құрметтеуге негізделген, жете
ұғынылған және өлшенген тәсіл қажет. Өлім жазасы ұлттық заңнамамызда
конституциялық деңгейде, дәлірек айтқанда, әркімнің өмір сүруге құқығын
жариялайтын Конституцияның 15-бабының 1-тармағында белгіленуіне байланысты,
аталған мәселені конституциялық құқық шеңберінде зерттеу қазіргі уақытта
аса маңызды болып отыр.
Заң тұрғысынан осы бағыттағы заңнаманың дамуы Қазақстан Республикасы
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған
негізгі бағыттары туралы Қазақстан еліне арнаған 2003 жылдағы Жолдауында
көрсетілген. Жолдауда Елбасы қылмыстық құқық аясын одан әрі ізгілендіру
қажеттілігіне көңіл аударады. Елбасының алға қойған маңызды міндеттерінің
біріне өлім жазасын қолдануға мораторий енгізу үшін ұйымдастырушылық,
материалдық және заңдық жағдайларды орнатуды жатқызуға болады [2].
Және де, соңынан Елбасының 2003 жылдың 17-желтоқсанында №1251 Жарлығымен
Қазақстан Республикасында өлім жазасын толық жою туралы мәселе шешілгенге
дейін оны орындауға мораторий жариялау бекітілген [3].
Сонымен қатар, 21-ғасырдың бірінші он жылдығы Қазақстанда
конституциялық құрылыстың жаңа кезеңімен атап өтілді. 2007 жылғы 21 мамырда
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы Заң қабылданып, онда ел үшін қағидаттық маңызды жаңалықтар
жарияланды.
Сот төрелігін іске асыру кезінде соттардың тәуелсіздігін нығайтуға
бағытталған сот-құқықтық реформаның жаңа кезеңіне конституциялық деңгейде
қарқын берілді. Өлім жазасын қолдану аясы қысқартылып, адамдардың өлімімен
ұштасатын террористік қылмыстармен және соғыс уақытында жасалған аса ауыр
қылмыстармен ғана шектелді, бұл өлім жазасының іс жүзінде жойылғанын
білдіреді [4, 5 б.].
Осыған байланысты отандық қылмыстық заңнама тарихында өлім жазасы
институтының пайда болуы мен даму үрдісін зерттеу, әсіресе қылмыстық
жазалардың жүйесінде осы жазаның алатын орны мен рөлін, қоғамдық мәнін,
енгізу мен жоюдың жағдайлары мен шарттарын белгілеу өзекті мәселеге
айналады.
Сонымен, Республикамыздың Президенті белгілеген, ұлттық заңнамамызда
өлім жазасын мүлдем жою болашағы, сондай-ақ Қазақстанның адам құқықтарын
қамтамасыз ету саласында әлемдік стандарттарға барынша жақындауға ұмтылысы,
аталған мәселелерді конституциялық құқық деңгейінде зерттеуді қажет етеді,
өйткені заңнамада ең ауыр жазаның болуы Республикамыздың Конституциясында
жарияланған адамның өмір сүруге құқығын қозғайды.
Елімізде өлім жазасын орындау туралы үкімдерге қатысты енгізілген
мораторий өлім жазасының жойылуын білдірмейді. Еліміздің заңнамасында өлім
жазасын сақтаудан бастап, оны мүлдем жою үшін уақыт ғана қажет емес, басқа
да көптеген қаржылық мәселелерді шешу қажет.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, мысалы, 1997 жылы өлім жазасына
сотталғандардың саны 64 адамды құрады, оның ішінде 64 адамға қатысты үкім
орындалды, 2000 жылы өлімге кесілгендер саны 40 адам болды, ал үкім 17-не
ғана қатысты орындалды, 2003 жылдың бірінші жартысында өлім жазасына
кесілгендер саны 6 адамды құрады, ал үкім 3-не ғана қатысты орындалды.
Яғни, өлім жазасына сотталғандардың саны 1997ж. – 2003 жылдың 1-жартысы
аралығында 58 адамға, ал үкімдері орындалған адамдар саны 61 адамға азайды
[5].
Өлім жазасын жою туралы мәселе – қылмыстық саясатты ізгілік
қағидаларына бейімдеу мәселелерін құрайтын негізгі проблемалардың бірі. Ол
демократиялық қоғамның дамуының қазіргі жағдайларында қылмыстық жазаның
қандай болуы керек деген тақырыпты жалғастырады, демократиялық ізгілікке
бейімдеу жазаның қандайда бір түрінен бас тартуды ғана емес, сонымен қатар
оның сапалық мазмұнын өзгертуді, яғни, шарттарын, мақсаттарын, қолдану
негіздерін және сол сияқтыларды қайта қарауды қажет етеді. Бұдан өлім
жазасының мәні мен мақсаты қандай, сондай-ақ өлім жазасын тағайындау мен
орындау ерекшеліктері нені көрсетеді, өлім жазасын орындау тәсілдері қандай
болмақ және тағы басқа да мәселелер туады. Зерттеу тақырыбының өзектілігі
аталған жағдайларға байланысты.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – Қазақстанда қалыптасқан әлеуметтік-саяси
жағдайға сай айрықша шара түріндегі өлім жазасын орындауға қатысты,
халықаралық нормаларды қолдану тәжірибесін және қылмыстық заңды жетілдіруге
бағытталған тәжірибелік ұсыныстар мен теориялық негіздерді тұжырымдау.
Осы басты мақсатқа сәйкес зерттеу барысында мынадай міндеттер қойылды:
– өлім жазасы институтының тарихи-құқықтық қырларын зерттеу;
– өлім жазасының құқықтық табиғатын анықтау;
– шет мемлекеттердегі өлім жазасын қолдану тәжірибесін талдау;
– өлім жазасына сотталған адамның құқықтық жағдайын зерттеп, осы норманы
жетілдіруге бағытталған теориялық тұжырымдар мен ұсыныстар жасау;
– өлім жазасы туралы үкімді орындау тәртібі және оны орындау тәжірибесін
талдап, осы мәселелерге қатысты Қазақстан Республикасы қылмыстық және
қылмыстық-атқару мен басқа да заңнамаларын жетілдіруге қатысты тұжырымдар
жасау.
Қорғауға ұсынылған диссертацияның негізгі тұжырымдары:
1. Өлім жазасы – мемлекеттік акция ретінде нақты, адамның биологиялық
тіршілік етуін күш қолдана отырып тоқтату түрінде арнайы уәкілеттілігі бар
адамдармен жүзеге асыру арқылы үкімді орындау.
2. Өлім жазасы жария етпей ату, дарға асу және иньекция жасау жолымен
орындалады деп Қылмыстық-атқару кодексінің 167-бабын толықтыру туралы
ұсыныс.
3. ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің Өлім жазасына сотталған адамның
құқықтық жағдайы атты 166-бабының 2-бөлігіне тоғызыншы тармақша
енгізіліп, үкімді орындаудың тәсілін таңдауға құқылы деген сөзбен
толықтыру қажет.
4. ҚР ҚАК 167-бабының 4-бөлігі мынадай жаңа мәтінде жазылуы керек:
Жазаны атқарған органның әкімшілігі үкім шығарған сотқа, сондай-ақ
сотталушының жақын туыстарының біріне өлім жазасының атқарылғаны туралы
хабарлауға міндетті. Өліктің мәйіті туған-туыстарының алдын ала жасалған
өтініші бойынша жерлеуге беріледі.

1 ӨЛІМ ЖАЗАСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН МАЗМҰНЫ

1. Өлім жазасының Қазақстанда қалыптасуы мен даму тарихы

Өлім жазасы – адамзатқа белгілі ең ежелгі жазалардың бірі. Дәлірек
айтқанда, өлім жазасы қазіргі кездегі Қылмыстық құқық деген түсінік пайда
болғанға дейін қолданылған. Ресей көрнекті ғалымдарының бірі Н.С.Таганцев:
Қылмыскерді өмірінен айыру әлдеқайда ертеректе қоғамдық жаза түрі ретінде
кездескен, – деп жазды [6, 57 б.]. Көп жылдар бойы ғалымдар мен қоғам
қайраткерлері арасында өлім жазасы секілді жаза түрін қолдануға құқымыз бар
ма деген пікір-таластар тоқтамай, шешімін таппай келді. Шамасы, бұл пікір-
талас жуық арада бітпейтін секілді. Бұл мәселені қарап талқылауда, тап осы
институттың тарихына сүйену қажет деп есептейміз.
Өлім жазасы туралы алғашқы пікірталас б.э.д. 427 жылы туған. Онда
Диодат өлім жазасының тежегіштік әсері жоқ (яғни, басқа тұлғалардың қылмыс
жасауының алдын алмайды) деп Митилен қаласының бас көтерген барлық
еркектерін жазалау туралы Афина Ассамблеясының шешімдерін өзгертуге қол
жеткізеді. Ал, б.э.д. 1 ғасырда Лонкидің (Шри-Ланка) корольі Амангамани
өлім жазасын жойды және осы шешім одан кейінгі корольдердің басшылығы
кезінде де өз күшінде қалды. Тағы бір мысал, б.э.д. 818 жылы Жапонияның
императоры Сага ел заңдарынан өлім жазасын алып тастаған болса, келесі үш
ғасыр бойы ол жаза елде қолданылмаған .
Қазақтың құқықтық мәдениеті ежелден-ақ жоғары болған деп батыл айта
аламыз. Мұны Тәуке ханның Жеті жарғы жинағынан айқын көруге болады.
Қазақтар өлім жазасын құн төлеу, яғни айып төлеумен алмастыру принципін өте
кең түрде қолданған. Көшпелі қазақтардың көшіп-қонып тіршілік етуіне
байланысты қазақ даласында тұрақты пенитенциярлық институт ашуға,
айыпталушы қылмыскерді қамауда ұстайтын тұрақты орын жасауға мүмкіндігі
болмады. Өлім жазасы қатарына ұрлық жасау, тонау, күшпен зорлау, зинақорлық
жасау т.б. жатады. Бұлар ауыр қылмыстар қатарына жататын болғандықтан, өлім
жазасына үкім шығарылып, жазаланып отырған. Осы шешім бойынша, өлген
адамның туыстарының адам өлтірген айыпталушыны өмірінен айыруға құқығы
болды. Адам өлтірген айыпталушы құн төлеу арқылы, яғни әрбір ер кісі үшін
1000, әрбір әйел үшін 500 қой төлем беріп, өз өмірін сақтап қалған.
Кімде кім сұлтан немесе қожаны өлтірсе, сол қылмыскер өлген адамның
туыстарына жеті адамның құнын төлеген. Өлген адамның туыстары өз күйеуін
өлтірген әйелге кешірім бермесе, онда ол өлім жазасына кесіледі. Өлім
жазасынан тіпті құн төлемінің өзі де құтқара алмаған. Өз күйеулері үшін
аяғы ауыр әйелдерге өлім жазасы тағайындалмаған, бірақ оларды мәңгі-бақи
жек көріп, опасыздық жасаған, абыройсыз адам деп есептеген. Ал әйелін
өлтірген ер кісі өлім жазасынан құн төлеп құтылған. Өз балаларын өлтіргені
үшін ата-аналар жазаланбаған. Бірақ арланып некесіз туылған нәрестесін
өлтіргені үшін әйелдер өлім жазасына кесілген [7, 4 б.].
Бұрын ΧVIII ғасырда, тіпті ΧIΧ ғасырдың өзінде де жаза айып төлеумен
де орындалған. Қазақтың әдет-ғұрпы бүгінгі күнге қарағанда қатаң
болғанымен, ΧΧ ғасыр соңында айыпталушының өмірін сақтап қалу мен өлім
жазасын жазалаудың басқа түріне алмастырудың жолдарын іздестірді. Қылмысқа
байланысты шығарылатын үкім жазасына теңбе-тең қолдану мәселесі тұрды.
Мысалы, қарапайым қауымға жаза ретінде төленетін айып көлемі, билеуші топқа
қарағанда кем делінген. Өлген адамның құны 6 мың қоймен өтелген [8, 151
б.].
Ресейлік қылмыстық құқықта өлім жазасы сонау революцияға дейінгі (1917ж.
қазан айы) заңдарда мәлім болған. Тұңғыш рет бұл жаза ресми түрде 1398 ж.
Двинск жарғылық грамотасында үшінші рет жасалған ұрлық үшін көзделген. Бұл
жазаны қолдану 1467 ж. Псковтың сот грамотасында кеңейтіле түсіп, енді
шіркеуде ұрлық жасағаны, қазынаны ысырап еткені, мемлекетке опасыздық, өрт
қойғаны, елді мекенде үшінші рет ұрлық істегені үшін қолға түскендер өлімге
бұйырылатын болған. Қылмыстық іс-әрекеттері жасағандықтары үшін өлім
жазасы тағайындалатын көлем 1494ж. және 1550ж. Еуропада өлім жазасын жоюға
бағытталған қазіргі заманғы қозғалыс Чезаре Беккарианың қылмыстар мен
жазалар туралы кітабының жарық көруінен бастау алады деп есептеледі.
Кітапта өлім жазасы бірінші рет дәйекті, әрі жүйелі түрде сынға алынады.
Адам өлтіргені үшін өлім жазасын қолдану әлемде тұңғыш рет 1846 жылы
мичиган (АҚШ) аумағында күшін жойды. Ал, 1863 жылы барлық қылмыстар үшін
өлім жазасын жойған әлемдегі бірінші ел Венесуела болды. Өлім жазасына
қарсы қозғалыс екінші дүниежүзілік соғыстан кейін күшейе түсті. Ресей
заңнамасы Батыс пен Шығыстың жазалау тәжірибесін өз бойына теңдей сіңірді.
Мысалы, Батыстан эшафоттық үлгіні, Шығыстан темекі шеккені үшін мұрынды
кесіп тастау жазасын қабылдады. Ертедегі Русьта Сен менің әкемді
өлтірдің, мен сенің балаңды өлтіремін деген қанға қан қағидасы қолданылған
болатын. Ярослав Мудрый кейіннен бұл принципті алып тастап, оны ақша
төлеумен алмастырса, Князь Владимир бопсалаушыларды (рецидивистер)
жазалаған жоқ. Алайда, мемелекеттіліктің өсу деңгейіне байланысты құқықтық
нормалар да өзгеріп отырды. 1649 жылы соборлық ережелер өлім жазасымен
жазаланатын қылмыс санын 60-қа дейн кеңейтті. Оның ішінде жауға қаланы
беру, жалған бұйрық хаттар даярлау, ақша жасау, соттардың пара алуы,
қызметтен қашу, сиқырлау, темекі сату және т.б. бар. Петрдің Әскери
артикулдары бойынша және сол кездегі басқа да қылмыстық-құқықтық актілерге
сай – 123 жағдайда өлім жазасы көзделді. Оның үстіне өлім жазасының
орындалуындағы тәсілдердің өте қатігездігін атап өткен жөн: мәселен, ХVІІ
ғ. өлімге бұйырылғандардың бастары шабылған, дарға асылған, суға
батырылған, отқа өртелген, көмейлеріне балқыған металл құйылған,
төрттағандап кескіленген, жерге кеудесіне дейін тірідей көмілген, үшкір
ағашқа отырғызылған және т.б. Ал, Елизавета ханым өлім жазасын алып тастап,
өзі билік құрған 20 жылдың 8 жылы ішінде дарға асу, тамағына қорғасын құю,
өртеу, жерге көму жазаларын қолдамаған. І Павел де 1799 жылы өлім жазасын
алып тастаған.
1787 ж. ІІ Екатерина да өзінің патшалық құрғанына 25 жыл толуына орай
жарияланған манифесінде барлық өлім жазасына сотталғандарды өлтірмей,
каторгаға айдауды бұйырды. Сөйткенмен, бұл екі патшайымның жарғыларына
қарамастан, өлім жазасы жайлы үкімдер шығарылып қана қоймай, бұл жазаның
жүзеге асырылуы тоқтау тапқан жоқ. Мысалы, Пугачев көтерілісінің
жетекшілері мен оған қатысушыларды жаппай қыруды алайық. Бұл кезде 20
мыңнан астам адам өлтірілді. Одан бергі І Николайдың тұсында 1949 ж.
Шіркеулік заңдар және І Петрдің Әскери аритикулдары негізінде бес
декабрист сотталып, өлім жазасына кесілді. 1835 жылғы 1 қаңдардан бастап
Ресей империясының 1832 ж. Заңдар жинағы күшіне енді. Оған сәйкес, Ресейде
өлім жазасы сақталынып қалды, бірақ тек қылмыстардың үш санатында ғана
қолданылатын болды:
1) саяси қылмыстар үшін (егер ол маңыздылығына орай жоғарғы қылмыстық
соттың қарауына және шешуіне берілетін болса);
2) карантин ережелерін бұзғандығы үшін (яғни, карантиндік деп аталған
қылмыстар үшін, егер олар жаппай нәубет (эпидемия) кезінде карантиндік
күзет немесе карантиндік мекемелер жұмысына кедергі болып, зорлық жасаса);
3) әскери қылмыстар үшін.
Өлім жазасы 1845 ж. қылмыстық және түзеу жазалары туралы Заңдар жинағы
мен 1903 ж. қылмыстық заңдар Жинағында да көзделді. Айта кетерлігі, өлім
жазасына бұйырған үкімдер саны 1905 ж. бірінші орыс революциясын басқаннан
кейін күрт көбейіп кетті. Мәселен, 1906 ж. – 574; 1907 ж. – 11139, 1908 ж.
– 1340, 1909 ж. – 129, 1911 ж. – 73, 1912 ж. – 126 адамға шығарылған өлім
жазасының үкімі орындалды [9, 98-99 бб.].
Тағы бір ескерерлігі, бұл жылдары өлім жазасын қолдану, біріншіден,
негізінен соттан тысқары органдар – әскери далалық соттар, губернаторлар
мен қолбасшылар және т.б. шешімдері бойынша жүзеге асырылды. Бұл тұрғыда
мұндай жазалау үрдісінде (ал бұл жағдай әділетті түрде ішкі істер министрі
және 1906 ж. Министрлер Кеңесінің төрағасы болған П.Р.Столыпинның есімімен
байланыстырылады) сол кездегі аса ірі мемлекеттік қайраткер С.Ю. Виттенің
(қатынас жолдары және қаржы министрі, Министрлер комитетінің төрағасы, 1905-
196ж.ж. Министрлер Кеңесінің төрағасы болған) берген бағасымен таныса
кеткеннің артықтығы жоқ. Ол былай депті: Тап Столыпиндей барып тұрған
жексұрын түрде өлім жазасын қолданған, оған ұқсап заңның бетіне түкіріп,
ойына не келсе соны істеген, сөйте тұра, бұл істерін жылмақай сөздері және
әрекеттерімен көлегейлеген ешкім болған емес. Столыпин дүкеншікті тонағаны
үшін де небары 6 сом ұрлағаны үшін де, немесе, жай ғана байқамағансып та
өлім жазасына бұйыра салады... Қажет болса, өлім жазасын қолдау да керек
шығар, бірақ, столыпиндік режим жазаның бұл түрін түкке алғысыз етіп, оны
жайдан жай, бостан босқа кісі өлтіруге айналдырып жіберді. Бір сөзбен
айтқанда , өлім жазасы деп аталатын үкіметтік кісі өлтірудің ботқасы
тәрізді [10, 61-62 бб.]. Әрине, С.Ю. Виттенің де жетісіп тұрғаны шамалы
– ресейдегі монархияның әбден сенімді қолпаштаушысы ретінде ол да
революционерлер мен олардың қозғалысына қолдау көрсетпек былай тұрсын ,
олардың талайын дарға тартқызған. Сөйтсе де, оның Столыпиннің өлім жазасын
жаппай қолдануына тиісуінің де жөні бар.
Өлім жазасының жаппай қолданылуы Ресей қоғамының әр саласында әділетті
қарлысық білдіруге әкеп соқты. Ұлы орыс жазушысы Л.Н.Толстой өзінің әйгілі
Үндемей қала алмаймын! деген мақаласында мұндай озбырлықты былайша қатты
сынға алған. Осынау адамгершілікке жат зорлықтар мен кісі өлтірулердің
масқаралығы мынада – олар бұл сұмдықтардан жәбір көрушілер мен
отбасыларына келтірер ауыртпашылық пен нәубет құрғақ сабанды өртегендей
жылдамдықпен бүкіл орыс халқына, оның барлық таптарына жедел
тарайтындығында жатыр. Бұл сұмдық жалпы халықтың, әсіресе еңбекшілер
арасында тез тарайтындығы осындай жазалауды жай ұры-қары, қарақшылар және
барлық революционерлер бірігіп жасаған қылмыстардан жүз есе асып түсетін
қылмыстармен қосақтап қолдану әрі оны тап бір өте қажет, керекті дүние
ретінде елдің түсінігінде періштедей болып көрінетін сенат, синод, дума,
шіркеу және патшаның қолдайтындығына байланысты. Бұл жағдай сондықтан да
адам айтқысыз жылдамдықпен лаулай түседі [11, 554-555 бб.].
Бірақ, тек қана Ақпан революциясынан кейін іле Уақытша Үкімет 1917
жылғы 12 наурыздағы қаулысымен (рас, аз уақытқа ғана) өлім жазасын
өзгертті. Әйтсе де, 1917 жылдың 12 шілдесінде-ақ бұл жаза майданда кісі
өлтіргені, шабуыл жасап тонағаны, опасыздық жасағандығы және басқа да
кейбір әскери қылмыстар үшін қайта қалпына келтірілді.
1917 жылғы Қазан революциясы өлім жазасын өзгертуден басталды. деуге
болады. Бұл оқиға большевиктер жеңіске жеткен күннің ертеңіне, 1917 жылғы
26 қазандағы Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ сьезінің декретімен өлім
жазасының өзгертілуі арқылы жария етілді. Оның үстіне, кеңестік кезең
кезінде өлім жазасын өзгертуге тағы да екі рет тапыныс жасалды (Ресей
Федерациясы Бүкілресейлік Орталық Атқару комитеті мен Халық Комиссарлары
Кеңесінің 1920 жылғы 17 наурыздағы Ең жоғарғы жаза – атулы қолдануды
өзгерту туралы қаулысы мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1947 жылғы 26
мамырдағы Өлім жазасын өзгерту туралы Жарғысы).
Ал өлім жазасын қайтадан қалпына келтіру әдетте таптық күрестің күшеюі,
азамат соғысының майдандарындағы жағдай, империалистік мемлекеттердің
тіміскі іс-әрекеттері сияқты себептермен негізделіп келеді. Оның үстіне
азамат соғысы жылдары өлім жазасы тек аса қауіпті қылмыстармен (мәселен
кісі өлтіру) күресу үшін ғана емес, көп жағдайларда саяси мақсаттарда
қолданылатын. РФ Халық Комиссаралары Кеңесінің 1918 жылғы 5 қыркүйектегі
Қызыл террор туралы қаулысына орай ату арқылы өлім жазасына бұйыру ақ
гвардияшыл ұйымдарға жанасқан, бүліктер мен жасырын әрекеттерге қатысы бар
адамдарға қолданылатын болды. Сондай-ақ, аманатқа алынғандарды ату етек
алды, көтеріліске шыққан кронштадтық матростарды, тамбовтық шаруаларды,
діни ағымдар өкілдерін аяусыз жазалау тарихтан белгілі. Көбіне ату жазалары
Бүкілресейлік Төтенше сияқты соттан сыртқары органдардың шешімдерімен
жүзеге асырылды. Мұндай істердің қолдан жасалған жағдайлары да мәлім.
Олардың қатарына В.Таганцевтің ұлы астыртын әрекеті дейтін істі жатқызуға
болады. Бұл іс бойынша 1921 жылғы 24 тамызда Петроград губерниялық төтенше
комиссиясының 61 адамы атылды (олардың ішінде 16 әйел болған). Белгілі орыс
ақыны Н.Гумилев те қазаға душар болды (ол турасындағы істі қылмыс
құрамының жоқтығына байланысты КСРО Бас прокуроры 1991 ж. қазан айында
ресми түрде тоқтатты.).
Өлім жазасын қауіпсіздік органдары оңай қисындастырған істер бойынша
кеңінен қолдану 30-жылдары (сталиндік террор жылдары деп аталған) етек
жайып кетті. Бұл жаза, тек қана революцияға қарсы жасалған қылмыстар үшін
қолданылумен шектелген жоқ. Мәселен, КСРО Жоғарғы билік органдарының 1932
жылғы 7 тамыздағы қаулысына сәйкес, ату жазасына мемлекеттік және қоғамдық
мүлікті ұрлаған адамдар да (ұрланған мүліктің көлеміне қарамастан)
бұйырылатын болды.
Өлім жазасын жоюда екінші рет әрекет жасау Дзержинскийдің қолдауымен
РКФСР ХКК және БОАК-ң 1920 жылғы 17 қаңтардағы жазаның ең қатаң шарасын
(атуды) қолдануды жою туралы қаулысы бойынша іске асырылды.
Өлім жазасынан бас тартуға үшінші рет әрекет жасау 1947 жылы 26
мамырдағы өлім жазасын жою туралы КСРО Жоғарғы Советі Президиумы
жарлығымен іске асырылды. Осылай бейбіт өмірде бұл шара қысқартылып, оның
орнына 25 жыл бас бостандығынан айыру жазасын қолдану ұсынылды. Көп ұзамай,
1949 жылы Совет Одағы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының сессиясында барлық
мемлекеттерде өлім жазасының жойылуы туралы ұсынысын енгізді. Бірақ, ол
кезде бұл жасалған ұсыныс қолдау таппады.
Кеңестік қылмыстық кодекстер (РФ-ның 1922, 1926 және 1960 жылғы
кодекстері ) өлім жазасын оның белгілі бір уақытта ғана қолданылатындықтан
сипатымен дәлелдемек болып, бұл жазалар жүйесіне енгізбей келді. Бірақ,
бұл екіжүзді мәлімдеме болатын, неге десеңіз, осынау кодекстердің ерекше
бөлімінде өлім жазасы аз бой көрсеткен жоқ. (Мәселен, РФ-ның 1926 жылғы
Қылмыстық кодексінде өлім жазасы қылмыстың 42 түрі бойынша көзделді).
Кеңестік кезеңде адам өлтіргені үшін өлім жазасын тағайындау біраз жылдар
1954 жылы өлім жазасы енгізілгеннен кейін адам өлтіру көбеймесе, азайған
жоқ. Жазалаудың мақсатын айқындайтын 38-баптың 2-бөлігінде жазалаудың дене
қасіретін тарттыруды және адамдық қасиетін қорлауды мақсат етпейтіндігі
туралы ерекше көрсетілген. Біз бұны өлім жазасына байланысты айта аламыз
ба? Әрине, жоқ. Қазіргі кезде әлемде өлім жазасын орындаудың дарға асу,
электр орындығына отырғызу, инъекция салу, газбен улау, басын кесу, таспен
атқылау сынды тәсілдері бар. Бұлардың қайсысы болса да өлімнің бірден,
жылдам келуіне кепілдік бере алмайды. Тіпті, ең ізгі деген әдістер де
техникалық қателіктер (орындаушының мүлт келуі, сотталушының денсаулығына
байланысты басқа да себептер) болуы мүмкін. Медицина қызметкерлері өлім
жазасына кесілген адам психологиялық стресті басынан кешіреді деген дәлел
айтады. Кейде үкім шығару мен оны орындаудың арасында бірнеше жыл өтеді.
Осы уақыт аралығында өлім жазасына кесілген адам азапты оймен іштей
күйзелісте болады. Сол себепті, өлім жазасына кесілгендердің ішінде
психологиясы ауытқығандар мен өзін-өзі өлтіруге ниеттенетіндер көп
кездеседі. Сондықтан құқықтық принцип тұрғысынан алғанда мемлекеттің адамды
өмірінен айыруы дұрыс емес.
1950 жылы 12 қаңтарда Отанына опасыздық жасағандарға, тыңшыларға,
қопарғыш маман – шетел барлаушыларына өлім жазасын қолдану туралы КСРО
Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығы қабылданды, ал 1954 жылы 30 сәуірде
қасақана адам өлтіргені үшін өлім жазасына кесу үкімі енгізілді. 1961 жылы
аса ірі көлемдегі ұрлық үшін, еңбекпен түзету мекемесінің қызметіне кесір
келтіріп, шырқын бұзғаны үшін, жалған ақша жасағаны үшін және құнды
валюталарды алыпсатарлықпен айналысқаны үшін. 1986 жылы 23 мамырда
Қылмыстық заңының 23-бабына өлім жазасын 15 жылдан астам мерзімге бас
бостандығынан айыру жазасымен алмастыру, бірақ 20 жылдан жоғары емес,
жөнінде толықтыру енгізілді. Шишов: Мен тек айрықша ауыр жағдайда қасақана
адам өлтіргені және теракт пен тап жаулары ұйымының агенттері орындайтын
қылмысты әрекеті үшін өлім жазасын сақтап қалуды ұсындым және өзімнің осы
ұсынысымды онан әрі жалғастыра берер едім. Өлім жазасына қарсы
көзқарастарға қарап, мен өлім жазасын қазір жою барлық қылмыс үшін асығыс
болар еді, өйткені қоғамдық пікірмен санаспауға болмайды, өлім жазасын
жоюға әлі дайын емес деп ойлаймын [12, 124 б.].
1959 жылы 22 шілдедегі Қазақ КСР-нің Қылмыстық Кодексі өлім жазасына
шығарылатын үкімді қолдануды сақтап қалды. Жазалау шарасының айрықша түріне
өлім жазасын қолдануға оның толық жойылғанына дейін рұқсат етілген – атуға
– КСРО заңымен қаралған мемлекеттік қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілігі
жөнінде қаулысына сәйкес мемлекеттік қылмысы үшін, КСРО және Қазақ КСР
Қылмыстық заңы бабында көрсетілген қасақана айрықша жағдайда кісі өлтіргені
үшін, КСРО заңымен қарастырылған кейбір жағдайда арнайы қасақана адам
өлтіргені үшін тағайындалған жауапкершілік, сонымен қатар, басқа да айрықша
ауыр қылмыстар үшін.
Өлім жазасы үкімі мынадай адамдарға тағайындалмайды: он сегізге
толмағандарға, қылмыс жасаған кездегі немесе үкім шығарылған кездегі аяғы
ауыр әйелдерге, сондай-ақ, өлім жазасы үкімін орындау кезінде аяғы ауыр
әйелдерге қолданылмайды. Бұрынғы жасаған қылмысы үшін өлім жазасын қолдану
заң бойынша соттың рұқсатымен тағайындалады. Егер сот мұндай жағдайда өлім
жазасын қолдануды дұрыс деп таппаса, тағайындалмайды және ол бас
бостандығынан айыру жазасымен алмастырылады.
Жазадан шартты – жеңіл түрде босату және жазаның өтелмеген бөлігін
алмастыру секілді жазаның тым жеңіл түрлері мына қылмыскерлерге
қолданылмайды: рақымшылық жасау және амнистия тәртібімен өлім жазасы бас
бостандығынан айыру жазасымен алмастырылған қылмыскер [13].
Қаз КСР Қылмыстық Кодексінің ресми мәтініндегі өзгертулер және
толықтырулармен сәйкес 1986 жылы 1 қыркүйек мәліметі бойынша өлім жазасына
үкім шығару 34 қылмыс бойынша қарастырылған: жеті айрықша мемлекеттік
қылмыстарға, бес басқа да мемлекеттік қылмыстарға, бір жеке меншікке қарсы
қылмыс үшін, екі жеке тұлғаға қарсы қылмыстарға, бір лауазымдық қылмыс
үшін, бір басқару тәртібіне қарсы қылмыс үшін, бір жолаушылар мен жүк
тасымалдайтын көлік бойынша қылмыс үшін, он алты әскери қылмыстар үшін.
Қылмыстық Кодекс өлім жазасына үкім шығару туралы айтарлықтай кең түрде
қарастырғанда, кейде оның өзіне тән ережесі пайда болады, ал елдің
Конституциясы өлім жазасын тек айрықша жағдайда ғана қолдануға рұқсат етті.

Тәжірибе көрсеткендей, сенімді түрде айта алмағанмен, Конституция
Ережесі бұзылған жоқ: бірнеше жылдар бойы және оны қолданғанға дейін өлім
жазасы тек адам өлтіргені үшін және адам өміріне айрықша ауыр қастандық
жасауына байланысты кейбір басқа қылмыстар үшін қолданылады (милиция
қызметкерінің өміріне қастандық жасау, тонау, қарақшылық жасау).
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығынан кейін 1995 жылы
қабылданған күші бар заң негізінде Қылмыстық Кодексіне өзгертулер мен
толықтырулар қатары енгізілді, ең ауыр жаза ретінде қарастырылған қылмыстың
меншікті салмағы біраз кеміді. 1991 жылы 15 маусымда Қазақ КСР Заңына
сәйкес Қылмыстық Кодексінің 11-тарауы жолаушы және жүк көлігі қылмысы –
223-1 бабы, жазалау шарасына бейімделген ауыр шараның 3-бөлімі алынып
тасталды. 1996 жылы 1 наурыздағы мәлімет бойынша Қазақ КСР Қылмыстық
Кодексіндегі өзгертулер мен толықтырулар өзінің қырып-жою арсеналын тағы
да қылмыстың 3 құрамын жеңілдетті.
Өлім жазасы бойынша Қылмыстық кодекстің ернеуде қалған 30 бабынан 1977
жылы 13 маусымда ҚР Заңымен жазалаудағы ерекше шараға қосымша шара тағы
мынадай үш бап бойынша алынып тасталды: тонау, қарақшылық – 63-бап,
айрықша жағдайда күшпен зорлау – 101-бап 4-бөлім және айрықша ауыр
жағдайда пара алу –146-бап 3-бөлім.
Жазалаудың проблемасы мен өлім жазасын жоюға болатынын не болмайтынын
әбден толық түсіндіру үшін республикада өлім жазасын қолдануды бейбіт
жағдайда егжей-тегжей қарастыру қажет. Әлемдегі барлық елдерді шартты түрде
өлім жазасын қолдану тәжірибесіне қарай белгілі бір топқа бөлуге болады:
1) Қандай қылмыс жасаса да өлім жазасын қолдануға заң шығаруды
қарастырмайтын елдер. Бұл топқа 60-қа жуық мемлекет жатады, соның
ішінде кейбір Еуропа елдері бар (Испания, ГФР, Австрия, Германия,
Дания, Исландия, Нигерланды, Норвегия, Португалия, Франция, Чехия,
Швеция), сондай-ақ, Австралия, Латынамериканың бір қатар елдері.
1989 жылы бұл топқа 35 мемлекет кірді. Өткен жылдарда өлім жазасынан
бас тартқан елдер қатары толықтырылды. Бірінші кезекте Еуропа
елдерінің қатары: Белгия, Греция, Венгрия, Ирландия, Испания,
Италия, Македония, Молдова, Словакия, Словения. Мұнда 1983 жылы 28
сәуірде Еуропа Конвенциясында адам құқығын қорғау және негізгі
бостандық туралы №6 хаттама қабылданған. Еуропа Кеңесінің маңызды
рөл атқарғанына күмәнданбаса да болады. Хаттаманың 1983 жылы
қабылданғанына қарамастан жоғарыда аталған елдердің көпшілігі оның
қатарына қосылып, өлім жазасын өз елінің заңдарынан алып тастады.
Еуропа елдерінен басқа да кейбір мемлекеттер өлім жазасын алып
тастады. Жекеше айтсақ, Ангола, Маврикий, Мозамбик, Намибия,
Оңтүстік Африка республикасы және т.б.
2) Екінші топқа 14 ел жатады. Бұл елдерде өлім жазасы тек айрықша ауыр
қылмыс жасағаны немесе айрықша жағдайда қолданылады. Мысалы, әскери
уақытта. Олардың қатарына мына еуропа елдері жатады: Ұлыбритания,
Греция, Кипр, Мексика. 1989 жылы мұндай 18 ел болды. Солардың бір
бөлігі, мысалы, Испания, Италия, Швейцария, өлім жазасын толық
жойып, бірінші топтағыларға өтті.
3) Өлім жазасын өз елінің Заңына 30-ға жуық ел және территория сақтап
қалды, бірақ оны соңғы 10 жыл және одан да көбірек жылдар іс жүзінде
қолданбайды (Чили, Конго, Гватемала, Турция және т.б.). Мұндай елдер
саны аз өзгерді. 1989 жылы ол 27 елдер мен территорияларды құрады.
Бірқатар елдер соңғы жылдары осы жолды таңдап, осы жолмен жүріп
келеді (Болгария, Латвия, Литва, Эстония).
4) Ақыры, өлім жазасын 90 ел қоғамдық қылмыскерге қолданған. Олардың
санына көбінесе бұрынғы Кеңес Одағы республикасы, Вьетнам, Куба,
Монголия, сонымен қатар, Азия елдерінің біразы (Ауғанстан,
Бангладеш, Индия, Индонезия, Қытай, Оңтүстік Корея, Кувейт,
Пакистан, Жапония және т.б.), африка мемлекетінің бүтін бір тобы
(Замбия, Зимбабве, Кения, Нигерия және т.б.), араб мемлекетінің
балығы (Египет, Ливия, Иордания, Ирак, Иран, Сирия, Біріккен Араб
Эмираты және т.б.) АҚШ-тың 38 штаты өлім жазасын қолдады [14, 20
б.].
Өлім жазасын жою әлем елдерінің барлығында қолданыла бермейді. 1965
жылдан бастап 50-ге жуық елде өлім жазасы тағайындалатын қылмыстар тізімі
кеңи түсті. 21 елде елдің қауіпсіздігіне байланысты қылмыстар өлім жазасына
енгізілген (тыңшылық, сатқындық, контрреволюциялық немесе революциялық
қызмет). 13 ел өлім жазасы дұшпанға шартты орындату үшін алынған аманат
адамды өлтіргені үшін, терроризм үшін, ұшақты ұрлап алып кеткені үшін, егер
ол адам өліміне алып келіп соқтырса, енгізілген. 21 елде өлім жазасы заңсыз
есірткі айналымымен байланысты қылмысқа белгіленген. 13 елде өлім жазасы
экономикалық қылмыс үшін енгізілген (жемқорлық, мемлекет мүлкін ұрлап,
тонау, кеден қызметкеріне шабуыл жасау, қарулы тонау). Шығыс елдерінің
бірқатарында өлім жазасы зинақорлық үшін, күшпен зорлау, бір жынысты
адамдардың табиғи заңнан тысқары жыныстық қатынасқа баруы, мұсылман емес
адаммен мұсылман әйелдің арасындағы жыныстық қатынасы үшін белгіленген.
Қытай Қылмыстық Кодексі 1979 жылы 15 қылмыстың түріне байланысты енгізген.
1982-1983 жылдары оған тағы 14 қылмыс қосылды [15].
Қаралған мәселелерге талдау жасай келе, мынаны атап өтуге болады, 1999
жылдың басы өзгерісті кезең болды. Соның ішінде, 1999 жылы көктемде өлім
жазасынан бас тартқан елдер санының (107 ел, соның ішінде, 82-сі заңға және
25-де-факто, іс жүзінде, байланысты) аса бастағаны алғаш рет байқалды,
әсіресе, бұл жазаны әлі сақтап қалған елдерде (87). 1998 жылы желтоқсанда
өлім жазасына шығарылған үкімді орындауға мораторий жариялады, тіпті бұл
шараны қолдану (сферасын) аясын кеңейту қарсаңында ниетті болған
мемлекеттер (Қырғызстан, Түркіменстан). 1999 жылы ақпанда Ресейде өлім
жазасы іс жүзінде жайылды; көп ұзамай бұл шарадан Латвия, Грузия, Армения,
ал 2000 жылдың қарсаңында Украина да қолданды [16, 10 б.].
Қазақстан Республикасының 2002 жылы 20 қыркүйекте құқық саясаты
Концепциясында қылмыстық саясаттағы өлім жазасын қолдану аясын біртіндеп
тарылту бағыттары бекітілген, сонымен қатар, өлім жазасына мораторий
жариялау мүмкіндігі қаралған. Бұл мәселені шешуге мемлекет белгілі
жүйелілік танытқанын атап көрсетуге болады. Сонымен 2003 жылы желтоқсанда
Қазақстан Президенті Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторий
енгізу туралы Жарлығына қол қойды. Бұл жарлық қылмыстық заңының одан арғы
адамгершілік жағдайы туралы Құқықтық саясат Тұжырымдамасы ережесін жүзеге
асыруға бағытталған және өлім жазасын қолдауды шектеу курсының заңды
жалғасы болып табылады.
Мемлекет басшысының осы Жарлығын жүзеге асырылуына өлім жазасын
орындауға мораторий енгізуге байланысты Қазақстан Республикасының 2004 жылы
10 наурыздағы Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық-атқару
кодекстеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Заңының қабылдануы
бағытталған. Олардың көрсетілген заң актілерін енгізген түзетулері,
мораторийдың барлық кезеңінде өлім жазасы туралы үкімінің орындалуының
тоқтатылуын қарастырады. Сонымен қатар, айыпталушының статусы мен құқығын
бекітеді.
Әрине, мораторийдың қажеттігі туралы белгілі қорытынды жасаудан бұрын
әлемдегі сыртқы саясат жағдайындағы халықаралық құжаттарға, осы мәселенің
тарихи аспектілеріне талдау жасау керек болды. Бұл жерде жеке мемлекеттің
сыртқы саясат факторына тәуелділігі ерекше байқалады, халықаралық құжаттар
көрнекілік пен айқындылық жағынан адам құқығын қорғау аясында маңызды рөл
атқарады. Шындығында, қазіргі кезде бірде-бір мемлекет аз болсын, көп
болсын кез келген маңызды проблеманы сыртқы саясат факторларын есепке алмай
өз бетінше шеше алмайтындығын айтуға болады.
Сірә, өлім жазасы мәселесі бойынша ақтық шешім тек елдегі қылмыстық
жағдайдың жан-жақты есебі бойынша қабылдануы мүмкін, сонымен қатар,
қоғамдық пікірдің де қатысы бар. Дегенмен, өткізілген мониторингте халықтың
көпшілігі өлім жазасын қолдауды қоғамдық пікір ретінде көрсетті.
1998 жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасы
Қылмыстық Кодексінде өлім жазасы адамның өміріне қол сұғатын ерекше ауыр
қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс кезінде немесе ұрыс жағдайында мемлекеттік
сатқындық, бейбітшілікке және адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс және
ерекше әскери қылмыстар жасағаны үшін ғана ең ауыр жаза ретінде белгіленді.
Яғни, өлім жазасы тағайындалуы мүмкін қылмыстар саны екі есеге қысқартылған
болатын. Бұдан басқа, ҚР ҚҚ бойынша әскери қылмыстар үшін өлім жазасы тек
соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында белгіленуі мүмкін болды. Осыған
сәйкес, Қылмыстық Кодекстің он жеті түрлі бабында аса ауыр қылмыс
жасағандарды өлім жазасына кесу және оған балама ретінде 20 жылға немесе
өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау көзделді.
Өлім жазасы бейбітшілікке және адамзаттың қауіпсіздігіне қол сұғу
әрекеттері үшін бес қылмыс құрамы бойынша белгіленді. Қалған бес қылмыс
құрамына тоқталсақ, бұлар: адам өлтіру (96-бап 2-бөлім); Қазақстан
Респуликасы Президентінің өміріне қол сұғушылық (167-бап 1-бөлім);
терроризм (233-бап 4-бөлім); диверсия (171-бап 1-бөлім); әділет немесе
алдын ала тергеу жүргізетін адамның өміріне қол сұғушылық (340-бап).
2007-жылдың 21-мамырында Қазақстан Республикасының Конституциясына
енгізілген өзгерістерге сәйкес өлім жазасы тағайындалуы мүмкін жазалар
тізімі елеулі түрде қысқартылды, нәтижесінде, заңмен өлім жазасын
адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін,
сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза
ретінде белгіленді (15-баптың 2-тармағы).
2009 жылғы 10 шілдедегі № 175-IV Қазақстан Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңымен Қазақстан
Республикасы Қылмыстық Кодексінің 49-бабы бірқатар белгілі бір өзгерістерге
ұшырады, өлім жазасы қолданылуы мүмкін ерекше ауыр қылмыстар аясы шектелді,
яғни, өлім жазасы тағайындалатын 18 қылмыстың ішінен 10-ны алынып тасталды.
Демек, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі бойынша өлім жазасы
мынадай қылмыстар үшін белгіленді: 1) басқыншылық соғысты жоспарлау,
әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу (ҚР ҚК 156-бабының 2-бөлігі); 2) соғыс
жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану (ҚР ҚК 159-
бабының 2-бөлігі); 3) геноцид (ҚР ҚК 160-бабы); 4) жалдамалылық (ҚР ҚК 162-
бабының 4-бөлігі); 5) мемлекеттік опасыздық (ҚР ҚК 165-бабы); 6) Қазақстан
Республикасының Президентінің өміріне қастандық жасау (ҚР ҚК 167-бабы); 7)
диверсия (ҚР ҚК 171-бабы); 8) терроризм (ҚР ҚК 233-бабының 4-бөлігі) [17,
4 б.].
Қорыта келе, өлім жазасы – адамзатқа ежелден таныс көне жазалардың бірі
деуге негіз бар. Өлім жазасын қолдайтын және оған қарсы пікірлердің
дәлелдері де көп аспектілі. Бұлар саяси, әлеуметтік-экономикалық және таза
криминалдық тұрғыдан дәлелдер болғандықтан, өлім жазасына мораторий
жарияларда мемлекет барлық бағыттарды есепке алуға тура келеді. Қазақстанда
өлім жазасын белгілеу үшін оны жүзеге асыру әдісі және қылмыс аясы, сондай-
ақ, оны қолдану жиілігі әр кезеңде өзгеріп отырған.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында өлім
жазасын ең жоғарғы жаза ретінде қолданудың аясын қысқарту қарастырылып
отыр. 2003 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстанда өлім жазасына енгізілген
мораторий – ізгіліктің көрінісі. Мемлекет басшысының қаулысымен енгізілген
мораторий өлім жазасы әбден алынып тасталынғанша күшін жоймайды. Бұл
шешімді еш күмәнсіз тарихи оқиға деп атауға болады. Бұл демократиялық қоғам
мен құқықтық мемлекеттің дамуына жасалған тағы бір қадам. Қазақстан тағы да
өзінің адам құқықтарын жоғары бағалап, ізгілік пен жалпы адами
құндылықтардың жолын ұстайтындығын дәлелдеді.

2. Өлім жазасының түсінігі және белгілері

Өлім жазасының мәселесі күрделі және көпқырлы болып келеді. Бұл біздің
тіршілігіміздің саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, діни-өнегелі,
мәдени-психологиялық және басқа да жақтарын қозғайды.
Өлім жазасы – адамзатқа белгілі ежелгі жазалардың бірі болып табылады.
С.И. Ожеговтың түсіндірме сөздігінде өлім жазасына мынандай анықтама
беріледі: өмірін қию заңның жоғары жазалау шарасы ретінде [18, 261 б.].
Дұрысын айтқанда, бұл жаза қылмыстық құқық ұғымының қазіргі мағынасында
пайда боларынан бұрын қолданылған. Қазақстанда өлім жазасын жою немесе
сақтап қалу туралы пікір-таластар ұзақ жылдар бойы болуда. Бұл тақырып
бойынша қарама-қайшы пікірлерді ұстанатын көптеген авторлар өз ойларын
білдірген. Өлім жазасының түсінігі туралы мәселе оның мәнін анықтаумен
байланысты болып келеді. Өлім жазасының мәнін анықтауда біртұтастығы
зерттеліп отырған ұғымды құрайтын оның маңызды белгілерін анықтау басты
мәселе болып табылады. Өлім жазасының не екені бір қарағанда-ақ түсінікті
сияқты. Бұл – адамның өмір сүруінен айырылуы. Сондай-ақ адам түрлі
себептерге байланысты өмір сүруінен айырылады. Тіпті табиғи, шынайы өлімді
әңгіме етпегенде (аурудан, кәріліктен) зорлық пен өлтірілген өлімдердің
себептері де аз емес. Көптеген адамдар табиғат апаттарынан да өліп жатады
(сел, жер сілкінуі, жай түсуі, қар және жар, мұз көшкіндері және т.б.),
аштықтан, аязда үсуден, тұрмыстағы және өндірістегі жазатайым жағдайдан,
өзінің абайсыздығына байланысты. Көптеген адам өзіне-өзі қол жұмсаудан көз
жұмады. Адамдар түрлі қылмыстарды іске асыру нәтижесінде өліп жатады, адам
өліміне душар ететін қасақана өлтіруден абайсыз әрекеттерге дейін, атап
айтқанда, техника қауіпсіздігі ережесін бұзу, жолда жүру ережесінің
бұзылуы, түрлі қауіпті нәрселер мен заттарды ұқыпсыз тұтыну (қару,
радиоактивті заттар т.б.), адамдардың соғыс кезінде бірін-бірі өлтіруі,
қанды кек негізіндегі ұлтаралық араздық. Бұл жағдайлардың барлығының
әлеуметтік және заңдық тұрғыдан өмір сүруден айырғанымен, оның өлім
жазасына ешқандай қатысы жоқ. Өлім жазасы дегеніміз не? Өлім жазасы – бұл
жаза. Бұл дегеніміз оған осы мемлекеттік мәжбүрлеу шарасын сипаттайтын
белгілер тән.
Әдебиеттерде өлім жазасының түсінігі мен белгілерін анықтауға әрекет
еткен профессор А.С.Михлин. Ол ең жоғарғы жазаны сипаттайтын 14 белгіні
атап, бейнеледі. Олар:
1) (ең маңызды) – өлімге кесу – жаза болып табылады,
2) қылмыскерге азап шектіру;
3) өлімге кесілген адамның туыстары мен жақындарының қайғы шегуі;
4) ең қатаң жаза;
5) сотталған адамның еркінен тыс қолданылады;
6) мемлекет атынан қолданылады;
7) соттың үкімімен қолданылады;
8) тек қана қылмыс жасағаны үшін тағайындалуы мүмкін;
9) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеңіл жаза көзделетін қылмыстар
Өлім жазасын қолдану
Өлім жазасының түрлері
Өлім жазасын қолданудың ғаламдық үрдісі
Қылмыстық жаза жүйесіндегі өлім жазасына тарихи сипаттама
Қылмыстық жаза жүйесіндегі өлім жазасы
Өлім жазасын тағайындау және оны орындаудың тарихи даму кезеңдері
ӨЛІМ ЖАЗАСЫНА МОРАТОРИЙ
Қазақ тарихындағы өлім жазасы
Жаза және оның мақсаты
Пәндер