Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы туралы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3


І.ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҰЙЫМДАРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

1.1. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымды бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2. Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдармен
ынтымақтастығы (БҰҰ, ЕуроОдақ және НАТО) ... ... ... ... ... ..20
1.3. Қазақстанның ЕҚЫҰ және ИКҰ.ға төрағалығы ... ... ... ... ... ..30


ІІ.ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҰЙЫМДАРДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45

2.1 Қазақстан Республикасының посткеңестік аумақтағы
интеграциялық бастамалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45
2.2. Қазақстан Республикасының Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымындағы (ШЫҰ) ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50
2.3. Қазақстан және Еуразиялық Экономикалық Одақ
перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 55



ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65

ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .68
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялағаннан бері өткен уақыт ширек ғасырға жуықтап қалды. Осы мерзімде еліміз мығым сыртқы саяси концепцияларға негізделген көпвекторлық бағыттағы дипломатиясын табысты түрде жүзеге асырып келеді. ХХ ғасырдың 90-шы жылдары саяси және әлеуметтік-экономикалық үрдістердің артуы нәтижесінде халықаралық қатынастарда күштер арасалмағының өзгеруі мен геосаяси ықпалдардың ауысуымен сипатталады. Халықаралық қатынастардың биполярлық жүйесі жойылды және оның орнына әлем мемлекетерінің сыртқы саяси тұжырымдамаларын қайта қарастыруға мәжбүрлеген мүлдем басқаша жаңа әлемдік тәртіп дүниеге келді.
1. Акимбеков С.М., Итоги председательства Казахстана в ОБСЕ: Материалы междунар.конф, г. Алматы, 10 декабря 2010 г., Алматы, Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан, 2011.
2. Ашимбаев М.С. , Шоманов А.Ж. Страны и регионы мира в современных международных отношениях. Издательство ИМЭП. Алматы 2006.
3. Богатуров А.Д, Дундич А.С, Троицкий Е. Ф. Центральная Азия: «отложенный нейтралитет» и международные отношения в 2000-х годах. Очерки текущей политики. Выпуск 4. М.: НОФМО, 2010.
4. Богатуров А. Д., Дундич А. С., Коргун В. Г. Международные отношения в Центральной Азии: События и документы: Учеб.пособие для студентов вузов.Москва.Аспект Пресс, 2011.
5. Жумалы Р. Геополитика Центральной Азии. Алматы 2006.
6. Кушкумбаев С.К., Итоги председательства Казахстана в ОБСЕ: Материалы междунар.конф, г. Алматы, 10 декабря 2010 г., Алматы, Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан, 2011.
7. Лаумулин М.Т. Центральная Азия в зарубежной политологии и мировой геополитике. Том ІV: Центральная Азия в XXI столетии – Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2009.
8. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. Алматы Атамұра 2003.
9. Назарбаев Н.Ә. Бейбітшілік кіндігі. Алматы Атамұра 2003.
10. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл. Алматы Атамұра 2003
11. Назарбаев Н. А. Казахстанский путь, – Караганда, 2006

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .3

І-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҰЙЫМДАРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымды бағыттары
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 6
Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдармен
ынтымақтастығы (БҰҰ, ЕуроОдақ және НАТО) ... ... ... ... ... ..20
Қазақстанның ЕҚЫҰ және ИКҰ-ға төрағалығы ... ... ... ... ... ..30

ІІ-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҰЙЫМДАРДАҒЫ
ҚЫЗМЕТІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45

2.1 Қазақстан Республикасының посткеңестік аумақтағы
интеграциялық
бастамалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45
Қазақстан Республикасының Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымындағы (ШЫҰ) ролі
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .50
Қазақстан және Еуразиялық Экономикалық Одақ
перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 55

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .65

ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .68

Кіріспе
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялағаннан бері өткен уақыт
ширек ғасырға жуықтап қалды. Осы мерзімде еліміз мығым сыртқы саяси
концепцияларға негізделген көпвекторлық бағыттағы дипломатиясын табысты
түрде жүзеге асырып келеді. ХХ ғасырдың 90-шы жылдары саяси және әлеуметтік-
экономикалық үрдістердің артуы нәтижесінде халықаралық қатынастарда күштер
арасалмағының өзгеруі мен геосаяси ықпалдардың ауысуымен сипатталады.
Халықаралық қатынастардың биполярлық жүйесі жойылды және оның орнына әлем
мемлекетерінің сыртқы саяси тұжырымдамаларын қайта қарастыруға мәжбүрлеген
мүлдем басқаша жаңа әлемдік тәртіп дүниеге келді. Осындай жағдайда
Қазақстан басшылығы еліміздің халықаралық қызметінің негізгі бағыты болып
табылатын сыртқы саясаттағы көпвекторлық қағиданың жүзеге асыру
қажеттілігін жете түсінді. Қазақстан 1992 жылы 3-наурызда БҰҰ-на Бас
Ассамлеясының 46-шы сессиясында мүше болып қабылданды. Бұл Қазақстанның
әлемдік кауымдастыққа толыққанды мүше, халықаралық қатынастардың жаңа
субъектісі ретінде қабылдануының дәлелі еді. Қазақстан халықаралық
қатынастар жүйесіне еніп, өзінің ұлттық мүдделеріне сәйкес сыртқы саяси
доктриналары мен тұжырымдамаларын қалыптастырды. Қазақстан Республикасының
сыртқы саясатының қалыптасуында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атқарған
ролі мен еңбегі оте зор.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың пікірінше, көпвекторлық бұл әлемдік
істерде маңызды роль атқаратын және Қазақстан үшін мүдделі мемлекет болып
болып табылатын барлық мемлекеттермен достық қарым-қатынастарды дамытуды
білдіреді. Қазақстан өзінің геосаяси жағдайы және экономикалық әлеуетіне
байланысты сыртқы саясатта тар аймақтық мәселелермен шектеліп қалуға тиіс
емес. Мұндай саясат тек қана Қазақстанның көпұлтты халқына ғана емес,
әлемдік қауымдастыққа да түсініксіз болары хақ. Қазқстанның болашағы Азияда
ғана емес, Еуропада да, тек қана Шығыста ғана емес, Батыста да. Осындай
саясат жүргізе отырып, Қазақстан өзінің қауіпсіздігіне төнген қатерлердің
алдын ала алады және экономикалық-саяси дамуы үшін колайлы сыртқы
жағдайларды қамтамасыз ете алады.[1]
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдары
ядролық қарудан бас тартуы және яролық қаруды таратпау режимін нығайтуға
қосқан үлесі әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланды. Бұл шара да
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тікелей бастамасымен жүзеге асты. Қазақстан
Тәуелсіздік алғалы бері 15 жыл ішінде шекаралас мемлекеттермен барлық
территориялық мәселелерін толығымен шешіп, Ресей Федерациясы, Қытай Халық
Республикасы, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстанмен 14 мың км-ге
созылған мемлекеттік шекараларды делимитациялау туралы келісімдерге қол
қойылды.1991-2010 жж аралығында Тәуелсіз Қазақстан өзінің сыртқы
саясатының негізін қалады және сыртқысаяси тұжырымдамалар мен доктриналарын
қалыптастырды. Жаңа әлемдегі Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуында
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың атқарған еңбегін ереше атап өту қажет.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мен әлемдік қаумдастық істеріне
қатысуы негізігі дәстүрлі бағыттар бойынша қарқынды түрде дамып келеді.
Оған дәлел ретінде Қазақстанның БҰҰ, ЕҚЫҰ, ТМД, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ сияқты беделді
ұйымдарға мүше болуын, НАТО, ИКҰ ұйымдарымен ынтымақтастығын атап көрсетуге
болады. Екіжақты қарм-қатынастар бағыты бойынша Қазақстан Республиксы Ресей
Федерациясы, Орталық Азия елдері мен ТМД, ҚХР және АҚШ, ЕуроОдақ елдерімен,
мұсылман Шығыс мемлекеттері, АТА және Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерімен
тығыз байланыс орнатқан. Осылайша Қазақстан сыртқы саясаты негізгі үш
бағытқа: халықаралық құқық, көпжақты қарым-қатынастар, екіжақты қарым-
қатынастарға негізделген.
90- шы жылдардың басында Қазақстан сыртқы саяси стратегиясында
Еуразиялық көпір идеяcы, яғни Қазақстанның Еуропаға және Азияға
географиялық, мәдени, тарихи тиеселілігін айқындайтын пікірлер басым
болды. 90-шы жылдардың ортасына қарай бұл тұжырымдама өзгеріске ұшырап,
көпвекторлы дипломатия доктринасына айналды. Аталған доктрина Қазақстан
сыртқы саясатының барлық маңызды бағыттарын тең дәрежеде жүзеге асыруды
мақсат етті. ҚР Президентінің Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылы 14 желтоқсанда
Қазақстан Халқына жасаған Қазақстан – 2050 Стратегиясы: қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауында ҚР сыртқы саясатының басымды
бағыттарының өзгермейтіндігі және көршілеріміз - Ресеймен, Қытаймен,
Орталық Азия елдерімен, сондай-ақ АҚШ-пен, Еуроодақпен, Азия елдерімен
серіктестікті дамыту мәселесі болып табылатындығы атап көрсетілген.[2]
Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясында Орталық Азияда тиімді
қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз ету, яғни аталған аймақпен шекаралас
мемлекеттерден таралуы мүмкін қауіп-қатерлер: халықаралық терроризм, діни
экстремизм, наркотрафик, заңсыз миграция мәселелерінің алдын алуға
бағытталған. Бұл міндетті орындау үшін ең алдымен Қазақстанның АӨСШК
(Азиядағы Өзара cенім шаралары Кеңесі), ШЫҰ (Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы),
ҰҚШҰ (Ұжымдық қауіпсізздік шарты ұйымы) сияқты аймақтық және халықаралық
ұйымдардың қызметіне белсенді араласуы қажет. Сонымен қатар, көршілес
мемлекеттер – Ресей, Қытай және Орталық Азия мемлекеттерімен экономикалық
және саяси ынтымақтастықты нығайту, АҚШ, ЕуроОдақ және НАТО-мен өзара
тиімді ықпалдастықты арттыруы да маңызды болып табылады.[3]
Қазақстан сыртқы саяси қызметіндегі атқарылған ең ауқымды маңызды
шаралар – 2010 жылғы Қазақстанның ЕҚЫҰ –ға төрағалығы болды. 2010 жылы 1-2
желтоқсанда өткізілген ЕҚЫҰ-ның Астана саммиті әлем жұртшылығының назарын
аударған маңызды халықаралық оқиға болды. Астана Саммиті Еуразия аумағында
қауіпсіздікті сақтаудың жаңа жүйесін қалыптастырудағы әлем мемлекеттерінің
конструкивті диалогының айқын көрінісі болды.
Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі бағыттардың бірі әлемдік
өркениеттер мен діндердің арасындағы диалогты дамытуға бағытталған
бастамашыл саясаты болып табылады. 2003 және 2006 жж. Қазақстанда әлемдік
және дәстүрлі діндердің лидерлернің басын қосқан екі съезд өткізілді.
Осылайша Қазақстан әлемдік негізгі конфессиялардың өкілдері жиналған үлкен
іс-шараның ұйытқысы болды.
Диплом жұмыс тақырыбының өзектілігі – Қазақстан Республикасының
халықаралық қауымдастыққа кіру үдерісінде өзінің сыртқы саяси басымдықтарын
назарға ала отырып, Еуразия аумағындағы жетекші мемлекеттердің біріне
айналып болып отыр. Қазақстанның табысты көпвекторлы дипломатиясы оның
аймақтық және әлемдік интеграциялық бастамаларымен ұштасып жатыр.
Сондықтан, Қазақстанның әрқашан әлемдік диалогтарда, мәселелерді шешуде
ешқашан тыс қалған емес. Сондықтан еліміздің сыртқы саясатындағы көпжақты
қарым-қатынастар саласында атқарып жатқан іс-шаралары мен халықаралық
ұйымдардағы қызметі мен белсенділігі жан-жақты зерттеуді талап ететін
өзекті тақырыптардың бірі болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты және міндеттері: Зерттеу жұмысының мақсаты –
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының көпжақты қарым-қатынастар
саласында атқарып жатқан жұмыстарын, әлемдік және аймақтық халықаралық
ұйымдарда ,интеграциялық бірлестіктерде Қазақстанның қызметі мен ролін
анықтау болып табылады Осы мақсатқа сәйкес автор төмендегідей міндеттерді
алдына қойды:
- Қазақстан сыртқы саясатындағы басымды бағыттарды мен олардың
қалыптасуына әсер еткен факторларға сараптама жасау;
- Қазақстанның сыртқы саясаты мен интеграциялық бастамаларын
талдау;
- Қазақстанның сыртқы саяси басымды бағыттары мен халықаралық
ұйымдардағы қызметіне тоқталу;
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыстың құрылымы алдына қойған
мақсаттарға байланысты кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланған
әдебиет тізімінен тұрады.
І-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҰЙЫМДАРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

1.1. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымды бағыттары

Кеңес Одағының ыдырауы және биполярлы жүйенің жойылуымен Қазақстан
әлемдік саясаттың түйінінде, шоғырланған нүктесінде қалып қойды. Атомдық
қаруға ие болуы, заманауи тәуелсіз мемлекеттілікті қалыптастыру
тәжірибесінің жоқтығы, экономикалық белгісіздік, сыртқы саяси бағыттардың
анықталмағандығы – осының бәрі әлемдік державалардың біздің мемлекетіміздің
болашағы туралы қауіптенуі мен күмәндана қарауына әсер еткен объективті
факторлар болды. Сонымен қатар кейбір саяси сарапшылар Орталық Азияны
қақтығыстарға бейім территория дер есептеп, келекшекте бұл аймақ Еуразия
құрлығында үлкен геосаяси өзгерістердің себепкері болады деген секемшіл
пікірлер айтты.[4]
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарын былай
сипаттайды: Тарихтың ағымымен Қазақстан биполярлы әлемдік жүйенің
құлауынан кейін әлемдік саясаттың түйінінде орын алды. Алып Одақтың орнына
жаңа тәуелсіз мемлекеттер пайда болды және олардың ішінде Қазақстанға
ерекше назар аударылды. Тағдырдың жазуымен, бұл айрықша назардың басты
себебі – Кеңес Одағынан қалып қойған ядролық қаруға байланысты болды.
Біздің мемлекетіміздің шын бет-бейнесін білмеушілік, Қазақстанның ядролық
қаруға ие ислам мемлекеті және әлемдік қауымдастыққа зор қауіп төндіретін
ел ретінде жағымсыз образының қалыптасуына себеп болды. Осы жағымсыз образ
бізге ғана емес біздің болашақ серіктестерімізге де кедергі болды.
Осындай жағдайда Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа барлық елдермен
тепе-теңдік, прагматикалық конструктивизм негізінде халықаралық құқықтың
барлық нормаларын сақтай отырып қарым-қатынастарды орнатуға дайын екендігін
іс жүзінде дәлелдеу аса маңызды болды. Дәл осы кезеңда Қр Басшылығынң
негізгі сыртқы саяси қадамдары еліміздің халықаралық қатынастар жүйесіне
енуіне қолайлы шарттар қамтамасыз етуге бағытталды.
Ең бірінші Жалпыхалықтық сайлаудан кейін Елбасы Н.Ә.Назарбаев Алматыда
республикалық және шетелдік БАҚ өкілдерімен өткізілген баспасөз
мәслихатында еліміздің негізгі сыртқы саяси бағыттарын айқындап, оның
көпвекторлы сипатын белгіледі. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Еуропа мен Азия
арасындағы көпір іспеттес болатындығын және Еуропа мен Азияда да қарым-
қатынастардығ тең дәрежеде дамытылатындығын жариялады.
1991 жылы 8 желтоқсанда Ресей, Украина және Беларусь басшылары КСРО-
ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынығ құрылуы туралы
жариялады. ҚР Президенті Мәскеуде болған баспасөз мәслихатында мұндай
достастықтың құрылын жақтайтындығын жеткізді. Мұнымен бірге, этникалық және
конфессионалдық ерекшеліктер бойынша одақтар құрудың аса қауіптілігін атап
өтті. Н.Назарбаев әлемдік қауымдастықтың жаңа тәуелсіз мемлекеттердің
аумағында қалып қойған ядролық қаруға алаңдаушылықпен қарап отырғандығына
баса назар аудару қажет екендігін ескертті және бұрынғы кеңестік
мемлекеттердің ішінде ядролық қаруға ие болып қалған мемлекеттердің ортақ
ядролық саясат түзуі кезек күттірмес мәселе екендігін жеткізді. Сонымен
қатар жаңа тәуелсіз республикаларды тез арада БҰҰ-ға кіруге шақырды.
Осылайша ҚР Басшылығының салиқалы саясаты бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттерін
түркі және славяндық болып екі жарға бөлінуден сақтап қалды. Президент
Н.Ә.Назарбаев: Қазіргі уақытта сол жылдары екі бөлек одақ – славян және
түркі Одағының құрылуының алдында тұрғандығымызды көпшілік ұмытып кетті
ҚР сыртқы саясатының қалыптасуында ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.
Назарбаевтың сіңірген зор еңбегін ерекше атап өтуіміз қажет. ҚР Президенті
әлемдік саясаттың беделді тұлғасы екендігі даусыз. Қазақстан басшысы
Батысқа да Шығысқа да өте танымал саясаткер. Қазіргі уақытта саяси
сарапшылар Н.Ә.Назарбаевты либералды құндылықтарды құрметтейтін, тұрақтылық
пен қауіпсіздікті ең бірінші орынға қоятын көшбасшы ретінде мойындайды. ҚР
Президентінің саяси-экономикалық стратегиясының табысты түрде жүзеге асуы
осының айқын дәлелі бола алады. Көптеген саясаттанушылар Назарбаевты
Сингапур экономикалық кереметінің авторы Ли Куан Ю-мен салыстырады. Ал
Қазақстан көшбасшысы өзіне Т. Джефферсон, Шарль де Голль сияқты тарихи
тұлғалардың өзінің болмысына жақын екендігін бірнеше мәрте атап өткен
еді[5].
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың басшылығындағы еліміздің сыртқы
саясатында Орта Азиядағы аймақтық қауіпсіздікті сақтау мәселесіне өте үлкен
мән берілген. Қазақстан басшысының пікірінше Орталық Азия елдері біртұтас
кеңістік ретінде дами отырып, халықаралық лаңкестік, діни экстремизм,
наркотрафик және заңсыз миграция сияқты қауіп қатерлерге қарсы тұратын,
экономикалық әл-ауқат белдеуін қалыптастыру қажет.
Қазақстан халықаралық терроризм, діни экстремизм, наркотрафик және
заңсыз миграция, эпидемиялар, экологиялық проблемалар сияқты дәстүрлі емес
қауіп-қатерлерге қарсы тұру мақсатында халықаралық ынтымақтастықты екіжақты
деңгейде ғана емес, көпжақты деңгейде де үйлестіруді ұсынады. Оның айқын
дәлелі ретінде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары Кеңесі
(АӨСШК) ұйымын ерекше атап өтуге тиіспіз. Бұл ұйымды кезеңдер бойынша құру
жоспары бастамасын ҚР Президенті Н.Назарбаев 1992 жылы БҰҰ Бас
Ассамблеясының 47-ші сессиясында ұсынған болатын. Қазіргі таңда аталған
ұйымның мүшелері: Ауғанстан, Әзірбайжан, Қытай, Ирак, Тайланд, Біріккен
Араб Әмірліктері, Йордания Хашемиттік каролдгі, Корея Республикасы, Мысыр,
Үндістан, Пәкістан, Иран, Израиль, Вьетнам, Қазақстан, Қырғызстан,
Палестина, Ресей, Моңғолия, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстан; бақылаушы
мемлекеттер: Бангладеш, Комбоджа, Индонезия, Жапония, Украина, АҚШ, Катар,
Малайзия. Сонымен қатар, АӨСШК-де халықаралық ұйымдар да қатысады. Мәселен:
БҰҰ, ЕҚЫҰ, Араб мемлекеттері Лигасы, Орталық Азия Экономикалық
Ынтымақтастық Ұйымы.[6]
Қазақстанның осындай интеграциялық бастамаларына үлкен күмәнмен
қарағандар өте көп болды. Алайда, Қазақстан басшылығы халықаралық және
аймақтық қауіпсіздікті сақтау бойынша игі бастамаларын жоспарлы түрде
жүзеге асыруды бір сәтке болса да тоқтатқан емес. 1999 жылы Алматыда болған
кездесуде АӨСШК мүше мемлекеттеррдің өзара қарым-қатынастарын реттейтін
қағидалар туралы Декларация қабылданды. 2002 жылы маусым айында АӨСШК мүше
мемлекеттер басшыларының алғашқы саммиті өтті. Бұл кездесуде Терроризмді
жою және өркениеттер арасында диалогты қолдау туралы АӨСШК Декларациясы
және Алматы Актісі қабылданды. АӨСШК-нің негізгі мақсаты және қызметінің
бағыты – Азияда бейбітшілік, қауіпсіздік және тұрақтылықты сақтау
мақсатында көпжақты іс-шаралар түзу арқылы ынтымақтастықты нығайту болып
белгіленді.
2006 жылы 17 маусымда Алматыда АӨСШК-нің өміршеңдігін және болашағынан
зор үміт күттіретін форум екендігін бекіткен 2-ші Саммиті өтті. ҚР
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың пікірінше: Табиғи ресурстарға бай және
демографиялық әлеуетке ие Азияға мемлекеттер мен қоғамның транзиттік дамуы
тән. Сонымен қатар аймақта ескірген қақтығыстар да көрініс алады. Осыған
байланысты Азия құрлығына қауіпсіздік мәселелері мен ынтымақтастыққа бәрін
қамти алатын ұтымды тәсілдермен жету және кезеңдер арқылы сенім шараларын
ұйымдастыру, қолдану қажет.
Қазақстан Президенті АӨСШК қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы
тұратын глобальды жүйенің бөлінбейтін құрамдас бөлігі болуы қажет дейді.
АӨСШК мүше мемлекеттердің ерікті түрде орындау негізінде қабылданған
Сенім шаралары Каталогына сәйкес, аймақта тұрақтылықты сақтаудың нақты
механизмдері мен азаматтық қауіпсіздікті сақтау жүйесінің құқықтық
негіздері бекітілді. Осылайша, АӨСШК Азия құрлығында қауіпсіздікке зиян
келтіретін қатерлерге қарсы тұруда өзара іс-шаралардың қозғаушы күші
локоматив болып келеді және бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті
сақтауға мол үлес қосуда.
ҚР сыртқы саясатынд ЕуроАзЭҚ (Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы)
ұйымының қызметіне белсене араласу маңызды орын алады. Бұл ұйымның тарихы
1995 жылдан бастау алады. Сол жылы қаңтар айында Мәскеуде Ресей, Қазақстан
және Беларусь арасында қол қойылған Кедендік Одақ туралы келісіммен бастап,
ЕуроАзЭҚ-тың іргетасы қаланды. 2000 жылы 10 қазанда Астана қаласында Ресей
, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан Президенттері Кедендік
Одақ базасында жаңа Халықаралық Экономикалық ұйым - Еуразиялық Экономикалық
Қауымдастықты (ЕуроАзЭҚ) құру туралы келісімге қол қойды. Аталған ұйымның
мақсаты – еркін сауда аймағын құруды қарастыратын экономикалық интеграция
және кедендік одақты қалыптастыру болып табылады.
Әлеуметтік – гуманитарлық салада ғылым мен технологиялардың басымды
бағыттары бойынша ортақ зерттеулер жүргізу, ұлттық білім беру жүйелерінің
үйлесімділігін арттыру және мәдениет саласында қарым қатынастарды дамыту
қарастырылған.
2007 жылы 6 қазанда Душанбеде өткен ЕуроАзЭҚ мүше мемлекеттерінің
басшыларының Саммитінде Қазақстан, Беларусь және Ресей көшбасшылары ортақ
Кеден аумағы және Кеден Одағын құру туралы құжаттарға қол қойды. Осы
кездесуде Кеден Одағын 2010 жылға дейін қалыптастыруға уағдаласты. Душанбе
саммитінде ЕуроАзЭҚ-тың Бас хатшысы болып Қазақстандық дипломант Тайыр
Мансұров сайланды.[7]
Қазақстан үшін ұлттық қауіпсіздікті сақтау мақсатында әскери-саяси
салада аймақтық интеграциялық ынтымақтастық маңызды болып саналады. ТМД
мемлекеттері шекараларында бой көрсетіп отыратын шиеленістер, қақтығысты
жағдайлар және тұрақтылық пен дамуға қауіп төндіретін т.б құбылыстарға
қарсы тұру үшін ортақ іс-шараларды ұйымдастыру аймақ мемлекеттері үшін күн
тәртібіне қойылған маңызды мәселе болып отыр.
Осы бағытта жасалған маңызды қадам – 1992 жылы Ташкентте қол қойылған
Ұжымдық Қауіпсіздік шарты, кейіннен Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымы (ҰҚШҰ)
болып саналады. 2006 жылы 23 маусымда Минскіде өткен Ұжымдық Қауіпсіздік
Кеңесінің кезекті сессиясында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары ұйымның
қызметінің тиімділігін арттыру және оның көпфункциональды халықаралық
қауіпсіздік құрылымына айналдыруға бағытталған саяси Декларация қабылдады.
Сонымен қатар, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің құқық қорғау және арнайы қызмет
органдарының терроризм және наркотрафикке қарсы күресте іс-шараларды
үйлестіру жоспарына қол қойылды. Саммитте Орталық Азия аймағының жедел іс-
қимыл күщтерін басқару жүйесін жетілдіруге баса назар аударылды. ҚР
Президенті Н.Ә. Назарбаев Минск саммитінде сойлеген сөзінде қауіпсіздікті
қамтамасыз етпей интеграция туралы сөз қозғау мүмкін еместігін айтты.
Қазақстан басшысы ҰҚШҰ сыртқы агрессияның барлық түріне - әскери, саяси,
ақпараттық басқыншылыққа қарсы тізе қосып әрекет ететін одақтастардың басын
біріктіретін ұйым болып табылады деп атап көрсетті.
2007 жылы ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары маңызды құжаттар
жинағына қол қойды: а) Бітімгершілік қызметі механизмдерін нормативтік және
ұйымдастырушылық тұрғысыныан жетілдіру; ә) Әскери-экономикалық
ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссия қызметінің нормативтік-
құқықтық базасын жетілдіру; Орталық Азия аймағы жедел іс-қимыл күштерін
заманауи қару-жарақ, әскери техника және арнайы құралдармен қайта жабдықтау
жоспары.
ҚР сыртқы саясатында 1996 жылы сәуірде құрылған Шанхай Ынтымақтастық
Ұйымына (ШЫҰ) баса назар аударылады. Қазіргі таңда ШЫҰ-ның мүшелері
Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан болып
табылады. ШЫҰ аясындағы ынтымақтастықтың мазмұны экономикалық, әсери-саяси
ықпалдастық және гуманитарлық салада қарым-қатынастарды қамтиды. Бұл тұста,
ШЫҰ-ның басқа мемлекеттерге не аймақтарға қарсы құрылған әскери-саяси блок
еместігін атап өтуіміз қажет. ШЫҰ-ның негізгі қызметінің бағыты –
қауіпсіздік, бейбітшілік және тұрақтылықты сақтау, ядролық қаруды таратпау,
лаңкестік және трансұлттық қылмыспен күресте халықаралық ықпалдастықты
арттыруда ұйымның беделін көтеру болып есептеледі.[8].
2007 жылы 16 тамызда Бішкекте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшыларының
Кеңесі мәжілісінде қол қойылған Ұзақ мерзімді тату көршілік, достық және
ынтымақтастық туралы келісім үлкен маңызға ие. Бұл құжат ШЫҰ Хартиясымен
бірге ұйым аясындағы ынтымақтастықтың стратегиялық бағыттарын анықтады.
Бішкек Саммитінде ШЫҰ мемлекеттерінің лаңкестік және заңсыз қару-жарақ
саудасына қарсы тұруға байланысты келісімді отырып бекітуге баса назара
аударылды. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер көшбасшылары есірткіге қарсы күрес
саласындағы келісімді тәжірибе жүзінде жүзеге асырудың механизмдерін
жасауды ұсынды.
ШЫҰ-да экономикалық ықпалдастықтың қарқынын арттыру, энергетика,
транспорт, ауыл шаруашылығы, сауда және инвестиция саласында
ынтымақтастықты дамытуға үлкен көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, халықаралық
қаржы құрылымдары, іскер адамдардың қауымдастығын құружәне Еуропа Азияны
жалғастыратын көлік дәлізін салуға баса назар аударылуда.
ШЫҰ аясында Энергетикалық салада ынтымақтастық басымды бағыт болып
қалыптасып келеді. ҚР Президенті Н.Ә. НазарбаевБішкек саммитінде ШЫҰ
Энергетикалық клубынан басқа ұйым аясында энергетикалық агенттік құруды
ұсынды. Ол ынтымақтастықтың мәліметтері базасының ақпараттық орталығы
қызметін атқаруы тиіс. Сонымен қатар, энергоресурстар нарығында нақты сауда
операциядарын ШЫҰ энергетикалық биржасында жүзеге асыру туралы ұсыныстар
айтылды.
Президент өзінің Қазақстанның Егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы
мен дамуының стратегиясы атты 1992 жылғы еңбегінде Қазақстан жаңа
халықаралық ортаға тап болды. Оның сыртқы саясатының бағыты ұлттық-
мемлекеттік мүдделерге сәйкес өзіндік логикамен дами бастады. Сонымен
қатар, Қазақстанның сыртқы саясаты жалпыадамзаттық қуатқа ие. Ол
халықтардың әлемдік қауымдастықтан өз орнын таба білгенін жақтайды, – деп
ескертті. Осыған орай, Қазақстан Республикасы өзінің сыртқы саясатында
көпвекторлық принципін ұстауда.
Қазақстан өзінің сыртқы саясатында әлемдік тартылыс күштерінің
орналасуын есептеуге ұмтылды. Қазіргі жаһандық қатынастардағы көпполярлық
саланы басшылыққа алды. 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан
өзінің сыртқы саясатында Қытайдың, Жапонияның, Ресейдің, Үндістанның,
Еуроодақтың күшейе түсуін басшылыққа алды. Қазақстан геосаяси аренада
шынайы ойыншыға айналуды мақсат тұтты және осы дәрежеге ол біртіндеп
көтеріліп келеді. Ел түрлі алпауыт державалар арасында әртүрлі қарым-
қатынастар жүргізіп, өз мақсат-міндеттерін шешуде біршама табыстарға қол
жеткізуде.
1992 жылы Қазақстан Солтүстік атлантикалық әріптестік Кеңесіне мүше
болды. Бұл ұйым 1997 жылдан бастап Еуроатлантикалық әріптестік ұйымына
айналды. НАТО ұйымы бұрынғы Кеңес Одағы құрамынан шыққан тәуелсіз
мемлекеттермен және Шығыс Еуропа мемлекеттерімен бірлесіп Бейбітшілік
жолындағы әріптестік бағдарламасын жүзеге асырды. Ондағы мақсат, осы
елдермен бірлесіп, аймақтық әскери қақтығыстардың алдын алу, терроризмге
қарсы ортақ іс-қимылдарды үйлестіру болды. Қазақстанның қарулы күштері АҚШ
пен НАТО-ның алдыңғы қатарлы әскерилерінен соғыс техникасы мен тактикасын
меңгеруді үйренді. Бірлескен жаттығулар өткізу жыл сайынғы дәстүрге
айналды. НАТО-мен әріптестік Қазақстанның қауіпсіздігін нығайтуға өз
ықпалын тигізді.
Қазақстан шетелдермен екі жақты қатынастар орнатуда белсенді шаралар
жүргізді. Соның нәтижесінде 1993 жылы Қазақстан Республикасын егеменді ел
ретінде 111 мемлекет танып, олардың 92-мен дипломатиялық қатынастар
орнатылды. 2010 жылы Қазақстанмен 120-дан астам мемлекеттер дипломатиялық
қатынастар жасады[9]. Екі жақты және көпжақты сыртқы қатынастар 2009 жылы
Президент Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сыртқы саясат
концепциясы негізінде жүзеге асырылуда. Бұл Концепцияда қазіргі
халықаралық қатынастардың негізгі даму бағыттары анықталып, дипломатиялық
қызметтің міндеттері көрсетілді. Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі
мақсаты елдің ұлттық мүддесін қорғау екендігі ескертілді.
Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы беделі, оның ядролық қарусыз ел
ретіндегі статусына байланысты өсе түсті. Әлемде қуаты жағынан 4 орын
алатын ядролық қаруларды Қазақстан АҚШ пен Ресейдің көмегімен 1995 жылдың
26 мамырында толық демонтаждап бітті. Қазақстан стратегиялық шабуыл
қаруларын қыстарту, ядролық қаруларды таратпау, ядролық сынақтарға тыйым
салу туралы жалпыға бірдей келісім-шарттарға қол қойды. Қазақстан нақты
шаралары арқылы әлем мемлекеттерін ядролық қауіпті жоюға шақырды.
Қазақстанның әлем мемлекеттері арасында бірінші болып қуатты Семей
ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан өз еркімен бас тартуы арқылы өз
ұстанымының айқын екенін көрсетті. Ол – ядролық қарусыз әлем құру.
Қазақстанның осындай саясатының үлгісін Ұлыбританияның Стэнфорд
университетінің Ядролық қатерді қысқарту жөніндегі бастама қоры аса
жоғары бағалады. 2011 жылы Лондонда болған Гувер институтының Тежеу:
өткені және келешегі атты халықаралық конференцияда ядролық қаруы мен
қондырғылары бар 13 дамыған мемлекеттің ірі мамандары әлемнің барлық
қайраткерлеріне Қазақстанның нақты бейбітшілікті қорғау тәжірибесіне үңілуі
керектігін атап көрсетті. Қазақстан күшке емес, қажеттілікке негізделген
жаһандық ұсыныстар жасауда. Семей полигонының 1989 жылы 29 тамызда жабылуы
күнін БҰҰ Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні деп жариялады.
Қазақстан атом қуатын тек қана бейбіт мақсаттарға, қуат көзі ретінде
пайдалану туралы ұсыныстар айтты. Соның бірі Ядролық отынның халықаралық
банкін жасау. Ондағы мақсат төмен байытылған уранның кепілді қорын жасау
арқылы атом электрстанцияларын салатын мемлекеттерге атом реакторлары
қондырғыларын құруға көмектесу[10].
Қазақстанның сыртқы саясат доктринасына оның Ресей және Қытаймен
шекаралас болуы ерекше ескерілді. Ресей Федерациясы мен Қазақстанның
құрлықтағы шекарасының ұзындығы 7,2 мың шақырымдай болса, Қытай Халық
Республикасымен 1,7 мың шақырымдай ортақ шекара бар. Сондықтан, Қазақстан
әлемдік басым державалар болып саналатын Ресей, Қытай мемлекеттерімен
бейбіт, тең және ынтымақтастық қатынастарды орнатуға ерекше мүдделі.
Ресей Қазақстанның тәуелсіздігін 1991 жылдың 17 желтоқсанында таныды.
Ал, Қазақстан Ресейдің және одақтас республикалар тәуелсіздігін 1991 жылы
20 желтоқсанда танитындығын жариялады. 1992 жылы 20 қазанда Ресей
Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасында Достық, ынтымақтастық және
өзара көмек туралы шартқа қол қойылды. Екі ел бірін-бірі сыйлайтындығын,
егемендігін және мемлекеттік шекаралардың мызғымастығын танитындығын жария
етті. Осы келісім шарт негізінде екі елдің достық қатынастары басталды.
Қазақстан Ресейдің ең сенімді одақтасына айналды. Қазақстанда антиресейлік
пікірлер айтылмады. Осындай лайықты қатынастар 1998 жылы 6 шілдеде
Қазақстан мен Ресейдің арасындағы Мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы
Декларацияға қол қойылуына әкелді. 2000 жылдың басында екі ел өзара
шекарасын толық демаркация жасау жұмыстарын аяқтады.
1991-2000 жылдар аралығында Қазақстаннан 1,2 миллиондай орыстар Ресейге,
шетелдерге қоныс аударды. Қазір орыстардың ел халқындағы үлес салмағы 1991
жылғы 41 пайыздан 24 пайызға түсті, сөйтіп, орыстар, 6,1 миллианнан 3,9
миллионға кеміді. Екі жақ бұл құбылысты Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі
табиғи эммиграциялық құбылыс деп бағалады. Азаматтардың өз Отандарын
таңдауына ешқандай қысым көрсетілген жоқ. Ел халқы өз азаматтығын
өркениетті демократиялық принциптер негізінде шеше алды.
Ресей Федерациясы 90-шы жылдардың басында Еуропалық экономикалық және
сауда жүйесін тез арада интеграциялануды мақсат етті. Қазақстан да АҚШ пен
Батыс Еуропаның ірі компанияларын өзінің шикізат рыногына еркін кіргізді.
Алайда, 90-шы жылдардың соңында Еуропамен интеграцияланудың аса тез бола
қоймайтындығына екі елдің де көзі жетті. Ресей мен Қазақстанның сыртқы
саясаты бағытында өзара жақындасу үдерісі күшейе бастады. Ресей барлық ТМД
мемлекеттерімен қарым-қатынастарды жақсартуды өзінің әлемдік саяси
экономикалық құрылымдарға енуінің маңызды факторы ретінде бағалады.
1995-2001 жылдар аралығында Ресей мен Қазақстан Батыс мемлекеттеріне
қарағанда өзара қарым-қатынастарды жақсартудың, Еуразиялық кеңістікте жаңа
тұрпатты экономикалық, сауда және ақпараттық интеграциялану кеңістігін
жасаудың қажеттілігін сезінді. Осы жылдарда екі ел арасында әскери-
техникалық саладан бастап, сауда-экономикалық, гуманитарлық салаларға дейін
қамтыған түрлі келісім шарттарға қол қойылды. Ресей мен Қазақстан басшылары
әр жылда 10-15 реттен түрлі дәрежедегі кездесулер мен келісімдер өткізіп
отырды[11].
Сонымен қатар, Ресейдің Орталық Азияға қатысты саясатын белгілеуде екі
мүдделі топ әсер етті. Бірінші, Ресейдің бұрынғы ықпалын өзгертпей сақтауы,
Орталық Азия мемлекеттерін Ресей құзырына ұсынту болса, екінші топ, мұндағы
мемлекеттер өздерінің мәселелерін өз мүдделеріне сәйкес шешкенін дұрыс деп
есептеді. Бұл позициялардың нақты көрінісі Ауғанстандағы оқиғаларға қатысты
байқалды. АҚШ-тың Ауғанстанға әскер кіргізуіне байланысты Қырғызстан мен
Өзбекстанда өз әскери базаларын, қоймаларын салу мәселесі көтерілді.
Қырғызстан Манас әуежайының қасынан АҚШ әскери базасын тұрғызуға рұқсат
берсе, Қазақстан өзінің әуе кеңістігі арқылы АҚШ-тың жүк тасымалдау
авиациясының ұшуына келісім берді. Жаңа геосаяси ахуалға қатысты, Ресей осы
келісімдерге көнуге мәжбүр болды. Оның қуатымен әлі де әлем мемлекеттері
есептеседі.
Ресей Федерациясының Қазақстанмен ортақ шекарасымен қоса, 5 әскери-
сынақ полигондары бар. Олар: 929-шы Мемлекеттік жазғы сынақ орталығы (929
ГЛИЦ) Батыс Қазақстанда; Эмба полигоны Ақтөбе облысында; Сарышағын
сынақ полигоны Жамбыл, Қарағанды облыстарында; 4-ші мемлекеттік сынақ
полигоны (4ГЦП) Батыс Қазақстанда және ең ірісі Байқоңыр космодромы
Қызылорда облысында орналасқан. Бұл космодром Ресейдің космостық
бағдарламаларын жүзеге асыратын негізгі кешен ретінде белгілі. Ресейге
Қазақстан Байқоңырды 20 жылға жалға беру туралы келісімге 1994 жылы 28
наурызда қол қойған. Болашақта бұл келісім ұзартылуы мүмкін.
Ресей жағы Қазақстанға Байқоңыр кешені арқылы өзінің космостық
бағдарламаларын жасауға және іске асыруға көмек көрсетуде. Қазақтың тұңғыш
ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев Ресей топтарымен бірге
Байқоңырдан ғарышқа сапар шеккені белгілі. Қазақстанның әскери сапар ғана
емес сыртқы саудадағы негізгі әріптесі Ресей. Екі ел арасындағы сыртқы
сауда айналысы 2010 жылы 15 млрд. АҚШ долларынан асқан. 2010 жылы 1
қаңтардан бастап Ресей, Қазақстан, Беларустің кеден одағының жұмыс істей
бастауы өзара сауданы белсенді өсіретінін көрсетті. 170 млн. халқы бар үш
елдің экономикалық қуаты 1,7 трлн. АҚШ долларына жетіп отыр .
Қазақстанның кедендік одақ құру арқылы Ресеймен интеграцияны күшейту
саясаты нәтижелі болды. Әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан, 2011 жылы
екіжақты сауда айналымының көлемі 23,8 млрд. АҚШ долларына жетіп, 2010
жылмен салыстырғанда, 42,3 пайызға артты. Қазақстанның Ресейге экспорты
47,8 пайызға өсіп, 7,5 млрд. долларға жетті. Қазақстанның бүкіл сыртқы
саудасының 20 пайызы тек қана Ресейге тиесілі болды 2.
Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше геосаяси маңызы бар тағы бір мемлекет
– Қытай Халық Республикасы. Бұл елдер арасындағы ортақ шекараның ұзындығы
1700 шақырым, әрі тарихи көршілер. Екі ел де демократиялық модернизация мен
нарық экономикасын жасап, дамуға құлшына кірісті. Сондықтан, екі ел үшін де
бейбітшілік, өзара татулық пен экономикалық-сауда әріптестігін дамыту
пайдалы. Қытай өзінің батыс өңірі Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданына
Қазақстандағы саяси тұрақтылықтың дұрыс ықпал етуін қалайды. Шығыс
Түркістан өңірін қамтитын Ұйғырстан мемлекетін құруды жоспарлайтын ұйғыр
сепаратистерінің мақсатына Қазақстан да түбегейлі қарсы[12].
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қытай бірден-бір қуатты социалистік
мемлекет болып қалды. Қытайдың мақсаты әлемдік саясаттың негізгі бағыттары
түгел дерлік қамтыған АҚШ басымдылығын азайту. Сондықтан ҚХР Орталық Азия
мемлекеттерімен жан-жақты қарым-қатынастарды нығайта отырып, бұл аймақтағы
АҚШ ықпалының аз болуына мүдделі. ҚХР осы мақсатта Қазақстан тәуелсіздігін
тез арада таныған мемлекеттер қатарында, Қытай әлемдік озық үлгілерді өзіне
тез қабылдау арқылы елдегі демографиялық өсімнен туындайтын азық-түлік,
тұтыныс пен тұрғын үй мәселелерін шешуге ұмтылуда. Экономикалық өсуінің зор
қарқыны Қытайдан ұдайы шикізат, мұнай-газ өнімдерін, құрылыс материалдарын
іздеуді талап етеді. Осы ретте ресурстарға аса бай көрші мемлекеттер Ресей
мен Қазақстан Қытайдың ерекше назарында. ҚХР Ресей Федерациясымен тығыз
ынтымақтастыққа баруы онымен бірігіп, АҚШ-тың әлемдік гегомондығына
тосқауыл қою ниетіне де байланысты. Ал, Қазақстанмен Қытай шыңжаң
мәселесіне қатысты ынтымақтасуды көздейді. Сонымен қатар, Қытай
Қазақстанды Батыс Еуропаға тікелей ашылатын транзит ретінде де қажетсінді.
Ал, Қазақстанға ұлы көршімен татулық және оның 1,5 млрд-тық нарық қуаты
қажет болды.
Қытайды, сөз жоқ, Қазақстанның энергетикалық қорлары қызықтырады. Ол Каспий
теңізіндегі мұнай қорларын игеруге мүдделі. Осы мүдделіктің арқасында
заманауи алып құрылыстар Атасу-Алашакөй мұнай құбыры, Батыс Еуропа – Батыс
Қытай (ұзындығы 8,4 мың шақырым) автомагистралі өмірге келді. Бұл
автомагистралдың 2,3 мың шақырымға жуығы Қазақстанның 5 облысын басып
өтеді. 2010 жылы Қытайдың мұнай компанияларының Қазақстанның Батыс
өңіріндегі мұнайды өндірудегі үлес салмағы 23 пайызды құрады. Қытай
компанияларының Қазақстан мұнайының 13 жуығын иеленуі екі ел арасындағы
экономикалық-сауда байланыстарын одан сайын нығайта түсті. Қытайдың мұнайға
зәрулігі өскен сайын, оның Қазақстанға деген қызығушылығы арта түсуде[13].
Екі ел арасындағы байланыстардың белсенділігін 20 жыл ішінде Қазақстан
Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қытайға 11 рет, ал Қытай басшылары Цзян-
Цимин мен Ху Цзин Таоның Қазақстанға 7 рет ресми сапарларымен келгендігі
дәлелдейді. Қытай Орталық Азия аумағындағы өз ықпалын арттыруды күш көрсету
немесе әскери қуатпен қорқыту саясаты арқылы емес, өркениетті елдерге тән
инвестициялар құю, сауда көлемін арттыру, ақпарат пен технология алмасу,
экономикалық ынтымақтасудың жаңа жолдарын игеру саясаты арқылы іске
асырамыз деп жариялауда. Қытай Қазақстанның шекаралық біртұтастығы мен
мемлекеттілігіне қол сұқпайтындығын мәлімдеді. Қазіргі Қытай ХХІ ғасырдың
геосаяси өзгерістеріне тән бағыт-бағдар ұсынатын мемлекетпіз, бізге
агрессия, экспанция құбылыстары жат деген ұранмен әрекет етуде. Қытай өзі
ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан көрші кішкентай мемлекеттерді жұту
саясатынан бас тартқандай сыңай танытуда. Қытай айдаһары жалынымен
ешкімді шарпымайтын бейбіт айдаһарға айналғандай. Оның айғағы Қытай
басшылығының Қазақстанға көршілес аймақта орналасқан Лобнор ядролық сынақ
полигонын жабуы. Қытай басшылығы бірнеше мәрте Қазақстанға ұзақ мерзімдік
кредит берді. 2009 жылы Қазақстан Қытайдан 10 млрд. доллар көлеміндегі
қарыз алғаны белгілі.
Қазақстан Кеңес Одағы құрамынан шыққаннан кейін, Қытаймен тығыз
экономикалық, сауда, инвестициялық қарым-қатынастар жасай бастады. 2010
жылы Қытайға экспортталған Қазақстан тауарларының құны 17,5 млрд. долларды
құраған. Ал, Қытайдан импорттайтын тауарлар 27,6 млрд. доллар болған.
Экспорт-импорт қатынастарындағы кері сальдо 10 млрд. доллардан артық. Қытай
мұнай, уран өнімдеріне ерекше ден қоюда. Қазақстан оған стратегиялық
шикізат сатуға мәжбүр. Ал, Қытай негізінен өндіріс тауарлары мен тұтыныс
заттарын өткізуде. Қазақстанның тұтыныс рыногын Қытай өнімдері басып алған.
Германия мен АҚШ-тан кейінгі инвестиция көлемі жағынан үшінші орында Қытай
тұр. Қазақстанның Қытаймен жақсы экономикалық байланысы оның транзиттік
қуатын күшейте түсуде. Түркіменстан, Өзбекстан газы Қытайға қазақ құбырлары
арқылы жеткізілуде. Қытай тауарлары Ресейге, Украина мен Беларусияға
Қазақстанның транзиттік дәлізі арқылы өтуде. Транзиттік тасымал пайдасы
Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолының іске қосылуымен тіптен арта
түспек.
Қытай Қазақстанды стратегиялық әріптес ретінде бағалауда. Екі елдің
қауіпсіздігі мәселелері ШЫҰ, АСӨЫК (Азиядағы сенім және өзара ынтымақтастық
кеңесі), БҰҰ шеңберінде үнемі талқыланып келеді. Екі ел арасындағы тауар
айналымын 2020 жылы 40 млрд. долларға жеткізу жоспарлануда. Тәуелсіз
мемлекет ретінде 20 жыл өмір сүрген Қазақстан экономика мен саясатта Қытай
экспанциясын немесе қысымын сезініп отырған жоқ. ШЫҰ қызметінің арқасында
екі елдің аймақтық қауіпсіздігін нығайту мәселелеріндегі ынтымақтасуы
күшейе түсуде. Қытайдың Сыртқы істер министрі Си Цзиньпин екі ел
арасындағы қатынастар үлгі боларлық деңгейде, Қазақстан Қытайдың сыртқы
саясатының маңызды басымдылықтарының бірі, – деп атап көрсетті.
Ал, Қытайдың әлемдік экономикалық державаға айналуға ұмтылуы, валютасы
юанның әлемдік валютаға айналуы үдерісі Қазақстанның Қытаймен қарым-
қатынасының нығая беруіне негіз болмақ.
Қазақстан әлемдегі ең қуатты держава Америка Құрама Штаттарымен де татулық,
ынтымақтастық және әріптестік қатынастарында болуды мақсат тұтады. АҚШ-пен
достық байланыста болу елдің геосаяси және геоэкономикалық мығымдылығының
кепілі деп есептелінеді. Себебі, АҚШ әлемдік экономиканың 30 пайызға жуығын
иемденіп отыр. Оның валютасы ХХ ғасырдың 40-шы жылдарын басып әлемдік
қаржылық айырбастағы негізгі валютаға айналды. Сонымен қатар, АҚШ әлемдік
қуат ресурстарының 40 пайызын пайдаланып келе жатқан алып ел. 15 триллион
долларға жуық жиынтық ішкі өнім өндіретін АҚШ – қуаты ең озық, тиімді
технологияларды пайдалануға негізделген. Бұл алпауыт елдің алып экономикасы
ұдайы шикізат пен қуат көздеріне зәру. АҚШ-тың неоимпериалистік сыртқы
саясаты американ халқының ұлттық мүдделерін қорғау ұранымен жүргізіліп
келеді. ХХ ғасырдың соңында бұл саясаттың құрбандығына Ирак, Ауғанстан,
Югославия, Судан, Ливия сияқты мемлекеттер айналды. Әлемдік терроризм
қаупі, АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігін қорғау ұранымен АҚШ билігі әлемнің
кез келген нүктесінде өзінің мүдделік мәселелерін шешуге ұмтылуда.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттері
АҚШ-пен стратегиялық мүдделері бар аймаққа айналды. АҚШ-тың бұл аймақтағы
мүдделері келесі мәселелерге қатысты:
– геосаяси бәсекелестік-аймақты Ресей Федерациясы ықпалынан неғұрлым
тазарту. Бұл елдерді Қытай ықпалына түсірмеу, қауіпсіздіктің
еуроатлантикалық құрылымдарына тәуелді ету;
– қауіпсіздік мәселелеріне қатысты ынтымақтастық орнатып, әлемдік
терроризмге қарсы соғысты өршіту;
– коммерциялық және энергетикалық мүдделерді қорғау. Әсіресе, мұнай-
газ секторында АҚШ позициясын күшейту, қуат көздерін тасымалдау жолдарын
неғұрлым әртараптандыру. Осылар арқылы АҚШ трансұлттық корпорацияларының
мүдделерін қорғау;
– Қазақстан мен Орта Азия елдерінде экономикалық және саяси
реформалардың жүруіне ықпал ету. Осы арқылы бұл елдерде Батыстық саяси және
экономикалық жүйені тану. Аймақтық мемлекеттердің егемендігін нығайтуды
батыстық модельдермен қабаттастыра жүргізу арқылы бұл елдерді қауіпсіздік
пен бейбітшілікті ғана жақтайтын мемлекеттерге айналдыру.
– ядролық қарулар мен технологиялардың таралуына тосқауыл қою. Ядролық
қауіпсіздікті нығайту, Қазақстанның суммарлық қуаты жағынан әлемде төртінші
орын алатын ядролық қарулар арсеналынан бас тартуын қуаттау;
– Батыс демократиясы мен өмір салтын, нарықтық қатынастар мен
либерализм идеологиясының Қазақстанда неғұрлым тереңдей енуіне жағдай
жасау;
– Қазақстанды американдық саясат басымдылықтарын мойындайтын, АҚШ-тың
ұлттық мүдделеріне нұқсан келтірмейтін әріптес және одақтас мемлекетке
айналдыру;[14]
Американың сыртқы саясаттық басымдылықтары оның Қазақстанда геосаяси,
геоэкономикалық және геостратегиялық мүдделері бар екендігін анық
көрсетеді. Әсіресе, 2001 жылғы қыркүйекте Нью-Иорк қаласында болған алапат
террористік актілерден кейін АҚШ басшылығы Ауғанстанда жақын орналасқан
Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға ерекше ден қойды. Сонымен бірге АҚШ
Қазақстанның мұнай-газ нарығында шешуші ойыншы болуды қалай отырып, өз
инвестицияларын Қазақстан экономикасының осы саласына бағыттады.
АҚШ әлемнің әрбір аймақтарына тән ерекше саясат жүргізуге ұмтылды. Осы
мақсатта оның барлық органдары мен дипломатиялық миссиялары ол елдің ұлттық
ерекшеліктері мен халқының және билігінің психологиясын, дәстүрлерін,
тарихын және ділін өте жетік зерттеп сараптайды. Бұл жұмыс, сол елдің
қайшылықтарын, әлсіз жақтарын, демократиялық, әлеуметтік, діни, этникалық
шешілмеген мәселелерін білуге көмектеседі. Аналитикалық сараптамалар,
талдаулар АҚШ билігіне сол елге қатысты тиімді саясат бағыттауға
көмектеседі. АҚШ өзінің мемлекеттік және ұлттық мүдделерін іске асыруға қол
жеткізеді.
АҚШ үкіметі Қазақстанға қаржылық көмекпен бірге, өз инвестицияларын
құйды. Тек 1999 жылы ЮСАИД бағытымен әрбір қазақстандыққа 2,15 доллар
көлемінде көмек көрсетілді. Бұл көрсеткіш Қырғызстанда – 5,3 доллар,
Тәжікстанда – 1,73, Түркіменстанда-1,72, Өзбекстанда – 0,81 доллар болды.
2002 жылы 100- ден астам американдық компаниялар Қазақстанда өз
өкілдіктерін ашып, 350-дей біріккен кәсіпорындар құрылды .[15]
Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде Қазақстан мен АҚШ Президенттері 8 рет
кездесті. Алғашқы кездесу 1992 жылы болды. Осы кездесулер барысында бірнеше
екіжақты келісімдерге қол қойды. Демократиялық әріптестік туралы Хартия,
Экономикалық әріптестік іс-қимылы жөніндегі бағдарлама, Жаңа қазақстандық-
американдық қатынастар туралы екі ел Президентінің біріккен мәлімдемесі,
т.б. құжаттар.
АҚШ Қазақстандағы ядролық қару арсеналының тез арада Ресейге жетілуіне
және оның басқа бөтен елдерге таратылып кетпеуіне ерекше мүдделі болуда.
Қазақстанның ядролық қарудан азат болуы әлемдік қауіпсіздік жүйесінің нығая
түсуіне өз ықпалын тигізеді. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында АҚШ өзінің
Қазақстанмен қатынастарын тек прагматикалық тұрғыдан жүргізді. Ол үшін АҚШ-
тың Орталық Азиядағы рөлінің басым болуы ғана бірінші кезекке шықты. 1994
жылы Қазақстан Ядролық қаруларды таратпау туралы келісім-шартқа қол қойып,
1995 жылы өз жеріндегі ядролық қаруларды (1200-дей ядролық соғыс зарядтары)
шығарғаннан кейін, АҚШ-тың Қазақстанға деген ынтасы біршама әлсіреді. Екі
ел қатынастары біршама баяулап, АҚШ басшылығы негізінен Қазақстандағы
демократиялық үдерістің дамуына баға берумен болды.
Ал, ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында әлемдегі геосаяси
күштердің ара салмағы өзгеруіне байланысты, 10 жылдай мерзімдегі АҚШ-тың
бір жақты басымдылығы аяқталғаннан кейін, оның Қазақстанға жаңаша қатынасы
басталды. АҚШ үшін Қазақстанның бай шикізат ресурстарын пайдалану керек
болды. АҚШ Қазақстанның Орта Азия аймағындағы Батыс пен Шығысты, Солтүстік
пен Оңтүстікті жалғастырушы геосаяси орнының маңыздылығын түсінді. Әсіресе,
Каспий теңізіндегі мұнай қорларын игеруге АҚШ мүдделілік танытты. АҚШ
өзінің негізгі бақталастары Ресей мен Қытайдың Орта Азия аймағындағы
рөлінің артуын шектеуді мақсат тұтты.
АҚШ Қазақстанмен экономика және қауіпсіздік салаларында нақты байланыстар
орната бастады. АҚШ экономикасы үшін жаңа қуат көздерін іздеу зәрулік.
Себебі 2001-2020 жылдар аралығында бұл елдің мұнай өнімдерін тұтынуы 33
пайызға көбеймек. Сондықтан, АҚШ-қа мұнайды алудың түрлі альтернативті,
балама жолдарын іздестіру маңызды. Таяу Шығыс пен Парсы шығанағы
елдеріндегі мұнай мен газды импорттау емес, басқа мемлекеттердің сутекті
қорларын пайдалану қажеттігі туындауда. 2011 жылы Қазақстан әлемдік мұнай
қорының 2,9 пайызын иемденіп, бұл көрсеткіш бойынша 9-шы орынды
иемденеді[16].
АҚШ Қазақстанның мұнай-газ секторымен қатар, түсті металдар мен уран
өнімдеріне де қызығушылық танытады. Сондықтан, АҚШ компаниялары алдағы 10
жылда Қазақстанға жыл сайынғы тікелей инвестициялар көлемін 20 млрд.
долларға жеткізбек. АҚШ әсіресе Каспий аймағындағы аса бай газ қорларын
игеруді мақсат етеді. Каспий аймағына кіру арқылы АҚШ Қазақстанмен қатар,
Әзірбайжан, Түркіменстан сияқты мемлекеттерге өз ықпалын күшейтпек. Осымен
қатар, Иран мен Ресейдің Каспийдің мұнай-газ қорларына деген үстемдігін
шектемек. Қазақстанның көмірсутекті қорларын игеру АҚШ-қа экономикалық
жағынан ғана емес, саяси жағынан да ұтымды. Ол өзінің бәсекелестері Ресей
мен Қытайдың дәл қасында отырып энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін
шешуге мүмкіндік алуда. АҚШ Иран мен Ресейге соқпайтын мұнай-газ
құбырларының болуына мүдделі. Қытайдың Орта Азияға экономикалық
экспанциясын азайтуды да көздейді. Осы себептерге байланысты, Қазақстан АҚШ-
тың сыртқы саясат доктринасында маңызды басымдылықтардың біріне айналды.
АҚШ Қазақстанмен ядролық қаруларды таратпау мәселесіне қатысты да
ынтымақтасуға мүдделі. Елдің Ауғанстанға жақын орналасуы да, оның
наркотрафикке және халықаралық терроризмге қарсы күрестегі рөлін арттырады.
АҚШ Қазақстанда бар бейбіт ядролық технологиялар мен құрал-жабдықтардың
әлемдік қауіпті күштерге қолды болып кетпеуіне мүдделі. Әсіресе,
террористік топтар осындай екінші бөлшектерді пайдалануға мүдделі. АҚШ
Ауғанстандағы Талибан қозғалысын күйретуге мүдделі. Себебі, әлемдік қауіпке
айналған тәлибтер Әл-Кайда террористік ұйымының әлеуметтік-саяси тірегіне
айналды. АҚШ-тың Ауғанстандағы әскері мен Батыстың каолиция күштері бұл
елдегі жағдайды реттеуге қауқарсыз болып шықты. Сондықтан, АҚШ билігі
Ауғанстан мәселесін бейбіт реттеуді қолдайтын Қазақстан сияқты
мемлекеттердің мәмілегерлік, бейбітшілік миссиясына зәру. Бұл ретте
Қазақстан біршама нақты ұсыныстармен шықты. Ауғанстанға экономикалық, азық-
түлік көмегімен қатар, кадрлер даярлауда көмек көрсетілуде.
Қазақстанның АҚШ-пен қарым-қатынастарының жандана түсуіне екі ел
басшыларының және Сыртқы істер министрлерінің екіжақты кездесулері ықпал
етуде. 2012 жылы ақпан айында ҚР СІМ Ержан Казыханов Вашингтонда АҚШ-тың
мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонмен кездесті. Қазақстан-американ
ынтымағының 20 жылда ядролық қаруды азайтуға, Ауғанстанды қалпына
келтіруде, аймақтық жобаларды іске асыруда жеткен жетістіктері
көрсетілді.[17]
Екі мемлекет саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық,
энергетика, азық-түлік қауіпсіздігі, ғылыми-техникалық кооперация арқылы
өндірісті әртараптандыру мәселелерінде ынтымақтасуды тереңдете беруді
жоспарлады. АҚШ университеттеріне Қазақстандық студенттердің оқуына кең
көлемде жағдай туғызылатын болды.

1.2. Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйыдармен ынтымақтастығы

Қазақстан және Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ).
Тәуелсіздік алғаннан бергі алғашқы жылдардан бастап, Қазақстан
БҰҰ-ның және оның арнайы мамандандырылған мекемелерінің жұмысына белсене
қатысуда. Бұл бағыттағы ынтымақтастық біздің еліміздің сыртқы саясатының
басымды бағыттарының бірі болып табылады. Бұл бағытта атқарылатын негізгі
міндеттер:
- ҚР-ның халықаралық аренада, глобальді және аймақтық қауіпсіздік
саласында стратегиялық мүдделерін қамтамсыз ету мақсатында жұмыстар
жүргізу, саясат пен экономикада әділетті әлемдік тәртіп қалыптастыру,
тұрақты дамудың тірегін қалыптастыру, әлемдік қауымдастық мүшелері арасында
қарым-қатынастардың үйлесімділігін қамтамасыз ету.
Бәрімізге белгілі, БҰҰ Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін 1945 жылы 24-
қазанда 51 мемлекет тарапынан халықаралық ынтымақтастық пен ұжымдық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету арқылы бейбітшілікті сақтау үшін құрылды. Сол
уақыттан бері 60 жыл ішінде БҰҰ құрамы жалпы 191 мемлекетті құрады.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясының шешімімен 1992 жылы 2-наурызда
Қазақстан бірауыздан аталған беделді Халыаралық ұйымның мүшесі болып
қабылданды. Қазақстан БҰҰ-ның 168-мүшесі болып қабылданды. БҰҰ жанында
Қазақстанның тұрақты өкілдігі ашылды, Қазақстан әлемдік қауымдастық
тарыпынан танылды. БҰҰ өзінің көпсалалы функцияларының әлемдік қауымдастық
қызметінің барлық аспектілерін қамтиды. өзара әлемдік тәуелділіктің айқын
көрінісі болып табылады және әлем мемлекеттерінің бейбітшілік және
қауіпсіздікті сақтауда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының экономикалық ұйымдармен ынтымақтастығы
Қазақстан республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы
Қазақстанның сыртқы саясаты тұжырымдамасы (талдау, сипаттамасы)
ШЫҰ халықаралық құқықтың субъектiсi ретiнде
Құқық және жеке тұлға
Қазақстанның Ислам Ынтымақтастық Ұйымына төрағалығы
Қазақстан және Ислам Конференциялық ұйымы
Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық
Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы орны мен рөлі
Мәселенің өзектілігі
Пәндер