Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік жайлы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4

1 КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ...

7
1.1 Кәсіпкерліктің мәні және экономиканы дамытудағы ролі ... ... . 7
1.2 Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың шетелдік тәжірибесі ... .. 16

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

26

2.1 Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы және дамуының негізгі мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
26
2.2 Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған қаржыны пайдалану тиімділігін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
32
2.3 «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының тиімділігін талдау
40

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ ... ... ... .


49

3.1 Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуын жетілдіру және мемлекеттік қолдау бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
49
3.2 Қазақстанда шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
60

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 67

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... 70
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың пайдасы, мемлекетімізге алып келер үлесі орасан зор. Дәл осы кәсіпкерліктің түрлерін дамытпай еліміздің экономикасын жандандыру, халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалын көтеру мүмкін емес. Жұмыссыздықты жоюда, жалақы мен зейнетақыны уақытылы төлеуде, рынокты халыққа қажетті тауарлармен толтыруда, жеке өндірушілердің монополиясын шектеуде, депрессияны бастан кешіріп отырған жекелеген аудандарды қалпына келтіруде осы шағын және орта бизнес шешуші фактор. Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытуға байланысты шаралар Елбасы Н.Назарбаевтың 1997 жылы 6 наурызда қабылдаған «Шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді жеделдету шаралары» деген қаулысынан басталды. Одан кейін «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңдар қабылданды.
1.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы, 2014 жылғы 17 қаңтар
2. Бусыгин А. В. Предпринимательство. –М.: Дело, 2001.
2. Найт. Ф. Понятие риска и неопределенности // Тезис. Вып. 5. 1994. С.14
3. Шумпетер Й.А. Теория экономического развития. М.: Прогресс, 1983.
4. Грузинов В., Грибов В. Предпринимательство формы и методы организации предпринимательской деятельности // Экономика предприятия.-М.,2000
5. «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» ҚР Парламентінің Жарсышысы №3 2000 ж.
6.Кубаев Е. Қырбасов Е. Бордоусов О. “Состояние и направления развития малого бизнеса и предпринимательства в Казахстане”, Алматы, 2000 .
7. Гайнутдинов Э.М. «Основы предпринимательства», Минск, «Высшая школа», 2000 г.
8. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудағы халықаралық тәжірибе, www.damu.kz.
9. «Қазақстандағы және аймақтарындағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму жағдайы туралы есеп» «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, Алматы, 2014
10. «Doing Business 2014: Шағын және орта кәсіпорындардың қызметін реттеуді түсіну» баяндамасы // Бүкіләлемдік банктің ресми сайты: http://russian.doingbusiness.org/
11. Статистикалық деректер // Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің ресми сайты [Электрондық ресурс]. – Қолжетімділік режимі: http://www.stat.gov.kz/
12.Мониторинг малого и среднего предпринимательства в Республике Казахстан № 05-05/ 418 3 января 2013 года// www.stat.kz
13. Т.М. Әлиев «Қазақстан: «ресурстық қарғыс» па әлде «голландиялық ауру» ма?» // Вопросы экономики. – 2013. – № 6. – 17–35 беттер.
14. Қазақстан және оның аймақтарындағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму жағдайы туралы есеп мәліметі, www.damu.kz.
15. Отчет об эффективности программы «Дорожная карта бизнеса 2020». АО «Фонд развития предпринимательства «Даму», Алматы, 2013
16. Темербулатова Ж. С. «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ – 2020» бағдарламасын іске асыру барысында мемлекеттің инвестициялық жобаларының тиімділігін арттыру

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4

1 КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... .. 7
1.1 Кәсіпкерліктің мәні және экономиканы дамытудағы 7
ролі ... ... .
1.2 Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың шетелдік тәжірибесі ... ..16

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
ЖӘНЕ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ
БАҒЫТТАРЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .. 26
2.1 Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы және дамуының
негізгі 26
мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...
2.2 Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған қаржыны пайдалану
тиімділігін 32
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...
2.3 Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасының тиімділігін 40
талдау

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫ
ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ ... ... ... .
49
3.1 Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуын жетілдіру және
мемлекеттік қолдау 49
бағыттары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
..
3.2 Қазақстанда шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді
жетілдіру 60
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 67

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... 70

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Шағын және орта кәсіпкерлікті
дамытудың пайдасы, мемлекетімізге алып келер үлесі орасан зор. Дәл осы
кәсіпкерліктің түрлерін дамытпай еліміздің экономикасын жандандыру,
халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалын көтеру мүмкін емес. Жұмыссыздықты жоюда,
жалақы мен зейнетақыны уақытылы төлеуде, рынокты халыққа қажетті
тауарлармен толтыруда, жеке өндірушілердің монополиясын шектеуде,
депрессияны бастан кешіріп отырған жекелеген аудандарды қалпына келтіруде
осы шағын және орта бизнес шешуші фактор. Қазақстанда шағын және орта
бизнесті дамытуға байланысты шаралар Елбасы Н.Назарбаевтың 1997 жылы 6
наурызда қабылдаған Шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан
қолдау көрсетуді жеделдету шаралары деген қаулысынан басталды. Одан кейін
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы, Жеке кәсіпкерлік туралы
Заңдар қабылданды. Шағын және орта кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасау
үшін, қаржылай және ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында Елбасы
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың
басымдықтары мен аймақтық бағдарламалары туралы жарлық шығарды. Міне, жыл
сайынғы жолдауында елбасымыз шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың жаңа
тәсілдерін ұсынып келеді. Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде,
бір болашақ атты жолдауында да шағын және орта кәсіпкерлікке ерекше назар
аудара отырып, Шағын және орта бизнесті дамыту – ХХІ ғасырдағы Қазақстанды
индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы, деп атап көрсеткен
болатын (1(.
Мемлекет бүгінде кәсіпкерлік қызмет субьектілерінің нарық
экономикасының толыққанды қатысушысы ретінде өз қызметтерін жүзеге
асырылуына қажетті жағдайды қамтамасыз етіп отыр. Міне, аз жылда
республикамыз бойынша шағын және орта кәсіпорындармен жұмыс істеуді
көздейтін жалпыұлттық институттар құрылып үлгерді. Сонымен қатар, Шағын
және орта кәсіпкерлікті дамыту қоры құрылып, табысты да талапты жұмыс
жүргізуде. Кәсіпкерлікті қолдау үшін бір емес, бес бірдей бағдарлама
жасалып, кәсіпкерлерімізге мемлекет тарапынан үлкен басымдықтар берілген.
Кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға және бизнестің билікпен
арадағы іс-қимылдарының жаңа моделін құруға бағытталған Жеке кәсіпкерлік
туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Кәсіпкерлердің
белсенділігін ынталандыруды көздейтін айтарлықтай салықтық жеңілдіктер
заңдық деңгейде қарастырылды. Оның сыртында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес және салық салуды жақсарту жөнінен үлкен жұмыстар атқарылып жатыр.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды одан әрі ынталандыру үшін
мемлекетіміз алдағы уақытта да көптеген жобалар мен бағдарламаларды жүзеге
асырмақшы. Жоспарланған түрде, шағын және орта кәсіпкерліктің ІЖӨ
құрылымындағы үлесінің айтарлықтай артуына қол жеткізіп, сол арқылы
мемлекеттің экономикалық және саяси тұрақтылығының берік іргетасы – орта
тапты нығайту қажеттілігі күн санап артуда. Жалпы, алдағы уақытта
Еуразиялық интеграцияда, сонымен қатар ДСҰ-да Қазақстан шағын және орта
бизнес арқылы бәсекеге төтеп беріп, ел экономикасын шарықтата алуы тиіс.
Бұл қазіргі уақыттағы мемлекетіміздің негізгі мақсаты болып табылады.
Дипломдық жұмыста Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің түрлері мен
ерекшеліктеріне, қазіргі кездегі қалыптасуы мен даму жағдайына талдау жасау
арқылы оған кедергі келтіріп отырған проблемаларды жан-жақты қарастырып,
оларды шешу жолдарын айқындауға талпыныс жасалды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Кәсіпкерліктің теориялық және
практикалық мәселелеріне әлемдік экономикалық әдебиеттерде ерекше көңіл
бөлініп, ғалымдар айтарлықтай үлес қосты: Р.Кантильон,
Н.Бауде,Ж.Б.Сэй,Дж.Кларк, К.Маркс, Й.Шумпетер, А.П. Дракер және т.б. ТМД
елдері үшін шағын кәсіпкерліктің қалыптасу және оның даму заңдылықтары
мәселеллерінің нақты жаңалықтарына қарамастан, кеңестік кезеңдері
экономикалық әдебиеттерде маңызды және жинақтап қорытылған еңбектер бар.
Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуімен байланысты кәсіпкерлік
сипаты жаңа тұрғыдан қарастырылып, белгілі бір деңгейлерде зерттелінуде.
Соңғы жылдары отандық экономикалық әдебиеттерде А. Блиновтің, А.В.
Бусыгиннің, Н.А. Поповтың, А. Шулустың еңбектері жарық көрген. Сондай-ақ,
оның даму ерекшеліктері қазақстандық ғалымдар Я.Ә. Әбубәкіровтің, А.
Қошановтың, О.С. Сабденнің, Д.Қ. Қабдиевтің, А. Тоқсанованың және т.б.
ғаламдардың еңбектерінде көрініс тапқан. Дегенмен кәсіпкерлікті
мемлекеттік қолдау мәселелерін қарастыру, осы мәселеге байланысты
дүниежүзілік тәжірибелерді қолдана отырып талдау жүргізу зерттеуді талап
етеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Қазақстандағы
кәсіпкерліктің дамуының негізгі тенденцияларын, оны мемлекеттік қолдау
бағыттарын негіздеу. Осы мақсатқа жету үшін жұмыста төмендегі мәселелер
бойынша талдау жүргізілді:
- Кәсіпкерліктің қызмет ету шарттары мен оны мемлекеттік реттеудің
теориялық негіздерін қарастыру;
- Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму ерекшеліктерін талдау;
- Кәсіпкерлікті қолдау құрылымдарының қызмет нәтижелерін бағалау;
- Қазақстандағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары мен бағыттарын
көрсету.
Зерттеу пәні мен нысаны. Қазақстандағы кәсіпкерлікті мемлекеттік
қолдау шаралары мен оның нәтижелері зерттеу пәні болып табылады. Зерттеу
нысаны Қазсқатанда әрекет етуші барлық шағын және орта бизнес субъектілері.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздерін кәсіпкерлік
саласындағы ресейлік, қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері
құрайды.
Зерттеу барысында шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламалары, ҚР-
ның Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау туралы Заңы, ҚР-ның
нормативтік және құқықтық актілері, анықтамалық материалдар мен статистика
жөніндегі ҚР-ның Агенттігінің мәліметтері, ҚР Президентінің Жарлықтары мен
Үкімет Қаулылары, ресми мерзімді басылымдарда жарияланған материалдар
қолданылды.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
механизмі мен оның тетіктерін негіздеумен анықталады. Зерттеу барысында
анықталған нәтижелер шағын бизнесті дамыту жүйесі мен оның құраушыларын,
мемлекеттік қолдауды дамыту бағдарламаларын жетілдіруге, дайындауға негіз
бола алады.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы. Зерттеу жұмысының жаңалығы кәсіпкерлікті
мемлекеттік қолдау механизмдерін зерттеу арқылы ұсыныстар беру болып
саналады. Сондай-ақ, зерттеуді жүргізу барысында төмендегідей нәтижелерге
қол жеткізілді:
- кәсіпкерлікті қолдау құрылымдарының қызметін талдай отырып,
кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы бағаланды;
- кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары айқындалды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы жұмыста барлығы 6 кесте,
7 сызбадан, 27 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұратын 72 бетті қамтиды.

Бірінші тарауда кәсіпкерліктің қалыптасуы мен қызмет етуінің теориялық
негіздері қарастырылды.
Екінші тарауда Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен даму
жағдайына талдау жасалынды.

Үшінші тарауда кәсіпкерлік қызмет проблемалары мен оны мемлекеттік
қолдауды жетілдіру жолдары мен бағыттары қарастырылды.

1 КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Кәсіпкерліктің мәні және экономиканы дамытудағы ролі

Экономикалық дамудың қазіргі заманғы теорияларында экономикалық
дамудың кәсіпкерлік моделіне дамыған елдерде, сондай-ақ ТМД
мемлекеттерінде үлкен орын беріліп отыр. Кәсіпкерліктің даму саласында
теориялық және методологиялық тұрғыдан шетелдік ғалымдармен, әсіресе шағын
кәсіпкерліктің дамуының 200 жылдық тарихы бар американдық ғалымдармен
жүргізілген көптеген ғылыми зерттеу еңбектері бар. Соңғы жылдары отандық
ғалымдар да бұл салаға үлкен қызығушылық танытып, жан-жақты зерттеулер
жүргізіп отыр. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық дамудың
кәсіпкерлік моделі экономиканы дағдарыстан шығарудың және оны сауықтырудың
бірден-бір жолы бола алады. Сондықтан да мемлекеттің кәсіпкерлікті, әсіресе
шағын және орта бизнесті дамытуға көп көңіл бөлуі соның айғағы деуге
болады. Енді кәсіпкерліктің даму тарихына көз жүгірте отырып, оның
қалыптасуы мен қызмет етуінің теориялық негіздеріне тоқталып өтейік.
Кәсіпкерлік ұғымы алғаш рет 1975 жылы экономист Ричард Кантильон
тарапынан ғылыми айналымға енгізілді. Осылайша, ол белгілі бағамен сатып,
белгісіз бағамен сатушыны, яғни тәуекел етушіні сипаттады [2].
Қазіргі таңға дейін кәсіпкер феномені турасында ортақ пікір
қалыптаспағандығы байқалады. Кәсіпкерлікке нақты анықтаманың берілуі
Қазақстанның инновациялық жолмен стратегиялық дамуында парадигманың
қалыптасуы жағдайында мәселелердің бірі болып табылады.
Бұл күнгі кәсіпкерлік анықтамалары пікірлердің әралуандығына
негізделеді. Әсіресе, кең тараған түсінік бойынша, тиімді әрі жаңа өндіруші-
сатушы факторлар комбинациясын қсру арқылы қайта құрушы процестердің
қажетті динамикасын қамтамасыз ететін қоғамдық қайта өндірудің өзіндік
факторы ретінде (капитал, жер және еңбекпен қатар) қарастырылады.
Нақтырақ анықтамасын берер болсақ, кәсіпкерлік табыс алу мақсаты
болып табылатын және қайта өндіріс процесінің толықтай немесе жекелеген
кезеңдерін қарастыратын тәуекелдік, инновациялық қызметке негізделген
шаруашылық жүйесі.
Кәсіпкерлік табыс орташа статистикалық пайдадан ерекшеленеді, өндіріс
факторларының түпкілікті рационалды бірігуі нәтижесінде пайда болатын
шамадан тыс пайда ретінде сипатталады, нарықтық баға қалыптасатын және
қоғамдық шығындарға қарағанда жеке шығындардың азаюына септігін тигізеді.
Экономикалық теорияда кәсіпкерлік түсінігі экономикалық (уақытша)
шығындар теориясына негізделеді, осыған сай кәсіпкерлік табыс қалыпты және
экономикалық табыс деп жіктеледі. Есеп (сыртқы) шығындары – есепті
қаржылай төлемдер мен шығындар, ресурстардың төлемдері.
Ішкі (субъективтік) – шаруашылық субъект ретінде кәсіпкердің қаржылық
қызметінде ескерілуі мүмкін емес жеке ресурстан жасалатын шығындар. Бұған
кәсіпкердің қалыпты пайдасы мен баламалы шығындар кіреді. Баламалы шығындар
– рента, капитал өсімдері, жалақы ретінде көрініс табатын жеке ресурстарды
(мүлік, еңбек, капитал) баламалы пайдалану нәтижесіндегі ықтимал максималды
табыстар. Қалыпты табыс – нақты шаруашылық саласында кәсіпкерді қалдыруға
жеткілікті кәсіпкерлік қабілеттіліктердің іске асуының минималды сыйы.
Кәсіпкерліктің алғашқы зерттеушілері (Р.Кантильон және оның ізбасары
Иохан Генрих Тюнен) кәсіпкерлікті тәуекелмен байланыстырады, ал
кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-әкімшілік және инновациялық аспектілерін
қарастырмайды.
Кантильонның тұжырымдауынша, кәсіпкер деген – алдын-ала болжау және
талап қасиеттеріне ие, келешекке ұмтылушы, табыс табуға үмітті және
шығындарға әзір тұлға.
Кәсіпкерді табысы мен шығыны оның шешімімен қосарлана жүретін тәуекел
мен белгісіздіктің нәтижесі болып табылады. Шығын өндіріс факторларының
жеткілікті түрдегі белгілі сатып алу айырмашылығы мен нәтижедегі өнімді
сатуға болатын белгісіз құнға тәуелді болады.
Кантильон ізбасарлары кәсіпкерлік кірісті, еңбекақы мен капитал
табысынан сапа жөнінен ерекшеленетін тәуекел төлемі ретінде сипаттаған.
Осылайша, кәсіпкер капитал иесі немесе менеджерден сапалық тұрғыдан ерекше
болады. Осындай шектеу жасау қажеттілігінің себебі, экономикалық дамуда
капитал иесі мен кәсіпкер рөлін жарыққа шығарған индустриалды төңкерісте
жатыр.
Кәсіпкерлік функция мен капитал ұсыну функциясының айырмашылығы –
қазіргі заманғы венчурлық капитал дамуының негізі болып табылады.
Венчурлық капиталист күні бұрын келісілген, жоғары табыс нормаларына қол
жеткізу мақсатында тәуекелді қажет ететін кәсіпорындар капиталын үлестіру
саласындағы кәсіби маман.
Кәсіпкерлік тәуекел теориясының дамуына үлес қосқан және оның
табиғатының танылуына атсалысқан адам – Фрэнк Хайнеман Найт (1885-1974)
атты американдық экономист. Тәуекел мен белгісіздік ұғымдарының аясын
айқындап берген. Кәсіпкерлік табыстың пайда болуын ол кез-келген тәуекелмен
емес, тек қана нағыз белгісіздіктің салдары болатын тәуекел түрімен
байланыстырып, екі категориясын көрсетеді:
Сақтандырылатын тәуекел, яғни табиғаты тұрғысынан ерекше емес және
шаруашылық өмірде типтендірілген, оны сақтандыру ретінде
шығындардың тұрақты элементі ретінде қарастыруға болады. Мұндай
сипатта тәуекел белгісіздік факторы бола алмайды және оның табысы
мен шығынының себебі саналады.
Кәсіпкерлік функция, төтенше белгісіздік және кәсіпкердің түпкі
жауапкершілігі жағдайында өткен тәжірибесіне қатысты тән емес
ситуацияларды жүзеге асырады. Оқиғалардың ықтимал ерекшелігі белгісіз
болған жағдайда жеке кәсіпкерлік баға берумен экономикалық шарттар
және кәсіпкердің іс-әрекетіне негізделген кездейсоқ факторлар
үйлесіміне тәуелдігінен туындайтын сақтандырыла алмайтын белгісіздік
басым түсу қабілеті ерекше мәнге ие болады.
Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлік ойлау қабілетін ұғынудың негізі
ретінде, оқиғалардың ықтимал ерекшелігі белгісіз болған жағдайда және өткен
тәжірибе негізінде экономикалық ситуацияның типтендіріле алмауында
қажеттілік пайда болады.
Кәсіпкерлік позициямен нақты бизнесте ұстанымның қалыптасуы, табыстың
және көлемінің белгісіз қалуы кезінде осындай кәсіппен адамның шұғылдануға
әзірлігін меңзейді. Мұндай әзірліктің бар болуы кәсіпкерлікке тән
ерекшелік. Кәсіпкерлік анықтамасының танымалдығы адамның өз позициясының
соңғы жауапкершілігін өзіне жүктей білуімен жеткілікті болып саналады.
Соңғы жауапкершілік ұғымынан туындайтын ерекше белгісіздікті
сипаттайтын тәуекел ғана кәсіпкерлік табысқа жетелейді және табиғаты
тұрғысынан сақтандырыла алмайды, капитализацияланбайды, өтемақы қайтарыла
алмайды [3].
Кәсіпкерліктің инновациялық теориясы американдық экономист Иозеф
Шумпетер есімімен байланысты. Ол экономиканың динамикалық даму шарттары
ретінде жасампаз жоюшылық концепциясын алға тартқан. Бұл концепция
максималды экономикалық тиімділік пен өндіріс факторларының жаңа
комбинацияларымен сипаттандырылатын жаңа өндіріс функцияларының құрылуын
қамтамасыз етеді.
Оның теориялық ұстанымдары бойынша инноваторлық қабілеттер негізінде
жаңа комбинацияларды жүзеге асыратын кез-келген адам кәсіпкер бола алады.
Жалпы Шумпетер комбинациялаудың мақсаты ретінде келесі бес жағдайды
көрсетеді:
1. Тұтынушыларға белгісіз жаңа игіліктің жасалуы немесе белгілі
игіліктің жаңа сапасын жасалуы қайта өндірудің жаңа әдісін енгізу;
2. өндіріс үрдісі мен коммерциялық қызмет тегі инновациялар болуы
мүмкін;
3. Жаңа нарық немесе нарық сегменттерін игеру;
4. Бұл қайнар көздің бұдан бұрын бар болуы назарға алынбағаны, қол
жеткізілуі мүмкін емес, әлі де құрылуы жоспарлануы сынды жайттарға
қарамастан, жартылай фабрикат немесе шикізаттың жаңа қайнар көздерін алу;
5. Еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін енгізу.
Осы негіздерге сүйеніп, Шумпетер кәсіпкер деп - өнеркәсіптік мекеме
немесе кез-келген мүліктің меншікті құқығы кәсіпкердің негізгі сипаты болып
есептелмеумен қатар оның белсенді элементі ретінде көрініс табатын жаңа
комбинацияларды іске асыру функциясы болып табылатын шаруашылық
субъектілерді атаған.
Шумпетердің теориялық тұжырымдары Ф.Найттың тұжырымдарының тікелей
жалғасы болып есептеледі. ¤ткен тәжірибеге негізделмеген жаңа өндірістік
функцияның құрылуы мен ерекше белгісіздіктің пайда болуы бір-біріне тығыз
байланысты [4]. Экономикалық феномен ретіндегі кәсіпкерлік бизнестің
категориясына жатады, шаруашылық практикада болса, оларды көбіне теңестіріп
қарастырады. Бизнестің кәсіпкерліктен аясы кең, себебі нарықтық
экономиканың барлық қатысушы жақтарының арасында пайда болатын қарым-
қатынастарды қамтиды, тек кәсіпкерді ғана емес, сонымен қатар, тұтынушы,
жалдамалы жұмысшы және мемлекеттік құрылымдарды қамтиды.
Кәсіпкерлік табыс табу мақсатында еңбек ету, қызмет көрсету және өнім
өндірумен айналысатын азаматтар немесе азаматтар тобының жеке тәуекелі мен
жеке мүліктік жауапкершілігі арқылы жүзеге асыратын жеке инициативаны
сипаттайтын бизнестің динамикалық элементі болады. Осы орайда, тұтынушы,
еңбек және мемлекеттік түрлерімен қатар кәсіпкерлік бизнестен сөз қозғауға
болады.
Кәсіпкерлік философиясы дегеніміз ол еркін индивидуализм, оның басты
ерекшелігі – жеке талпыныс есебінен жеке өркендеуді қамтамасыз ету, алайда
қоғам мүддесіне қайшы келмейді. Бір жақтың баю мүмкіндіктері келесі жақтың
әлсіздіктері кедергісіне тап болмауы керек. Дәулетті адам ғана меценат
демеуші, қайырымды бола алады. Өз пайдасын көздей отырып, кәсіпкерлер қоғам
игілігіне қызмет жасайды.
Кәсіпкерлік жеке тұлғаны құрметтеу, өзін-өзі көрсетіп беки түсу,
адамдардың шығармашылық потенциалын жүзеге асыру, олардың қызмет саласын
айқындау және шаруашылық жүргізудің типі ретінде көрініс табу сынды ортаны
қалыптастырады. Кәсіпкерлік қоғамды демократияландырудың нәтижесі бола
отырып, адамдардың психологиясы мен экономикалық құрылымдарға ену
мүмкіндігіне сай қоғам мен тұлғаның өндірістің күрделі стагнацияларынан
босау үрдісіне септігін тигізеді, өмір сүру салты мен ойлау типін
қалыптастырады. Кәсіпкерліксіз бизнес болмайды, бұл тек оның жүйелі
элементі ғана емес, сонымен қатар даму факторы болып есептеледі.
Кәсіпкерліктің дамуы дегеніміз экономиканың рационализациялануы,
бәсекеге қабілеттіліктің артуы, қолданылмайтын немесе аз қолданылатын
ресурстар балластынан қол үзу, қоғамның басты потенциалы болған адамның
толыққанды өз мүмкіншіліктерін іске асыруы. Осыған байланысты, кәсіпкерлік
социалистік немесе капиталистік бола алмайды. Ол бизнестің, нарықтық
экономиканың ажырамас бөлігі болып табылады, еркін нарық экономикасы мен
қоғамның демократиялануы бекіген жерде дами алады. Кәсіпкерлікке жасалған
кез-клеген қысым адамдарды құлға айналдырудың негізін құрайды.
Бизнестің элементі ретінде кәсіпкерлікті еңбектен, шаруашылық
жүргізуден, иемденуден бөліп қарауға болмайды. Еңбексіз бизнес жүзеге
аспайды. Еңбек пен кәсіпкерлік – материалдық және рухани игіліктерді
өндіруге мақсатты бағытталған үрдістері саналады, егер кәсіпкерлік үшін
еңбек оның дамуы мен өмірлік игіліктерді құрудың қайнар көзі есептелсе,
кәсіпкерлік – саналы компонентпен еңбекті шығармашылық тұрғыдан өнімділігін
арттырудың құралы, қызығушылығы мен тікелей еңбектің соңғы нәтижесіне
тиесілі себепті аталған қызметті таңдап алған субъектілердің өз-өзіне
бағытталған міндеттеуін сипаттайтын қызметтің сапалық, мазмұндық тұсы деп
саналады.
Кәсіпкерлік – прогрессивтік әдіс, тәсіл, сонымен қатар өндірістің
нақты иесін талап ететін шаруашылық жүргізудің сапалық тұрғыдан жаңа тиімді
түрі болып табылады. Осылайша бизнестің, шаруашылық жүргізу типі мен өмір
салтының элементі, экономикалық категориясы сипатында болады.
Экономикалық белсенділіктің ерекше формасы ретінде кәсіпкерлік –
экономиканың әрі мемлекеттік әрі жеке секторында іске асуы мүмкін. Осы
негізде мынадай деп бөлінеді:
а) мемлекеттік кәсіпкерлік
ә) жеке кәсіпкерлік
Мемлекеттік кәсіпкерлік (заңнамаға сай) мемлекеттік мүлікті басқаруда
өкілетті болған немесе жергілікті басқару органдары (муниципалды мекеме)
сынды мемлекеттік басқару органдары тарапынан құрылған мекеме атынан
экономикалық белсенділікті іске асырудың формасы деп есептеледі. Осы тектес
мекеме меншігі, мемлекеттік немесе муниципалды меншік бөлігін, бюджеттік
қаржы, т.б. көздер бөлігін ерекшелеу формасы. Мұндай мекемелердің маңызды
ерекшелігіне олардың өз меншігіндегі мүлік бойынша міндеттемелеріне жаңа
беретіндігі жатады (олардың міндеттемелері бойынша мемлекет жауап бермейді,
олар да мемлекеттік міндеттемелер бойынша жауап бермейді).
Жеке кәсіпкерлік, кәсіпкер немесе мекеме (егер де осы сипатта
тіркелген жағдайда) экономикалық белсенділікті жүзеге асырудың формасы
болып табылады.
Әлбетте, мемлекеттік пен жеке кәсіпкерліктің әрбірі өзіндік сипатқа ие
болады, алайда іске асырудың негізгі принциптері ұқсас болып келеді. Осы
және басқа жағдайда осындай қызметтің жүзеге асуы инициативтік,
жауапкершілік, инновациялық көзқарас, табысты максимумдауға ұмтылуды
қарастырады. Кәсіпкерліктің қос түрінің типологиясы да ұқсас болып келеді.
Табыс түсіруге бағытталған инициативтік қызмет формасы ретінде
кәсіпкерлік (кәсіпкерлік табыс) мыналарды қарастырады:
1) Тікелей өндіріс функцияларын жүзеге асыру, яғни тауар (өнім)
өндірісі мен қызмет көрсету (мысалы, машина жасау фирмасы, туристік
компания, конструктурлық бюро);
2) Делдалдық функцияларды атқару, яғни нарыққа тауардың шығарылуы және
осындай тауар өндірушісінен оның тұтынушысына (қолайлы түрде)
өткізілуіне дейінгі кезеңмен байланысты қызмет көрсету.
Мәселенің қоғамдық түсінігі, кәсіпкерлік қызметтің бірінші типінің
ерекше мәнінің барлығын көрсетеді, себебі қоғамдық байлық (қоғамның әрбір
мүшесі өмірінің сапасы мен деңгейінің жалпы нәтижесі) материалдық өндіріс
саласы мен ғылыми-техникалық және қызмет көрсету салаларынының жағдайына
тәуелді болады. Басқа тараптан, іс жүзінде осы кәсіпкерлік типінен жасалған
қоғамдық қатынас приоритеттік мәнге ие емес, қоғам кәсіпкерлік қызметтің
екінші түрінің дамуына да септігін тигізеді, яғни делдалдықты атаған жөн,
ең алғашқы себебі, өмір сапасы мен деңгейі, қоғамның әрбір мүшесінің
жағдайы айтарлықтай деңгейде делдалдық саланың қоғамдағы даму деңгейіне
тәуелді (сатып алушыға қолайлы сауданың ұйымдастырылуы, жарнама, тауарды
үйге жеткізу, тауарға пошта, телефон т.б. арқылы тапсырыс жасау) болады,
осы жағдай өндірістік мақсат тауарларының тұтынушыларына да қатысты деп
есептеледі.
Делдалдық қызметтің мұндай қоғамды түйсінуі бірегей және негізгі себеп
емес. Ең бастысы – делдалдық кәсіпкерлік қызметтің бар болуы мен ақылға
сыйымды деңгейлерге дейін күрделенуі мына жағдайларға алып келеді:
1) мамандануды тереңдету негізінде тікелей тауар өндіруші еңбегінің
өнімділігін арттыру;
2) капиталдың айналым қарқынын жылдамдату;
3) объективті талап етілген өлшемдерге дейін тауар нарығын толықтыру
және соңғы тұтынушы мүдделеріне сай тікелей тауар өндірушілердің
қызмет атқаруы (себебі, делдал ең бастысы тұтынушы сұранысы және
тапсырыс немесе тұтынушы қызығушылығы байқалған өнімді алуға
маманданады; тікелей тауар өндірушісі тарапынан өндірілетін кез-
келген өнімді алмайды).
Кәсіпкерлік қызметтің мазмұны және оның қайта өндіру үрдісінің негізгі
кезеңдерімен байланысына тәуелді кәсіпкерліктің әрқилы түрін бөліп қарайды:
өндірістік, коммерциялық, қаржылық, делдалдық, сақтандыру.
Кәсіпкер тікелей қару факторы және еңбек нысаны ретінде кейіннен
тұтынушы, сатып алушыға сату мақсатымен өнім, тауар, қызмет, жұмыс,
мәлімет, рухани құндылық өндіргенде кәсіпкерліктің өндірістік түрі көрініс
табады. Осылайша осы кәсіпкерлік түрінде өндіріс функциясы негізгі шешуші
болып табылады. Тікелей өнім өндірумен байланысты кәсіпкерлік қызмет
мынадай сипатқа ие:
1) дәстүрлі сипат (дәстүрлі кәсіпкерлік)
2) инновациялық сипат (инновациялық кәсіпкерлік қызмет).
Тікелей өндіріс саласындағы кәсіпкерлік нарыққа арнап дәстүрлі немесе
инновациялық тауарлардың өндірісі мен жеткізілуіне негізделуі мүмкін. Кез-
келген формадағы кәсіпкерлік қызметтің практикасының құрамында инновациялық
үрдіс болады. Жоғарыдағы кәсіпкерлік қызметтің бөлінісі, дәстүрлі
тауарлардың нарыққа шығарылуы мен өндірісі өндірісті ұйымдастыру,
өндірістің техникалық элементтері немесе өнгдірілетін тауардың сапалық
сипаттамасның өзгеруімен жүзеге асатындығы туралы көзқарасқа негізделеді.
Кәсіпкер коммерциялық кәсіпкерлікте сатып алушыға, тұтынушыға басқа
тұлғадан алынған дайын тауарларды сататын коммерсант, саудагер рөлін
атқарады. Мұндай кәсіпкерлікте табыс сатып аланатын бағадан құралады. Егер
де тауар заңды негізде алынса, сауда - коммерциялық кәсіпкерлікті
спекуляция деп атап қатаң сынауға болады. Заңға қайшы, қайта сату
ережелерін бұзатын сауда жасалған мезетте ғана заңсыз, қылмыстық
спекуляциядан сөз қозғауға болады.
Қаржылық кәсіпкерлік – сатып алушыға сатылатын немесе кредитке
ұсынылатын ақша және бағалы қағаздардың сату-сатып алу нысаны сипатындағы
коммерциялық кәсіпкерліктің ерекше формасы.
Сақтандыру кәсіпкерлігі болжамдалмаған апаттар нәтижесінде ықтимал
шығынның белгілі мөлшердегі өтемақысы үшін мүлік, құндылық, өмір
сақтанушысына кепілдік береді. Мүлік, денсаулық, өмір сақтандырылуы белгілі
жағдайларда ғана төлем жасайтын сақтандыру жарнасын алуға негізделетін
ерекше қаржылық-кредиттік кәсіпкерліктің формасына жатады. Себебі, мұндай
жағдайлардың көрініс табу ықтималдығы төмен болғандықтан, жарналардың
қалған бөлігі кәсіпкерлік табысын құрайды [5].
Кәсіпкерлік қызметтің қандайы болмасын мемлекеттің экономикасы аясынан
өзіне тиісті орнын, дәреже-деңгейін тапқаны бүгінде баршаға мәлім. Ал
бүгінгі таңда Қазақстандағы кәсіпкерліктің туындап дамуы, жүргізіліп жатқан
экономикалық реформалардың өзегі ретінде көрініс табуда. Өйткені, нарық
экономикасына көшудің бірден-бір жолы — мемлекет құрылымындағы әртүрлі аяда
қызмет атқаратын өндіріс, кәсіпорындармен тайталаса және бәсекелесе алатын,
айтарлықтай дәрежесі бар кәсіпкерлік құрлымдарын құру, дамыту болып
табылады. Демек, бұл кәсіпкерлік құрылымдардың материалдық базасы
жекеменшік инвестициялар болып табылумен қатар, олардың басқару
бастамасында білікті және кәсіпкер тұруы қажет. Осыған орай,
мемлекетіміздің бірнеше жыл көлемінде жүргізіліп жатқан жекешелендіру
саясаты қандайда болмасын аядағы мемлекеттік меншікке негізделген
монополизмді жойып мемлекеттік емес коммерциялық құрылымдардың дамып,
өркендеуіне бағытталған деп айта аламыз. Негізінде кәсіпкерлік деп,
өзара пайдалы нәтижеге жету және табыс табу мақсатында қатысушыларының өз
қарамағындағы мүліктері мен қаражаттары, сондай-ақ дамытуға берілетін
несиелер есебінен, ағымдағы заңдардың шегінде жүзеге асырылатын шаруашылық
және басқа да коммерциялық қызметті айтамыз. Кәсіпкерлік халыққа қажетті
тауарлар, өнеркәсіп өнімдерін және басқа қызметтер жөніндегі қоғамдағы,
мемлекетіміздегі сұраныстар мен ұсыныстарды есепке ала отырып жүзеге
асырылатын қызмет болғандықтан ол тек кәсіпкерге ғана емес, халыққа да
тиімді болып табылады.
Бұрынғы заманнан қазіргі күнге дейін барлық мемлекеттерде өндірістің
дамуына маңызды роль ойнаған шағын кәсіпкерлік, қазіргі таңда да өз
ерекшелігін сақтап отыр. Бұрын қол өнер мен ұстаханаларға сүйенген шағын
кәсіпкерлік, бүгінде үлкен өнеркөсіптерге демеуші және халықты күнделікті
тұтыну заттарымен қамтамасыз етуші салаға айналып отыр. Алайда қазіргі
таңда мынау шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі деп кесіп айту өте қиын.
Өйткені:
• көлеміне байланысты критерийлер әртүрлі әдебиеттерде түрлі-түрлі
көрсетілген;
• критерий әр мезгіл сайын ауысып отырады;
• мемлекеттерге және салаларына қарай да үлкен өзгешеліктер
баршылық;
Негізінен бір кәсіпкерліктің шағын кәсіпкерлік субъектісі болып саналу үшін
төмендегі төрт ерекшеліктердің ең аз дегенде екеуіне ие болуы қажет:
1) Кәсіпкерлікті басқарудың еркін болуы, көбінесе басқарушы
әрі кәсіпкерлік иесі болып табылады;
2) Капитал иесі көбінесе бір кісі немесе шағын топ;
3) Жұмысшылардың және кәсіпкердің бір мемлекетте болуына
байланысты өндіріс немесе қызмет көрсету жергілікті жерде жасалады, алайда
бұл өткізу де жергілікті жерде болады дегенді білдірмейді;
4) Сондай салада жұмыс істеген кәсіпорынмен салыстырғанда, фирманың
көлемі шағын болуы шарт [6].
Бұл көлем жұмысшылардың санымен, сату және табыс көлемімен, т.б.
салыстыру арқылы анықталады. Жоғарыда атап өткендей әр мемлекет
кәсіпкерліктің көлемін өздігінше есептейді. Мысалы, Германияда шағын
кәсіпкерлікке жатқызу үшін оның жұмысшылар саны 50 адамнан және жылдық
сауда саттық көлемі 50 млн. ДМ-тен аспауы қажет. Бельгия болса сауда саттық
көлемі 15 млн. Бельгия франкынан аспағаны шағын, 15-50 арасында болғаны
орта кәсіпкерлік болып есептелінеді. Францияда жұмысшылар саны 50-ден аз
болса шағын, 50-500 арасында болса орта. Жапонияда жұмысқа алынған санымен
жұмсалған қаражат есепке алынады. Жалпы жұмысшылар саны 300-ден төмен
болса, онда ол шағын кәсіпкерлік субъектісі қатарына жатқызылады. Ал АҚШ-
та болса келесідей:
Шағын кәсіпкерлік:
а) ең көп жұмысшылар саны 50;
ә) баланс жиынтығы ең көп 5 млн АҚШ долл.;
б) жылдық капитал мөлшері 7 млн долл.;
в) тәуелсіздік бір кәсіпкерліктің ең көп жүзден 25% акциясы басқа жеке
немесе заңды тұлғаныкі болуы мүмкін;
Орта кәсіпкерлік:
а) ең көп жұмысшылар саны 250;
ә) баланс жиынтығы ең көп 27 млн. АҚШ долл;
б) жылдық капитал мөлшері 40 млн. долл.;
в) тәуелсіз деңгейі шағын кәсіпкерлікпен бірдей.
Ал Қазақстанға келер болсақ, қазіргі таңда шағын және орта
кәсіпкерліктің нақты анықтамасы және деңгейін белгілейтін көрсеткіштер
шағын кәсіпкерлікте 50, орта кәсіпкерлікте 250 адамға дейін жұмысшылар
болады деп көрсетеді. Шағын және орта кәсіпкерлік - бұл ірі
кәсіпорындардың шағын түрі емес. Сондықтан біз оларды өз ерекшеліктеріне
сай танып білуіміз қажет.
Шағын және орта кәсіпкерліктің (ШОК) артықшылықтары:
• ШОК-те кәсіпкерлік иесі кәсіпкерлік қызметті басқарудан толығымен
жауапты және іскерлік саясатын өзі анықтайды;
• ШОК-те кәсіпкерлікті басқарушы ешкімге тәуелді
болмағандықтан шешім қабылдауда өзін еркін сезінеді. Сондықтан
да, олар әр жылдан, әрі жағдайға қарай әрекет ете алады;
• ШОК-те басқарушы проблемаларды алдын-ала біліп, оны шешу
жолдарын қарастыра алады. Бұл өз кезегінде келешекте
үлкен қаржылық немесе т.б. шығындарға ұшыраудан құтқарады.
• ШОК-те кәсіпкерлік иесі кәсіпкер әрі басқарушы
болғандықтан белгілі бір қауіп қатерге барады [7]. Бұл
ерекшелік оны кәсіби басқарушыдан түбегейлі ажыратып тұрады. Өйткені
кәсіби басқарушының жетістікке жете алмауы, оның тек жұмысынан немесе
жалақысынан айрылуына себеп болуы мүмкін, алайда ол басқа жұмысқа ауысып
кете алады. Бірақ та кәсіпкер мұндай жағдайда тек материалдық шығынға ғана
ұшырап қоймай, ол сонымен қатар рухани күйзеліске ұшырайды. Сондықтан
да ол жұмысты бар ықыласымен және күшінің жеткенінше
орындайды. Бұл өз кезегінде өнімнің және қызметтің тиімді әрі сапалы
болуына итермелейді.
• ШОК-те алдын-ала жасалынған сұранысқа қарай өнім өндіру
маңызды. Ал шағын кәсіпкерліктің негізгі артықышылығының бірі ол
икемділігінде, яғни тұтынушының сұранысына қарай өнім өндіруінде.
• ШОК экономика құрылымының түрленуін қамтамасыз етеді.
• ШОК мемлекет қазынасын толтыруда үлкен роль
атқарады.
• ШОК жаңа өнім түрлерін және жаңа пікір тудырады.
• Мемлекеттегі жұмыссыздықты азайтады.
• Ірі кәсіпорындарды қосымша құрал жабдық өнімдері мен қамтамасыз
етеді.
• Мемлекеттің әл-ахуалының жақсаруына септігін тигізеді.
• Жергілікті жердің экономикасын жандандырады.
• Монополияны жойып, бәсекелестікті арттырады.
• Дағдарыс кезінде ірі өнеркәсіптер банкротқа ұшырап
жатқанда шағын кәсіпкерлік тоқтамайды.
Шағын және орта кәсіпкерліктің кемшіліктері:
• ШОК-терде жеке қаржылық бөлімі болмайды және басқа қаржылық
альтернативалар құру немесе несие алу шарттары қиын.
• ШОК-те сенімсіздік жөнінде де келеңсіз жайттар кездесіп отырады.
Өйткені несие кәсіпкерлікке емес кәсіпкерге беріледі. Сондықтан
оның орынды жұмсалуы да маңызды.
• Несие алу қиындығы өз алдына, оны қайтару мәселесі тағы бар.
Қайтара алмаған жағдайда дүние мүлкімен қоса атақ абыройынан да айрылады.
Сондықтан кәсіпкер несие алудан да тайсақтайды.
• ШОК-те маманданған сатушы және арнайы сату бөлімі жоқ. Олар
қалауынша өз өнімін немесе қызметін жарнамалай сатудан соң түрлі
қызметтер көрсете алмайды және несие бере алмайды. Мұның
бәрі қаржы тапшылығына байланысты.
• ШОК қымбат, аралас
сату каналдарын және сауда делдалдарын пайдалана алмайды. Оның
орнына алушылармен тікелей өздері байланыс жасайды.
• ШОК жүйелі түрде нарыққа зерттеу жүргізе алмайды.
Сондықтан да нарықты зерттеуге сүйенетін келешекке бағытталған
сұраныс тек кәсіпкердің жеткіліксіз болжамымен көзқарасына сүйенеді.
Бұл қателікке апарып соқтыруы ғажап емес.
• Жалпы ШОК субъектілері өз өнімдерін экспортқа шығарулары өте
қиын. Өйткені шетелдік нарыққа шығу көп қаражат талап етеді.

• ШОК өзіне қажетті материалдар мен шикізаттарға
сұранысты көбірек жасай алмайды. Қажетті материалға деген тапшылық
немесе оның бағасының өзгеруі өндірілген өнімнің өзіндік құнының жоғарылап
кетуіне соқтырады.
Сонымен, кәсіпкерлік қызмет, оның ішінде шағын және орта бизнес
бәсекелесу нарығының өте маңызды әрі таптырмас факторы болып саналады. Бұл
кәсіпкерліктің, әсіресе шағын кәсіпкерліктің басты сипаты қандай да
болмасын бағыттағы нарық сұраныстарына өте икемді түрде ат салысуға
қабілеттілігінің болуы.

1.2 Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың шетелдік тәжірибесі

Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті дамытуды ынталандырудың нақты
шараларын айтудан бұрын, жақын және алыс шет елдердің осы бағыттағы
әрекеттерін көрсеткен жөн. Бұл жағдай бойынша бәрінен бұрын Өзбекстан
Республикасының тәжірибесі қызығушылық тудырады. Оның 1995 жылы 21
желтоқсанында қабылданған жеке кәсіпкерлікті дамыту заңында шағын және орта
бизнес прогресін ынталандыратын ұйымдық - шаруашылық, экономикалық
және құқықтық шаралар жиынтығы қарастырылған. Оларға орта және шағын
кәсіпкерліктің статусын, көлемін ұйымдық формаларын, ынталандыру
әдістерін,даму бағыттарын және тағы басқаларды анықтау жатады.
Ең алдымен Өзбекстанның заңында шағын кәсіпкерліктің субъектісін
болып, есепті кезеңде жұмысшылардың орташа саны келесілерден аспайтын
кәсіпкерлік қызметпен айналысатын кәсіпорындар табылады: өнеркәсіппен
құрылыста –50 адамға дейін, ауыл шаруашылығы мен өндірістік сфераның басқа
салаларында –25 адамға дейін және тағы басқа.
Мемлекет шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің құқығын сақтауға
жәнке заңдылық мүддесін қорғауға кепілдік беріп, еркін бәсеке үшін жағдай
туғызады және материалдық, қаржылық еңбек және басқа ресурстармен
қамтамасыз етілуге бірдей мүмкіндік береді. Сонымен қатар мемлекеттік
органдардың және олардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері тарапынан
жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне орналасуды болдырмауға кепілдік
береді. Мемлекеттік өкімет органдары өздерінің өкіметтілігі шегінде
қарастырып отырған субъектілер үшін жергілікті салықтармен алымдар бойынша
жеңілдік жүйесін әзірлейді және жеке кәсіпкерлікті дамытудың территориялық
бағдарламасын жасайды, олардың прогресінің приоритетті бағыттарын
анықтайды. Шағын және жеке кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік және
территориялық бағдарламасына нарықтың инфрақұрылымын құру, қолайлы
кәсіпкерлік ортаны қалыптастыру, шағын және орта бизнесті дамытудың
экономикалық ынталандыру жүзеге асыру жатады.
Мемлекеттік басқару органдары шағын және орта кәсіпкерліктерді
қазіргі заманға сай техника және технологиямен жабдықтауға, инфрақұрылымның
объектілерін құруға, мамандандырылған көтерме нарықтар мен жәрмеңкелер
ұйымдастыруға көмектеседі. Ауыл шаруашылық өндірушілер үшін арналған
жеңілдік тарифтері энерготасушы бойынша ауылдық жерлердегі шағын және орта
кәсіпкерлік субъектілеріне таралады. Шағын және орта кәсіпкерлік
субъектілерін жеңілдікпен несиелендіру мамандырылған агенттердің сақтандыру
куәлігі бойынша арнайы қорлармен жүзеге асырылады.
Өзбекстан Республикасы нарықтық қатынастарға бір қалыпты өту
стратегиясын қолдану арқылы және әлемдік нарыққа бағытталған біріккен
кәсіпорындар құру арқылы ТМД-ның басқа елдерінен, соның ішінде Қазақстаннан
бұрын өндірістің құлдырауын жеңуде және макроэкономикалық тұрақтылықты
қамтамасыз ету.
Мемлекеттік сондай-ақ заемдық құралдар шаруа қожалықтарының микро
ортаға (банктер, ірі кәсіпорындар және тағыда басқа) тәуелділігімен
байланысты бұндай кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды талап етеді. әртүрлі
елдерде бұл қолдау мемлекеттің перспективті және ағымды есебіне байланысты
әртүрлі көлемде көрсетіледі (жаңа жұмыс орындарын құру, экономикалық артта
қалған аудандарды дамыту және тағыда басқа).
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау жүйесі нарықтық
экономикасы дамыған алыс шетелдерде бұрыннан қолданылады. Мысалы, АҚШ-та
1953 жылдан бастап шағын бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетіліп, ал 1978
жылдан ұлттық құрылыс үшін шағын бизнес бағдарламасы жүзеге асырыла
бастады.80-жылдардың бас кезінде АҚШ-тың сауда министірлігі тарпынан шағын
кәсіпорындарға көмек көрсету бойынша бірнеше бағдарламаны жүзеге асыру үшін
шағын бизнесті басқару құрылған болатын. 1980-1990 жылдары бұл басқару 70
мың шағын кәсіпорындарға, оларды құру мен дамыту үшін 11 млрд доллардан
астам инвестетция бөлді және банктерден 31 млрд доллар көлемінде несие алу
үшін 180 мыңдай кепілдік берілді. Сондай-ақ бұл елде кадрлар дайындауға
көмек көрсету, ішкі нарыққа шығу, табиғи апаттар салдарын жою және тағыда
басқа бойынша бағдарламалар жүзеге асырылған.
Шағын бизнеске жеңілдетілген салық түрінде қолдау көрсету аса маңызды
болып табылады. Мысалы, табысы 50 мың доллар болатын шағын кәсіпорындар
үшін салық ставкасы 15%, ал 75 мың доллар болса, 25%-ды құрайды. Осыған
байланысты АҚШ-та шағын бизнестің серпілісі (1993 жылдың өзінде 2 миллион
жаңа кәсіпорын) пайда болды. Бұл жерде шағын кәсіпорындарды арнайы
бағдарламалар негізінде жаңғырту болып отыр. Мысалы, барлық федералдық
ведомсвалар мен бюджеті 100 миллион долларды құрайтын шағын бизнесті
дамыту бойынша 12 агенттіктер ұсақ ғылыми-зерттеу компанияларының қызметін
қамтамасыз ету үшін өздерінің қаржылық ресурстарының 1,25%-ын беріп отыруға
міндетті.
Жапонияда шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау жеңілдетілген
салық салу мен несиелендіру түрінде және тікелей бюджеттік қаржыландыру
негізінде жүзеге асырылады. шағын кәсіпорындарды мақсаты бюджетті
қаржыландыру бірнеше арналар бойынша жасалады. Кейбір министірліктер мен
ведомстволар сметасында жыл сайын арнайы статья бойынша шағын кәсіпорындар
үшін қаржылық құралдар бөлінеді. Сонымен қатар бұл кәсіпорындар арнайы
бюджет есебінен мемлекеттік инвестиция және заемдар бағдарламасы негізінде
қаржыланып отырады. Сондай-ақ шағын кәсіпорындар үшін мемлекеттік салық
салу ставкасы 12 %-ға, ал жергілікті салық 6%-ға төмендеген.
Германияда шағын бизнесті қолдауды негізінен экономика министрлігі
федералдық деңгейде ұйымдастырып, жергілікті жер бойынша жергілікті
өкілетті органдар атқарады. Бұл елде шағын және орта кәсіпкерлікке қаржылай
көмек беріп қана қоймай, сонымен бірге бастаушы кәсіпкерлер үшін 20 жылға
берілетін ұзақ мерзімді ссудалық жеңілдік жүйесі бар. Ол бойынша алғашқы он
жылда негізгі сома төленбейді. Шамамен осындай жағдай пайыз төлеудің
жеңілдік режимінде де қарастырылған. Мұнда алғашқы екі жылда пайыз
төленбейді, үшінші жылы –2%, төртінші жылы-3%, бесіншіде –5%, ол алтыншы
жылдан бастап жалпы ставка бойынша төленетін болады (8(.
Ал Италияда шағын кәсіпорындардың 40%-ға дейін шығындарын жабатын
мақсатты қаржыландыру және жеңілдікпен несиелендіру қолданылады. Несиелер
жаңа бастаманы жүзеге асыру үшін 15 жылға, ол фирманың қызметін жаңғырту
мен ұлғайту жағдайында 10 жылға беріледі. Және де кәсіпорындар үшін
тапсырыс технологиясын сатып алуда (инвестиция сомасынан 25%), еңбек
өнімділігі мен өнім сапасының жоғарылауына себепші болатын қызметті сатып
алғанда (40-50% шығынға дейін), ғылыми зерттеу жұмыстарын орындағанда (30%
шығынға дейін) салық жеңілдіктері бар.
Әлемнің әр түрлі елдерінде қолданылатын шағын кәсіпорындарды
қолдаудың көп түрлі формалары мен арналарына қарамастан, оның дамуы үшін
аса маңызды болып мемлекеттік қаржылық қолдау табылады. Осыған орай шағын
және орта кәсіпорындардың қаржылық мүмкіндіктерінің жоғарылауына ықпал
ететін мемлекеттік шараларды 3 топқа бөлуге болады: тікелей, жанама және әр
түрлі қоғам арқылы қаржыландыру.кейбір елдер тікелей қолдау шараларын
жанамамен үйлестіру арқылы қолдану үшін акцент жасайды, ол басқалары,
әсіресе соңғы жылдары өздерінің күшін шағын шағын фирмаларды ынталандыру
бойынша негізінен шағын бизнесті қолдаудың жанама шарттарын ұлғайту жолын
тәуекелдік капитал қоғамы мен қаржыландыру арқылы жүзеге асыруда.
Жанама қолдау механизміне салықтық және несиелік жеңілдік беру, шағын
және орта кәсіпорындар үшін жеңілдіктер, кадрлар дайындау бойынша
шығындарға жеңілдіктер және тағыда басқа жатады.
Қазақстанның ТМД бойынша ең ірі көршісі Ресейде. Президент жарлығына
байланысты 1996 жылы сәуірден бастап шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік
қолдаудың кең шаралары, жүзеге асырылуда. Бұл елде шағын кәсіпкерлікті
қолдау осы саладағы азаматтардың ынтасын арттыру үшін қолайлы жағдай
жасауға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды міндеті болып табылады.
Осы мақсатта мемлекет өзінің заңды актілерінде шағын кәсіпкерлікті
мемлекеттік қолдаудың федералдық және аймақтық жүйесін жүзеге асырудың
қарастырады.
1997 жылдан бастап шағын және орта бизнесті қолдау үшін федералдық
бюджетте 500 млрд рубль көлемінде мемлекеттік жеңілдетілген инвестициялық
несиелер бөлу қарастырылады және осы кезден бастап жыл сайын мемлекеттік
халықты жұмыспен қамту қорының 40%-ын шағын кәсіпкерлік сферасында жаңа
жұмыс орындарын құруға бағыттау жоспарланған.
Ресей федерациясының субъектілеріне шағын бизнесті қолдау үшін
бюджетке сәйкес жылдық табыстан 0,5% мөлшерінде қаржы бөлу және шағын
кәсіпкерліктің дамуын ынталандыратын салықтық жеңілдіктер беруді қарастыру
жүктелген.
Шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету басқа елдерге
қарағанда Қазақстанда ең өзекті, әрі кейінге қалдыруға болмайтын мәселе
болып табылады. Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы оған деген
немқұрайлылық пен терең тамырының (экономикалық және әлеуметтік) болмауы
секілді өзінше ерекшеліктерге ие, әрі Республикадағы болып жатқан
құрылымдық және трансформациялық дағдарысқа сай ерекшеленеді. Бірақ соңғы
уақытқа дейін мемлекет тарапынан шағын және орта бизнеске тиісті қолдау
көрсетілмеді. Шағын кәсіпкерлікке деген қызығушылықтың болмағандығын, оның
терминологиялық қателігінен де байқауға болады, яғни 1992-1996 жылдары
ресми құжаттарда шағын және орта бизнесті жүргізуші субъектілер азын-аулақ
кәсіпорындар деген атпен аталған болатын. Сонымен бірге олардың құрамы
өнеркәсіп саласында, ауыл шаруашылығында, ғылым, білім, денсаулық сақтау
және қоғамдық іс-әрекеттердің басқа салаларында жұмыс істейтін ұсақ
кәсіпорындармен шектелді. Бұл жерде сондай-ақ азын-аулақ кәсіпорындардың
мемлекеттік меншік объектілерін жеке және жаппай жекешелендіру барысында
өздігінен құрылғандарын айту қажет. Ал осы жағдай олардың статусы мен даму
перспективасын анықтаусыз берілген кәсіпорындардың шынында азын-аулақ
болып табылуына негізгі себеп болды.
азын-аулақ кәсіпорындар деп шағын және орта кәсіпорындар тек
жекешелендіру бағдарламасымен байланысты нормативтік емес құжаттарда ғана
аталады.
Қазақстан республикасында алдында қайта қайта сол бір ғана жедел
сұрақ тұр, ол; экономиканың ерекше маңызды секторы шағын кәсіпкерліктің
шынында процесіне алып келетін шағын кәсіпкерлікті нақты тиімді қолдауды
жүзеге асыру.
Басқа елдердегідей Қазақстанда да шағын бизнесті мемлекеттік қолдау
бірнеше жолдармен жүзеге асырылуы тиіс: қаржылық көмек, кантрактілер ұсыну
және мемлекеттік сатып алу, жеңілдетілген салық салу, техникалық және
кеңістік қызметтер, ол осылардың әр қайсысы өз кезегінде әр түрлі орындалуы
мүмкін.
Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын дайындауда
бәрінен бұрын кәсіпорындардың түрлерін және олардың мөлшерін, көркем
өнерпаз еңбек қызметі мен кәсіпкерліктің үлгілерін, шағын және орта
кәсіпорындардың дамуындағы кедергілерді және оларды қолдаудың негізгі
бағыттарын анықтау қажет.
Қазақстан республикасында шағын бизнестің белсенді дамуы 1992-1993
жылдардан басталады және бірден құқықтық қолдауға ие болды. Шағын
кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз ететін ең басты құжаттардың бірі 1992 жылы
4 шілдедегі ҚР-ның Кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы Заңы болды. Ол
жеке кәсіпкерлікті қорғау тәсілдері мен оны қолдаудың негізгі формаларын
анықтады, мемлекеттің жеке кәсіпкерлік қызметке тікелей араласудан бас
тарту саясатын, жеке кәсіпкерлердің максимальды еркіндігін, коммерциялық
құпия мен мемлекеттік органдардың жауапкершілігін бекітті. Материалды
өндіріс сферасында шағын және орта кәсіпкерліктің дамуында бағаланбас ролді
1993 жыл 15 қыркүйектегі ҚР министрлер кабинетінің Шағын бизнес
орталықтарын құру тәртібі туралы шешімі алды. Өндірістің құлдырауы мен
жұмыссыздықтың ұлғаюы, бірқатар кәсіпорныдардың банкроттығы мен
жекешелендіру процесі кезеңдерінде пайда болған ҚР Президентінің 1994 жыл
10шілдедегі 1994-1996 жылдардағы ҚР-да кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың
Мемлекеттік Бағдарламасы туралы қаулысы өндіріс пен кәсіпкерлік еркіндігін
қамтамасыз ететін Бағдарламаны бекітті. Келесі қадам 1994 жыл 1 қазандағы
ел Үкіметінің Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың қазақстандық орталығын
құру жөніндегі қаулысы болды. Онымен бірге Кәсіпкерлікті қолдау мен
дамытудың қазақстандық орталығының ғылыми-тәжірибелік кеңесі құрылды.
Қолдау орталығы кәсіпкерлікті құқықтық және оқу-әдістемелік қамтамасыз
ету ұсыныстарын дайындау бойынша басқарудың жоғарғы органы болды.
Кәсіпкерлікті қолдауда стратегиялық рольді 1997 жылғы 6 наурыздағы ҚР
Президентінің Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен белсендендіруді күшейту
бойынша шаралар жөніндегі Жарлығы алды. Құжат өзінің мазмұны бойынша
өтпелі экономика жағдайындағы шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы болып табылады.
Осыған сәйкес Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау
жөніндегі агенттік, басқармалар, орталықтар құрылды. Аталған
ведомстволардың мақсат-міндеті елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті
дамыту екені айтпаса да түсінікті. Орташаларға баса назар аударылуының сыры
алып кәсіпорындар өзгермелі нарық жүйесі алдында дәрменсіздік танытса,
есесіне шағын кәсіпорындар тұрақтылық байқатты. Осының нәтижесінде отандық
тауар өндіру ісі жолға қойылып, мындаған жұмыссыздар еңбекке тартылды,
мемлекеттік қазынаға қаржы құйылды.
Жалпы Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің субъектілері заң жүзінде
белгіленген. Олар: ҚР азаматтары мен заңды тұлғалар, сондай-ақ шетелдік
жеке және заңды тұлға резиденттер болып табылады. Кәсіпкерлік қызметпен
айналысатын жеке тұлға — азамат заңды тұлға құрып немесе құрмай-ақ айналыса
беруіне болады. Ал ұжымдық кәсіпорындар, кооперативтер немесе әкімшілік-
аумақтық кәсіпкерлік қызметтері өз меншіктерінің негізінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнеске қолғабыс ету инфрақұрылымы
Қазақстанның шағын бизнесін қолдау инфрақұрылымы
Халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қорғау
Кәсіпорындағы кәсіпкерліктің атқаратын қызметтерінің мәнін ашу
ӨТПЕЛІ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ТУРАЛЫ
Кәсіпкерліктің теорияларық негіздері
Кәсіпорындардың маркетингтік іс-әрекет
Қазақстан Республикасындағы кәсiпкерлер одағы қызметiнiң негiзгi бағыттары және проблемалары
«Шағын және орта кәсіпкерлік»
Өтпелі экономикадағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың қалыптасуы
Пәндер