Ғылыми-техникалық қызметтiң жай-күйi мен оны iске асырудың тетiктерi



Инновациялық кәсiпкерлiк
Инновациялық инфрақұрылым
Қаржылық инфрақұрылым
Инновациялық даму елдiң ғылыми-техникалық әлеуетiмен ажырағысыз байланысты. Экономиканың дамудың инновациялық жолына көшуi жағдайында ғылыми әзiрлемелердi коммерциялау процестерiн үйлестiру және ынталандыру жөніндегі мемлекеттiң рөлi өседi.
Ғылыми-техникалық әлеуеттің жай-күйi бiрiншi кезекте ғылымды қаржыландыру деңгейiмен, оның материалдық-техникалық жағдайымен, алынған нәтижелердiң тиiмділiгiмен айқындалады. Соңғы жылдары Қазақстанда ғылымды мемлекеттiк қаржыландыру деңгейi өсiп келедi: ЖIӨ-ге 2002 жылы - 0,13%, 2003 жылы - 0,14%, 2004 жылы - 0,16% . Бiрақ, ол бұған қарамастан әлемнiң дамыған елдерiмен салыстырғанда жоғары емес күйде қалып отыр.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Ғылыми-техникалық қызметтiң жай-күйi мен оны iске асырудың тетiктерi
 
Инновациялық даму елдiң ғылыми-техникалық әлеуетiмен ажырағысыз
байланысты. Экономиканың дамудың инновациялық жолына көшуi жағдайында
ғылыми әзiрлемелердi коммерциялау процестерiн үйлестiру және ынталандыру
жөніндегі мемлекеттiң рөлi өседi.
Ғылыми-техникалық әлеуеттің жай-күйi бiрiншi кезекте ғылымды
қаржыландыру деңгейiмен, оның материалдық-техникалық жағдайымен, алынған
нәтижелердiң тиiмділiгiмен айқындалады. Соңғы жылдары Қазақстанда ғылымды
мемлекеттiк қаржыландыру деңгейi өсiп келедi: ЖIӨ-ге 2002 жылы - 0,13%,
2003 жылы - 0,14%, 2004 жылы - 0,16% . Бiрақ, ол бұған қарамастан әлемнiң
дамыған елдерiмен салыстырғанда жоғары емес күйде қалып отыр.
Төменде ғылымды жылдар бойынша бюджеттiк қаржыландырудың деректерi
келтiрiлген:
 
   2000 ж. 2001 ж. 2002 ж. 2003 ж. 2004ж.
Қаржылан- 2104314 3653177 4332136 6022384 8141116
дыру
мөлшері,
теңге
ЖIӨ-ге % 0,08 0,1 0,13 0,14 0,16

 
Қаражаттың көп бөлiгі (90%-дан астамы) ғылыми-технологиялық жұмыстарды
жүргізуге бағытталған.
2003 жылы мемлекет ғылыми-зерттеу жұмыстарының 88,7% қаржыландырды.
Кейiндеп қалған материалдық базаға қарамастан Қазақстан ғалымдары
өнеркәсiптің - көптеген салалары үшiн бәсекелi технологиялық әзiрлемелерге
ие. - тау-кен-металлургиялық кешен, химия және мұнай химиясы,
биотехнологияның ядролық және әртүрлi салаларға және басқаларына арналған
ғарыштық технологиялар саласындағы.
Бұдан басқа, БҰҰ-ның 1995 жылы коммерцияландыру ғылымды бойынша
өткiзілген миссиясына сәйкес академиялық институттарының технологияларын
iрiктеп сараптамада қазақстандық ғалымдардың 23 әзiрлемесi әлемдiк деңгейде
танылғандығын атап өту қажет. Соңғы жылдары халықаралық бағдарламалар
шеңберiнде республиканың ғалымдары өз зерттеулерiн қаржыландыруға гранттар
ұтып алуда.
Қазiргi уақытта, өзiнiң коммерциялық қолданысын табуға инновациялық
әзiрлемелердi және шығармашылық идеялардың аз үлесi ғана ие болады.
Проблема, бүгiнгi күнi елде iс жүзiнде тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк база мен
жобалық-конструкторлық институттар бұзылуында және ғылыми зерттеулердiң
нәтижелерiн экономиканың нақты секторына енгiзудiң тиiмдi тетiгінiң
болмауында болып тұр.
Ғылымның институционалдық құрылымында соңғы жылдары болып жатқан қайта
құрулар ғылыми-зерттеу институттарының меншiк нысандарындағы өзгерiстерге
қарамастан жалпы алғанда инновациялық дамудың талаптарына жауап бермейдi.
Ғылымда түпкілiктi нәтижеге өндiрiске жаңа өнiмдердi енгiзуге, жаңа
коммерциялық тиiмдi технологияларды енгізуге әлсiз бағдар сақталып отыр.
Бiрқатар салалық ұйымдар өзiндiк мәртебесi бойынша ғылыми болып қағаз
жүзiнде қала отырып, iс жүзiнде зерттеушілiк қызметтi жиып қойды және тек
шаруашылық құрылымға айналды.
Инновациялық дамудың көзқарасы тұрғысынан қаражатты тиiмдi пайдалану,
нақты айтсақ ғылыми әзiрлеменiң жылдамдығын нарықтық өнiмге дейiн жеткiзу
оны коммерциялау ең бiрiншi маңызға ие. Сондықтан осы бағдарлама негізiнен
қолданбалы ғылыми-технологиялық зерттеулерді дамытуға, қолдауға және
ынталандыруға бағдарланған болады.
Қазiргі кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білiм
және ғылым министрлігі ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласында
басшылықты жүзеге асыратын уәкілеттi орган болып табылады. Бұл
министрлiктен өзге ғылыми-техникалық қызметпен салалық министрлiктер де
айналысады.
Уәкiлеттi органның функциясына бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми
зерттеулердiң барлығына дерлiгіне тәуелсiз ғылыми-техникалық сараптама
жүргiзудi ұйымдастыру кiредi.
Сараптау кезінде бағдарламаның ғылыми негізділігі, ғылыми ұжымның
оңтайлы мөлшерi мен құрамы, зерттеулердiң бас ұйымы жобалауының негізінде
мақсаттарға жетудің нақтылығы, орындасушы ұйымдарды тарту қажеттілігі және
тағы басқалар тексеру мен бағалауға түседі.
Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру, осының шеңберінде ғылыми ұйымдар ҒЗТКЖ
жүргізуге мемлекеттік тапсырыс алатын ғылыми-техникалық бағдарламаларды
қалыптастыру және іске асыру арқылы заңнамалық бекітілген бағдарламалық-
мақсаттағы қағидаттар негізінде жүзеге асырылады.
Ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-
мақсатты қаржыландыру ұсынылатын бағдарламалар мен ғылыми зерттеулердiң
нәтижелерiне мемлекеттік ғылыми және ғылыми-техникалық тәуелсiз сараптама
мiндеттi жүргізіле отырып, конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Қазiргi заманғы кезеңде бағдарламалық-мақсаттық әдiс шеңберiнде мынадай
ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды қалыптастыру мен iске асыру
жүзеге асырылады:
табиғи және әлеуметтiк жүйелер туралы қағидаттық жаңа бiлiмдердi және
экономиканың жүйелiк қайта құрылуының, қоғамның, мәдениеттiң және ғылымның
өзiнiң тұрақты дамуының ғылыми негіздерiн әзiрлеудi алу мақсаты бар
ғылымның және ғылыми-техникалық прогрестiң басым бағыттарының сол шектеулi
саны бойынша iргелiк зерттеулер;
- өнеркәсiптiк-технологиялық және әлеуметтiк экономикалық дамудың бас
басымдықтарында ғылыми-техникалық әлеуеттi шоғырландыруға қабілеттi
мемлекеттiк ғылыми-технологиялық саясатты iске асырудың маңызды құралы
ретiндегi республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар;
- ғылыми-техникалық қызметтiң нақты және кешендiк-салааралық бағыттарын,
қолданбалы және ендiрмелi зерттеулер мен әзiрлемелердi, өңiр үшiн басым
ғылыми зерттеу бағдарламаларды бiлдiретiн қолданбалы (салалық, салааралық
және өңiрлік ғылыми-техникалық) бағдарламалар;
- айқындалған басым бағыттар шеңберiнде "тәуекелдiк" пен перспективалық
iргелiк және қолданбалы зерттеулердi ынталандыру және өңiрлердегі ғылыми
зерттеулердi дамытуға ықпал ету мақсаты бар Ғылым қорының жобалары.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Жоғарғы ғылыми-
техникалық комиссия (бұдан әрi - ЖҒТК) мақұлдаған iргелiк ғылыми
зерттеулердiң 5 басым бағыттары айқындалған.
Басым бағыттар шеңберiнде iргелiк және қолданбалы ғылыми зерттеулердің
бағдарламаларын iске асыруды ғылыми және ғылыми-өндiрiстік орталықтар мен
Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң басқа да ғылыми ұйымдары, бағдарламаның
басқа әкiмшiлерi жүзеге асырады. Орталықтардың қызметi, ғылыми бағыттардың
үйлестірушiлерi ретiнде ғылыми ұйымдарды жетелейтiн әлеуеттерді сақтауға
және одан әрi дамытуға, пәнаралық өзара әрекеттi, материалдық және кадрлық
резервтi шоғырландыруға, ғылымның өндiрiспен және біліммен ықпалдасуын
жүзеге асыруға бағдарланған.
Бұл ретте Ұлттық ғылыми орталықтар қолданбалы зерттеулердiң басым
бағдарламаларын іске асыру жөніндегі бас ұйымдар болып айқындалған. Оның
жекелей алғанда Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар
министрлiгiнiң Ұлттық ядролық орталығы, Қазақстан Республикасы Индустрия
және сауда министрлiгiнiң Радиоэлектроника және байланыстар жөнiндегi,
минералдық шикiзатты кешендiк қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталықтары.
Сонымен қатар ұлттық ғылыми орталықтар үшін "бас ұйымдар" мәртебесi
заңды түрде бекiтiлмеген, ел экономикасының қажеттілігіне  сүйене отырып,
ғылыми бағыттарды үйлестiру бойынша оларға жүктелген функциялар толық
көлемде iске асырылған емес.
Ғылыми зерттеулердiң жоғарыда аталған бағдарламаларын орындауға ғылыми-
зерттеу институттарымен қатар көптеген жоғары оқу орындары да қатысуда. Бұл
ретте iргелiк және қолданбалы бағдарламаларды iске асырудағы жоғары оқу
орындардың үлесi орта есеппен тиiсiнше 12 - 20%-ды құрайды.
Одақтас мемлекеттiң орталықтандырылған жоспарлық жүйесi жағдайында
республиканың ғылыми-техникалық кешенi жекелеген және едәуiр тар ғылыми
проблемаларды шешуге бағдарланды. Iрi ғылыми зерттеулер, әзiрлемелер және
ғылыми мектептер Ресей Федерациясында, Украинада және Беларуссияда
басымдықпен шоғырланды. Дегенмен, республикада катализ, органикалық синтез,
микробиология, металлургия саласында әлемдiк деңгейдегі күшті ғылыми
мектептер қалыптасты.
Қазақстанның тәуелсіздiк алғаннан кейiнгі алғашқы жылдары қабылданған
ғылыми-зерттеулер мен ғылыми-техникалық бағдарламаларды қаржыландырудың
бағдарламалық-мақсаттық әдiсi елдiң ғылыми әлеуетiн сақтауға және оны
ғылымның мүлде жаңа бағыттарына сәйкес келетiн ғылыми зерттеулердi
орындауға бағыттауға мүмкiндiк бердi.
Соған қарамастан, мемлекеттiк тапсырыс нысанындағы қолданбалы ҒЗТКЖ-ны
қаржыландыру ел дамуының қазіргі заманғы кезеңiнде Индустриялық-
инновациялық даму стратегиясын iске асыру шеңберiнде алға қойылған
мiндеттердi толық түрде жүзеге асыруға және ашық ұлттық инновациялық жүйенi
құруға мүмкiндiк бермейдi. Қаржыландыруды гранттар нысанында емес
мемлекеттiк тапсырыс нысанында бөлу зерттеушiлер үшiн iшкi ынталар
жасамайды және жартылай заңды енгiзу компанияларын туындатады.
Бұдан өзге, iргелiк ғылымға негізiнен Білiм және ғылым министрлігі, ал
қолданбалы ғылымға министрлiктердiң тиiстi салалары жетекшілiк ететiнiне
байланысты республикада елдегi барлық ғылыми зерттеулердi үйлестiретiн
бiрыңғай органның жоқ екенiн атап кету керек. Осыған байланысты
инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту жөнiндегi
уәкілеттi орган ретiнде Индустрия және сауда министрлігі салалық
органдармен бiрлесiп өткiзiлген және өткiзілетiн, оның iшiнде ғылыми-
техникалық бағдарламалар шеңберiнде орындалғандардың инновациялылығының
және экономиканың нақты секторында сұранысқа иелілiгiнiң, сондай-ақ бiрнеше
бағдарламалар шеңберiнде зерттеулердi қаржыландырудың қолда бар
тәжiрибелерiн алып тастау мақсатында қолданбалы зерттеулердiң талдауын
жүргізедi және тиiмділігiн айқындайды.

Инновациялық кәсiпкерлiк

Инновациялық кәсiпкерлiк экономикалық қызметтiң ерекше түрi ретiнде
инновациялық процестің негiзгi қозғаушы күшi болып табылады.
Инновациялық кәсiпкерлiктiң субъектілерiне инновациялық қызметтi жүзеге
асыратын кәсiпорындар мен ұйымдар жатады. Инновациялық кәсiпорынның қызметi
технологиялық немесе өнiмдiк инновацияларды пайдаланудың нәтижесiнде пайда
табудан көрiнедi. Дамыған елдерде кәсiпорындардың 70%-на жуығы рыноктың
жаңа сегменттерiн игеру мақсатында өнiмнiң ассортиментiн кеңейтумен
байланысты инновацияларды жүзеге асырады. Осы ретте ҒЗТКЖ-ға арналған
шығыстар инвестициялардың 30%-на жуығын құрайды.
Инновациялық кәсiпорынның кәсiпкерлiк қызметi мыналарға:
- жаңа ғылыми идеяларды әзiрлеуге немесе iздеуге және оларды
бағалауға;
- қажеттi инвестициялық ресурстарды iздеуге;
- жобаны немесе кәсiпорынды басқарудың тиiмдi модельдерiн құруға;
- ақшалай табыс алуға негізделген.
Инновациялық кәсiпкерлiктiң басты функцияларының бiрi ғылыми-техникалық
және өндiрiстiк сала арасындағы байланыстырушылық (делдалдық) рөлдi жүзеге
асыру болып табылады. Инновациялық кәсiпкерлiктiң жұмыс iстеуi ғылыми-
техникалық ұйымдар және шаруашылық субъектiлер көтеруге мәжбүр инновациялық
өнiмдi құрумен немесе жаңа ғылыми-техникалық шешiмдердi олардың
коммерциялық пайдаланылу мүмкiндiктерiне дейiн жеткiзумен байланысты
шығындарды азайтуға мүмкiндiк бередi.
Қазiргi уақытта Қазақстанда негізiнен шетелдiк капиталдың қатысуымен iрi
корпорацияларда, ұлттық компанияларда, екiншi деңгейлi банктерде, қаржылық-
өнеркәсiптiк топтарда менеджменттiң жоғарғы деңгейi бар. Сонымен қатар,
технологияларды, теорияларды және құқықтық қорғаудың тәжiрибесiн және
зияткерлiк меншiктi пайдалануды коммерциялизациялаудың iскери қағидаттарын
кәсiби меңгерген, инновациялық және жоғарғы технологиялық жобаларды басқара
алатын кәсiби инновациялық менеджерлер - мамандардың институты мүлдем жоқ.
Кез келген елде және бизнестiң кез келген түрiндегi инвестордың негiзгi
тәуекелi барабар емес менеджментпен байланысты болғандықтан бұл тәуекелдi
барынша азайту басқару және кәсiпкерлiк мәдениеттi көтерумен, барлық
деңгейдегi менеджерлердi сапалы оқытумен және қайта даярлаумен, оларды
қажетті қолдаумен (консалтинг және ақпараттық) қамтамасыз етумен қол
жеткізіледі.
Ұлттық экономиканың дамудың инновациялық қорына көшуi барлық қоғамның
инновацияларды қабылдауынсыз және инновациялық процестердi басқару мен
инновацияларды iске асыруды жүзеге асыруға қабiлеттi кадрлар жеткілікті
санының болуынсыз мүмкiн емес.
Қолда бар ғылыми-технологиялық әлеуетке қарамастан Қазақстанда
инновациялық қызметтің мынадай инновациялық өнімді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканың инновациялық дамуы
Қоршаған ортаны ластау деңгейiн азайту және оны тұрақтандыру
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы
Мемлекеттік басқару жүйесінің қоғамдағы рөлі
Қоршаған ортаның қазіргі жай-күйін және оны қорғау
Мектеп кітапханасында ақпараттық технология және оны қолдану
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту тұжырымдамасы
Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу ұйымдық-құқықтық нысандары. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері
Экологиялық қауіпсіздік ұғымы және оның экономикалық аспектісі
Валеологиялық білім беру
Пәндер