Жемқорлық тарихы мен бүгінгі жағдайы



1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2. Сыбайлас жемқорлық: теориялық негіздері, даму тарихы және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыратын халықаралық құрылымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
4. Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Демократиялық институттар мен құндылықтар сыбайлас жемқорлықтың көріністерімен, сондай-ақ, одан туындайтын қоғамның тұрақты және қауіпсіз дамуына қатер төндіретін проблемалармен сыйыспайтыны даусыз. Тиісінше Қазақстанда іске асырылып жатқан демократиялық қайта құрулар сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне қарсы барлық деңгейлердегі күресте тиімді жұмыс істейтін жүйесіз мүмкін емес.Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі.
1. Құттаяқов Ш. Қазаннан қақпақ кетсе...Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы ой – толғамдар. – Астана: Елорда, 2000.
2. Алауханов Е. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің проблемалары
3. Мәмет С. Сыбайлас жемқорлықпен күрес науқандық шаруа емес. //Егемен Қазақстан.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Алматы энергетика және байланыс университеті
Коммерциалық емес акционерлік қоғамы

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

Саясаттану пәнінен
№1 Семестрлік жұмыс
Тақырыбы: "Жемқорлық тарихы мен бүгінгі жағдайы"

Орындаған: КТТк-14-1 топ студенті Жақып Б.Қ.
Тексерген: Бисенова А.З.

Алматы 2015
Мазмұны
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2. Сыбайлас жемқорлық: теориялық негіздері, даму тарихы және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыратын халықаралық құрылымдар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 12
4. Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

Кіріспе
Демократиялық институттар мен құндылықтар сыбайлас жемқорлықтың көріністерімен, сондай-ақ, одан туындайтын қоғамның тұрақты және қауіпсіз дамуына қатер төндіретін проблемалармен сыйыспайтыны даусыз. Тиісінше Қазақстанда іске асырылып жатқан демократиялық қайта құрулар сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне қарсы барлық деңгейлердегі күресте тиімді жұмыс істейтін жүйесіз мүмкін емес.Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы - адамдардың қоғамдық демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне сызат түсіретіні даусыз.
Жемқорлық (лат. corruptio - сатып алу) -- мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері. Жемқорлықтың жалпылама белгілері: лауазымды адамның өзінің немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлік құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алу, туыстық, жерлестік, т.б. жақындықтарына байланысты қызметке ретсіз қабылдау және көтермелеу, сондай-ақ, мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді талан-таражға салу. Мемлекетте жемқорлықтың бел алуы көлеңкелі экономиканың пайда болып, экономикалық өсу қарқынының тежелуіне және әлеуметтік, саяси шиеленістердің құрт асқынуына ұрындырады. Сонымен қатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер жаппай жемқорлыққа салынған жағдайда құқық қорғау органдары оларды жасаған қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тарта алмайтын жағдай қалыптасады.
Жемқорлық жасалу түрлеріне қарап екіге бөлінеді: жекелеген лауазымды қызметкерлер жасаған қылмыстық іс-әрекет және бірнеше лауазымды қызметкерлер бірігіп жасаған қылмыстық іс-әрекет (қысқаша Сыбайлас жемқорлық). 1989 жылы әлемнің дамыған 37 мемлекеті халықаралық бизнестегі жемқорлыққа қарсы күресу туралы конвенцияға қол қойды. Қазақстан осы конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заң қабылдады.


3
Сыбайлас жемқорлық: теориялық негіздері, даму тарихы және түрлері

Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы ежелгі кезеңнен бастау алады. Атақты француз философы Шарль Луи Монтескье: Көптеген ғасырлар тәжірибесі көрсеткендей, қолында билігі бар адам, қылмыс жасауға бейім тұрады және де тиісті шекке жетпейінше, сол бағытта әрекет жасай береді, - деп айтқан. Сыбайлас жемқорлық құбылысын халықаралық заманауи тұрғысынан түсіну және оған қарсы күрес шараларын іске асыру жолдары қылмыстың алдын алу және құқық бұзушылармен жұмыс жүргізу жөніндегі БҰҰ-дың Сегізінші Конгресінің хатшылығы әзірлеген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша практикалық шаралар атты нұсқаулықта көрініс тапты (Гавана, 1990 жылғы тамыз-қыркүйек). Осы құжатты талқылау нәтижесінде әлемдік қауымдастыққа сыбайлас жемқорлықтың мынадай ерекшеліктері ұсынылды:
1. Осы ұғымның мағынасынының сипатына қарай сыбайлас жемқорлыққа жататын барлық құқық бұзушылықтар енгізілуі тиіс, олар: этикалық, тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық-құқықтық бұзушылықтар, бұл сыбайлас жемқорлық жолына түскен субъектінің қызметтік бабын өз басының пайдасына асыра пайдаланып, заңды бұзғандығынан көрінеді.
Мемлекеттік қызметтегі тұлғаларды сыбайлас жемқорлық жолына итермелейтін субъектілердің қызмет шеңберін шектеу. Бұған шенеуніктердің артықшылықтарды заңсыз пайдаланғанын жатқызуға болады, осындай қызмет көрсететін субъектілердің шеңберін жеке және заңды тұлғалар толықтырылып отырады.
2. Өз қызмет жағдайын жемқорлық құқық бұзушылықтың субъектісі ретінде заңға қайшы сипатта пайдалану.

4
Жемқорлықтың көрініс табуының ең қауіпті екі түрі:
- мемлекеттік немесе қоғамдық мүліктерді жемқорлық жолмен ұрлау;
- мемлекеттік қызметкерлердің әрекетінде ұрлық белгілері байқалмаса да, олардың қандай да бір артықшылықтарды заңсыз жолмен алу мақсатында өз қызметтік жағдайын теріс пайдалануы.
1979 жылы БҰҰ-дың Бас Ассамблеясы және сыбайлас жемқорлық мәселелері жөніндегі аймақаралық семинар (Гавана 1990 ж.) мынадай анықтаманы ұсынды: Сыбайлас жемқорлық - бұл жеке адамның немесе бір топ адамдардың қызмет жағдайын өз басының мүддесіне қарай пайдалануы және мемлекеттік қызметкерлердің қызмет бабын заңсыз пайда алуға бағыттауы.
Енді бір анықтама 1999 жылғы Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы атты Еуропа Кеңесінің Конвенциясында берілген, онда: Сыбайлас жемқорлыққа - мемлекеттік, муниципалдық немесе өзге де қоғамдық қызметшілердің немесе коммерциялық не өзге де ұйымдардың қызметшілерінің өз мәртебесін кез келген мүлікті заңсыз алуы, оны иемденуге құқықты болуы, қызметті немесе жеңілдікті пайдалануы, сондай-ақ аталған тұлғалардың осындай мүлікті, оны иемдену құқығын басқа тұлғаға беру, қызмет көрсету және жеңілдіктер ұсыну жатады.
Кейбір ғалымдардың пікірінше осы анықтама толық емес, себебі сыбайлас жемқорлық құбылысы құқық ұғымының шеңберінен әлдеқайда кең.
М.О. Нәукенов: Сыбайлас жемқорлық және ұйымдасқан қылмыс ұғымдарын бір-бірімен байланыстыра қарауды ұсынады. Оның пікірінше, сыбайлас жемқорлықты ұйымдасқан қылмыс өкілдері мемлекеттік органдар жұмысын бақылау құралы ретінде пайдаланады, бұндай жағдайда қылмысты әлеуметтік

5
тұрғыдан бақылау бейтараптанады, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыс өкілдері билік органдарын өз мақсатына жету үшін пайдаланады және саяси шешімдер қабылдауда ықпал жасайды.
А.С. Қалмұрзаев сыбайлас жемқорлықты: кез келген қызметкердің қызмет жағдайын пайда күнемдік мақсатында пайдалануы, - деп сипаттайды.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңының 2-бабына сәйкес: Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев атап өткендей: Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес.
Қазіргі отандық әдебиеттерде: Сыбайлас жемқорлық - (латын тілінен соrruptio - пара беріп сатып алу, құқық бұзу, құлдырау деген мағынаны білдіреді) деп қоғамдық және саяси қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың сатқындығын, оларды сатып алуды, яғни саяси, экономикалық, әскери және тағы басқа да салалардағы қызметкерлердің қолындағы билігінің мүмкіндіктерін және қызмет бабын жеке басын байыту мақсатында пайдалануын айтады.

6
А.Н. Ағыбаевтың пікірінше: Сыбайлас жемқорлық - бұл кез-келген лауазымды тұлғаның өзіне және тағы басқаларға заңсыз жолмен пайда әкелу мақсатында жасаған қылмысы.
Жоғарыда келтірілген анықтамаларды талдай келе, мынадай қорытынды жасауға болады:
- сыбайлас жемқорлық құбылысының өзіне тән белгілері бар;
- сыбайлас жемқорлық - бұл, ең алдымен, әлеуметтік құбылыс;
- халықаралық құжаттарда жемқорлықтың нақты анықтамасы жоқ;
- әрбір мемлекет қазіргі құқықтық дәстүрлер негізінде өздерінің жемқорлыққа қарсы құралдар жиынтығын анықтайды;
- жемқорлық ұғымы қазіргі қоғамдағы жемқорлықтың құқықтық анықтамасына негізделмеген.
Сөйтіп, айтылғандарды қорыта келе, сыбайлас жемқорлық - бұл екі жақ арасындағы мәміле деп тұжырымдауға болады, оның бірі - өз лауазымдық өкілеттігін заңға қарсы пайдаланатын мемлекттік немесе жеке қызметте жұмыс істейтін тұлға, екіншісі - мемлекеттік немесе жеке құрылымды өз басының пайдасы, яғни материалдық жағдайын көтеру, артықшылық алу, заңда көзделген жауапкершіліктен таю тағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім саласындағы жемқорлық, құқық саласындағы жемқорлық тағысын - тағы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің құқықтық механизмі
БИЛІК ОРГАНДАРЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КҮРЕС МӘСЕЛЕЛЕРІ
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің құқықтық реттелу мәселесі
Саяси сыбайлас жемқорлық
Парақорлық қарсы күрестің қылмыстық құқықтық қырлары
Шортанбай шығармаларындағы жемқорлық көрінісі
Парақорлыққа қатысты әр түрлі қайнар көздерін бір ауызға келтіріп нақты түсінік беру
Сыбайлас жемқорлық.Пара беру
Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық пен ұлттық-азаматтық бірегейлік
Пәндер