Қазақстанды индустрияландыру



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
Негізгі бөлім
1) Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша пікір.таластар ... ... .3
2) Қазақстандағы индустрияландырудың барысы мен сипаты ... ... ... ... ... 8
3) Түрксіб темір жолын салу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
4) Қазақстан металлургиясының өркендеуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
Индустрия (лат. isdustria – ынта,жігер) - халық шаруащылығының өндіргіш күштерге және қоғамның экономикалық дамуына ықпал ететін аса маңызды саласы. Әр елдің даму қарқыны оның индустриясының даму дәрежесіне байланысты. Индустрияның дамуы өндіруші салалардың қатар дамуына, соңғысының алдыңғы шепте болуына байланысты. Ресейде индустрия XIX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басында дамыды. Қазан төңкерісінен кейін Кеңес Одағында тоталитарлық режим халықтың басым көпшілігінің тұрмыс деңгейін күрт шектеу, шаруаларды қанау есебінен индустрияландыру саясатын жүргізді. Қазақстан осы кеңестік дәуірде аграрлы-индустриялы елге айналды.
1) Есенғазы Қуандық. Қазақстан тарихы, Алматы 2009ж
2) Қазақстан тарихы, Очерктер. Алматы 1999 ж.
3) Г.В.Кан, Н.У.Шаяхметов. Қазақстан тарихы, Алматы 2009ж
4) Қазақ ССР тарихы, 4-том. Алматы, 1985 ж.
5) Қазақстан тарихы. Лекциялар курсы, Алматы 2009ж.
6) К.Р.Аманжолов. Қазақстан тарихы, дәрістер курсы, Алматы 2009ж
7) “Қазақ тарихы” журналы, 1997ж, №3
8) Х.Маданов. Ұлы дала тарихы, Алматы, 1998 ж.
9) Ч.Мусин. Қазақстан тарихы, Алматы 2003 ж.
10) “Қазақстан”, Ұлттық энциклопедия, Алматы 2002ж

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
Негізгі бөлім
1) Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша пікір-таластар ... ... .3

2) Қазақстандағы индустрияландырудың барысы мен
сипаты ... ... ... ... ... 8

3) Түрксіб темір жолын
салу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .9

4) Қазақстан металлургиясының
өркендеуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .11

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .14

Кіріспе

Индустрия (лат. isdustria – ынта,жігер) - халық шаруащылығының
өндіргіш күштерге және қоғамның экономикалық дамуына ықпал ететін аса
маңызды саласы. Әр елдің даму қарқыны оның индустриясының даму дәрежесіне
байланысты. Индустрияның дамуы өндіруші салалардың қатар дамуына,
соңғысының алдыңғы шепте болуына байланысты. Ресейде индустрия XIX ғасырдың
аяғы – XX ғасырдың басында дамыды. Қазан төңкерісінен кейін Кеңес Одағында
тоталитарлық режим халықтың басым көпшілігінің тұрмыс деңгейін күрт шектеу,
шаруаларды қанау есебінен индустрияландыру саясатын жүргізді. Қазақстан осы
кеңестік дәуірде аграрлы-индустриялы елге айналды.
1920 жылдардың бірінші жартысында елде Кеңес өкіметі толық
орнатылды. Оның мемлекеттік органдары мен әкімшілік жүйесі қалыптасты.
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы құрылып, оның негізгі заңы –
кеңестік Конституция қабылданды. Азамат соғысының нәтижесінде қираған халық
шаруашылығы қалпына келтірілді. Сондықтан да 1920 жылдардың ортасында
Кеңестер Одағында социализм орнатудың доктринасы іске асырыла бастады. Ол
үш үлкен міндетті: индустрияландыруды, ұжымдастыруды және мәдени
революцияны қамтыды. Соның алғашқы қадамы индустрияландыру жайлы сөз
қозғамақпыз.
Қазақстанды индустрияландыру жөнінде сөз еткенде оның Ресей тарихымен
етене байланысын айту керек. Индустрияландыру КСРО халық шаруашылығын
дамытудың 1-бесжылдығымен (1928-1932жж.) қатар келіп, өлкеде елеулі
қиыншылықтармен жүзеге асты.
Бірақ та, республика индустриясы КСРО-да социализмнің экономикалық
ірге тасын қалауға, Совет мемлекетінің технико-экономикалық тәуелсіздігін
қамтамасыз етуге, оның қорғанымпаздық қабілетін нығайтуға елеулі үлес
қосты.

Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша пікір-таластар

1925 ж. желтоқсанда өткен БК(б)П-ның ХІV съезінде Кеңестер Одағын
индустрияландыру бағыты белгіленді. Капиталистік шаруашылықтан ерекше,
елдің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін, өзіндік машина, станок
жасау, металлургия, химия, қорғаныс және басқа да ірі өнеркәсіптері бар
жүйе құру қажет делінді. Шаруашылықтың барлық салаларын соның негізінде
техникалық қайта жасақтандыру мен еңбек өнімділігін арттыру үшін бүкіл
экономиканың негізі ретінде ең алдымен ауыр өнеркәсіпті дамыту, оның
шаруашылықтағы жетекшілік рөлін бекіту арқылы шет елдермен экономикалық
жарыста озып шығу мақсаты қойылды. Бұл сол кездер үшін дұрыс, бірақ күрделі
мақсат еді. Кеңестер Одағы көлемінде бұл бағытта біршама жетістікке қол
жеткізілді. Бірақ оның біржақты жүргізілгенін, дәлірек айтқанда, ұлттық
аймақтарды, соның ішінде, әсіресе, Қазақстанды патшалық билік кезіндегідей
шикізат көзі дәрежесінде қалдырғанын көреміз.
1925 жылдың қыркүйегі мен 1928 жылдың қыркүйегі арасындағы үш жылда
өнеркәсіп салу ісіне 3,3 млрд сом қаржы жұмсалды. Ол орасан зор қаржы
негізінен алғанда Ресей аумағындағы ескі өнеркәсіп орындарын қайта жөндеу
мен жаңа қуатты зауыт-фабрикалар, су-электр станцияларын жасауға жұмсалды.
Соған қарамастан Қазақстандағы индустрияландыру ісі патриархаттық-феодалдық
қатынастарды, яғни дәстүрлі шаруашылық жүйесін біржолата жою, феодализмнен
капитализмге соқпай социализмге жедел қарқынмен өту сияқты ұрандармен
басталды. Жерді қайта бөлу, мал-мүлікті тәркілеу, күштеп ұжымдастыру
әрекеттері осылайша жаңа науқанмен ұласты.
1926 ж. 27—30 сәуірде сол кездегі республика астанасы Қызылордада
өнеркәсіптің дамуы мәселесіне арналған арнайы өлкелік мәжіліс өткізілді.
Онда Қазақстанның орасан зор табиғат байлығы атап өтіле отырып,
зерттелмеген аймақтардағы қазба байлықтарын кең түрде барлау қажеттігі
көрсетілді. Қазақ АКСР-нің ХШК (Халық шаруашылығы кеңесі) мен Мемлекеттік
жоспарлау Комитетіне республиканы өнеркәсіптік аудандастыру мен
өнеркәсіптің, ең алдымен түсті металлургияның дамуының перспективалық
жоспарын жасау тапсырылды. Кеңесте сондай-ақ Қазақ АКСР-ы жағдайында
“әсіресе жер және мал шаруашылықтарымен тікелей байланысты жергілікті
өнеркәсіпті кең түрде өрістету” өмірлік қажеттілік ретінде атап көрсетілді.
Осы негізде өңдеу өнеркәсіптерінің тері, май, ұн, тұз өндіру, балық аулау
сияқты салаларының даму жолдары айқындалды. Байқап отырғанымыздай, басты
назар патша заманындағыдай тау-кен ісі мен өңдеу өнеркәсібіне аударылған
екен. Демек, пайдалы қазбалар мен ауыл шаруашылығы өнімдерін орталықтағы
ірі кәсіпорындар үшін өндіру басты міндет ретінде белгіленді. Бұл
Қазақстандағы индустрияландыру ісінің отаршылдық, дәлірек айтқанда, шикізат
көзі ретінде орталыққа қызмет еткізу бағытында басталғанын көрсетеді.
Бірнеше жылға созылған революция мен Азамат соғысы кезінде
капиталистік қатынастардың енуі кезеңінде пайда болған тау-кен орындары мен
кәсіпорындар қаңырап, иесіз қалған еді. Тек жаңа экономикалық саясат
кезінде олардың кейбіреулері қайтадан іске қосылды. Соның барысында Орал —
Ембі аймағындағы бірнеше мұнай кәсіпшіліктері, Орталық Қазақстандағы көмір,
Алтайдағы түсті металл өндіру кәсіпорындары қайта жанданды. Дегенмен,
Қазақстан экономикасында әлі де болса ауыл шаруашылығы негізгі сала болды.
Оның үлесіне жалпы шаруашылықтық өнімнің 84,4 пайызы тиетін және халықтың
90 пайызы ауылды жерлерде өмір сүретін еді. Осындай жағдайда бұрынғы ұлт
аймақтары делінгендерді, оның ішінде Қазақстан да бар, Ресей төңірегіне —
метрополияға топтастыру саясаты жалғаса берді. Ресей аумағында Волхов ГЭС-
ін, Днепрогэсті, Сталинград трактор, Ростов ауылшаруашылық машиналарын
жасау, Кузнецк, Магнитогорск, Кривой Рог және т.б. металлургиялық
зауыттарды салуға бар қаржы-қаражат пен күш жұмылдырылды. Ал дәл осындай
кәсіпорындардың Қазақстан жерінде де аса қажет екеніне назар аударылмады.
Мұндағы бай кен орындары мен бүкіл ауылшаруашылық өнімдері орталық
аймақтардағы осындай кәсіпорындарда өңделіп, тауарға айналдырылғаннан кейін
ғана қажет делінген мөлшерде қайта жеткізіліп отыратын еді. Кеңес
үкіметінің индустрияландыру барысындағы орашолақ, біржақты саясаты сол
кездің өзінде Троцкий, Бухарин, Зиновьев сияқты саясаткерлердің қарсылығын
тудырған болатын. Қазақстанда да бұл мәселе көлемінде қызу тартыстар болды.
Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша бірнеше бағыттағы
көзқарастар арасында қызу пікірталас жүрді. Солардың негізгілеріне тоқталып
өтейік. Бірінші бағытты жақтаушылар — Қазақстан экономикасының орталыққа
тәуелділігін, шикізат көзі ретінде дамуын жақтады. Олар мемлекеттік саясат
негізінде, республиканың ерекшеліктерін ескере отырып, “партияның ауыл
шаруашылығы шикізат базасы есебінде оның өнімдерін өңдеумен ғана шектелуін,
ұсақ өнеркәсіпті дамыту жолын ұстануы бірден-бір дұрыс бағыт” деп
мәлімдеді.
Екінші бағыт бойынша — Қазақстанды тек шикізат базасы ретінде
пайдалану дұрыс емес екендігі, мұндағы индустрияландыруды жоғарғы
жақтағылардың талабы бойынша жүргізбей, жергілікті қажеттілікті ескере
отырып, өнеркәсіптер салу негізінде іске асыру керектігі баса айтылды.
Үшінші бағыттағылар — қазақ жерін индустрияландыруға қарсы болды. Олар
көшпелі өмір — қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы, ғасырлар бойы
қалыптасқан өзіндік ерекшелігі. Ал қарқынды түрде индустрияландыру оның
ұлттық болмысын бүлдіреді, “түйеден социализмге” тікелей өту мүмкін емес
деді.
Келесі, төртінші бағытты жақтаушылар шовинистік көзқараста болды. Олар
қазақ халқының индустрияландырудың қарқынына ілесе алатынына күмән
келтірді. Қазақтармен “өнеркәсіп-қаржы жоспарын орындай алмайсың”,
“өндірісті қазақтандыру пайда бермейді”, “қазақтандыру өндірісті
қымбаттатып жібереді”, “қазақ бәрібір жұмыс істемейді, ол қайтсе де далаға
қашады” және т.б. деп санады.
Бұл соңғы екі бағыт негізсіз, жеткілікті дәлелсіз пікірлерге
негізделген еді. Ал алғашқы екі бағытты жақтаушылар арасында күрделі тартыс
жүрді. Бірінші бағытты Голощекин мен оның төңірегіндегілер ұстанды. Олар
Сталин мен орталықтағы кейбір үкімет мүшелерінен қолдау тапты. Сондықтан
бұлар өктемдеу болды. Соған қарамастан екінші бағытты жақтаушылар ой-
тұжырымдарының тереңдігімен ерекшеленді. Қазақстанда “Кіші Қазан” науқанын
жүргізуге ұмтылған Голощекин мен оның төңірегіндегілер қазақ жерінде ірі
өнеркәсіп орындарын салуды жақтамады. “Өнеркәсіп саласында ең негізгісі
ірілендіру емес, қайта оны жергілікті ұсақ және орташа (жарма тартатын, жүн
жуатын, май шайқайтын орындар, жөндеу шеберханалары және т.б.) деңгейде,
яғни бәрін ауыл шаруашылығына байланысты және оны неғұрлым рентабельді
ететін деңгейде ұстау”, — деп мәлімдеді олар. Голощекин бұл бағытты 1927
ж. ұсынып, 1930 ж. мамыр-маусым айларында Алматыда өткен VІІ Бүкілқазақтық
партия конференциясында тағы да қайталады. Орталық Комитеттің Саяси
бюросының мүшелігіне кандидат А.Андреев VІ Бүкілқазақтық партия
конференциясында: “Біз КСРО-дағы индустрияландыру мәселесіне әрбір
республиканың өз ауыр индустриясын құру, әрбір республиканы бас-басына
индустрияландыру жолымен жүрмейміз”,— деп, Кеңес үкіметінің шет аймақтарды
орталыққа бағындыру, тәуелді ету саясатын ашық мәлімдеді. Бұл Қазақстандағы
Голощекиндік бағытты айқын қолдап, олардың әрекетін күшейте түсті. Соның
барысында К. Сарымолдаев: “Қазақстанның алдында да Одақ аумағында шешілетін
мәселелер тұр, сондықтан жалпы мәселелерден асатындай өзгешеліктер бізде
жоқ”, — деп бұл бағыттың ыңғайымен кетті.
С.Сәдуақасовтың индустрияландырудың отаршылдық бағытына қарсы күресі.
Индустрияландырудағы голощекиндік бағыттың біржақты отаршыл бағытын айқын
көре білгендердің алдыңғы қатарында тағы да С.Сәдуақасов тұрды. Ол: “Егер
империалистік орыс буржуазиясы шет өңірлерден тек шикізат талап, фабрикалар
мен зауыттарды өз қолтықтарының астына орналастырған болса, социалистік
өнеркәсіп шаруашылықтың қажеттілік жағдайына орайластырылып дамытылуы
қажет. Егер қалпына келтіру кезеңі кейбір ұлттардың нақты теңсіздігі сияқты
өткеннің “қарғыс атқан мұрасы” түріндегі қиындықтарға кездессе, қайта құру
кезеңі оларды жеңуі қажет. Міне, артта қалған аймақтарды социалистік
құрылысқа бейімдеу және шет аймақтардағы Кеңес өкіметін нығайтудың кепілі
осында жатыр”, — деп көрсетті. Индустрияландыру барысында жергілікті
кәсіпорындарды орталыққа тәуелді еткісі келген республиканың келімсек
басшысымағының орашолақ бағытын былайша әшкереледі: “ Голощекин жолдастың
жүн жуатын орыннан әрі бармай, дұрысырақ айтқанда, барғысы келмей отырғаны
неліктен, ал шұға фабрикаларын ұйымдастыру өзінен-өзі керек болып отыр ғой.
Жуылған жүнді, сол жүннен жасалатын “мәскеулік” шұғаны әрлі-берлі екі рет
тасығанша, Қазақстаннан дайын шұғаны бірден тасып әкету темір жолға да
оңайға түспей ме?” Тоталитарлық тәртіптің экономикалық негіздерін
қалыптастыру саясатын бастаған сталиншіл үкіметтің қолшоқпары болып отырған
Голощекин бағытының түп-тамыры Кеңестердің Бүкілодақтық ІV съезінде айқын
көрінді. Әсіресе ондағы Рыковтың қорытынды сөзі ұлттық аймақтар өкілдерін
қатты алаңдатты. Солардың ішінен орталық үкіметтің индустрияландыру
саясатының кемшіліктерін көрсетуге ұмтылғандардың бірі тағы да С.Сәдуақасов
болды. “Рыков “ұлттық республикалар өздерінде қилы өндіріс ұйымдастыруға
көмек сұрағанын біздер жабық шаруашылық құрғысы келеді деп түсінеміз” деп
теріс айтты. Индустриялдық тұрғыда дамыған шаруашылық біздің пікірімізше
ешқашанда алғашқы қауымдағыдай тұйық шаруашылық болмайды. Сондықтан Рыков
жолдастың Одақтың бірлігі мен оның жеке аймақтарының өзара тәуелділігі арта
түссе екен деген тілегі ұлттық аймақтар бұрынғыша шикізат базалары болып
қала беруін тез арада тоқтатқанда ғана жүзеге аса алады”, — деген пікірлері
әрі үлкен ерлік, әрі бірден-бір дұрыс пайымдау еді. Ол сонымен қатар, қазақ
жеріндегі индустрияландырудың жүйесіз, бей-берекет жүргізіліп жатқанын, оны
реттей отырып қарқынды түрде іске асыруға болатындығын да айтты. Қазақ
даласының бай табиғи байлықтары мен шикізат көздерін және миллиондаған
жұмыссыз қазақтарды тиімді пайдалану бұл мәселені шешуді тездететінін де
көрсетті.
Патша үкіметінің кезінде қоныстандыру ретінде қазақ даласын
орыстандыру саясатының жүргенін жете түсінген ол индустрияландыру барысында
да әр түрлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы индустрияландыру шаралары
Қазақстандағы индустрияландыру. Индустрияландыруға қатысты қоғам қайраткерлерінің ұстанымдары
Индустрияландыруға бағыт алу
Қазақстандағы индустрияландыру
Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша пікір-таластар
Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуы
Қазақстандағы индустрияландыру. Индустрияландыруға қатысты қазақ қоғам қайраткерлерінің ұстанымдары
Кеңес дәуіріндегі қазақ құқығы
Қазақстандағы индустрияландыру және индустрияландыруға қатысты қазақ қоғам қайраткерлерінің ұстанымдары
Қазақстандағы индустрияландыру: қазақ зиялыларының көзқарасы
Пәндер