Сақтардың ескерткіштері. Тасмола мәдениеті, Бесшатыр обасы, Есік қорғаны



1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2. Бесшатыр обалары: орналасу орны мен ерекшеліктері ... ... ... 4
3. Тасмола мәдениеті ескерткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
4. Тасмола ескерткішігіндегі «мұртты обалар» ... ... ... ... ... ... .8
5. Есік қорғандары «Алтын адам» ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
6. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
7. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
Тарих өткенді дұрыс бағалай отырып, өткеннен сабақ алу болса, сол өткен тарихи оқиғалардың маңыздыларының бірі Сақтардың көне ескерткіштері болып табылады. Сақтардың көне ескерткіштерін нақты анықтау үшін ең алдымен сол кезеңге сәйкес келетінжазбаша материалдар мен кейіннен жүргізілген тарихи-археологиялық қазба жұмыстарынан көруге болады. Сақтардың көне ескерткіштері әлемдік тарихи аренада белгілі орын алады, соның ішінде Қазақстан территориясында табылған археологиялық ескерткіштердің алар орны ерекше маңызға ие.
1. Түп-тұқияннан өзіме дейін
2. Қазақстан тарихы очерктері, А.,1994
3. Қазақстан тарихы бес томдық, А.,1997
4. Байпаков К., Нұржнаов А. Ұлы Жбек жолы және орта ғасырдағы Қазақстан. А., 1992(орыс тілінде)
5. Салғарин Қ. Қазақтар. Роман-эссе. А., 1995

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Алматы Энергетика және Байланыс университеті
Электроэнергетика факультеті

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

Қазақстан тарихы
№1 семестрлік жұмыс
Тақырып: Сақтардың ескерткіштері. Тасмола мәдениеті, Бесшатыр обасы, Есік қорғаны

Орындаған: Абдрахман Н.Т
Топ: БЭк-11-03 индекс: 79
Тексерген: Жұмағұлов М.Д

Алматы 2012
Жоспар
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
2. Бесшатыр обалары: орналасу орны мен ерекшеліктері ... ... ... 4
3. Тасмола мәдениеті ескерткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..5
4. Тасмола ескерткішігіндегі мұртты обалар ... ... ... ... ... ... .8
5. Есік қорғандары Алтын адам ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 10
6. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
7. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .15

Кіріспе
Тарих өткенді дұрыс бағалай отырып, өткеннен сабақ алу болса, сол өткен тарихи оқиғалардың маңыздыларының бірі Сақтардың көне ескерткіштері болып табылады. Сақтардың көне ескерткіштерін нақты анықтау үшін ең алдымен сол кезеңге сәйкес келетінжазбаша материалдар мен кейіннен жүргізілген тарихи-археологиялық қазба жұмыстарынан көруге болады. Сақтардың көне ескерткіштері әлемдік тарихи аренада белгілі орын алады, соның ішінде Қазақстан территориясында табылған археологиялық ескерткіштердің алар орны ерекше маңызға ие.
Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде (б.з.б. 7 -- 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы Есік (Алтын адам) Бесшатыр мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Үйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары, т.б. көптеген нысандар көне сақтардың тамаша ескерткіштері ретінде танымал. Кең байтақ аумақтарға тарағандықтан, әр өлкенің мәдениетін зерттеудің өзіндік жүйелері қалыптасқан.
Осы жұмыстың маңыздылығы Бесшатыр, Есік, Тасмола ескерткіштерін салыстыра талдау жасау.

Бес-Шатыр мазараты
Бес-Шатыр мазараты (Пять шатров) біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықта қазіргі Қазақстан территориясында мекендеген көне сақтардың табынатын орны болған. Мұнда 2 кв. км. алаңда Бесшатыр мазараты - сақтардың көне Семиречья халқының монументтілік және композициялық күрделілігі жағынан ең елеулі археологиялық ескерткіші орналасқан. Мазарат солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 км, шығыстан батысқа қарай 1 км созылып жатыр, және Іле өзенінің бастауы Семиречьеде, Алтын-Емель мемлекеттік ұлттық паркінің территориясында Алматы қаласынан 170 км қашықтықта орналасқан. Молашық диаметрі 8 -ден 70 метрге дейінгі, биіктігі 2- ден 20 метрге дейінгі 18 салтанатты обадан тұрады.
Көлемі 20 кв. м және биіктігі 3 м көму камералары тастар мен тас кесектерінің астында жақсы сақталған. Тек екі обаның камералары өртелген. Теңлік обасында бай көмбе табылды, жапырақ алтындардан дайындалған киім әшекейлерінің арасында алтынмен әшекейленген темір аса таяқ бар.

Олар бесшатырлық обалардың дуалдарының формасы мен құрылымына ұқсас. Ал, 10 километрлік батыс патшалық шекараларынан солтүстіктен оңтүстікке қарай жануарлардың суреттері бейнеленген 45 тас тақтасынан құралатын тізбек созылып жатыр. Бұл құрылыстар Бесшатыр мазаратының салттық көлемінің шекараларын білдіреді.
Бесшатырды қазіргі буын өкілдері мен болашақ ұрпақ "Алтын-Эмель" Ұлттық паркінің ескіден қалған бірден-бір мәдени кешені деп есте сақтауы қажет. Адамзат мәдениеті мен табиғат ортасының бұзылған үйлесімділігін қалпына келтіру керек.
2007жылғы далалық маусымында Мемлекеттік Мәдени мұра бағдарламасы бойыншаСарыарқа археологиялық экспедициясы Беғазы өңірінде зерттеу жұмыстарынжүргізді. Өлкеніалғашқы рет 1946 жылы Ә.Х.Марғұланның жетекшілігіндегі Орталық Қазақстанархеологиялық зерттеген.
Беғазы зираты айрықша маңызы бар ескерткіш болғандықтан, оның төңірегіндегі осы мәдени кезеңмен байланысы бар жәдігерлердің деректемелік қорын жасау өзекті болмақ. Бұл тұрғыда САЭ зиратқа жақын жерде орналасқан 40-тан астам археологиялық нысандардың тізімдесін жасады.
Тасмола мәдениеті - Орталық және Солтүстік Қазақстан өлкелерінде ерте темір дәуірінде өркендеген. 1930 ж. белгілі болғанымен, негізгі зерттеу жұмыстары Орт. Қазақстанда 1946 жылдан кейін басталды.
Төрт негізгі кезеңнен тұратын зерттеулердің алғашқы сатысы 1946 - 59 жылдарды қамтиды. Осы кезде Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының ұйымдастырушысы әрі жетек. Ә.Марғұлан мен оның шәкірті М.Қадырбаев Қарағанды обл-ның Ұлытау, Шет, Ақтоғай өлкелеріндегі Тоғызбайкөл, Қарабие, Қарасай, Қанаттас, Тоағай, Елшібек, Киіксу сияқты зираттарға қазба жұмыстарын жүргізіп, ескерткіштердің жалпы сипаты, жерлеу ғұрпының ерекшеліктері мен заттық мәдениетке байланысты нақты деректердің алғашқы тобын жинады.
1994 ж. М.Хабдулина Солт. Қазақстандағы, яғни Көкшетау қыраты, Есіл өз. бойындағы обаларды зерттеу нәтижелерін қорытындылап, ұлыбай-тасмола мәдениетін ашты және де оның үлкен Тасмола мәдениетінің солт. өлкелеріндегі жалғасы екенін атап көрсетті. Сарыарқа археол. экспед. (жетек. А.Бейсенов) далалық зерттеулері барысында (2000 жылдан) Қарқаралы өңірінен ерте темір дәуірінің Едірей, Керегетас, Сарыбұйрат, Қызылсүйір сияқты жалпы саны 20-дан астам қоныстың, сондай-ақ Есіл археол. экспед. (жетек. Хабдулина) тарапынан Сілеті өз. маңындағы Тасқора-1, -2 қоныстары ашылды. Қазіргі сипаттамалар бойынша Тасмола мәдениетінің негізгі ескерткіштері түріне обалар, "мұртты обалар", қоныстар, кен орындары, петроглифтер жатады. Қоныстарға байланысты мүлдем тың деректер ғылыми айналымға жаңадан еніп отырғандықтан, Тасмола мәдениетін сипаттауда осыған дейін тек жерлеу ескерткіштері, яғни обалар басты орында болып келді. Жалпы саны 180-ге жуық жерлеу ескерткіштерінің деректері бойынша қалыптасқан ішкі кезеңдемесі бойынша Тасмола мәдениеті бірін-бірі алмастыратын үш хронол. сатылардан тұрады: 1 саты (б.з.б. 7 - 6 ғ.), 2 саты (б.з.б. 5 - 4 ғ.) және ерекше топтың жәдігерлерін біріктіретін 3 саты (б.з.б. 3 - 1 ғ.). Алдыңғы екі сатының мәдени ерекшеліктері бір-біріне өте жақын болғандықтан, бұларды бір тасмола кезеңіне біріктіреді. Тасмола кезеңінің ғұрыптық ескерткіштеріне жататын "мұртты обалар" жүздеп саналады. Ғылыми пайымдаулар бойынша күншығысқа тартылған ұзын тас тізбектері бар мұндай күрделі құрылыстар қайтыс болған беделді адамдардың рухымен қоштасу, еске алу салтанаты кезінде жасалатын болған (қ. Мұртты обалар). Орталық Қазақстанда ашылған ерте темір дәуірі қоныстары ағынды су көздерінен жырақта, жазық дала деңгейінен биікте, тау беткейлерінің күнгей, яғни шығыс, оңт.-шығыс жақтарында орналасатыны байқалды. Бұл қоныс тұрғындарының Орталық Қазақстанда ұдайы соғатын батыс желдерінен және қар қабаттарынан сақтануға мәжбүр болғандығын аңғартады. Заттық деректердің негізгі тобын құрайтын қыш ыдыс көбіне тікбүйірлі көзелер түрінде, сондай-ақ бүйірі дөңгеленген көзелер, аяқтар, сирек кездесетін шүмекті, тіктұтқалы, табанды ыдыстардың бөлшектері де бар. Ыдыстар ерекшелігінің бірі "маржандармен" шұңқыршалармен ғана шектелген өрнектерінің жұтаңдығында. Бұл қыш ыдыстар мерзімдік ерекшеліктеріне қарай генетик. жағынан Орталық Қазақстанда қола және ерте темір дәуірлерінің арасын алып жатқан доңғал кезеңінің ыдыстарына біршама жақындайды. Тас құралдардың арасында көптеп кездескен кетпендер мен дәнүккіштер тұрғындардың мал ш-мен қатар қосалқы сала ретінде егіншілікпен шұғылданғанын байқатады. Бір есептен, бұл егіншіліктің кейінгі қазақ тұрмысында қолданылған астық қыстау маңында өсірілетін формасы болса керек. Тасмола мәдениеті ескерткіштерінің өте аз зерттелген соңғы екі түрін ежелгі кен алған орындар мен петроглифтер құрайды. Мыс., алтын, т.б. металдар өндірілген кен орындарының бірқатары Солт. Балқаш өңірінде (Тесіктас, Саяқ, Сорқұдық, т.б.), Нұра өзенінің жоғарғы алабында (Алтынсу, Бесшоқы), т.б. аумақтарда белгілі. Солт. Балқаш өңірінде, Абыралы-Дегелең таулары маңында, Нұраның жоғ. бойында, Баянауыл тауларында және бірқатар орындарда ашылған петроглифтер қашау әдісімен орындалған аң, адам пішіндерін, аңшылық көріністерін, садақшылар қақтығысын және жайылып жүрген тағы аңдар мен үй жануарлары үйірлерін, түйе жегілген арбаларды, түйе керуенін бейнелейді. Обалардан алынған заттық деректерге сипаттама беруші мәліметтер танымал үш бөлікті құрайды: а) қару-жарақтар; ә) ат әбзелдері; б) ғұрыптық заттар, әшекейлер, тұрмыстық бұйымдар. Тасмола қоғамында қола құю ісінің үздік шеберлері болды. Материалдық мәдениеттің жетекші категорияларының бәрі дерлік қоладан жасалған. Сонымен қатар темір бұйымдар (пышақтар, сулықтар, тоғалар) 1-сатының (б.з.б. 7 - 6 ғ-лар) өзінде-ақ пайда болған. Ерте кезеңнің екі қанатты ұңғылы және біршама ұзындау үш қанатты шыбықты жебе ұштықтары генетик. тұрғыдан алғанда беғазы-дәндібай мәдениетінің жебелерінен бастау алады. Осы кезге сабы қырлы, басы саңырауқұлақ іспетті қанжарлар, құрама жауынгер белдіктері тән. Ат әбзелдеріне ауыздықтар, үш саңылаулы қола немесе сүйек сулықтар жатады. Ғұрыптық заттардан артқы беті ілмекті дөңгелек қола айналар, шағын, кейде 4 - 6 аяқты тас құрбандық ыдыстары ұшырасады. Қолөнеріне алтыннан жасалған жолбарыстың пішіндері, таутекенің қола мүсіндері, қабан мен бұлан бедерленген қола айналар, шиыршықталған қабан тәрізді мүйіз қапсырмалар жатады. "Хайуанаттық нақышта" дайындалған көп тұлғалы композициялардың бірі, мүйіз қапсырмадағы көрініс - алыстағы Туваның "алдыбел" ескерткіштеріне ұқсас. Табылған зергерлік бұйымдар сіркелеу, бедерлеу әдістерімен көркемделген.
Тасмола мәдениеті жоғары дамыған, мүліктік теңсіздік белгілері терең белең алған, дамыған қоғамдық құрылым түрінде сипатталады. Тасмолалықтарда металлургия мен металл өңдеу гүлденіп, экономикасының негізі көшпелі мал ш. болған. Шашыраңқы шаруашылыққа бірнеше туыстас отбасылардан тұратын кішігірім қауымдар жүйесі сәйкес келді. Мәдениетінің қалыптасуы мен ерекшеліктері осының алдындағы беғазы-дәндібай заманы қоғамының экожүйесінде туындаған бағыттардың нәтижелері ретінде бой көрсетеді. Археологиялық зерттеулер барысында алынған деректер бойынша сыртқы әсерлердің (мұның ішінде Қытай, Иран, Грекия, т.б. мәдени ағымдар) барынша аз, мәдени келбетінің неғұрлым төлтума сипатта болуы Тасмола мәдениетінің басты ерекшеліктерінің біріне жатады. Ғылsvb пікірлерге сәйкес, Қазақтың қатпарлы таулары толығымен Қазақстанның өз ішінде, сыртқы көршілермен жапсарлас шекаралық өлкелерден тыс жатқан далалық геогр. аймақ болғандықтан, бұл аумақтың мәдениеті ең алдымен жергілікті алғышарттар негізінде өмір сүрген. Ертеден қалыптасқан дәстүрлі пікір Тасмола мәдениетін Иран тілдес тайпалармен байланыстырады, сонымен бірге, оны байырғы түркілерге жатқызатын көзқарастар бар. Еуразияның басқадай скиф-сақ мәдениеттерінде ұшыраспайтын ерекше ескерткіштер болып саналатын "мұртты обалар" семантик. тұрғыдан ортағасырлық түркілердің тас балбалдар қатары шығысқа тартылған ғұрыптық қоршауларына біршама ұқсас.
Тасмола ескерткішігіндегі мұртты обалар
Ескерткіштердің екінші түрі - бұл мұртты обалар. Олар жерлеу орталығынан тыс, яғни діни-ғұрыптық нысаны ретінде қарастырылады. Ә.Х.Марғұланның пікірінше мұртты обалар ас беру немесе еске алу орындарында тұрғызылған ғұрыптық-құрылымдар. Ә.М.Оразбаевтың айтуынша, мұртты обалар кешені жылқыны құрбандыққа шалу ғұрпы мен күнге табыну наным-сенімдеріне байланысты (Оразбаев А.М.,1969, 110-112 сс). Тасмола мәдениетің алғаш ашқан М.Қ.Қадырбаев 1950-60 жылдары тас тізбекті обалардың ерекшелігіне қатысты басты мәселелерді зерттеді. М.Қ.Қадырбаевтің пікірінше мұртты обалар кешенінің шығыс құрылымдары тек ғұрыпты сипатта болса, тұтас алып қарағанда, үлкен обада тайпаның беделді кісілер, рубасылар, көсемдер, жерленген. Мұртты обалардың түрлері көп, бірақ олардың барлығы дерлік біртұтас кешенге кіреді. Үйілген топырақ астында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ертедегі темір дәуіріндегі Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан
Тасмола мәдениеті
Қазақстан жеріндегі сақ дәуірі ескерткіштері
Шіліктідегі жүргізілген қазба жұмыстары
Қазақстанды қола дәуiрiнде мекендеген тайпалар
Сақ ескерткіштері
Қазақстан территориясындағы тайпалар мен ертедегі мемлекеттер
Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі
Сақтардың шаруашылығы мен қоғамы
Сақ әйелдерінің әшекей бұйымдары
Пәндер