Мотивация



Мотивация
Мотивация түрлері
Бихевиоризм
Бихевиоризм түрлері
Психоанализ
Гештальтпсихология
Пайдаланылған әдебиеттер
Мотивация - психология ғылымы бойынша адамға әрекет ету жоспарын құрғызған, іс бастатқызған, мақсатқа бағыттаған, талпыныс жігерін күшейткен, істі табанды жалғастырып, мақсатқа жетуге құлшындырған ішкі ынталылықтың ықпалдылығы. Ол мақсатқа деген күшті аңсар (ынта), ішкі өздік кедергілер мен келіссіздіктерді жою (арылу), саналы да, жігерлі қозғалыс (батыл кірісу) -үштігінің бірлігінен көрінеді. Мотивацияны әрекетіміздің, ниетіміздің, қалауымыздың себепті ішкі түрткісі депте атасақ қате болмайды. Бұл сөз зат есім болғанда «Ниет түрткісі» сөзіне, етістік болғанда «Жігерлену» сөзіне жақын келеді. Жігерлену арқылы ниеті шабыттанып, іске кірісуге қозғау салынған адам бір түрлі бұлқынған ішкі қозғаушы күшке ие болады, өзінің көздеген мақсатына қарай кедергілерден тайсалмай белсенді жүру жігері кеудесін кернейді.
1.Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.
2. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет.
3.Психология: Энциклопедиялық сөздік./ Бас ред. Б. Ө. Жақып — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Мотивацияны бихевиоризмде,
психоанализде,гештальтпсихологияда, гуманистік психологияда қарастырылуы және мотивацияның отандық теориясы(А.Н.Леонтев.Д.Н.Узнадзе және оның мектебі)

Тексерген: Тезекбаева М.Ж.
Орындаған: Исланбекова Ж.
ПХ-315 топ

Семей-2015ж

Мотивация - психология ғылымы бойынша адамға әрекет ету жоспарын құрғызған, іс бастатқызған, мақсатқа бағыттаған, талпыныс жігерін күшейткен, істі табанды жалғастырып, мақсатқа жетуге құлшындырған ішкі ынталылықтың ықпалдылығы. Ол мақсатқа деген күшті аңсар (ынта), ішкі өздік кедергілер мен келіссіздіктерді жою (арылу), саналы да, жігерлі қозғалыс (батыл кірісу) -үштігінің бірлігінен көрінеді. Мотивацияны әрекетіміздің, ниетіміздің, қалауымыздың себепті ішкі түрткісі депте атасақ қате болмайды. Бұл сөз зат есім болғанда Ниет түрткісі сөзіне, етістік болғанда Жігерлену сөзіне жақын келеді. Жігерлену арқылы ниеті шабыттанып, іске кірісуге қозғау салынған адам бір түрлі бұлқынған ішкі қозғаушы күшке ие болады, өзінің көздеген мақсатына қарай кедергілерден тайсалмай белсенді жүру жігері кеудесін кернейді. Бұл барыста ниет шамасында өзгерістер болуы мүмкін, ол кейде күшейюі, кейде әлсіреуі мүмкін. Бірақ ниет шамасының қалай болуына қарамастан адамдар белгілі бір ниеттену тұрақтылығын сақтай алса, көңілінде сол іске деген құштарлығын өшірмей, сол мақсатқа қарай белсенді құлшынып, көздеген мақсатына жетпей тынбайтын болады. Мотивациялық ниет істің ішкі қозғаушы күші болғандықтан, егер адамның қандай ниеті барын білсең, онда оның әрекетінің ауқымы мен беталысын анық шамалай аласың.Мотивация түрлері:Ішкі және Сыртқы мотивация.
Ішкі мотивация - сыртқы орта қалай болуына қарамастан мотивациялық талпыныс ішкі ниеттен оянады және мақсат атаулы субъективті болады. Онда міндеттің өзі құштарлық және шаттық туғызады. Сыртқы себеп емес, ішкі ұнату негізгі қозғалыс түрткісі болады. Ішкі мотивацияның артықшылығы, міндетке қарата ішкі құштарлық оянған жағдайда адамның өз артықшылықтары түгел іске қосылады және міндетті орындауға қажетті қабілет пен өнерді өздігінен үйренеді. Ішкі мотивация XXғ. 70 жылдары әлеуметтік психология мен педагогикалық психологияның назарын аударған болатын.Егер әлдекім өз табысы мен нәтижесін күшейтуге өзі белсеніп, өзін өзі мақсат талабы бойынша тізгіндеп, ырықты түрде өз мақсатына белсенсе, және оның өзіне сенімі айтарлықтай жоғары болса, онда оның жетістікке жету мөлшері қашанда жоғары болады.
Сыртқы мотивация - мотивация тұрақты талпындырушы ретінде көбінесе сыртқы орта талаптарынан қоздатылады. Мұнда кіріс, мәртебе, мансап секілді сыртқы нәрселердің талабымен мақсатқа белсену туады және оның белсенуі ішкі мотивация ниетімен қайшыласып та жатады. Яғни, өз талпынысын соншылық сүйе қоймайды, бірақ қажеттілік үшін соған барынша талпынуға мәжбүр болады. Сыртқы мотивация жекенің сыртынан келеді. Әрекет өз табысынан рахаттану үшін емес, ақша табу, мансапқа жету, мүдде, балл алу, мәжбүрлену, жазалану секілділер сыртқы мотивацияға ілік болады. Ондағы шабыттандыру әлдебір сыртқы талаптардан тууы мүмкін. Жалданып істеу, біреуге тәуелді болу, тұрмыс жағдайының нашарлығы, қорқу, ұялу дегендер осы түрдегі мотивацияға себеп болады.

Бихевиоризм (ағылш. behaviour - іс-әрекет, Behaviorism)) - іс-әрекет дағдысының мәні мен адам психологиясындағы кызметін түсіндіру. Биховиоризм ілімі ХХғ. басында АҚШ-та пайда болған психология ағымы. Олар еш негізсіз, нақты дәлелсіз психологиялық болжаулық теорияларға қарсы шығып, адамның іс-әрекет дағдысын тіке күзету және нақты өлшеу арқылы адам психологиясын анықтауға болады деп есептеді. Олар ішкі толғанысқа сенбеді, тәжірибелік нақты зерттеу әдіснамаларын ұсынды.
Биховиоризмді мынадай түрлерге бөлуге болады:
Классикалық биховиоризм(Classical): Джон Б. Уотсон (John B. Watson ) дәріптеген биховиоризм бағыты. Олар психологиялық барыс және ішкі көңіл ауаны дегенді терістеп, әрекетті бірден-бір психологиялық күй ретінде сипаттайды.
Методологиялық биховиоризм (Methodological):үшінші адамның объективті күзетуін негіз етіп, субъектілер арасындағы зерттеуге болатын байланысты хатірелеп, қорытынды жасау. Бұл әдіснама кейін когнитивті психология жағынан қабылданған.
Радикалды биховиоризм (Radical): B. Ф. Скиннер (B. F. Skinner) қатарлылардың биховиоримі. Олар іс-әрекет дағдысын механикалы түсінуге, қарапайымдастыруға қарсы болды. Психология ішкі көңілдің сыртқы айнасы ғана емес, ол адамның өзін сезінуінің ерекше жолы деп қарады.
Логикалық биховиоризм(Logical): Оксфорд университетінің философы Ж.Райла(Gilbert Ryle)өзінің Мидағы ұғым (The Concept of Mind(1949))деген кітабында қалыптастырған.
Мақсат биховиоризмі(Teleological): Скиннерге қатысты қалыптасқан ағым. Олар адамды мақсат арқылы түсіндіреді, әсіресе микроэкономика, саясаттану, әлеуметтану теорияларында мақсаттылықты негізгі түйін ретінде зерттеу тетігі етіп қолданады..
Теорияшыл биховиоризм(Theoretical): Скиннердің ағымының тағы бір қасиеті, олар ішкі жан дүниедегі көңіл күйді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Соңғы жылдары мотивация сөзі трендте
Мотивация жайлы
Адам мотивациясының дамуының психикалық механизмдері
Адам мотивациялық сферасының құрылымы, қызмет етуі және дамуы
Шет тілін үйретудегі мотивацияның атқаратын ролі
Іс-әрекет мотивациясы
Мотив белсенділікті оятушы ықпал
Ұйым қызметкерлерiнiң мотивациясын жетілдіру
Мотивация проблемасының күрделігі мен көп аспектілігі
Мотив және мотивация
Пәндер