Саз құндыз жабайы жануар етінің құндылығы және індетті, инвазиялық, жұқпайтын ауруларына ветеринариялық-санитариялық сараптау



Кіріспе
І Жалпы бөлім
а)Саз құндызы жабайы аңның етінің химиялық құрамы
ә)Жабайы жануарлар етін өңдеу
ІІ Негізгі бөлім
а) Саз құндыз жабайы жануарын сою технологисясы
ә)Саз құндыз етінің құңдылығы, пайдалану аясы
ІІІ Зерттеу бөлімі
а)Індетті аурулар кезіндегі саз құндызының сойыс өнімдерін ветеринариялық.санитариялық сараптау
ә)Саз құндызының инвазиялы аурулардағы ветеринариялық санитариялық сараптау.
б)Саз құндыз жабайы жануардың жұқпайтын ауруларына Ветеринариялық.санитариялық сараптау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Саз құндызы ірілеу келген кеміргіштер қатарына жатады. Денесі құрлықта , суларда тіршілік етуге бейімделген, артқы аяқтарының бақайлары арасында жүзу жарғақтары болады. Денесінің түктері ұзын және жуан деп үшке бөледі. Жүндерінің реңі – қоңыр қошқылдау, біртүстес, ал бүйірлі сарғыштау. Саз құндызы бір кездерде Оңтүстік Американың субтропикалық және тропикалық суларында мекендеген. ХХ ғасырда Солтүстік Американың оңтүстігінде, Қытайда қолда және торларда көбейтілуде.
Құнды тері, еті дәмі келетін бағалы аң. Саз құндызының туысынан Қазақстанда тек бір ғана түрі кездеседі. Дене тұрқы 50-80 см, құйрығының ұзындығы 30-50 см, салмағы 5-12кг, жылуды сүйетін аң.
1) Дүйсембаев С.Т., «Ветеринариялық-санитариялық сараптау», Алматы 2013 жыл.
2) Х.С.Жұмабеков, «Жануарлардың патологиялық анатомиясы», Алматы 2011 жыл.
3) Б.С.Сеченко., «Ветеринарно-санитарная экспертиза продуктов животного и растительного происхождения» , Ростов-на-Дону «МарТ», 2001 жыл.
4) В.А. Макаров, «Ветеринарно-санитарная экспертиза».
5) Дүйсембаев С.Т., Серікова А.Т., «Ветеринарлық-санитариялық сараптау практикумы».

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазакстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
Ветеринариялық санитария кафедрасы

БӨЖ

Тақырыбы: Саз құндыз жабайы жануар етінің құндылығы және індетті, инвазиялық, жұқпайтын ауруларына ветеринариялық-санитариялық сараптау

Орындаушы: Ануарбекова А.А
Тексеруші: Сүлейменов Ш.Қ.
Топ: ВС-203

2015 жыл
Жоспар

Кіріспе
І Жалпы бөлім
а) Саз құндызы жабайы аңның етінің химиялық құрамы
ә) Жабайы жануарлар етін өңдеу
ІІ Негізгі бөлім
а) Саз құндыз жабайы жануарын сою технологисясы
ә) Саз құндыз етінің құңдылығы, пайдалану аясы
ІІІ Зерттеу бөлімі
а) Індетті аурулар кезіндегі саз құндызының сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау
ә) Саз құндызының инвазиялы аурулардағы ветеринариялық санитариялық сараптау.
б) Саз құндыз жабайы жануардың жұқпайтын ауруларына Ветеринариялық-санитариялық сараптау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Саз құндызы ірілеу келген кеміргіштер қатарына жатады. Денесі құрлықта , суларда тіршілік етуге бейімделген, артқы аяқтарының бақайлары арасында жүзу жарғақтары болады. Денесінің түктері ұзын және жуан деп үшке бөледі. Жүндерінің реңі - қоңыр қошқылдау, біртүстес, ал бүйірлі сарғыштау. Саз құндызы бір кездерде Оңтүстік Американың субтропикалық және тропикалық суларында мекендеген. ХХ ғасырда Солтүстік Американың оңтүстігінде, Қытайда қолда және торларда көбейтілуде.
Құнды тері, еті дәмі келетін бағалы аң. Саз құндызының туысынан Қазақстанда тек бір ғана түрі кездеседі. Дене тұрқы 50-80 см, құйрығының ұзындығы 30-50 см, салмағы 5-12кг, жылуды сүйетін аң. Қазақстанға жерсіндіру жұмысы 1930 жылдан басталды. 1952 жылға дейін Қызылорда , Жамбыл, Алматы облыстарының өзен, көлдеріне жіберілген. Жерсіндіру жақсы нәтиже бермегеннен кейін бұл бағалы аңды қолда, аң фермасында өсіру қолға алынды. Қазақстанда бүгінде саз құндызын Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы облыстарында жеке қолда аң шаруашылықтарында өсіреді. Өзен, көлдің қоғалы-қамыстың жағалауын мекендейді.
Саз құндызының еті (сүйексіз ұша, ішкі майлары және субөнімдерінсіз) келесі химиялық құраммен ерекшеленеді.
Саз құндызының еті және басқа өнімдері міндетті түрде ветеринариялық-санитариялық сараптаудан өтуі шарт. Сойыс өніміне қабылдамас бұрын ветеринариялық куәлікпен танысады. Артынан сазқұндыздарына ветеринариялық тексерулер жүргізеді. Сояр алдында 12 сағат азықтандырмайды.
Мен өз реферат жұмысымды үш бөлімге бөле отыра саз құндыз етін сипаттап жаздым. Саз құндыз етінің құндылығы мен оның пайдасынажырата зерттедім саз құндық етін зерттей келе оның індетті, инвазиялы және жұқпайтын ауруларымен таныстыра отыра ондағы паталогиялық-анатомиялық сипаттамасын сипаттай отыра әрқайсысына санитариялық баға бердім.

І Жалпы бөлім
а) Саз құндызы жабайы аңның етінің химиялық құрамы

Аминқышқылдар мөлшері:
Триптофан
Лизин
Треонин
Валин
Метионин
Изолейцин
Фенилаланин

1,4-1,7 %
4,3-6,24 %
2,9-3,84 %
5,7-3,95 %
2,9-2,16 %
4,3-3,75 %
2,9-4,0 %
Май
4,0-10%
Ақуыз
20,8%
Су
67-73%
Минералды заттар
1,1%

Саз құндызының майы :
Ақ бұлыңғыр түсті
Құрамы жағынан шошқа етіне ұқсас
Ересек сазқұндыздары тері асты және іш майларды жинау қабілетіне ие
Құрамында йодтық саны қажетті май қышқылдарына олейн, линол - ға бай
Залалсыздандыру. Саз құндызын өсірумен арнайы айналысатын шаруашылықтардағы қызметкерлер тазалықты, залалсыздандыру шараларын үнемі жүргізуі шарт. Саз құндызының төлдерінің торлары мен бөгегіштерін күнделікті тазалап, қи мен ластанған төсеніштерін жиі ауыстырып, арнаулы орындарда биотермиялық залалсыздандыру жүргізеді. Көктемде, күзде торларды, үйшіктерді, қоршауларды, азықтық үстелдерді, бассейн, сарай және шаруашылық маңын 5,0 % креолин немесе лизол, 2,0% ыстық күйдіргіш натрий (каустикалық соды) ерітінділерімен залалсыздандырылады. Ауру шыққан жағдайда тор мен құрал-қоршауларларды отты - күйдіргіш шамның жалынымен күйдіреді. Шаруашылық пен сарай алдындағы кіреберістерге 5,0 % креолин мен лизолға малынған дезинфекцияланғаен кілемшелерді төсеу керек.

ә) Жабайы жануарлар етін өңдеу
Тамақтану кәсіпорындарына саз құндыз жабайы жануарл еті түсуі мүмкін. Жабайы ешкіні қойды қасаптағандай, саз құндыз жабайы жануарын қасаптағандай түрде бөлшектейді. Саз құндыз етінде қуыру кезінде жұмсармайтын қатты дәнекер ұлпалары көп болады. Сондықтан еттің дәмін жақсарту үшін, өзіне тән иісін жою үшін, дәнекер ұлпаларын жұмсарту үшін оларды шала тұздықтайды. Етті сүйектен ажыратқаннан соң және тазалағаннан кейін ірі, сыбаға, ұсақ кесектерге турайды. Олардың еттерін керамикалық не таттанбайтын металл ыдыстарға салып, үстіне тұздық құйып және жанурдың түріне , жасына және кесектердің мөлшеріне қарай мұздай жерде 1-ден 3 тәулікке дейін сақтайды. Шала тұздықтау кезінде етті бірнеше рет аудармалайды.
Ет және ет өнімдерінің сапасын анықтау.
Саз құндыз еттің тауарлық сапасының көрсеткіштеріне өнімнің сатуға қолайлылығы және тұтынушы алғашқы көруден еттің сапасын бағалайтын түрі, иісі, түсі. Сату жүйесіне түскен барлық қондылық дәрежесі мен түріне байланысты ет дұрыс өңделген, таңбасы және ет балауса болуы қажет. Саз құндыз етінің ең басты көрсеткіші оның жастығы, осыған байланысты етті балауса ет, балаусалығы күмәнді және жас емес ет деп бөлеміз.
Саз құндыздың ет сапасы ұшаны немесе бөлек еттерді органолептикалық,химиялық және бактериоскопиялық зерттеу арқылы анықталады. Егер еттің органолептикалық көрсеткіштері бойынша жастығы күмәнді етті химиялық бактериологиялық зерттеу жүргізеді.
Органолептикалық көрсеткіштері.
Саз құндыздың еттің органолептикалық көрсеткіштерін сыртқы түрі, түсі , консистенциясы, иісі, шел майының түрі, сүйек майы ет піскеннен кейінгі сорпасының сапасы бойынша анықтаймыз. Еттің консистенциясы серпімді болу керек. Етті саусақпен басып көргенде шұңқыр пайда болып, көп ұзамай қайта орнына келуі керек. Саз құндықдың жасы мен жынысына қарай еттің түсі мен иісі өзіне тән спецификалы болады.
Физикалық-химиялық көрсеткіштері.
Саз құндыз жабайы жануардың еттінің физикалық ерекшелігі оның химиялық құрамына функциясына байланысты болады. Тағамдық өнімдердің негізгі көрсеткіштеріне оның тығыздық және жылулық өткізу көрсеткіштері саналады. Өнімнің жылу өткізгіштігі оның химиялық, құрамына және оның көлемдік массасына және температурасына байланысты болады. Өнімде май көлемі ұлғайған сайын, оның жылу өткізгіштігін қасиеті төмендейді. Өнімнің жылу өткізгіштігі станционарлы емес процесс кезінде өнімнің температурасының өзгеруімен сипатталады. Тағамдық өнімдерде температура өткізгіштігі 0-20º С - де 0,005-0,0028 мкв. болады. Еттің серпімділігі, пластикалық бөлек тканьдердің механикалық төзімділігі маңызды рөл атқарады. Өнімдегі ылғалдылық көрсеткішін анықтау үшін ондағы өнім құрамындағы су белсенділігін анықтайды. Өнімдегі су белсенділігі микроорганизм өміріне, биохимиялық, физико-химиялық реакциялар мен процесстерге әсер етеді. Ет өнімдерінің су белсенділігін анықтау үшін әр түрлі әдіс қолданады.
Гравиметриялық әдісте сынама салмағының өзгеруі және гигроскопиялық материалдың ылғалды сорбциялық қасиеті өзгереді. Гигрометриялық әдісте гигроматериалдың физикалық параметрінің өзгеруін анықтайды. Тікелей өлшеуге манометрлік әдіс жатады, ол су буының қысымын манометр арқылы өлшейді. Бұл әдіс зерттеудің негізгі әдісі және эталоны болып табылады. Еттің қозғалу ерекшеліктері өнімнің сапасы мен өңдеу дәрежесіне байланысты болады. Компрессионды ерекшеліктері жабысқақ және серпімді эластикалық өнімдердің шприцтеу, қалыптау, дозалау прецестерін есептеу үшін қажет.
Электрофизикалық қасиеті. Ет және ет өнімдері сумен қосылғанда гетерогенді қоспа болып саналады. Ақуыз, май, көмірсу, су-диэлектрик тобына, ал тұздардың суда еруі - электролиттер яғни өткізгіштер тобына жатады. Қауіпсіздік көрсеткіштері. Тағамдық өнімдердің қауіпсіздігі. Өнімдегі қауіпсіздік нормаларын сақтайтын заттардың белгіленген мөлшері болуы тиіс. Өнімде токсикалық, концерагендік, мутагендік заттардың жіберілетін деңгейі төмендегі кестеге сай болуы қажет.
Көрсеткіш (токсинді элементтер)
Жіберілетін деңгейі, мгкг, көп емес
Қорғасын
0,5
Кадмий
0,005
Мышьяк
0,1
Сынап
0,03
Мыс
5,6
Мырыш
70,0
Нитрозаминдер (НДМА және НДЭА)
0,002

ІІ Негізгі бөлім
а) Саз құндыз жабайы жануарын сою технологисясы

Сояр алдында саз құндызды ветеринариялық тексеруден өткізеді. Союға жіберілген саз құндыздарды ветеринариялық заңға сәйкес міндетті түрде ветеринариялық тексеруден өткізілуі тиіс. Алдымен саз құндыздарды жіберген яғни қасаапханаға түсірген жерінен бастап тексеріс басталады. Одан соң құжаттарын тексеру жүргізіледі. Құжаттарды тексеру барысында саз құндыздың індетті - жұқпалы аурулармен ауырып тұрғанын немесе ауруы бар деп күдікті екенің анықтауға болады. Осы зерттеулерден өткеннен кейін барып сою барысы басталады.
Саз құндыз жабайы жануарын сою тәртібі.
1. Естен таңдыру. Естен тандыру - организмге электр тоғымен әсер етіп, олардың қозғалу қабілеттілігін жоғалту.
2. Қансыздандыру. Жансызданғаннан кейін қансыздану әдісі қолданылады. Тамырлары түйіскен жерінен тілік жасай отыра артқы екі аяғын лигатураға іле отыра қансыздандырады. Бұл әдістің негізі бұл еттің дұрыс қансыздануы арқасында етте ешқандай қанталаулар болмайды. Ет таза болады.
3. Терісін сыпыру. Теріні сыпыру екі сатыдан тұрады - теріні жартылай қолмен сыпыру және толығымен механикалық әдіспен сыпыру. Қолмен теріні сыпыру кезінде бастың, алдыңғы және артқы аяқтардың, мойынның, құйрықтың терілері сыпырылып, қарынның ортасындағы сызық бойынша теріні кесіп, төстікпен қарынның бір бөлігінің терілері сыпырылады. Теріні қолмен сыпыру үшін әртүрлі пышақтар, сонымен қатар электрлік немесе пневматикалық жетегі бар механикалық пышақтар да қолданылады. Механикалық жолмен сыпыру үшін үздіксіз және үздікті істейтін механикалық қондырғалар қолданылады.
4. Басы мен сирақьарын бөлектеу.
5. Ішек - қарынды құрсақ қуысынан ажырату.
6. Ұшаны екіге бөлу.
7. Өнімді бағалау.
8. Таңбалау.
9. Ұшаны өлшеу.

ә) Саз құндыз етінің құңдылығы, пайдалану аясы

Көптеген жабайы жануарлардың терісінен сыпырғаннан кейін етінің түсі қызыл болады. Бірақ 3-4 сағаттан соң оның яғни еттің түсі өзгереді. Мұнің себебі ол : ауадағы оттегінің миоглобиннің қылқылданып кетуіне байланысты , бұл құбылыс етке көкшіл-күлгін түс немесе рең береді.
Негізінен саз құндыз етін саудада сирек қолданады. Саз құндықдың етін халықаралық қатынаста да сирек түрде қолданады.
Саз құндыз етінің жағымды жақтары:
1.
Саз құндыз етінінің құрамында көптеген мөлшер дәрумендер бар. Сонымен қатар ет құрамында аминқышқылдары және микроэлементтер де жетерлік. Саз құндыз еті имунитеті төмендеп кеткен адамдарға өте пайдалы. Оның иммунитетін көтеруге септігін тигізеді.
2. Саз құндыз еті - диеталық тағам болып табылады. Саз құндыз еті кең түрде полуфабрикаттарда қолданады. Саудада ұсақталған , сүйектен ажыратылып беріледі. Сонымен қоса саз құндыз еті өте сіңімді тағам болып табылады.
3. Организмге өте пайдалы құнарсыз майлы қышқылдар саз құндыздың майында болады.
4. Саз құндыз етінің жоғары сіңімділігі арқасында асқазанда тез қорытылатын жеңіл түрдегі тағам болып табылады.
5. Саз құндыз етінің тағы да жағымды жағы бұл оның етінің дәмділігінде. Етінің дәміне қарай саз құндыз еті ірі қара етіне және кролик етіне ұқсас.
6. Сонымен қатар саз құндыз етінің жағымды жағы болып келесі табылады. Егер де саз құндыз етін үнемі қолданып отырса, организнің қанындағы холестериннің төмендеуіне септігін тигізеді.
Спортсмендергке нитрия етінің пайдасы қандай?
Ақуыздардың мөлшері жағынан саз құндыз еті жоғарғы орынды алып отыр. Саз құндыздың 100 гр етінде 15-20% ақуыз болады. Бөл ақуыздарын реттеп отыратын спортсмендерге өте қолайлы , таптырмас тағам болып табылады.

ІІІ Зерттеу бөлімі
а) Індетті аурулар кезіндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жабайы жануарлар етін ветеринариялық - санитариялық сараптау кезіндегі ұйымдастыру жұмыстары
Уланған және еріксіз сойылған сазқұндыз өнімдерін ветеринариялық – санитариялық сараптау
Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау пәнінен оқу - әдістемелік материалдар
Мал тұқымы
Жабайы жануарлардың ұшасы мен мүшелерін тексерудің ерекшеліктері
Еттің балауса екендігін оның майы бойынша анықтау
Ірі қара мен шошқаның цистицеркозы
Экспорт және импорт кезінде жануарларға, жануартекті өнім мен шикізатқа қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптар
Мал шикізат өнімдері
Инфекциялық аурулар
Пәндер